Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуыТүркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді. Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ - Түркістан мұхтарияты. Аталған IV құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады. Түркістан үкіметінің мүшелеріТүркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны олар «уақытша үкімет» деп белгіледі. Сонымен Түркістан үкіметінің мүшелері мына тұлғалар: Мұхаметжан Тынышбайұлы - Үкімет төрағасы және ішкі істер министрі; Мұстафа Шоқай - Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі; Шахислам Шахиахметов Үкімет төрағасының орынбасары және қаржы министрі; Әбдірахман Оразайұлы - кейінгі ішкі істер министрі; Үбайдулла Хожаев - әскери істер министрі; Насырхан төре - халық ағарту министрі; Мірәділ Мырзахметов - әлеуметтік істер министрі; Хидаятбек Юрғули Ағаев - ауылшаруашылығы министрі; Әбитжан Махмұт - азық-түлік министрі; Саломон Гердфельд - азшылық ұлт өкілдерінің министрі. Осы кезде М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған Түркістан тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл көзімен қарауды сұрады. Осыған байланысты кейін бір еңбегінде Мұстафа 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелуді сұраған. М.Шоқай ондай күш қажет болса, «орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу» мәселесін күн тәртібіне қояды... Ал енді М.Шоқай түркістандықтардан тек жақсылық көрді деу де ақылға сыйымсыз. «Бірлік туы» газетіне 1918 жылы 18 наурызда жарияланған «тау арасынан» жасырын жолданған әйгілі хатында оны Гаухана, Маймүбәрак, Құмбаста сарттары қалай өлтіре жаздағаны жазылған. Түркістан автономиясын қырған большевиктік қара күш пен жергілікті бағдарсыз оспадар күштің айырмасы шамалы еді. Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: себептері, барысы, салдары 1930 жылы КСРО Егіншілік халық комиссары Я.А. Яковлев компартияның ХVІ сиезі мінберінен жасаған баяндамасында «Біздің есеп бойынша Қазақстанда егін егуге жарамды 50-55 млн гектар жер бар, соның 36 млн гектары солтүстік өңірде» деген еді (ХVІ съезд Всесоюзный Коммунистической партии. Стенографический отчет. М., 1930, 584-б). Яғни, отарлаушылар қазақ даласын игерудің амалын ерте қарастырған болатын. Совет үкіметі бұл шаруаны бастап жіберуге алғашқы жылдары қаржылық тапшылықтан игере алмаса, ел экономикасы оңалып келе жатқан тұста екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті де, мойын бұра алмады. Сөйтіп бұл шаруа екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Әуелі «ССРО экономикасын дамытудың жолдарын қарастыру» және «Мемлекетті азық-түлікпен қамту» деген бастама көтерілді. Осы мәселені шешу үшін 1950 жылы арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссия 1952 жылы мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөліп, аталмыш мәселе 1953 жылы тамыз айында ССРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында талқыланды. Кешікпей осы жылдың 3-7 қыркүйегінде КОКП Орталық Комитетінің кезекті пленумы өтіп, астық өндіру жайын басты планға шығарып, мал шаруашылығы екінші планға шегерілді. Сөйтіп,1954 жылы өткен КОКП Орталық Комитетінің пленумы «Тың және тыңайған жерлерді» игеру жайлы шешім қабылдады. Бас хатшы Хрущев тарапынан астық өндіруде Американы қуып жетіп, басып озу жайлы ұран тасталды. Ол үшін Қазақстандағы 6,3 млн. гектар тың жерді игеру мақсаты қойылды. СОКП Орталық Комитеті үндеу тастап, күллі Совет халқын «Қазақстанның тың жерлерін игеруге» шақырды. «Тың игеру үшін» деген ұранмен 1950-ші жылдардың ортасында советтің түрмесінен босап шыққан 10 миллион адамды (көбі басбұзар, қылмыскер) қазақ жеріне тайлы-тұяғымен түгелдей аттандырды. Аз уақыттың ішінде 1,5 миллион адамды қаңбақша айдап әкелді. Соның салдарынан 1959 жылы халқымыз қарашаңырақ атамекенінде соры қайнап 30 пайыздан аспай қалды. Мұндағы тарих ескерткіштерді жоюдың арғы жағында тың игеру емес, халықтың тарихи жадысын жоюдың залым тәсілі іске асып жатты. Бұның сыртында тың және тыңайған жерлерді игерудің рухани және экономикалық зардаптары көп болды. Атап айтқанда: • 1954 жылдың наурыз айына дейін Қазақстанға тың игеру үшін 200 мың адам сырттан көшіп келді. • 1956 жылы 640 мың тыңгер келіп қоныстанды. • Осы жылдары Совет Армиясынан босатылған жауынгерлер топ-тобымен келді. • 1954-1958 жылдары елімізде жаңадан 337 тың совхозы бой көтеріп, оларға түгелдей орысша атау берілді. • Тың игеру барысында жоспарланған 6,3 млн гектардың орнына 8,5 млн. гектар жыртылды. • 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн гектар жер жел эрозиясына ұшырады. • Топырақтың сапалы қыртысы 15-20 пайыз, кей жерлерде 23 пайызға дейін бүлініп, құнарын жоғалтты. • Қазақстанға 1954-1962 жылдары тың игеруге сырттан 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. • 1960 жылдың басында Тың өлкесіндегі барлық облыс пен аудандық қазақ газеттері жабылып, іс-қағаздар тек орысша жүргізілді. • Совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. • 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстары (Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, СҚО) тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. • Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Бірен-саран қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Бұл оқиға қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. • Ақмола қаласында қазақ тілінде оқытатын жалғыз мектеп қалса, Көкшетауда ол да болмады. Түркістан Автономиясының құрылуы, М.Шоқайдың өмірі мен қызметі. «Түркістан» автономиясының құрылуы. Мұстафа Шоқайдың қызметі. Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы - Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет.1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жарияланды. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды. М.Шоқай Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думағаарнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы. 1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды Кіші Қазан" идеясы. Ф. И. Голощекина: мәні мен салдары. 1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген Голощёкин Филипп Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Алайда, қазақ жеріне келіп әлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куә болған Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деген тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды орнату мүддесі көзделді. Ал анығын айтқанда, бұның мәні көшпелілерлің ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып, отарлауды күшейтіп, қанау саясатын бүркемелеу еді. Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды. 1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды. Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты. Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. Малы, астығы жоқ халық қырғынға ұшырады. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды. Осыны көріп отырып қазағым деп қабырғасы қайысқан интеллегенция өкілдеріне де Голощекин өртінің жалыны жетіп барды. Жоғарғы басшылықтың құрамындағы «ұлтшылдарды» қызметтен аластай отырып, Ф.Голощекин 1927 жылдың күзінен бастап Мәскеудің қолдауына сүйеніп, ұлт-азаттық козғалыс қайраткерлерін соттау шараларын іске асырды. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда отырды. Олардың төртеуі атылды, біреуі конц-лагерьде өлді, қалғандары он жыл түрмеге камау жазасына кесілді. 1930 жылы М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері қамауға алынып, олардың он бесі бес жылға Воронежге жер аударылды. М.Әуезов, Ә.Ермеков және М.Жұмабаев «ұлтшылдық» идеологиясынан бас тартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы мәлімдеді. Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру деп байбалам салды, малды тәркілеп байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды. Саясаткер ретінде емес, қазақты қанауға келген қанішер ретінде есте қалған оның "Кіші қазан" идеясы расымен мемлекеттік құрылымға әсер етіп, үлкен бұрылыс жасады. Алайда, миллиондаған халықтың қазасына әкелген саясатты қалай жақтасақ та ақтауға келмейді. Даттамасақ та, солақай саясаттың, жазықсыз қалың қазақтың қанының иісі шығып тұрады бұл тақырыптан. Міне, Голощекиннің "кіші қазанының" тарихи мазмұны осылай ұмытылмас ақтаңдақтармен қалып қойды. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері. Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды. Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. |