Главная страница
Навигация по странице:

  • Басшысы Ж. Салихов Құрылған жылы 1917 жылы

  • Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері.

  • Әскери коммунизм саясаты

  • «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері

  • алғашқы сенбіліктер

  • Оның маңызы

  • Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру-Қазақстан шаруаларының трагедиясы. Ашаршылық демографиялық салдары.

  • Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам құқығының аяқасты етілуі.

  • Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары.

  • Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары


    Скачать 1.03 Mb.
    Название1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
    Дата17.01.2022
    Размер1.03 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих ответы экзамен .docx
    ТипДокументы
    #333098
    страница13 из 45
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45

    Партияның таралуы


    «Үш жүз» партиясы жарты жыл өмір сүрді. Ыдырау себептері: ұйымдастырушылықтың жоқтығы, партияның көптеген мүшелерінің идеялық тұрақсыздығы, тәртіптің нашарлығы, ішкі саяси күрес. Осылайша, партияның белгілі бір бөлігі Төгісовке қарсы партияның пайдасы үшін бай элементтерден салықтарды заңсыз жинауда көрініс тапқан, түрлі қызметтік теріс пайдаланушылықтарда айып тағылды. 1918 жылғы 11 мамырдағы кеңестердің Батыс-Сібір Комитеті президиумының мойындауынша, партия төрағасы Төгісовтің және оның жолдастарына «тергеу барысында айтарлықтай дәрежеде растау алған жоқ». Бірақ екінші рет Батыс-Сібір кеңесі үкімін шығара алмады. Көп ұзамай билік контрреволюциямен басып алынды, олар 1919 ж.Наурызында оны және Омбы, Петропавл және Александр каторж түрмелеріндегі «Үш-Жуз» партиясының басқа да басшыларын жойды. Бірақ осы қиын жылдарда Қазақстандағы саяси күштердің орналасуы қандай болмаса да, олардың барлығы қазақ мемлекеттілігін құруға өз үлестерін қосты.

    Шура-и-Ислам партиясы


    Басшысы

    Ж. Салихов

    Құрылған жылы

     1917 жылы

    Таралған жылы

    көктем 1918жыл

    Штаб-пәтері

    Петроград

    Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Бүкілресейлік мұсылман съезінің өткізіліп, онда Бүкілресейлік мұсылман кеңесінің құрылуына “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ” қолдаушылық танытты. Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесімен тығыз байланыста болып, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қызу әзірлік жұмыстарын жүргізді. Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің бар билікті қолына алуға талпынуына қарсылық көрсетіп, Түркістан автономиясының жариялануын жақтады.  Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады.1917 жыл 14 наурызда Ташкентте құрылған. Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан саяси ахуал жағдайында Түркістан өлкесі мұсылмандарының іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында олардың арасында ағартушылық жұмысын жүргізе түсу керек деп санаған “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ ” ұйымының 15 адамнан тұратын басқармасы болды. Оның құрамына Абувахид Қари, Мүнауар Қари, К.Бобоходжаев, У.Ходжаев, К.Төгісов, т.б. қайраткерлер енді. “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ ” ұйымы Түркістан өлкесіндегі көптеген елді мекендерде өз бөлімшелерін ашты. Соның ішінде Қазалы қ-нда “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ ” ұйымының ашылуына Төгісов ат салысты.  Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді. 1918 жылы көктемде кеңестік биліктің шешіміне орай “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ.” ұйымы заңнан тыс деп жарияланып, таратылды.

    Шуро-и-улемия

    1917 жылы 21-31 маусымда Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің шешімімен Қазанда (мұсылман дін басыларының (улема) және мұсылман әскерлерінің съездерімен қатарлас) ІІ Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өтті.
    Форумға барлық мұсылман халықтарынан 260-тан аса делегаттар қатысты. Түркістаннан түркістандық әскери ұйымның[8] (1917 жылы сәуірде құрылған) өкілі Сабыржан Юсупов және Убайдулла Хожаев қатысты, ол съезд Төралқасына сайланды және Түркістандағы саяси-экономикалық ахуалды талдауға арналған баяндама жасады. Онда Убайдулла Хожаев мынадай көкейтесті мәселелерге жете тоқталды: мақта мәселесі, Жетісу оқиғалары, ақпан революциясы және Түркістан, жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері, өлкенің мұсылман халықтары және т.б.

    Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біраз бөлігі “ Шуро -и-Улема” ұйымының бой көтеріп, қоғамдық өмірге араласуын Уақытша үкімет жағдайында өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының талап-тілектерін жүзеге асыруда кедергі келтіреді, осы мақсат жолында ұлттық саяси күштердің бірлесе әрекет етуге деген талпынысының тежелуіне, олардың ара- жігінің ажырай түсуіне әкеліп соқтырады деп санады. Мұндай пікір “ Шуро -и-Улема” ұйымының   Түркістан   өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесінің шешімдеріне мойынұсынбауына және “ Шуро -и- исламия ” ұйымымен қатынасының шиеленісуіне байланысты туындады. Ташкент қаласының   думасы сайлауы кезінде “ Шуро -и-Улема” “ Шуро -и- Исламия ” ұйымының басты бәсекелесіне айналып, жеңіп шықты. Ташкент қаладумасына ұсынылған “ Шуро -и-Улема” тізімінде   Самарқанд облысының   бұрынғы әскери губернаторы Лыкошин секілді өкілдер де бар еді. Қалалық думаға ескі билік шенеуніктерінің ұсынылуы ұлттық демокругі күштердің ғана емес, өлкедегі еуропалық тұрғындар арасында кең қанат жайған либералды және солшыл радикалды топтардың да наразылық білдіруіне алып келді.


    1. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері.


    Азамат соғысының салдарлары:1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Әскери коммунизм саясаты:Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері:1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті.


    1. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру-Қазақстан шаруаларының трагедиясы. Ашаршылық демографиялық салдары.


    1927 жылы партияның ХҮ съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді.

    1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады.

    Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады.

    Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады.

    Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті.

    Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды.

    Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды.

    Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.

    1. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам құқығының аяқасты етілуі.

    Адамзат тарихының сан мың жылдық тарихында билік жүргізген сан алуан қанішерлер мен қанқұйлы жендеттер болған. Алайда ХХ ғасырда жүзеге асырылған тоталитаризм зұлматындай қасіретті адамзат тарихы білмейді.


    ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам қырылып-жойылыпты. Солардың 110 миллионы немесе үштен екісі, комму­нистік бағдардағы елдердің үлесіне келеді.
    ХХ ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген, коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен тоталитарлық мемлекетті тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан болған.
    Осынау жазықсыз жандарды ажалға ұшыратып, қабірлер үстінде социализмді толық жеңіске жеткізіп, тоталитарлық мемлекет құрған Сталиннің тоталитарлық теорияны өзі ойлап таппағандығы белгілі. Тоталитаризм теориясының тамыры өте тереңде жатыр, ол ғасырлар қойнауынан бастау алады. Сталин - тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бір қатарда оны дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті.
    Ленин мен Сталиннің билігі кезінде контрреволюциялық әрекетте айыпталып 3 777 380 адам сотталып, олардың ішінен 642980 адамға өлім жазасы қолданылды, 25 жылдан төмен мерзімге 2 369 220 адам түрмелер мен лагерь-колонияларға қамалды, 776 180 адам жер аударылып, сүргінге жіберілді. Контрреволюциялық әрекетте айыпталғандардан 2 900 380 адам соттан тыс жазаланып жапа шекті. Сталин шын мәнінде қара шекпенді Ресейге ауыстыра салынған Рим императоры іспетті еді: ол Ресейді өзіне бағындырып, Рим сияқты орасан зор империяны құрып алды, бірақ мұнда, оның өзімен қоса, еркін адамдар болған емес. Оның империясы түп-түгел маркстік-лениндік идеяның құлақкесті құлдарынан тұратын. Бухарин оны «Марксті оқыған Шыңғысхан» деуші еді, ал, шындығында, ол одан гөрі көңіл көтеруге, театрға, аярлыққа, кісі өлтірушілікке құмар Неронға көбірек ұқсайтын.
    1929 жылы Сталиннің нұсқауымен КСРО аумағы бойынша еңбекпен түзеу лагерьлерін көбейту мақсатында арнайы жоспар жасалды. Бұл лагерьлер жөнінде 1930 жылы 7 сәуірде жоба қабылданды. 1920-30 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай құрыла бастады. Қатал мақсаттағы Орталық Соловецк лагері «ұлы» көсеміміз В.И.Лениннің ұсынысымен 1918 жылы құрылғанын ескерер болсақ, онда АРХИПелаг ГУЛАГ-тың бастаушысы Ленин көкеміз болады да шығады. Соловки лагері 1918 жылдан бүкіл КСРО құрылымының ГУЛАГ-тік басқару жүйесінің үлгісін жасап берді. Соловки арал лагері айналасы теңіздермен қоршалса, КСРО-ның айналасы темір тормен қоршалды. Міне, Социалистік Республикалар Одағын құрмас бұрын лагерьлік басқару жүйесін оқып, тану жұмыстары осылайша қатаң жүргізілді.
    №1 чекист Ф.Э.Дзержинский болса, №1 әскери ревком Л.Троцкий болды. Ал бұл жүйелердің нөмірі бірінші саяси басшысы В.И.Ленин екені белгілі. Ал оның ұлттар арасындағы басшысы Лениннің сенімді серігі И.Сталин болды. Бұл орындардан белгілі дәрежеде үміті барлар Каменов, Рыков, Зиновьев, Бухариндер болды.
    Бұлардың бәрі кезінде патша түрмелерінде отырған, белгілі саяси көзқарасы, білім-жігері бар әккі революционерлер еді. Революционерлер дегеніміз төңкерісшілер деген ұғым бере отырып, ол саяси мәнге ие болды. Коммунистік партияның көсемдері дегеннің бәрі Ресей патшалығы кезінде саяси көзқарасы үшін шетелдерде қашып жүрді. Болашақ үкіметті алу үшін шетелден ақшалай көмек алды. Қару-жарақты ұстап қалу мақсаттарында большевиктердің үлкен тобы жұмысшы-солдаттар арасында саяси жұмыстармен айналысты.
    Түрмелік «көсемнен» пролетариат көсеміне дейін өскен утопиялық со­циализмнің авторы В.Ленин «Дүние­жүзінің пролетарлары, бірігіңдер!» деп дүниежүзілік билік жүргізудің лагерьлік жүйесін жасады. Мұның жеңісін де, жеңілісін де қоғамдық өзгеріс өзі-ақ көрсетіп берді. Қысқаша айтқанда, Соловки арал лагері - КСРО-ны басқару­дың лагерьлік жүйесінде «көрнекілік» роль атқарды.
    Қолындағысын күштеп тартып алу, аштан өлтіру, тілді ұмыттыру, ассимиля­цияландыру, дінсіздендіру, соғыс қа­руларын сынау, интернационалдандыру секілді жеті түрлі мақсат Соловки аралында арнайы қолданылған болатын. Мұның әкелген сорақылығы көп еді.
    Еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихын зерттеуде маңызды орынды одақтық дәрежеде көлемді деректер жинақтаған Ресей Федерациясы мемлекеттік мұра­ғаты алады. Бұл мұрағатта КСРО ІІХК (НКВД) - ІІМ Лагерьлер Бас Басқармасы (ГУЛАГ) жүйесінің мұ­рағаты құжаттары сақталған. Лагерьлер Бас Басқармасы Кеңес өкіметінің ең үлкен құрылымдарының бірі болды. 1940 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Лагерьлер Бас Басқармасы 53 лагерьден, оның көптеген бөлімшелерінен, республикалық, өлкелік, облыстық еңбекпен түзеу колонияларынан (170 өндірістік, 83 ауылшаруашылықтық, 172 «контрагенттік», сонымен қатар басқа ведомстволардың шаруашылықтары мен құрылыстарында жұмыс істейтіндер) және жасөспірімдерге арналған 50 колониядан тұрды. («Социологические исследования», 1991, №6, с.10-11).
    «Аргументы и факты» газетінің анықтамасына және 1940 жылғы 1 наурыздағы ГУЛАГ ақпаратына назар аударсақ, мынандай мәлімет аламыз.
    ГУЛАГ тұтқындарының саны - 1 668200. Олардың 352 мыңы - еңбек­пен түзеу колониясының жалпы режимінде отырғандар. 192 мыңы - колонияның өндірістік және ауыл шаруашылығы жұмысына тартылғандар. Бұлардың 28,7%-ы - контрреволюция ұйымындағылар, 5,4%-ы - өте қауіпті қылмыскерлер, 12,4%-ы - саудагерлер, 9,7%-ы - ұрлықшылар, 9,7%-ы - басшы аппарат қызметкерлері, 1,5%-ы - социалистік меншікті талан-таражға салушылар да, 2,7%-ы әртүрлі қылмыс түрлері деп көрсетілген. Алайда тарихшы Рой Медведевтің зерттеуі бойынша, ГУЛАГ тұтқындарының саны 66 миллионнан асып жығылған.
    1930 жылдан 1953 жылға дейін контрреволюциялық іс-әрекеті үшін сотталған 3 778 254 адамның 786098-і бірден атылған (ГАРФ, ф. 9414, оп.1, д.129, л.42).
    ГУЛАГ-тың Кеңес Одағында үлкен «империялық» беделі болды. 1934 жылдан саяси көзқарасы үшін сотталғандарды тәрбиелейтін тағы 10 лагерь КСРО-ның теңіздеріндегі адам аз тұратын аралдарда құрылды. Бірде-бір лагері жоқ екі-ақ республика болды. Олар - Армения мен Грузия. Біз біртұтас ГУЛАГ кеңістігінің өзімізге қатысты КАРЛАГ аумақтық бөлігін алып қарайық. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері ГУЛАГ-тың бөлінбес филиалы ретінде кең-байтақ Қазақстанның аумағында орналасты. Бұл лагерьді сталиндік тоталитарлық жүйенің Қазақстандағы Соловкиі деуге болады. Бұл лагерьдің орталығы - Долинка поселкесі еді. Мұнда Қазақстан мен Орта Азиядағы өндірістік- шаруашылық, әскери-ведомстволық, жазалау-тәрбиелік пульті орналасты. Бұл лагерьдің бастығы өкімет құрамына енгізілді де, басқару жүйесі Мәскеудегі лагерьлер Бас басқармасына бағынды.
    Бұл Бас басқармаға әскери трибу­налдық жазалау жүйесі де бағынды.
    1931 жылдың 1 шілдесіндегі ақпаратқа қарасақ, КАРЛАГ-та 21 323 тұтқын 47 ұлттардан құралыпты. Олардың 2276-сы - кулактар, 5307-сі - орташалар, 5140-ы - кедейлер, 506-сы - батырақтар, 2864-і колхозшылар екен.
    1929-1933 жылдар арасында Қазақ­стан ОГПУ-ының мәліметі бо­йынша, 22933 адамның ісі 9805 іс бойынша қаралып, олардың 3386-сы ату жазасына бұйырылған. 13151 адам 3 жылдан 10 жылға дейін концлагерьге жіберілген. Екі жылдың ішінде КАРЛАГ тұтқындарының саны 20262-ге жеткен. 1936-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргінде КАРЛАГ тұтқындарының саны тіптен көбейе түсті. 1936 жылдың өзінде 39 мың адамға жеткен.
    КАРЛАГ тұтқындарының көбеюі табиғи құбылысқа айналды да, мұндағы тұтқындар саны әркез әрқалай көрсетілуі құпияға айналды. Себебі келген адамдар саны көрсетілмейтін, туыс-туғандарына хабарланбайтын.
    КАРЛАГ-тағы тұтқындар адам айтқысыз қатты жазаланған. Осындай қиындыққа наразылық білдіргендер бас көтеріп отырған. Мұнда 1939 жылы халық жауы ретінде екінші рет сотталғандар көтеріліске шыққан. Олардың 349-ы үш жылға, 68-і бес жылға, 18-і сегіз жылға, 105-і он жылға қайта сотталған. 9 адамға ату жазасы берілген (Бұл да сонда, 157-бет).
    1917 жылдан бергі күллі Кеңес тарихы толып жатқан адам құқығын бұрмалаушылықтарға, ол - ол ма, кей реттерде ашықтан-ашық жасалған тұқым құртушылық (геноцид) көріністеріне толы. Солардың ішінде - миллиондаған шаруалардың өмірін қиған, көптеген ұлттардың тұқымына зардабы тиген 20-30-шы жылдардағы ұжымдастыру туғызған аштық, мүлде жазықсыз жандарды жаппай атып-асумен түрмелерге қамау, Сталинге жақпаған тұтас халықтарды «күмәнді» және «жаулық пиғылда» деп жариялауда жатыр.
    Сонау өткен ғасырдың соңында Ре­сейден, Украинадан, басқа да аймақтар­дан Қазақстанға өздері ойлағандай бос жатқан жерлерден дәмелі көптеген қоныс аударушылардың ағылып келгені белгілі. Бұл лек ешқашан тыйылған емес, алайда ХХ ғасырдың алғашқы он жылында сталиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып оты­рды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі жат елде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып, осында мәңгіге қоныстанып жатты. Сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын-ырғасы 1 миллион 200 мың адамнан асады. Сөйтіп, ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алынған бай-құлақ жер аударылған еді. Соғыстың алдыңғы жылдары түрлі республикалардан өнеркәсіп құрылысын жүргізу сылтауымен тағы да 1 миллион 200 мың адам қоныстандырылды.
    Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы көбінесе жүйеге қас деген жалған желеумен жіберілетін адамдарды, сондай-ақ қылмыскерлерді айдайтын орынға айналды. Мұнда түрмелердің, лагерьлердің және күштеп қоныстандыруға арналған орындардың тарам-тарам жүйесі жасалды. Қазақстанда қанша қамалғандардың, айдалумен әкеліп қоныстандырылғандардың болға­нында қисап жоқ. Олардың сан мыңы өмір сүрудің қиыншылығына шыдамай дүниеден өтті немесе көпшілігінің көзін жазалау-қудалау аппараты құртты.
    Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда» деген жөн-жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары қолға алынды. Бейбіт жатқан, бейкүнә жандарды тығыз-таяң жүк вагондарына тиеп, біздің далаға жөнелтіп жатты. Оңдаған мың күштеп қоныс аударылған адамдар осындай тағылық айдаудың салдарынан аштықтан және дерттен дүние салды.
    Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, КСРО-ның Ба­тыс аймақтарынан 100 мыңнан аса по­ляк, Терістік Кавказдың 500 мыңнан ас­там тұрғыны күштеп қоныстандырылды. Қазақстанға күштеп көшірудің қара да­уылын Қырым татарларының, гректер­дің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да Кеңес халықтарының өкілдері бастан кешті.
    Ресми деректер бойынша, сол кезде Қазақстан жұрты 1,5 миллионнан астам адамға көбейген екен. Соғыс кезінде 350 мыңнан астамның әкелінгені анық.

    Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қосты. 1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.

    Жазалау шараларының құрбандары:

    • Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А. Байтұрсынов;

    • Тілші ғалым, профессор – Қ. Жұбанов,

    • Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы – С. Асфендияров,

    • КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М. Төлепов т. б.

    Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологисясының зардаптары:

    • Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға бағытталды

    • Ұлттық зиялылардың көрнекті өкілдерін қырып-жойды
      101 мың қазақстандық ГУЛАГ-қа жабылып, 27 мыңы атылды. «Халық жауларының» 40 мыңы ақталды.

    Сталиншілдіктің басты қылмысы:


    1. Әміршіл-әкімшіл жүйені қолдану.

    2. Лагерьлер жүйесін құру.

    3. Халықтарды күштеп көшіру.

    4. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу.

    Депортация латынша deportatio — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.

    1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:

    • этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шекараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»).

    • әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.

    • саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.

    Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь капастарына қамалды.

    Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20—30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты.

    Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.

    1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.

    70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.

    Күштеп қоныстандырудың зардабы өлшеусіз еді, оны басынан өткізгендер ешқашан ұмытпайды. Бұрын емір сүрген жерлерінде олар барлық дүние-мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды», оның ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды мал тасыйтын немесе тауар тасыйтын вагондармен әкелді. Егер жауапты адамдарға болмашы ғана наразылық білдірген жағдайда, сол жерде, тіпті пойыз жүріп келе жатып немесе аялдаған жерде, жазалайтын болған. Қазақстанда қоныстанушылар бос қалған мешіттерге, ат қораларға, шошқа қораларға, қоймаларға орналастырылып, мұндай орындар да жетпей қалғандары ашық аспан астында өздеріне жертөлелер қазып алды. Қоныстанушылар арасында эпидемиялық жұқпалы аурулар — іш аурулары, қызылша, дизентерия кең тарап, оба және тырысқақ аурулары, бит басу күшеиіп кетті. Климаттың күрт ауысуы, өте ауыр тұрмыс жағдайы, нашар тамақтану, антисанитарлық жағдайда емір сұру қоныс аударушылар арасындағы өлімді кебейтіл жіберді. Бұл женінде ІІХК-ның қызметкерлерінің қүпия мәліметтерінде: «Мұндай жағдайға жеткізуге болмайды, бұл — қылмыс», — деп жазған. Мұндай жағдайды жылқылар да көтере алмаған, сол себепті ІІХК қызметкерлері жұмыс істеу үшін әлдеқайда төзімді өгіздерді жіберулерін сұраған* Депортациялық саясаттың қатал жағдайында Қазақ жеріне ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген халықтардың жан сақтауы тек қазақ халқының туысқандық көмегінің арқасында ғана мүмкін болд. Қазақ халқы аштық нәубеті мен саяси қуғын-сүргін қасіретін басынан өткерсе де, басын қауіп-қатерге тіге отырып, қолындағы соңғы нанымен бөлісіп, тағдыр тәлкегіне түскен халықтарға ең қиын сәттерде қол ұшын беріп, баға жетпес көмек көрсетті. Зорлықпен көшірілген халықтар қилы заманда қазақ өлкесінен пана тауып ғана қойған жоқ, бастарынан қиыншылықтарды бастан өткізе отырып, өздері және ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты. Олар өздерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, көп ұлтты Қазақ өлкесінен өзіне лайыкты орын тапты.

    1. Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптары.
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45


    написать администратору сайта