Главная страница

1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2. 1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады


Скачать 1.18 Mb.
Название1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады
Дата13.05.2021
Размер1.18 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1. андай ауруларда механикалы сараю пайда болады А жіті виру 2.docx
ТипДокументы
#204560
страница5 из 45
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) жедел бронхит

2) жедел ларингит

3)+ ауруханадан тыс пневмония

4) бронхоэктаз ауруы

5) жедел респираторлық вирустық инфекция 
110. 17 жастағы қыз балада 4 ай бойы кенеттен пайда болатын жөтел ұстамасы, ентігу және ысқырықты сырылдар мазалайды. Тыныстық дискомфорт ұйқысын айына 1-2 рет бөледі. Қыз баланың анасы аллергиялық ринитпен ауырады. ОФВ
– 82%.

Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) өкпе ісінуі

2) жүрек демікпесі

3) +бронхиальды демікпе

4) ауруханадан тыс пневмония

5) өкпенің созылмалы обструктивті ауруы 
111. 47 жастағы әйел, бала кезінен бастап бронхиальды демікпемен ауырады. Соңғы жылдары жөтел күшейді, қақырық қиын бөлінеді, тұншығу ұстамасы күнде қайталанады, аптасына 1 рет тыныс алудың қиындауынан оянады. Қараған кезде кеуде қуысы эмфиземетозды, перкуторлық дыбыс қорап тәрізді, везикулалық тыныс әлсіреген, шашыраңқы құрғақ сырылдар. Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан 74% ауытқыған. Сальбутамол тағайындалды.


Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын емдеуге қосқан БАРЫНША тиімді?

1) амбробенені

2) теофиллинді

3) преднизолонды

4) недокромил натрийды

5) +беклометазон дипропионатты 
112. Өкпенің барлық аймағынан
құрғақ ысқырықты сырылдардың естілуі көрсетілген жағдайлардың БАРЫНША қайсысына тән?

1) өкпе тінінің тығыздалуы

2) өкпеде ауаның көбеюі

3) өкпеде қуыстың пайда болуы

4) плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы

5) +бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуы


113. 17 жасар студент С. дене қызуының 38°С-қа дейін көтерілуіне, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, суықта қол және аяқ ұштарының қатты ауырсынуына, әлсіздікке шағымданады. Физикалық тексергенде қатқыл тыныс естіледі, сырыл жоқ.ИФА кезінде «атипиялық» қоздырғыш анықталды.

Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

1) метрид 100, 0 т/і 3 күнде 1 рет

2) гентамицин 80 мг/тәлігіне т/і 10 күн

3) амоксиклав 625 мг 2 рет 10 күн

4) цефтриаксон 2,0 т/і 2 рет 14 күн

5) +азитромицин 0,5 г 3 күн 
114. Бронхиальды демікпені емдеуге БАРЫНША мүмкін базисті препарат:


1) эуфиллин

2) фенотерол

3) сальбутамол

4)+ беклометазон

5) ипратропиум бромид


115. Селективті β2-адреностимулятордың жағымсыз әсеріне барлығы жатады, мынадан БАСҚАСЫ:

1) дірілдеу

2) тершеңдік

3) жүрек қағу

4) бас айналу

5) +жөтелдің күшеюі


116. 35 жастағы ер адам, гормонға тәуелді бронхиальды демікпемен 8 жылдан бері ауырады. Соңғы кездері АҚҚ 160/90 мм с.б.б. дейін жоғарылайтынын анықтады және қандағы қанттың деңгейі бір рет көбейген.

Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

1) инталдың ингаляциясын қосу

2) эуфиллинді қосу

3) преднизолонның дозасын азайту

4) антигипертензивті және қантты төмендететін препараттарды қосу

5) +преднизолонның дозасын біртіндеп азайтып, фликсотидті қосу 
117. Созылмалы бронхиттің өршу сатысы мен өкпенің созылмалы обструктивті ауруларына салыстырмалы диагностика жүргізу үшін төмендегі тәсілдердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді?


1)+ спирография

2) торакоскопия

3) диагностикалық бронхоскопия

4) кеуде ағзаларының рентгенографиясы

5) кеуде ағзаларының компьютерлік томографиясы


118. Ауруханадан тыс пневмонияның жиі кездесетін қоздырғышына жатуы БАРЫНША мүмкін:

1) легионелла


2) +пневмококк 
3) стафилококк 
4) гемофильді таяқша 
5) көк іріңді таяқша


119. Төмендегі келтірілген ОФВмәнінің қайсысы өкпенің созылмалы обструктивті ауруының 2 дәрежесін дәлелдейтін мәліметті беруі БАРЫНША мүмкін?

1) қажеттіден 80 - 70 %

2) +қажеттіден 69 - 50 %

3) қажеттіден 49 - 30 %

4) қажеттіден < 50 %

5) қажеттіден < 30 % 
120. Дәрігерге 53 жастағы ер адам, тыныс шығарудың қиындауы мен ентігуге, құрғақ жөтелге, әлсіздікке шағымданады. Бұл шағымдар бір жыл бойы мазалайды. Анамнезінде: 20 жыл бойы темекі шеккен. Объективті: ернінде аздаған цианоз, кеудесі бөшке тәрізді. Өкпесінде қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпе кеңістігінің мөлдірлігі жоғары, қабырға аралықтары кеңейген, қабырғалары горизантальды, түбір маңы суреті күшейген.


Төмендегі көрсетілген препараттардың қайсысы базисті терапия жүргізуге БАРЫНША тиімді?

1) теотардты

2) бромгексинді

3) ацилцистеинді

4) ципрофлоксацинді

5) +тиотропия бромидті 
121.
Идиопатиялық фиброздаушы альвеолитті анықтауға төмендегі зерттеулердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді?

1) фибробронхоскопияны

2) өкпенің рентгенографиясын

3) кеуде қуысының томографиясын

4) +өкпенің ашық биопсиясын

5) галлиймен 67 өкпе сцинтиграфиясын


122. Жайылмалы саркоидозда тағайындалатын БАРЫНША тиімді терапия:

1) дренаждық

2) муколитикалық

3) антибактериальдық

4) +глюкокортикоидтық

5) бронхдилатирлеуші


123. 39 - жастағы әйел әлсіздікке, шаршағыштыққа, құрғақ жөтелге, аралас сипатты ентігуге, буындардағы ауырсынуға, көзінің көруінің нашарлауына шағымданады. Қараған кезде кеуде қуысы шекаралары кеңейген, тынысы күшейген, бірен-саран құрғақ сырылдар, гепатоспленомегалия.

Диагнозды анықтау үшін төмендегі зерттеу тәсілдерінің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді?

1) бодиплетизмографияны

2) буындардың рентгенографиясы

3) өкпенің торакоскопиялық биопсиясын

4) +кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясын

5) сыртқы тыныс қызметін 
124.
Плевраның үйкеліс шуына төмендегі сипаттамалардың қайсысы БАРЫНША тән?

1) жөтелден кейін әлсірейді

2) жөтелден кейін өзгермейді

3) жиі тыныс шығарғанда естіледі

4) тыныс шығаруыдың биік шыңында естіледі

5) +тыныс алуда және тыныс шығаруда естіледі


125. Төменде көрсетілген іріңді аурулардың қайсысы өкпенің жедел деструкциясының көп тараған формасы БАРЫНША тән?

1) бронхит

2)+ абсцесс

3) плеврит

4) пневмония

5) бронхоэктатикалық ауру


126. Бала кезінен тәулігіне 100 мл-дей іріңді- кілегейлі қақырықпен жиі жөтел мазалаған ер адамға төмендегі зерттеу әдістердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

1)+ бронхографияны

2) пикфлоуметрияны

3) өкпе томографиясын

4)фибробронхоскопияны

5) кеуденің рентгенографиясын


127. 23 жастағы эпилепсиямен ауыратын ер адам, қою сасық қақырықты жөтелге, соңғы 3 - аптада салмақ жоғалтуға шағымданады. Рентгенограммада: жоғары сегментінде сұйықтық деңгейімен қуыс анықталды.

Емдеу жоспарына төмендегі препараттар қосындысының қайсысын қосу БАРЫНША тиімді?

1) +клиндамицин амикацинмен

2) ампициллин преднизолонмен

3) пенициллин гентамицинмен

4) таваник метронидазолмен

5) амоксиклав сумамедпен 
128. Пневмонияға байланысты антибактериалды препараттарды қабылдап жүрген, ұзақ уақыттан бері қант диабетімен және ЖИА-мен ауыратын 50 жастағы ер адам кеудесінде пайда болған күшті ауырсыну сезімі мен ентігуге шағымданады. Қараған кезде жағдайы ауыр, диффузды цианоз, ЖСЖ - 120 мин., АҚҚ – 80/40 мм с.б. Кеуде торшасының оң жағында тыныс естілмейді, жоғары бөлігінде тимпанит, төменгі бөлігінде тұйық дыбыс анықталады. ЭКГ-де реполяризация үрдісінің бұзылыстары анықталады.


Осы жағдайда төмендегі диагностикалық зерттеу әдістердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді?

1) спирографияны

2) бронхоскопияны

3) велоэргометрияны

4) эхокардиографияны

5) +кеуде ағзаларының рентгеноскопиясын 
129. 27 - жастағы ер адамды, бала кезінен бастап жиі өршитін тұрақты қақырықты жөтел мазалайды. Бронхографияда бронхтардың сегменті мен субсегментінде жергілікті
тәспі тәрізді кеңею анықталды. Ангиопульмографияда: жіңішке артериялар кистозды - ауалы қуыстарды айналып өтетіні анықталды.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

1) пневмосклероз

2) локальды эндобронхит

3) диффузды эндобронхит

4) өкпенің қарапайым гипоплазиясы

5) +өкпенің кистозды гипоплазиясы

130. 24 - жастағы әйел, бала кезінен кілегейлі қақырықты, еңкейгенде күшейетін тұрақты жөтел мазалайды. Объективті тыныс алғанда кеуденің сол жағы қалыңқы, перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Бронхографияда сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде орналасқан «жүзімнің шашағы» тәрізді кистозды бронхоэктаздар анықталған.

Төмендегі емдеу жоспарының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

1) +лобэктомия

2) пульмонэктомия

3) эндобронхиальды санация

4) антибактериальды терапия

5) санаторлық- курорттық ем


131. Гайморитке байланысты антибактериальды терапия қабылдаған науқаста жөтел, үдемелі ентігу пайда болды. Қан анализінде: лейкоциттер – 13 мыңс., ЭТЖ – 35 мм/с. Бронхоскопияда трахея мен бронхтардың кілегей қабатында массивті ақ түсті жабындымен гиперемия және ісіну анықталған. Бронхтардың жуынды суында Candida саңырауқұлақтары анықталды.

Төмендегі келтірілген препараттардың барлығын емдеу жоспарына қосуға болады, мынадан БАСҚАСЫН:

1) вобэнзим

2) будесонид

3) амоксиклав

4) актинолизат

5) +амфотерицин В 
132. Компрьютерлік томографиядағы «
сылдырлақ синдромы» және Asp. Fumigatus – галактоманнанға оң реакция БАРЫНША тән:

1) кандидозға

2) аскаридозға

3) зигомикозға

4) +аспергиллезға

5) актиномикозға


133. Туа пайда болған бөліктік өкпе эмфиземасы бар 20 - жастағы ер адамда физикалық жүктемеде кеуде клеткасында қатты ауыру сезімі және ентікпе пайда болды. Объективті: ерін және мұрын-ерін үшбұрышында цианоз, суық тер, ЖСЖ минутына- 35 рет. Оң жақ өкпеде тыныс естілмейді.

Науқаста дамыған жедел тыныс жетіспеушілігіне қандай дерттің қосылуы себеп болуы БАРЫНША мүмкін?

1) пневмонияның

2) +пневмоторакстың

3) абсцестің жарылуы

4) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

5) қолқаның аневризмасы 
134. Үнемі темекі шегетін 67 - жастағы ер адамда тыныш күйде ентікпе, көп шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, тыныс жетпеу сезімі байқалады. Объективті: ТАЖ – 35, мұрын-ерін үшбұрышында цианоз, кеуде торшасының алдыңғы-артқы өлшемінің ұлғаюы, резистенттілігінің күшеюі, «
мозаикалық» перкуторлы дыбыс. Аускультацияда көптеген гуілдейтін және ысқырқты сырылдар естіледі. РаО2– 55 мм с.б.б. РаСО– 43 мм с.б.б. ЖҚА-де – лейкоциттер 10,6 мың, ЭТЖ – 2 мм сағ.

Емдеу жоспарына барлық препараттардың тобын қосу барынша тиімді, мынадан БАСҚАСЫН:

1) антибиотиктерді

2) холиноликтерді

3) антиагреганттарды

4) симпатомиметиктерді

5) +b-адреноблокаторларды 
135. Қандай этиологиялы пневмония плевритпен асқынуы БАРЫНША мүмкін?


1) вирусты

2) хламидялық

3) микоплазмалық

4) легионеллезді

5) +пневмококкты


136. Созылмалы өкпе текті жүрекпен ауыратын науқастың зерттеу жоспарына барлығын кіргізу барынша тиімді, мынадан БАСҚАСЫН:

1) спирографияны

2) эхокардиографияны

3) электрокардиограмманы

4) жүрек және өкпенің рентгенографиясын

5) +өкпенің компьютерлі томографиясын


137. Ұзақ уақыттан бері темекі шегетін 68 - жастағы ер адам, ентігуге, тамағындағы жыбырлау сезіміне, дене қызуының 37,8 С дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: ТАЖ минутына – 28 рет. Өкпесінің екі жағында әлсіреген тыныс және жайылған құрғақ сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСД – 115 рет минутына. Рентгенологиялық: өкпе суретінің күшеюі, өкпе түбірінің кеңеюі, салыстырмалы гиперпневматоз.

Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?

1) гентамицин

2) линкомицин

3) доксициклин

4) ципрофлоксацин

5)+ амоксициллин клавуланаты 
138. Артериалды гипертензиясы және жүрек ырғағы бұзылған егде жастағы науқас созылмалы обструктивті бронхиттің өршуімен ауруханаға түсті.


Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы науқастың жағдайын нашарлатуы БАРЫНША мүмкін?

1) +конкор

2) дигоксин

3) верапамил

4) будесонид

5) сальбутамол 
139. 23 - жастағы ер адам, дене қызуының 39 С дейін көтерілуіне, аздап бөлінетін қақырықпен жөтелге, кеуде тұсындағы ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Қан анализінде: лейкоциттер – 10 мың, ЭТЖ – 36 мм/сағ.


Көрсетілгекн зерттеулердің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді?

1) спирография

2) бронхоскопия

3) +кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы

4) кеуде қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы

5) плевра қуысын ультрадыбыстық зерттеу 
140.
Көзбен көруге болатын жүктемелік зерттеулерге жатуы БАРЫНША мүмкін?

1) ЭхоКГ

2) вентрикулография

3) коронароангиография

4) эндокардиальды картирлеу

5) +миокардтың екі өлшемді перфузиялық 201Тl сцинтиграфиясы


141. Инвазивті зерттеу әдістерін тағайындау БАРЫНША тиімді:

1) ЖИА-ның диагностикасына

2) жүрек ақауларының диагностикасына
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


написать администратору сайта