Главная страница
Навигация по странице:

  • Азамат соғысы

  • Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Қазақстандағы соғыс тұтқындары.

  • Алаш автономиясын құру туралы шешім. Алаш автономиясы

  • Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары


    Скачать 1.03 Mb.
    Название1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
    Дата17.01.2022
    Размер1.03 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих ответы экзамен .docx
    ТипДокументы
    #333098
    страница5 из 45
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

    2. Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. «Қазақ» газеті 9 наурыздағы санында: «...Қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күні туды, жақсылық, қуаныш тек орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш»-- деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың рөлі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастау болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түкпір-түкпірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Ақпан революциясының жеңісі Қазақ өлкесі мен Түркістан аймағында халықтың мұң-мұқтажын жоқтайтын саяси күштер: «Алаш» ұлттық демократиялық партиясын, большевиктердің мүддесін қорғайтын «Үш Жүз» радикалдар партиясын және түрікшілдік пен исламды жақтайтын «Шуро-и- Ислам» т.б. саяси ағымдар, ұйымдар, партияларды тарих сахнасына шығарды.

    1917 жылдың басындағы Ақпан революциясының әсерімен патша тақтан құлады. Оның орнына қос үкімет орнады. Бір жағынан негізгі буржуазиялық билік және жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестері. Алайда 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясының нәтижесінде орнаған Уақытша үкімет халықтың мұң- мұқтажын толық шеше алмады. Ұлт мәселесі, отарлық езгі, жер мәселесі мен әлеуметтік қанаушылық өз шешімін таппады, патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Қазақ өлкесіндегі шұрайлы-шүйгін жерлер казак-орыс иеліктерінде қалса, әлеуметтік артықшылықтар кулактардың, бай- шонжарлардың қолында болды. 1917 жылдың жаз айларынан бастап барлық өлкеде халықтың басым көпшілігі большевиктер жағына шыға бастағаны белгілі. Кеңестердің ықпалы күшейіп «Бүкіл өкімет Кеңестерге берілсін!» деген ұран арта түсті. Бұл ұран қарулы көтеріліске жетелеп, Уақытша өкіметті құлатуға шақырды. 1917 жылдың 24 қазанында Петроградта қарулы көтеріліс басталып, жұмысшы, солдаттар жасақтары маңызды орындарды басып алады. Ал, 25 қазан күні Уақытша өкімет құлатылды. Нәтижесінде большевиктер партиясы Ресейде Кеңес билігін орнатады. Олар халықты өздеріне қарату үшін бірден мынадай үш декрет шығарды: «Жер туралы», «Бейбітшілік туралы», «Ұлттардың тәуелсіздігі туралы». Қазақстанда Кеңес Үкіметі екі жолмен орнады. Қазақстанның солтүстік аймақтарында бейбіт түрде, ал оңтүстік өлкелерінде қарулы күшпен орнады. 1917 жылдың қазан айынан бастап, 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес үкіметі Қазақстанның ірі елді мекендері мен қалаларында орнаса, ауылдар мен селолық жерлердің басым көпшілігінде бұл үрдіс азамат соғысы басталғанға дейін созылды. Қазақ өлкесінде Кеңес өкіметін орнату жолында Ә. Жангелдин, О.Жандосов, Т.Бокин, С.Сейфуллин, Ә.Майкөтов, А.Асылбеков, А.Иманов, Т.Рысқұлов, П.Виноградов, Л.Емелев, Я.Ушанов, Ә.Айтиев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев тағы да басқалары белсенді қатысты. Кеңес өкіметі Перовскіде (Қызылорда) 1917 жылдың 30 қазанында, Шымкент қаласында қараша айында, Түркістан, Әулиеата, Қазалы жерінде желтоқсан айында орнады. Петропавлда жұмысшы-шаруа депутаттары Кеңесі темір жол жұмысшыларымен бірлесе отырып, 1917 жылдың 12 қарашасында өз билігін орнатты, ал Өскемен, Семей, Атбасар, Көкшетау, Павлодар жерінде Кеңес өкіметі казак-орыстар мен билеуші топтардың қарсылығына тап болып, қиыншылықтарға кездесті. Семей өлкесіндегі Кеңес өкметі 1918 жылдың ақпанының 17-де орнады. Торғай, Қостанай, Ақтөбе жерлерінде Кеңес өкіметі 1917 жылдың желтоқсанынан 1918 жылғы наурыз айының аралығында орнады. Жетісу өңіріне келсек, Кеңес өкіметін орнату күресі қарсы күштердің басымдылығына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. 1918 жылдың наурыздың 2-нен 3-не қараған түні Верныйда әскери- төңкеріс комитеті бас болған, жұмысшылардан құрылған «Қызыл ұлан» 21 жасақтары және большевиктік әскери полктің жауынгерлері еңбекшілердің қолдауына сүйене отырып, пошта-телеграф, қару-жарақ қоймаларын, маңызды мекемелерді басып алып, Кеңес өкіметін орнатты. Наурыз айында Жаркент, Аякөз, Талдықорған, ал сәуірдің бас кезінде Лепсіде Кеңестік билік орнатылды. 1917 жылдың 15-22 қарашасында болған Ташкентте өткен өлкелік съезд Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі орнағанын атап өтті. Оның құрамында 14 адам болды. Бірақ құрамында бір мұсылман адамы болған емес.

    Большевиктердің жергілікті халыққа деген сенімсіз бұл әрекетінен соң,1917 жылы 26 қарашада Қоқанд қаласында мұсылмандардың ІУ съезі шақырылды. Съезд Түркістан автономиясы мен оның жоғарғы органы Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Уақытша Кеңес құрамына 32 адам сайланды. Түркістан автономиясының президенті және Уақытша Кеңестің басшысы болып М.Тынышпаев, сыртқы істер министрі болып М.Шоқай сайланды. М.Тынышпаев қызметтен кеткеннен кейін оның орнына М.Шоқай президент болып тағайындалды. 1917 ж. 1 желтоқсанында Түркістан өкіметі өлкенің халқына Түркістан автономиясының төңірегіне топтасуға және алға қойған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға шақырған үндеу тастады. 1918 жылы қаңтарда большевиктер Түркістан автономиясын заңсыз деп таныды және оны жою туралы шешім қабылдады. Қызыл отрядтар мен Ташкент гарнизонының әскерлері Қоқанға қарсы аттандырылып, 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түнде қалаға тікелей шабуыл жасалды. Үш күндік шабуылдан кейін қала алынып, автономия жойылды.

    1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда Екінші Бүкілқазақ съезіболып өтті. Оның жұмысына Қазақ өлкесінің: Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстарынан және Бөкей Ордасынан, Самарқанд облысы мен Алтай губерниясынан делегаттар қатысты. Съезді ұйымдастырушылар Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Е. Омаров, С. Досжанов, М. Дулатов болды. Съездің терағасы болыпБ. Құлманов сайланды.Съезд өз жұмысын Қазақ өлкесінің оңтүстік аудандарындағы аштық, халықтың күйзелісі және ондағы жергілікті әкімшіліктің жағдайды түзетуге дәрменсізекені туралыхабарлардыталқылаудан бастады. Бұл мәселелерді қарағаннан кейін, съезд қабылдаған қарарлардың бірінші бөлімінде «елдегі партиялық күресті тоқтатуға және бірігуге» шақырды. Жалпықазақ съезінің күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілді: Сібір, Түркістан автономиялары және оңтүстік-шығыс одағы туралы, қазақ облыстарының автономиясы, милиция, ұлттық кеңес, білім беру, ұлттық қор, мүфтиат, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік мәселесі. Съездің негізгі мәселесі – Қазақ (Алаш) автономиясын жариялау туралы болды. Автономия туралы баяндаманы Ә. Бөкейханов жасады. Ә. Бөкейхановтың баяндамасы жэне автономия құру мәселесі ерекше комиссияның қарауына жіберілді. Комиссия атынан X. Ғаббасов сөйледі. Баяндаманы талқылау барысында Қазан төңкерісінен кейін Уақытша үкіметтің құлағаны, Ресей мемлекетінің биліктен айырылғаны, халықтың сенімі мен моральдық беделіне ие болған ешқандай биліктің жоқ кезінде елде азамат соғысы тууының мүмкін екені, анархия өрті ірі қалаларда өршіп, одан ауылдарға жайылып, күннен-күнге күшейгені, мұндай қиын жағдайдан шығудың тек бір ғана жолы – ол Қазақ елкесіндегі барлық облыстардың халқы мойындайтындай мықты билік орнату болып табылатындығы туралы қорытынды жасалды. Съезд пікірталастар мен талқылау өткізгеннен кейін қазақ облыстарының автономиясын құруға және оған «Алаш» деген атау беруге қаулы қабылдады. Алашорданың орталығы ретінде Семей қаласын белгіледі. Алашорда үкіметінің төрағасы болып баламалы негізде көпшілік дауыспен Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл орынға Б. Құлманов пен А. Тұрлыбаев та үміткер болған еді. Алашорда жетекшілері бірінші кезекте Қазан төңкерісінде жеңіске жеткен большевиктердің билігі – Кеңес үкіметімен байланыс орнатуға тырысты. Алашорда үкіметінің арнайы тапсырмасы бойынша Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар Мәскеуде Кеңес үкіметінің басшылары В.И. Ленин және И.В. Сталинмен келіссөздер жүргізді. Ал Алашорда үкіметі төрағасының орынбасары Халел Ғаббасов Кеңес үкіметінің ұлт мәселесі жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен Семейден телеграф арқылы келіссөздер жүргізді. Алашорда жетекшілері «Ресей халықтары қүқықтарының Декларациясын» негізге ала отырып, Алаш автономиясы мен Кеңес үкіметінің бірін-бірі өзара тануы жөнінде талап қойған еді. Алайда бұл талап орындалмады. Кеңес үкіметінің жетекшілері Алаш автономиясын мойындамайтыны белгілі болды. Олар Ресей халықтарына кеңестік үлгідегі автономия берілетінін мәлімдеді. Алашорда үкіметінің дипломатиялық қадамдары кеңестік билік тарапынан қабылданбады. Алашорда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс орнату және олармен ымыраға келу саясатынан бас тартып, оларға қарсы саяси күштермен одақтасу тактикасына көшті. Міне, осыдан бастап, Орынборда Кеңес үкіметін құлатқан атаман А. Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен байланыс орнатады. Алашорда үкіметінің 1918 жылғы шілдедегі қаулысына сәйкес «Алаш автономиясы аумағында Кеңес үкіметінің барлық декреттері заңсыз» деп танылды. Ал сол жылы тамыз айында Семейде тұңғыш Алаш атты полкі құрылды. Бұл II Жалпықазақ съезінде қабылданған Алаш әскерін жасақтау туралы қаулысын жүзеге асырудың бастамасы болатын-ды.

    Азамат соғысында қазақ халқын өз жағына тарту үшін Кеңес үкіметі Алаш-орда жетекшілерімен қарым-қатынас орнату керек екенін жақсы түсінді. Сөйтіп, Кеңес үкіметі 1919 жылы 4 қарашада Алашорда құрамында болған азаматтарға кешірім жасау жөнінде қаулы шығарды. Сол жылдың 21 желтоқсанында Алашорда жетекшілері Кеңестер жағына өту туралы шешім қабылдайды. Ал, 1920 жылы 9 наурызда Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінтарату жөнінде Кеңес үкіметінің қаулысы қабылданды.

    Ресейде басталған Азамат соғысы Қазақстанды да шарпып үш жылдан аса уақытқа созылды. Осы соғыста 8 млн. жуық адам опат болды. 1918 жылдың мамырында чехословак корпусы бүлік шығарды. Олар Сібірдің, Оралды, Орта Волганың, Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бірнеше қалаларын басып алды. Мамыр айында Петропавл, маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанай басып алынды. Олар кеңес қызметкерлерін өлтіріп, елді мекендерде озбырлық, айуандық әрекеттер жасайды. К.Сүтішев, И.Дубинин, Ғ.Ыдырысов, П.Шугаев сияқты Кеңес қызметкерлерін азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я.Ушаковты кеменің оттығына жағып өлтіреді. 1918 жылдың маусымында Дутов Орынборды басып алды. Осыдан кейін 1918 жылдың жазында Шығыс майдандағы қиыншылықтарға байланысты 2 маусымда Қызыл әскер бөлімдері Орынбор қаласынан кейін әскерлерге Ташкент, Қазалы, Қызылорда, Шымкент, Әулиеата т.б. қалаларда құрылған халық жасақтары көмекке келіп, соның негізінде Жетісу, Орынбор, Орал, Батыс Қазақстанда әскери бөлімдер құрылды. Алайда кеңес үкіметінің жергілікті мұсылман халықтардан құралған бөлімдеріне сенімдері болмады. Соғысқа адам алу алғашқы уақытта еріктілік негізінде жүргізілді. Артынан міндетті болып есептелінеді. 1918 жылдың қараша айында жауынгерлерді ұлттық белгі бойынша құру туралы жарлық 22 шықты. 1918 жылдың соңы мен 1919 жылдың басында Торғай және Ырғызда Ә.Жанкелдин мен А.Иманов бастаған екі атты әскер эскадроны, пулеметшілер тобы жасақталды. 1918 жылдың күзінде Бөкей Ордасында тұңғыш қазақ атты әскер полкі құрылды. 1919 жылдың басында Ә.Жанкелдин бастаған экспедиция майданға Мәскеуден көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізеді. Ақтөбе майданының әскери күші 1919 жылдың 22-ші қаңтарында Орынборды, 26-шы қаңтарда Орал қаласын азат етті. М.Фрунзе басқарған әскер Қазақстанның солтүстік өңірінде, В.Чапаев бастаған әскер оңтүстік-батыс аудандарда сәтті соғыс қимылдарын жүргізіп, Колчак пен Деникин әскерлерінің қосылуына жол бермеді. 1919 жылы Ә.Жанкелдин мен А.Иманов Торғайда Кеңес өкіметін қалыпқа келтірді. Атаман Дутовтың, Аннековтың іс-әрекеттері халықты партизандық соғысқа итерді. Олардың саны 10 мыңға дейін жетті. Қостанай өңірінде Боровский ауданында 25 мың партизандар болды. Атбасар уезінде Мариновка селосы партизандық қозғалыстың орталығы болды. Оны Ирченко басқарды. Ақмола, Семей жерлерінде партизандық күрес өрістеп, Жетісу майданының солтүстік-шығыс бөлігінде 1919 жылдың қазан айының ортасына дейін ақгвардияшыларға күрес жүргізіп, негізгі орталығы Черкасск ауылы болды. Шығыс майданның Солтүстік және Оңтүстік топтары болды. Оңтүстік топты М.В.Фрунзе басқарды. Олардың әскерлері 1919 жылдың мамыр айында Уфаны, ал жазында Челябинскіні азат етті. Осының нәтижесінде 1919 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе майданы жойылды. Колчак армиясының жеңілуі, солтүстік-шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына әкелді. Осыған сәйкес, Түркістан майданың әскери бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, Кеңес үкіметіне қарсылықты тез арада басты. Бұл орайда «Алтайдың қызыл тау қырандары» ерекше көмек көрсетті. Нәтижесінде 1920 жылдың басында Жетісу майданы жойылды. Азамат соғысы жылдарында ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды толық қамтамасыз ету мақсатында бірқатар төтенше шаралар жасалды. Соғыс жылдары “Әскери коммунизм саясаты” енгізілді. Оның негізгі белгілері: азық-түлік салғырты, жеке саудаға тыйым салу, азық-түлікті теңгерме ұстанымы бойынша бөлу, ірі және орта, ұсақ өнеркәсіпті мемлекет меншігіне көшіру, еңбек міндеткерлігі, басқаруды орталықтандыру, бірыңғай мемлекеттік бюджет құру. Бұл саясаттың басты шарасы-азық-түлік салғырты еді. Оның мәні: ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі міндеттелді. Төтенше іс-шараларды іске асыру жолындағы асыра сілтеушілік, қоғамға жат әрекеттер, солақайлық саясат кең орыналғаны да белгілі. Бұндай теріс әрекеттер, асыра сілтеушілік Кеңес өкіметі недеген сенімді азайтып, халықтың наразылығын тудырып, 23 көтерілістерге ұласты. Осыған орай ол 1921 жылы «жаңа экономикалық саясатпен» алмастырылды.

    1. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Қазақстандағы соғыс тұтқындары.

    Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):

    Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).

    Антанта (Англия, Франция, Россия).

    Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

    Соғыстың себептері:

    Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.

    Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.

    Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.

    Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.

    Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:

    1. 40899244 пут мақта


    2. 38 мың шаршы аршын киіз
    3. 3 млн. пут мақта майы
    4. 229 мың пут сабын
    5. 300 мың пут ет
    6. 473928 пут балық
    7. 70 мың жылқы
    8. 12797 түйе алынды
    9. 14 мың киіз үй салынды
    Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.

    Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

    Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.

    Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.

    1. Алаш автономиясын құру туралы шешім.


    Алаш автономиясы (Alaş avtonomïyası) (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ республикалық мемлекеті.[1]

    Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:

    • Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халқы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;

    • Қазақ автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;

    ... Қазақ арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады ...

    Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. 2-жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатын болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “ ... осы күнде мемл. ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін ... ешбір тоқтаусыз милиция түзеуге кірісуі тиіс ...” (“Сарыарқа”. 1918, 25 қаңтар, 29). Сонымен, съезд Алаш автономиясын құру қажеттігін бір ауыздан қолдады. Алаш автономиясының бастау көздерінде тұрған, 2-жалпықазақ съезінің делегаты Әлімхан Ермеков бұл туралы былай деп тебірене жазды: “... желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қазақ жұрты өз алдына ауыл болды. (“Сары арқа”, 1918, 22 қаңтар).

    Ұлттық-терр. қазақ автоном. мемлекетін құруда съезд делегаттары бірауыздылық танытқанымен, оны (автономияны) ресми түрде жариялау мәселесінде алауыздыққа жол берді. Бұл жағдай мемл. құрылым ретінде жаңадан қалыптаса бастаған автономия үшін қатерлі еді, өйткені автономияны ресми түрде жарияламайынша, оған қазақ халқын, өлкені мекендеген басқа халықтарды сендіру, Алашорда үкіметін мойындату қиын еді. Бүкілқазақтық 2-съезде автономияны жариялау мерзімі жөнінде қызу айтыстар болды. Бұл айтыстардың негізінде қазақ автономиясын жариялауға байланысты өлкені мекендеген қазақ емес халықтардың (ең алдымен орыстардың) пікірін білу және жариялауға тиісті автономияға Түркістан өлкесін мекендеген оңт. қазақтарының қосылу-қосылмау мәселесін нақтылы шешу қажеттігі жатты. Бұл мәселеде бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт қалыптасты. Бір бағытты Ә.Бөкейханов басқарды. Оны жақтаушылар съезде өкілдері болмаған Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұру қажет деді. Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері автономияны дереу жариялауды қажет деп санады. Дегенмен ұлттық, жалпыхалықтық мүддені жеке бастарының саяси ұпай жинауынан жоғары қойған Ә.Бөкейханов пен Ж.Досмұхамедовтың жақтастары Алаш автономиясын жариялау мерзімі туралы ортақ, ымыралы келісімге келді. Екі жақтың көзқарастарын жақындатуға алғашында бүкіл қазақ жерін Түркістан (“Қоқан”) автономиясының құрамына енуін жақтаған, ал соңынан бұл пікірінен бас тартқан Мұстафа Шоқай оңды рөл атқарды. Съезд қабылдаған ымыралы қаулының негізгі баптары мыналар еді:

    1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Алашқа қосып алады, қосып алса-алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді...

    2. Егер бір айдан кейін Алаш баласы (қазақтар - К.Н.) қосылмаса һәм қалған Алашқа иғлан (жария - К.Н.) етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді.

    3. Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін.

    2-бүкілқазақ съезі Түркістан өлкесін мекендеген қазақтардың Алаш автономиясына қосылу немесе қосылмау мәселесін талқылау үшін Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тапты және оған өз өкілдері ретінде Бақыткерей Құлмановты, Міржақып Дулатовты және Тұрағұл Құнанбаевты жіберуге ұйғарды. Осы мәселеге байланысты Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай біріккен мәлімдемеге қол қойды. Мәлімдеме “Қазақ” газетінің 1917 жылғы желтоқсанның 18-індегі 255-і санында жарияланды.

    Большевиктер партиясы мен Кеңес үкіметі ұлттық-мемл. құрылыс мәселелерін шешудің негізіне таптық жіктелу принциптерін алса, Алаш көсемдері бұған керісінше ұлттық бірлік, терр. тұтастық принциптерін таңдады. Ә.Бөкейханов 2-жалпықазақ съезінің қазақтың автономиялы ұлттық-терр. мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп кейінірек (1919 жылғы 11-і ақпан) былай деп мәлімдеді: “съездің бұл шешімдері қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына жол бермеу мүдделерінен туындады ... Сол кезде Россияда орын алған жағдайда қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды”. Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


    написать администратору сайта