Главная страница

1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады


Скачать 1.18 Mb.
Название1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Дата13.05.2021
Размер1.18 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2.docx
ТипДокументы
#204560
страница10 из 45
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45


D) Өкпе артериясы саңылауының тарылуы

E) +Аорта саңылауның тарылуы
46. 25 жастағы әйел суықтағаннан кейін аз мөлшерлі қиын бөлінетін кілегейлі- ірінді қақырықты жөтелге, делсалдыққа шағымданады. Кешке қарай дене қызуы 37,5°С жоғарылайды. Сол жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы және бронхофонияның күшеюі анықталды. Аускультацияда ұсақ көпіршікті сырылдар. ЖҚА: лейкоциттер- 9х109/л., ЭТЖ- 25 мм/сағ.

Өкпе рентгенограммасында төменде көрсетілген өзгерістерінің қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

А) Сол жақ өкпе суретінің күшеюі

B) Өкпе түбірлерінің кеңеюі, структурасының жоғалуы

C) Сол өкпенің төменгі алаңының интенсивті қараюы

D) +Сол өкпенің төменгі алаңында орналасқан ошақты инфильтративті көлеңкелер

E) Оң жақ костодиафрагмальды синустың 7 қабырғасына дейін тегістелуі
47. 18 жастағы ер кісіде екі күн бұрын кенеттен қалтырау, қызудың 39°С дейін көтерілуі, құрғақ жөтел басталды. Об-ті: оң беті қызарып тұр, кеуденің оң жағы дем алғанда қалынқы. Оң жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Тыңдағанда- жауырын арасында бронхттық тыныс, оң жауырын астында крепитация анықталады. Жүрек шекаралары өзгермеген, I тон бәсеңдеген, тахикардия.

Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді:

А) Гентамицин

B) Эритромицин

C) Линкомицин

D)+ Цефтриаскон

E) Доксициклин
48. 16 жастағы қыз 5 күн бойы ұстамалы жөтелге, мұрыннан сұйықтықтың бөлінуіне, түшкіруге шағымданады. 5-ші күніне ауруханаға жатқызылып, пенициллин тағайындалған. 3 күннен соң жағдайы нашарланып, ентігу мен жөтел күшейген. Об-ті: дене t-36,6 °С, дистантты сырылдар, дем шығаруы ұзарған, ысқырықты сырылдыр. Спирографияда: ФТК1=65%; PEF 50=55%; FEF75=45%; Сальбутамол сынамадан соң көрсеткіштері қалпына келді.

Диагноздың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін ?:

А) ЖРВИ, обструктивті бронхит

B) Жедел аллергиялық альвеолит

C) Аллергиялық бронх демікпесі, жеңіл ағымы

D) +Аллергиялық бронх демікпесі, орта ауырлықта

E) Астмалық компонентімен өтетін ошақты пневмония
49. 32 жастағы ер кісі аптасына 2-3 рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Аптасына 2-3 рет түнде ентігуден оянады. Спирографияда: FEV1=70%; PEF50=60%; FEF75=55%; сальбутамолмен сынама өткізгеннен соң барлық көрсеткіштер қалпына келді.

Көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?:

А) Кромогликат натрия

B) Триамцинолон

C) Преднизолон

D) +Будесонид

E) Эуфиллин
50. 30 жастағы әйел сальбутамолдың ингаляциясы көмектеспейтін ауыр экспираторлық ентігумен ауруханаға жедел түрде түсті ( соңғы сағатта бірнеше ингаляция қабылдаған). Жағдайы ауыр, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады, дистантты ысқырықты сырылдар естіледі.

Парентеральді тағайындалған сальметеролға қосу БАРЫНША тиімді?

А) Натрий кромогликатты

B) Гидрокортизонды

C) +Преднизолонды

D) Будесонидті

E) Эуфиллинді
51. 45 жастағы ер кісіде спирографиялық зерттеу жүргізгенде келесі көрсеткіштер анықталды: ӨТС– 38%, ФТШҚ- 28%, Тиффно индексі ФТШҚ/ӨТС- 58%, ӨМВ (МВЛ)-29%, ТМК (МОД) –73%, ТЖ-24 мин

Төменде көрсетілген сыртқы тыныс алу қызметінің қандай бұзылыстар түрі БАРЫНША мүмкін науқаста анықталады?

А) Обструктивті 2 дәреже

B) Обструктивті 3 дәреже

C) Рестриктивті 2 дәреже

D) Рестриктивті 3 дәреже

E) +Аралас 3 дәреже
52. 62 жастағы ер кісіде көп мөлшерлі шырышты-ірінді қақырықты жөтел, шамалы ентігеді.Об-ті: терісі бозғылт, мұрын-ауыз үшбұрышының акроцианозы, тырнағы «сағат әйнегі» тәрізді, кеуде қимылдары шектелген, балтырлары пастозды.Жүрек соққысы пальпацияланады.Семсер тәрізді өсіндігінің негізінде систолалық шу. Өкпесінде әлсіреген везикулалық тыныс, шығару фазасы қысқарған, шашырынқы құрғақ сырылдар.

Эхокардиограммада қандай өзгеріс БАРЫНША болу мүмкін?

А) Сол қарынша гипертрофиясы және аортальді жетіспеушілік

B) Сол қарынша гипертрофиясы және митральді жетіспеушілік

C) Оң қарынша артқы қабырғасының гиперкинезиясы

D) +Оң қарыншаның гипертрофия және дилятациясы

E) Сол қарыншаның гипертрофия және дилятациясы
53. 64 жастағы ер адам көп мөлшерлі шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, аздаған ентігуге, дене температурасының жоғарылауына шағымданады. Анамнезінде – жиі ЖРВА. Об-ті: терісі бозғылт, мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы, қол уштары –суық, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді өзгерген, балтырлары ісінген. Аускультативті - әлсіреген везикулалық тыныс, шығару фазасы қысқарған, шашыраған құрғақ сырылдар.

Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болу мүмкін?

А) Созылмалы обструктивті емес бронхит

B) Бронх демікпесі, ауыр ағым

C) ӨСОА, эмфизематозды тип

D) +ӨСОА, бронхиттік тип

E) Өкпе туберкулезі
54. 52 жастағы ер кісіні 3 ай ішінде біртіндеп күшеетін ентігу, ылғалды жөтел, субфебрилды дене қызыу мазалайды. Тыңдағанда-әлсіреген везикулалық тыныс, екі өкпенің төменгі бөліктерінде «целлофан шытыры» тәрізді крепитация. Спирография: ӨТС–55%, ФТШК1(ОФВ1)-60%, Тиффно индексі ӨТС/ ФТШК1 (ОФВ1/ЖЕЛ)–110%, ӨМВ (МВЛ)-35%. Өкпе Р-граммасында-

фиброзды компонентіне байланысты өкпе суретінің күшеюі.

Өкпе КТ-сында көруге болатынын БАРЫНША мүмкін белгілер:

А) Өкпе түбірлерінің лимфа түйіндерінің тығыздануы мен ұлғаюі

B) Екі өкпенің төменгі бөліктерінің айқын инфильтрациясы

C) Өкпе ұштарында инфильтративті көленкелер

D)+ Ұялы өкпе және «бұлыңғыр әйнек» симптомы

E) Шашырынқы ошақты көленкелер
55. 27 жастағы әйелде жедел ауырды, 38°С-дейін қызба, кілегейлі-іріңді қақырықпен жөтел, делсалдық. 1 аптадан соң кеуденің оң жақ ауырсынуы қосылып тыныс алуы қиындады. Об-ті: кеуденің оң жағы тыныс алғанда қалыңқы, перкуторлық дыбыс тұйықталған, жауырын асты мен оң жақ бүйірінде тынысы әлсіреген. ТЖ – 28/мин. ЖЖЖ – 86/мин . Р-графия: оң жақ төменгі бөлігінде интенсивті қараю, костодиафрагмальды синустың тегістелуі. Плевра сұйықтығы қандай болуы мүмкін?

А) Мөлдір, Ривальт пробасы теріс

B) Бұлыңғыр, лимфоцитарлы цитоз

C) +Бұлыңғыр, нейтрофильды цитоз

D) Бұлыңғыр, хилезды

E) Геморрагиялық
56. Жасы 59-дағы ер кісі 4 апта бойы ауырады. Соңғы аптада жағдайы кенеттен нашарлап, қызуы 40 ºС дейін жоғарылаған, тәулігіне 100 мл-дей ірінді қақырықты жөтел, тыныштықта ентігу. R-граммада: сол өкпенің ортанғы бөлігінің түбірінде орналасқан интенсивті инфильтрациялық және деструкциялық ошақтар. Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін?

А) Плевра эмпиемасы

B) Асқынған плеврит

C) Сол өкпенің абсцессі

D) +Сол өкпенің гангренасы

E) Сол өкпенің ателектазы
57. Орта дәрежелі бронх демікпесі диагнозы қойылған ер адам тәулігіне 400 мкг беклометазон дипропионат пен сальметерол қабылдайды. Соңғы 2 апта түнгі ұстамалар мазаламайды. Физикалық күштемеден кейін ентігудің 2 эпизоды болған. Пикфлоуметрияның тәуліктік айырмашылықтары 450-500 мл.

Емді жалғастыру үшін төмендегі тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

А) +Беклометазон дипропионаттың дозасын тәулігіне 300 мг-дейін азайту

B) Сальметеролды теофиллиннің ұзақ әсерлі түріне ауыстыру

C) Беклометазон дипропионатты тайледке аустыру

D) Сальметеролдың тәуліктік дозасын кеміту

E) Сальметерол орнына беродуал тағайындау
58. 50 жастағы әйел сальбутамолдың ингаляциясы көмектеспейтін айқын экспираторлық ентігумен ауруханаға жедел түрде түсті (соңғы сағатта бірнеше ингаляция қабылдаған-нәтижесіз). 5 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдап жүрген. Об-ті: жағдайы ауыр, қосымша бұлшық еттері тыныс алуға қатысады, дистантты құрғақ сырылдар естіледі.

Тағайындалған парентеральды сальметеролға қандай метилпреднизолон дозасын тағайындаған тиімді?

А) 10 мг

B) 20 мг

C) 30 мг

D) +120 мг

E) 500 мг
59. 54 жастағы ер кісіде ентігу, аз мөлшерлі қақырықты ұстамалы жөтел.Об-ті: тері жамылғысы құрғақ, көгілді-сұр түсті бозғылт, қолдары жылы, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді, кеудесі «бөшке тәрізді». Визуальды эпигастральды пульсация байқалады және жүрек соққысы пальпацияланады. Боткина-Эрб нүктесінде және семсер тәрізді өсінді негізінде I тонның әлсіреуі.

Электрокардиограммада БАРЫНША қандай өзгерістер болуы мүмкін?

А) Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

B) Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы

C) +Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы

D) Гис будасы сол жақ аяқшасының блокадасы

E) Сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының ишемиясы
60. 48 жастағы ер адам аздаған физикалық күштемеден кейінгі пайда болатын экспираторлы ентігуге, аз мөлшерлі қақырықты ұстама тәрізді жөтелге шағымданады. 30 жыл бойы темекі шеккен. Об-ті: терісі құрғақ, көкшіл-бозғылт түстес, қолдары жылы, тырнағы «сағат әйнегі» тәрізді, кеудесі «бөшке тәрізді». Перкуторлы «қораптық» дыбыс, аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс, тыныс шығаруы қысқарған, аздаған құрғақ сырылдар. БАРЫНША мүмкін болатын диагноз:

А) Бронх демікпесі

B) Фиброздаушы альвеолит

C) ӨСОА, бронхиттік тип

D)+ӨСОА, эмфизематозды тип

E) Созылмалы обструктивті емес бронхит
61. Біртіндеп күшейетін ентігу, өкпенің екі жақты өзгерістері, рентгенограммада диссеминирленген тор тәрізді зақымданулар, КТ-да «бұлыңғыр әйнек» тәрізді өзгеріс, сыртқы тыныс функциясының өзгеруінің рестриктивті түрі қандай патологияға БАРЫНША тән?

А) Пневмокониозға

B) Өкпе саркоидозына

C)+ Идиопатиялық альвеолитке

D) Интерстициальды пневмонияға

E) Өкпенің милиарлы туберкулезіне
62. 50 жастағы әйелде құрғақ жөтел, ентігу, кеудесінде ауру сезімі, субфебрилитет. 3 айда 5 кг жоғалтқан. Антибактериальді ем әсерсіз. Об-ті: балтырларында түйінді эритема, өкпеде – қатаң тыныс. Лейкоциттер 9х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ. СРБ +++. Квейм сынамасы – оң. КТ-графия: түбірі кеңейген, екі өкпеде симметриялы контуры айқын емес көптеген ошақты көлеңкелер, фиброз, кеуде аралық және өкпе түбірінің л/т ұлғаюы, кальцинозсыз.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болу мүмкін?

А) Пневмокониоз

B) Идиопатикалық альвеолит

C) Токсикалық экзогенді альвеолит

D) Өкпенің инфильтративті туберкулезі

E)+ Өкпенің және лимфа түйіндерінің саркоидозы
63. Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің БАРЫНША мүмкін қоздырғышы:

1) +кандидалар

2) эхинококтар

3) аспергиллалар

4) микоплазмалар

5) ішек таяқшалары
64. Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат сілікпесі (желесі) тәрізді, иісі күйген ет тәрізід, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «араның ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш болуы БАРЫНША мүмкін:

1) хламидия

2) +клебсиелла

3) микоплазма

4) гриптің вирусы

5) ішек таяқшалары
65. Ағымы жедел ауру, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы - төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, жылдам оң динамика қандай дертке БАРЫНША тән :

1) саркоидозға

2) пневмокониозға

3) +ошақты пневмонияға

4 ) милиарлы туберкулезге

5) инфильтративті туберкулезге


66. 19 жастағы әскери жауынгер, казармада тұрады, құрғақ жөтел, қалтырау, дене қызуының 38оС көтерілуі, артралгия мен миалгияларға шағымданады. Рентгенде: өкпе суреті күшейген, оң өкпенің төменгі бөлігінде айқын емес күңгірттену. Пенициллин және цефалоспоринмен ем нәтижесіз.

Келтірілген қоздырғыштардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

1) пневмококктың

2) стафилококктың

3)+ микоплазманың

4) гемофильді таяқшаның

3) көкірің таяқшасының


67. Анамнезінде, пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лейкоцитоз лимфоцитопения, пневмонияның қандай түріне БАРЫНША тән:

1) хламидиялық

2) +легионеллездік

3) микоплазмалық

4) пневмококктық

5) стафилококктық
68. Өкпе тінінде іріңді-деструктивті ыдырау, жалқықсыз, жұқа қабырғалы қуыс түзумен сипатталатын пневмония келесі қоздырғышпен шақырылған болуы БАРЫНША мүмкін:

1) микоплазмамен

2) клебсиелламен

3) аденовируспен

4) пневмококкпен

5) +стафилококкпен
69. 67 жастағы созылмалы алкоголизммен ауыратын және темекіні көп шегетін ер адам, суықтағаннан кейін ауыр жағдайда кеуде торшасының сол жағындағы ауыру сезіміне, шырышты - іріңді қақырықпен жөтел, айқын ентігуге шағымданып түсті. Қарап тексергенде: науқас мазасыз, тері жабындылары жер түстес. ТЖ - 36 рет мин. Сол жақ өкпенің жауырын астында ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ - 104 рет мин. АҚҚ – 110/70мм.с.б.б. Рентгенде – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде массивті инфильтрация анықталады.

Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

1) миокардиттің

2) өкпе артериясы эмболиясының

3) +тыныс жеткіліксіздігінің

4) инфекциялы- токсикалық шоктың

5) ересектердің респираторлы дистресс - синдромына
70. 47 жастағы қантты диабетпен ауыратын және пневмониямен емделіп жүрген әйел қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. ТЖ -32 рет мин. ЖЖЖ -108 рет мин. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14, сегмент ядролы -52, лимфоциттер - 34, ЭТЖ – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. ЭхоКГ зерттеуде қақпақшалар өзгермеген.

Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

1) +сепсистің

2) инфекциялық эндокардиттің

3) инфекциялық-токсикалық шоктың

4) жедел тыныс жеткіліксіздігінің

5) жедел респираторлық дистресс-синдромының
71. Қант диабетімен, созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда пневмониялар көбінесе грам теріс флорамен шақырылады.

Берілген препараттардың қайсысысын тағайындау БАРЫНША тиімді:

1) ампиоксты

2) амикацинді

3) неомицинді

4) пенициллинді

5) +левофлоксацинді
72. Стафилококкты деструктивті пневмония фонында дамыған сепсисте, емдеу жоспарына енгізген БАРЫНША тиімді:

1) метридті

2)+ имипинемді

3) цефтазидимді

4) линкомицин

5) рифампицинді
73. Бөліктік пневмониямен ауыратын 42 жастағы ер адамда, дерттің 7-ші күні оң жақ жауырын астынан тыныс естілмейді.

Науқаста қандай асқыну дамуы БАРЫНША мүмкін:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45


написать администратору сайта