Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
1756 ж. патша жарлығы бойынша қазақтарға қысқы уақытта Жайықтың оң жағалауына мал жаюға тиым салынған болатын. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған көтеріліс. 1756 ж. патша жарлығы бойынша қазақтарға қысқы уақытта Жайықтың оң жағалауына мал жаюға тиым салынған болатын. Патшаның бұл жарлығы Жайық орыс-казактарының мүддесі тұрғысынан қабылданған-ды. “Игельстром реформасының” жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық арасындағы жерлерге көшіп-қонуға патша үкіметінің рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы ол қосөзен аралығында Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанның басқаруымен жеке иелік құрылды. Бөкей сұлтан тек 1812 ж. ғана патша үкіметінен “хан” атағын алып, ол басқарған иелік Бөкей ордасы немесе Ішкі Орда деп атала бастайды. Бөкей Ордасы Ресей империясының шекаралық өңірінің “Ішкі” жағында орналасқандықтан “қуыршақ мемлекет” рөлін атқарды. Бөкей хандығының құрылуы сол кездегі Кіші жүздегі саяси-экономикалық жағдайдың нәтижесі. Бөкей Ордасы құрылғаннан кейін Жайықтың оң жағалауына 5 мыңға жуық үй көшіп-қонса, кейін Орынбор шекаралық комиссиясының есебі бойынша Бөкей хандығының саны 10 235 үйге жеткен. Бөкей хандығының шекарасы бірте-бірте анықталған соң, оның көлемі шығыстан батысқа қарай 350 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатты. Бірақ бұл жерге қоныстанған қазақтарға патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты өзіндік зиянын тигізді. Оларға Орал казак-орыс әскерлері жиі-жиі шапқыншылықтар жасап отырды, біртіндеп әскери бекіністер салына бастады. 1813-1815 жылдары Плинин, Фокеев, Сламихин бекіністері салынды. Қараөзен мен Сарыөзеннің бойы шекаралық аймаққа айналды. Жайық өзенінің бойы біртіндеп Орал казак-орыс әскерлерінің меншігіне қарады. Соның салдарынан қазақтардың жайылымдық жерлері тарылып, шаруашылықтары күйзеліске ұшырады. Сонымен қатар, Орал казак-орыстары қазақтардың ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын өлтіріп, мал-мүліктерін тонап кетіп отырды. Патша өкіметінің жергілікті әкімшілігі мұндай озбырлықтарға қарсы шара қолданбай, керісінше көп жағдайда мәселеден жалтарып кетіп отырды. 1815 ж. Бөкей қайтыс болған соң оның орнын басар Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей атты үш ұлы қалады. Хан тағының мұрагері Жәңгір оң-солын танып, ел басқаруға араласқанша Ішкі Орданы Бөкейдің інісі Шығай биледі.1824 ж. Жәңгір арнайы жарлықпен хан тағына отырған соң Ішкі Ордадағы қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік–саяси құрылымдарға, жер қатынасына, салық саясатына өзіндік өзгерістер енгізбек болды. Бірақ көшпелі және жартылай көшпелі халық ханның бұл “жаңалықтарына” дайын болмады. Жер қатынасында әділетсіздіктер орын алды. Жәңгірдің ағасы Меңдігерей Бөкейханов ханның төңірегінде жүрген сұлтандар Мұсағали, Шыңғали Ормановтар, Балқы Құдайбергенов т.б. шұрайлы жерлерді иеленді. Сонымен қатар Ішкі орданың халқы Орал казак-орыстарынан да қатты қысым көрді. Жайық өзенінің жағалауына адам жолатпады. Қазақтарға Жайықтан балық аулау түгілі су ішуге, мал суғаруға рұқсат етпей, өзенге он шақырым жақындауға тиым салынды. Ал, ол жаққа жайылып бара қалған малдарды айдап алып, иеленіп кетіп отырды. Ішкі Орданың қазақтары 1846 жылға дейін патша үкіметінің алдында міндеткерліктер жүктеп, ешқандай салық төлемеді. Ордадағы салықтың түрлерін негізінен ханның өзі белгілеп отырды. Олардың ішінде ханның пайдасына алынатын “зекет”, “соғым” сияқты салықтар болды. 1825 ж. “зекет” салығынан 115 мың сом пайда түскен. “Соғым” салығынан жылына 6000 сом пайда тауып отырған, бұл салық кейде 800-1000 бас мал түрінде алынып тұрды. 1836 ж. Ішкі Орда халқы ханның “зекет” салығына 18000 қой, 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе, одан басқа да салықтар жинағанын айтып Орынбор комиссиясына шағымданады. Жәңгір хан 1833 ж. өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген рулардың басқарушысы етіп тағайындайды. Жаңа тағайындалған басқарушы қарапайым халықты қатты қанауға ұшыратты. Ол қазақтарға жерді “жалға” беру дегенді шығарып, қазақ шаруалары жер үшін ауыр салық төлеуге мәжбүр болды. Оған қоса Қарауылқожаның отбасы үшін әр шаңырақ 2 сом, ал ауыл старшындары бір жылқыдан төлеуге міндеттелді. Одан басқа да қосымша міндеткерліктер халықты әбден күйзелтті. 1835 ж. Исатай ханға арызданбақ болғанда, сұлтан Шөке Нұралиев ханмен сөйлесемін деп Беріш руына қарасты елден 264 түйе, 127 жылқы, 19222 сом ақша жинап алып, халықтың шағымын аяқсыз қалдырады. Қ.Бабажановты тағайындау қарсаңында және одан кейін де ханға айтылған арыз-шағымдар ескерусіз қалған еді. Мінеки, осындай жер қатынасындағы әділетсіздіктер, Орал казак-орыстарының көрсеткен озбырлығы, түрлі салықтардан түскен ауыртпалықтар Орда халқының наразылығын тудырды. Бұл жағдайлар 1836-38 жылдары халықтың көтеріліске шығуына әкеліп соқты. Көтеріліске Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы жетекшілік жасады. Көтеріліс алғаш әр жерде ұйымдаспаған наразылықтар түрінде байқалса, кейіннен біріккен күшке айналып, ашық қарсылыққа ұласты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші бұқара халық болды. Бөкей хан 1812 жылы Жайық бөлімінің старшыны Жабал Бегалин қайтыс болған соң орнына Исатайдың жақын серігі М.Өтемісұлын тағайындайды. Махамбет жасынан ақын ретінде қалыптасып, әрі татар және орыс тілдерін үйренеді. Ол Жәңгір ханның баласы Зұлқарнаймен бірге Орынборда да тұрады. Жәңгір хан Махамбетті сарай ақыны жасауға тырысады, бірақ арадағы қарым-қатынас өзгеруіне байланысты Махамбет 1828-1829 жылдары өз ауылына кетіп қалады. Одан соң шекаралық үкімет тарапынан “Еділ арқылы құпия өткені үшін” деген айыппен қамауға алынып, екі жылдай қалмақ қамалында болады. 1831 ж. онда тырысқақ (холера) эпидемиясы басталғанда қашып кетеді. 1834 ж. Жәңгір хан Махамбетті старшындыққа тағайындайды, бірақ бұл тағайындауды Шекаралық комиссия бекітпейді. 1835 ж. Исатай бастаған көтерілісшілер халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, орын алған әділетсіздікпен озбырлықты әшкерелеп, хан билігіне бағынбауға шақырады. Исатай мен Махамбеттің бұл әрекеттерін Қарауылқожа “елді бүлдіріп” жатыр деп Жәңгір ханға бірнеше рет хат жазады. 1836 жылдың ақпан айында көтерілісшілердің Жәңгір ханға қарсы белсенді күресі басталады. Жәңгір хан енді Исатайды алдап Жасқұстағы ордасына шақырады, бірақ Исатай бұл шақырудан бас тартып, ханның шақыруын алып келген шабармандарды соққыға жығып қайтарып жібереді. 1836 ж. наурызда хан Қарауылқожаға қол жинап Исатай мен Махамбетті және оларды қолдаған көтерілісшілердің белсенді мүшелерін тұтқындауға бұйрық береді. Қарауылқожа адай, беріш, табын т.б. рулардан 522 жігіт жинап, Исатайдың ауылына аттанады. Мұны естіген Исатай 200 жігітпен Қарауылқожамен соғысуға әзірленеді. 4-сәуір күні Қарауылқожа жасағымен Исатайдың ауылының маңындағы Қиялы моласының жанына келеді де, Исатайға Сағыр Баршығаев пен Қабық молданы елшілікке жіберіп, хан мен императорға бағынуды талап етеді. Осыдан соң Исатай 200 жігітімен қолдарына ту алып, Қарауылқожаның жасағымен кездесіп, Исатай Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Қарауылқожа Исатай батырдың айбынынан сескеніп, хан бұйрығын орындаудан бас тартып, жинаған жасағын ауылдарына қайтарады. Қарауылқожаның Исатайдан соғыссыз жеңілуі ел арасына тез тарап, Исатай батырдың беделі одан әрі өсе түседі. Осы жағдайдан соң Жәңгір хан ашуланып, қайткенде Исатайдан кек қайтару жағын ойластырып, Орынбор әкімшілігіне Исатай мен Махамбет Күшік Жапаров деген адамды өлтірді деп жала жауып, сотқа шақыртады. Бірақ сотта екеуі де өздерінің кінәсіз екенін дәлелдеп шығады. Халық толқуы шекаралық комиссия мен ханды қатты алаңдатқан болатын. Исатай батыр ел ішінде беделді бір топ адаммен Қарауылқожаның үстінен ханға шағымданып, жағдайды тексеруді сұрайды. Қарауылқожа да көтерілісшілердің үстінен ханға арызданады. 1836-37 жж. көтерілісшілер ханға өздерінің талаптарын айтып, өкілдерін жіберумен болады. Сонымен қатар Исатай ел ішіндегі түрлі мәселелерді шешіп, халық казактар мен байлардың жерлерін бөліске салып, Жайықтың арғы бетіне өтуге шақырып отырады. 1837 ж. наурызында Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа шақыртады, бірақ олар сотқа барудан бас тартады. Орынбор генерал-губернаторы Перовский жіберген атаман Покатилов бастаған Жайық казак әскерінің отряды да оларды тұтқындай алмайды. Бұл тұста көтерілісшілердің саны 3 мың адамға жеткен еді. 1837 ж. қыркүйегінде Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылы мен басқа да би-сұлтандардың ауылдарына шабуыл жасайды. Одан кейін хан ордасын шабуылдауды ойластырып, қазан айының басында ордаға 12 шақырымдай жерге келіп орналасады. Исатай хан ордасына жақындаған тұста қол астында 2000 жігіт болады. Алдымен ханға өз талаптарын айтып хат жазып, оның орындалуын күтеді. Жәңгір хан болса Исатаймен келіссөз жүргізу арқылы уақыт ұтады да, Орынбор генерал-губернаторлығына жасырын хат жазып, көмек сұрайды. Бұл жағдайды білген Исатай да Орынборға хат жолдап, жауап күтеді. Орынбор генерал-губернаторы Перовский қазан айының 17-сінде подполковник Геккені Жәңгір ханға көмекке жіберіп, күшпен тәртіп орнатып, Исатай мен Махамбетті тұтқындауды тапсырады. Қазан айының 30-да Гекке хан ордасына жетеді. Оған жолда атаман Покатиловтың 400 казак отряды қосылады. Гекке хан ордасына келген соң қосымша күш жинау үшін, уақыт ұту мақсатында Исатаймен келіссөздер жүргізеді, бірақ одан нәтиже шықпайды. Бұдан кейін Гекке губернаторға хат жазып, өздерінің көтерілісшілермен соғысуға даяр еместігін және полковник Меркульевтің отрядына Теректіқұмдағы Исатайдың ауылына шабуыл жасау керектігін айтады. Қараша айының 7-де Меркульевтің отряды Исатайдың ауылына шабуыл жасап, батырдың отбасын тұтқындайды. Бұл суыт хабарды естіген Исатай дереу ауылына көмекке аттанады. 8 қарашада Исатайдың жігіттері Меркульевтің отрядын қоршап алады да ауыл адамдарын босатуды талап етеді. Меркульев соғысуға күштің тең еместігін байқап, ауыл адамдарын босатуға мәжбүр болады. Осы жағдайдан кейін Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің мәні өзгеріп, ол тек ханға қарсылық емес, енді ханға қолдау көрсеткен Орынбор әкімшілігіне де қарсылық сипатына ие болды. Меркульевтің отряды Геккенің отрядымен Бекетай ауылының маңында қосылып, Тастөбеге қарай бағыт алады. Тастөбеге 4 шақырымдай қалғанда 500-ге жуық көтерілісшілер тобымен кездеседі. Исатай батыр Меркульевтің отрядынан құтқарып алған елді қорғау үшін жан-жақтан жігіттерін жинауға тырысады. Бірақ Гекке бастаған 2000 жазалаушы солдат көтерілісшілердің бір-біріне қосылмауына күш салады. Жазалаушы отряд саны жағынан басымдылық танытса да көтерілісшілер бірінші болып шабуыл бастайды. Алдымен мергендер тобы мылтық атады, Геккенің отряды оларды зеңбіректен атқылайды. Зеңбіректен дұрыс нәтиже болмаған соң Геккенің солдаттары шабуылға көшеді. Оларға көтерілісшілер қарсы шығып, солдаттардың арасын біршама сиретіп тастайды. Мұны байқаған Гекке көтерілісшілерге жақындап келіп зеңбіректен қайта оқ атуды бұйырады, онысы нысанаға дәл тиіп, көтерілісшілерден көп адам шығынға ұшырайды. Сол уақытта солдаттар тағы да шабуылға шығады. Осы шайқаста Исатай оң қолынан жараланады да, баласы Жақия 50-60 адаммен бірге қаза табады. Тастөбе маңындағы шайқаста көтерілісшілер Геккенің отрядынан жеңіледі. Жеңілістен кейін Исатайдың жігіттері Ішкі Ордаға шағын топтармен тарай бастады. Исатай қатары сиреген көтерілісшілерді қайта біріктіруге әрекеттенеді. Ал бұл уақытта подполковник Геккенің басшылығында 700-дей казак-орыс әскері, 2 зеңбірек және 400 адамнан тұратын хан жасағы болды. Жазалаушы отряд енді Исатай батырдың өзін ұстауға тырысады. Осы мақсатпен полковник Меркульев 300 казак отрядына ханның 600 жасағын қосып алып бірталай жерді шолып қайтады. Перовский Исатай батырды ұстаған адамға 500 сом күміс ақшамен сыйлық тағайындайды. Есаул Трафимовқа 75 казак отряды және ханның 100 жасағымен қоса Тастөбенің төңірегін аңду тапсырылады. 1837 жылы 15 қараша күні таңсәріде Тастөбенің жанында көтерісшілер мен жазалаушы отрядтың арасында кескілескен шайқас болады. Бірақ та жазалаушылар көтерісшілердің көп шоғырланған тұсына зеңбіректен оқ атып, көтерісшілерді шегінуге мәжбүрлеп біршама жерге дейін қуғындайды. Бірақ даланы қанша кезсе де Исатайды ұстай алмады. Исатайдың жанында сенімді серіктері Махамбет, Тінәлі, Иса, Сарт Қабыланбай, Төлеген, Есенгелді отбасыларымен, Тәни, Үбі, Мәстек Ахметұлы көтерісшілер қалып, олар басшыларын барынша қорғауға тырысады. Жазалаушы отряд желтоқсан айында Исатайды Самар даласынан іздейді, ал Исатай болса Жайықтың бойында отырып, қолайлы сәтті күтеді. Губернатор Перовский болса Жайықтың арғы бетіндегі кіші жүздің батыс бөлімін билеуші сұлтан Баймағамбет Айшуақовқа Исатайдың Жайықтан өтіп кетпеуін алдын-ала тапсырады. Губернатордың бұйрығымен Жайықтың бойын бақылау күшейтіледі. Баймағанбет сұлтан өз қарауындағы елдің билері мен сұлтандарына Исатай келсе тез арада ұстап беруді тапсырады. 1837 жылы 13 желтоқсан күні таңсәріде Құраң Маябасовтың бастауымен Исатайдың тобы Жайықтан жасырын өтпек болғанда, жағалауды бақылап жүрген Хорунжий Жигиннің отряды байқап қояды. Бұл кезде Исатайдың жігіттерінің көпшілігі өткелден өтіп, тек бірнеше адам бері жақта қалады да, олар Жигиннің жендеттерімен қақтығысқа түседі. Казак-орыстар Сарайшықта жасақтарымен дайын тұрған Баймағамбет, Мұхамедқали Таукинге хабар береді. Бұл жасаққа жүзбасылар Попов мен Понамаревтің жазалаушы отряд қосылады. 14 желтоқсанда жазалаушылардың қолына Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, Еділ Сартұлының балалары Ерше мен Нұрша түседі. Ал Исатай біраз сенімді жігіттерімен жазалаушыларды адастырып кетеді. Тастөбе маңындағы шайқастан кейін көтерілістің бірінші және екінші кезеңі жеңіліспен аяқталады. Исатай мен Махамбет Кіші жүзге өтіп, 2000 жігіт жинап, Хиуа ханының қолдауымен патша өкіметіне және оның қолшоқпары Баймағамбет Айшуақовқа қарсы күреседі. Кіші жүз даласындағы халық қозғалысы енді орта жүзден Торғай өңіріне келген Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысымен жалғасады. Сондай-ақ, осы тұста Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілісте өрши түсіп, ол Кенесарыға қосылуға бағыт алады. Бұл уақытта жазалаушы әскер мен Баймағамбеттің жасағы Исатайларды тынымсыз іздеуде болатын. Исатайдың қайда жүргеніне қатты мазасызданған Жәңгір хан Кіші жүздің ішіне өз тыңшыларын жіберіп, бақылауды күшейтеді. Ал Орынбор губернаторы Перовский болса Кіші жүздегі көтерілістің басуға қосымша әскер жібереді. Полковник Гекке мен Баймағамбеттің отрядтары Ақбұлақтың жағасына орналасады. Исатай 500-дей жігітімен Қиыл өзенінің қарсы жағалауындағы биік қырға келіп тоқтайды. Көп кешікпей екі арада шайқас басталады. Жазалаушы әскер көтерілісшілерді үш жақтан шабуылдап, зеңбіректен оқ атады. Шайқаста көтерілісшілердің 70-80 адамы қаза табады да, амалсыздан шегінеді. Жазалаушы әскер көтерілісшілердің соңына түседі, көтерілісшілер болса шегіне отырып, біршама шайқасады. Кезекті қақтығыста Исатайдың атына оқ тиеді де, оған көмекке Махамбет пен Үбі келіп, аттарын ұсынады, бірақ батыр атқа мінбей жаяу ұрыс салады. Осы шайқаста Исатай қолға түседі, Баймағамбеттің үш нөкері оның қолын артына қайыра байлайды да, біреуі батырдың кеудесіне мылтық тақап тұрып атады. Оған қоса Иван Богатырев деген урядник батырдың басын қылышымен шауып түсіреді. Осылайша елі үшін еңіреген есіл ер қанышерлердің қолынан қаза табады. Басшысы өлген көтерілісшілер Ойыл өзенінің жағасындағы қалған топқа қосылады. Кіші жүзді қаптаған патшаның жазалаушы әскерлері көтерілісшілердің бірігіп ары қарай әрекет жасауына мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін Исатайдың ұйымдастыруымен болған Кіші жүздегі көтеріліс жеңіледі. Исатай қаза тапқаннан кейін Махамбет Өтемісұлы біраз адамдармен Хиуа хандығына өтіп кетеді. Кейін Орынбор әкімшілігі оны қолға түсіріп, сотқа тартып, Атырау өңіріне жер аударып жібереді. Сот үкіміне риза болмаған Баймағамбет сұлтанның адамдары 1846 ж. қыркүйекте Махамбетті өз үйінде өлтіріп кетеді. И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі. Қазақстанның лагерлер өлкесіне айналуы Лагерь 1938 жылдың басында 26-шы еңбек қоныстары кентінің базасында "Р-17"еңбекпен түзету лагері ретінде ашылды. 1938 жылдың 10 қаңтарынан бастап лагерьге кезеңдер келе бастады. Жарты жыл ішінде бөлім толып кетті және Карлаг басшылығы алдымен сотталғандардың келесі кезеңдерін басқа лаг бөлімшелер бойынша уақытша бөлуге мәжбүр болды, ал күзде ЧСИР-Спасское үшін тағы бір арнайы бөлім құруға мәжбүр болды. 1939 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Карлаг құрылымына "Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің Ақмола бөлімшесі" ретінде ресми түрде қосылды (осы уақытқа дейін формалды түрде тікелей КСРО ІІХК ГУЛАГ-қа бағынышты болатын).1953 жылы Карлагтың 17-ші Ақмола лагерлік бөлімшесі жабылды. Қамаудағыларды ұстау шарттары Карлагтың көптеген лагерлік бөлімшелерінен айырмашылығы, 17-ші бөлімше бірнеше қатар тікенді сыммен қоршалды, күзет мұнаралары орнатылды. Лагерь аумағында қамыс өскен көл болды. Қамыс қыста казармаларды жылытуға және жазда құрылысқа қызмет етті. Ұстау шарттары Карлагтағы жалпы шарттардан ерекшеленбеді. Алғашқы бір жарым жыл ішінде болған "арнайы лагерь бөлімі" режимі тұтқындарға қосымша шектеулер қойды. Атап айтқанда, хат алмасуға тыйым салынды, сәлемдемелер алуға тыйым салынды, мамандық бойынша жұмысқа тыйым салынды. Алайда, лагерьге қажетті кәсіптері бар әйелдердің көпшілігі мамандық бойынша жұмыс істеді. Медициналық комиссияда "ТФ" санатын алған гуманитарлық бейіндегі мамандар (музыканттар, ақындар, мұғалімдер және т.б.) ауыл шаруашылығы алқаптарында және құрылыста қосалқы жұмысшылар ретінде жұмыс істеді. Науқастар, науқастар, қарттар мен балалар кесте тігу және тігін фабрикаларында жұмыс істеді. КАРЛАГ Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзету лагері)-1930-1959 жылдары КСРО НКВД гулагына бағынышты ең ірі еңбекпен түзеу лагерлерінің бірі. Карлаг өзінің қызмет еткен жылдары миллионға жуық адамды қабылдады. 1950 жылдардың басында Карлагта екі жүзден астам лагерь бөлімшелері мен пункттері болды. ITL ауданы осы уақытқа дейін Франция территориясына тең болды. Лагерь Қазақстанның Қарағанды облысының аумағында орналасқан. Карлаг аумағының солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы шамамен 300 км, Шығыстан Батысқа қарай 200 км.1940 жылға қарай лагерь аумағының игерілген ауданы 1 780 650 Га құрады. Лагерьдің әкімшілік-шаруашылық орталығы Долинское ауылында, Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Барлық жергілікті тұрғындар 1931 жылы "совхоздық" жерлерден жер аударылды. Лагерьдің құрылу тарихы Карлагты ұйымдастырудың басты мақсаты Орталық Қазақстанның дамып келе жатқан көмір-металлургия өнеркәсібі үшін ірі азық-түлік базасын құру болды: Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттары. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін екі негізгі мәселені шешу қажет болды: 1)жұмыс күшінің көзін табыңыз (мүмкіндігінше арзан); 2) жұмыс және тұру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті. 1931 жылдың ақпан-наурызында Еділ, Пенза, Тамбов, Курск, Воронеж, Орел облыстарында, Харьков облысы мен Орынбор облысынан шаруаларды жаппай тұтқындау басталды. Орталық Қазақстанды жаппай қоныстандыру және өнеркәсіп орталықтарын құру Ресейдің орталық аудандарымен теміржол қатынасынсыз мүмкін болмады. 2567 адамнан тұратын бірінші кезең Ақмоладан болашақ Қарағандыға дейінгі теміржол құрылысына жіберілді. Жол рекордтық мерзімде аяқталды және 1931 жылдың мамырына қарай пайдалануға берілді. 1931 жылдың күзінде арнайы қоныс аударушылар жөніндегі Андреев комиссиясының жоспары орындалып, 52 мың отбасы Орталық Қазақстанға жеткізілді. 1931 жылдың 17 қыркүйегінде КСРО ОГПУ №527/285 бұйрығымен Қарағанды еңбекпен түзету лагері ресми түрде құрылды. 1931 жылғы 17 желтоқсанда Карлаг Штаттары жарияланды. Орталық Қазақстанды игеру басталды. Оның жабылуына қарай лагерьде саяси баптар бойынша тұтқындар болған жоқ, және "карлаговец" деген жалпы сөз тіркесі ашулы қылмыскерді білдіре бастады. 1959 жылы 27 шілдеде Қарағанды еңбекпен түзету лагері жабылды (Қарағанды облысы ІІБ ҮМЗ болып қайта құрылды). 1927 жылы Ф.и. Голощекин "Қазақстан Октябрь байқауында" және "Кеңес өкіметіне 10 жыл"атты екі туындысын шығарды. Оларда ол ауыл "қазанның тынысын сезбеді","қазақ ауылында Кеңес өкіметі жоқ", "ауылда қазан болған жоқ", "комбедтер мен кулактарды таппады","1925 жылдың күзіне дейін болған жағдайды Қазақстан мен оның партия ұйымының тарихын атауға болар еді"деп табанды түрде дәлелдеді 2). Қазақстандағы өзгерістердің голощекиндік моделі осындай. Қазақ коммунистерін Ф. Голощекин үш топқа бөлді. Біріншісі-кез-келген білім беру шараларына бейім емес, жарамсыз, сондықтан жаңа қоғам құрылысында қолдануға жарамсыз ұлттық жалтарушылар. Екіншісі-хамелеондар, олар жағдайға байланысты саяси түсін өзгертеді. Үшінші топ-Барлық жіберілген қателіктер үшін бір Голощекинді жауапқа тартуға тырысатындар. Сондықтан ықпалды қазақ-коммунистер. Протестовавших қарсы бұзылу ғасырлар бойы жолға қойылған шаруашылығы, ол академик в "национал-уклонизме" мен батыр олардың. Сталиннің қолдауымен. 1923 жылы Марийск обкомынан БКП (б) Семей губкомының хатшысы лауазымына жіберілген, содан кейін Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру - инструкторлық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған Н.И.Ежов та ұлтшылдар мен ұлтшыл-жалтарушылар туралы тарихты толтыруға және жергілікті кадрларды қудалауға аз үлес қосқан жоқ. Түрлі сылтаулармен 1927-1929 жылдары республикадан Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері: Н. Нұрмақов, Т.Рысқұлов, С. Ходжанов, М. Мырзағалиев шығарылады. КазЦик төрағасы Ж.Мунбаев, ағарту халық комиссары С.Садвакасов, егін шаруашылығы халық комиссары Ж.Сұлтанбеков және т. б. өз лауазымдарынан алынып тасталды, и. в. Сталинге, В. М. Малотовқа және Л. М. Каганович Н. И. Ежовқа жазған хаттарында барлық ұлттық кадрлар, барлық қазақ коммунистері ұлттық жалтару мен топтасу күресін жұқтырғанын, олардың арасында салауатты партиялық күштер жоқ екенін хабарлады.1) осылайша КСРО-ның болашақ Ішкі Істер Халық Комиссары Мәскеуге ауысқанға дейін өзінің мансабын" құрметтеді", оның күш-жігері 1937 жылы жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. 30-шы жылдардың соңғы үштен бірі жаппай сипатқа ие болған Саяси қуғын-сүргіннің жаңа толқынымен ерекшеленді. Сталиннің жеке басына табынушылықтың нығаюы және әр түрлі пікірлердің шыдамсыздығы, ел дамуындағы барлық қиындықтарды "халық жауларының" нәтижесі деп жариялау әрекеттері барлық дерлік ықпалды көшбасшылардың, яғни барлық жетекші партия мен кеңес қызметкерлерінің физикалық жойылуына әкелді. 1937-1938 жылдары Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, с. Ходжанов, у. Құлымбетов, о. Исаев, Жандосов, ж. Сәдуақасов, с. Сафарбеков, Т. Жүргенов және басқалары "ұлтшыл - фашизмге" және тыңшылық жасады деп айыпталды. т. Қуғын-сүргінге ұшыраған көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлері-А.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Дж. және Х.Досмұхамедов, М. Тынышпаев, М. Жұмабаев, С. Сейфулин, и. Жансүгіров, Б. Майлин, с. Асфендияров, ж. Шанин, к. Кемеңгеров және т. б. оларды ауыл шаруашылығы дағдарысына, 20-30 жылдардағы көтерілістерге, Жапон барлауымен байланыстарға, Қазақстан бөлімшесінің саясатына және т.б. кінәлі деп жариялады. 1937 жылы Қазақстан бойынша тұтқындалғандардың саны 105 мың адамға жетті, оның 22 мыңы атылды. Қатаң жазаларға ұшырады өздері ғана жазаланған, бірақ мен олардың отбасы, балалар. Осылайша, шаруалар трагедиясына интеллигенция трагедиясы қосылып, бүкіл қазақ халқының қасіреті мен бақытсыздығына айналды. Қазіргі уақытта республикада сталиндік террордың 40 мыңға жуық құрбаны ақталды. А.Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың, ж. Аймауытовтың, Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, М. Тынышпаевтың, с. Асфендияровтың және басқа да Қазақстан қайраткерлерінің игі есімдері халыққа қайтарылды. 30-жылдары тоталитарлық режим қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларында орнықты. Оның мәні Қазақстанда өте ұсқынсыз түрде көрінді. Қазақстан аумағы үлкен лагерьге айналды, республикада лагерьлер құрылды: дала, құм, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл, Кингир арнайы лагері, Өскемен. Олардың ішіндегі ең ірісі Карлаг-Қарағанды ерекше режимдегі лагері болды. Ол 1930 жылы 13 мамырда КСРО ХКК қаулысымен құрылды. 1937-1938 жылдары мұнда 43 мың тұтқын болған. Карлаг жүйесінде 292 өндірістік лагерлік нүктелер, 26 дербес бөлімшелер болды. 1931 жылдан 1960 жылға дейін Карлагқа шамамен 1 млн.адам келді. "Отанын сатқандардың" әйелдері үшін арнайы "АЛЖИР"Ақмола лагері құрылды. 1929 жылы еңбек лагерлері мен еңбек қоныстарының Бас басқармасы - ГУЛАГ құрылды. 1940 жылы ГУЛАГ жүйесінде 53 лагерь, ал 1954 жылы 64 лагерь болды. 1930 жылы лагерьлерде 179 мың тұтқын болды, 1940 жылы 1344408, ал 1953 жылы 1727970 адам болды. 30-шы жылдардың соңында республикаға тұтас халықтарды көшіру процесі басталады. Бұл Қиыр Шығыстың аудандарында тұратын корейлерге қарсы қуғын-сүргіннен басталды. 1937 жылдың тамызында "жапон тыңшылығының енуіне жол бермеу мақсатында" 180 мың 526 отбасы (102 мың) корейлік2) туған жерлерінен жер аударылып, Қазақстан мен Өзбекстанға қоныстанды. Осы акция барысында халық Отанынан айырылып, қиыншылықтар мен қиыншылықтарға тап болды. Тәжірибе. НКВД органдары 1937 жылы жұмыс істеді және кейінірек қолданылды. Соғыс қарсаңында Қазақстанға Украина мен Белоруссияның батыс аудандарынан 102 мың поляк жер аударылды. Әсіресе, соғыс жылдарында күштеп қоныс аудару процесі үлкен ауқымға ие болды. Ядролық сынақтардың зардаптары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр» деп атап өтті [1]. 2009 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдығын және Семей ядролық полигонындағы сынақтар тоқтатылуының 20 жылдығын атап өтті. Халықпен бірге осы күнді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті. Полковничий аралында Семей полигонындағы «Өлімнен күшті» атты ядролық сынақ құрбандарына арналған мемориал бар, сол жерде полигонның жабылуының 18 жылдығына арналған және Қазақстан аумағындағы ядролық соғыстың аяқталуына арналған халықаралық митинг өтті. «Жиырма жыл бұрын осында, Семей жерінде әлемдегі аса ірі полигондардың бірінде соңғы ядролық жарылыс болып өтті. Ядролық сынақтарды тоқтатуға «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы белсенді жәрдемдесті. Шынайы бүкілхалықтық күш-жігердің нәтижесінде 1989 жылы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтата алдық. Біздің жерімізде барлығы 456 ядролық сынақ өткізілсе, олардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе артық еді. Біздің халқымызға келтірілген орны толмас залалды әлі күнге дейін сезінудеміз. Барлық қиындықтарға қарамастан, мемлекет ешқашан өз азаматтарын олардың проблемаларымен бетпе-бет қалдырған емес. Осы мақсаттарға 34 миллиард теңгеге жуық қаржы көзделген. Бұл қаржы Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық аурулар бойынша медициналық кластерді құруға жұмсалады. Семей полигонының төңірегіндегі экологиялық апатқа ұшыраған аймақ қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды алып жатыр. Қазақстанның Германия аумағына барабар аумағының оннан бірі бөлігі уланған, құла дүзге айналып, жүздеген ядролық жарылыстар оған жазылмастай жарақат салды. Біз сондай-ақ халықты және Семей өңірінің экологиясын нәрлендіруге қосқан үлестері үшін шетелдік әріптестерімізге ризашылық білдіреміз. Өкінішке орай, Қазақтан өнегесіне ергендер аз болды. Жуырда Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізуі, Иран ядролық бағдарламасы төңірегіндегі қарама-қайшылықтар, екі ядролық державаның – Үндістан мен Пәкістанның көп жылдардан бергі қарсы тұрушылығы – осының бәрі бүгінде әлемдік тепе-теңдіктің қандайлық шетін болып отырғанын тағы да көрсетіп берді. Өз әріптестерімен бірлесіп, Қазақстан алдағы кезде де ядролық қарусыз дүние жолындағы жаһандық қозғалыс қаруға бар күш қуатын жұмсайтын болады. 29 тамызды, осыдан 18 жыл бұрын ядролық полигон жабылған күнді Жаппай қырып-жою қаруынан бас тартудың Бүкіләлемдік күні деп жариялау бастамасы назар аударуға тұрарлық деп санаймын. Біз бұл ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына ендіруге әзірміз» – деп атап көрсетті Н.Ә. Назарбаев [1, 2 б.]. Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылы 21 тамызда қабылданған. Ядролық сынақ 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында өтті. ҚР Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар үш облыс аумағында орналасқан, сынақ алаңы 18500 км., периметрі шамамен 600 км алып жатыр. Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр. 1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонындағы ресми деректерге сәйкес 456 ядролық сынақ, соның ішінде 8-і – ауада, 30-ы – жердің үстінде және 340-ы – жер астында болды. Қоршаған ортаға атмосферада сыналған және 1949–1962 жылдар аралығында жүргізілген ядролық сынақтар орасан шығын әкелді. Семей полигонынан басқа, Батыс Қазақстан және Атырау облысы шекарасында Нарын өңірінде 3 сынақ полигоны болды: Азғыр атом полигоны, Мемлекеттік Жазғы-сынақ орталығы және Мемлекеттік орталық полигоны (соңғы екеуі Ресей кешеніндегі Капустин Ярға тиесілі, қазіргі уақытта да қолданыста). Осы полигондар аумағында 29 ядролық жарылыс жүргізілді (18 жер асты, 11 атмосфералық). Зерттеулер мақсатында тағы да 10 ядролық жарылыс жүргізілді: 6 - Қарашығанақта, 3 – Маңғыстау облысында және 1- Ақтөбе облысында. 1966-1979 жж. аралығында Азғыр атом полигонында 10 алаңда 17 ядролық жарылыс жүргізілді. Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1,2 млн.м болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты. Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты. Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті биік. Ядролық жарылыстардан кейін қалған жер асты қуыстары қатты ластанған биологиялық қауіпті радиоактивті заттарды сақтау үшін «зираттар» ретінде пайдаланылады. Олардың кейбіреуі су деңгей жиектерінен тұз ерітіндісімен толтырылды және осы уақытқа дейін өз радиоактивтілігін сақтайды. Бұл ретте ластанған топырақ көлемі 24000 м құрайды. Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған. Радиациялық және улы ластануға мына аудан аумақтары ұшырады: Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық [3, 56 б.]. Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы деңгейден асып кетеді. Радиациялық ластану – иондаушы сәуле шығару әсерін тудыратын физикалық ластану түрлерінің бірі, оның көздері осындай сәуле шығару құрылғылары немесе радиоактивтілікті меңгерген кейбір химиялық заттар болуы мүмкін, яғни осы химиялық элементтердің атомдық ядроларының қабілеттілігі, иондаушы сәуле шығаруды шығара отырып, олардың изотоптарының өздігінен еркін ыдырауы мүмкін. Қазіргі уақытта мамандардың ұйғарымы бойынша Қазақстан аумағындағы радиоактивті ластанудың жалпы деңгейі Чернобыль АЭС апаты нәтижесінде зардап шеккен аумақтарға қарағанда 1,5 есе жоғары. Жер үсті ядролық жарылыстары ауада жарылған жарылыстарға қарағанда үлкен әсерін тигізді. Атмосфералық сынақтар нәтижесінде радиоактивті материалдың бір бөлігі сынақ алаңынан алыс емес жерге түседі, қандай да бір бөлігі атмосфераның, төменгі қабатында кідіріп қалады да желмен бірге ұшады, үлкен ара қашықтыққа орналасады. Ауада орташа алғанда бір ай шамасында бола отырып, радиоактивті заттар осы орын ауыстырулар кезінде жерге біртіндеп түседі. Алайда радиоактивті заттардың бір бөлігі атмосфераға шығарылады (10-15 км биіктікте жатқан атмосфераның қабаты), сол жерде көптеген айларға дейін қалып қояды, жер шарының барлық бетіне баяу түсіп, шашырап тарайды. Радиоактивті шөгінділер бірнеше жүздеген әр түрлі радионуклидті қамтиды, алайда олардың көпшілігі жылдам ериді. Қазіргі кезде Ұлттық ядролық орталық деректері бойынша Семей полигонында жер асты ядролық жарылыстар кезінде бөлу өнімдерін шоғырлаумен және оларды топырақ бетіне еріген қар суларымен және көшкін суларымен шығарумен байланысты аумақтың ластануының екінші реттік әсерлері байқалуда. 18.12.1992 жылғы азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңда полигонның қызмет ету нәтижесінде радиациялық әсерге 1,2 млн. адам ұшырады. Олардың бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысында – 1,1 млн., 0,048 млн. – Қарағанды облысында және 0,052 млн. – Павлодар облысында тұрады. Семей өңірі полигонның әсерін сипаттайтын аурулар мен денсаулық жағдайының негізгі көрсеткіштері бойынша аймақтағы қолайсыз аудандардың бірі болып қалуда. 1989 жылдан бастап тұрғындардың денсаулық жағдайына кешенді зерттеу жүргізіліп келеді, Семей қаласында радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ ашылды және Курчатов қаласында емдеу-диагностикалық орталығы ашылды. Полигон аумағында Ұлттық ядролық орталығы мекемелерімен радиоэкологиялық ахуалды нақтылау және оның тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді. Бұл материалдар БҰҰ 53 Ассамблеясы резолюция және ССЯП өңіріндегі тұрғындарды сауықтыру жобасын даярлау кезінде пайдаланылды. ССЯП ядролық сынақты сынау нәтижесінде Қазақстан халқының денсаулығына залал келтірген шығындарды бағалау жүйесі түпкілікті әлі шешілген жоқ. Сәулеленудің қосынды дозасына және сәулеленуге ұшыраған контингент санын негізге ала отырып, аурудың жекелеген нозологиялық түрлеріне және демографиялық ахуалға әсер етудің мүмкін көрсеткіштерін талдау арқылы халық денсаулығына жүргізілген ядролық сынақтардың келеңсіз әсерінің қатерін бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме бар. 1992 жылдың мамырында 52605 орындалған есептелген эквивалентті дозалық жүктемелер және ҚР Экология және биоресурстар министрлігі ұйымдастырған комиссия қабылдаған негізде Семей өңірінің 711 елді мекенінде сәулеленудің тиімді дозасы 0,10 бэр тең жылдық нормадан асып түсті. Максимум тиімді доза 448 бэрден асып түсті [3, 28 б.]. Республикалық СЭС есептеулері бойынша ССЯП өңірінде атмосферадан сынақ мерзімі ішінде тұрғындардың алған ұжымдық дозасы шамамен 100 мың адамды құрайды, ал бұл 100 мыңдаған адам өмірін қиды. Бұдан басқа, сәулеленудің шағын дозасы алшақ әсерлерді тудырады, жеке индивидумда тексеру мүмкін емес, бірақ ұжымдық доза бойынша олардың шығаруын жобалауға болады. Болжамдалған әсерлер ретінде бүгінгі күні қатерлі ісіктер және іштен туа біткен аурулар танылған. Шағын доза иммунитет жүйесіне қысым түсіреді, халықтың сәулеленуге ұшыраған тобының және оның ұрпақтарының иммунитетін азайтуға, барлық патогенді факторлардың әрекет етуіне, ауруға шалдығуына келеді. Бұл барлық нозологиялық пішіндер және демографиялық көрсеткіштердің нашарлауы бойынша ауру түрлерінің өсуіне әкеледі. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңа семей аудандары тұрғындарында қан аздығы жағдайының жоғары жиілігі белгіленген. Қан аздылыққа көбінесе кішкене сәби балалар, соның ішінде жасы үшке дейінгі сәбилер барынша жиі ұшырайды. Семей өңірінде жүйкенің тозуы және басқа психикалық ауру түрлерінің жиілігі тым жоғары. Азғыр кентінің тұрғындары арасында орташа облыстықпен салыстырғанда ауру түрлері жоғары: туберкулез бойынша – 608 есе артық, эндокринді ауру – 19 есе, асқазан жарасы ауруы – 16 есе жоғары. Өмір сүру ұзақтығы өте қысқа, ауру санының жалпы өсімі өршу үстінде. Осылайша, Қазақстан өз аумағындағы геологиялық құрылыс ерекшеліктерінің күшімен, табиғи уран және көмірсутекті ресурстарымен, сондай-ақ бұрынғы КСРО жүйесінде ядролық сынақтарға арналған әскери өнеркәсіптік кешендер мен полигондардың шикізат базасы ретінде әлемдегі бірде бір мемлекет ХХ ғасырдың ұлы жаңалығы – радиоактивтілік қатынасында бай және қайғылы тәжірибе жинақтады. Еліміз аумағының бір бөлігі ластанған табиғи және жасанды радионуклидтер болып табылады [4, 8 б.]. Бүгінгі күні мемлекет үшін ең басты проблема аумақты ластанған радионуклидтерден сауықтыру және радиоактивті қалдықтарды пайдаға асыру және көму проблемалары болып табылады. Оларды шешу әлемдік қауымдастықтың қатысуынсыз мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстанда қалыптасып қалған радиоэкологиялық ахуал радиоэкологиялық зерттеулердің кең шеңберін жүргізу үшін және олардың нәтижесін нақты іске асыру үшін бірегей мүмкіндікті ұсынады. ХХ ғасырдың басындағы төңкерістердің тарихи маңызы. 1905-1907 жылдардағы революция қарсаңында өлкеде жұмысшылардың, шаруалардың және басқа да халық топтарының жергiлiктi өкiмет орындарының байлар мен өнеркәсiпшiлердiң озбырлығына қарсы жекелеген стихиялы бой көтерулер болып өттi. Қазақстанда жұмысшы қозғалысы кеңейе бастады. Ереуілдер саны көбейіп, олар неғұрлым бұқаралық және табанды сипат алды. 1901 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қарағанды кен орындарында Орынбор губерниясынан келген башқұрт жұмысшылары ереуіл жасады, олар жалақыны келісім-шарт бойынша төлеуді талап етті. 1902 жылдың маусымында Зайсан уезiнде Михайлов кенішінің жұмысшы қазақтарының толқуы болып өтті. 1902 жылдың қыркүйек-қазан, 1903 жылдың маусым-тамыз айларында Екібастұз көмір кендерінде жұмысшы ереуілдері болды. Табанды күрес нәтижесінде жұмысшылар жеңіске жетті. Қазақстандағы революциялық қозғалыстың айтарлықтай өрлеуi 1905 жылғы қазан-қараша айларында өтті, 17 қазандағы патша манифесiнiң жариялануы Қазақстан қалаларында көп адам қатысқан митингiлерге, демонстрацияларға және халықтың қалың тобының басқа да бой көтерулерiне ұштасқан болатын. Оларды дала өлкесiнде Омбы қаласындағы 19 қазанда өткен митингi мен басқа да оқиғалар бастап бердi, оларды ұйымдастырушылардың бiрi ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Әлихан Бөкейханов (1870-1937) болатын. Оның бастамасы бойынша манифест қазақшаға аударылды, оның 10 мың данасы қазақ ауылдарына таратылды. Қазақстанның барлық қалаларында 17 қазандағы манифестке арналған саяси шерулер, митингiлер және жиналыстар толқыны жайылды. Перовскiде, Қарағандыда, Павлодарда манифестациялар болды. 1905 жылы 15 қарашада әйгiлi Қарқаралы оқиғалары басталды. Оны ұйымдастырушылар қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы өкiлдерi: Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, К.Тоғысов, Е.Итбаев және басқалар болды. Осы жерде айта кетсек, 1905 жылы 25 шілдеде Қоянды жәрмеңкесінде (Қарқаралыға жақын жерде) болған қазақтар сьезі бастап берген «петициялық» науқан бел алды. Патшаның атына қабылданған петицияда Қазақстанда арнайы мұсылман діни басқармасын ұйымдастыру, мешіттер салу, діни мектептер ашу, Меккеге қажылыққа бару үшін шетелдік төлқұжаттар беру және т.б. туралы талаптар да болды. Жетісудағы ұйғыр-дүнген қоныстарында да шаруалар бой көрсетулері орын алды. Олардың кедейлері ірі феодалдардың қауымдық жер иеліктерін басып алуына қарсы, яғни патша шенеуніктеріне қарсы наразылық білдірді. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысының да, аграрлық қозғалыстың, жалпы өлкедегi азаттық күрестiң дамуында ХIХ-ХХ ғасырлар шебiнде туындаған зиялылар айтарлықтай рөл атқарды. Өзiнiң құрамы мен бағыттары, қоғамдық-саяси қызметiнiң сипаты бойынша зиялылар әр түрлi топтарды бiрiктiрдi, бiрақ оның негiзгi бөлiгiн дәрiгерлердi, адвокаттарды және басқаларын отаршылдық-әкiмшiлiктің өкiлдерi құрады. Қазақ халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттiк Дума сайлауы айтарлықтай рөл атқарды, сайлау кезiнде саяси партиялардың сайлаушылардың дауысы үшiн күресi өрiстедi. Мемлекеттің Дума сайлауы сословиелік теңсіздікке және мүлік цензіне негізделген жүйе бойынша өткізілді. Сайлаушылар тең емес төрт курияға: егіншілік, қалалық, шаруа және жұмысшы курияларға бөлінді, олардың өкілділігі бірдей болған жоқ: помещиктер ерекше артықшылыққа ие болды, олардың бір дауысы қалалықтардың үш дауысына, шаруалардың он бес дауысына және жұмысшылардың 45 дауысына теңестірілді. Империя халқының көпшілігін құраған шаруалардың жұмысшылар алдында кейбір артықшылықтары болғанымен, алғашқы екі куриямен салыстырғанда дауыстары азырақ болды. Бұл жүйе жұмысшылардың құқықтарын қатаң шектеді, олардан сайлауға 25 жастан асқан, фабрика зауыт, тау-кен және кен-зауыт өнеркәсібінің, темір жол шеберханаларының кемінде 50 адамы бар кәсіпорындарында жұмыс істейтін еркектері ғана қатыса алатын болды. Соның нәтижесінде Ресейдің барлық жұмысшаларының ¾ бөлігі сайлауға қатысудан шектетілді. Ұлттық шет аймақтар халқының да құқықтарына қысым жасалды, Мемлекеттік Думаға орыс тілін білмейтін және т.б. «бұратана» сайлана алмады. Қазақстандағы Мемлекеттік Дума сайлауы орыс халқының саны едәуір болатын өлкенің ірі облыстарында социал демократтар мен трудавиктер партиясы мүшелерінің, ал қазақ халқы арасында либерал демократиялық ұлттық зиялылар өкілдерінің зор ықпалы болғанын көрсетті. Мемлекеттік Дума сайлауы Қазақстанның бүкіл аумағында төтенше жағдай талаптарымен өткізілді. Мұның өзі орасан үлкен өлкенің бүкіл қазақ халқын кемсітуге әкеп соқты, бұл орайда өкімет орындарының озбырлығы ерекше болды, олардың басты мақсаты қазақ халқының өкілдерін патшалық Ресейде алғаш рет құрылған заң шығарушы өкімет орындарына жібермеу болатын. «Ақмола облысындағы сайлауда полициялық озбырлықтың кең құлаш жайғаны сонша, оған қарсы айтылған шағымдар Мемлекеттік Думада талқыланды». I Мемлекеттiк Думаға (1906 жылғы 8 шілдеде таратылды) 4 миллиондық қазақ халқынан 4 депутат сайланды, олар: Ә.Бөкейханов, А.Бiрiмжанов, А.Қалменов және Б.Құлманов. Патша халық бұқарасының назарын алаңдату үшiн шақырған I Мемлекеттiк Дума оның үмiттерiн ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды. І сайланған Мемлекеттік Думада А.Қалменов пен заңгер А. Бірімжанов аграрлық мәселедегі, Қазақстандағы жер реформасы туралы ұсыныс пікірлерін айтты. Елдегі революциялық бой көрсетулердің бәсеңдеуін пайдаланып, 1906 жылы 8 шілдеде патша Думаны қуып таратты. Ә.Бөкейханов кадеттер, трудовиктер мен социал-демократтар шақырған бұрынғы Мемлекеттiк Дума мүшелерiнiң Выборгтегi жиналысына қатысты, онда халыққа салық төлемеуге үкiметке қарыз және қосымша солдаттар беруден бас тартуға шақырған үндеу қабылданды. Осы үшін Санкт-Петербург сот палатасы Ә. Бөкейхановқа 3 ай түрмеге қамауға үкім шығарып, Семей түрмесіне қамады. Кейін Самараға жер аударылды. ІІ Мемлекеттік Дума сайлауы 1907 жылғы ақпанда шақырылды. II Мемлекеттiк Думаға Қазақстаннан 14 депутат, соның 6-уы қазақтар болды, олар: молда Ш. Қосшығұлов, би Х. Нүрекенов, адвокат Б. Қаратаев, сот тергеушісі А. Бiрiмжанов, Сырдария облысынан Т. Аллабергенов, қатынас жолдары инженері М. Тынышпаев. Қазақ халқынан сайланған II Мемлекеттiк Дума депутаттары кадеттерге қосылды және мұсылман фракциясына кiрдi, олар шет аймақтарға шаруаларды қоныс аударуды тоқтатуды талап еттi. Патшаның қоныс аудару саясатына қарсы шықты. II Мемлекеттiк Думаны да патша өкiметi 1907 жылы 3 маусымда қуып таратты. II Мемлекеттiк Думаны тарату және жаңа сайлау жүйесiн енгiзу туралы заң бойынша қазақтар мен өлкенi мекендейтiн басқа да орыс емес халықтар сайлау құқықтарынан айырылды. Столыпиндiк реформа күшейдi. Егер 1893 жылдан 1905 жылға дейiн қазақ халқынан қоныс аударушылар пайдасына 4 миллион десятинадан астам жер тартып алынса, 1906 жылдан 1912 жылға дейiн 17 миллион десятинадан астам жер тартылып алынды. Ұлттық-отаршылдық езгiнiң күшеюi, патша өкiметiнiң аграрлық саясаты, өлкенiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрiне капиталистiк қатынастардың енуi қазақ халқының ұлттық сана-сезiмiнiң өсуiне әкелдi. Ұлттық зиялылардың әртүрлi идеялық саяси ағымдарының пiкiрiн “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетi бiлдiрдi. 1911-1915 жылдарда шығып тұрған “Айқап” журналы (редакторы – М.Сералин) Қазақстандағы идеялық-саяси ой-пiкiрдiң, аграрлық-демократиялық бағыттарын бiлдiрдi. 1913-1918 жылға дейiн шығып тұрған “Қазақ” газетi либерал-демократиялық бағыт идеяларын бiлдiрдi. Онда қазақ конституциялық-демократиялық партиясының және қазақ халқының жалпы ұлттық қозғалысының жетекшiсi, экономист-ғалым Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов қызмет iстедi. |