Главная страница

кок китап. 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар


Скачать 426.48 Kb.
Название1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар
Дата22.05.2023
Размер426.48 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакок китап.docx
ТипДокументы
#1149568
страница9 из 27
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

Үмбетей жырау


  • Бөгенбайдың, Қаракерей Қабанбайдың, Қаз дауысты Қазыбектің батыр Жәнібектің Баянның ерліктерін жырға қосқан «Бәкеге», «Жауқашарға» өлеңдерінде жаман қылықтарын сақтандырып жақсы қылыққа-адамгершілікке адалдыққа үндейді.


  • Үмбетей жыраудың қайтыс болған жері: Қазіргі Ақмола облысы Ерейментау ауданы.




    1. Толғаулары: «Бәкеге», «Жауқашарға», «Бөгенбай өліміне», «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту».


    2. Дидактикалық поэзияның әйгілі шеберлерінің бірі ретінде танылған, 1706-1778 жылдары өмір сүрген жырау [Үмбетей]


    3. Үмбетей жыраудың әкесі – Тілеу


    4. Жыраулық өнер жолындағы Үмбетей жыраудың алғашқы .ұстазы – Әкесі


    5. Үмбетей өнерден де, өмірден де дәрісті кімнен алған? (Әкесінен)


    6. Қайтыс болған жері - Ерейментау ауданы.


    7. Абылай хан тұсындағы қолбасы батырлар Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Баян , Сары


    8. Сағымбайдың ерліктерін өлеңге қосқан жырау - Үмбетей


    9. Баласын мақтар бас жаман,


    Қатынын мақтар қас жаман

    Алыстағы дұшпаннан

    Аңдып жүрген дос жаман - деген жолдарды айтқан - Үмбетей




    1. Үмбетей жырау жырға қосқан би - Қазыбек би


    2. Үмбетейдің елін жаудан қорғаған қайсар батырдың тарихи нақты бейнесін жасаған толғауы - Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту


    3. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту толғауының авторы - Үмбетей


    4. Үмбетей жыраудың арнау өлеңдерінің тізбесі: «Бөгенбайға», «Қабанбайға»


    5. Үмбетей жырау қай батырдың өлімін естірткен? (Бөгенбайдың)


    6. Үмбетей жыраудың толғауы – «Бөгенбай өліміне»


    7. Қалмақты қуып қашырдың ,


    Қара Ертістен өткізіп,

    Алтай тауға асырдың –деп Үмбетей жырау қай батырдың ерлігін айтқан? (Бөгенбайдың)




    1. Сол ерлікпен хан болдың ,


    Әлем асқан жан болдың - деген өлең жолдары «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту».




    1. Болмашыдай анадан


    Болат тудың Бөгенбай, - деп өз жырында Бөгенбайды қастерлейтін жырау (Үмбетей жырау)




    1. Мына өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен алынған?


    «Уа, Алатаудай ақшадан, асып тудың Бөгенбай», «Бөгенбай өліміне»




    1. Кісіні көрсең есікке


    Жүгіре шық, кешікпе,

    Қарсы алмасаң, мейманды,

    Кесір болар несіпке, - деген жыр жолдарының авторы: (Үмбетей, «Бәкеге»)




    1. Үмбетейдің елін жаудан қорғаған қайсар батырдың тарихи нақты бейнесі жасалған толғаукы: («Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту»)


    2. Үмбетей толғаулары («Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту», «Бөгенбай өліміне»)


    3. Үмбетейдің сүйсіне жырлаған батырлары: (Жәнібек, Баян, Бөгенбай, Қабанбай)




    1. Үмбетей жыраудың адамдықты ардақ тұтуға үндеген өлеңдері: «Бәкекеге», «Жауқашарға»


    2. Ұл он беске келгенше,


    Қолға ұстаған қобызың,... – деген өлең жолдары Үмбетейдің қай өлеңінен? («Бәкекеге»)

    Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) (1748-1819)

    Туған жері: Көкшетау өңірі.

    Тұңғыш өлеңі - "Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің".

    "Ата-ананың қадірін", "Жігіт туралы", "Жігіттің өзін білем дегені", "Жігітті

    жау алмайды ақылдассаң". "Әйел сыны"Қыздар туралы","Кәрілік тур

    "Кедейлік туралы". "Жастықты көксегені"Он бес деген жасым-ай", "Ету

    әнсасы екен", "Жаманға дәулет бітсе ауа айналар", "Екі арыстан жабылса

    өлтірер", "Айтайын бір аз кеңес" "Буд дүниенің мысалы". "Пасыл да пасыл,

    пасылман", "Арғымақ ат кімде жоқ", "Саясы жоқ бәйтерек", т. б.

    Бізге жеткен өлеңдері 1600 жолдан асады. Шал ақын - көркем поэзияның басы

    Оның өлеңдері жай баяндау емес - нақты өмірден алған ақиқат.

    Айтыстары: "Шал ақынның қызбен айтысы", "Бәйбіше мен Шал ақынның

    айтысы", "Шал ақын мен жігіттің айтысы" т. б.

    Шал ақынның шын есімі: (Тілеуке)

    • Жгіттер, гибадат қыл маған нансаң,

    Намаз оқы Алланы ойыңа алсаң

    Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген,

    Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң, - деген жолдардың авторы: (Шал ақын)

    Жаманға дәулет бітсе, ауа айналар,

    Жақсыға дәулет бітсе, бақ айналар, - деп адамгершілікті дәріптеген ақын:

    (Тілеуке Құлекеұлы)

    Бұл дүниеден өткен соң,

    Шын дүниеге жеткен соң.

    Кімнің жақсы-жаманын

    Бір жаратқан Хақ білер, - деген жолдардың авторы: (Шал ақын)

    • Шал ақынның ойынша, білім алған адамның парызы: (Халқына пайдалы

    қызмет ету)

    • "Кедейлік туралы" өлеңіндегі кедейлікті болғызбау жолдары: (1.

    Қайсарлық. 2. Талаптанып тұратын елгезектік. 3. Жалыаулықтан жирену)

    *** Шал ақынның толғаулары: (*"Бұл дүниенің мысалы"; *"Пасыл да

    пасыл, пасылман»); (*«Саясы жоқ бәйтерек»; *«Арғымақ ат кімде

    жок»)

    Шал ақынның өлеңі: (*"1 Бұл дүниенің мысалы")

    *** Шал ақынның әкесі: (*Белсенді рубасы; *Абылай ханның жақын

    cepiri)

    #Ақылы жоқ надандар,

    ic бітірмес жамандар», Шал ақынның толғауы: (*"Бұл дүниенің

    Мысалы")

    XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті

    Абыл Тілеуұлы (1777-1864)

    Абыл Тілеуұлы Өтембетов Маңғыстау түбегінің Бозащы мекенінде дүниеге келген.

    Өлеңдері: «Сүйінқара батырға», «Құлбарақ батырға», «Естірту», «Қайпалдыға айтқандары», «Кәрілік», «Арғымақ атта сын болмас», «Сексеннің біз де келдік жетеуіне» т.б.

    Айтыстары: «Балдай қызбен айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы» ,»Нұрымды сынауы», «Шерниязбен кездесуі»
    Шығармаларының негізгі арқауы- адамгершілік пен елдік, ерлікті дәріптеу, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсету.

    «Қырымның қырық батыры», жырын»Аңшыбай батыр» және оның ұрпақтары , «Қарадөң батыр және оның ұрпақтар», «Жеке батырлар» деген үш салаға бөліп жырлаған .40 батырдың ерліктері суреттелген бұл жырды кейде «Ноғайлы жырлары» деп те атайды. Жырдың кейбір үлгілерін В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов жариялаған. Көптеген шығармаларын 40-жылдары Сәттіғұл Жанғабылұлы қағазға түсіріп, ҚР Ғылым академиясының қолжазбалары қорына өткізген.



    • Абыл Тілеуұлының алғаш баспа бетін көрген толғауы: («Арғымақ атта сын болмас», 1924ж Ташкентте «Сана» журналы №2,3)



    Сүйінбай Аронұлы (1815-1898)

    Туған жері: Алматыға жақын жердегі қара қыстақ ауылының Бұлақ деген жері ;

    Өлеңдері: «Түс», «Бөрілі менің байрағым», «Әділетті к орнаса», «Ту алып жауға шапсаң сен», «Төрелерге», «Датқалар», «Болыстарға баға», «Үмбетәліге», «Бала Жамбылға бата», «Құсмұрын тастың үстінде», «Жақсы мен жаман адам қасиеттері», т.б.

    Айтыстары: Қарғамен айтысы, Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен.




    • Батыры Қарасайдай, ханы Абылайдай болған заманды көркем тілмен кестелеген ақын (Сүйінбай Аронұлы)


    • Сүйінбай Аронұлының 12-13 жасында шығарған өлеңі («Түс»)


    • Түсінде Қыдыр атаның батасын алған ақын(Сүйінбай)


    • Сүйінбайдың ақындық жолға түскен кезі:( 13-15 жасынан )


    • Сүйінбайдың ерлік пен елдіктің гимні іспетті өлеңі:(« Бөрілі менің байрағым»)


    • «Бөрілі менің байрағым


    Бөрілі байрақ астында

    Бөгеліп көрген жан емен».Үзіндінің авторы (Сүйінбай)




    • «Жақсы мен жаман адам қасиеттері» жырының авторы: (Сүйінбай Аронұлы)


    • Үзіндіден Сүйінбай өлеңінің негізгі тхүйінін анықтаңыз:


    Жаманның көкірегі көр, көз – соқыр,

    Жүрелік жолда тал түсте адасып –ай

    Жақсы адам қай жерден ажырайды,

    Жамандар- өтірікші , өсегі көп,

    Жалған сөзбен бықсытар ел арасын

    Жанбай қалған ағаштың шаласындай (Адамгершілік асыл қасиеттер)




    • Сүйінбайдың төрелердің парақорлығы, арсыздығы жайлы өлеңдері(Төрелерге, Үмбетәліге)


    • «Бала Жамбылға бата» өлеңінің авторы: (Сүйінбай)


    • Тезек төремен айтысқан ақын: (Сүйінбай)


    «Қырғимен ойнаған

    Ажалы жеткен торғайсың» -деп Сүйінбай ақын кімге айтқан? (Қатағанға)




    • «Сүйінбай-айтыс өнерінің алтын діңгегі» деген сөздің авторы (М.Әуезов)



    Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)

    Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы;

    Өлеңдері: «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу» , «Бұлбұл», «Жылдың төрт мезгілі», т.б.

    Жырлары: «Зархұм» үлгісінде «Абдолла бала» жыры, «Тотынамның» мазмұны




    • Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмір сүрген кезеңі: (1835-1898)


    • Майлықожаның «Қырғыз хрестоматиясына» енген өлеңі: («Ноғай мырзаға»)


    • Майлықожаның бірнеше толғаулары енген «Қырғыз хрестоматиясы» қай жылы жарық көрген? (1883ж Ташкентте)


    • Майлықожа шығармаларының негізгі идеясы: (Адамгершілікті дәріптеу)


    • «Абдолла бала» жырының авторы: (Майлықожа «Зархұм» үлгісінде )


    • Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғауы: («Ілімге толса көкірек»)


    • «Жақсы адам қартайса» толъғауын жазған ақын: (Майлықожа)


    • М. Сұлтанқожаұлының дастан –мысалдары: («Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Қасқыр», «Тотынама», «Шора батыр»)


    • Майлықожаның өлеңі: («Райымқұлға»);(«Ноғай мырзаға»)


    «Ақ тұйғын келіп ілінер

    Алдын жайып тарласа

    Арғымақ атта жығылар

    Алдын қағып торласа,»-деген Майлықожаның өлең үзіндісіндегі көркемдік ерекшелік: (Ассонанс)
    Зар заман ақындары
    Дулат Бабатайұлы (1802-1871)

    «Дулат –жыраулық мектептен шығып,ақындық мектепті күшейткен ақын.»

    «Дулат-қазақтың ұлы ақыны,ұлылықтың бастауы.» (Р.Сыздықова)

    Туған жері : Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Аягөз ауданы.

    Шығармашылығы: «Бірінші сөз», «Бараққа», «Ақтанға», «Сүлейменге», «Айтқызбасымды айтқыздың», «Алладан сұрап иманды», «атаны бала алдады», «тегімді менің сұрасаң», «Ата қоныс арқадан», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Сауыр жерден айрылып»(Аягөз қайда барасың?), «О,Сарыарқа , Сарыарқа»,т,б өлеңдері , «Еспембет» поэмасы .

    Дулат Бабатайұлы –қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті өткір сынаған реалистік бағыттағы ақын. Өлеңдері ,негізінен, саяси әлеуметтік лирикаға жатады.

    Өлеңдерінде ақыл-нақылдық сарын көптеп кездеседі, шыншылдық,сыншылдық , өткір сатира астасып жатады.

    Д.Бабатайұлы қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын: «Бір патшаның бір кезде», «Шымшық пен бөдене», «Сары шымшық », «Қара қарға » т.б.

    Д.Бабатайұлы өлеңдері «Өсиетнама » деген атпен Қазанда 1880 ж басылыпшыққан. Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы шамамен 1500 жолдай делінеді.




    • ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақын: (Дулат)


    • Абай өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттысы кім деп көрсеткен?

    Дулат Бабатайұлы)




    • Дулат Бабатайұлының өмір сүрген уақыты: (1802-1871(кей деректе 1874); ( 10 сынып .Қазақ әдебиеті.ЖМБ. 1871;ҚГБ.1874)


    • Дулат ақынның әкесі (Бабатай )


    • Семей облысы Аягөз ауданында туған, орыс отаршылардың зымияндық счаясатын әшкерелеген ақын: (Дулат)


    • Д.Бабатайұлының өлеңдері ,негізінен, қай лирикаға жатады? ( Саяси-әлеуметтік лирикаға )


    • Дулат поэзиясының алтын өзегі : (Отарлық езгіге қарсы күрес)


    • Дулаттың автомінездемесі берілген өлеңі: (Айтқызбасымды айтқыздың); Дулат ақынның автопортретін берген өлеңі: (Айтқызбасымды айтқыздың);


    • Д.Бабатайұлының туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қимас сезімін шабыттана жырлаған өлеңі: («Бірінші сөз»)


    • «Ел бүлдірген бегіңді ,


    Улы тілмен улаттым,»-деп жырға қосқан зар заман ақыны: (Дулат)




    • Бытырап ,азып-тозған ел,


    Бөдене емей немене?-деп береке-бірлікті сақтауға шақырған ақын: (Дулат Бабатайұлы)




    • Д.Бабатайұлының ел әкімдерін уытты тілмен өлтіре сынаған өлеңі: («Тегімді менің сұрасаң»)


    • «Менің атым-Байғыз қарт,


    Көзге түсер сиқым жоқ»,- деп жырлаған ақын: (Дулат Бабатайұлы

    Айтқызбасымды айтқыздың);




    • Барақ,Кеңесбай ,Сүлеймен сияқтыел әкімдеріне арнап өлең жазған ақын : (Дулат)


    • О,Барақ жас, Барақ жас,


    Жегенге тоқ, ішсең мас.

    Жақсы болса ұлығы-

    Өз елін жаудай таламас...Үзінді авторы: (Дулат)




    • Дулат Бабатайұлының би болыстарға ,әкімдерге арналған өлеңдер тізбесі :


    ( «Кеңесбайға», «Сүлейменге»)




    • Д.Бабатайұлының ел әкімдерін өлтіре сынайтын өлеңі: («Сүлейменге»)


    • «Жыршының аты жыршы ма,


    Әркімнің өлең жаттаса,

    Сөз -жібек жіп,жыр –кесте,

    Айшығы айқын көрінбес,

    Өрнексіз тігіп, баттаса...» Осы үзіндінің авторы: (Дулат , «Сүлейменге» өлеңінде)




    • Дулат Бабатайұлының қожа-молдаларды сынаған өлеңі: («Ешенге»)


    • «Жер кімдікі?»дегенде


    Аға сұлтан, қазылар

    Не деп жауап береді?- деген жолдардағы Дулаттың ойы: (Орыс пересендеріне қазақ жерін беруге қарсылығын көрсеткен)




    • «Датыңды айтсаң майырға,


    Сібірге кеттің айдалып.» Дулаттың осы өлең жолдарындағы дат,майыр деген сөздердің анықтамасы : (Майор және өтініш)




    • «Еркін жатқан қайран ел,


    Дәулетің бейне шалқар көл...

    Енді келіп қамалдың

    Орыс салған қамалға...»- деген өлең шумағының авторы: (Дулат)




    • «Жерге қарай мал бітіп,


    Малға қарай құт болмақ.

    Қонысынан мал тайса,

    Құты кетіп жұт болмақ.»-деген шумақтарының авторы: (Дулат)




    • Д.Бабатайұлының Ресейдің қазақ даласын отарлау саясатын әшкерелеген өлеңі : («Аягөз,қайда барасың ?»)


    • «Аягөз, сенің бойыңда


    Несібе ырыс тегіс қой.

    Сай-салаң толған жеміс қой.

    Қырың –малдың кіндігі,

    Ойың-өнім жеміс қой,»-деп жырлаған ақын : (Дулат)




    • Тауды екіге жарасың


    Тастың қашап арасын.

    Кесіп өтіп кезеңді,

    ...,қайда барасың?»- деп Дулат жырлаған өзен аты : (Аягөз)




    • «Тауды екіге жарасың,


    Тастың қашап арасын,»-деген жолдар Д.Бабатайұлының қай өлеңінде кездеседі? («Аягөз»)




    • «Тарбағатай тауынан


    Тоқсан сала қосылып,

    Тоғыз өзен түісіп,

    Ақтың төмен жосылып...» - деген үзінді алынған өлең : («Аягөз, қайда барасың?»)




    • Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» өлеңіндегі «сауыр» сөзінің мағынасы : ( Шөбі мол,шұрайлы жер)


    • Дулаттың өлеңі: ( Ақжайлау мен Сандықтас)


    • «Қаларсың бір күн,Сандықтас,


    Құлан жортпас бел болып.» Осы үзіндінің авторы: (Дулат)




    • «Аққан бұлақ сай-салаң,


    Шытырман тоғай айналаң,

    Жоның жайлау ,кең алаң,

    Атам қонған кең далам!» -деген үзінді алынған Дулаттың шығармасы :
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27


  • написать администратору сайта