кок китап. 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Скачать 426.48 Kb.
|
Сәбит Дөнентаев (1894-1933) Сәбит Дөнентаев –ақын ,журналист ,ірі сатирик ақын . Туған жері: Бұрынғы Семей губерниясы (қазіргі Павлодар облысы) ,Кереку уезі , Ақсу болысы Тұңғыш жариялаған өлеңі : «Қиялым» (1913ж. «Айқап» журналы). Тұңғыш кітабы: «Уақ-түйек»(1915ж.Уфа) Бар оқуы Павлодардағы Қасым қажының медресесімен аяқталған ,1894-1933 жылдардың арасында өмір сүрген қазақ ақыны: (С.Дөнентаев) Сәбит Дөнентаевтың туған жері : (Семей губерниясы,Кереку уезі ,Ақсу болысының 4-ауылы) С. Дөнентаев 1907-1908 жылдары Маралдыда дәріс алған молда: (Нұрғали) С. Дөнентаевтың «Уақ-түйек»атты өлеңдерижинағы қашан, қайда жарияланған ? (1915жылы ,Уфа қаласында) Сәбит Дөнентаевтың әйел теңсіздігі айтылған өлеңдері : («Ерікті Айша» , «Жәмила қыз») С. Дөнентаевтың сатиралық өлеңдерінің қайсысында ирония көбірек қолданылған ? («Жәмила қыз») С. Дөнентаевтың шағын өлеңге поэманың жүгін сыйғызған ,шеберлігін байқатқан туындысы: («Жәмила қыз») С.Дөнентаевтың әдебиетті ермек ,оңай іс деп көретіндерді өткір сынаған өлеңі: («Драмашыға») С.Дөнентаевтың аллитерация қолданылған өлеңі: («Қазақтарға қарап») Сәбит Дөнентаевтың мысалы: («Ауырған арыстан») С.Дөнентаевтың қай шығармасында адам бойындағы кішіпейілділік,қанағатшылық айтылады? («Екі теке», «Көзі тоймаған ит») С.Дөнентаевтың үстем тап өкілдерін тырнақтылар мен тістілер кейпінде бейнеленген өлеңі:(«Бозторғай») С.Дөнентаевтың «Бозторғай» өлеңінде көтерілген мәселе : («Қоғамдағы келеңсіз жағдай») С.Дөнентаевтың Абайдың үлгісімен жазған өлеңдері: («Жүрекке», «Темірге», «Ерікті Айша») Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1934) Туған жері: бұрынғы Ақмола облысы,Ақмола уезі,Нілді болысының бірінші ауылы (қазіргі Қарағанды облысы ,Жаңаарқа ауданы) Еңбектері: «Өткен күндер» (Қазанда 1914), «Асау тұлпар»(Орынбор ,1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс» (Қызылорда,1926), «Тұрмыс толқынында» жинақтары (1928) Поэмалары : «Көкшетау» (1929), «Альбатрос» (1933) , «Қызыл ат» (1933) , «Социалстан» (1927), «Аққудың айырылуы» (1925) Повестері: «Жер қазғандар» (1928), «Айша» (1922), «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс» , «Сол жылдарда» . Әңгімелері: «Жұбату», «Бандыны қуған хамит», «Қыр балалары» т.б. Драмалық шығармалары: «Бақыт жолында» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) Романы : «Тар жол тайғақ кешу» (1922), («Ақжолтай батыр» романы) Әндері: «Біздің жақта» , «Тау ішінде», т.б. Зерттеу еңбектері : «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», (1931) , «Қазақ әдебиеті» (1932) , «Батырлар» (1933) Бір жылы туып ,бір жылы қайтыс болған үш қаламгер: (Сәкен, Ілияс, Бейімбет, 1894-1938ж) Сәкен Сейфуллиннің туған жері: (Ақмола облысы, Ақмола уезі,Нілді болысының 1-ауылы) Сәкен Сейфуллиннің туған жеріндегі өзендер: (Нұра,Есіл) С. Сейфуллиннің туып -өскен өлкесі: (Сарыарқа) С.Сейфуллиннің азан шақырып қойған есімі : (Сәдуақас) С. Сейфуллиннің өр, қайсар ,әділ болып өсуіне ықпал еткен адамдар: (Әкесі Сейфулла) С. Сейфуллиннің орысша үйренуіне ықпал еткен : (Сейфолла) С. Сейфуллинге қатысты нұсқалар : (бұрынғы Ақмола ,қазіргі Қарағанды облысында туған , Шын аты –Сәдуақас, Әкесі саятшы , домбырашы болған) «Әкем саятшы ,аң аулағыш ,домбырашы,ақ жарқын адам болған ,шешем әңгімеші еді ,»-деп ата-анасы туралы естелік айтқан : (С.Сейфуллин) С.Сейфуллиннің жарының аты: (Гүлбаһрам) Ақмоладағы Приходская школада ,қалалық училищеде ,Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған ақын-жазушы: (С.Сейфуллин) С.Сейфуллиннің Омбы семинариясында оқыған жылдары: (1913-1916) Еңбек жолын Сілеті –Бұғылы деген жерде бастағанм Сәкен Сейфуллиннің алғашқы қызметі: (мұғалім) «Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен » деп ,Нілді зауытына жіберілген 9 жасар баланың кім екендігі: (С.Сейфуллин) Ақындық тырнақалды қадамын Нілді зауытында бастаған С.Сейфуллиннің бірінші туындысы: (Қалжың өлең) Қазақстанда Жоғарғы Үкімет аппаратында басшылық қызмет атқарған қаламгер : (С.Сейфуллин) С.Сейфуллин Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің торағасы болып тағайындалды: (1922 жылдың қазанында ) Аллегориялық әдіспен Қазақстанда коллективтендіру кезінде кеткен трагедиялық қиындықтарды астарлай айтқан ақын : (С.Сейфуллин) Қару-жарақ аттары ,теңізшілік терминдері және түрлі неологизмдерді шығармаларында көп пайдаланған ақын : (С.Сейфуллин) С.Сейфуллинге тағылған айып : (Халық жауы) С.Сейфуллиннің Омбы лагерінен қашып шыққан кездегі бүркеншік аты: (Дүйсенбі) Сәкеннің жасырынып жүргендегі бүркеншек аты. (Дүйсенбі) «Дүйсенбі» деген жалған ат жазылған құжатпен жаяу Павлодар ,Баянауыл арқылы туған еліне жеткен жазушы: (С.Сейфуллин) Сәкеннің басқа атпен жасырынып жүрген кезінде шығарған туындысы : («Тау ішінде») «Түрмеден қашып шыққанда » : (С. Сейфуллиннің туындысы) «Қазақ сабағы» , «Оқымаған қазақ» , «Інішегіме» атты өлеңдердің авторы: (С.Сейфуллин) Сәкеннің халықты өнер-білім үйренуге шақырған өлеңі : («Қазақ сабағы») С.Сейфуллиннің туындысы: («Жас қазақ марсельезасы») С.Сейфуллиннің қазақ әдебиетінде ең алғашқы төңкерістік жыр деп есептелетін өлеңі : («Кел,жігіттер») С.Сейфуллиннің саяси лирикалық өлеңдері : («Асығып тез аттандық», «Тергеген болсаң айтайын», «Кел,жігіттер») 1920 жылдардағы қазақ поэзиясында революцияшыл бағыттың топ бастаушысы : (С.Сейфуллин) «Жайлауға көшу», «Сыр сандық» өлеңдерінің авторы : (С.Сейфуллин) Өз-өзімен әлек болар кей жастар Көшке мінген асаулары туласып . С.Сейфуллиннің қай шығармасынан ? («Жайлаудан көшу») «Сым пернені басып қара , Басып қара ,жырласын...»-тармақтары алынған С.Сейфуллиннің өлеңі : («Сыр сандық») Досқа арнап жазған хат түріндегі сыршыл өлеңі : (С.Сейфуллин «Сыр сандық») Сәкеннің адал достық идеясын терең қоятын өлеңі : («Сыр сандық») Сәкеннің «Сыр сандық » өлеңінің түрі : (Хат) «Туғалы қапас көрмеген , Көкіректе кектер кернеген Талпынып құлаш сермеген , Айтайын ішкі сырымды,»-деп сырын ақтарғысы келетін С.Сейфуллиннің өлеңі : («Сағындым») С.Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы басылып шыққан жыл : (1914ж) С.Сейфуллиннің Қазан қаласындағы «Матбуғат Каримия» баспасында басылған жинағы: («Өткен күндер») С.Сейфуллиннің революцияға дейінгі жазған өлеңдер жинағы : («Өткен күндер») С.Сейфуллин өзінің алғашқы өлеңдер жинағы-«Өткен күндер» басылып шыққанда неше жаста болған : (20жаста) С.Сейфуллин шығармаларында символ дәрежесіне көтерілген тұрақты образдар : (Аққу, қызыл сұңқар, сыр сандық) С.Сейфуллиннің адамның оғынан жапа шеккен қай жануарларды жырға қосқан : (Аққу,ақбөкен) С.сейфуллин «Түс» өлеңінде ескі өмірді бейнелейді: (Қорғансыз бақша күйінде ,қазақ халқын сол бақшадағы қураған ағаштар түрінде) С.Сейфуллиннің 1922 жылы басылып шыққан өлеңдер жинағы: («Асау тұлпар») Сәкеннің табиғаты Отан байлығы бейнесінде суреттейтін өлеңдері: («Орман», «Туған ел», «Сұлу терек») Өлең жолдарының авторы: «Темір торлы тас үйде , Көкірегім толы шерменен. Қанатты тағы тұлпарым, Арқырап келші кермеден. Құтқаршы мені қамаудан, Шынжырлап ерік бермеген» (С.Сейфуллин) С.Сейфуллиннің туындысы: («Альбатрос» (1932) С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» , «Тар жол,тайғақ кешу» шығармаларында баяндаған оқиғалармен үндес поэмасы: (Альбатрос) С.Сейфуллиннің қызықты поэтикалық формасымен оқшауланатын ірі туындысы : («Альбатрос») С.Сейфулиннің ақын мен аттың айтысына құралған шығармасы: («Қызыл ат» (1933) С.Сейфуллиннің поэмасы: («Қызыл ат») «Аққудың айырылуы», «Лашын туралы жыр» , « Ақсақ киік» атты лирикалық туындылардың авторы: (С.Сейфуллин) С.Сейфуллиннің үлкен гуманистік идеяны насихаттаған романтикалық поэмасы: («Аққудың айырылуы») Қазақ ақындарының ішіндегі сұлу құстың қасіретін поэма арқауы еткен ақын : (С.Сейфуллин) С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» атты поэмасы қандай шығарма? (Махаббат туралы романтикалық поэма) С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасының жазылған жылы : (1925ж) С.Сейфуллиннің аллегориялық тәсілмен жазылған ,мәңгілік махаббатты жырлаған шығармасы: («Аққудың айырылуы») Жалғыз қалған аққудың қиналысын суреттейтін С.Сейфуллиннің шығармасы: («Аққудың айырылуы») «Арқада бір жер бар еді, Жібек самал саясы . Саяда бір көл бар еді, Сырлы кесе саясы,» -деген үзінді алынған Сәкеннің шығармасы: («Аққудың айырылуы») 4 бөлім ,47 тараудан тұратын С.сейфуллиннің шығармасы : («Көкшетау» (1929) «Көкшетау » поэмасындағы тарау саны (47) С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ батырдың кескін-келбеті: (Солқылдақ көк құрыштай ,біткен тіп-тік ; Қара сұр ,ұзын бойлы ,емес палпақ) С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы тараулар атаулары : («Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Жеке батыр») Қара сұр, ұзын бойлы емес талпақ, Денесі көк құрыштай ,өрдеш-шалқақ. Қыр мұрын,қарагер көз , қара мұртты , Қақпақтай қозы жауырын ,топшы жалпақ. Солқылдақ көк құрыштай,біткен тіп-тік, Жаралған аш бөрідей белі жіптік. Ыңғайлы ,сұлу сида сұңғақ дене , Жараған бәйге кердей ықшам,сыптық. (Адақтың) «Сексен көл Көкшетаудың саясында , Әрқайсы алтын кесе аясында , Ауасы –дертке дауа ,жұпар иісті , Көкірек қанша жұтса тоясың ба?»Үзіндінің авторы (С.Сейфуллиннің «Көкшетау») Сол қыздың он жетіге келген жасы , Оралған аш беліне қолаң шашы . Қап-қара қарлығаштың қанатындай Иілген ақ маңдайда екі қасы . Үзінді қай шығармадан ? («Көкшетау») С.Сейфуллиннің шығармасында әсемдіктің ғаламат символына айналған зеңгір тау : (Көкшетау) С.Сейфуллиннің күрделі композициялы ,полифониялық ,көп әуезді шығарма деп бағалауға болатын поэмасы: («Көкшетау») С.Сейфуллиннің күрделі композициялы ,бірнеше сюжет желісі бар шығармасы: («Көкшетау») С.Сейфуллиннің қызықты поэтикалық формасымен оқшауланатын ірі туындысы: («Көкшетау») Сәкеннің әдебиет тарихынан ерекше орын алатын тұлғалы туындысы : («Көкшетау») С.Сейфуллиннің қазақ аңыздарының желісіне құралған шығарма : («Көкшетау») С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының бір тарауының аты: («Жұмбақтас») «Жеке батыр» тарауы неше шумақтан тұрады? (Үш шумақтан) С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы үш шумақ өлеңмен қайырылыатын бөлім аты: («Жеке батыр») «Абылай батырларын алды жиып, Үлеске ажарларын салды жиып. Сол жерде бір сұлуға талас болды Бере алмай біреуіне бірі қиып,»--деген үзінді алынған «Көкшетау» поэмасындағы бөлім: («Оқжетпес») «Қалмақ қызы»тарауы алынған поэма : («Көкшетау») «Көкшетау» поэмасында ерлердің өнерін сынау үшін ,қалмақ қызының қанша шарт қойды: (Үш шарт: 1.Шың басындағы жаулықты атып түсіру; 2. Төрт жігітті арқалап жартасқа жүгіріп шығу; 3.Өлеңмен айтылған жұмбақты шешу: ) «Батырлар апырақтап,зорланысып, Қамалды қалың әскер қорланысып...» тармақтары алынған С. Сейфуллиннің шығармасы: («Көкшетау») С.сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы тұтқын қыздың ата-анасының аллегориялық бейнесі: (Кептер) «Көкшетау» поэмасында қыз нені жұмбақтайды? (өз өмірін) С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы қалмақ қызының жұмбағын шешкен адам: (Адақ) С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы тұтқын қызға риза болған Адақтың еліне қайту үшін мінгізген тұлпары : (Керкөжек) С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы кейіпкерлер : (Адақ, Қасым төре , Абылай) С.Сейфуллиннің «Көкшетау » поэмасының «Бой жазу» бөлімінде болатын жағдай: (Өнер психологисынан сыр шертіледі) С.Сейфуллиннің қазақтың белгілі сал-серілері мен әншілері –ақындары сөз болатын поэмасы: («Көкшетау») Үкілі Ыбырай,Балуан Шолақ , Қажымұқан, Біржан сал , Ақан серінің портрет галереясынан жасайтын шығарма: («Көкшетау») С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Көкшетау сипаттарын қандай эпик ақынның шығармасымен салыстыруға болады? (І.Жансүгіров «Құлагер») Абылай хан бейнесі қарама –қарсы образдарда суреттелетін екі шығарма : (М.Жұмабаев «Батыр Баян», С.Сейфуллин «Көкшетау») С. Сейфуллиннің повестері : («Жер қазғандар» (1928), «Сол жылдарда», «Айша» ) С.Сейфуллиннің жұмысшылардың психологиялық ,динамикалық сырын ,мінез қалыбын шебер бейнелеген туындысы: («Жер қазғандар») С.Сейфуллиннің соңғы шығармасы : («Жемістер» (1935) С.Сейфуллиннің «Жемістер» хикаясының оқиғасы қамтиды: (15жыл) Ғайып, Нияз, Танабай ,Боранбек- С.Сейфуллиннің қай шығармасының кейіпкерлері? («Жемістер») С. Сейфуллиннің «Жұбату»деген шығармасы жататын жанр : (Қысқа лирикалық әңгіме) «Жұбату»әңгімесінің тақырыбы: (әйел азаттығы) С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» әңгімесіндегі оқиға болған жыл: (1921 жылдың күзі) С.Сейфуллиннің «Бандыны қуған Хамит» әңгімесінің кейіпкерлері: (Ақсақ ,Ақан ,Сейсенбаев) С. Сейфуллинніңбандымен алысып ,ұстай алмай қапыда қалған кейіпкер : (Хамит) С.Сейфуллиннің «Ай-ай , Қажымұқан-ай !» деп қатты өкінетін кейіпкері: (Хамит) «Бандыны қуған Хамит» әңгімесіндегі Хамит бейнесінің Сәкен сейфуллинге ұқсастығы бар-жоғы: (Ұқсатығы бар) Киноға түсірілген шығарма: (С.Сейфуллин «Бандыны қуған Хамит») «Темір торлы тас сандықтың ішінде шынжырланып байлаулы қызыл сұңқарлар жатты ,»-деген үзіндінің авторы: (с.Сейфуллин) «Ақжолтай батыр» романының авторы: (С.Сейфуллин) Қазақтың тұңғыш мемуарлық романын жазған жазушы : (С. Сейфуллин) С. Сейфуллиннің романы: («Тар жол, тайғақ кешу» (1922) С.Сейфуллиннің Қазан төңкерісі тұсындағы аумалы –төкпелі кезең шежіресін баяндаған прозалық туындысы: («Тар жол, тайғақ кешу» ) М. Тәтімов, С.Шәріповтердің бастарынан оқиғаларды қосалқы эпизодтар арқылы суреттеген С.Сейфуллиннің шығармасы : («Тар жол, тайғақ кешу» ) «Әупілдек» қай романның үзіндісі: («Тар жол, тайғақ кешу» ) «Әупідек», «Тұлып», «Шұбарда » деген бөлімдер бар С. Сейфуллиннің шығармасы: («Тар жол, тайғақ кешу» ) Ағаш арбаға тезек тиеп бара жатқан қазақ ,балапандарын ерткен қаз, түрме терезесі алдынан өтетін есімі белгісіз көк өрім қыз суреттелетін С.сейфуллиннің шығармасы : («Тар жол, тайғақ кешу» ) С.Сейфуллиннің революционер жолдастарымен бірге қамалған азап вагоны : (Анненковтікі) Сәкеннің ақтар түрмесіндегі азаптан неше ай дегенде босап шыығады? (6 айда) С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы басталатын оқиға : (Жас Сәкеннің Россияда өтіп жатқан сынақ жұмысына араласуынан) С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы аяқталады: (Сәкеннің Әулие атаға келіп, Шуда кеңес өкіметін орнату әрекеттерімен) С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романын шартты түрде неше бөлімге жіктеуге болады? (Төрт бөлімге) |