Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді. 1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады. Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады. Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді. Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті. Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды. Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты. Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды. Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады. Солай дегенмен де, бұл кенже қалған, революцияға дейінгі, отарлық деңгей болатын, ол Қазақстанның дамуына индустрияландыру жағдайында берік те дербес негіз бола алмас еді, ал жана экономикалық саясат жағдайында жұмыс істеген өнеркәсіп орындары мен теміржолдар техникалық жағынан артта қалушылық, өндірісте және азық-түлік пен шикізаттарды тасымалдау ісінің мейлінше ала-құлалығы, жол қатынастарының әлсіздігі, кейде заманға сай жол қатынастарының болмауы себептері нәтижесінде 20-жылдардың екінші жартысында — 30-жылдарда Мәскеудің, Ленинградтың, Донбастың, Оралдың, КСРО-ның басқа да дамыған аймақтарының кәсіпорындары сияқты жергілікті «индустрияландыру құралы» бола алмады. Оның үстіне ескі кәсіпорындар мен теміржолдарды техникалық жағынан жаңғырту немесе оларды жаңадан салу бағытындағы алғашқы қадамдарға жергілікті тұртындар арасында білікті жұмысшылардын болмауы, ақшалай қаржының, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі т.б. тікелей кедергі болып отырды. Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс»,[2]. - деп ерекше атап өтілді. Геологиялық зерттеу Қазақстанның кең-байтақ аумағын геологиялық жағынан жедел зерттеуге зор күш жұмсалды. 1928-1929 жылдары Геологиялық басқарма тарапынан 50-ден астам барлау партиясы Қазақстанның жер қойнауларын зерттеумен айналысты. «Қару голь» «Алтайполиметалл», «Балхашстрой», «Казполиметалл» сияқты аса ірі жаңа құрылыстардың жанынан геологиялық-барлау бөлімдері құрылды, арнаулы Қазақстан геологиялық-барлау тресі ұйымдастырылды, «Эмбанефть» құрамында Орталық ғылыми-зерттеу зертханасы, «Актюбникель» жанында геологиялық барлау қызметі жэәне т.б. ашылды. Геологиялық зерттеулер үшін Орталықтан да, Қазақстанның жергілікті орындарынан да мол қаржы мен күш-қуат бөлініп отырды, бұл ірі-ірі, көбінесе теңдесі жоқ жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік берді. Бұл ең алдымен түсті және қара металдардың, көмір мен мұнайдың барланған қорларына қатысты еді. 1928 жылы Қоңырат, (М.Т. Русаков), 1930 жылы Бозшакөл (Р.А. Борукаев), Жезқазған (К.И. Сэтбаев) мыс кендерінің; Кенді Алтайда, Қаратау және Жоңғар Алатауы тауларында қорғасынның: Атасу темір кенінің (1931 жыл), одан соң Ақтөбе облысында хромит және никель кендерінің, фосфориттің; Индерде бораттын қоры мол көздері ашылды. Сондай-ақ Орал-Ембі аумағында жаңа мұнай көздері табылды, оның үстіне Қарағандының жеке жатқан ірі кен орны емес, тұтас бір көмірлі аймақ екендігі анықталды.[3]. Осындай жедел жұмыстар нәтижесінде Орталық, Шығыс және Батыс Қазақстанда республиканың жаңа ғылыми геологиялық картасы жасалды және елдің барлық аумағы (Бетпақдаланың, Үстірттің т.б. кейбір жерлерін қоспағанда) Ұлы Отан соғысы қарсаңында геологиялық тұрғыда барланды. Кейіннен Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті К-И. Сәтбаев: «Қазақстан геологиялық зерттеулердің аса жоғары тиімділігінің арқасында КСРО-да және дүние жүзінде шикізаттың маңызды түрлерінің сан алуандығы бойынша жетекші орынға ие. Олардың ішінде қара металдардың (темір, марганец, хром, ванадий) түсті металдардың (мыс, қорғасын, мырыш, кадмий, алюминий, никель), сирек металдардың (вольфрам, молибден т.б.), бағалы металдардың (алтын, күміс) кендері, жаңғыш қазбалар (тас және қоныр көмірлер, мұнай, жаңғыш сланецтер), минералды тұздар (фосфориттік, калий т.б. тұздар) негізгілері болып табылады»,[4]. — деп атап откен болатын. Мүнын бәрі Қазақстанды КСРО-ның дамыған аймақтарының өнеркәсібін қажетті шикізатпен қамтамасыз ететін орталыққа айналдырды. Қазақстанды геологиялық зерттеудегі олқылықтар КСРО-ны индустрияландыру жағдайында осылай толықтырылды. Жергілікті, сондай-ақ орталық жоспарлау органдарының кемшін тұстары бірінші бесжылдық жоспарды орындау барысында біртіндеп қалыпқа келтірілді. Қазақстанды шаруашылық және әлеуметтік-мәдени жағынан дамытудың бесжылдық жоспарының VI Бүкілқазақстандық партия конференциясының және БК(б)П XV съезінің (екеуі де 1927 жыл, қараша) нұсқаулары бойынша жасалғаны жұртшылыққа белгілі. Геологиялық зерттеулердің жетістіктері, олардың негізінде түсті металлургия, мұнай, көмір т.б. пайдалы қазба байлықтарының жаңа кен орындарын игеру туралы түскен нақты ұсыныстар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін жаңа кәсіпорын құрылыстарының салынуы, сонымен бірге жоспарлау органдары жинақтаған тәжірибе республика басшылығына жалпы бірінші бесжылдықтың, әсіресе оның қалған үш жылының жоспарлы тапсырмаларын қайта қарау жөнінде Орталыққа өтініш жасауға мүмкіндік берді. Қазақстан халық шаруашылығының бірінші бесжылдықта дамуы көрсеткіштерін нақтылау және толықтыру жөніндегі ұсыныстар республиканың жаңа астанасы Алматыда өткен VII Бүкілқазақстандық партия конференциясында (1930 жылғы 30 мамыр - 6 маусым) талқыланып, қорытындыланды.[5]. Осының бәрін негізге ала отырып, БК(б)П ОК-нің Саяси бюросы 1930 жылғы 15 акқпанда Қазақстанның шаруашылық және элеуметтік-мәдени дамуының 1928-1933 жылдарға арналған бесжылдык жоспарын арнайы қарап, елдің тиісті халық комиссариаттарына және Мемлекеттік жоспарлау комитетіне екі айлық мерзімде бесжылдықтың қалған үш жылына арналған жоспарлы тапсырмаларды белгілеп шығу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақ АКСР-нің бірінші бесжылдықта шаруашылық және әлеуметтік-мәдени дамуының қайта жасалған жоспары КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінде қаралып (1930 жылғы 24 тамыз), Еңбек және Қорғаныс Кеңесі оны мақұлдады (1930 жылғы 1 қыркүйек), ал 1930 жылғы 1 қыркүйекте оны КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі түпкілікті бекітті.[6]. Қазақстанның индустриялық дамуындағы қиындықтардың шиеленісуіне тағы бір себеп болған жағдай - жаңа өнеркәсіптік және транспорттық құрылыс көп жағдайларда тиісті техникалық құжатнамасыз басталды, жаңа құрылыстарды құрылыс материалдарымен, ақшалай қаржымен, техникамен, механизмдермен, көлікпен, жұмыс күшімен, ал құрылысшыларды тұрғын үймен, азық-түлікпен, ауыз сумен, санитарлық-емдеу қызметтерімен т.с.с. қамтамасыз ету мүмкіндіктері жете қарастырылмады. Днепро СЭС-пен қатар Кеңес Одағындағы аса ірі құрылыс ретінде саналған, аты аңызға айналған Түрксіб магистралі революцияға дейінгі жоба-сызбасы бойынша салынды, құрылыс барысында осы күре жолдың оңтүстік бөлігінде Қордай және Шоқпар нұсқаларынын, ал солтүстік бөлігінде Балқаш және Лeпci жобаларын қорғаушылар арасында қызу айтыс-талас өршіді. Осы екі тұста да оңтайлы нұсқаны таңдап алғанша біршама уақыт және қосымша қаржы шығын болды.[7]. 1927 жылы Семей қаласында құрылысы жүргізілген тері зауыты мен шұға фабрикасында жобалық-сметалық құжаттар «қайта-қайта жасалып, құрылысты бастау қарсаңында дайын болмады. Құрылыс материалдары болмай, оларды сол жерде шаруашылық әдіспен шұғыл түрде дайындауға тура келді. Кәсіби білікті құрылыс жұмысшылары мен мамандар жетіспеді. Олар көрші аудандардан әкелінді».[8]. Осындай жагдайлар 20-30-жылдары көптеген ірі кәсіпорындардың құрылыстарында да байқалды. Қазақстанды индустрияландырудың сонымен бірге өзіндік ерекшеліктері болды, олар жоғарыда аталған және басқа да қиындықтарды жеңу үрдісінің өзгешеліктерімен, сондай-ақ табиғи, еңбек және экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады. Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ізін қалдырды, өнеркәсіпті, құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті. Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. Ол, ен алдымен, Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша, сондай-ақ көптеген басқа республикаларды жеке-жеке алғандағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны. Егер Кеңес Одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса, Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті, оның үстіне Қазақстан бұл жатынан Молдавия (5,8), Әзірбайжан (5,9), Өзбекстан (4,7), Түркіменстан (6,7), Украина (7,3) сияқты бірқатар одақтас республикалардың алдына шықты. Сөйтіп Қазақстан өнеркәсіптік өнім көлемінің өcyi бойынша 1940 жылы Одақ ішіндегі 15 республика арасында Ресейден (8,7), Қырғызстаннан (9,9), Грузиядан (10), Тәжікстаннан (8,8) және Армениядан (8,7) кейін алтыншы орынды иеленді.[9]. Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негізінен жаңа құрылыстардың, басқаша айтсақ, қайта құрылған Риддер мен Қарсқбайды қоспағанда, тақыр жерде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды. Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі, Мәскеудегі, Ленинградтағы, Донбастағы, Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. Сондықтан республикада, жергілікті жерлерде өнеркәсіп орындары, сондай-ақ теміржол құрылыстары елсіз және жартылай елді аймақтарда жүргізілді, қазіргі заманғы байланыс тораптарының, құрылыс материалдарының, кәсіби жұмыс күшінің, қаржының, сол сияқты тұрғын жайлардың, ауыз судың т.с.с. болмауы себебінен аса күрделі қиындықтарды жеңуге көп күш жұмсалды. Қарағанды көмір алабы, Балқаш мыс балқыту, Шымкент және Ертіс қорғасын зауыттары, Жезқазған, Қоңырат кен орындары т.б. кеніштер, Ембі т.б. мұнай кәсіпшіліктері, Түрксіб, Гурьев — Қандыағаш — Орск, Ақмола-Қарғалы, Илецк-Орал теміржолдары осылай салынды. Аса ірі кәсіпорындар - өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған, шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін, өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жана өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты. Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша, сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп, сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды. Құрамында 17 шахтасы (1931 жыл), ГРЭС (1933 жыл), Нұра су құбыры (1933 жыл), байыту фабрикасы (1933 жыл) бар «Қарағанда уголь» тресі, «Казполиметалл», «Алтайполиметалл», Ақтөбе химия. Семей етконсерві, Гурьев балық консервілеу, Алматы жеміс-көкөніс, Семей шұға комбинаттары т.б. - осындай кәсіпорындар санатына жатты.[10]. Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп, ең алдымен оның көмір, мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды. Бұл салалар одақтық келемде басты мамандандыру арқауына айналып, бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. Ауыр өнеркәсіптің, әсіресе мұнай, көмір және түсті металдар салаларының тұрғызылған кәсіпорындары одақтық маңызға ие болды, өйткені жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен қатар олар одақтық индустрияны қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды, осыған байланысты республика арнайы кәсіби мамандандыру ісін жүргізді. Соғысқа дейін бесжылдықтар кезінде кеңінен дамығанына қарамастан, Қазақстан өнеркәсібінің кемшін, олқы тұстары да байқалып жатты: қалай болса да, машина жасау саласы жоқтың қасында болды; металл өңдеу жекелеген зауыттардың жөндеу шеберханаларымен және механикалық цехтарымен шектелді; қара металлургия, бірқатар құрылыс материалдарының (цемент, әйнек), жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кейбір түрлерінің өндірісі болмады. Осы кемшін жақтарының ішінде бәрінен бұрын машина жасау ісінін - қалай болғанда, индустрияландырудың негізгі өзегінің болмауы Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын тежеп отырды. Қазақстанға станоктар мен жабдықтар Орталықтан, Ленинградтан, Оралдан, Украинадан және басқа да аймақтардан әкелінетін.[11]. Осы кезеңде ауыр индустрияның түсті металлургия, мұнай, көмір т.б. шығару сияқты өндіру салаларымен қатар алдынғы қатарға транспорт, әсіресе теміржол құрылысы шығарылды. Көмірдің, мұнайдың және түсті металдардың асабай кен орындарын Қазақстанның кең-байтақ аумағында қазіргі замандық қатынас жолдарынсыз игеру қиындықтары осы өткір мәселені шұғыл түрде шешуді талап етті. Жоспарланған жол желілері түгелдей салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп, ұзындығы 6581 км-ге жетті. Бұл жылдары Сібірді Орта Азиямен және Қазақстанның Оңтүстігімен жалғастырған Түркістан-Сібір теміржолы, Трансқазақстан магистралінің негізгі бөліктері (Петропавл-Көкшетау-Ақмола, Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Бертіс, Жарық—Жезқазған) салынды, бұл тораптар Орталық Қазақстанның табиғи байлықтарын игеруде зор рөл атқарды; Рубцовск-Риддер желісі Шығыс Қазақстанның түсті металлургиялық кәсіпорындарына қызмет көрсетті, ал Орал—Илецк теміржолы республиканың батыс аудандарын Орынбор өлкесімен және Ресейдің басқа да өнеркәсібі өркендеген облыстарымен байланыстырды.[12]. Жоғарыда аталған қиындықтар мен ерекшеліктер, сондай-ақ күрделі қоғамдық-саяси жағдай және Қазақстанның артта қалған экономикасының ауыр жағдайы 20-жылдарда және 30-жылдардың басында республиканы индустрияландыру және ұлттық жұмысшы кадрларды даярлау мәселесі манайында қым-қигаш күрес туғызды. Бірнеше көзқарас пайда болды. Біреулер «көшпенділіктен социализмге» өтудің мүмкін еместігін және көшпенділік өмір салтының қазақ халқының ерекшелігі екендігін, сондықтан да индустрияландырудың «ұлттық табиғи ерекшелікті» бұзатындығын көлденең тартты.[13]. Енді біреулер — өнеркәсіпті тықпалау, жұмысшы тапты қалыптастыру «табиғаттан тыс», «Қазақстан үшін мүмкін емес іс», «артта қалған көшпенді халық», «шектен тыс индустрияландырудың қарқынын көтере алмайды», «қазақтандыру өндірісті қымбаттатады», «ал қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол даланы аңсайды» сияқты пікірлерді дәлелдеуге тырысты.[14]. Үшінші жақ республиканың Одақ құрамында дәйекті дамуының қажеттігі, бірақ Қазақстанның ерекше мүдделерімен санаспау идеясын жақтады. Олар «шикізат базасы ретіндегі ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ өнеркәсіпті ұлғайту мен оның жұмысын жақсарту жөніндегі партия ұстанған бағыт шүбәсіз дұрыс» [15]. деп дәлелдеді. Төртіншілер шет аймақтар шикізат базасы ғана болып қалмауы керек және индустрияландыруды жүргізгенде республиканың ерекшеліктерін ескеру қажет деген пікірді ортаға салды.[16]. Алғашқы екі көзқарас өміршен болмағандықтан соңғы екеуінің арасында күрес өрістей түсті. Үшінші ұстаным жақтастарының бірі К. Сарымолдаев «Қазақстан алдында да, бүкіл Одақ алдында тұрған міндеттер тұр, сондықтан ортақ міндеггерден оқшауланатындай Қазақстанның сондайлық «артықшылығы» жоқдеп есептеді.[17]. Айта кету керек, К. Сарымолдаев өлкелік партия комитеті басшылығының, оның бірінші хатшысы Ф.И. Голощекиннің жаңсақ ұстанымы шеңберінен шыға алмады. Ф.И. Голощекин: «Алып құрылыстар республика өнеркәсібіндегі басты буын емес, бастысы - жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту»,[18]. - деп мәлімдеді. Ұсақ және орта өнеркәсіпті, негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды дамытудың, содан келіп, КСРО-ны индустрияландыру жағдайында республика өнеркәсібінің шикізаттық бағыт-бағдарын қалыптастырудың қажеттілігі мен дұрыстығын БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің және автономия үкіметінің атынан Ф.И. Голощекин, О. Исаев, К. Сарымолдаев т.б. насихаттады және мұны жүзеге асыруға әрекеттенді. Мәселен, БК(б)П Өлкомының хатшысы Ф.И. Голощекин «Большевик Казахстана» журналында (1927, №2) жарияланған мақаласында: Қазақстан үшін «өнеркәсіп саласында негізгісі ірі емес, ұсақ және орта буында (жарма жасаушы, жүн жуатын, май шайқайтын кәсіпорындар, жөндеу шеберханалары т.с.с.), басқаша айтқанда, ауыл шаруашылығымен айналысатын және оны рентабелді ететін істер» [19]. деп жазды. VI Бүкілқазақстандық партия конференциясында (1927 жылғы 15—23 қараша) ол: «Мен екі жыл бойы біздің өнеркәсібіміздің басты буыны алып құрылыстар салу емес, жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту екендігін насихаттап келемін... Ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту мәселесінің Қазақстан экономикасын одан әрі жетілдірудегі маңызының күн өткен сайын артып келе жатқандығын біз қазір ескеруіміз керек»,[20].— деп ерекше атап өтті. Көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың және басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар екендігіне, сондай-ақ жергілікті мекендерде республиканың аграрлық жағдайына сәйкес жұмыс күштерінің жетіп-артылатынына қарамастан, Ф.И. Голощекин: «Біздің даму сипатымыз бойынша және КСРО-ның жалпы міндеттеріне сәйкес, жергілікті ерекшеліктеріміз бен міндеттерімізге орай Қазақ АКСР-і ортақ бесжылдыққа одақтық онеркәсіптің мал және егін шаруашылығы өнімдерін дайындайтын шикізат базасыретінде кіруі керек»,[21]. — деп сендірді. Сонымен біргеФ.И. Голощекин Қазақстан маңызын одақтық өнеркәсіпке ықпал ететін шикізат аймағы ретінде көтермеледі. Ол: «Одақтық өнеркәсіп, бәлкім, бізге жүн, ет, мал терісі т.б. жөнінен тәуелді шығар, бұл біздің бұдан әрі дамуымызда орасан мән-маңызы болатын техникалық дақылдарды айтпаған күннің өзінде» [22]. — деп атап өтті. Осы ұстанымға сүйене отырып, Ф.И. Голощекин: «КазАКСР-і көлеміндеті индустрияландыру дегеніміз — ауыл шаруашылығының бұдан мәдениеттірек түрлеріне, оның тауарлылығын арттыруға, ел ішінде тұтынуға және одақтық өнеркәсіпті қамтамасыз етуге арналған өнім көлемін ұлғайтуға қаржы құю. «Осы кәсіпорындар үшін біз қаржы және күш-қуат» таба аламыз»,[22]. — деген тұжырым жасады. Ф.И. Голощекин Қазақстанның болашақтағы индустриялық дамуын ірі зауыттармен және фабрикалармен емес, жарма ұсақтайтын, жүн жуатын, май шайқайтын, жөндеу жұмыстарымен айналысатын, жергілікті өнеркәсіптін басқа да ұсақ және орта кәсіпорындарымен байланыстыру тұрғысынан ғана көреді, деп қарсыластары оны әділ сынады. Ф.И. Голощекиннің және БК(б)П Өлкелік комитетінің, Қазақ АКСР-і үкіметінің басқа да басшыларының осы ұстанымын БК(б)П ОК-нің Ортаазиялық бюросының төрағасы И.А. Зеленский қуаттады. Ол өзінің «Басты бағыт» атты мақаласында («Правда Востока», 1927,7 қазан): «Орта Азия республикаларының міндеті — ең алдымен біздің капиталистік әлемге тәуелділігімізді азайтатын және әлсірететін шикізат шаруашылығының салаларын дамыту», - деп жазды. Ірі саяси қайраткер, Қазақстан өнеркәсібін экономикалық мақсатты сара бағытпен дамыту пікірін қолдайтын басты тұлғаның бірі - С. Сәдуақасов VI партконференцияда республика индустриясының шикізаттық бағыт-бағдары туралы пікірдегі Ф.И. Голощекинге қарсы шықты. Ол: «Өнеркәсіп мәселесі — қазақ кедейінің тағдыры, қазақстандық кедей тағдыры ауылмен ғана емес, қаламен де байланысты, өйткені XII съездің өзінде-ақ ұлттық шеткі аймақтарды тек шикізат аудандарына айналдыруды көздеген патшалық үкіметтің қарғыс атқан мұрасынан құтылуымыздың қажеттігі жайлы айтылды»,[23]. — деп дәлелді пікірлер айтты. С. Сәдуақасов: «Қай жерде тері болса, сол жерде тері зауыттары, қай жерде жүн болса, сол жерде жүн жуу және шұға фабрикалары салынсын»,[24]. — деп республика өнеркәсібін экономикалық сара жолмен дамытута шақырды. Ф.И. Голощекиннің Қазақстан тиімді ауыл шаруашылығын дамыта отырып, одақтық өнеркәсіптің шикізаттық базасына айналуға тиіс деген пікірін теріске шығара келіп, С. Сәдуақасов былай деді: «Өнеркәсіп дамымаса (Қазақстанда), біз ауыл шаруашылығын қалай дамытпақпыз? Ауыл шаруашылығы бізде теміржол т.б. арқылы дамитын болады, ал оның өзі өз кезегінде өнеркәсіп болып табылады. Бұл мағынада мен индустрияландыру туралы айтып тұрмын, менің индустрияландыру туралы пікірімді осы мағынада түсіну керек».[25]. С. Сәдуақасовтың Кеңес Одағын индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсібі мен транспортын дамытудың жолдары мен әдістері туралы көзқарастары оның БК(б)П XV съезі (1927 жыл, 9—12 желтоқсан) қарсаңында пікірталас материалы ретінде «Правда» газетіне жолдаған «Ұлттар және ұлт өкілдері» атты байыпты мақаласында [26]. толық көрініс тапты. Бұл мақалада Сәдуақасов: «Егер империалистік орыс буржуазиялық үкіметі шет аймақтардан тек шикізат тасып, фабрикалар мен зауытгарды өз қол астында шоғырландырса, социалистік өнеркәсіп шаруашылық мүддесі жолындағы жөн-жосықпен дамуға тиіс»,[27]. «өнеркәсіпті шикізат көздеріне жақындату қажет»,[28]. - деп ерекше атап көрсетті. Оның пікірінше, «егер қалпына келтіру кезеңі еріксіз «қарғыс атқан» мұраның кейбір ұлттарды шын мәніндегі теңсіздік жағдайда шеттету түріндегі белгісімен өтсе, онда қайта құру маусымы «алдымызда тұрған қиындықтарды міндетті түрде жене отырып, ондай мұраны жоюға тиіс». Ол «артта қалған аймақтарды социалистік құрылысқа тартудың барлық мәні Өз пікірін дәлелдеу үстінде С. Сәдуақасов Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту үшін бірқатар елеулі қиындықтарға қарамастан, барлық жағдайлар бар екендігін көрсетті, оның пікірінше, «шикізат қана емес, жұмыс қолдары мен отын да бар», «Қазақстанның, Өзбекстанның, Түркіменстанның миллиондаған кедейлері болса», сондай-ақ «Қазақстанның көпмиллиардты тас көмір және мұнай қоры бар», ал байланыс жолдарына келер болсақ, деп атап өтті ол, жаңа «теміржол құрылысы да — индустрияландыру мәселесінің бір бөлігі». Осындай көзқарастары үшін С. Сәдуақасов Қазақстан Компартиясы мен республика үкіметінің тарапынан ғана емес, бүкілодақтық деңгейде де сыңаржақ, әділетсіз сынға ұшырады. Оның көзқарастары бұрмаланып, Қазақстанда тұйық шаруашылық құруға, республиканы КСРО-дан бөліп әкетуге ұмтылушылық ретінде бағаланды, ал өзі «ұлтшыл-уклонист» деп жарияланды. Өлкелік Комитеттің VI Бүкілқазақстандық партконференциясына берген есебінде Ф.И. Голощекин «Сәдуақасовтың индустрияландыруы» [29]. деп айдар тағып, бұл мәселеге арнайы тоқталды. Онда ол Қазақстан өзінің артта қалғандығына қарамастан, «Одақта және пролетариатын басшылығымен, оның көмегімен» «жедел қарқынмен алға басып қана қоймай, сонымен бірге социализмге қарай бет алатындығы» туралы ой әлі де кейбіреулерге оншалықты түсінікті емес, бұған әлі де сенімсіздікпен қарайтындар, күдікшілдер, сары уайымға салынушылар, түсінігі таяз жолдастар, буржуазиялық бұра тартушылар бар» [29]. екендігі туралы атап өтті. Сәдуақасовтың жеке өз басы жайында сөзге көшкен ол оның «біріншіден, Кеңестік Социалисты Республикалар Одағының мәнін және пролетариат диктатурасының артта қалған ұлттық республикалардың дамуына тигізетін ықпалын түсінбейтіндігін немесе түсінгісі келмейтіндігін, екіншіден, оның ойы Қазақстанның дамуы дербес, КСРО-дан тәуелсіз мемлекеттің дамуы, мәселен, КСРО-ның империализмге қатынасы іспетті деп ойлайтын буржуазиялық ұлтшылдар пікірімен сәйкес»,[29]. – деп дәлелдеп бақты. Голощекиннің Зеленскиді қоштауы Ф.И. Голощекинді И.А. Зеленский қоштап: «Республикалардағы шаруашылықты тұйық шаруашылық жүйе сияқты құру бағыты тұтас алғандағы социалистік шаруашылықты өркендету көзқарасымен қарағанда зиянды және қауіпті, - деп дәлелдеді ол, - ...Тұйық шаруашылық идеясын жақтаушылар бізге таптық жағынан жау пиғылдағы элементтер болып табылады. Орта Азиядағы шаруашылықты дербес дамытудың идеологы — белгілі панисламдық қайраткер Мұстафа Шоқаев».[30]. С. Сәдуақасов өз кезегінде Ф. И. Голощекин мен И. А. Зеленскийдің дөрекі сипатта саясиландырылған ой-пікірлері мен айыптауларына қолда бар шикізат базаларында жаңа кәсіпорындарды тұрғызудың шаруашылық мүддесі жағынан дұрыстығы, теміржолдардағы қосалқы тасымалдарды жою қажеттігі туралы дәлелдерін қарсы қойды. Сәдуақасов «Өлке комитеті хатшысымен «теориялық айтыстың ұлт өкілі үшін үмітсіз іс екенін» мойындай отырып, Голощекин көзқарастарындағы «айқын келеңсіздіктерді» көрсетуден тайынбады. «Шаруашылықтың мүддесі жолындағы жөн-жоба өзі ұсынған топшылауын қолдайтынын» (кәсіпорындарды шикізат көздеріне жақынырақ орналастыру қажеттігі туралы) көрсете отырып, Сәдуақасов: «Голощекин өнеркәсіпті ауыл шаруашылығының артына апарып тіркемекші, сөйтіп, Қазақстанның мәңгі шаруа қамытын киген ел болуын қалайды» деп жазды. Экономикалық тиімді жайттарға сүйене отырып, ол мынадай сауал тастайды: «Голощекин жолдас жүн жуатын жерден неліктен әрі бара алмайды, дұрысы барғысы келмейді? Сол жерде шұға фабрикаларын ұйымдастыру ісі өзінен-өзі сұранып тұр. Жуылған жүнді апарып, одан соң сол жүннен жасалған «мәскеулік» шұғаны қайта әкеліп жүргенше, Қазақстаннан дайын шұғаны бірден алып кету теміржолдардың өзіне жақсы ғой».[28]. И. А. Зеленскийдің әр республикада тұйық шаруашылық құру («айтуға да күлкілі») жөніндегі сыңаржақ бағыт бар (ұлтшылдарда деп оқыңыз) деген пікірін теріске шығара келе, С. Сәдуақасов өз қарсыластарына мынадай сұрақ қояды: «Орта Азиядан мақта тасымалдау - ол жақсы, ал ол жердей дайын тоқыма матаны әкетуді тұйық шаруашылық деп атау қандай қағидадан шыққан?» Өз пікірін ол былай деп тұжырымдайды: «Олай болмайды, Зеленский жолдас! Дәл сол шаруашылық мақсат көзқарасы бойынша өнеркәсіпті шикізат көздеріне жақындату қажет».[31]. Ұлттық республикалардың өндіріс орындарын қолда бар шикізат базаларынан құруға ұмтылысы Орталық тарапынан да сыңға ұшырады. КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы A.M. Рыков Кеңестердің Бүкілодақтық IV съезінде былай деді: «Егер индустрияландыру дегеніміз әрбір әкімшілік бірлігінде индустрияны қайткен күнде де дамыту деген козқараста болсақ... біздің Одағымыздың кейбір бөліктерінде тұйық шаруашылық құруға ұмтылыс болса, біз өте көп және өте үлкен қателіктерге ұрынуымыз мүмкін».[32]. С. Сәдуақасов А.И. Рыковтың бұл сөздерін басқа губерниялармен, облыстармен және республикалармен салыстырғанда «өнеркәсібі жағынан немесе еш нәрсесі жоқ, әйтпесе қолда бары мүлде аз» ұлттық шет аймақтар үшін тән сипат деп баталады. Сондықтан да С. Сәдуақасов мынадай пікірде болды: «Рыков жолдастың ұлттық республикалардың өздерінде бар базаның негізінде әр түрлі кәсіпорындар құруға көмектесу жөніндегі өтініштерін тұйық шаруашылыққа ұмтылыс деп атауы - қате. Біздің ойымызша, индустриясы дамыған шаруашылықтың алғашқы қауымдық құрылыстан бірден-бір айырмашылығы — ол ешқашан тұйық болып қалмайды», ал «ұлттық шет аймақтар шикізат базасы болудан неғұрлым тезірек құтылса, соғұрлым Одақ бірлігі мен оның жеке бөліктері арасындағы өзара тәуелділік ұлғая түседі».[22]. Тұтас алғанда, С. Сәдуақасов сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жағдайын бағамдай отырып, мынадай қорытындыға келеді: «XII парт съездің шет аймақтарды тек шикізат аудандарына айналдыруға ұмтылған патшалықтың және орыс буржуазиясының саясатын жою» [29]. туралы нұсқауы шет аймақтарда, атап айтқанда, Орта Азияда және Қазақстанда жеткіліксіз, немесе дұрысырақ айтсақ, мүлде жеткіліксіз денгейде жүзеге асырылуда».[33]. С. Сәдуақасов бұл жағдайдың басты себебі мынада деп білді: «Орталық органдар өз жұмысында ұлттық мәселе мәнін толық ескермеді. Өнеркәсіпті алдағы уақытта дамыту бесжылдығы шет аймақтар мұқтаждықтары ескерілмей жасалды».[34]. Сәдуақасовтың бұл тұжырымы әділ болатын әрі шындыққа сәйкес келді. Алғашқы бесжылдық (1928—1932 жылдар) жоспарын жасаудағы осы елеулі кемшілікті КСРО Халық шаруашылығының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы В.В. Құйбышев та мойындады. Ол жекелеген аудандарды дамыту жөнінде бесжылдықта нақтылық пен айқындылықтың болмағаның атап өткен болатын. «Әрбір жеке ауданның болмыс-келбеті қандай болады — бұл сауалға бесжылдық нақты жауап бермеді».[35]. С. Сәдуақасовтың бесжылдық жоспардың «шет аймақтар мұқтаждығы ескерілмей жасалғаны» туралы тұжырымының әділ екендігін бұл жоспардың Орталықта ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда да қалай жасалып, қалай бекітілгені жайлы мәліметтер айқындайды. Бұл туралы республиканың 20—30-жылдардағы индустриялық дамуындағы қиындықтарға байланысты жоғарыда айтылды. Сонымен, 20-жылдардың екінші жартысында және 30-жылдардың басында Қазақстанды индустрияландыру жолдары туралы болған қызу пікірталаста Ф. И. Голощекин бастаған партиялық-кеңестік ұстаным жеңіске жетті және бұл Қазақстан өнер кәсібінің бүкіл кеңестік кезеңде шикізаттық бағыт-бағдарда болатындығын шешіп берді. Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы. XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді. Мешеу көшпелі мал шаруашылығына сүйенген және өз ішіндегі феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері Цинь патшалығына қарады. Шамамен осындай дөрежедегі қазақ елін Ресей империясы өзіне қосып алды. Сөйтіп, екі-үш ғасыр бойы Орталық Азиядағы елеулі күш ретінде танылған қазақ және жоңғар мемлекеттері көрші қуатты империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық көрсете алмады. Ұлт-азаттық қозғалыс — отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс — отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі. Оның басты мақсаты — ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру. Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз — отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі. XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық жолындағы күресі — Отан қорғау мақсатын көздеді. Елдің бір бөлігі жау қолында қалған жағдайда оны азат ету ісі жалпыұлттық міндетке айналды. Отан соғысы мен ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты ортақ — елдің мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау. Сондықтан бұл ұғымдар бір-біріне жақын, мазмұны жағынан өзара астасып жатыр. Дегенмен ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұны тереңірек. Ұлт-азаттық күрес қоғам өмірінің барлық салаларымен байланыста дамиды. Мұндай байланыстылық тек саясат пен экономикадан ғана байқалып қана қоймай, қоғамның мәдени-рухани жағын да қамтиды. Ұлт-азаттық қозғалыс — бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні. Демек, ұлт-азаттық қозғалыстар туралы жан-жақты шынайы тарихи контексте оқып-үйренуіміз қажет. Қазақ халқының төл тарихы революцияға дейін де, кеңестік дәуірде де отаршыл саясат, таптық идеология, еуроцентристік қағидалар тұрғысынан зерттелді. Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге «бүлік» деген айдар тағылды. Ал оған қатысушылар «бүлікшілдер», «тонаушылар» аталды. Ресейдің империялық пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың өркениет көшінде өз этносын сақтап қалу жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша ұлт-азаттық қозғалыстардың толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар бұрмаланды. Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері.[өңдеу] Абылай хан Аса қиын сыртқы саяси жағдайлар Әбілқайыр мен Әбілмәмбетке, Абылай ханға Ресейдің қол астына кіруге мәжбүр етті. Солай бола тұрса да, Ресейдің Кіші жүз бен Орта жүзді өзіне қосып алуы күрделі де қайшылықты жүрді. Мысалы, Кіші жүздің ханы Әбілқайырды Орта жүздің белгілі сұлтандарының бірі Барақтың өлтіруі қазақ қоғамындағы дағдарысты аңғартады. Ал Абылай ханның қайтыс болуы Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында да саяси дағдарыс туғызып, хандық биліктің әлсіреуіне әкелді. Патша үкіметі бұдан былай қазақ хандарының іс-әрекетіне бақылау жасап, хан тағына қабілетті, беделді үміткерлерді жібермеуге күш салды. Керісінше, Ресей бағытын жақтаушы хандарды тағайындап, қазақ қоғамын жікке бөлуді одан әрі жалғастырды. Сондықтан отаршылдықка қарсы күрестің бастапқы кезеңіндегі көтерілістерге Ресей бағытына қарсы рубасылары, билер, батырлар басшылық етті. Ресей империясының XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалары қазақ мемлекеттілігін түпкілікті жоюды көздеді. Бұл өз кезегінде Қазақ жерінің тұтастығын көздеген сұлтандар Саржан және Кенесары Қасымұлы бастаған кең аукымды ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырды. Кенесары Қасымұлы Ал XIX ғасырдың ортасы мен екінші жартысы қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталу кезеңі болып есептеледі. Қазақстанның Ресейге түпкілікті қосылу дәуіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы, Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістерді жатқызуға болады. Отаршыл Ресей үкіметінің әр түрлі әкімшілік-саяси шаралары қазақ көшпелі қоғамының дәстүрлі құрылымын бұзды. Мұның өзі оның қоғамдық өмірінде үнемі дағдарыстық құбылыстар туғызып отырды. Бұл фактор өз кезегінде мақсат-мүдделері мен табиғи құқығы аяқ асты болғандардың табанды қарсылығын тудырды. Қоғам дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы сол қоғамның барлық әлеуметтік элементтерін азаттық күрес аясына тоғыстырды. XVIII—XIX ғасырлардағы қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсы күрес ретінде көрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі өркениеттің, екі этностық жүйенің арасындағы қақтығыс еді. Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршылдық үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өзінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері.[өңдеу] Қазақ халқының Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі ұзаққа созылып, XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80-жылдарын қамтыды. Сырым Датұлы Халық бұқарасының алғашқы әрі тегеурінді әрекеттерінің бірі — Сырым Датұлының қолбасшылығымен болған қозғалыс. Кіші жүз қазақтарының көтерілуіне патша өкіметінің қазақтардың «ішкі жаққа», Жайық сыртына өтуіне тыйым салуы, қазақ билеушілерінің бір бөлігінің құқықтарымен санаспауы негізгі себеп болған еді. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген қолбасшылары сияқты Сырым батырға да «жақсы ханға» деген сенім тән еді. Сырым билердің қазақ қоғамындағы рөлін көтеру мақсатын көздеді. Сонымен қатар хандық билікті келтіруге де өз келісімін берді. Дегенмен қозғалыстың отаршылдыққа және хандар зорлығына қарсылық сипаты соңғы кезеңге дейін сақталды. 1836—1838 жылдардағы старшын Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс халық бұқарасының отаршыл билікке, сондай-ақ сол билікке сүйенген Жәңгір хан бастаған феодалдар тобына қарсы ашу-ызасының сыртқа шығуы еді. Бұл ретте Исатай Тайманұлы бастаған қозғалыс қазақ топырағындағы ашық әлеуметтік-таптық сипат алған алғашқы қоғамдық қарсылық болды. 1836—1838 жылдардағы көтеріліс оған дейінгі қозғалыстардан ерекшелеу болатын. Бұл уақытта қазақ жерінің негізгі бөлігі Ресейдің қол астына еріксіз еніп, отаршылдық саясат барған сайын өктем сипат ала түскен еді. Хандық биліктің жойылуы, жаңа әкімшілік басқару жүйесінің енгізілуі, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы, міне, осының бәрі көтерілістің патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытын айқындап берді. Бұл стихиялы көтеріліс бола тұра, көтеріліс басшысы мен оның ақтастарының Ақбұлақ түбіндегі шайқасқа дейін табандылықпен күрескенін атап өту қажет. Сөйтіп, ол өзінің алдына қойған мақсатты күресінің идеясына, қатардағы көшпелілер алдында адалдығын дәлелдеді. Ал көтеріліске қатысқан кейбір билер тобының тұрақсыз әрекеттері, жазалаушы күштердің басымдылығы көтерілістің жеңіліске ұшырауын жылдамдатты. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы, қуаттылығы жағынан ең ірісі — 1837—1847 жылдардағы көтеріліс. Көтерілістің басталған уақыты патшалық Ресейдің қазақ жеріне тереңдей еніп, әкімшілік-әскери шараларымен әлі де болса дербестігін сақтап тұрған аудандарға жеткен кезеңіне тұспа-тұс келді. Орта жүздегі округтік басқару жүйесіне қарсы басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүзеге асты. Қозғалыс 10 жыл бойы Ресейдің саясатына ықпал ете отырып, Орта және Ұлы жүздердің басым бөлігінің Ресейдің қол астына еріксіз кіру мерзімін біраз уақытқа болса да кейінге шегерді. Кенесары Қасымұлы бастаған козғалыс жеңіліске ұшырағаннан кейін ғана Орта жүз толығымен Ресейдің құрамына енген. Патша үкіметі Ұлы жүз иеліктеріне ауыз салуға мүмкіндік алды. Көтеріліс өлі де толығымен Ресейдің құрамына кіре коймаған аудандарды, ауқымы жағынан бүкіл үш жүзді қамтыды. Кенесары қозғалысы әлі де дербестігін сақтап қалған жерлерде орыс отаршылдығының тереңдей түсуіне қарсы бағытталды. Қазақ елінің Ресей империясының құрамына енгеннен бергі уақыттағы азаттық козғалысын қозғаушы күштер мен күрес тәсілдеріне байланысты мынадай кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең — XVIII ғасырдың соңы және XIX ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды. Қазақ қоғамындағы қалың бұқара атсалысқан азаттық қозғалыстың бұл алғашқы кезеңінде белгілі объективті себептерге байланысты билеуші әлеуметтік топ жетекші рөл атқарды. Сырым Датұлы (1783—1797 жылдары), Исатай Тайманұлы (1836—1838 жылдары), Кенесары Қасымұлы (1837—1847 жылдары), Есет Көтібарұлы (1847—1858 жылдары) және Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856—1857 жылдары) бастаған көтерілістер, ең алдымен, орталық езгіге қарсы наразылықтың көрінісі болатын. Ақбұлақ соғысы.jpg Ұлттың саяси белсенді тобы ұлттық тәуелсіздікті қорғау ісінде орасан зор табандылық танытқанымен, қазақ қоғамының шектеулі экономикалық мүмкіншілігінен асып кете алмады, қару күші, экономикалық қуаты мен отарлау әдіс-айласы басым империялық жүйе дегеніне жетті, халықтың қарсылығын күшпен басты. Ендігі уақытта сұлтан, батыр мен би сияқты әлеуметтік топтардан тұрған басқарушы элита жалпыұлттық мәселелерді шешу ісінде өз рөлін жоғалта бастайды. Ұлт-азаттық козғалыстың келесі екінші кезеңі — зиялылар тобының қызметімен байланысты. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформасы қазақ қоғамында дербестіктің ізін де қалдырмады, ал 1886 жылы (Түркістан уалаяты бойынша) және 1891 жылы күшіне енген Ережелер қазақ жерін орыс мемлекетінің меншігі деп жариялады. Столыпиннің аграрлық реформасы тұсында жүргізілген орыс шаруаларын қазақ жеріне әкеліп жаппай қоныстандыру шаралары қазақ қоғамының дәстүрлік құрылымына әсер етпей қоймайды. Міне, осындай жағдайда ұлт тағдыры мен оның табиғи сұраныс-тілектерін, сондай-ақ ұлттық мүмкіндіктерді ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатын заман талабына сай қабілетті әлеуметтік күш өзін көрсете бастайды. Ол ұлт зиялылары еді. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған бұл топ ұлттық құндылықтарды қорғау және негізгі мақсат-міндеттерді анықтау тұрғысынан халық ағарту ісін негізгі мұрат ретінде алға тартты. Газет-журнал және кітап бастыру ісі қолға алынды. Заман сұранысына жауап реакция ретінде өмірге қазақ ұлтшылдығы келді. Бұл сыртқы экспансияға қарсы және оны тоқтатуды көздейтін, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қорғау және оларды жаңғырту ұстанымындағы ұлтшылдық болатын. Ұлттық күрестің негізгі идеялық тіректері қазақ жерінің тұтастығын сақтау, ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру, ана тіліне негізделген білім жүйесін қалыптастыру сияқты ұғымдардан тұрды. Алаш партиясының жетекшілері 1916 жылғы көтеріліс ресейлік биліктің терең дағдарысқа келіп тірелгендігін, қазақ халқының отарлық езгіге қарсы шығуға әзір тұрғандығын көрсетті. Ал 1917 жылдың күзінде Алаш партиясының өмірге келуі, осы жылдың соңына карай Түркістан (Қоқанда) және Алаш (Орынборда) автономияларын құру туралы шешімдердің қабылдануы ұлт-азаттық қозғалысының империядағы басқа да азаттық үшін күресуші күштермен бірлікте жүргізген қызметінің басты нәтижелері болды. Ұлт-азаттық күрестің келесі үшінші кезеңі — Кеңестік билік жағдайында жүрді. Жер мәселесінің толық шешімін таппауы, ішкі Ресейден қазақ жеріне қоныс аударудың толастамауы, өнеркәсіптің шикізаттық сипат алуы, орыстандыру үдерісі, қазақ ұлтының өзін- өзі мемлекеттік басқару үмітінің ақталмауы азаттық үшін қозғалыстың жаңа мазмұн алуына негіз болды. Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж.Мыңбаев және басқа белсенді қайраткерлерден тұрған саяси топ, Ф.Голощекин айтқандай, алашшыл элитаның келесі екінші «жаңа буыны» болатын. Бұл буын өзінің бар күш-жігерін кеңестік автономияға ұлттық мазмұн беруге жұмсады. Империялық күштер олардың бұл қызметін саналы түрде бұрмалап, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» немесе «ұлтшыл шектеуліктің» көрінісі ретінде бағалады. XX ғасырдың 20—30-жылдары мемлекет тарапынан тынымсыз жүргізілген саяси қуғын-сүргін алашшыл ұлт зиялыларының аталған екі буынын да жойды. 20—30-жылдар аралығында күштеп ұжымдастыруға қарсылық ретінде көрінген 372 шаруалар көтерілісі саяси жетекшісіз қалған бұқара халықтың зорлықшыл саяси жүйеге көрсеткен ашық қарсылығы болды. Кеңестік тоталитарлық жүйе орнағаннан кейінгі мезгілде азаттық үшін күрес шетелдік эмиграция күшімен жүргізіле бастайды. Ал оның ең ірі өкілі Мұстафа Шоқай болды. Ол өзінің басшылығымен Париж және Берлин қалаларында шығып тұрған «Жас Түркістан» журналында (1929—1939 жылдары) үздіксіз жариялап отырған мақалалары мен зерттеу еңбектері арқылы отандастарының талап-тілегін әлемдік қауымдастыққа жеткізу міндетін өз мойнына алды. Осы бағытта ол азаттық қозғалысқа өлшеусіз үлес қосып, жаңа тарихи кезеңде ұлттық сананың қайта жаңғаруына зор ықпал жасады. XX ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысқа тән ерекшелік — оның тағдырлас көрші түрік халықтарымен күш біріктіруге ұмтылысы болды. Қай тұрғыдан болсын мұндай әрекет 1917 жылғы революциялық өзгерістерге шейін қазақ және татар, 1916—1917 жылдары қазақ пен қырғыз және өзбек, азамат соғысы тұсында қазақ пен башқұрт азаттық қозғалыстарының өзара саяси қолдаушылық әрекеттерінен анық байқалды. Кеңестік дәуірде республика тұрғындары Коммунистер партиясының орталық органдарының саясатына қарсы наразылық білдіріп отырды. 1929—1931 жылдары күштеп ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілістері, 1959 жылы Теміртаудағы әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуінен туған жұмысшылар толқулары, ұлт саясатындағы қателіктер себеп болған 1979 жылғы Целиноградтағы оқиғалар да сондай қарсылықтардың бірі еді. 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының тәуелсіздік үшін жүргізген ғасырлар бойғы күресін аяқтады. Міне, бұл келтірілген деректік материалдар мен тұжырымдар қазақ ұлт-азаттық қозғалысының күрделі жолдан жүріп өткендігін, сондай-ақ осы жолда негізгі мақсат пен мүддесінен ауытқымағандығын айғақтайды.[ Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс — 1916 ж. шілде айының бас кезінде пайда болды. |