Главная страница

кок китап. 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар


Скачать 426.48 Kb.
Название1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Дата22.05.2023
Размер426.48 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакок китап.docx
ТипДокументы
#1149568
страница23 из 27
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

(1-бөлім. «Революцияның алғашқы жылдары», новеллалық сипаты бар,әрқайсысы аяқталған сюжетті 4 әңгіме;

2-бөлім : Естіген жайттар,оқыған нәрселер , баспасөзден алынған материалдар;

3-бөлім; чехославактар лаңы,Ақмолада Кеңес өкіметінің құлауы,түрмеге түсу;

4-бөлім: Омбы лагерінен қашып шыққаннан кейінгі шырғалаңдар)

С.Сейфуллин шығармаларының көбінде оқиға түнде басталып ,таң ата аяқталуының себебі: (Түн мен күнді қарама-қарсы алу тәсілі тудырған жаңа символ )

С.Сейфуллиннің пьесасы : («Қызыл сұңқарлар»)

Терлікбай,Жәмила ,Мүслима, Ермек деген кейіпкерлер кездесетін шығарма: («Бақыт жолына» (1917)

С.Сейфуллиннің «Бақыт жолына»пьесасы жазылған жыр : (1917жыл)

Сәкен Сейфуллиннің Ақмола жастарының күшімен 1918 жылы сахнаға қойылған шығармасы : («Бақыт жолына» )

С.Сейфуллиннің пьесасы: («Бақыт жолына» )

«Төңкерісшіл драманың басы –Сәкеннің «Қызыл сұңқарлар» мен «Бақыт жолына» пьесасы,»-деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)

С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланған уақыт: (1936ж)

Қазақ совет әдебиетінің классигі ретінде «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталса да, жазықсыз жазалауға ұшыраған ақын : (С. Сейфуллин)

Әдебиеттану ғылымының негізін салушы : (С. Сейфуллин)

С.Сейфуллиннің зерттеу еңбектері жазылған сала : (Қазақ фольклоры)

С.Сейфуллиннің зерттеу еңбегі: («Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»)

«Ахмет Байтұрсынов елуге толды» деген арнаулы мақаланы жазған : (С. Сейфуллин)

«Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш-қуат... барлығын Сәкен басынан мол кешті,»-деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)

«Сәкеннің шыншылдығы –қызып,жанып отыратын, бұл білініп тұратын ,барынша шын сезім ,шын жүрек шыншылдығы ...»- деген пікірдің иесі : (М. Әуезов)

«Мен Сәкенді жақын білдім ,дос тұттым ,бұны өзіме мәртебе көремін ... Мен таныған С.Сейфуллин Қазақстанның бір бөлшегі сияқты ,»-деген пікірдің авторы: (Г.Серебрякова)

Еркебұлан деген кейіпкер кездесетін шығарма: («Кездеспей кеткен бір бейне » Ғ. Мүсіірепов (Прототипі –Сәкен Сейфуллин)

Абайдан кейінгі ақындардан таза алты буынды өлеңді бірінші рет қолданған ақын : (С. Сейфуллин)

«Ақын» деген өлеңінде Абайды «Сөздің нақышын қиыннан қиыстырған »ұлы ақын деп бағалаған ақын: (С. Сейфуллин)

«Сәкен туралы бірер сөз» деген мақала авторы: (Ғ.Мұстафин)

С.Сейфуллинге қатысты ақпараттардың реті:

1.Әдеби қызметінің 20жылдығына Еңбек Қызыл Ту ордені берілді.

2. «Бақыт жолына » драмасы ақмола жастарының күшімен сахнада қойылды.

3. «Өткен күндер» жинағы Қазан қаласында басылып шықты .(3.2.1.)

Ілияс Жансүгіров (1894-1938)

Ілияс Жансүгіровтің ірі поэмалары : «Дала», «Күйші», «Құлагер» .

Ілияс туралы ойлар :

М.Әуезов:- «Осы үш поэма тұсында қазақтың Абайдан кейінгі поэзиясы да аса биік ірі сапа табады.»

-«Мен Ілиясты бұрыннан да білуші едім.Бірақ оның шын мағынасында дарынды ақын екенін мойындадам «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін»

Ә.Тәжібаев: «Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың бірі »

Сағат Әшімбаев :« Ілияс Жансүгіров- өртеңге шыққан құдіретті өрт ақын. Ақындық бауырын Құлагерше жазып үлгере алмай, Құлагерше қапыда опат болды»

М.Қаратаев: «Қазақ поэзиясының Құлагері»

Қ.Жұмалиев: «Тілінің көркемдігі,сөз образдарының байлығы жағынан І.Жансүгіров қазақ әдебиетінде айрықша орын алады.

Туған жері: бұрынғы Қапал уезі,Ақсу болысы(қазіргі Алматы облысыАқсу ауданы), Жетісу өлкесінің перзенті.

1927жылы «Беташар» деген тұңғыш өлеңі,1928 жылы Қызылордада «Сағанақ» деген тұңғыш өлеңдер кітабы шықты.

Поэмалары: «Дала» ( 1930), «Күй» (1929)«Күйші» (1934), «Құлагер»(1936), «Көбік шашқан», «Жорық».

Романы: «Жолдастар» 1935жыл

Пьесалары: «Кек», «Түрксіб», «Исатай - Махамбет».

-Ел ішінде сері болып, келіннің бетін ашып, өлгенге жоқтау шығарған ақын: І .Жансүгіров

-Өнер,өнер адамы туралы жыр,поэма жазған ақын: І.Жансүгіров

-Алматы қаласындағы үш айлық мұғалімдер курсын бітірген қаламгер: І.Жансүгіров

-Одаққа аты кетіп,1934 жылы Қазақстан жазушылар ұйымының басшысы болып,КСРО Жазушыларының І съезінде сөз сөйлеген ақын-жазушы: І.Жансүгіров

-«Ақындықтың Құлагері», «Поэзия Құлагері» атанған ақын:І.Жансүгіров

-«Сөз Құлагері»,«Өнер жаршысы», «Күй жаршысы» атанған дүлдүл ақын: І.Жансүгіров

-Максим Горькиймен шығармашылық байланыста болған қазақ қаламгері:

І.Жансүгіров

-І.Жансүгіров оқыған білім ордасы: Москва журналистика институты 1926-1928ж.ж

-І.Жансүгіровтің еңбегі: «Қысқаша өмірбаяным» 1928 жыл

- І.Жансүгіровтің «Қысқаша өмірбаянында» көрсеткендей,1916жыл неліктен ерекшеленеді?Абайдың өлеңдер жинағы қолына түседі

-Өзінің «Қысқаша өмірбаянында» Абайдың өлеңдерін қолынан тастамай оқығанын жазған қаламгер: І.Жансүгіров

«Оған дейінгі көрген,оқыған әдебиетінің бәрін Абай кітабы жоққа шығаратындай болды...»- деп «Қысқаша өмірбаянында» жазған ақын:

І.Жансүгіров

-І.Жансүгіров 1927-1937 жылдар арасындақалай еңбектенген ? 20-дан астам кітап шығарды

-І.Жансүгіровтің стиль өрнегі,қаламгердің дара тұлғасы қашан байқалған?Алғашқы өлеңдерінен –ақ

- І.Жансүгіровтің балалар ұғымына ,жаттауына оңай,ойнақы өлеңдері: «Жазғытұры», «Күз»

«Жас қанжары – жүректің жігері. Өнер,оқу – жастың қару -жарағы » деген тармақтар алынған І.Жансүгіровтің шығармасы «Оқимын»

- І.Жансүгіровтің «Саналы жастарға», «Оқимын» өлеңдерінің тақырыбы:«Оқу-білім»

- І.Жансүгіров қандай тақырыптарға арналған өлеңдерінде монолог,диалог,шағын скетч,драмалық көрініс үлгілерін пайдаланған:Өтірік белсенді,молда,НЭП заманындағы жағымсыз элементтерді шенегенде

- І.Жансүгіровтің «Құқ» жинағы қандай шығарма? Сықақ әңгімелер мен фельетондар

- І.Жансүгіровтің сықық әңгімелері мен фельетондары топталған жинағы:«Құқ» 1933

-«Өк, көк өгіз» І.Жансүгіровтің қай сранды жазған өлеңі:Сатиралық

- І.Жансүгіровтің қазақ тілі бейнелеу қуатының керемет күшінкөрсеткен,стильдік- көркемдік тұрғыдан айрықша туындысы: «Жетісу суреттері»

- І.Жансүгіровтің туған өлкесінің табиғаты,аң-құсы,жеміс-жидек,өсімдігі туралы жазған аса көркем туындысы: «Жетісу суреттері»1925

-І.Жансүгіровтің табиғат лирикасының ішіндегі ең үздік өлеңі«Жетісу суреттері»

-Қалың көпшілік білетін-білмейтін аң- құстарды көз тұндыра жырлаған І.Жансүгіровтің шығармасы:«Жетісу суреттері»

-Табиғат лирикасында натюрморт,этюд,эскиз сипатындағы туындылары бар ақын:І.Жансүгіров

-Суреттелген ағаш,шөп атаулыдан тұтас ботаникалық бауды толтыруға болатындай І.Жансүгіровтің өлеңі:«Жер түгі»

-«Жетісу жәндігі», «Жер түгі»тараулары І.Жансүгіровтің қай шығармасынан? «Жетісу суреттері»

-Аң-құстың 51 түрі,өсімдіктің 89 түрі қамтылған І.Жансүгіровтің шығармасы:

«Жетісу суреттері»

-«Тарбиған Тарбағатай - жердің құты,Барлық – ол «Қыдыр түнеп көшкен жұрты» үзінді алынған І.Жансүгіровтің шығармасы: «Тау суреті»

- І.Жансүгіровтің әйгілі Қарқара жайлауы суретіндегі жер атаулары: Былшықай,Бесжырғалаң

- І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінің бірінші тарауы қалай аталады? 1- тарау «Жалпы сын» 2-тарау «Тау суреті» , 3-тарау «Жетісуда су суреті», 4-тарау «Жетісу жәндігі», 5-тарау «Жер түгі»

- І.Жансүгіровтің бар табиғатын жырға қосқан қазақ даласы: Жетісу

-Пейзаждың лирикаға жататын 8 тармақты,3шумақтан тұратын туындысын І.Жансүгіров қалай атаған :«Мезгіл суреттері»1923ж

- І.Жансүгіровтің табиғат лирикасына тән ең негізгі көркемдік принципі: Өлең тармақтарының бастапқы сөздерін ұйымдастыру

- І.Жансүгіровтің «Жазғы таң», «Желді күн» өлеңдері жататын лириканың түрі: Табиғат лирикасы

- І.Жансүгіровтің саяси әлеуметтік лирикасындағы арнаулы тақырып «Қазан төңкерісінің тарихи сабақтары»

«Гималай» өлеңі неше бөлімнен тұрады: 2- бөлім «Сұрақ», «Жауап» 1629ж

- І.Жансүгіровтің саяси лирикасының үздігі деуге болатын өлеңі :

«Гималай» халықаралық тақырыпқа арналған

- І.Жансүгіровтің күллі Шығыстың сом бейнесін көрсеткен «Гималай» шығармасында жинақталған жанрлар :Саяси лирика,Сезім лирикасы, Табиғат лирикасы

- І.Жансүгіровтің Шығыс бейнесін суреттеген шығармасы «Гималай»

- І.Жансүгіров... тауына арнап толғау-жыр жазған «Гималай»

-«Гималай» өлеңінің басталуы « Ақшалап басын қар көміп»

-Шумақтағы ұйқас түрі: Егіз ұйқас

« Гималай- жердің кіндігі,

Гималай- жердің түндігі,

Күнін көміп батырған,

Өзенін тас лақтырған.»

-Шумақтағы ұйқас түрі: Шалыс ұйқас

«Гималайда қуат бар,

Қозғалды оны құрауға.

Гималайда ұлы от бар,

Таянып тұр тұтауға.»

- І.Жансүгіровтің «Гималай» өлеңінің жазылу түрі:Сұрақ-жауап түріндегі арнаумен жазылған.

-«...Өнерге ұмтыл,өнерді біл, замандас!

Қарап жатпа,заманынан хабарлас!

Ынта салсаң,білім туын қолға алсаң.

Теңдік тиер ешкімге күйе жаға алмас,-үзіндінің авторы :

І.Жансүгіров «Замандасқа»

-«Ұйықтап жатқан көңілді өлең түртер,

Қайғы,зарын,қуанышын жақсы тінтер.

Жүрегімнің айнасын шаң басқанда,

Орамалым –осы өлең бетін сүртер,»- үзіндінің авторы :

І.Жансүгіров «Жанды сөз»

- «Еркі желдің ерекінде

Ел емес едім, ебелек.

Көшерді жел қонарды

Сай біледі,жүрдім дөңгелеп,»- үзіндінің авторы :

І.Жансүгіров «Ұштасқан үш тілек»

- І.Жансүгіровтің халықтар достығына арналған әсем-жыры: «Мәскеу-Қазақстан»

- І.Жансүгіровтің «Әкемнен қалған көз еді» деп ардақталатын натюрморттық өлеңі: «Сапытаяқ»

- «Қабаққа біткен қайыңның

Беріші еді,без еді,

Өтіндей –ақ аюдың

Әкемнен қалған көз еді,»- үзіндісінде суреттелетін зат: «Сапытаяқ»

- І.Жансүгіровтің терме үлгісін пайдаланған өлеңі: «Ұлы күнде» 1923жыл

- І.Жансүгіровтің мадақ жыр үлгісін қолданған өлеңі: «Май тойы»1923жыл


- І.Жансүгіровтің аллегориялық кейіптеу әдісін пайдалаған өлеңі: «Октябрь күні» 1924ж

- І.Жансүгіровтің «Сабын» өлеңі /1923ж/ жазылған түр:Дыбыстық үйлесімге құрылған жеңге монологі

- І.Жансүгіровтің өнерге арналған тұңғыш өлеңі: «Әнші»

- І.Жансүгіровтің «Әнші» өлеңінде жазған анықтамасы:Ескі әнші ауызынан

- І.Жансүгіровтің көсемше формалы эпитеттерден құрылған өлеңі: «Әншіге»

- І.Жансүгіровтің «Әншіге» өлеңінде «Тауықпан, тары тердімНайман шалдан,»-өлең жолдарының мәні:Тауық жылы туып, Найман ішінде өмір сүргенін айтқан

- І.Жансүгіровтің мадақтаған «бес өрлетіп,қырық қарпып,тоқсан толған» әнсалатын әнші: Әсет

- І.Жансүгіров «Әншіге» өлеңін кімге арнаған: Әсетке

- І.Жансүгіровтің «Әншіге» өлеңіндегі әнші есімі: Әсет

-Ілиястың атақты әнщі,дарынды сазгер,әйгілі ақынӘсет Найманбаевпен кездескенедегі әсерлерін суреттеген өлеңі: «Тұңғыш толғау»

- І.Жансүгіровтің эпикалық жанрдағы алғашқы және соңғы поэмасы: «Мақпал», «Құлагер»

- І.Жансүгіровтің «Жорық» поэмасында айтылатыны: Солтүстік мұзды мұхитқа ерлік сапар

-Буын үндестігіне бағынбайтын,жалқы есім болып келетін І.Жансүгіровтің шығармасы: «Құлагер»

-Әрі поэма, әрі ән,сын есімдердің бірігуінен жасалған .Жауабын тапсаң,ақылыңа болар сән: «Құлагер»

-Ақан сері өміріне жазылған І.Жансүгіровтің поэмасы : «Құлагер»

-І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының кейіпкерлері: Ақан,Күреңбай,Батыраш

-«Құлагер» қандай шығарма:таптық,әлеуметтік теңсіздік тақырыбындағы шығарма

- І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасыда суреттелетін тау: Көкшетау

Құлагер» поэмасыда суреттелетін ас: Сағынайдың асы

- Сағынайдың асы өткен жер: Ереймен

--«Құлагер» поэмасыда «Ас» тарауында көрінеді: Ілиястың қазақтың тұрмыс-салтының тамаша білгірі екендігі.

-« Болыпты әңгіменің басы былай,

Болды оған жетпіс-сексен жыл шамасы.

Арқада Ерейменді мекен еткен

Керейде Сағынайдың бопты асы» үзінді І.Жансүгіровтің қай шығармасынан алынған: «Құлагер»

-Атақты Құлагер мерт болған Сағынайдың асын өткізген: Паң Нұрмағамбет

-І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынайдың асында Құлагермен бірге жарысқа түскен аттың саны: 1300

-І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Батыраштың жүйрігінің аты:Көктұйғын

- І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Құлагердің жүйріктігін таныған сыншы адам: Күреңбай сыншы

-« Жануар жүйрігі екен жылқы малдың,

Жері ұзақ,күші алдында,өрен жүйрік

Бітімі өзі айтып тұр жануардың,»- деп Құлагерге баға берген кейіпкер: Күреңбай сыншы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27


написать администратору сайта