Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Көтерілістің Жетісудағы орталығы1916 жылғы ұлт–азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от–жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12–сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16–сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында болды,тамыздың 8 – нде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жартысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патша әкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды. Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді. Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың 12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды. Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары құрылды. Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерілісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады. Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-иулемия» және т.б Саяси партия – мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі. 1905 жылғы 6 тамызда жарияланған манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары Дума жұмысына белсене араласу арқылы үкіметтің Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесіне ықпал етуге болады деп түсінді. Бірақ сайлау қарсаңындағы қазақ қоғамында Думаға депутат ұсына алатын өз бағдарламасы бар саяси партия жоқ болатын. Уақыттың тарлығына байланысты және баска даярлыктың жоқтығын түсінген ұлт зиялыларының басым бөлігі ресейлік конституциялық демократиялық партияның (кадеттер) бағдарламасын мойындап, қазақ облыстарында осы партияның бөлімшелерін құрып, осы ұйымның атынан депутаттыққа түсті. Большевиктер басқарған Коминтерн жəне оның халықаралық аренадағы саясаты1919 жылдың 4 науырызында Мəскеуде өткен коммунистік жəне солшыл социалистік партиялар мен топтардың халықаралық конференциясы III Интернационалдың құрылуы туралы ресми түрде жариялады . Коммунистік Интернационал деп аталған Халықаралық ұйымның пайда болуы, халықаралық жұмысшы қозғалысында жаңа тарихи кезең бастады. Шын мəнінде Коминтерн тарихы халықаралық жұмысшылар қозғалысының алғашқы кезеңінен басталды. Жаңа халықаралық ұйым бір кезде К.Маркс жəне Ф.Энгельс құрған жұмысшылардың халықаралық ұйымы — Коммунистер Одағы I Интернационал жəне II Интернационалдың мұрагері ретінде құрылды. Бірақ, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Ресейде билікке келіп, Кеңес мемлекетін құрған большевиктер енді өздерін халықаралық революциялық қозғалысты басқаратын күш ретінде көрсете бастады. Сондықтан Коммунистік Интернационал большевиктердің платформасында құрылды, ол туралы большевиктер партиясының көсемі, Кеңес үкіметінің басшысы В.Ленин: «Большевизм шын мəнінде пролетарлық жəне коммунистік қозғалысқа сүйенген, революциялық жаңа дəуірдің басталу тəжрибесін қолданып, III Интернационалдың идеялық жəне тактикалық негіздерін қалады», — деп көрсетті . Большевиктердің жетекшісі В.И. Ульянов (Ленин) өзінің ұстазы Карл Маркстің ілімін барынша насихаттаумен болды. Ресейде К.Маркс пен Ф.Энгельстің «жеңімпаз» ілімі кеңінен дәріптелді. Есімізге түсірейікші, Мәскеу және басқа да ірі қалалардағы алып ескерткіштер 1920 жылдары марксизм классиктері – Карл Маркс пен Фридрих Энгельске орнатылған жоқ па?.. Соғыстың ауыртпалығы мен кеңселік тауарлардың тапшылығына қарамастан, «Коммунистік партияның манифесі», большевиктік рухтағы шығармалар миллиондаған данамен баспадан шығып жатты. Жаңа қоғам орнатуда большевиктер табандылық көрсетті, яғни бастаған істерін аяғына дейін жеткізбей қоймайтын. Ресейдің ескі мемлекеттік құрылысы қиратылды. Бірақ кейінгі оқиғалар көрсеткендей, «социалисті»к жүйе тиімсіз болып шықты. Себебі, 1917-1919 жылдардағы сайлау, сөз, баспасөз бостандығы шектелді, оларға қатаң тыйым салынды. «Пролетариат диктатурасын орнатушылар» алғашқыда партиялық басшылықты, кейіннен жеке басқа табынуға және көсемдерін асыра дәріптеуге кірісті. Олар балама партиялардың жетекшілерімен (кадеттер, монархистер, алашордашылар) жақындасқан жоқ, тіпті 1918 жылы үкіметтік коалицияның серіктестері – солшыл эсерлермен аяусыз есеп айырысты. Большевиктерге тірек болған жұмысшылардың өзі – жаппай саяси қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық, қырып-жою сияқты жазалаулардан сырт қалмады. Оған 1918-1921 жылдардағы Бүкілресейлік Төтенше Комиссияның хаттамаларын, ұлттық аймақтар мен орталықтағы Мәскеу, Питер жұмысшыларының ереуілдерін басып-жаншу туралы құжаттарды қарасаңыз, анық көз жеткізесіз. Мысалы, (1918) бір жылдың ішінде 850 000 адам Петроградты тастап кеткен, бұл бұрынғы қала халқының жартысын құрайды екен. 1919 жылдың көктемінде Петроградта Путилов заводының 10 мың жұмысшысы ереуілге шықса, соның 200-ге жуығы бірден ату жазасына кесілген, жүздеген жұмысшылар тұтқындалған. 1918-1920 жж. азамат соғысында Мәскеу тұрғындарының саны 40 %-ға қысқарған. Сондай-ақ, 1920 жылы революциялық трибунал 3 666 теміржолшыларды айыптап, бір жыл ішінде соттап жіберген. В.Ленин жəне т.б. большевиктер көсемдері құрған III Коммунистік Интернационал (Коминтерн) XX ғасырдың бірінші жартысында белгілі халықаралық ұйым ретінде көптеген жұмыстар атқарды. Сондықтан оның тарихтағы рөліне тоқталғанда, біз мынандай басты факторларды атап кетуіміз керек. Кеңестік Ресей большевиктері құрған Коминтерн халықаралық аренада солардың саясатын жүргізген белгілі ұйым болды. XX ғасырдың 20–30-шы жылдары Коминтерн өзінің конгрестерінің шешімдері бойынша көптеген елдерде коммунистік ұйымдар мен партиялар құрып, сол мемлекеттерде жұмысшы жəне коммунистік қозғалыстарды ұйымдастырушысы ретінде көрінді. Коминтерншілер саяси насихат жұмысымен қатар, бірқатар елдерде большевиктердің дүниежүзілік революция концепциясына сүйеніп, жұмысшылар көтерілістерін жəне революцияларды ұйымдастыруымен болды. Коминтерн КСРО басшылығының тапсыруымен көптеген мемлекеттерде таптық күресті қоздырып, оларда социалистік идеологияны таратты, осындай жұмыстың негізінде капиталистік мемлекеттердегі еңбекшілерді заңды үкіметтеріне қарсы айдап салумен болды. Шын мəнінде, Коминтерн осындай əрекеттерімен сол кездегі халықаралық аренада революцияны экспорттау саясатын белсенді жүргізді, оның ішінде үгіт-насихат жұмысы, социалистік идеологияны тарату, кейбір жағдайларда арандатушылық əрекеттері де орын алды. Сонымен қатар Коминтерн мектебінен өткен бірқатар қайраткерлер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған бірқатар социалистік мемлекеттерді басқарып, КСРО басшыларының бағытында саясат жүргізді. Конституциялық – демократиялық партия, кадеттер, “Халық азаттығы” партиясы – 20 ғасырдың басындағы Ресейдегісаяси партия. Оның 1-ұйымдасу съезі Мәскеуде 1905 жылы 12 – 19 қазанда өтіп, партияның бағдарламасы мен жарғысын қабылдады. Конституциялық – демократиялық партиясының теоретиктері болып табылатын П.Н. Милюков, С.А. Муромцев, В.М. Гессен және С.А. Котляревский қоғамдық дамудың ең тиімді жолы ұтымды ұйымдастырылған капиталистік шаруашылық деп есептеп, күш қолдану арқылы жасалатын кез келген әлеуметтік төңкеріске қарсылық танытты, қоғамның эволюциялык жолмен дамуын жақтады. Партия бағдарламасының өзегі мемлекеттік билікті реформалауға, шексіз самодержавиялық билікті конституциялық монархиямен алмастыруға негізделді. Англиядағы секілді “Король патшалық ететін, бірақ басқармайтын” парламенттік монархия құру Конституциялық – демократиялық партияның басты мұраты болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бір-бірінен бөлуді, сондай-ақ, осы билік тармақтарының Мемлекеттік думаның алдында жауапкер болуын жақтады. Демократиялық бостандықты (сөз, баспасөз бостандығы, ұйымдар құрып, жиналыстар өткізуге еріктілік), адамдардың азаматтық және саяси құқықтарының қатаң сақталуын талап етті. Мемлекеттік құрылыстың унитарлық үлгісін, яғни Ресей империясының тұтастығын жақтай отырып, халықтарға ұлттық-мәдени автономия беруін ғана қолдады. Сондай-ақ, Конституциялық – демократиялық партия бағдарламасында барлық Ресей азаматтарының нәсіліне, ұлтына, дініне және жынысына қарамай заң алдында тең құқықты болуы аталып көрсетілді. Жер мәселесі бойынша жердің жеке меншікте болуы жақталды. Конституциялық – демократиялық партия Ресей империясының барлық аймақтарына земствоның енгізілуі нәтижесінде жергілікті жерлерде халық өзін-өзі басқаруға қол жеткізуі керек деп есептеді. Осындай мақсаттарды алдына қойып отырған Конституциялық – демократиялық партияға қазақ саяси элитасының ден қоюшылығы Бірінші мемлекеттік думаға сайлау науқаны таяп қалған шақта арта түсті. Қазақ саяси элитасы патша өкіметіне белгілі дәрежеде оппозияцияда болған Конституциялық – демократиялық партиясының қолдауына сүйенетін, Конституциялық – демократиялық партия үлгісіндегі жалпыұлттық саяси партия құруды көздеді. Оған 1905 жылы қарашада “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының” құрылуы дәлел бола алады. Бұл партияның бағдарламасында алға қойылған міндеттердің көпшілігі Конституциялық – демократиялық партиясының талап-тілектерімен үндесіп жатты. Мұндай жағдай империядағы бүкіл мұсылман халықтарын азаттық күресте тұтас бір майданға біріктіруді көздеген “Ресей мұсылмандары одағы” партиясына да тән болды. Қазақ саяси элитасы арасында Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, С.Жантөрин, Ж.Сейдалин, М.Тынышбаев Конституциялық – демократиялық партияның мүшесі болды. Бөкейханов Конституциялық – демократиялық партияның ОК-і құрамына кірді. Дала облыстары мен Түркістан өлкесінде партияның жергілікті бөлімшелері ашылды. 1906 жылдың соңына қарай партия мүшелерінің саны 100 мыңға жетті. Бірінші және екінші Мемлекеттік думада қазақ депутаттары мұсылман фракциясы құрамына кіріп (кадеттер фракциясына Тынышбаев қана тіркелді), онда Конституциялық – демократиялық партиямен бір блокта болды.Конституциялық – демократиялық партия мүшелерінің ұйымдастыруымен “Выборг үндеуіне” қол қойылды. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Конституциялық – демократиялық партия соғысты жеңіске жеткенше жүргізуді қолдады, патша үкіметінің соғысты сәтсіз жүргізіп отырғанына наразылық білдірді. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Уақытша үкіметтің және оның жергілікті билік орындарының құрамында Конституциялық – демократиялық партияның мүшелері басымдылық танытты. 1917 жылы наурызда болған Конституциялық – демократиялық партия съезінде Бөкейханов сөз сөйлеп, қазақ халқының жер мәселесін көтеріп, оның дұрыс шешілу керектігін алға тартты. Осы съезде Ресейде республикалық құрылыс орнату бағдарламасы ұсынылды. Шілдеде елдегі дағдарысқа орай Конституциялық – демократиялық партия мүшелерінен тағайындалған комиссарлар (министрлер) Уақытша үкіметтен кетіп, тамызда құрылған коалициялық үкімет құрамына қайта кірді. Бірінші жалпықазақ съезінен кейін Бөкейханов Конституциялық – демократиялық партия құрамынан шығып, съезд шешіміне орай жалпыұлттық “Алаш” партиясын құру жолына кірісті. Ол өзінің Конституциялық – демократиялық партия құрамынан шығу себебін “Қазақ” газетінде жарияланған “Мен кадет партиясынан неге шықтым?” деген мақаласында жан-жақты түсіндіре отырып, оның Конституциялық – демократиялық партияның жер, дін және ұлттық автономия мәселесі бойынша ұстанған бағытына байланысты екендігін айтады. Корнилов бүлігі кезінде Конституциялық – демократиялық партия мүшелері Уақытша үкімет құрамынан шықты. Конституциялық – демократиялық партия басшыларының көпшілігі эмиграцияға кетті. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Конституциялық – демократиялық партияны халық жауларының партиясы ретінде айыптады. Алаш партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық съездің шешіміне байланысты құрылған еді. Бұл съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана, облыстарынан және Бөкей ордасынан делегаттар қатысқан. Съезде қаралған 14 мәселенің ішіндегі ерекше маңыздысы қазақ қоғамының сол кездегі алдында тұрған мақсаттарына сәйкес қазақтың дербес саяси партиясын құру болатын. Бұл мәселені талқылау барысында съезд іс жүзінде партияны Ұйымдастыруға арналған Құрылтай Жиналысына айналады. Жаңадан құрылған партия қазақ атауының синонимі «Алаш» деген атқа ие болды. Оның құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов тағы басқалар кіреді.1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы; жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға; оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы; үкімет оқу ісіне кіріспеуі; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы; ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады. газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік – деп көрсетілген. |