Главная страница

1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады


Скачать 1.18 Mb.
Название1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Дата13.05.2021
Размер1.18 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2.docx
ТипДокументы
#204560
страница15 из 45
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45


Төмендегі емдеу шараларының қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

1) медикаменттік емді

2) митральды комиссуротомияны

3) үш жармалы қақпақшаның пластикасын

4) +аорталық қақпақшаны протездеуді

5) митральды қақпақшаны протездеуді
195. 40 - жастағы әйел, бас ауыруы, бас айналуы, естен тануға шағымданып түсті. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Жүрек шекаралары солға ұлғайған, төстің сол жақ қырында және оң жақтағы ІІ қ/а жоғары тембрлі, протодиастолалық бәсеңдеген шуыл естіледі және осы жерде II үн әлсіреген. Қан тамырларында Траубенің қос үні және Дюрозьенің қос шуылы, Квинке және білек артериясының пульстері жоғары әрі тез мин. 100 рет, АҚ - 160/60 мм.с.б.б.

Қандай тәсілмен емдеу БАРЫНША тиімді?

1) кардиологтың бақылауы

2) медикаменттік ем

3) оперативті вальвулотомия

4) митральді қақпақшаны протездеу

5) +аорталық қақпақшаны протездеу
196. 21 - жастағы ер адам, жүрегінің жиі соғуына, ырғақ бұзылысына, бас айналуға шағымданады. Объективті: жүрек үндері айқын, жүрек ұшында тұрғанда күшейіп, аяқты көтеріп жатқанда әлсірейтін систолалық сартыл (щелчок) және систолалық шуыл естіледі. ЭхоКГ: қосжармалы қақапақшаның алдыңғы жармасының иілмесі.

Бұл тәрізді аускультациялық өзгеріс, мынаған БАРЫНША тән:

1) +митральді қақапақшаның пролапсы

2) сопақ саңылаудың бітіспеуі

3) митральді қақпақшаның жетіспеушілігі

4) сол жақ атриовентрикулярлы саңлаудың стенозы

5) митральді қақпақшаның салыстырмалы жетіспеушілігі
197. 30 - жастағы созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын әйелде: ортопноэ, акроцианоз; төменгі бүйір аймақтағы дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін - дөрекі пансистолалық шуыл, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі анықталған.

Қандай топтың дәрілерін бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?

1) +диуретиктерді

2) кортикостероидтарды

3) β-адреноблокаторларды

4) кальций антагонистерін

5) антиаритмиялық препараттарды
198. Қарыншалардың дилатациясымен асқынған жүрек жетіспеушілігі, жыбыр аритмиялы, шоқырақ ырғақты және іркілмелі сырыл бар жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын науқастың емдеу жоспарына, қандай дәріні қосқан барынша тиімді?

1) диуретиктерді

2) кортикостероидтарды

3) β-адреноблокаторларды

4) кальций антагонистерін

5) +жүрек гликозидтерін
199. Бас ауыруы және эпилепсия формалы синдроммен сипатталатын артериалды қысымның ұстамалы жоғарылауы қандай гипертензияға барынша тән?

1) бүйректік

2) эндокринді

3) +нейрогенді

4) реноваскулярлы

5) гемодинамикалық
200. 45 - жастан жоғары адамдарда тершеңдік және құюлу сезімімен қосарласатын артериалды қысымның ұстамалы жоғарылауы қандай гипертензияға БАРЫНША тән?

1) бүйректікке

2)+ эндокриндіге

3) нейрогендіге

4) реноваскулярлыға

5) гемодинамикалыққа
201. 58 - жастағы әйел артериальды гипертензия, қантты диабет, семіздікпен ауырады.

Емдеу жоспарына қандай емді қосу БАРЫНША тиімді?

1) тенорик

2) +физиотенз

3) амлодипин

4) гипотиазид

5) фуросемид
202. 78 - жастағы ер адам артериалды гипертензиямен ауырады. Урологта қуық асты безінің аденомасымен есепте тұрады.

Емдеу жоспарына АҚ төмендетіп, зәр шығару жолдарының тарылуын азайтуға төмендегілердің қайсысын қосқан БАРЫНША тиімді?

1) урегитті

2) эсмололды

3)+ кардураны

4) нолипрелді

5) верапамилді
203. 75 - жастағы ер адам кенеттен басының ауырғанын сезіп, есінен танып қалды. 25 -жылдан бері артериальды гипертензиямен ауырады. Объективті: аздап тежелген, сөйлеуі қиындаған. Ромберг қалпында тұрақсыз, сол жақ мұрын-ерін сызығы тегістелген. Жүрек үндері бәсеңдеген. АҚҚ - 220/130 мм с.б.б., ЖЖЖ- 84 рет мин. Жалпы зәр анализі: белок - 0,033 г/л, эритроциттер - 0-1, лейкоциттер - 4-5 к/а. ЭКГ: синустық ырғақ, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. ST сегменті V5-V6 шықпаларда 0,5 мм төмендеген. Бас миының магнитті-резонансты томографиясында – жас ерекшеліктеріне сәйкес өзгерістер.

Бұл жағдай гипертониялық криздің қандай түрі болуы барынша мүмкін?

1) күрделі милық

2) +милық-ишемиялық

3) гипертониялық - кардиальды

4) жайылған гипертониялық

5) церебральды ангиопатиялық гипертензивті
204. 37 - жастағы әйел, басының ауыруы, айналуы, жүрек тұсындағы шаншып ауыру, бұлшық еттердің ауыруы, әлсіздік, кейде тырысулар, шөлдеу сезімі мен диурездің көбеюіне шағымданады. Анамнезінде соңғы 5 - жылда АҚҚ максимальды 230/130 мм. с.б.б. дейін көтерілген. 1 - жыл бұрын өтпелі парез дамыған. Объективті: АҚҚ - 190/100 мм с.б.б., ЖЖЖ - 70 рет мин. ЭКГ: ST - сегменті V2-V6 шықпаларда қиғаш өрлеп жоғарылаған және осы шықпаларда Т- тісшесі теріс. Қанда: калий деңгейі - 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасы: менш.салм. 1006-1015.

Төмендегі емдеу әдістерінің қайсысы жағдайды жақсартуы барынша мүмкін?

1) ААФ ингибиторлары

2) b-адреноблокаторлары

3) +оперативті ем

4) I1 имидазолиндік рецепторлардың агонистері

5) ұзақ әсерлі дигидропиридинді кальций антагонистері
205. 34 - жастағы ер адам, қорқыныш сезімі, діріл, зәр шығаруға қажеттілік сезімі, дене қызуының 38º С дейін көтерілуі мен қосарласатын АҚҚ-ның кенеттен 270/130 - 240/110 мм с.б.б. дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: тері жабындылары қызарған, жүрек үндері күшейген, тахикардия. ЖЖЖ -120 рет мин. АҚҚ - 240/120 мм с.б.б. Жалпы қан анализі: лейкоциттер - 8,6 мың, эозинофил - 8%, глюкоза - 7,2 ммоль/л. Адреналиннің зәрмен тәуліктік экскрециясы - 48 н/моль, норадреналин - 160 н/моль.

Төмендегі дәрілердің қайсысын бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?

1) изокетті к/т

2) обзиданды к/т

3) дроперидолды к/т

4) +фентоламинді к/т

5) эналаприлатты к/т
206. 53 - жастағы әйел, жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданады. Ауыру эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицерин қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Объективті: беті қызарған, ашушаң, эмоциональды лабильді, ТЖ - 20 рет мин., ЖЖЖ –100 рет мин., АҚ - 155/75 мм с.б.б. ЭКГ: тахикардия, V1-V4 әкетулерінде Т-тісшесі теріс. Гормондарды тексергенде эстрогендер деңгейінің төмендегені анықталған.

Төмендегі диагноздардың қайсысы барынша мүмкін:

1) артериальды гипертензиясы

2) Q тісшесіз миокард инфарктісі

3) нейроциркуляторлық дистониясы

4) бірінші рет пайда болған стенокардия

5)+ эндокринді генезді кардиомиопатия
207. Қандай метаболикалық кардиопатияға негізгі зат алмасудың төмендеуі, терінің құрғауы, брадикардия, ТТГ жоғарлауы Барынша тән?

1) алкогольдік

2) анемиялық

3) +гипотиреоидтық

4) гипертиреоидтық

5) климактериялық
208. 26 - жастағы ер адам, тұмаумен ауырғаннан кейін екі аптадан соң ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі мен дене қызуының жоғарлағанын байқаған. Қарап тексергенде: ортопноэ, балтырлары ісінген. Өкпесінде іркілмелі, ылғалды сырылдар, ТЖ - 32 рет мин. Кардиомегалия. Жүрек үндері бәсең, жүрек ұшында III тон, систолалық шуыл естіледі, жыпылықтаушы аритмия. ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ - 100/60 мм.с.б.б. Бауыры 3 см ұлғайған. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, кардиоспецификалық ферменттер ұлғайған. ЭКГ- АВ-блокадасының І дәрежесі, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ- сол жақ қарынша қуысының ұлғаюы, айдау фракциясы - 40%.

Сіздің диагнозыңыз?

1) жалқық (выпотной) перикардит

2) инфекциалық эндокардит

3) жүйелі қызыл жегі

4) +ревматизмдік емес миокардит

5) ревматизмдік жүрек ақауы
209. Үш апта бұрын вирусты инфекциямен ауырған 28 - жастағы ер адам, жүрек аймағының сыздап ауыруына, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тұйықталған жүрек үндері, тахикардия, экстрасистолия анықталған. Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, кардиоспецификалық ферменттер аздап жоғарылаған. ЭхоКГ- миокардтың жиырылу қызметі аздап төмендеген.

Осы ауруды емдеу жоспарына қандай емді қосу БАРЫНША тиімді:

1) метаболиктерді

2) антибиотиктерді

3) антиоксиданттарды

4) антикоагулянттарды

5) +стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды
210. 38 - жастағы ер адам, кардиолог – дәрігерде гипертрофиялық кардиомиопатиямен (сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясымен) есепте тұрады. Соңғы кездерде физикалық күш түскенде стенокардияға тән ауыру сезімі мазалап, ентігіп, басы айналып, жүрегі қағады. Объективті: акроцианоз. Өкпеде әлсіз тыныс, ТЖ мин.- 21 рет. Жүрек үндері тұйық, ырғағы дұрыс, төстің сол жақ қыры бойында систолалық шуыл естіледі. ЖЖЖ - 110 рет мин.

Қандай дәрілер шығу жолы обструкциясының дәрежесін ұлғайтып, науқастың жағдайының нашарлауына ықпал жасауы барынша мүмкін?

1) эгилок

2) конкор

3) эсмолол

4) анаприлин

5) +строфантин
211. 42 - жастағы ер адам, бір жыл бұрын ентігу және оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімін байқаған. Осыдан кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамалары пайда болып, балтырлары ісінген. Соңғы айларда қан түкірген. Объективті: өкпесінің төменгі бөлімінде – ұсақ көпіршікті дыбыссыз естілмейтін сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай ығысқан, жүрек үні бәсең. ЖЖЖ – 90 рет мин. Жүрек ұшында систолалық шуыл. ЭКГ- жыпылық аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ-да: сол жақ жүрекше – 4,4. Сол жақ қарыншаның СДӨ - 8,2. Оң жақ қарыншаның СДӨ – 3,2. Айдау фракциясы - 21%. Жайылған гипокинезия.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

1) ревматизмдік емес миокардит

2) алкогольдік кардиомиопатия

3) ишемиялық кардиомиопатия

5)рестриктивті кардиомиопатия

4) +дилатациялық кардиомиопатия
212. Жүрек өткізгіштігі мен ырғағының бұзылуы, кенеттен пайда болған тромбоэмболия, іркілмелі жүрек жетіспеушілікті кардиомегалия, мынаған БАРЫНША тән:

1) ревматизмдік емес кардиомиопатияға

2) +дилатациялық кардиомиопатияға

3) гипертиреоидтық кардиомиопатияға

4) климактериялық кардиомиопатияға

5) гипертрофиялық кардиомиопатияға
213. 40 - жастағы ер адамды ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. 0б-ті: өкпесінде дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек шекаралары кеңейген, үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл; жыбыр аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ: солжақ қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі - 8,2, айдау фракциясы - 21%.

Емдеу жоспарына көрсетілгендердің қайысын қосқан БАРЫНША тиімді?

1) метаболиктерді

2) антиоксиданттарды

3) кортикостероидтарды

4) анаболикалық гормондарды

5) +шеткілік вазодилататорларды
214. Айдау фракциясы мен миокардтың жиырылу қабілетінің айқын жоғарылауы қайсыған барынша тән:

1) алкогольдік кардиомиопатияға

2) ревматикалық емес миокардитке

3) созылмалы өкпетекті жүрекке

4) дилатациялық кардиомиопатияға

5) +гипертрофиялық кардиомиопатияға
215. 19 - жастағы ер адамды реанимациялық бөлімге клиникалық өлім жағдайында алып келді. Жаттығу кезінде кенеттен есінен танып, жүрегі тоқтап қалған. Толық көлемде жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижесіз болған. Аутопсияда қарынша аралық перденің жоғарғы үштен бір бөлігі мен солжақ қарыншаның бос қабырғалығының шығар жолының айқын гипертрофиялық обструкциясы.

Өлімге соқтырған себеп төмендегілердің қайсысы болуы барынша мүмкін?

1) жүрекшелердің дірілі

2) +қарыншалардың дірілі

3) қарынша үстілік тахикардия

4) атриовентрикулярлық бөгеме

5) синус түйінінің әлсіздік синдромы
216. 45 - жастағы ер адам қалтырау, фебрильді қызба, жөтел, қан түкіру, буындары мен бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде шиқан жиі мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындыларының түсі «сүт қосқан кофе» тәрізді, аяғында – таңбалы бөртпелер, саусақтары «дабыл таяқшасы» және «сағат әйнегі» тәрізді. Тексерген кезде: эритроциттер - 2,9 х 1012/л, Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпесінде «сына тәрізді» көлеңке.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін тағайындау барынша тиімді?

1) бронхоскопияны

2) сцинтиграфияны

3)+ эхокардиографияны

4) буындардың рентгенографиясын

5) өкпенің компьютерлік томографиясын
217. 48 - жастағы ер адам, ауруханаға инфекциялық эндокардитпен түсті. 2 апта бойына фебрильді қызба, аорта қақпақшасының жедел жетіспеуі фонында жедел жүрек жетімсіздігі күшейіп, қақпақшалардағы вегетацияың өлшемі 10 мм-ге дейін ұлғайып, майда өкпе артерияларының тромбоэмболиясының белгілері пайда болған.

Барынша тиімді емдеу тәсілін анықтаңыз:

1) антибиотиктерді алмастыру

2) иммуномодуляторларды қосу

3) антибиотиктердің мөлшерін ұлғайту

4) қанды лазер сәулесімен емдеуді тағайындау

5)+ оперативті шаралар жүргізу
218. Фебрильді қызба, «Ослер» түйіндері, «Рот» дақтары, екі және одан да көп сынамада тұрақты бактеремия, жылжымалы вегетациялар қайсыған БАРЫНША тән:

1) абсцеске

2) пневмонияға

3) перикардитке

4) +инфекциялық эндокардитке

5) ревматикалық емес миокардитке
219. Берілген бес белгінің төртеуі қандай ауруға тән: 1. Лукин дақтары. 2. Ослер түйіндері. 3. Үйкеліс шуы. 4. Тырнақ астындағы сызықты геморрагиялар. 5. Румпель-Лееде-Кончалов сынамасының оң болуы .

1) перикардитке

2) ревматоидты артритке

3) ревматикалық қызбаға

4)+ инфекциялык эндокардитке

5) иммунды тромбоцитопениялық пурпураға
220. Перикардиттегі жақын орналасқан ағзалардың басылу белгілеріне төмендегілердің барлығы жатады, мынадан басқасы :

1) қарлықан дауыс

2) «үрген тәрізді жөтел»

3) дисфагия

4) қыжыл

5) +ентігу
221. Рентгенологиялық зерттеуде анықталатын: жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, жүрек пішінінің тегістелуі, жүрек «белінің» жоғалуы, әлсіреген пулсация қандай ауруда болуы барынша мүмкін?

1) плевритте

2) пневмонияда

3)+ перикардитте

4) аорта аневризмасының сылынуында

5) өкпе артериясының тромбоэмболиясында
222. Берілген бес белгінің ішінде төртеуі қандай ауруға жатуы барынша мүмкін екенін көрсетіңіз: 1. Ауыру сезімі. 2. Үйкеліс шуы. 3. Парадоксальді пульс. 4. Қарынша аралық перденің гипертрофиясы. 5. Стандартты шықпаларда ST- сегментінің элевациясы:

1) плевритке

2) +перикардитке

3) миокард инфарктысына

4) өкпе артериясының тромбоэмболиясына

5) гипертрофиялық кардиомиопатиясына
223. 47 - жастағы әйел, екі күн бұрын суықтағаннан кейін пайда болған, жүрек тұсындағы тыныс алумен байланысты ұзақ уақытқа созылған, шаншып ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, аздаған тахикардия, сол қырына жатқанда тұтас систола мен диастоланы алатын, денесін алдыға еңкейткенде күшейетін «аяқ астындағы қардың сықыры» тәрізді шуылдар естіледі. АҚҚ-110/70 мм с.б.б., ЖҚА: лейкоциттер - 10,5 мың., ЭТЖ - 18 мм/сағ. ЭКГ- I, II, III, V3-V6 шықпаларында ST сегментінің күмбез тәрізді жоғарылауы.

Жоғарыдағы жағдайда қандай дәріні қолдануға барынша болмайды?

1) аевитті

2) кетоналды

3) мовалисті

4)+ гепаринді

5) милдронатты
224. 28 жастағы экссудативті перикардитпен ауыратын ер адамда кенеттен айқын ентігу дамып, мойын веналары білеуленіп, суық тер басып, беті және мойыны ісініп, көгеріп, пульсі «жіп тәрізденіп», коллапс дамыды.

Төмендегі көрсетілген шаралардың қайсысын бірінші кезекте жасаған барынша тиімді?

1) тұзсыз емдәмді

2)+ перикардтың пункциясын

3) диуретиктерді енгізуді

4) глюкокортикоидтарды енгізуді

5) сұйықтықты тәулігіне 600 мл дейін шектеуді
225. Өкпе гипертензиясымен ауыратын науқасты физикальды қарағанда төменде келтірілгендер барынша жиі байқалады, мынадан басқаСЫ:

1) акроцианоз

2)+ Кумбс шуылы

3) өкпе артериясының үстіндегі II тонның акценті

4) үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігіндегі пансистолалық шуыл

5) саусақтары «дабыл таяқшалары» және тырнақтары «сағат шынысы» тәрізді
226. Өкпе гипертензиясында тағайындау барынша тиімді:

1) гепаринді

2)+ варфаринді

3) надопаринді

4) эноксапаринді

5) неодикумаринді
227. Біріншілік өкпе гипертензиясында физикалық күштемеге толеранттылықты анықтауға БАРЫНША жиі қолданады:

1) тредмил-сынамасын

2) велоэргометрияны

3) вазореактивтілікке сынаманы

4) күштемелік эхокардиографияны

5)+ газалмасуды бағалаумен жасалатын 6 минуттық жүру сынамасын
228. Біріншілік өкпе гипертензиясымен ауыратын 18 жастағы науқасты қарап тексергенде мойындырық веналарының пульсациясы және білеуленуі, оң мәнді "веналық пульс", бауырдың систолалық пульсациясы мен ұлғаюы, гепато-югулярлық рефлюкс анықталған. Аускультативті: төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізінде демді ішке алғанда күшейетін және жүрек ұшына берілетін систолалық шуыл және әлсіреген I үн естіледі.

Жүрек ұшына шуылдың берілуі мынаған байланысты болуы барынша мүмкін?

1) қанның регургитациясымен

2) қан ағынының жылдамдауымен

3) өкпеде қысымның жоғарлауымен

4) сол жақ қарыншаның ұлғаюымен

5) +оң жақ қарыншаның күрт ұлғаюымен
229. 65 жастағы ер адам, трансмуральды миокард инфарктысы диагнозымен, кардиогенді шок жағдайында жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді.

Бұл жағдайға төмендегінің әкелуі БАРЫНША мүмкін:

1) біріншілік инфарктының

2) шығару фракция мағанасы 50% жоғары болуының

3) артқы қабырғада орналасқан МИ

4) тыртық өзгерістердің болмауы

5) +миокард салмағының 40% жоғары зақымдануы
230. 38 жастағы ер адамды 1,5 жыл бойына айқын ентігу, тұншығудың ұстамалары, аяқтарының ісінуі, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі мазалайды. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Өкпесінде ылғалды майда көпіршікті сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған, 1 - нүктеде систолалық шуыл, ЖЖЖ - 120 рет мин., бауыр З см төмен. Балтыры ісінген. ЭхоКГ: қос қарынша қуысы ұлғайған. Миокардтың жиырылу қабілеті айқын төмендеген. Шығару фракциясы - 21%. Митралды қақпақшаның салыстырмалы жеткіліксіздігі. Дилатациялық кардиомиопатия диагнозы қойылған.

Қанайналым жетіспеушілігінің қандай сатысы болуы барынша мүмкін?

1) ҚАЖ жоқ

2) ҚАЖ I 1 ФК

3) ҚАЖ IIА 2 ФК

4) +ҚАЖ IIБ 3 ФК

5) ҚАЖ III 4 ФК
231. 78 жастағы әйел, төс артындағы басып ауыру, баспалдақтың 1 жартысына көтерілгендегі ентігу мен жүрек тұсындағы аритмияға шағымданады. Миокард инфарктысы болған. Объективті: өкпесінде іркілмелі сырылдар, ЖЖЖ-106 рет мин. АҚ - 170/100 мм с.б.б. Тропонин Т – теріс. Холестерин - 6,2 ммоль/л. ЭКГ: солжақ қарыншаның алдыңғы, перде аралық, ұшы және бүйір қабырғасының тыртықты өзгерісі. ЭхоКГ: шығару фракциясы - 49,6%. Сол жақ қарыншаның алдыңғы, пердеаралық, ұшы және бүйір қабырғасында гипокинезия зонасы анықталған.

Созылмалы қан айналым жетіспеушілігін дәлелдейтін белгілерге жатуы барынша мүмкін:

1) жүрек тұсындағы ырғақ бұзылысы

2)+ іркілмелі ылғалды сырылдар

3) төс артындағы басып ауыру

4) ЭКГ –де тыртықтық өзгеріс

5) ЭхоКГ-да гипокинезия аймағы
232. 67 жастағы ер адам, ауыр ентігу ұстамасына, кейде түнде болатын тұншығуға, горизонтальді жағдайдағы құрғақ өнімсіз жөтелге шағымданады. Анамнезінде бірнеше миокард инфарктісі. Тексергенде: өкпе артериясының үстінде II үннің акценті, өкпесінде дыбыссыз ылғалды сырылдар, гепатомегалия, асцит, аяқтарында айқын ісіну. ЭКГ: сол жақ қарыншаның алдыңғы – бүйір қабырғасының тыртықты өзгерістері. ЭхоКГ: шығару фракциясы - 36%. Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасы, пердеаралық, жүрек ұшы және бүйір қабырғасының гипокинезисы.

Қандай дәріні бірінші кезекте тағайындау қажет?

1) эгилокты

2)+ лазиксті

3) вазилипті

4) моноприлді

5) дилтиаземді
233. 73 жастағы ер адам, реанимация бөліміне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы қатты басып ауыру сезімі ауруханаға дейінгі кезеңде жойылды. Объективті: тері жамылғылары сұрғылт, суық жабысқақ термен жабылған. Өкпеде- іркілісті сырылдар. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: V2-V6 шықпаларында ST сегментінің депрессиясы.

Жедел жүрек жетіспеушілігінің белгілерін жою үшін мынаны БІРІНШІ кезекте енгізу барынша тиімді:

1) лазиксті

2) изокетті

3)+ допаминді

4) промедолды

5) тромбофлюксті
234. Аневризма, стеноздар, қолқа және оның тармақтарының окклюзиясын нақтылы анықтауға тағайындаған БАРЫНША мәліметті:

1) рентгенографияны

2) эхокардиографияны

3) коронароангиографияны

4)+ магнитті-резонансты томографияны

5) ЭКГ Холтер бойынша тәуліктік мониторлауны
235. RS-T сегментінің тұрақты жоғарылауынсыз жүретін жедел коронарлық синдромы бар науқаста кардиомиоцттер некрозына сезімтал және арнайы маркер болуы Барынша мүмкін:

1) КФК МВ-фракциясы

2)+ тропониндер

3) АсАТ

4) АлАТ

5) ЛДГ1
236. Күнделікті клиникалық практикада тұрақсыз стенокардиясы бар науқастарды антитромбинді препараттармен емдегенде бақылаушы сынама қызметін атқаруы БАРЫНША мүмкін:

1) III антитромбиннің

2) фибриногеннің концентрациясының

3) тромбоциттер адгезиясы мен агрегациясының

4) еріген фибрин-мономерлік кешендердің

5) +белсендірілген жартылай тромбопластиндік уақыттың
237. Жыпылықтаушы аритмиямен асқынған дилатациялық кардиомиопатиямен ауыратын науқастарды варфаринмен емдегенде бақылау жүргізілуі міндетті:

1) белсендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт

2) +халықаралық қалыптастырылған қатынасты

3) қанның ұю уақытын

4) қанағу ұзақтығын

5) III антитромбинді
238. WPW синдромы бар науқаста атриовентрикулярлық өткізілудің қосымша (ақаулық) өткізілу жолдарының нақты орнын анықтау үшін тағайындау БАРЫНША мәліметті:

1) эхокардиографияны

2) коронароангиографияны

3) электрокардиограмманы

4) ЭКГ Холтер бойынша ұзақ мониторлау

5)+ эндокардиальды және эпикардиальды картирлеу
239. Жүректің органикалық дерті болған жағдайдағы жүрекшелердің жиі ұстамалы фибрилляциясы бар науқастарға тағайындау БАРЫНША мақсатты:

1) конкорды

2) изоптинді

3) дигоксинді

4) дилтиаземді

5)+ амиодаронды
240. Суправентрикулярлы тахикардия мен ауыр синкопальді ұстамасы бар науқаста Холтерлі мониторлағанда «тахикардия-брадикардия» синдромы, ұзақ синусты паузалы өтпелі синоатриальды блокада, қарынша үстілік ұстма анықталды. Аллапинмен емдеу әсер бермеді.

Көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы, БАРЫНША тиімді?

1) электрлік кардиоверсия

2) аритмогенді аймақ абляциясы

3)+ кардиостимулятор имплантациясы

4) аритмогенді аймақтың криодеструкциясы

5) уақтша эндокардиальды электростимуляция
241. Инфарктан кейінгі аневризмасы бар 42 жастағы ер адамда кенет тахикардия ұстамасы дамыды. ЭКГ-да: ЖЖЖ – 160 мин рет, QRS – 15", пішіні өзгерген, RS-T сегменті мен Т тісшесі дискордантты орналасқан. Аритмияны жоюдың бірінші сатысында әсері ең қауіпсіз, улылығы төмен, миокард жиырылу қызметін бұзбайтын және АҚҚ айтарлықтай төмендетпейтін болуы, БАРЫНША мүмкін:

1) бретилия тозилаттың

2) новокаинамидтің

3) +лидокаиннің

4) изоптиннің

5) аймалиннің
242. Атеросклерозға тектік бейімділікті, қолқа қабырғасы қалыңдаған және қолқа қақпақшалары склерозды зақымдалған; жалпы холестерин деңгейі 7,3 ммоль/л болатын 59 жастағы ер адамға БАРЫНША тиімді емдеу тәсілін таңдаңыз:

1) өмір салтын өзгерту, 3 ай бойы дәрі - дәрмексіз ем

2) өмір салтын өзгерту, 6 ай бойы дәрі - дәрмексіз ем

3) дәрі - дәрмекті терапия, санаторлы – курорттық ем

4) өмір салтын өзгерту, санаторлы – курорттық ем

5)+ өмір салтын өзгерту, дәрі - дәрмекті терапия
243. Ірі ошақты миокард инфарктымен ауырған, жалпы холестерин 8,6 ммоль/л, тығыздығы жоғары липопротеидтер 0,5 ммоль\л, ЭХОКГ-да: қолқа қабырғасының қалыңдаған және қолқа қақпақшалары склероздық зақымдалған, атеросклерозға тектік бейімдлігі бар 68 жастағы пациентке БАРЫНША тиімді антиатеросклероздық терапияны таңдаңыз:

1) никотин қышқылы

2) холестирамин

3) бензофибрат

4) пробукол

5) +крестор
244 ммоль/л, үшглицеридтер – 4,5 ммоль/л ер адамға БАРЫНША тиімді емдеу тәсілін таңдаңыз:

1) I типті гиполипидемиялық емдәм, фито және физиоем

2) II типті гиполипидемиялық емдәм, секвестранттар, фитоем

3) II тип гиполипидемиялық емдәм, пробукол, плазмаферез

4)+II тип гиполипидемиялық емдәм, статиндер, ТТЛПаферез

5) II тип гиполипидемиялық емдәм, фибраттар, гемосорбция
245. Екі рет өтпелі ишемия болған 50 - жастағы ер адамның ұйқы артериясында симптомсыз шуыл естіледі. Брахиоцефальды қан-тамырларды дуплексті сканирлегенде ұйқы артериясының бифуркациясының сол жағында стеноз (99%) анықталды.

Науқасты әрі қарай жүргізудің БАРЫНША дұрыс жолын таңдаңыз:

1) эхоэнцефалография жүргізу

2) консервативті терапии

3)+ каротидті эндартерэктомияға жолдау

4) бас миының қан-тамырлар реовазографиясын тағайындау

5) бас миының компьютерлік томографиясына жолдау
246. 45 жастағы ер адамды 250-300 м жүргенде пайда болатын төс артындағы ауыру сезімі мазалайды, ауыру изокет – спреймен, кейде спонтанды түрде тыныштық жағдайда басылады.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) күштемелі стенокардия ФК I

2) күштемелі стенокардия ФК II

3) күштемелі стенокардия ФК III

4) күштемелі стенокардия ФК IV

5)+ алғаш пайда болған стенокардия
247. ЖИА мен ауыратын науқастарда нитроглицериннің оң әсері мынаның нәтижесі болуы БАРЫНША мүмкін:

1) артериальдық қанның жүрекке келуінің төмендеуі

2) артериальді қан жүрекке келуінің жоғарылауы

3) ақырғы диастолалық қысымның жоғарылау

4)+ жүрекке веноздық қайтымның төмендеуі

5) жүрекке венозды қайтымның жоғарылауы



248. 55 жастағы әйел бірнеше жылдан бері аяқ тамырларының варикозды кеңеюімен ауырады. Физикалық күштемемен айқын байланысы жоқ, нитраттармен басылатын, төс артындағы күйдірген, ауыру сезіміне шағымданады. Кезеңді түрде артериальды қан қысымы 160/90 мм с.б.б.жоғарылайды. ЭКГ-да арнайы өзгеріс жоқ.

Диагнозды нақтылау үшін БАРЫНША тиімді әдіс:

1) тредмил – сынамасы

2) велоэргометрия

3) калиймен дәрілік сынама

4) обзиданмен дәрілік сынама

5) +Холтер әдісімен ЭКГ ны тәуліктік мониторлау
249. 46 - жастағы ер адам жедел коронарлық синдром диагнозымен аруханаға түскен. Төс артындағы күйдірген, тағамнан қабылдаған және физикалық күш түскеннен кейін, денесін төмен еңкейткенде пайда болатын ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГ-да: V1-V3 шықпаларында Т тісшесі теріс. Тәуліктік өңешішілік рН – метрияда өңеш рН-ы 3,5.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) эзофагиттің

2) Q тісшесіз инфаркттың

3) тұрақсыз стенокардияның

4) өңештің диффузды тарылуының

5) +гастроэзофагеальды рефлюксті аурудың



250. 67 - жастағы әйел соңғы аптада күшейген төс артындағы ауыру сезіміне шағымданады, нитроглицерин әсері төмендеген. ЭКГ-да: ST сегменті 1,5 мм жоғарылаған.

Бірінші кезекте қандай зерттеу әдістерін қолданған барынша тиімді?

1) жалпы қан анализін

2) гемостазды зерттеуді

3) +тропонин деңгейін анықтауды

4) трансаминаза деңгейін анықтауды

5) қанның жеделфазалы көрсеткіштерге анализін
251. Егер миокард инфарктысы кезінде ЭКГ-ны талдауда айтарлықтай қиындық болса, яғни Гис шоғырының бөгемелері, жүрек ырғағының пароксизмальді өзгерістері немесе миокард инфарктысын өткерген белгілер болған жағдайда, қандай әдістерді қолдану Барынша мәліметті:

1) тредмил - сынамасын

2) велоэргометрияны

3) 6 –минуттық жүру сынамасын

4) +с 99Тс-пирофосфатпен миокард сцинтиграфиясын

5) өңеш арқылы жүрекше электростимуляциясын
252. Сол жақ қарыншаның ауыр жетіспеушілігімен асқынған жедел миокард инфарктысымен пациентке тағайындаған БАРЫНША тиімді:

1) стресс-эхокардиографияны

2)+ шұғыл коронарографияны

3) 201Tl-мен миокард сцинтиграфиясын

4) өңеш арқылы эхокардиографияны

5) Холтер бойынша ЭКГ тәуліктік мониторлауды
253. 48 - жастағы ер адам төс артындағы интенсивті ауыру сезіміне шағымданады. Бір күн бұрын жүрек аймағында басып ауыратын ауыру сезімі мазалағап, спонтанды басылған. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, қозған. Жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ – 96 рет минутына, АҚ – 100/70 мм с.б.б. ЭКГ-да: V1-V4 шықпаларда QS; ,V1-V4 шықпаларда ST 4 мм изосызықтан жоғарылаған.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША ықтимал?

1) үдемелі стенокардия

2) +Q тісшесімен миокард инфарктісі, жедел кезеңі

3) Q тісшесімен миокард инфарктісі, жіті кезеңі

4) Q тісшесімен миокард инфарктісі, жеделдеу кезеңі

5) алдыңғы-перделік және жүрек ұшындағы тыртықтық өзгерістер
254. 47 - жастағы ер адам, ауыру басталғасын 90 минуттан кейін ауруханаға жеткізілген. Ангинозды ауыру сезімі промедолды енгізгенде басылды. ЭКГ-да II, III, АVF, V5, V6 шықпаларында ST сегментінің монофазды түрдегі элевациясы.

Диагнозды нақтылау үшін анықтайтын БАРЫНША тиімді әдіс:

1) белсендірілген тромбопластин уақыты

2) С-реактивті протеин

3) холестерин

4) лейкоциттер

5)+ тропониндер



255. Трансмуральды миокард инфарктысын алған 52 жастағы ер адамда ауруханаға түскеннен 2 аптадан кейін дене қызуы көтеріліп, буындары ауырып, құрғақ жөтел пайда болып, перикардтың үйкеліс шуы анықталды. Зерттеу нәтижесінде: эозинофилдер - 12%, ЭТЖ - 48 мм/сағ. ЭКГ-да ЖЖЖ – 118 рет минутына, I, АVL V1-V3 шықпаларда ST сегментінің элевациясы.

Базистік терапияға қосқан БАРЫНША тиімді:

1) антибиотиктерді

2) физиоемді

3) қақырық түсіретін заттаржды

4) гистаминге қарсы препараттарды

5) +стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды
256. Q тісшелі миокард инфарктысымен ауырғанына 3 апта болған62 жастағы ер адам; кеуде тыныс алу шыңында күшейетін қуысындағы ауыру сезіміне, субфебрильді қызбаға, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде перикардтың және плевраның үйкеліс шуылы анықталды.

Көрсетілген препараттардың қайсын тағайындау БАРЫНША тиімді?

1) аналгетиктерді

2) антибиотиктерді

3) дезагреганттарды

4) антикоагулянттарды

5) +глюкокортикостероидтарды



257. Q тісшелі миокард инфарктысымен ауырған науқаста 2 аптадан кейін төстің сол жағында III – IV қабырға арасында жергілікті прекардиальді пульсация анықталды. ЭКГ–да - V1-V4 шықпаларда QS, ST сегментінің жоғарылауының сақталуы; эхокардиографияда ішкі контурдың тұрақты систолалық және диастолалық деформациясы байқалады, интактылы сегмент шекарасында айқын демаркациондық сызық пайда болған.

Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?

1) кардиологқа қаралу

2)+ хирургиялық шара

3) консервативті терапия жалғастыру

4) тікелей емес антикоагулянттарды тағайындау

5) миокардқа жүктемеге дейінгі және жүктемеден кейінгі салмақты төмендету
258. Гипертрофиялық кардиомиопатияға қарыншааралық перде қалыңдығы БАРЫНША тән:

1) 0,1см - 0,3 см

2) 0,4 см - 0,6

3) 0,7 см - 0,9 см

4) 1,0 см - 1,3 см

5)+1,4 см және жоғары
259. Кардиомиопатияға БАРЫНША тән синдром:

1) ауыру сезімі

2) ісінулік

3) анемиялық

4)+ дилатациялық

5) гипертензиондық
260. 21 жастағы пациентте жүрек ұшы түрткісінің күшеюі анықталды; төстің сол жақ қыры бойында систолалық шуыл естіледі, ол тұрғанда күшейеді.

Миокардтың зақымдауын анықтау үшін БАРЫНША тиімді:

1) +эхокардиография

2) фонокардиография

3) электрокардиография

4) жүрек катетеризациясы

5) жүрек рентгенографиясы
261. 35 - жастағы әйелді физикалық күштеме кезінде кеуде сарайының сол жағындағы мезгіл – мезгіл қысып ауыру сезімі мазалайды, нитраттарды қолданғанда жағдайы нашарлайды. Жанұясында екі адам жастай жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарап тексергенде: АҚ - 120/80 мм с.б.б., ЖСЖ - 70 рет мин. Жүрек ұшы түрткісі күшейген, төстің сол жақ қырының бойында систолалық шуыл естіледі, горизонтальді қалыпта айқындығы азаяды. Эхокардиография: қарыншааралық перде қалыңдығының сол қарыншаның бос қабырғасының қалыңдығына қатынасы – 1:4, сол қарынша қуысы азайған.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

1) аортальді стеноз

2) күштемелік стенокардия

3) рестриктивті кардиомиопатия

4)+ гипертрофиялық кардиомиопатия

5) митральді қақпақша жетіспеушілігі
262. Төменде көрсетілген АҚ мағаналарының қайсысы ауыр дәрежелі артериальді гипертензияға БАРЫНША тән:

1) 120/80 төмен

2) 130/85 - 139/89

3) 140/90 - 159/99

4) 160/100 - 179/109

5) +180/110 жоғары
263. β-блокаторларға мына жанама әсер БАРЫНША тән?

1) тахикардия

2) АВ-өткізгіштігінің жылдамдауы

3) +АВ- өткізгіштігінің баялауы

4) қарыншалардың реполяризациялық үрдісінің бұзылуы

5) Гисс шоғырының сол аяқшасының толық бөгемесінің пайда болуы
264. 32 жастағы ер адамда АҚ - 230/120 мм с.б.б. және айқын тахикардия анықталды. Бірнеше жыл бойы тершеңдік, лоқсу, құсу және бас ауыруы, полиуриямен аяқталатын қорқыныш сезім кезеңді ұстамасы мазалайды.

АҚ-ның жоғарылауы немен байланысты болуы, Барынша мүмкін:

1) гипертиреозбен

2) +феохромоцитомамен

3) Иценко-Кушинг синдромымен

4) вазоренальді гипертензиямен

5) созылмалы гломерулонефритпен
265. 68 жастағы ер адамда, артериальді гипертензиямен 15 жыл бойы ауырады, соңғы айда физикалық күштемеде ангинозды ауыру сезімі мазалайды, кейде таңға жақын пайда болады. Ұстама кезіндегі ЭКГ-да ишемия анықталды.

Емдеу жоспарына мынаны қосқан БАРЫНША тиімді:

1)+конкорды

2) теветенді

3) физиотензті

4) гипотиазидті

5) престариумды
266. 18 жастағы ер бала, созылмалы гломерулонефритпен «Д» есепте тұрады, лоқсуға, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. АҚ - 180/100 мм с.б.б., ЖСЖ - 96 рет минутына. Қандағы креатинин - 0,22 ммоль/л, зәрдегі ақуыз - 0,33 г/л.

Төмендегі келтірілген препараттардың қайсысын, емдеу жоспарына енгізген БАРЫНША тиімді?

1) ксантиндерді

2) антибиотиктерді

3) β-блокаторларды

4) цитостатиктерді

5)+ ААФ ингибиторларын
267. Қарыншалардың дилатациясымен жүрек жетіспеушілігі, жыпылық аритмиясы, іркілісті сырылдары бар науқасты емдеу жоспарына қосқан, БАРЫНША тиімді:

1) нитраттар

2) ілмектік диуретиктер

3) кальций антагонистері

4)+ жүрек гликозидтері

5) бета-адреноблокаторлар
268. Созылмалы жүрек жетпіспеушілігіне мынау БАРЫНША тән:

1) +ентігу

2) әлсіздік

3) құрғақ жөтел

4) жүрек тұсындағы ауыру сезімі

5) жүрек ырғағының бұзылыстары
269. Трансмуральді алдыңғы-жайылмалы миокард инфарктісі бар 45 жастағы ер адамда төстің сол жағында IV қабырғааралықта патологиялық пульсация, тұйықталған жүрек үндері, 1 нүктедегі систолалық шуыл анықталады. ЖСЖ - 90 в мин.; АҚ 110/70 мм с.б.б. 18 тәуллікте ЭКГ-да V2-V5 шықпаларда QS тісшесі және SТ интервалының жоғарылауы тіркелді.

Қандай зерттеу әдісі дамыған асқынудың диагностикасын нақтылауға көмектеседі?

1) ЭКГ

2) ӨІЭС

3)+ ЭхоКГ

4) коронароангиография

5) кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
270. Миокард инфарктын басынан өткерген 68 жастағы ер адамды соңғы 2 айда аздаған физикалық күштемеден кейін пайда болатын жүрек ырғағының бұзылысы, төс артындағы ауыру сезімі мазалайды, ентігу күшейіп, кешке жақын аяқтарында ісік пайда болады. АҚ - 140/90 мм с.б.б., ЭКГ-да: I, aVL, V1-V4, шықпаларында QS, ST – изолинияда, қарыншаүстілік экстрасистолалар.

Төмендегінің қайсысын емдеу жоспарына енгізу БАРЫНША тиімді:

1) нитраттарды

2) антиагреганттарды

3)+ бета-блокаторларды

4) ААФ ингибиторларын

5) кальций антагонистерін
271. ӨСОА-мен ауыратын 56 жастағы әйел, жүрек ырғағының бұзылысына, ентігуге, аяқтарындағы ісікке шағымданады. Қарап тексергенде ЖСЖ IIБ, ФК 3-ке сәйкес жүрек жетіспеушілгі көріністері анықталады. ЭКГ-да жүрекшелердің жыпылықтауы, ЖСЖ - 125 рет минутына.

Осы жағдайда төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

1) верапамилді

2) физиотензті

3) коринфарды

4) +дигоксинды

5) фозикардты
272. Кардиогенді шок белгілеріне жатуы БАРЫНША мүмкін:

1) сарылдаған (клокочущее) тыныс және полиурия

2) акроцианоз және инспираторлы ентігу

3)+ пульстік қысымның төмендеуі және олигурия

4) диффузды цианоз және экспираторлы ентігу

5) III-IV қабырғааралықта прекардиальді пульсация және тахикардия
273. Алыстан естілетін сарылдаған тыныс пен өкпенің барлық аймақтарында естілетін түрлі калибрлі әлсіз үнді сырылдар БАРЫНША тән:

1) өкпе ателектазына

2)+ альвеолярлық өкпе ісінуі

3) абсцестік пневмонияға

4) созылмалы сол қарыншалық жүрек жеткіліксіздігіне

5) созылмалы оң қарыншалық жүрек жеткіліксіздігіне
274. 46 жастағы әйел, алқызыл көпіршікті қақырықты жөтелмен қосылған ентігумен түсті. Науқас қозған, мәжбүрлі қалыпта (ортопноэ). Өкпенің барлық аймақтарында қатаң тыныс, түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. ТЖ - 38 рет мин. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия -128 рет мин. АҚ - 230/140 мм с.б.б.

Асқынудың қандай түрінің дамуы БАРЫНША мүмкін?

1) +өкпе ісінуінің

2) демікпе ұстамасының

3) өкпеден қан кетудің

4) екі жақты пневмонияның

5) өкпе артериясы тромбоэмболиясының



275. Кардиологиялық бөлімшеге төс артындағы күшті күйдіріп ауыру сезімімен 78 жастағы науқас жеткізілді. Обективті: тері жамылғысы – сұрғылт, суық тер басқан. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ - 110 рет минутына, АҚ - 30/20 мм с.б.б. ЭКГ: II, III, aVF, V2-V6 шықпаларында ST сегментінің элевациясы.

Төмендегі асқынулардың қайсысы дамуы БАРЫНША мүмкін?

1) өкпе ісінуі

2) +кардиогенді шок

3) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

4) эпистенокардиялық перикардит

5) сол қарыншаның жедел аневризмасы
276. 58 жастағы ер адам, трансмуральді алдыңғы-перделік миокард инфарктімен ем қабылдаған. Науқастың жағдайы 4-ші тәулікте нашарлап, төстің сол жақ қыры бойымен III қабырғааралықта қатаң систолалық шуыл және үдемелі оң қарыншалық жетіспеушілік белгілері пайда болды.

Операция алдынд гемодинамиканы қалыптастыру үшін қандай препараттарды тағайындаған БАРЫНША тиімді?

1) нитраттарды

2) зәр айдағыштарды

3) вазодилататорларды

4) кальций антагонистерін

5) +жүрек гликозидтерін



277. Өкпе гипертензиясының III ФК бар науқасқа тағайындаған БАРЫНША тиімді:

1) диуретикті

2) адреномиметикті

3) +простагландин Е1

4) β-адреноблокаторды

5) жүрек гликозидін
278. Өкпелік гипертензиясы бар 39 жасар ер адам, жөтелге, күштемеден кейінгі бас айналуға, кейде талуға шағымданады. Қарап тексергенде акроцианоз, кеуде қуысы «бөшке тәрізді», пансистолалық шуыл, өкпе артериясын үстінде II үннің акценті.

Төмендегілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді:

1) аспиринді

2) клександы

3) курантилды

4)+ варфаринді

5) неодикумаринді
279. Ревматикалық емес миокардит пен ревмокардиттің салыстырмалы диагностикасына БАРЫНША тән:

1) ЭТЖ, лейкоциттер деңгейінің ұзақ, тұрақты жоғарылауы

2)+ антистрептококтық антиденелердің жоғары титрі

3) трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы

4) жедел фазалы белоктардың жоғарылауы

5) тропонин деңгейінің жоғарылауы
280. 19 жастағы ер бала, ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдында «шіркейлердің» көрінуі, аяқтарының ұюы мен тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артериясында пульс күшейген, ал сан артериясында әлсіз кернеуі төмен,. Қолында АҚҚ 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында паравертебральды аймаққа берілтін әлсіз систолалық шуыл.

Диагнозды анықтауға берілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

1)+ кеуде қуысының рентгенографиясы

2) бас сүйегінің рентгенографиясы

3) электрокардиограмма

4) магнитті резонанс

5) фонокардиография
281. Туа біткен жүрек ақауларын анықтауға төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

1) өңештік электростимуляция

2) селективті коронарография

3) электрокардиография

4) фонокардиография

5) +эхокардиография
282. 34 жастағы әйел жүрек аймағындағы сыздаған ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Об-ті: еріндеріндері көгерген, мойын тамырларының пульсациясы. Жүрек шекарасы солға 3,5 см ұлғайған. Жүрек ұшында I үн әлсіреген, өкпе артериясында II үннің акценті. I нүктеде қатаң, үрлмелі систолалық шуыл. ЖСЖ -112 рет мин. АҚ-140/80 мм с.б.б.

Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) солжақ атриовентрикулалық саңлаудың стенозының

2) үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігінің

3) қарынша аралық перденің ақауының

4)+ митральді қақпақшаның жеткіліксіздігінің

5) қолқа сағасының стенозының
283. 35 жастағы әйел, жүйелі қызыл жегімен ауырады, тыныс алумен байланысты жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: жүрек үндері тұйықталған, сол бүйірлік қалыпта шуыл естіледі және ол еңкейгенде күшейеді, дыбысы «қардың сықырын» еске түсіреді. АҚ -110/70 мм с.б.б. Қан анализінде: эритроциттер - 4,2 млн, лейкоциттер - 10,5 мың., ЭТЖ - 18 мм/сағ. ЭКГ: ритм синусты, дұрыс, ЖСЖ -92 рет мин. ізді I, II, III, V1-V6 шықпаларында ST сегменті күмбез тәрізді жоғарылаған.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) сол жақтық пневмония

2) жедел миокард инфарктысы

3) +жедел перикардит

4) жедел миокардит

5) құрғақ плеврит
284. Субтотальді перикардэктомияға БАРЫНША мүмкін көрсеткіштер:

1) +констриктивті перикардит

2) экссудативті перикардит

3) фибринозды перикардит

4) іріңді перикардит

5) жүрек тампонадасы
285. Перикардиттің ем жоспарына глюкокортикостероидтарды барлық аталған жағдайларда барлығында қосады, мынадан БАСҚАСЫ:

1) идиопатиялық

2) аутоиммундық

3) ревматикалық

4) алергиялық

5) +вирустық
286. 32 жастағы ер адам фебрильді қызба, жағымсыз иісті көп мөлшерлі жабысқақ тер, қалтырау, ентігу, жүрек қағуы, сол қабырға астындағы ауыру сезімі, бас ауыруы, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде терісі бозғылт-сары түсті, тырнақтарында сызықты геморрагиялар, саусақ ұштарында қызыл-күлгін түсті ауыртын тығыздану ошақтары, конъюнктиваның ауысатын қабығындағы петихиялар, аяқтары ісінген, спленомегалия. Өкпесінде ылғалды майда көпіршікті сырылдар. Жүрек аускультациясында қосымша III-ші үн, Боткина-Эрба нүктесінде диастолалық шуыл. Қан себіндісінде Streptococcus aureus анықталған.

Аталған диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?

1) +инфекциялық эндокардит

2) сол жақтық пневмония

3) жедел перикардит

4) жедел миокардит

5) құрғақ плеврит
287. 26 жастағы ер адам, дене қызуының жоғарылауына, тершеңдікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері жамылғысы «кофе қосқан сүт» тәрізді, конъюктиваның ауысатын қабығында петехиялар, тырнақ астында сызықты геморрагиялар, шынтақ буыны бүгілмесінде көптеген инъекция іздері анықталады. Алақан, саусақ, табанның терісі мен тері асты майлы қабатта – бұршақтай, ауыратын өсінді анықталады.

Көрсетілген дертке БАРЫНША тән белгіні көрсетіңіз:

1) эозинофилия

2) лимфоцитоз

3) эритропения

4) +лейкоцитоз

5) моноцитоз
288. 26 жастағы ер адам дене қызуына, қалтырауға, тершеңдікке, құрсақтың сол жақ бөлігіндегі ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: конъюктиваның өтпелі қабықшасында петехия, тырнақ астында сызықты геморрагия.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

1) коагулограмма

2) қанның жалпы анализі

3)+ қанды гемокультураға егу

4) қанның биохимиялық анализі

5) зәрдің жалпы анализі
289. Инфекциялық эндокардиттің хирургиялық еміне көрсетілгегндердің барлығы жатады, мынадан БАСҚАСЫның:

1) инфекциялық эндокардитінің қақпақ протезінде дамуы

2)+ 7 күн бойына этиотропты терапияның нәтижесіздігі

3) артериальді тромбоэмболия

4) қақпақшалар жармаларының үзілуі

5) саңырауқұлақтық эндокардит

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45


написать администратору сайта