Главная страница

кок китап. 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар


Скачать 426.48 Kb.
Название1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Дата22.05.2023
Размер426.48 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакок китап.docx
ТипДокументы
#1149568
страница4 из 27
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

«Ер Төстік» ертегісі

Ер Төстік-негізгі кейіпкер: Ерназар- Ер Төстіктің әкесі.Кенжекей – Ер Төстіктің жары. Шалқұйрық –Ер Төстіктің тұлпары. Құба інген –түйесі.

Аңыз-әңгімелер

Аңыз-фольклорлық проза жанры. Онда елдің, тайпа , рудың шыққан тегі, кешкен жолы хақындағы немесе тарихта болған әйгілі адамдар-хан, батырлар, би-шешендер жайындағы , сондай-ақ нақтылы бір жер –су, сол жерде өткен оқиғалар турасындағы шындыққа негізделген, халықтың тарихи жадында сақталған, әйтсе де уақыт өте келе өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады. Қазақ аңыздарына алғаш назар аударғандар – Ш.Уәлиханов пен Г.Потанин. Дербес жанр ретінде М.Әуезовтің еңбектерінде ғана қарастырыла бастады. Кейіпкерлері: Алдар көсе,

Қожанасыр, Қорқыт, Асан қайғы, Жиренше шешен мен Қарашаш т.б

Аңыздың өзіндік ерекшеліктері:

1) Тарихи шындықтан туады;

2) Аңыздың мазмұнын растайтын дерек ретінде айтылатын жердің аты, белгілі қайраткердің есімі, оқиғаның болған кезеңі, өмірде бар деректер болады;

3)Аңызда да ойдан қосылған күшеткіш қоспалар болады, біріақ ертегідегідей қиял емес

Аңыз әңгіміенің өзіне тән еркешелігі: Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді

Белгігі бір адамның атына , іс –әрекетәне байланысты туатын, шындық оқиға мен қиял ғажайын араласып келетін ауыз әдебиетінің түрі: Аңыз әңгімелер

Аңыз әңгіменің қай түріне жатады: Мифтік әңгімелер

Қазақ аңызында кездесетіндер: Асан қайғы, Жиренше шешен мен Қарашаш Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт

Даналықты, шешендік пен тапқырлықты танытатын аңыз кейіпкері: Жиренше шешен

Қазақ аңыздарындағы қарапайым адамдар бейнесіндегі кейіпкер: Жиренше шешен

Жәнібек ханның «Бұл дүниеде не өлмейді ? » деген сұрағына жауап берген шешен адам?: Жиренше шешен

Жиренше шешеннің ссүйген жары әрі ақылшы серігі: Қарашаш

Жиреншеге Қарашаштың қазасы жайлы естірту айтатын хан: Әз Жәнібек хан

Жиреншеге қандай жаманат хабар туралы естірте айтылды?- Қарашаш дүниеден өткенде

«Жиренше шешенге Қарашаш сұлудың өлгенін Жәнібек ханның естіртуі» -естіртудің қай түріне жатады?: қарасөз түріндегі естірту

Жәнібектің –Інісі өлген қандай екен?-деген сұрағына Жиренше : Сол қанатың қайырылғаны

-Ағасы өлген қандай екен? -деген сұрағына Жиренше : Оң қанатың қайырылғаны деп жауап берген.

«Қатының өлді , қамышының сабы сынды,»- деген сөз ел аузында кімге байланысты айтылған?: Жиреншеге

Аңыздағы «Сұратқан хан ақымақ па , сұраған сен ақымақ па?» - деген сөзді ненің атынан айтты?: Қаңбақтың атынан

Қаңғырған қаңбақпен сөйлесіп , ханның қателігін бетіне басқан аңыз кейіпкері : Жиренше

«Қайран менің өз үйім, кең сарайым боз үйім» деген аңыз кейіпкері: Жиренше

Аңыз әңгіме: «Жиреншенің хан сынағына түскені»

Еркек қойды қоздатып , хан сынағынан мүдірмей өткен аңыз кейіпкері:Жиренше

Жиренше туралы аңызда аты аталатын ақылды әйелдің есімі: Қарашаш

«Қорықпа! Сиырларды ащы құдықтың басына айдап барып, жалғыздап суар да айналдырып қуа бер, әуелі ішінің қармауы кетер, онан кейін жын аралас су кетер»(«Жиреншенің хан сынағына түскені») -деп айтқан Қарашаш

Алдар көсе қай жанрдың кейіпкері : Аңыз әңгімелер

Халықтың әділетсіз байларды масқаралау, келеке ету тілегенен туған ұнамды, күлдіргі образ: Алдар көсе

Алдар көсе қандай образ: Күлдіргі

Аңыз әңгіме: «Алдар мен шайтан»

«Алдар көсенің шайтанды алдауы» деген аңыздағы шайтанның аттары: Құлан мен Түлен

Алдар көсенің шайтанды алдауына арналған аңыздарды сюжеті мен құрылымы жағынан күлдіргі әңгімеге жатқызуға болады.

Алдар көсенің алдаудағы мақсатын белгілеңіз: қарны тоқ, ақылы жоқтарға тұсау

Шығайбай, бізбикеш деген кейіпкерлерқай аңызға қатысты: Алдар көсе

«Алдар көсе» аңызындағы байдың қызы: Бізбикеш

«Алдар көсе» аңызында : «Отырайын он ай ,»- деп төрге шығатын кейіпкер: Алдар көсе

«Алдар көсе» аңызында:-Естіген өтірік , көрген шындық ,- деп айтатын : Бай

«Өтірік болса , сақалым жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай.

Бәрін де осының көріп келдім,

Асыңды асшы ұрламай,»- деген жолды айтқан: Алдар көсе

Сараңдықтың жиынтығын беретін аңыз әңгіме кейіпкері: Шығайбай

«Алдар көсе» аңызында: «Шық, әй!»- деп үйіне адам қондырмас кейіпкерді табыңыз: Шығайбай

«Алдар көсе» аңызында Алдар көсе майдың орнына тезек салады

«Алдар көсе» аңызында Алдар қазанға еттің орнына не салады?: тулақ

«Ұрының әйелі өзіне лайық,»- деген сөздің авторы: халық

Алдар көсенің мінген аты: Қасқа ат

«Алдар көсе» аңызында байдың өлтірген аты: Өзінің аты

Аңыз кейіпкерлері: Жошы хан, Жиренше

«Баламды өлді деп естірткен адамның құлағына қорғасын құямын,»- деп жар қылған аңыз кейіпкері: Жошы хан

Жошы ханға бала өлімін қандай күй арқылы естірткен?: «Ақсақ құлан»

Аңыз кейіпкеріне айналған жырау: Асан қайғы

Желмаясымен «жер жанатын» іздеген жырау: Асан қайғы

Мерке жеріндегі Аспараны көргенде : «Ей Аспара көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер!»- деген аңыз кейіпкері: Асан қайғы

Жетісуды көргенде; «Мынау жетісудың әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен,»- деген аңыз кейіпкері: Асан қайғы

Асан қайғының «тау тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен , тоқты қысыр қалмайтын жер екен,»- деген сыны қай жерге қатысты айтылған: Қызылтауға

Түркі тілдес халықтарға ортақ аңыз кейіпкері: Қожанасыр

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген аңыз әңгіме : «Лұқпан хакім»
Батырлар жыры

1.Ең көне замандағы эпостар: «Құламерген,Жоямерген,Досан батыр ,Құбығұл ,Атилла, Ергенекон»

2.Қазақ хандығы кезіндегі эпостар: Қобыланды,Алпамыс,Ер тарғын ,Қамбар,Едіге т.б

3.Жаңа дәуірдегі эпостар :Өтеген батыр,Сұраншы батыр,Еспенбет,Нарқыз, т.б.

4.Батырлар жыры жақын жанр түрі: Эпостық жырлар.


5.Эпостық жырларда батырларға серік болған арулар: Ақжүніс- Ер тарғын,Назым-Қамбар батыр,Құртқа –Қобыланды.

«Қобыланды батыр»

«Қобыланды батыр» жырын жинап, хатқа түсіру XIX ғасырда қолға алынды. Жырдың бізге жеткен 29 нұсқасы бар.Қобыланды жөніндегі аңыз-әңгімені алғаш баспа бетіне түсірген – В.Радлов. 1860 жылы Ы.Алтынсарин Марабай жыраудан жазып алған «Тайбурылдың шабысы» деген тармағын «Қазақ хрестоматиясына» енгізді. Жырдың Марабай нұсқасын 1922 жылы Ә.Диваев Ташкентте жеке кітап етіп бастырды. Академик М.Әуезов бұл жырға «эпопея дерлік жыр» деп баға берді. Ғалым М.Ғабдуллин жырдың түрлі нұсқасын жариялады.

Қарақыпшақ Қобыландының әкесі –Тоқтарбай, анасы – Аналық, қарындасы –Қарлығаш, сүйген жары-Құртқа (Көктім Аймақ ханның қызы), тұлпары –Тайбурыл,жайлауы – Көздікөл, қыстауы –Қараспан. Естеміс-Тоқтарбайдың тоқсан құлының бастығы, Қобыландыны баулыған ер, Сейілдің ұлы Қараман-Қобыландының жолдасы, Қазанға қарсы шыққан батыр. Орақ -Қобыландыға көмекке келген жас батыр, Қамқа- Орақтың анасы;
Көбікті –хан; Қобыландыға ғашық болған қыз Көбіктінің қызы - Қарлыға, оның мінген аты - АқмоншақАлшағыр- қалмақ ханы, Көктім Аймақ хан – Қызылбас елінің ханы, Қызыл ер, Қазан- Қызылбас елінің батырлары. Қара қасқа ат - Қазанның тұлпары;

Қазанның тартып алғаны - Ноғайлының жері, Қырлы қала ( оған бектерін орналастырған) және Сырлы қала (оған жендеттерін орналастырған). М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасын жазған .

Таным дерек

Қарақыпшақ Қобыланды (шамамен XY. Ғ) –батыр, тарихи қайраткер.Қазақ, өзбек мемлекетінің негізін қалаушы Әбілхайыр ханның бас батыры болған. Қазақ шежіресінде Қобыландыны Қарақыпшақтан тарайтын Тоқтарбайдан туғызады. Қобыландыдан Беркімбай. Беркімбайдан бес таңбалы Қыпшақ ұрпақтары өрбиді. Қобыланды батыр ру аралық қақтығыстардың бірінде Арғын тайпасының билеушісі Қотан бидің ұлы Дайырқожа батырды (Ақжол) өлтірген. Қазақ ауыз әдебиетінің осы оқиға жөнінде Қотан бидің «Қарақыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» деген жоқтауы сақталып қалған. Қазақ халқы арасында Қобыланды батырды қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғыстарын баяндайтын «Қобыланды» батыр эпосы кең тараған.(«Қазақстан» ұлттық энциклопедия,5-том, 695-бет).

-Қобыланды батырдың әкесі: (Тоқтарбай)

-Қобыландының анасы: (Аналық)

-Аналық пен Тоқтарбай – қай батырдың ата-анасы: (Қобыланды)

-«Қобыланды батыр» жырының кейіпкерлер тізбегі: (Тоқтарбай, Естеміс, Аймақ хан)

-Арыстан туған Қобыландының неше жаста қазынадан қамқа кигендігі: (6 жасында)

-«Ай астына аспанға

Құрды бақан қақтырып,

Алтын теңге аттырып,

Теңгені атып түсірген...» - батыр қай сұлуды алады: (Құртқаны сұлу сөз алар)

-Қобыланды батырдың тұлпары: (Тайбурыл)

-Сөздердің бірігуінен жасалған, Құртқа баптаған тұлпар: (Тайбурыл)

-Қобыланды батырға лайық тұлпардың келген жолы: (Құртқаның көрегендігімен қалап алды)

«Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылды ерекше күтімге алған ару қыз, батырдың жары (Құртқа)

«Қобыланды батыр» жырындағы Бурылдың тұяғын жерге тигізбей, алтын тонға орап баптаған адам: (Құртқа)

-Тоқтарбайдың жылқыда,

Тоқсан құлы бар еді.

Тоқсанының бастығы...» кім: (Естеміс)

-Қобыландыны Қызылбастың еліне, Құртқа қызға жібергісі келмей, тоқтау салған адам: (Естеміс)

-Тоқсан құлдың бастығы,Қобыланды батырды баулыған ер: (Естеміс)

-«Қобыланды батыр» жырындағы айтылатын Қызылбас елі: (Иран елі)

- Қызылбасты елінен шыққан Қазан ер қай батырлар жырының кейіпкері: («Қобыланды батыр» жыры)

-Қақырғаны қан татып,

Түкіргені жын татып,

Қақырғанда қан ішті,

Түкіргенде жын ішті...»-деген үзінді қай жырдан: («Қобыланды батыр»)

Қазақтың ері келді», - деп, Қобыландының айбатынан сескеніп, кезек берген хан: (Көктім Аймақ)
-«Қобыланды батыр» жырынан алынған:

«Ерлер жаннан түңілді,

Аш күзендей бүгілді.

Екеуінің ақ сауыт

Шығыршықтан сөгілді.

Сол уақыттар болғанда

Артық туған Қобыланды,

Найзасын ырғап ендірді...»- деген үзіндідегі шайқасып жатқан екі батыр: (Қобыланды мен Қазан)

-Қазаннан Сырлы қаланы Қобыланды неше күнде алған? (12 күнде)

-«Қобыланды батыр» жырында Қазан деген ердің Ноғайлы жерінен басып алған екі қаласы: (Қырлы , Сырлы қала), (Қырлы қала-онда бектер орналасқан, Сырлы қала – онда жендеттер орналасқан)

-«Қобыланды батыр» жырындағы Ноғайлының жерін,Сырлы,Қырлы қалаларын тартып алған батыр: (Қазан)

-Қобыландыны алғаш жекпе-жекке шақырған батыр: (Қызыл ер)

-Бір аяқпен күреске түспекші болған батырсымақ: (Қызыл ер)

-Ай, Қобыланды, құрдасжан,

Қайратыңды көп көрдім»,- деп сөз арнаған кейіпкер: (Қараман)

-Тайбурылдың қырық үш күндік кемдігі байқалатын жер: (Қырлы қала мен Сырлы қалаға жетерде)

-«Тайбурыл атты құтыртып,

Оған келді сыдыртып...»-деген жолдар алынған жыр: («Қобыланды батыр» жыры)

-«...Қобыланды гулеп жөнелді,

Көп қиятқа қарамай.

Қалың қият – көп қосын,

Бәрі қалды артында,

Бірі еруге жарамай»,- деген жыр жолдарындағы «көп қият, қалың қияттың» кімдер екені: (Қараман мен оның қосыны)

-«Қобыланды батыр» жырында Қобыландының:

Сейілдің ұлы Қараман

Көмек берер демеймін.

Әйел де болсаң, қатар ең,

Мұңымды саған саламын.

Қош,Қарлыға, аман бол,

Қалмақ алған халқыма

Көмегім жоқ артымда

Жалғыз кетіп барамын,- деуінің себебі: (Қараманның еліне қашып кетуі)

-«Қобыланды батыр» жырындағы Қараман бейнесіне төмендегі мақалдардың қайсысы сәйкес келетіні: (Ер сасқанда белгілі)

-Қобыландыны қапыда, қулықпен ұсатап алатын кейіпкер: (Көбікті)

-«Қобыланды батыр» жырында Қараман мен Қобыландыны қолға түсіріп, аяқ-қолына кісен салған батырдың аты: (Көбікті)

--«Қобыланды батыр» жырында Көбікті киген сауыттың осал жерін айтып,Қобыландыға көмектескен адам: (Қарлыға)

-«Қобыланды батыр» жырында:

Қобыландыдай батырға

Ғашық болып сұлуың,

Жата алмайды үйінде»,-деген үзіндіде Қобыландыға ғашық болған қыз: (Қарлыға)

Өшті болған әкеңнен өшімді алмай мен қашпан», - деген сөз айтылды: (Қарлыға)

-Байлаулы жатқан қос батыр,

Есермісің,сермісің?

Бекер жатқан ермісің?!»- деп -«Қобыланды батыр» жырында Қарлыға кімдерге қаратып айтқан: (Қараман мен Қобыландыға)

--«Қобыланды батыр» жырында Қобыландыға қалмақ ханы Алшағырдың қорлығынан құтылуға көмектескен батырлар: (Қараман, Қарлыға, Орақ)

-«Сонда Бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі...» Үзіндідегі көркемдік тәсіл: (Әсірелеу ( гипербола ))

-«Кешке таман Тайбурыл

Жын қаққанға ұқсады,

Құлан менен құлжаның

Ұзатпай алдын тосады» - деген өлең тармақтарындағы буын саны: (7-8 буынды)

-Құбылып Бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Тау мен тасты өрледі,

Төрт аяқты сермеді,

Құлақтың түбі терледі»,- деген жыр жолдарының буын,бунақ,шумақ түрлері: (7-8 буынды, 2 бунақты жыр түріндегі шұбырпалы ұйқас)

-«Қарақыпшақ Қобыланды» драмасын жазған: (М.Әуезов)

-Тарихта болған адам екені дәлелденіп, Ақтөбе облысында ескерткіш қойылған батыр: (Қобыланды батыр)

Алпамыс батыр
«Алпамыс батыр»Жырдың 11-12 нұсқасы бар. Батырлар жырының ішіндегі ең көне жыр. Жырда ауыз әдебиетінің басқа түрлері де көп кездеседі. 1899жылы Жүсіпбек ШайқыисламұлыҚазанда «Қисса Алпамыс» деп аталатын жырды басып шығарған. 1896 жылы Ә. Диваев жырдың толығырақ бір нұсқасынжазып алып, жариялаған.

Алпамыстың әкесі-Байбөрі (Жиделі Байсын жеріндегі Қоңырат елінің байы), анасы-Аналық, қарындасы-Қарлығаш, сүйген жары-Гүлбаршын(Сарыбайдың қызы), тұлпары – Шұбар ат, Алпамысқа ғашық болған Тайшық ханның қызы-Қаракөзайым, Алпамыстың баласы-Жәдігер. Байбөрінің туысқаны –Құлтай, оның баласы-Тортай, тезекші қара күңінен туғанұл-Ұлтан, Ұлтанның сақау әйелі-Бадамша. Сарыбай-Шекті елінің байы(Гүлбаршынның әкесі), Гүлбаршынның шешесі-Алтыншаш, Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған қалмақ батыры –Қараман. Алпамысты алдап қолға түсірген- Мыстан кемпір, Алпамысты құтқарушы өнерлі, қойшы жігіт-Кейқуат, Байбөрінің жылқысын алып кеткен хан-Тайшық хан.


  • Өте ертеде пайда болған көне жыр: («Алпамыс батыр»).


  • Қазақ халқының батырлар жыры ішіндегі ең көнесі: («Алпамыс батыр»).


  • Алпамыс батырдың әкесінің аты: (Байбөрі)


  • Байбөрі байға ұл мен қыз сүйетіндігін айтқан:(Шашты Әзіз)


  • Қарындасы: (Қарлығаш).


  • Алпамыстың баласы: (Жәдігер).


  • Алпамыс неше жасқа толғанда Жиделі Байсын жерінде,Қалың Қоңырат еліне бек болып, басқара бастайтынын табыңыз: (10)


  • «Далада мен отырмын құрып өрмек,


Жалғызды қасымдағы қылыпи ермек.

Баламда жалғыз менің өлтіргенше,

Алсайшы Гүлбаршынды, қу жүгермек...» Үзінді алынған жыр(«Алпамыс батыр»).


  • «Бекерге жұрт баласын қырып жүрсің,


Ойыңа келгеніңді қылып жүрсің.

Сарыбай қызын бермей кетіп қалды,

Несіне ойын ойнап, күліп жүрсің?!»- деген жолдарды кімнің, не себептіАлпамысқа айтқаны: (Баласын өлтіріп қойғаны үшін кемпірдіңАлпамысқа ызаланып айтқаны)


  • Алпамыс батырдың жарының аты: (Гүлбаршын)


  • «Алпмыс батыр» жырындағы әйел образы: (Гүлбаршын)


  • Гүлбаршын сұлудың Алпамысты жар етіп таңдаған себебі: (Бір жағы батыр,екінші жағы қазақ жігіті болғаны үшін)


  • Гүлбаршынныңәке-шешесі: (Сарыбай-Алтыншаш)


  • «Алпамыс батыр» жырындағыБайбөрімен құда болуды армандайтын, Шекті елінен шыққан батырдың есімі:(Сарыбай)


  • «Біреумізден ұл, біреуімізден қыз туса, екеуіміз құда болсақ, қыз бен баланы кемеліне келтіріп, екеуін қосып, бұл дүниеден өтсек, арманымыз қалмас еді-ау!»-деп армандайтын» «Алпамыс батыр» жырының кейіпкерлері: (Сарыбай, Байбөрі)


  • Алпамыстың тұлпарының аты: (Байшұбар)


  • Алпамыс батыр Байшұбар атты қалай таңдады: (Өзі таңдап, құйрығынан тартып тұрғызады)


  • «Адамнан есті жануар» деп ардақталатын, мыстанның арам пиғылын батырдан бұрын сезетін тұлпар: (Шұбар ат)


  • «Алпамыс батыр»жырындағы кейіпкер: (Құлтай)


  • Тортай, Құлтай, Байбөрі қай батырлар жырында кездеседі: («Алпамыс батыр»)


  • Мыстан кемпір қатысатын эпостық жыр: («Алпамыс батыр»)


  • Алпамыстың жау қолына түсуіне себеп болған жағдай: (Мыстан кемпірдің айласы)


  • Тайшық хан, Қаракөзайым, Кейқуат, Қараман атты кейіпкерлер кездесетін жыр: («Алпамыс батыр»)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы көрген түсін айтып жоруын сұраған ханның есімі: (Тайшық)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы қалмақ ханы: (Тайшық хан)


  • Тайшық хан алдап, қолға түсіретін батыр: (Алпамыс)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы қалмақ батыры Қараманның мінген аты: (Қара ат)


  • Алпамыстың батырлығының бірінші айқындалатын жері: (Қараманмен кездесуі)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы қалмақ батыры: (Қараман)


  • Алпамыс батырға көмек беріп, дос болатын қалмақ батыры: (Қараман)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршынды зорлық етіп алмақшы болған: (Қараман)


  • «Сансыз тұрған қалмаққа


Қылышын суырып алады.

Жолбарыстай ышқынып,

Шұбарға қамшы салады,

Тура келген қалмақты

Қақ маңдайдан шабады»,- деген үзінді: («Алпамыс батыр»)


  • Ұлтан құл қай жырдың кейіпкері: («Алпамыс батыр»)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы «күрек тісі кетпендей», «аузы ошақтай», «азу тісі пышақтай» деп суреттелетін кейіпкер: (Ұлтан құл)


  • «Алпамыс батыр» жырында әкім болып жұртты жеп жүрген «азамат»: (Ұлтан құл)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы Ұлтан көкпарға кімді тарттырмақшы: (Жәдігерді)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы:


«Аш бүгіліп жарағыр,

Жетім қалып жасыңнан

Мендей болып жылағыр,

Тарта бер, жұртым, тарта бер!»деген жолдардың иесі: (Жәдігер)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы сақау әйелдер: (Бадамша, Мапия)


  • «Алпамыс батыр» жырында «Ұлтан бегіме лайық өлеңді өзім айтамын» деген: (Бадамша)


  • Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген: (Тортай)


  • Алпамыс батыр өз елінеұзақ жылдан соң қандай бейнеде келеді: (Диуана)


  • ...Атса мылтық өтпеді,


Шапса қылыш кеспеді,

Суға салса батпады... Үзіндіде айтылып отырған батыр: (Алпамыс батыр)


  • Алпамыс батырды зынданнан Қаракөзайымның шығаруы себеп болған жағдай: (Қаракөзайымның ғашық болуы)


  • Алпамыс батырдың зынданнан шығуына көмектескен кейіпкер: (Қаракөзайым)


  • «Көрінеді осы адам,


От жалын боп көзіме.

Айналайын, құдай-ау,

Осы тұрған диуана

Жалғызымның өзі ме?!»- деген жолдарды кімнің кіммен тілдескенде айтқаны: (Гүлбаршынның Алпамыспен тілдескенде айтқаны)


  • «Алпамыс батыр» жырында Байшұбарды босатып алып шыққан: (Қаракөзайым)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы эпизодтық кейіпкер: (Кейқуат)


  • «Алпамыс батыр» жырындағы сиқырлы сыбызғышы, өнерлі бала: (Кейқуат)


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


написать администратору сайта