1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Скачать 1.18 Mb.
|
басқасы: 1) изокет 2) конкор 3) предуктал 4) кардиомагнил 5) +тромбофлюкс 168. 67 - жастағы ер адам, төс артындағы басып, күйдіріп ауыру сезіміне шағымданады. ЖИА мен ауырғанына 10 жыл болған. Миокард инфарктысы болған. Төмендегі тәсілдердің қайсысы БАРЫНША тиімді? 1) үйдегі аурухана 2) күндізгі аурухана 3) жоспармен ауруханаға жатқызу 4) +шұғыл ауруханаға жатқызу 5) емханалық жағдайда тексеру 169. 64 - жастағы ер адам, тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артындағы қысып ауыруға шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді. Қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізген барынша тиімді? 1) +ЭКГ, тропонин Т-ны 2) Tl201сцинтиграфияны 3) ЭхоКГ добутаминмен 4) ЭКГ физикалық күштемемен 5) тәуліктік ЭКГ мониторлауды 170. «Есінен танған» миокард феномені немен сипатталады? 1) кардиомиоциттер санының азаюымен 2)+ сол қарыншаның жиырылуының реперфузиядан кейінгі өтпелі жергілікті бұзылысымен 3) ірі тәждік артерияларда атеросклероздық өзгерістердің болмауымен 4) дистальді орналасқан тәждік артериялардың айқын бұзылыстарымен 5) сол жақ қарыншаның жиырылу қабілетінің ұзақ гипоперфузиядан кейінгі жергілікті зақымдануымен 171. Қабыну реакциясы, «механикалық шаршау», «асқынған атеросклероздық табақшалар» аймағындағы түйілу және ішіне қан құйылу, қандай стенокардияға тән? 1) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК I 2) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II 3) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК III 4) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК IV 5) +ЖИА. Үдемелі стенокардияға 172. Артериалды гипертензиямен ауыратын 68 - жастағы ер адам, изокет-спрейге тоқтамайтын кеуде артындағы басып ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 98 рет мин. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: V2-V6 шықпаларында ST сегментінің депрессиясы. Миокард инфарктысына күдік туған. Зерттеу жоспарына нені анықтауды қосқан БАРЫНША тиімді? 1) трансаминазаны 2) +тропонин Т-ны 3) гипергомоцистейнді 4) С-реактивті белокты 5) жүрекшелік натрийуртикалық пептидті 173. Тәж артериясының үш тармағы зақымдалған ишемиялық жүрек ауруы бар науқасқа барынша тиімді ем: 1) аблация 2) стенттеу 3) ЭКС енгізу 4) +аортокоронарлық шунттау 5) транслюминальды ангиопластика 174. 58 - жастағы бұрын инфаркт алған ер адам, төс артының ауыруы, ентігу, түнде болатын тұншығу ұстамасымен ауруханаға түсті. Тексергенде, миокардтың ауырсынусыз ишемиясының (МАИ) ұзақтығы мен жиілігінің кезеңдері ангинозды ұстаманың ұзақтығы мен жиілігінен басымдығы анықталған. МАИ –сы қолайсыз болжам факторы есебінде төмендегілердің барлығымен қосарланады, мынадан басқасымен: 1) жүректің ырғақ бұзылыстарымен 2)+ ауыру сезімталдығы табалдырығының төмендеуімен 3) атеросклероздың көптеген қауіп факторының болуымен 4) тәж жүйесінің көптамырлы зақымдануымен 5) стенокардияның айтарлық жоғары функциональдық класымен 175. Кардиология бөліміне естен танумен қосарласатын жүрек соғу ұстамасы, кеуде тұсындағы қысып ауыру сезіміне шағымданған 27 жастағы ер адам жеткізілді. Ұстамалар кенеттен жоғарылаған физикалық күштемеден соң дамиды. Объективті: төстің сол қыры бойында 3- қабырғааралықта күштемеде күшейетін, дөрекі, қырған сияқты систолалық шуыл естіледі. ЖЖЖ – 88 рет мин. АҚ – 130/80 мм с.б.б. ЭКГ: V2-V3 ST сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. ЭхоКГ: қарыншааралық перденің гипертрофиясы, митральді қақпақша жармасының алдыңғы систолалық қозғалуы. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді? 1) диуретиктерді 2) +В блокаторларды 3) ААФ тежегіштерін 4) жүрек гликозидтерін 5) кальций антогонистерін 176. 46 - жастағы ер адам, көшеде келе жатып, кенеттен эпигастрий аймағында ауыру, лоқсу сезініп, екі рет құсқан. Таңертең кеше кешке дайындалған тағамды қабылдаған. Науқасты инфекциялық ауруханаға жеткізген. Объективті: жағдайы орташа, тері жабындысы бозғылт. Жүрек үндері тұйық, сирек экстрасистолалар. ЖЖЖ - 98 рет мин. АҚ - 90/60 мм. с.б.б. Ішті сипағанда эпигастрийде аздаған ауыру сезімі байқалады. Асқазанды жуғаннан кейін ауыру төс артына ауысып, жағдайы кенеттен ауырлаған. ЭКГ: II, III, aVF әкетулерінде QS. Осы әкетулерде ST монофазды қисық түрінде. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін? 1) сальмонеллездің 2) жедел гастриттің 3) +миокард инфарктысының 4) жедел панкреатиттің 5) тағамдық токсикалық инфекцияның 177. 47 - жастағы ер адам ірі ошақты артқы диафрагмалық миокард инфарктысымен түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ- да гипокинезия аймағы анықталған. Тромболитиктерді қандай мерзімде тағайындаған барынша тиімді: 1) +алғашқы 6 сағатта 2) алғашқы 24 сағатта 3) екінші тәулікте 4) тыртықтану кезеңінде 5) жедел кезеңде 178. 54 - жастағы ер адам, наркотикалық аналгетиктерге жойылмайтын төс артындағы басып ауыру, іштегі айқын қатты ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет мин. АҚ - 90/60 мм с.б.б. Сипағанда іштің жоғарғы бөлігінде аздап ауыру байқалады. Эпигастрий аймағында құрсақ аортасының үстінен функциональдық систолалық шуыл естіледі. Нәжіс болған, жел шығады. ЭКГ: алдыңғы-перделік аймақтың тыртықтық өзгерісі. Қанда: лейк – 22 мың,т/я – 16, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Холестерин – 8,6 мкмоль/л, фибриноген – 6,2 г/л.. Бірнеше сағаттан кейін құрсақтың тітіркену синдромымен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін? 1) панкреонекроздың 2) бауырасты абсцесс 3) ішектің жедел түйілуі 4) құрсақ аортасы аневризмінің жыртылуы 5) +мезентериальды артерияның жедел тромбозы 179. 48 - жастағы ер адам, ірі ошақты миокард инфарктысымен емделді. 2-ші тәулікте кеуде торшасындағы күшті ауыру сезімі, ентігу сезіміне аздаған қанды қақырық бөлінетін жөтел қосылуы салдарынан жағдайы шұғыл нашарлаған. ЭКГ- алдыңғы қабырғаның миокард инфарктысының жедел кезеңі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі үшбұрыш тәрізді қарайған. Қандай асқыну дамуы барынша мүмкін? 1) өкпе ісінуі 2) жедел аневризма 3) жүрек тампонадасы 4) Дресслер синдромы 5) +өкпе артериясы бұтағының тромбоэмболиясы 180. 68 - жастағы әйел, алдыңғы ірі ошақты миокард инфарктысымен 5 апта емделген. Аурудың созылынқы ағымы қойылған. Ауыру сезімінсіз кезеңде әйелді тағы да кеуде торшасындағы ауыру сезімі мазалап, дене қызуы көтеріліп, шырышты қақырықты жөтел, ентігу пайда болды. Сол жақ өкпесінің төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген. Жүрек үндері тұйық, ЖЖЖ – 100 рет мин, перикард үйкелісінің шуылы. ЭКГ - миокард инфарктысының динамикасы. Қандай дәріні бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді? 1) кальций антагонистерін 2) жүрек гликозидтерін 3) қақырық түсіретін заттар 4) шеткі вазодилататорларды 5) +стероидты емес қабынуға қарсы заттарды 181. 52 - жастағы ер адам, трансмуралды алдыңғы-перделік миокард инфарктысымен емделді. Аурудың 3-ші күні жағдайы нашарлап, төстің сол жиегінде ІІІ-ші қабырға аралығында систолалық шуыл және оң қарыншаның үдемелі жетіспеушілік белгілері пайда болды. Дамыған асқыну диагностикасын нақтылауда қандай тексеру әдісін жүргізу БАРЫНША тиімді? 1) ЭКГ 2) ӨАЭС (ЧПЭС) 3) +ЭхоКГ 4) селективті коронароангиография 5) кеуде қуысы торшасы ағзаларының рентгенография 182. 48 - жастағы ер адам, ЖИА диагнозымен емделуде. Трансмуральды алдыңғы-жайылмалы миокард инфарктысымен ауырғанына 20 күн болған. Объективті: жүрек аймағында төс сүйегінен сол жағында IV қабырға аралығында патологиялық пульсация. Жүрек үндері тұйық, 1–ші нүктеде систолалық шуыл. ЖЖЖ - 88 рет мин. АҚ- 110/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: V2-V5 шықпаларда QS және SТ интервалының элевациясы. Жоғарыда дамыған асқыну диагностикасында төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы барынша ақпаратты? 1) ЭКГ 2) ӨАЭС (ЧПЭС) 3) сцинтиграфия 4) +эхокардиография 5) кеуде торшасы ағзаларының рентгенографиясы 183. 46 - жастағы ер адам, жедел жәрдем бригадасымен жалпы әлсіздікке шағымданып, ауыр жағдайда жеткізілді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды, сұрғылт цианоз, аяқ-қолдары суық. Жүрек үндері тұйықталған, бөдене ырғағы, ЖЖЖ- 110 рет мин. АҚ - 85/55 мм.с.б.б. Олигурия - 20 мл/сағ аз. ЭКГ: синустық тахикардия, QS V1-V6, осы шықпаларда ST сегменті изосызықтан жоғары монофазды қисық түрінде. Төмендегі көрсетілген жағдайлардың қайсысының болуы барынша мүмкін? 1) гиповолемия 2) +кардиогенді шок 3) жедел қан кету 4) варианттық стенокардия 5) жедел бүйрек жетіспеушілігі 184. 18 - жасар қыз бала, физикалық жүктеме кезінде ентігу мен тез шаршауға шағымданады. Анамнезінде: жиі бронх-өкпелек инфекциялар. Қарап тексергенде: тері жабындысының бозаруы, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, эпицентрі сол жақтағы төс шетінде төртінші қабырға аралығында орналасқан дөрекі пансистолалық шуыл, өкпе артериясы үстінде екінші үннің акценті. ЭхоКГ–сол жақ қарыншадан оң жақ қарыншаға шунт анықталады. Ақаудың негізгі асқынуларына барлығы жатады, мынадан басқасы: 1) +аортаның стенозы 2) инфекциялық эндокардит 3) өкпе артериясының тромбоэмболиясы 4) солжақ қарыншаның жетімсіздігі 5) үлкен қанайналымдағы эмболиялар 185. Басының ауыруы, аяғының жансыздануы, жылдам шаршау сезіміне шағымданатын ер адамда, білезік артериясында кернеулі жылдам, ал сан артериясында әлсіз пульс; АҚ қолында жоғары, аяғында төмен; Боткин-Эрба нүктесінде систолалық шуыл; қабырғалары өрнектелгені анықталған. Төмендегі шараны жүргізу БАРЫНША тиімді: 1) ақауды тігу 2) өзекшені таңу 3) баллондық вальвулопластика жасау 4) «жүрек-өкпе» кешенінің трансплантациясын жасау 5) +қысылған аортаны айналдырып анастамоз салу 186. 19 - жасар қыз бала, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі кейде тұншығуға ұқсайтын ентігуге; оң қабырға астындағы ауырлық сезім мен ісінуге шағымданады. Қарағанда: айқын цианоз, саусақтары «барабан таяқшаларына» ұқсас. Жүрек үстінен дөрекі шуыл естіледі. ЭхоКГ- қарынша аралық перденің ақауы және оң қарыншаның шығар бөлімінің тарылуы. Рентгендік зерттеуде: жүрек көлеңкесі өкпе бағанасы аймағында «ағаш кебіске» ұқсайды. Төмендегілердің барлығы осы ақаудың негізгі асқынулары мен адам өліміне себеп болады, мынадан басқасы: 1) ми веналарының тромбозы 2) инфекциялық эндокардит 3) +сол қарыншалық жетімсіздік 4) оң қарыншалық жетімсіздік 5) цианоздық ұстама кезіндегі артериалдық гипоксемия 187. Жүрекшеаралық перденің ақауына тән негізгі диагностикалық белгі: 1) сол қарыншаның гипертрофиясы 2) төстің сол жағындағы ІІ қабырға/аралықтағы (қ/1) диастолалық шуыл 3) төстің сол жағындағы ІІ қ/а діріл және үзіліссіз шуыл 4) төстің оң жағындағы ІІ қ/а қарқынды систолалық шуыл 5) +төстің сол жағындағы ІІІ қ/а үрлеген систолалық шуыл 188. Жүрекше аралық перденің толық бітіспеуі, өкпе артериясының тарылуы, жалпы аорта және оң қарыншаның гипертрофиясы қандай патологоанатомиялық субстратты құрайды? 1)+ Фалло тетрадасын 2) Эбштейн аномалиясын 3) Лютембаш синдромын 4) Эйзенменгер синдромын 5) артериальдық өзекшенің бітіспеуін 189. Ентігу, тұншығу ұстамасы, физикалық күштемеге төзімділіктің төмендігі, инфантилизм, физикалық дамудың кешігуі, жүректегі систолалық шуылы мынаған барынша тән? 1) өкпе эмфиземасына 2) бронхиальды астмаға 3) +жүректің іштен туа пайда болған ақауларына 4) жүректің жүре пайда болған ақауларына 5) бронх-өкпе жүйесінің іштен туа пайда болған аномалияларына 190. 19 - жастағы ер бала ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдындағы “шіркей” тәрізді көрініске, аяғының ұюына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: білектегі пульс кернеулі және жылдам, сан артерияларында әлсіз, кернеуі төмен. АҚ қолында 170/90 мм с.б.б., аяғында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесіндегі, жүрек ұшындағы әлсіз систолалық шуыл омыртқа айналасындағы аймаққа беріледі. Рентгенологияда: қабырғаның өрнектелуі. Осы адамда қандай ақау болуы БАРЫНША мүмкін? 1) Фалло үштігі 2)+ аорта коарктациясы 3) аорта сағасының тарылуы 4) митралді қақпақшаның пролапсы 5) солжақ атриовентрикулалық саңылаудың тарылуы 191. 16 - жастағы қыз бала, аздаған физикалық күштемеде пайда болатын ентігуге, жүрек соғуына, талмаға бейімділікке шағымданады. Объективті: тері жабындысы бозғылт, цианозды, мойын веналары ұлғайған, тырнақтары «сағат әйнегі» сипатты, балтыры ісіңкі, эпигастрийде пульсация. Аускультацияда төстің сол жақ қырындағы II-III қабырға аралығында естілетін систолалық шуыл сол жақ бұғана үстіне беріледі және тұйық диастолалық Грехем-Стилл шуылы естіледі. ЭхоКГ: эхосигнал қарынша аралық пердеде үзілісті, сол жерде турбулентті систолалық ағын естіледі; оң қарынша ұлғайған, өкпе артериясы қақпақшаларының салыстырмалы жеткіліксіздігі. Бұл патологияда қандай ем БАРЫНША тиімді? 1)+ақауды тігу 2) өзекшені таңу 3) баллондық вальвулопластика 4) «жүрек-өкпе» кешенінің трансплантациясы 5) қысылған аортаға айналмалы анастамоз салу 192. Күшті, жайылған, төмен және солға ығысқан жүрек ұшының соққысы, жүрек ұшында қолтық астына берілетін голосистолалық шуыл, I үн жүрек ұшында әлсіреген; жүректің митральді конфигурациясы, мынаған БАрынша тән: 1) аорта сағасының стенозы 2) аорта қақпақшаларының жеткіліксіздігі 3) +митральді қақапақшаның жеткіліксіздігі 4) үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі 5) сол жақ атриовентрикулалық саңылаудың стенозы 193. Жүректің қандай ақауына, жоғары жиіліктегі, үрлеген, көбінесе төстің сол жақ қырында, әсіресе науқас алдына қарай сәл еңкейіп отырғанда естілетін диастолалық шуыл Барынша тән? 1) қолқа саңылауының тарылуына 2) +қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігіне 3) митральді қақпақшаның жеткіліксіздігіне 4) сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуына 5) оң жақ атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуына 194. 34 - жастағы ер адам, басының ауыруы, айналуы, қысқа уақытқа созылатын есінен тану ұстамасына шағымданады. Об-ті: жүрек негізінде, төстің оң жақ шетінде, систола ортасында айқын дыбысты, қатаң систолалық шуыл естіледі. Шуыл мойын тамырларына беріледі. Вальсальва сынамасы кезінде шуыл азайып, дем алған кезде өзгеріссіз қалады. ЭКГ-сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді. |