1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Скачать 1.18 Mb.
|
21. Науқас 18 жаста, ентігуге, шаршағыштыққа, жүрек тұсының ауруына шағымданады. Қараған кезде физикалық дамудан артта қалған, беттің цианозы, қол саусақтары «дабыл таяқшасы» сияқты өзгерген. Аускультация кезінде төстен солға қарай ІІ қабырғааралықта қатаң систолалық шу естіледі. Диагноз: A) +Жүрекше аралық ақау B) Қарынша аралық ақау C) Аорта қақпашасының тарылуы D) Аорта коарктациясы E) Митральды қақпашаның шамасыздығы 22. Жүрек жетіспеушілігінің IV функционалдық классы: A) Физикалық активтіліктің аздап шектелуі B) Күшейтілген физикалық күштемеден кейінгі ЖЖ белгілері C) +Тышыш жағдайдағы ЖЖ белгілері D) Физикалық активтіліктің айқын шектелуі E) Жасырын жүрек жетіспеушілігі 23. ІV функционалдық кластағы стенокардия ұстамасы дамиды: A) Түзу жермен 500 м көп жүргенде B) Интенсивтілігі жоғары күштемеде C) Түзу жермен 100-500 м жүргенде D) +Тыныштықта E) 1 этажға көтерілгенге дейін 24. Жіті вирусты респираторлы инфекциямен сырқаттанған науқаста 2 аптадан кейін ентікпе, әлсіздік, тахикардия көрініс берді. Объективті: жүректің сол жақ шекарасы сол бұғана орта сызығына дейін кеңейген, жүрек тондары әлсіз, дұрыс ырғақты. ЭКГ: қарыншалық кешен вольтажы төмендеген. ЭхоКГ: сол жақ қарынша кеңейген. Жүрек шамасыздығының функционалдық классын анықтаңыз: A) 0 B) І C) +ІІ D) ІІІ E) ІV 25. Науқас П., 49 жаста, төс артының ауруына шағымданады. Ауырсыну сезімі демалғанда, ентікпе кезінде, қанмен қақырғанда күшейеді. Объективті: жүрек тондарының бэсеңдеуі, өкпе артериясында екінші тонның акценті. AҚҚ 100/70 мм с.б. ЖЖЖ 110 рет мин. ЖҚА: эр.-3,7млн., Hb-120г/л, лейк-13.6мың, КФК-90, ЛДГ-250. ЭКГ: ЭО солға ығысқан, S 1,Q III, R- III. Гис шоғырының оң аяқшаларының блакадасы. Болжамалы диагнозыңыз: A) Миокард инфарктысы B) +ТЭЛА C) Аорта аневризмасы D) Спантанды пневмоторакс E) Миокардит 26. Науқас С. 47 жаста аяқ астынан түнде жүрек қағысының пайда болуы, кеуде қысылуына, бас айналуына, ЖСЖ-200 минутына, АҚ 80/50мм с.б.б, ЭКГ-да ЖСЖ-200/мин. QRS жиынтығының ұзаруы 0,12с, R-R интервалының жиiлеуi, QRS жиынтығы мен Р тiсшесiнiң байланысы жоқ. Сiздiң диагнозыңыз: A) Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы B) Қарыншаүстiлiк пароксизмальды тахикардия C) Топтама қарыншалық экстрасистолия D) +Қарыншалық пароксизмальдық тахикардия E) Синустық тахикардия 27. Науқас Г., 48 жаста, алдыңғы ірі ошақты миокард инфаркті бойынша ем қабылдауда. 2 күні кеудесінде қатты ауру сезімі, ентікпе, қан аралас қақырық пайда болып, науқастың жағдайы күрт нашарлады. ЭКГ: алдыңғы миокард, жедел сатысы. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрыш пішінді көлеңке. Асқынудың емін қандай дәріден бастаған дүрыс: A) +Тромболитиктер B) Антибиотиктер C) Кортикостероидтар D) Дезагреганттар E) Бронхолитиктер 28. Созылмалы бронхит үшін тән: А) Қақырықты жөтел 1 жыл бойы B) Қақырықты жөтел 2 жылға созылған C) +3 ай бойы 2 жыл қатарынан қақырықты жөтелдің болуы D) 3 жыл бойына созылған қақырықты жөтел E) Жиі жедел респираторлы ауруларға қабаттасатын қақырықты жөтел 29. 55 жастағы ер науқаста аздаған ауыр көтеру кезiнде пайда болатын демiкпе мен жөтел байқалған. Бұл симптомдар 3 ай бұрын басталған. Физикальды зерттеулер: өкпе негiзiндегi сырылдар, барабанды таяқша секiлдi саусақтар. Рентгенография: өкпедегi көптеген фиброздар. Болжамды диагноз: A) Пневмонит B) +Идиопатиялық өкпе фиброзы C) Гемосидероз D) СПИД E) Интерстициальды пневмония 30. 30 жас. науқаста дене салмағын жоғалтуы, шаршағыштығы, субфибрильдi дене қызуы, түйiндердiң бүкiл денеге жайылуы белгiленген. Кеуде торы агзаларының рентгенологиялық зерттеуде билатеральдық аденопатия. Сіздің диагнозыңыз: A) Ходжкин ауруы B) Бастапқы туберкулез C) +Саркоидоз D) Капоши саркомасы E) Мезотелиома 31. Науқас 3., 34 жаста, тұмаумен ауырған. Дене қызуы 39°C, катаралды өзгерістер. Кейін кардиалгия, ентікпе, аяғының ісінуі косылған. Объективті: жүрек тондарының бәсеңдеуі, жүрек ұшында систолалық шуыл, бауыры улғайған. Қанда: лейк-4,5мың, ЭТЖ 22 мм/сағ. СРБ(+). Рентгенде: сол қарыншаның үлғаюы. ЭКГ: Гис шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы, сол карыншаның алдыңғы жарғақты бөлігінде ошақты өзгеріс. Сіздің диагнозыңыз. A) Ревмокардит B) Миокардиодистрофия C) Гипертрофиялық кардиомиопатия D) +Ревматикалық емес миокардит E) Идиопатиялық миокардит 32. Сол жақ қарынша аневризмасының ЭКГ көрінісі: A) +«Тұрақталған» ЭКГ B) «Мұздатылған» ЭКГ C) «Суыған» ЭКГ D) «Ұйқтаған» ЭКГ D) «Тұрған» ЭКГ 33. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің 1 сатысы: A) +Жасырын жүрек жеткіліксіздігі B) Физикалық күштемеде симптомдарының пайда болуы C) Гемодинамиканың ауыр бұзылысы D) Физикалық күштеменің аздап тежелуі E) Жәй физикалық күштеме жүрек жеткіліксіздік көрінісін шақырмайды 34. Науқас 3., 67 жаста, төс артының басып ауыруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Гипертониялық аурумен 20 жыл бойы ауырады. Объективті: жүрек шекарасы солға ығысқан. ЭТЖ-3 мм/сағ, КФК-271, МВ КФК-12. ЭКГ: синусты тахикардия, ЖЖЖ-98 р/мин., SТ сегментінің депрессиясы. Сіздің диагнозыңыз: A) +Миокард инфаркті B) Гипертониялық криз C) Миокардтың ошақты дистрофиясы D) Үдемелі стенокардия E) Күштемелі стенокардия ФК III 35. Науқас Т., 44 жаста, маскүнем. Ентікпеге, жүрегінің қатты соғуына, ісінуге шағымданады. Объективті: өкпесінде қүрғақ сырылдар, жүрек солға үлкейген, тоңдары бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалақ шуыл. ЭКГ: АВ түйінінің өткізгіштігінің бәсеңдеуі, сол қарыншаның гипертрофиясы, SТ төмендеген. ІІ, III, V4, V6 тіркемелерінде Т(-). ФКГ жүрек үшында бірінші тон амплитудасының төмендеуі, төртінші тон тіркелген, төмен амплитудалы систолалық шуыл. ЭхоКГ: сол қарыншаның кеңеюі, жиырылу қызметінің төмендеуі. Сіздің диагнозыңыз: A) Гипертрофиялық кардиомиопатия B) Ревматикалық емес миокардит C)+ Алкогольды миокардиодистрофия D) ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК 3 E) АГ 3-дәрежесі, қауіп-2 36. Науқас А., 34 жаста, бас ауруына, құлақтағы шуына, көрудің төмендеуіне шағымданады. Соңғы бес жылда АҚ жоғарлауын, жиі криз болуын байқаған. Объективті: тері жамылғысының гиперемиясы, жүрек тондары бэсеңдеген, ЖЖЖ 78мин., АҚ 230/120 мм с.б.б. ЭКГ: сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы. Көз түбін зерттегенде артериялары тарылған, қан құйылу ошақтары, ретинопатия. Зэр анализі: салыстырмалы тығыздығы-1018, лейк-1-2, эрит-1-2 к/а. Сіздің диагнозыңыз: A) АГ 1 -ші дәреже B) АГ 2-ші дэреже C) Созылмалы пиелонефрит өршуі, симптоматикалык гипертензия D) +АГ 3-ші дәреже E) Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық формасы 37. Қуық үсті безінің аденомасы бар науқаста тұншығу ұстамасын басу үшін қандай препаратты беруге болмайды? A) +Атровент B) Астмопент C) Дитек D) Теофиллин E) Сальбутамол 38. 47 жастағы, қантты диабетпен ауыратын және пневмонияға байланысты ем алып жүрген науқас 2 аптадан кейін қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Тыныс алу жиілігі -32 рет минутына, пульс -108 рет минутына. Қан қысымы 110/70 мм.с.б. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14%, сегмент ядролы -52%, лимфоциттер – 34%, эритроциттер тұну жылдамдығы – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін? А)+ Сепсис B) Инфекциялық эндокардит C) Жедел жүрек жеткіліксіздігі D) Жедел тыныс жеткіліксіздігі E) Жедел респираторлық дистресс-синдромы 39. 56 жастағы науқаста оң жақ кеуде торшасының тыныс алудан қалыңқы екендігі байқалды, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде дауыс дірілі күшейген, осы жерде перкуторлы дыбыс тынықталған, бронхиальды тыныс пен крепитация анықталынады. Өкпенің басқа бөліктерінде перкторлы дыбыс қорап тәрізді, аускультацияда қатқыл дыбыс пен құрғақ сырылдар естіледі. Қан анализінде: нейтрофильды лейкоцитоз, эритроциттер тұну жылдамдығы – 37 мм/сағ. Рентгендік зерттеуде – оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде интенсивті гомогенді қараю бар. Қандай диагноздың болуы барынша мүмкін? A)+ Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің крупозды пневмониясы созылмалы бронхит төңірегінде B) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулезі C) Созылмалы бронхит өршу сатысында D) Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің крупозды пневмониясы мен экссудативті плеврит Е) Бронх демікпесі өкпе эмфиземасымен асқынған 40. 55 жастағы ер адам кезеңді тұншығу ұстамасы, айқын ентігу, қиын бөлінетін шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарап тексергенде: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» белгілері оң, кеуде торшасы «бөшке тәрізді». Перкуссияда: қорап реңді өкпелік дыбыс, аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс. Қандай дерттің дамуы мүмкін? A)+Өкпе эмфиземасының B) Пневмонияның C) Пневмоторакстың D) Жедел бронхиттің E) Созылмалы бронхиттің 41. Науқас 31 жаста, темекі шекпейді. Шағымдары: тұншығу ұстамасы айына 3 реттен, түнгі тұншығу ұстама айына 1-2 рет. Қан анализінде 9% эозинофилдер бар. Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді? A) +Пикфлуометрия B) Реопульмонография C) Пульсоксиметрия D) Оксигемометрия E) Электрокардиография 42. 50 жастағы науқаста оң жақ кеуде торшасың тыныс алудан қалыңқы екендігі байқалды, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде дауыс дірілі күшейген, осы жерде перкуторлы дыбыс тұйықталған, бронхиальды тыныс пен крепитация анықталады. Қан анализінде: нейтрофильды лейкоцитоз - 10000, эритроциттер тұну жылдамдығы – 37 мм/сағ. Рентгендік зерттеуде – оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде интенсивті гомогенді қараю бар. Ауруханадан тыс пневмония деген диагноз қойылды. Қандай тиімді антибактериальды терапияны аурудың қоздырғышын анықтағанға дейін тағайындаған жөн? A) +Ровамицин B) Тетрациклин C) Гентамицин D) Бисептол E) Кефзол 43. Анамнезінде пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея, лейкоцитоз және лимфоцитопениямен жүретін пневмонияның емінде қандай препаратты тағайындаған жөн? A) +Эритромицин B) Пенициллин C) Ампициллин D) Гентамицин E) Тетрациклин 44. 25 жастағы әйел жанұялық дәрігерге шырышты - іріңді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, дене қызуының 37оС көтерілуіне шағымданып қаралды. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Жауырын аралық аймақтың сол жағынан құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде әлсіз лейкоцитоз, эритроциттер тұну жылдамдығының жоғарылауы анықталған. Науқастың 8-10 апталық мерзімді жүктілігін ескере отырып қандай антибактериальді емді тағайындаған барынша тиімді? A) +Ампицилинді B) Гентамицинді C) Азитромицинді D) Доксициклинді E) Ципрофлоксацинді 45. Аталған дәрмектердің қайсысы соңғы мәліметтер бойынша жүрек ишемиялық ауруы бар науқастың өмірін ұзартады? A) Кальций антогонисттері B) Статиндер C) Ангиотензин-айналдырушы фермент ингибиторлары D) Антиагреганттар E) + Бета-адреноблокаторлар 46. Вазоренальды артериялық гипертензияның ең жиі себебіне не жатады? A) Бейспецификалық аортоартериит B) + Бүйрек артерияларының атеросклерозы C) Бүйрек артерияларының фибромускулярлы дисплазиясы D) Бүйрек артерияларының аневризмалары E) Бүйрек артерияларының тромбоздары мен эмболиялары 47. Жедел миокард инфарктінің ең ерте электрокардиграфиялық белгісіне не жатады? A) +ST сегментінің жоғарылауы B) R тісше амплитудасының төмендеуі C) Т тісшесінің инверсиясы D) Жүрек ырғағының бұзылысы E) Q тісшесінің пайда болуы 48. 38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті? A) +Қандағы котехоламиндерді анықтау B) Қандағы кортизолды анықтау C) Қандағы альдестеронды анықтау D) Қандағы электролиттерді анықтау E) Қандағы ренинді анықтау 49. 48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу; өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспеномегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы, α2 және γ- глобулиндердің, с- реактивті белоктың, сиал қышқылдарының жоғарылауы. Несеп анализінде- патологиясыз. Қандай ауруға күдіктенуге болады? A) +Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі B) Жедел ревматикалық қызба және қос жармалы стеноз C) Жедел ревматикалық қызба және аорта жетіспеушілігі D) Геморрагиялық васкулит E) Ревматикалық емес миокардит 50. 17 жастағы жасөспірім военкоматтан тексерілуге жіберілген. Шағымдары жоқ. Анамнезінде жиі баспамен ауырған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекаралары жоғары және солға аздап ұлғайған. Жүрек тондары ырғақты,Ш тонның әлсіреуі және жүрек ұшында систолалық шу. Қан анализінде өзгеріссіз. Электрокардиограммада синусты ырғақ, дұрыс, жүрек жиырылу жиілігі минутына 72 рет, сол қарынша гипертрофиясының белгілері. Қандай патологияны болжауға болады? A) +Қосжармалы клапанның жетіспеушілігі B) Жүрекше аралық перденің ақауы C) Қарынша аралық перденің ақаулары D) Функциональды шу E) Қосжармалы клапанның пролапсы 51. 57 жастағы науқас жүрек тұсының тұрақты сипатта ауырсынуына, дене қызуының көтерілуіне, сол иық деңгейіндегі ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: бір ай алдын трансмуральды миокард инфарктісін өткерген. Конкор, плавикс, тромбоасс, моноприлды тұрақты қабылдайды. Қарағанда: дене қызуы 37,40С, өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ, жүрек тондары ырғақты, тұйықталған, жүректің абсолютты тұйықтығы аймағында плевраның үйкеліс шуы, артериялық қысымы 130/70 мм.с.б., жүрек жиырылу жиілігі 76 рет мин. қан анализінде эозинфилия, ЭТЖ жоғарылауы, тропаниндер қалыпты деңгейде. Электрокардиограммада ST сегментінің І,ІІ,ІІІ тіркемелерінде көтерілуі. |