Главная страница

кок китап. 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар


Скачать 426.48 Kb.
Название1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Дата22.05.2023
Размер426.48 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакок китап.docx
ТипДокументы
#1149568
страница1 из 27
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады:

1.Біздің заманымызға дейінгі жазу- сызулар мен аңыз- жырлар. ( Сақ,ғұн, үйсін дәуірі б.з.б VII ғ. – б.з. IV ғ.) Бұл дәуірлерден бізге келіп жеткен Есік жазуы , Тарғытай, Алып Ер Тұңға (Тоңа), Тұмар патшайым,Ширақ батыр , Зарина сұлу, Мөде батыр т.б. жайындағы аңыз- жырлар бар. Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Сактар көне туркі тілінде сөйлеген.

2.Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет. (V-VIII ғ.ғ.) Орхон ескерткіштері -«Білге», «Күлтегін», «Тоңұқұқ» жырлары, жазған кісі- Йоллығ тегін.

3.Оғыз дәуіріндегі әдебиет. (ІХ- Х ғ.ғ.) «Қорқыт ата кітабы» , «Оғыз қаған» жыры ( VIII-ІХғ.ғ)

4.Ислам дәуіріндегі әдебиет . (Х- ХІІ ғ.ғ) Бұл дәуір әдебиеті шығарма иесінің шыққан ортасына қарай екіге бөлінеді.

а)Сыр бойы әдебиеті: Әл- Фараби, Ахмет Йасауи, Ахмет Йүгінеки , Сүлеймен Бақырғани.

ә)Қарахан әдебиеті: Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари.

5.Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет: (ХІІІ- ХІV ғ.ғ) Рабғузи , Хорезми, Сәйф Сараи.
Алып Ер Тоңа- өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі, Иран ақыны Фирдоусидің «Шаһнама» (ХІ ғ.) кітабының кейіпкері (Афрасияп деп аталған) болған .Төрт ұлы болған: Барысхан , Қарахан, Шиде, Алақ, Алып Ер Тоңаны жоқтау жыры М.Қашқаридің «Түркі сөздерінің жинағына» енген.
Қорқыт (VІІІ ғ.)- тарихи тұлға аңыз кейіпкері. Туып- өскен жері- Сыр бойындағы Жанкент (Жаңакент) қаласы. Қобыз аспабын ойлап тапқан, ұрпақтарға «Желмая», «Аққу», «Елім ай» , «Қорқыт күйі», т.б. күйлерді қалдырған.

«Қорқыт ата кітабының» (ХV ғасырда жазылған) бізге жеткен екі нұсқасы бар. Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын қолжазбасы және Италияда (Ватикан) 6 жырдан тұратын қолжазбасы. Алғаш рет ХХ ғасырда хатқа түсірілген.

«Қорқыт ата кітапбы» -VIII ғасырларда және одан бұрын туған аңыз -дардың жинағы. Кітаптағы жырлар: « Қазанбектің ауылын жау шапқалы туралы жыр», «Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр» , «Төбекөз дәуді жеңген Бисат батыр» ,т.б. «Бамсы Бейрек жыры» оқиғасы, құрылысы жағынан «Алпа- мыс батыр» жырына жақын келеді.Кітапта нақыл сөздер көптеп кездеседі.
«Оғыз қаған» жырының ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Париж кітапханасында сақталып келген. 40- тан астам хикаядан тұрады. (Жыр кейіпкерлері:Оғыз, анасы - Айқаған, ақылшы кеңесшісі- Ұлық Түрік ұлдары- Күн Ай , Жұлдыз ,Көк , Тау, Теңіз ,Ормандағы ғажап аң-Қат ,жол көрсетуші- Көк бөрі)

Жыр ІХ ғасырда жинақталып,ХІV ғасырда хатқа түскен.Жырдың басты идеясы бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу. Қыпшақ, қаңлы,қардұқ, қалаш рутайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасымен байланыстырады. Жырда оғыздардың Көк Тәңіріне табынып, өздерін Көк Бөріден тарататыны аңғарылады.
Әбунасыр әл - Фараби ( 870-950 ж. ж) ақын, ойшыл, ғұлама. Музыка, математика,логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен айналысқан. Шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деген атақ берген.

Ғылымның көптеген салаларын меңгергеріп, 150-ге тарта ғылыми еңбектер (трактаттар) жазған. Еңбектері: «Музыканың үлкен кітабы» , «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы», «Өлең өнерінің қағидалары», «Риторика» , «Китаб аш шеер» ( «Өлең кітабы»), «Философияны оқу үшін не білу керек?», «Ақылдың мәні туралы» т.б.

«Музыканың үлкен кітабында» түркілердің музыкалық аспабы болған тоғыз ішекті домбыраның құрылысын сипаттаған.Платон, Аристотель, Пифагор, Евклид ,Птоломей еңбектерін меңгеріп, оған араб тілінде түсініктеме жазған.
Ахмет Йасауи (ХІІ ғ. Туған жылы белгісіз 1166 жылы қайтыс болған). Еңбектері: «Диуани хикмет» («Даналық кітабы»), түркі тілінде араб әліпбиімен жазылған,149 хикметтен тұрады. «Диуан»- жинақ, «хикмет»- «Алланың ақ жолы» деген ұғымды білдіреді.
Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ. 1015-1016 жылдары туған,қайтыс болған жылы белгісіз).

Еңбектері: «Құдатғу біліг» («Құтты білік»). 85 тараудан 6500- ден аса бәйіттен тұрады (13040 жол) және 3 қосымшасы бар.Кемел мемлекет- тің сипаты баяндалады. Кітапты Шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған, Фирдоусидің «Шаһнамасымен» қатар қойып, «Түркі шаһнамасы» деген атақ берген.

Кітапта төрт кейіпкер бар: Күнтуды бек- әділет бейнесі,Айтолды уәзір –бақыт бейнесі,Өгдүлміш- уәзірдің баласы, ақыл- сана бейнесі,Одғұрмыш- уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде алынған.
Махмұт Қашқари (ХІ ғ. 1029-1039 жылдар аралығында туған,қайтыс болған жылы белгісіз) білімпаз тілші, ғалым,әдебиет үлгілерін жинақтаушы. «Диуани лұғати- т -түрік» («Түркі сөздерінің жинағы»). 1070 жылдары жазылған, 3 кітап- тан тұрады. 6,5 мыңға жуық түркі сөзіне арапша түсінік берілген. 260-тан астам мақалдың 60-ы қазіргі күнде тілімізде ешбір өзгеріссіз қолданылады.
Рабғузи (ХІVғ) Еңбектері: «Қисас- ул -әнбиа» («Әулие -әнбиелер туралы қиссалар»),1370 жылы жазылған ,ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең- әңгімелерінің жинағы.

Сәйф Сараи (1320-1396 ж.ж.) Еңбектері: «Гүлстан бит- түрки»(Түркіше Гүлстан»), 8 тарау, кіріспе , қорытындыдан тұрады, Сағдидің «Гүлстан кітабынан» ( 1258) түркі тіліндегі аударма нұсқасы. Төл туындысы «Суһаил мен Күлдірсін».

Хорезми «Мұхаббатнама», 1353 жылдары жазған , 473 бәйіттен тұрады;Хусам Кәтиб «Жұмжұма сұлтан»; Құтып (Құтб) «Хұсрау- Шырын» ,1341-1342 жыл дары Әзірбайжанның ұлы ақыны Низамидің осы аттас поэмасы негізінде түркі тілінде жазған, Сүлеймен Бақырғани «Дүниенің ақыры»; Ахмет Йүгнеки «Хибатул- хақайқ» («Ақиқат сыйы») 14 тарау , 235 өлеңнен тұрады;Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551ж.ж) «Тарихи Рашиди» кітабы, «Жаһаннама» дастаны.


  • Ежелгі дәуір әдебиеті: (5 кезеңге бөлінеді)


  • Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ ,ғұн,үйсіндердің «түркілер »атанған ғасыры -: (Заманымыздың V ғасыры ).


  • «Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!»-деген сөз жазылған шығарма: (Есік қаласынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда)


  • 3.Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен шығарма: («Алып Ер Тұңғаны(Тоңаны) жоқтау»).


  • «Бөрідей жұрт ұлысынп,


Айқаймен жаға жыртысып.

Өкірген үнін өшіртіп,

Жылаған көзден жас өрер,»- деген үзінді алынған жыр: («Алып Ер Тұңғаны жоқтау»).




  • Алып Ер Тұңғаның өз заманындағы мәртебесі:( Түркілердің көсемі»)


  • Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнама»кітабының кейіпкері болғантүркі көсемі : («Алып Ер Тұңға).


  • «Алып Ер Тұңғаны жоқтау» жырын қазақ тіліне аударды: ( Асқар Егеубай)


  • *.... Ерлікті қаза сынады,


  • Бектерім жасын бұлады.


  • Бөрідей ұлып жылады,


  • Жоқтады жыртып жағасын,- деген жолдарарналған жоқтау: («Алып Ер Тоңа)


  • Ғалымдардың түркі жазуларына берген атауы: (Руна жазуы)


  • «Руна жазуы» деген ұғым: «Скандинавия халықтарының сөзі»


  • «Күлтегін»жырын тапқандар: (Швед Иогани, орыс ғалымы Н.М.Ядриницев `(ХVІІІ-ХІХ).


  • Көне түркі жазуын алғаш рет оқыған ғалым:( Вильгельм Томсен – дат ғалымы)


  • Орхон жазуының сырын алғаш рет ....ашты: :( В. Томсен1893 жылы)


  • Тасқа қашалған көне жәдігерлердің ішінде бізге жеткендердің ең ірілері:( «Күлтегін»,« Тоныкөк», «Білге қаған» ескерткіштері


  • «Күлтегін»,« Тоныкөк» - қай ғасырдың туындысы ? (VІ- VІІІ ғ.ғ)


  • «Күлтегін»,« Тоныкөк» дастандарының тастағы жазуы табылған жер( Орхон- Енисей өзендері аңғарлары)


  • Орхон жырларының негізгі ойы мен мұраты: ( Ел тәуелсіздігін аңсау)


  • «Күлтегін» жырының негізгі тақырыбы: ( Ерлік, ел қорғау)


  • **«Күлтегін» жырында суреттелетін түркілердің қасиетті мекені :(Өтүкен аймағы)


  • **«Күлтегін» жырында баяндалатын оқиға ( Түркі қағанатының жорықтары)


  • *«Күлтегін»,« Тоныкөк» жырларын жазған: (Йоллығ Тегін)


  • *«Күлтегін» жырындағы жырау ( Тоныкөк ( Тонұқұқ)


  • Тоныкөк кім болған? ( Қағанның кеңесшісі)


  • *Күлтегін батырдың ақылшысы, кеңесшісі( Тоныкөк)


  • *«Күлтегін» жырындағы Елтеріс, Қатаған, Білге қағандардың ақылшысы болған кейіпкер ; ( Тоныкөк)


  • *«Күлтегін» жырындағы Күлтегін мен Білгенің әкесінің аты: (Елтеріс қаған)


  • *Елтеріс хан өмірден өткенде артында қалған ұлы: (Білге)


  • *Әкелері Елтеріс қайтыс болғанда балалары Күлтегін мен Білгенің жастары: ( Білге 7 жаста, Күлтегін 5 жаста)


  • P.S....Әкем қаған өлгенде


  • Інім Күлтегін жеті жаста қалды.


  • Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына


  • Інім Күлтегін ер атанды.- деген ( «Күлтегін » жырынан)( 9 сынып «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясы)


  • *«Күлтегін» жырындағы «тауғаштар» деп аталатын тайпа . ( Қытайға қараған түркі тайпалары)


  • *«Күлтегін» жырында түркілер 50жыл бойы қай халықтың бодандығында болған : «Тауғаштардың»


  • *«Күлтегін» ескерткішінің көшірмесі қойылған жоғарғы оқу орны: ( Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті)


  • *«Күлтегін» ескерткішінің көшірмесі Астана қаласына қай жылы әкелінген: (2001)


  • ***«Күлтегін» жырына сәйкес мәліметтер : ( Түркі қағанатының жорықтарын суреттейді.* Алғаш тапқан швед офицері Иогани; «Руна» жазуымен жазылған)


  • *** Орхон- Енисей жырлары кімге арналған? : (Күлтегін, Тоныкөкке)


Орхон- Енисей ескерткіші кейіпкерлері: Білге қаған ,Тоңұқұқ, Күлтегін)




  • VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын,күйші аңыз кейіпкері: ( Қорқыт)


  • «Қорқыт ата » кітабының жыр саны: (12) ( Кітаптың сақталған екі нұсқасы бар)


  • «Қорқыт ата » кітабында нақыл, мақал-мәтел : ( Жиі ұшырайды)


  • «Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба тілін бүгілткенше, бүгілтпегені игі» нақыл сөздің авторы : (Қорқыт)


  • «Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,


  • Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.»-деген нақыл сөздің иесі : (Қорқыт)


  • 12 жырдан тұратын «Қорқыт ата» кітабындағы қай жыр оқиғасы, құрылысы жағынанэпостық жырдың қайсысына жақын келетіні: («Бамсы Бейрек» жыры, «Алпамыс батыр»жырына жақын келеді)


  • «Қорқыт ата» кітабына енген жыр:( « Байбөрі баласы Алып Бамсы» жыры)


  • «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр» : ( «Қорқыт ата» кітабындағы жыр)


  • «Қорқыт ата» кітабындағы «Дерсеханұлы Бұқаш туралы жырда» сөз болатын тақырып: ( Анаға деген түркі халықтарының құрметі)


  • «Қорқыт ата» кітабындағы кездесетін кейіпкер : ( Қазан бек)


  • Аңыз бойынша ажал Қорқытқа келеді:( Жылан болып)


  • Қорқыт бабаның қобызшылар сақтап қалған күйі : («Желмая» )


  • ***«Қорқыт ата» кітабына сәйкес мәліметтер : ( *Алғаш ретХХғасырда хатқа түскен; * Қарасөзбен жазылған 12 жырдан тұрады;* Қазан бектің ел қорғаған ерлігін жырлайды)


  • ***Қорқыттың нақыл сөздері(* Ескі қамыс біз болмас, Ежелгі дұшпандос болмас; * Алла демейінше іс түзелмес,Тәңірі бермейінше, ер байымас;* Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес)


  • • Түркі халықтарына ортақ көркем шығарма: ("Оғызнама")


  • • "Оғызнаманың" ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы сақталған жер:(Париждің кітапханасы)


  • "Огызнамадағы" хикая саны: (Қырықтан астам )


  • "Огызнаманың" басты идеясы: (Бүкіл түркі елін бірлікке шақыру,


  • достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға карсы күресу)


  • "Огызнамада" мол кездеседі: (Мифологиялық суреттер)


  • "Оғыз Қаған" жырындағы Оғыздың ақылшысы: (Ұлық Түрк)


  • • Үрім қаған елін бағындырған кейіпкер: (Оғыз қаған)


  • • Жырдағы Оғыз қағанның анасы: (Айқаған)


  • • Оғыз батырдың жер қайысқан қолын жеңістен-жеңіске бастап жүреді: (Көкбөрі)


  • • Оғыздар киелі санаған түс: (Көк)


  • • "Мұзтау" деген тау атауы көне әдеби ескерткіштің қайсысында аталады?("Оғызнама")


  • • Ислам дәуіріндегі әдебиетке жататындар: (Әл-Фараби, А. Яссауи,Ж. Баласағұн, М. Қашқари)


  • *** Орта ғасырлық ойшылдар: (*Әл-Фараби; *Ахмет Йасауи; *АхметЙүгнеки)


  • *** Орта ғасырлардағы түркі әдебиетіне жататын шығармалар: (***Құтты


  • білік" кітабы; **"Даналық кітабы" еңбегі; ***Түркі сөздерінің жинағы"кітабы)


  • • Әбу Насыр әл-Фараби: (Ғалым, ақын, әдебиетші)


  • • Әл-Фарабидің толық аты-жөні: (Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тархани)


  • • Әл-Фарабидің шығармалары жататын ежелгі дәуір әдебиеті кезеңі: (Ислам дәуіріндегі әдебиет)


  • • Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған ұлы ғалым: (Аристотель)


• Түркі халықтарына ортақ көркем шығарма: ("Оғызнама")




  • • "Оғызнаманың" ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы сақталған жер:


  • (Париждің кітапханасы)


  • "Огызнамадағы" хикая саны: (Қырықтан астам )


  • "Огызнаманың" басты идеясы: (Бүкіл түркі елін бірлікке шақыру,


  • достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға карсы күресу)


  • "Огызнамада" мол кездеседі: (Мифологиялық суреттер)


  • "Оғыз Қаған" жырындағы Оғыздың ақылшысы: (Ұлық Түрк)


  • • Үрім қаған елін бағындырған кейіпкер: (Оғыз қаған)


  • • Жырдағы Оғыз қағанның анасы: (Айқаған)


  • • Оғыз батырдың жер қайысқан қолын жеңістен-жеңіске бастап жүреді: (Көк


  • бөрі)


  • • Оғыздар киелі санаған түс: (Көк)


  • • "Мұзтау" деген тау атауы көне әдеби ескерткіштің қайсысында аталады?


  • ("Оғызнама")


  • • Ислам дәуіріндегі әдебиетке жататындар: (Әл-Фараби, А. Яссауи,


  • Ж. Баласағұн, М. Қашқари)


  • *** Орта ғасырлық ойшылдар: (*Әл-Фараби; *Ахмет Йасауи; *Ахмет


  • Йүгнеки)


  • *** Орта ғасырлардағы түркі әдебиетіне жататын шығармалар: (***Құтты


  • білік" кітабы; **"Даналық кітабы" еңбегі; ***Түркі сөздерінің жинағы"


  • кітабы)


  • • Әбу Насыр әл-Фараби: (Ғалым, ақын, әдебиетші)


  • • Әл-Фарабидің толық аты-жөні: (Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ


  • Тархани)


  • • Әл-Фарабидің шығармалары жататын ежелгі дәуір әдебиеті кезеңі: (Ислам


  • дәуіріндегі әдебиет)


  • • Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған ұлы ғалым: (Аристотель)


Әбу Насыр әл- Фараби еңбегі:(«Өлең өнердінің қағидалары»)

Әбу Насыр әл- Фараби «Өлең өнердінің қағидалары» кітабында ақындарды неше топқа бөледі: 3

«Кімде-кім хикмет(философия)білімін оқып үйренуге кіріспек болса,ол ең алдымен жас болуы,ниеті дұрыс,әдепті,қайырымды адам болуы керек»,-деген пікірді айтқан ғұлама ғалым: (Әбу Насыр әл-Фараби)

Мұхтар Шахановтың «Арман»,Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы»атты тарихи туындылары арналған: (Әбу Насыр әл-Фараби бабамызға)

Мұхтар Шахановтың «Арман»өлеңінде бала Әбу өзінің мақсатын дана қария қалай түсіндірген:(Ғылым мен өнердің шамын жағу)

Мұхтар Шахановтың «Арман»өлеңінің оқиғасы өтетін жер: (Отырар)

Мұхтар Шахановтың Әбу Насыр әл- Фараби өмірінен алынған өлеңі: («Арман»)

Ахмет Йасауидің өмір сүрген уақыты:(ХІІ ғасыр)

Қожа Ахмет Йасауи: (Дін ағартушы)

Сопылық әдебиеттің негізгі өкілі: (Қожа Ахмет Йасауи)

Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы: (Арыстан баб)

Қожа Ахмет Йасауидің өміріне тән дерек(7 жасында Арыстанбабты іздеп табады)

«Диуани хикмет» еңбегінің авторы(Қожа Ахмет Йасауи)

Қожа Ахмет Йасауидің кітабы: («Диуани хикмет»)

«Диуани хикмет» кітабының қазақша атауы: («Даналық кітабы»)

Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық кітабын» тақырып жағынан бөлуге болады:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


написать администратору сайта