кок китап. 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Скачать 426.48 Kb.
|
(«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ) «Балталы,Бағаналы,ел аман бол,»-деп,туған жерімен қимай қоштасатын лиро-эпос жырындағы қыздардың аты: (Ай,Таңсық) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қоштасу жырын айтқан кейіпкерлер:(Ай мен Таңсық) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында қандай тұрмыс-салт жырлары қолданылған: (Қоштасу,жар-жар,естірту,жоқтау) «....Аққу ұшып көлге кетті, Ақсұңқар ұшып шөлге кетті, Олар адасып кеткен жоқ, Әркім баратын жерге кетті.» Жыршының жұмбағының шешуі:(Сарыбайдың өлгенін естіртіп отыр) Сарыбайдың бұл дүниеден өткендігін естірткен: (Тазша) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры қандай өлең түрімен жырланған: (11 буынды қара өлең түрімен) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-адал достықты жырлайтын дастан. Мұнда халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады. Ұнамды мінездер,ұнамды кейпкерлер арқылы жоғары бағаланады,»-деген пікірдің иесі: (М.Әуезов) «Қодар-Қарабайдың қара шоқпары,қараңғы күші есебіндегі сұмырай серігі,»- деген пікірдің иесі. (М.Әуезов) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының тілі-нағыз халық тілі,»-деген пікірдің авторы: (М.Әуезов) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастаны-қазақ әдебиетінің зор мұрасының бірі,»-деген пікірдің авторы: (М.Әуезов) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясын жазған: (Ғ.Мүсірепов) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры мен Ғ.Мүсіреповтың осы аттасы трагедиясының айырмашылығы: (Көп айырмашылығы бар) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасындағы Қарабай : (Баянның әкесі) Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды ойнаған әртіс: (Серке Қожамқұлов) Қозы мен Баянға арналған ескерткіш тұрғызылған жер: (Аягөз) *** «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры (*Көп нұсқалы жыр; *Ғашықтық жыр) ***«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырындағы Қарабай бейнесі: (*Сараң,дүниеқоңыз;)*Қатыгез,өзімшіл) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Сарыбайдың өлімін естірткен: (*Тазша) ***Ай,Таңсық,Айбас,Тайлақ деген кейіпкерлер кездесетін жыр: (* «Қозы Көрпеш-Баян сұлу») «Айман-Шолпан» жыры «Айман-Шолпан» жырын ең алғаш жазып алып, баспаға ұсынған – Жүсіпбек Шайқыисламұлы. Поэманың тууына негіз болған – ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғалар. Эпостық элементтермен қатар тарихи поэмаларға тән элементтер де анағұрлым басым. Маман- Тама елінің байы, Айман, Шолпан-Маманның қыздары, Көтібар-Шекті елінің батыры, қара күштің иесі, Теңге - Көтібардың ерке де долы тоқалы, Есет- Көтібардың ұлы, тарихи тұлға, Арыстан- Көтібардың інісі, Шолпанның сүйген жігіті, Әлібек – Айманның сүйген жігіті. Жыр негізінде М.Әуезов «Айман-Шолпан» (1934ж.) комедиясын жазды. Таным дерек Көтібар Бәсендеұлы (т.ж.б.-1823)-батыр. Кіші жүз құрамындағы шекті руынан шыққан. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібардың жеті баласы болған, үлкені-атақты Есет батыр тарихи тұлға(«Қазақстан» ұлттық энциклопедия, бес том, елу төрт бет) Ел тұтқасын ұстау әйелдердің де қолынан к елетіндігін дәлелдеген жыр: («Айман-Шолпан» жыры) «Айман-Шолпан» жырының негізгі тақырыбы : (Ескі мен жаңаның арасындағы күрес) Айман мен Шолпанның әкесінің аты : (Маман) Маманның шыққан тегі, руы : (Шекті) Арыстан, Есет, Әлібек атты кейіпкерлер кездесетін жыр : («Айман - Шолпан») Қазақ ауыз әдебиетіндегі жаңа әйел , саналы қыз образы : (Айман) «Айман-Шолпан» жырындағы Айманның өзге жырлардағы қыздардан айырмашылығы : (Әлеуметтікіске араласуында) «Айман-Шолпан» жырындағы Айманның ақылы байқалады : ( Баланы баурап алуынан) «...Мен ажалым жетпей өлмеспін, ешкімнің қырсығына көнбеспін»-деген сөз иесі : (Айман) Айманның Шолпанды елге қайтаруының себебі : (От жағып, күң болып кетеді деп ойлағандықтан) «Айман-Шолпан» жырындағы Айманның есік алдындағы Қызылқұмға жасырған байлығының саны : (500 ат, 80 інген, 40 алтын, 15 күміс табақ) «Қараңыз, мына сөздің сарасына, Көз жетті елді шаппақ расына. «Шайтан сөз топ ішінде не керек ? » деп ... – деген жолдың жалғасы : (Арыстан түсе берді арасына) «Айман-Шолпан» жырындағы «Шайтан сөз топ ішінде неге керек?» - деп, бітімге шақырған сөздердің иесі : (Арыстан) «Айман-Шолпан» жырында Айманның атты сұрап алуына да , Шолпанды еліне қайтаруына да , Есеттің Айманға 60 күнге дейін неке қимауын қалап алуына да себепкер болған адам : ( Арыстан) Әлібек бейнесіне тән сипат : (Жау іздеуге , пәле іздеуге құмар емес) Маман байдың ауылын кім шабады ? : (Көтібар) «Айман-Шолпан» жыры аяқталар тұста Көтібар : (Өкіл әке болады) Маман мен Көтібарды бейнелеудегі ерекшелік : (Сарказм мен ирония) «Айман-Шолпан» жырындағы қазақ феодалдарының тән сипаттары : (Тоғышар , Топас , ұсақ тіршілік адамдары) «Айман-Шолпан» жырындағы Көтібардың баласы: (Есет) «Айман-Шолпан» жырындағы кейіпкер : (Теңге-Көтібардың бәйбішесі) Берілген үзінді қай жырдан алынған? «Базарда теңге болсаң, пұл боларсың, Қолыңа құрық алсаң, құл боларсың. Батырдың айтқан сөзі рас болса, Қолыма су құятын күң боларсың» : («Айман-Шолпан»,Теңгеге айтқан) «Айманның ақ мамықтай білегі бар, майысқан жез қармақтай сүйегі бар,»-деген жолдардағы көркемегіш құрал : (Теңеу) «Айман-Шолпан» жыры : ( Лиро-эпостық жыр, Тарихи жыр) «Айман-Шолпан» жырындағы тарихи тұлғалар : ( Есет , Көтібар) «Қыз Жібек» жыры «Қыз Жібек» жыры 1905-1909, 1911 жылдары Қазан қаласында Құсайыновтар баспасында басылған. Осы нұсқа 1925 жылы Ә.Дибаев редакциясымен Ташкентте жарияланған. «Қыз Жібек» жыры – идеясы, мазмұны, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан лиро-эпостық дастандардың ішіндегі үздік туындылардың бірі. Төлегеннің әкесі Базарбай, сүйген жары Қыз Жібек, туған інісі – Сансызбай, ақын досы – Шеге. Сырлыбай – хан, Жібектің әкесі, Қаршыға – оның ақылшысы, уәзірі, Бекежан – ғашық батыр. Хорен – қалмақ ханы. Жыр негізінде Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» пьесасын (музыкалық драма) жазды. Таным дерек. Бекежан Айбекұлы (1667-1730)- батыр. «Қыз Жібек» жырындағы Бекежанның прототипі Сұрмерген садақшы. «қылыштың перісі» атанған. Ел арасында оның ерлігін баяндайтын көптеген жырлар сақталған. Алғашқы әйелі – башқұрт мырзасы Құрамыстың қызы Салиха. Одан туған Қайрақ, Байрақ, Тайлақ деген үш ұлы- батырлар. Тайлақ Аңырақай шайқасында Кіші жүз жасағын бастаса, Қайрақ, Байрақ мыңбасы болған. Бекежан батырдың дүниеден озуы жайлы екі түрлі дерек бар: бірінде 45 жасында соғысты алған жарақаттан қайтыс болды десе, екіншісінде түркімендермен болған соғыста мерт болды делінеді. Қабірі – Батыс Қазақстан олбысы, Сырым ауданы, Шідерті өзені бойындағы Тайлақ қорымында. («Қазақстан» ұлт-қ энци. 2-том,254-бет.) Қазақтың көшпелі өмірі, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы, киім киісі, жүріс-тұрысы, қыздардың әсем сұлулығы суреттелген жыр. Әмеңгерлік салт кездесетін жырды табыңыз: («Қыз Жібек» жыры) Төлегенді Сырлыбай ханның еліне ертіп апарған адам: (Қаршыға) «Қыз Жібек» жырындағы Қаршыға: (Сырлыбай ханның ақылшысы) «Қыз Жібек» жырынында жағымды, ақылды, ақындық қасиеттерімен көрінетін кейіпкерлер: (Қаршыға, Шеге) «Қыз Жібек» жырындағы Сырлыбай ханның ақылшысы, уәзірі әрі от ауызды, орақ тілді шешен ақын: (Қаршыға) Төлегенді Ақ Жайықтың сұлуларына ынтық еткен адам: (Саудагер шал) Төлеген бейнесіне сай тіркес: («Падишадан кем емес») «Қыз Жібек» жырында: «Мен бір сұлу табайын, Патшалардың жалғызы. Аты- Жібек сұрасаң, Кереметін көр,»- деп айтқан: (Қаршыға) Жібекті жолықтыру үшін Төлегенмен Сырлыбай еліне жол тартқан кейіпкер: (Шеге) Төлеген Ақ Жайыққа қанша жорға алып кеткенін белгілеңіз. (Жиырма бес мың) «Қыз Жібек» жырында Төлеген Жібекті тапқанша қанша көшке жолықты: (11) «Қыз Жібектің ақтығы, Наурыздың ақша қарындай»: деген үзінді («Қыз Жібек» жырынан) Ләйлі-Мәжнүн болмаса, Өзгеден артық келбеті... ... тің дидары – Қоғалы көлдің құрағы,- деген жыр жолдарындағы кімнің сипаты: (Жібектің) «Қыз Жібек» жырындағы жастардың арман-тілегіне қарсы топ: (Базаралы тобы) «Қыз Жібек» жырында ғашықтарға қастандық етуші: (Бекежан) «Өзім батыр болған соң, кімді аяйын...»-деп Жібекке шімірікпей жауап берген: (Бекежан) «Аспандап ұшқан алты қаз, Сіздер тірі, мен өлі,»-деп өлім алдында алты қазбен қоштасатын лиро-эплстық жыр кейіпкері: (Төлеген) «Ай мүйізді қошқардың Бөрі тартар қоңынан,»-деген «Қыз Жібек» жырынан алынған жолдардағы көркемдегіш құрал: (Астарлау) «Төлеген сынды ағаның жұмақтан жазсын тұрағын,»- деген жоқтау сөз айтқан: (Шеге) Төлегеннің қазасынан кейін Сансызбайға ағалық қамқорлық көрсететін: (Шеге) Төлеген өлімінен кейін Жағалбайлы еліне Жібек кімдермен бірге жол тартқан: (Сансызбай, Шеге) Төлегеннің қазасынан кейін Жібек әмеңгерлік салты бойынша кімнің жары аталған: (Сансызбайдың) Сансызбайды жұбататын, Жібек пен Сансызбайды елге әкелетін, Төлегеннің ата-анасын қуантып, Жібекті Сансызбайға қосатын кісі: (Шеге ақын) Сырлыбай еліне келіп, Жібекті қалыңдық ретінде беруін талап ететін қалмақ батыры: (Хорен) Қыз Жібек ебін тауып алып кеткен қалмақ батыры Хореннің тұлпары қалай аталады: (Сандалкөк) «Қыз Жібектің ақтығы, Наурыздың ақша қарындай. Ақ бетінің қызылы, Ақ тауықтың қанындай.» -деген суреттеудегі көркемдегіш құрал: (Теңеу) Ғ.Мүсірепов пьесасы: («Қыз Жібек» ж.) Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібегі»: (Музыкалық дарама) Айтыс «Айтыс – сөз барымтасы,»-деп баға берген зерттеуші : (М. Әуезов) Ақындар айтысының ерекшелігі – онда «халық театрының анық,дәл ұрығы бар,»-деген пікірдің иесі: (М. Әуезов) Ақындар айтысы- өнер жарысы, сөз сайысы,-деп кім айтты: (М. Әуезов) Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрі: (Айтыс) Айтысқа түскен ақынның бірден бастырмалап, қарсыласып апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебі : (Қарсыласын жеңіп кетудің амалы) Айтыс ақынға тән негізгі қасиеттер тізбегі :(Суырыпсалмалық, тапқырлық) Айтыскер ақын бойынан табылуға міндетті емес қасиеттер тізбегі: (Сазгерлік, жазба ақындық өнер) Адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде туындаған айтыс түрі: (Бәдік айтыс) Айтыстың ең көне түрі: (Бәдік) Салт айтысы бөлінеді:(2- ге; қыз бен жігіт айтысы;ақындар айтысы) Ақындар айтысының даярлығы болып табылатын салт айтысы :(Қыз бен жігіт айтысы) Қыз бен жігіт айтысының мазмұндық- тақырыптық ерекшелігі : (Елдің тұрмыс- салтының басқ жақтарын қамтуында) «Біржан мен Сара» айтысының негізінде композитор М.Төлебаев «Біржан – Сара » операсын жазды «Біржан-Сара айтысы» түр жағынан да, мазмұны жағынан да өзге айтыстардан оқшау тұрған әлеуметтік және көркемдік маңызы бар айтыс деген : ( С.Мұханов) Сара Тастанбекқызы (1853-1907)қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында тһдүниеге келген.Көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.1895 ж. Біржан салмен, 18.. ж.Әсет Найманбайұлымен , 1890ж. Төребай Есқожаұлымен айтысқан. Сара Тастанбекқызының туған жері : (Алматы облысы, Ақсу ауданы) Құрылысы мен түрі жағынан салт айтысының ең биігі болып табылатын айтыс түрі: (Біржан мен Сара айтысы) Қыз бен жігіт әрі ақындар айтысына жататын айтыс түрі: (Біржан мен Сара айтысы) Әйел теңдіді мәселесін көтерген айтыс: («Біржан –Сара») «Біржан –Сара» айтысының негізгі түйіні: (Әйелдің бас бостандығы) «Біржан – Сара» айтысы : (Ақындар айтысы) «Біржан -Сара» айтысындағы Сараның әкесінің аты: (Тастанбек) «Біржан-Сара» айтысында Сараға теңдік, бостандық әперуге ықпал жасаған: (Біржан) Қызы едім Тастанбектің, атым- Сара, Ішінен ер Қаптағай шықтым дара. Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем, келемін бір сүрінбей жеке дара....Үзінді қай айтыстан алынған (Біржан мен Сара айтысы) ОН үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем, келемін бір сүрінбей жеке –дара деген ақын : (Сара ) Сара Біржанмен айтысқанда болғн үй: (Тұрсынбек) «Біржан – Сара» айтысында Біржан қай ақынды дара тұлға етіп бейнелейді: (А.Құнанбайұлын) «Біржан-Сара» айтысында: «Тәттімбет-ардагерім Арғын асқан, Қырық түрлі күй арналған бармағынан...»- деген сөзді айтқан: (Біржан сал) «Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес,»-деген жолдарды айтқан: (Біржан сал) Біржан салдың Сара ақынға айтқан сөзі: ( «Жолықпай сөзі өктемге, жүрген шығар,Аулында Тұрысбектің олер жері») «Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін Адамзат озар емес өз басыңнан,»- деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге арнап айтқан: (Біржан Сараға) «Асылым құдай берген өз басыма, Тең келмес жеті Біржан тыпнағына,»-деген жолдарда Сара ақын айтып отырған адам: (Жиенқұл) Сараның « Арғынға жол бермеген есіл тілі» Жиенқұлға келгенде мүдірген себебі: (Жиенқұлдың ақымақ, өнерсіз әрі дене кемістіге барлығынан) «Арғынға ұялғаннан үндемеуші ем, Есекке қосақтаулы өтті- ау күнім,» - деген сөз қай ақын қыздың өкініші: (Сараның) «Жоқ екен жүйрік иттей өлсем құным, «Ажал да кісі таңдап алады екен, Сол итті неге қойған алып кетпей?»-деген ашынған сөздердің иесі: ( Ақын Сара) «Біржан –Сара» айтысында Біржан сал Сара тағдырына ара түспегеніне өкпе айттын елі: (Найман елі) «Тұрмыстан туысымнан таяқ жедім...»деген жолдар қай йтыскер ақынның өлең жолдарынан алынған: ( Сара) « Біржан – Сара « айтысындағы: «Сараны Жиенқұлға бере көрме, Қыз түгіл ер құнына келер шамаң. Бар болса сүйегінде ойларсыңдар, Өлі тілін тірі алмас деген заман...» -деген жолдарды айтқан (Біржан) «Біржан – Сара» айтысындағы Жиенқұл сипаттамасы көркемдік тәсілдің қай түрі: Кісі емес ел намысын ұққандай –ақ, Ербиіп елсіз тауға шыққандай – ақ Жиенқұл күжірейіп келер ме екен, Он мата арқасына тыққандай- ақ :(Сарказм) «Біржан -Сара» айтысының Жиенқұлға байланысты жері қндайбейнелі сөз қолданған: (Ирония, сарказм) Біржан Сараны нені тілге тиек ете жеңетіндігі : (Күйеуінің нашарлығын) Айтыста Сараның Біржаннан жеңілу себебі:(Теңсіздік шырмауы) «Жалынмын жанып тұрған нөсерге өтпес, Болаттың екі жүзді алмас кеспес,»- деген жолдарындағы көркемдік тәсіл: (Метафора) Мына өлең жолдарындағы асты сызылған сөздер қандай көркемдеу құралы: «Ақ иық, мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес»: ( Метафора) «Қырандай желді күнге аспандаймын»-деген жолда қандай бейнелі сөз бар: (Теңеу) Сара Тастанбек қызы туралы жазылған еңбек : ( «Тордағы тоты») Табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің иесі табылғн айтыс түрі : (Жұмбқ айтыс) Жұмбақ айтыстың ең жақсы үлгісі : ( «Сапарғали мен Нұржан») Нұржан мен Сапарғали айтысы айтыстың қай түріне жатады: ( Жұмбақ айтысы) Жұмбақ айтысындағы айтыскер ақын: (Нұржан) |