Главная страница

1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады


Скачать 1.18 Mb.
Название1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Дата13.05.2021
Размер1.18 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2.docx
ТипДокументы
#204560
страница13 из 45
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
5) перфузиялық сцинтиграфия
135. 24 - жастағы әйел, бала кезінен кілегейлі қақырықты, еңкейгенде күшейетін тұрақты жөтел мазалайды. Объективті тыныс алғанда кеуденің сол жағы қалыңқы, перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Бронхографияда сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде орналасқан «жүзімнің шашағы» тәрізді кистозды бронхоэктаздар анықталған.

Төмендегі емдеу жоспарының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

1)+ лобэктомия

2) пульмонэктомия

3) эндобронхиальды санация

4) антибактериальды терапия

5) санаторлық- курорттық ем
136. 18 - жастағы әйелді, бала кезінен кілегейлі-іріңді қақырықты жөтел, ентігу, жиі салқындау мазалайды. Объективті: кеуденің сол жағының көлемі кішірейген, төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыс қысқарған, тыныс әлсіреген. Рентгенологиялық: сол жақ өкпе кішірейген, диафрагма жоғары орналасқан. Бронхограммада: сол өкпенің төменгі бөлігі кішірейген, III-IV деңгейдегі бронхтар ғана контрасталады, жоғары бөлігінде деформацияланған (қалта тәрізді) бронхтар.

Төменде келтірілген емдеу тәсілдерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

1) лобэктомия

2)+ пульмонэктомия

3) эндобронхиальдыя санация

4) антибактериальды терапия

5) санаторлы- курорттық ем
137. Гайморитке байланысты антибактериальды терапия қабылдаған науқаста жөтел, үдемелі ентігу пайда болды. Қан анализінде: лейкоциттер – 13 мыңс., ЭТЖ – 35 мм/с. Бронхоскопияда трахея мен бронхтардың кілегей қабатында массивті ақ түсті жабындымен гиперемия және ісіну анықталған. Бронхтардың жуынды суында Candida саңырауқұлақтары анықталды.

Төмендегі келтірілген препараттардың барлығын емдеу жоспарына қосуға болады, мынадан БАСҚАСЫН:

1) вобэнзим

2) будесонид

3) амоксиклав

4) актинолизат

5) +амфотерицин В
138. 32 - жастағы әйелде, ұзақ антибиотиктер қабылдағаннан кейін қалтырау, дене қызуының 39°С-қа көтерілуі байқалды. Терапияға доксициклин қосқаннан кейін жөтел және сұр түсті түйін тәрізді бөлшектер бөлініп, дауысы қарлығып, ентігу пайда болды. Қараған кезде тілдің екі жағында ақ жабындымен жабылған жаралар көрінеді. Рентгенологялық зерттеуде екі жақта да көптеген инфильтрация ошақтары, өкпе түбірі тығыздалған. Қақырық анализінде ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар.

Төмедегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) сепсис

2) +өкпе кандидозы

3) өкпе саркоидозы

4) милиарлы туберкулез

5) ауруханадан тыс екі жақты пневмония
139. Туа пайда болған бөліктік өкпе эмфиземасы бар 20 - жастағы ер адамда физикалық жүктемеде кеуде клеткасында қатты ауыру сезімі және ентікпе пайда болды. Объективті: ерін және мұрын-ерін үшбұрышында цианоз, суық тер, ЖСЖ минутына- 35 рет. Оң жақ өкпеде тыныс естілмейді.

Науқаста дамыған жедел тыныс жетіспеушілігіне қандай дерттің қосылуы себеп болуы БАРЫНША мүмкін?

1) пневмонияның

2) +пневмоторакстың

3) абсцестің жарылуы

4) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

5) қолқаның аневризмасы
140. 63 жастағы ер адам, тотальді пневмониямен ауыр жағдайда келіп түсті, сұрақтарға қиналып жауап береді, тежелген. Бетінде диффузды цианоз. Тыныс алу актісіне мұрын қанаттары қатысады. ТАЖ- 45 мин. Өкпеде екі жақта да ылғалды сырылдар естіледі. АҚҚ – 80/40 мм с.б.б. РаО2 – 45 мм с.б.б. Қанның рН-7,5.

Төменде көсетілген тәсілдің қайсысы БАРЫНША тиімді?

1) тыныс аналептиктерін енгізу

2) +жасанды өкпе вентиляциясына ауыстыру

3) тыныс шығару соңында оң қысым вентиляциясы

4) тыныс алу кезінде оң қысым вентиляциясы

5) тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі оң қысым вентиляциясы
141. Анамнезінде бронхөкпе инфекциясымен жиі ауыратын 68 жастағы ер адамның рентгенограммасында өкпе түбірінің тамырлары кеңейген, шеткі тамыр суреті кедейленген; өкпе түбірінің «шабылуы»; өкпе артериясының конусы мен бағанасының ісінуі; жүректің оң жақ бөлігінің ұлғайюының анықталуы төмендегі аурулардың қайсысына БАРЫНША тән?

1) созылмалы бронхитке

2) түбірлік пневмонияға

3) бронхоэктаз ауруына

4) өкпедегі іркілісті өзгерістерге

5) +созылмалы өкпе текті жүрекке
142. Ентігу мазалайтын ер адамда оттегі ингаляциясынан және бронхолитиктерден кейін ентігу азаяды, жылы диффузды цианоз, эпигастриялық пульсация; сол жақтағы екінші қабырғаарлықта екінші үннің акценті; Грехем – Стилл симптомы бар; оң жақ қарыншан қабырғасының қалыңдауы мен қуысының кеңеюі; ортопноэның болмауы, қандай диагнозға сәйкес келуі БАРЫНША мүмкін:

1) өкпе эмфиземасына

2) бронх демікпесіне

3) созылмалы бронхитке

4) +созылмалы өкпетекті жүрекке

5) дилатациялық кардиомиопатияға
143. Созылмалы өкпетекті жүрекпен ауыратын ер адамда кіші қан айналым дилатациясы, оң жақ қарыншаға жүктеме алды және жүктемеден кейінгі күштемені (өкпе артериясының гипоксиялық вазоконстрикциясын төмендету нәтижесінде) азайту; сол жақ жүрекшенің қысымын төмендету және капиллярдан кейінгі өкпе гипертензиясын (сол жақ қарыншаның соңғы-дистолалық қысымын төмендету нәтижесінде) азайту мақсатында тағайындау БАРЫНША көрсетілген:

1) АПФ тежегіштерін

2) кальций антогонистерін

3) жүрек гликозидтерін

4) глюкокортикостероидтарды

5)+ұзақ әсерлі нитраттарды
144. 25 жыл бойы шылым шегетін 72 - жастағы ер адам, шырышты-іріңмен бөлінетін қақырықты жөтелге, қан қақыру, тыныштық кезіндегі ентігу, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезім мен аяғының ісінуіне шағымданады. Қарап тексергенде: диффузды жылы цианоз, өкпесінде таралған құрғақ сырылдар, жүректің оң жақ шекарасының кеңеюі, Риверо-Корвалло симптомы, бауырдың ұлғаюы, ісінулер анықталды. Зерттегенде: эритроцитоз, лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жылдамдауы; айқын гиперкоагуляция; ЭКГ-да оң жақ грамма, өкпенің рентгенограммасында сына көлеңкесі.

Емдеу жоспарына қайсысын бірінші кезекте қосу барынша тиімді?

1) антибиотиктерді

2) бронхолитиктерді

3) +антикоагулянттарды

4) жүрек гликозидтерін

5) қақырық шығаратын заттарды
145. Төмендегі зерттеулердің қайсысы өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ауырлық дәрежесін анықтауға БАРЫНША сенімді?

1) +спирография

2) бронхография

3) бронхоскопия

4) өкпе антиографиясы

5) кеуде қуысындағы мүшелердің рентгенографиясы
146. Тұншығу ұстамасын басу үшін төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША сенімді?

1) тайлед

2) атровент

3) будесонид

4) салметерол

5) +сальбутамол
147. Артериалды гипертензиясы және жүрек ырғағы бұзылған егде жастағы науқас созылмалы обструктивті бронхиттің өршуімен ауруханаға түсті.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы науқастың жағдайын нашарлатуы БАРЫНША мүмкін?

1) +конкор

2) дигоксин

3) верапамил

4) будесонид

5) сальбутамол
148. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын ер адамды төмендегі асқынулардың қайсысы өлімге алып келуі БАРЫНША мүмкін?

1) пневмония

2) экссудативті плеврит

3) спонтанды пневмоторакс

4) +жедел тыныс жетіспеушілігі

5) өкпе артерияларының ұсақ тамырларының тромбоэмболиясы
149. 23 - жастағы ер адам, дене қызуының 39 С дейін көтерілуіне, аздап бөлінетін қақырықпен жөтелге, кеуде тұсындағы ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Қан анализінде: лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 36 мм/сағ.

Көрсетілгекн зерттеулердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді?

1) спирография

2) бронхоскопия

3) +кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы

4) кеуде қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы

5) плевра қуысын ультрадыбыстық зерттеу
150. Көзбен көруге болатын жүктемелік зерттеулерге жатуы БАРЫНША мүмкін?

1) ЭхоКГ

2) вентрикулография

3) коронароангиография

4) эндокардиальды картирлеу

5) +миокардтың екі өлшемді перфузиялық 201Тl сцинтиграфиясы
151. Инвазивті зерттеу әдістерін тағайындау БАРЫНША тиімді:

1) ЖИА-ның диагностикасына

2) жүрек ақауларының диагностикасына

3) +миокардтың реваскулиризациясына

4) СЖЖ емдеу әдісін таңдауға

5) гипертрофиялық кардиомиопатияның емдеу тәсілін таңдауға
152. Коронароангиографияны тағайындау мынада БАРЫНША тиімді:

1) СЖШ декомпенсациясы

2) +ЖИА үдемелілігі

3) жүрек ырғағының бұзылысы

4) тұрақты стенокардияның I - II ФК

5) тұрақты стенокардияның III—IV ФК
153. Эндокардиальді және эпикардиальді картирлеу келесі көрсеткіштерді анықтау мақсатында жүргізіледі:

1) жүректің қақпақшалық қондырғысының жағдайын

2) жүрек-қан тамырының құрылымдық қызметін

3) жүрек тамыр жүйесінің морфологиясын

4) электроимпульсті терапияны жүргізу көрсеткішін

5) +хирургиялық деструкцияны қажет ететін аймақтың орнын
154. Созылмалы АВ-блокаданың дистальді түрінде қолдану БАРЫНША тиімді:

1) +тұрақты ЭКС

2) электроимпульсті терапия

3) алғашында уақытша, кейіннен тұрақты ЭКС

4) жүрекшелерді өңеш арқылы электростимуляциялау

5) гемодинамикалық бұзылыстар үдегендегі уақытша ЭКС
155. В-адреноблокаторларға көрсетілген әсердңғ барлығы тән, мынадан басқасы:

1) аритмиялық

2) гипотензивті

3) антиангинальді

4) бронхоспазмдық

5) +фибринолитикалық
156. Жоспарлы электролимпульсті терапияны сәтті жүргізу үшін БАРЫНША тиімді:

1) +шараны жүргізер алдында антикоагулянттарды тағайындау

2) кардиоспецификалық ферменттер деңгейін анықтау

3) кардиоверсияға 3- күн қалғанда жүрек гликозидтерін тағайындау

4) ЭИТ-ны жүргізгеннен кейін антикоагулянттар мен дезагреганттарды тоқтату

5) кардиоверсияға 1- тәулік қалғанда антиаритмиялық препараттарды тоқтату
157. Реанимация бөлімшесіне 55 - жастағы ер адам, екі рет естен тану ұстамасы және жүрек ырғағының сирек соғуымен түсті. ЖЖЖ - 35 рет мин. АҚ - 100/70 мм с.б.б. ЭКГ- тәуелсіз жүрекше ырғағы 100 рет мин., қарыншаның жиырылу жиілігі 30-35 рет мин., QRS комплекстері-0,16", деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркты диагнозы қойылған.

Науқаста қандай асқыну дамуы, барынша мүмкін?

1) кардиогенді шок

2) идиовентрикулярлы ырғақ

3) синоаурикулярлы бөгеме

4)+ толық атриовентрикулярлы бөгеме, МЭС ұстамаларымен

5) ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы бөгеме, Венкебах кезеңімен
158. 50 - жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Науқас төс артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 90/60 мм с.б.б. ЭКГ: коронарлы қан айналымның жедел бұзылысы. Ұстамалы қарынша үстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасы ырғақты қалпына келтіру үшін изоптин, кордарон енгізген, ырғақ қалпына келмеген.

Жүрек ырғағын шұғыл қалпына келтіру мақсатында жасау БАРЫНША тиімді:

1) аблацияны

2) реваскуляризацияны

3) электрокардиостимуляцияны

4) +электрлік кардиоверсияны

5) жүрекшелердің өңеш арқылы электростимуляциясын
159. Гидроксиметил-глутарил-КоА-редуктаза ферменті мынаның түзілу жылдамдығында басты және анықтаушы болады:

1)+ холестериннің

2) хиломикрондардың

3) фосфолипидтердің

4) триглицеридтердің

5) альфа липопротеиннің
160. 76 - жастағы ер адамды қарағанда көптеген ксантомдар мен ксантелазмалар, құлақ сырғалығындағы диагональді қатпар, құлақ қалқанында шаштың көп өсуі, «құрт тәрізді симптом» анықталған.

Көрсетілген ұсыныстардың қайсысы БАРЫНША тиімді?

1) жалпы майды қолдануды ұлғайту

2) клетчатканы қолдануды азайту

3) күрделі көмірсутектерін қолдануды азайту

4) қаныққан май қышқылдарын қабылдауды ұлғайту

5) +жартылай қаныққан май қышқылдарын қолдануды ұлғайту
161. Балтыр бұлшық еттерінің ауыруы, аяқтың жансыздануы және тоңуы мазалайтын, тексергенде гиперхолестеринемия анықталған ер адамға, келесі топтарға жататын холестерамин тағайындалған:

1) статиндерге

2) пробуколға

3) никотин қышқылына

4) +өт қышқылдарының секвестранттарына

5) фибр қышқылының туындыларына
162. Бұлшықеттердің зақымдануы (жоғары сезімталдық, бұлшықеттегі әлсіздік, ауыру сезімі, қанда креатинкиназаның жоғарылауы); өт жолдарында тас түзілу мүмкіншілігінің жоғарылауы; бауыр қызметінің нашарлауы мынаған БАРЫНША тән:

1) статиндерге

2) пробуколға

3) никотин қышқылына

4) өт қышқылдарының секвестранттарына

5) +фибр қышқылының туындыларына
163. Триглицеридтердің деңгейі мына препаратты қабылдағанда төмендеуі БАРЫНША мүмкін:

1) торвакол

2) пробукол

3) эссенциале

4) колестипол

5) +никотин қышқылы
164. Стенокардия ұстамасының айқындығы мен жиілігін бәсеңдету, систолалық АҚҚ-ын бастапқы деңгейден 10-15%-ға төмендету, ЖЖЖ-ін минутына 7-10 –ға жоғарылату және миокардтың ишемиялық көрінісінің жойылу белгілері мына препараттардың қандай тобына Барынша тән:

1) +нитраттарға

2) кордаронға

3) b-адреноблокаторларға

4) кальций антагонистеріне

5) калий каналдарының активаторларына
165. 52 - жастағы ер адам баспалдақпен 3 қабатқа көтерілгенде пайда болып, нитроглицерин қолданғанда жойылатын төс артындағы және жүрек аймағындағы қысып ауыру сезіміне шағымданады. Жүрек үндері бәсеңдеген. ЭКГ – сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

1) ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия

2) +ЖИА. Күштемелік стенокардия ФК II

3) ЖИА. Күштемелік стенокардия ФК III

4) ЖИА. Күштемелік стенокардия ФК IV

5) ЖИА. Үдемелі стенокардия
166. 78 - жастағы әйелді баспалдақтың 1-ші жартысына көтерілгенде төс артындағы басып ауыру сезімі, жүрек тұсындағы қағулар, бас айналу мазалайды. Анамнезінде миокард инфарктысы болған. Объективті: өкпесінде іркілмелі ылғалды сырылдар. ЖЖЖ мин.- 106 рет. АД - 170/100 мм с.б.б.

Созылмалы қан айналым жетіспеушілігі барын дәлелдейтін белгілерге жатуы барынша мүмкін:

1) АҚ жоғарылауы

2) бастың айналуы

3) жүрек тұсындағы қағулар

4) төс артындағы басып ауыру сезімі

5) +іркілмелі ылғалды сырылдар
167. 46 - жастағы ер адам, 2 апта бойы физикалық күш түскенде мазалайтын төс артындағы қысып ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГ - патология анықталмаған.

Науқасты емдеу жоспарына көрсетілгендердің барлығын кіргізу барынша тиімді, мынадан
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45


написать администратору сайта