Главная страница
Навигация по странице:

  • Алашорда үкіметі халық кеңесінің мүшелері

  • Қоқан автономиясы - түркістандықтардың тәуелсіз мемлекет құруға талпынысы. Түркістан Автономиясы

  • Түркістан автономиясы

  • 1917 жылғы қазан революциясы.

  • М.Тынышпаевтың өмірі мен қызметі.

  • Түркістан-Сібір магистралының құрылысы және оның маңызы. Теміржол құрылысы. Түрксіб

  • «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты –ащы шындықтың ақиқаты. Бесеудің хаты

  • Тұрар Рыс­құ­лов­тың Сталинге хаты 1933 жылдың наурызында жазылған.

  • М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі – түрік халықтарының рухани жаңаруына бағытталған елеулі қадам. Мұстафа Шоқай

  • Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары


    Скачать 1.03 Mb.
    Название1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
    Дата17.01.2022
    Размер1.03 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих ответы экзамен .docx
    ТипДокументы
    #333098
    страница6 из 45
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

    Алаш автономиясының атауы

    Алаш автономиясы аталуы негізі болған алаш сөзінің мағынасы — дәлме-дәл қазақҚазақстан. Тағы да «Алты алаш заманы» деп Қазақ хандығына нақ үш жүзден тыс қырғызқарақалпаққұрама елдері кіргенін көрсетеді.

    Алашорда үкіметі халық кеңесінің мүшелері

    1. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан - төре

    2. Жақып Ақбаев - Арғын, Қаракесек

    3. Отыншы Әлжанов - Найман, Қаракерей

    4. Садық Аюкеұлы Аманжолов - ?

    5. Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов - Арғын, Шақшақ

    6. Халел Ғаббасов - Тобықты төлеңгіті

    7. Жаһанша Досмұхамедов - Байұлы, Тана

    8. Халел Досмұхамедов - Байұлы, Беріш

    9. Әлімхан Әбеуұлы Ермеков - Арғын, Қаракесек

    10. Бақтыкерей Ахметұлы Құлманов - төре

    11. Базарбай Мәметов - ?

    12. Уәлитхан Танашев - ?

    13. Айдархан Тұрлыбаев - Арғын, Қарауыл

    14. Мұхаметжан Тынышбайұлы - Найман, Садыр

    15. Мұстафа Шоқай - Қыпшақ, Торы, Бошай

    Көрнекті мүшелер

    Ақбаев Жақып

    • Аманжолов Садық,

    • Омар Алмасов

    • Байтұрсынұлы Ахмет,

    • Бекімов Молданияз,

    • Бірімжанов Ахмет,

    • Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы

    • Боштаев Мұқыш

    • Досмұхамедов Жаһанша,

    • Досмұхамедов Халел,

    • Ермеков Әлімхан,

    • Жақыпбаев Нүсіпбек,

    • Жанайдаров Сейілбек Мейрамұлы,

    • Жұмабаев Мағжан Бекенұлы,

    • Итбаев Ережеп

    • Қадырбаев Сейдәзім

    • Қашқынбаев Иса

    • Кенжин Аспандияр

    • Мәметов Базарбай,

    • Омаров Елдес

    • Сарсенов Биахмет

    • Сабатаев Сатылған,

    • Солтоноев Белек,

    • Танашев Уәлитхан,

    • Тиесов Елдес Омарұлы,

    • Мұхаметжан Тынышбайұлы,

    • Тұрлыбаев Айдархан,

    • Телжан Шонанов,

    • Шоқай Мұстафа,

    • Халел Ғаббасов,

    • Бақтыкерей Құлманов,

    • Отыншы Әлжанов.

    Алаш автономиясының құрылуы

    1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған.

    Қоқан автономиясы - түркістандықтардың тәуелсіз мемлекет құруға талпынысы.

    Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа ШоқайМахмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

    1. Большевиктердің қазақ елінде Азамат соғысын ұйымдастыруы. Алаш Орданың алғашқы қазақ әскерлерін жасақтап, ұлт мүддесін қорғауға бағытталған шаралары. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестерінің сахнасы.


    1917ж-ғы 24-25қазан Петрограда большевиктер қарулы көтеріліс арқылы билікті жеңіп алып, Қосөкімет жойлды.Буржуазиялық үкімет құлатылып, Кеңес үкіметі жеңіске жетті. Жермен бітім туралы деректердің қабылдануы, ұлт саясаты бағдарламасының жариялануы революциясының бүкіл елде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рольдер атқарды. Қазақстанда солддаттар және 36,5 мың көтерілісші- сарбазддар революцияның негізгі резервіне айналды. 1917 жылғы 15-22 қараша Түркістан өлкесінде Түркіістан халық коммиссарлар кеңесі орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында

    мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Колесов мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес,өйткені жергілікті халықтың бізге көзқарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ деп мәлімдеді. 1917ж 22 қараша Қоқан қаласында БүкілТүркістандық төтенше 4 съезд ашылды. Қаралған мәселе: Түркістан автономиясы құрылды президенті М.Шоқай Ислам мемлекеттік дін деп танылды 1917 ж 30қарашада мұсылмандардың манифестациясы болып революцияны қорғау туралы ант алды. Коммунистік басшылар 1918 ж. қаңтарда кеңестердің өлкелік 4 съезінде Түрістан автаномиясының жариялануы мейілінше мезгілсіз деп есептелді Түркістанда ұлт бағдарламасын нақты іске асыру нәтижесінде айқындала түсті: Империялық ойлау мен шовенистік көзқарастын ұлғаюы.Қазан революциясынан көп бұрын қазақ либералдық- демократиялық қозғалысының жетекшілері қазақ өлкесінің әлуметтік экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламаларын насихаттады 1917 ж. 21қарашада алаш партиясы бағдарламасы жарияланды. 1917 ж. қараша- 1918ж қаңтар аралығанда өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің алаш париясы бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Партияға айналған большевиктер алашлода мен тіл табысуға болады деп санады, әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

    Кеңес өкіметі орнауының 2 түрлі жолы болды: Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын,жұмысшылар басым Оңт. және Солт аймақтарда-бейбіт жолмен.Сібір,Орал,Жетісу казактары мен офицерлер,кулактар біріккен,контрреволюциялық күштер басым аудандар-қарулы күрес жолмен.1917ж 30 қазан Перовскіде (Қызылорда)Кеңес өкіметі бейбіт жолмен орнады.1917ж 1 қарашада Ташкентте қарулы күреспен орнады. 1917ж қараша Әулиатада бейбіт жолмен орнады. 1917ж қараша Черняевта (Шымкентте) бейбіт жолмен орнады. 1917ж 25 желтоқсан Қостанайда қарулы күреспен орнады.1918 ж 16-17 ақпанда Семейде орнады

    1917 жылғы қазан революциясы.1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін, империалистік соғыстан шығу көкейтесті мәселелерді шешпеді. Қ-ндағы жергідлікті халықтарды саяси құқықтарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері мен барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қ-нның ең жақсы шұрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жұмысын одан ары жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жұмыс күні енгізілмеді.Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне көшуге бұрынғысынша тыйым салынды. Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтан Ресей мемлекетіндегі бұл жағдайларды В.И.Ленин бастаған большевиктер партиясы «Бүкіл өкімет кеңестерге берілсін»-деген ұранды пайдалана отырып, Уақытша үкіметті құлату үшін оны басты құралға айналдырды. Бұл елдің барлық жерінде халық бұқарасының большевиктер жағына көптеп шығуына әсер етті. Сөйтіп, 1917 жылғы 25 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталып, уақытша буржуазиялық үкімет құлатылды. Уақытша үкімет құалатылып, мемлекет билігінің кеңестердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға бүкіл елде, оның шет аймақтарында кеңес өкіметін құру, нығайтумен ұштасты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.

    Революция бүкіл билікті жұмысшы, солдат, шаруа депуттатары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі ұлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жұмысшы, шаруа, солдаттар бұқарасы елді соғыстан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыстан бұрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мұқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жұмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік-бүкіл халыққа деген ұран көтере отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.

    Қазан революциясынан кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Бұл тұста Қ-нда Кеңес өкіметі орнап болған жоқ еді. Биліктің Кеңестердің қолына өтуі мұнда кейінірек жүзеге асты. Оның бір себебі, мұнда саналы, жақсы ұйымдасқан саны мол жұмысшы табы болған жоқ. Екіншіден, шет аймақтарда билікті кімнің алатыны жөнінде жұрт қолдайтын бірыңғай пікір де болмады. Кейбір жерлерде автономия жарияланып, олардың Ресей құрамында болатыны-болмайтыны жөніндегі мәселе ашық тұрды. Мәселен, осы тұста құрылған Башқұрт, Түркістан, «Оңтүстік шығыс одағы» деген атпен Сібірде пайда болған автономиялар қазақ зиялыларын ұлттық өз иелігін құруға құлшындырды. Сөйтіп, 1917 жылы желтоқсанда Алашорда үкіметі пайда болды. Оның Батыс Қ-ндағы бөлігін Халел,Жанша Досмұхамедовтар,Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов басқарды.

    Сонымен бірге қазақ даласында Кеңес өкіметін орнату жолындағы күресте жүріп жатты. Соның нәтижесінде 1917 жылғы қазаннан 1918 жылғы наурызға дейін Қ-нның көптеген аудандарында кеңес өкіметі орнады.

    Ресейдің орталық аудандарынан Қ-нға көмек көрсету үшін Ә.Жанкелдин, В.Чекмарев, П.Кобезев және төтенше комиссарлардың келуі қазақ халқының арасынан Әделбек Майкотев, Бекен Серікбаев, Сәкен Сейфуллин, Тоқаш Бокин, Ораз Жандосов, Амангелді Иманов, Әбдірахман Әйтиев сияқты көптеген күрескерлерді шығарды. Еңбекші халықтың жаңа өмір жолындағы күресіне басқа ұлт өкілдері К.Шугаев, П.Салов, ПА-виноградов, С.Журавлев, Л.Емелев, Я.Ушанов, А.Розыбакиев, В.Зинченко, П.Басов, И.Дубынин азаматтардың ат салысуы революцияның Қ-нда да жеңуіне жол салды.

    Революцияны қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті кеңестер большевиктер жағына түгелдей шықты. Ал қызыл әскер жасақтары бар аудандарда өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына большевиктердің Кеңесте көпшілік орынға ие болуы арқылы жүзеге асты. Мұндай жағдай Қ-нның солтүстік-шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ революция қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы, осы күресте жанын пида еткен құрбандықтар арасында ғана тиді.


    1. М.Тынышпаевтың өмірі мен қызметі.


    Мұхамеджан Тынышпаев отaндық тaрихымыздың ірі тұлғaлaрының бірі. Ол 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы Садыр болысындағы Жыланды тауында дүниеге келді.

    M.Tынышпaев әуелде aуыл мектебінде қaзaқшa сaуaтын aшып, кейіннен Лепсі қaлaлық екі клaстық ерлер училищесін бітірген.1890 жылы 14 тaмыздa M.Tынышпaев Верный қaлaсындaғы ерлер гимнaзиясынa оқуғa қaбылдaнaды. Оқып, білім алу үшін уез бастығының тізіміне қазақтың кедейі түгіл, бай баласының елуден біреуі ғана зорға ілігетін сол бір қиын кезде кедей шаруа Тынышпайдың баласының Верный қаласындағы ерлер гимназиясының екі жылдық дайындық класына алынуы айтарлықтай ерекше оқиға еді. Тағдыры тартқан тосын сыйдың мәні балам оқып, білімді азамат болса деп армандаған әке тілегімен үйлесіп жатқанын жанымен сезінген он бір жасар Мұхамеджан алғашқы күннен сабағын жақсы оқиды. Жыл сайын кластан класқа бірінші дәрежелі наградамен көшіп, үздік үлгерім, өнегелі тәртібімен ұстаздардың ықыласна бөленеді. 1900 жылы жиырмa бір жaсындa гимнaзияны бітіруші он сегіз түлектің ішіндегі жaлғыз қaзaқ M.Tынышпaев aлтын медaльмен бітірген төртеудің бірі болды. Мұхaмеджaн гимнaзиядaн aлғaн бiлiмімен шектеліп қaлмaй, бaғын Сaнкт-Петербургтaғы институттa сынaп көруге бел бaйлaды. Сол кезде Петербургтегі І Aлексaндр aтындaғы Жол қaтынaсы инженерлерін дaйындaйтын институтқa тек қaнa орыстын дворян бaлaлaрын қaбылдaйтын еді. M.Tынышпaев Петербург қaлaсындa 1900-1906 жылдaры болды. Бұл жылдaр монaрхиялық билiкке қaрсы сaяси, әлеуметтiк-экономикaлық тaлaптaғы нaрaзылықтaрдың, хaлық толқулaрының жaндaнуымен ерекшеленедi. Осы көрiнiстердiң бaрлығы жaс студентке өз дәрежесiнде әсер етiп, оны толғaндырғaн қaлың ойдың жaуaбы тaбылуынa, бiртiндеп қоғaмдық-сaяси көзқaрaсының қaлыптaсa бaстaуынa жол aшты.

    Институттың соңғы курсында жүргенде 1905 жылғы төңкеріске қатысады. Сол жылы өткен автономистердің сьезіне қатысып, онда «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген тақырыпта бяндама жасайды, өз халқының мұңын жеткізіп, министрлер комитеті атына өтініш жолдайды. Онда қазақтарды басқарудың басты прициптерінің қазақтардың мүддесімен сай келмейтіндігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге күш салады.

    Жалпы М.Тынышпаев 1905-1907 жылдары Ресей империясының қоғамдық саяси өміріне белсене араласа бастайды. 1907 жылы Жетісу облысының мұсылмaн хaлқы aтынaн ІІ Мемлекеттік Думaғa сaйлaнуы, оның сол кезеңде-aқ хaлық aлдындaғы беделі мен сенімге ие болғaнын көрсетеді. Думa тaрaтылғaн соң Мұхaмеджaн Ортa Aзия темір жолы құрылысынa aйрықшa өкілетті нұсқaушы-инженер болып тaғaйындaлып, Әмудaрия өзені aрқылы өтетін көпірді сaлуғa қaтысты. 

    1911 жылы M.Tынышпaев Урсaтьевск – Әндіжaн темір жолы құрылысының бaстығы әрі бaс инженері болып тaғaйындaлды. Aл, 1914 жылы Мұхaмеджaн Aрыс-Әулиеaтa темір жолы құрылысының бaс инженері қызметін aтқaрды. M.Tынышпaев 1916 жылы 26 мaусым жaрлығынa қaрсы шыққaн хaлық көтерлісінің сaлдaрын күні бұрын болжaп, көтерлісшілерді сaбырлылыққa шaқырды. 1917 жылы Aқпaн төңкерісінен соң ол Уaқытшa үкіметтің Жетісу облыстық комиссaрының орынбaсaры болып тaғaйындaлды. М.Тынышпaев Aлaш қозғaлысынa белсене aрaлaсты. Ол Түpкicтaн  өлкесі ортaлық aтқaру комитеттері өкілдерінің съезіне қaтысты. Уaқытшa үкіметтің Түpкicтaн комитетінің мүшесі ретінде Мұхaмеджaн Жетісу облысындaғы 1916 жылы Қытaйғa aуып кеткен қырғыз босқындaрынa көмек көрсетуді ұйымдaстырды. М.Тынышпaев І Жaлпықaзaқ съезіне қaтысып, ондa Бүкілресейлік Құрылтaй жинaлысынa депутaттыққa кaндидaт ретінде ұсынылды. Тынышпaев 1922 жылы Түрістaн aвтономиялы республикaсының Су шaруaшылығы бaсқaрмaсындa, 1924 жылы Тaшкентте Жер сулaндыру бөлімінде, 1925 жылы Қызылордa қaлaсының құрылыс-жөндеу жұмыстaрындa, 1926 жылы Жетісу губерниялық aтқaру комитетінің жол бөлімінде еңбек етіп, өзін білікті инженер-мaмaн ретінде де тaнытa білді. Ол әр түрлі қызмет aтқaрa жүріп, еліміздің дaмуынa сүбелі үлес қосa білді. Оның еңбегінің екі бaсты бaғытынa бaсa көңіл aудaру қaжет: біріншісі, қaзaқ хaлқының шынaйы тaрихынa қосқaн сүбелі үлесі; екіншісі, Түрксіб құрылысынa сіңірген еңбегі. 

    Халыққа азаттық әпермек болған істерінен нәтиже шықпай, кеше өзі қарсы болған қызылдарға қызмет етуге мәжбүр болған ол енді бар күшін халықтың тарихи санасын қалыптастыруға жұмсап ғылыми–зерттеу жұмысымен айналысады. Қазақ халқының арғы-бергі тарихына қалам тартып бүгінгі күндері де маңызын жоймаған зерттеу еңбектерін жариялайды, қазақ шежіресін түзеді.

    Алайда, қара тізімге алып, әр қадамын қалтықсыз баққан қызыл жендеттер оған халқының тарихын жазуға мүмкіндік бермей,қамауға алып, Ресейдің қара топырақты аймағына бес жылға жер аударады. Айдауға жүрген кезінде М.Тынышпаев Мәскеу-Донбасс темір жолын жобалау бөлімінде жұмыс істейді. Содан кесілген мерзімін өтеп, елге оралады. Бірақ, көп ұзамай 1937 жылдың қараша айында қайтадан тұтқындалады. Оған  «тaп жaуы», «буржуaзияшыл-ұлтшыл» деген aйып тaғылып, 1938 жылы Тaшкент түрмесінде aту жaзaсынa кесіледі. Мұхамеджан Tынышпaев 1958 жылы 28 aқпaндa қылмысы болмaғaндықтaн aқтaлды. Мұхамеджан Tынышпaевтың қазақ халқының тарихында алатын орны ерекеше, оның қайраткерлік болмысын ұлықтап, ұлаң ғайыр мұраларын насихаттау біздің, келешек жас ұрпақтың парызы.

    Түркістан-Сібір магистралының құрылысы және оның маңызы.
    Теміржол құрылысы. Түрксіб орасан зор аумақты алып жатқан және қатынас жолдар торабы нашар дамыған Қазақстан үшін көлік қатынастарын дамыту мәселесі айрықша маңызды еді. Республиканың түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі салаларын құру мәселесі (Қарағанды көмір алабының, Балқаштағы мыс қорыту зауытының, Шымкенттегі қорғасын зауытының, Риддердегі мырыш зауытының және басқа да ірі кәсіпорындар құрылысы мен оларды дамыту, мұнайлы Батыс аудандарды игеру) көлік қатынастарына айтарлықтай тәуелді болды. Бұл пайымдаулар Бүкілқазақстандық VII партия конференциясында (1930 жыл, 30 мамыр - 6 маусым) жасалған баяндамада көрініс тапты. Онда былай делінді: «Егер көлік қатынасы Кеңес Одағында шешуші мәнге ие болып отырған болса, онда негізінен алғанда аралық көлік жолы ретіндегі Ташкент теміржолынан өзге, Түрксібке дейін ештеңе болмаған Қазақстан жағдайында, теміржол құрылысының маңызы айрықша зор болмақ, өйткені ол Одақтың орталық аудандарын Қазақстанның жаңа, мүлде аяқ баспаған, тұмса, бірақ сонымен бірге бай аудандарымен байланыстырады».[1]. VII партия конференциясы бірінші бесжылдықтың негізгі көрсеткіштерін бекітті. Республиканың ауыл шаруашылығын дамытуға (жер суландырусызды қоспағанда) 2 млрд сом, өнеркәсіпке 1223 млн сом, көлік қатынасына 1231 млн сом, байланысқа 64 746 млн сом бөлінді. Осыдан көрініп тұрғанындай, бірінші бесжылдықта көлік қатынасын дамытуға айрықша мән берілді, сондықтан да оған тіпті өнеркәсіпті дамытуға Қарағанда да біршама көбірек қаржы бөлінді.

    Қазақстанда бесжылдық ішінде 2633 км кең табанды теміржол магистралін салу белгіленді. Негізгі бағыттар: Бурабай-Ақмола-Қарағанды, Орск-Ақтөбе, Шымкент-Ташкент, Риддер-Рубцовка, Қосқұдық тармағы, Түрксіб. Алайда жаңа теміржол құрылысының бесжылдық жоспары толық орындалған жоқ; кейбір басталған теміржол желілері (Рубцовка-Риддер, Шымкент-Ташкент т.б.) уақытша тоқтатылды. Әйтсе де Қазақ республикасының теміржол көлік қатынасының дамуы бірінші бесжылдықта айтарлықтай табысты болды, бұл жетістік ең бастысы екі теміржол құрылысынан: Түркістан-Сібір магистралі мен Бурабай-Ақмола-Қарағанды желісінен көрініс тапты.

    Петропавл-Көкшетау-Бурабай шипажайы теміржол желісі аяқталып, Омбы теміржолы 1927 жылдың 2 қазанында пайдалануға берілді.[2]. Бірінші бесжылдық кезінде алдымен Бурабай-Ақмола, кейінірек Ақмола-Қарағанды желілері салынды. Петропавл-Көкшетау-Ақмола желісі Солтүстік Қазақстанның астықты аудандарына қызмет етті және негізінен ауыл шаруашылығы үшін маңызды болды. Оны Қарағандыға дейін жеткізген соң, Орталық Қазақстанға да қызмет көрсете бастады, көмір-металлургия магистраліне айналып, үлкен өнеркәсіптік мәнге ие болды. Қарағанды теміржол желісі республиканың индустрия өзегіне барар жолдың кілті іспетті болды. Теміржол желісі салынғаннан кейін бірден-ақ Қарағанды облысы ұйымдастырылды (наурыз, 1932 жыл). Ақмола-Қарғалы желісі салынғанға дейін (1939-1943 жылдар) Қарағанды теміржол желісі Қарағанды көмір алабын Орал металлургиялық өнеркәсібімен байланыстырған аса маңызды теміржолға айналды. Оның үстіне, теміржол желісі бүкіл Орталық Қазақстанның индустриялық дамуына серпін берді.

    Түркістан-Сібір теміржолы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңестер Одағы аумағындағы аса ірі құрылыс санатына енді. БК(б)П OK 1926 жылы 25 қарашада қабылдаан қаулысында «Сібір мен Орта Азияны және Днепрдегі электр стансасын (Днепрострой) жалғастыратын Жетісу теміржолының құрылысын [3]. бүкілодақтық мәні бар барлық... жұмыстардың ішіндегі кезек күттірмейтініне жатқызылсын» деп көрсетті.[4]. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің «Жетісу теміржол магистралінің құрылысы туралы мәселе бойынша» қаулысында да (28 ақпан 1927 жыл) оның «Орта Азия, Қазақстан және Сібірдің шаруашылық дамуы және бүкіл Кеңес Одағы үшін де аса зор мәні» атап көрсетілді. Түрксіб Орта Азияның мақта өсіретін аудандарын Сібір мен Жетісудың арзан астығымен, Сібірдің ағашымен, сондай-ақ ірі қарамен жабдықтауды қамтамасыз етуі тиіс болды, ал бұл өз кезегінде мақта егілетін жер аумағын шұғыл кеңейтуге, мақта өнімінің өзіндік құнын арзандатуға, шет елдерден әкелінетін мақта мөлшерін қысқартуға, сол арқылы Кеңес Одағының сыртқы саудасының баланс белсенділігін күшейтуге мүмкіндік берді.

    Жаңа жол бұған дейін Орта Азияға РКФСР-дін еуропалық бөлігінен тасып әкелінген астық пен ағаш материалдарды экспортқа және басқа қажеттіктерге пайдалануға мүмкіндік берді; Түрксіб Сібірдін ауыл шаруашылық өнімдерін (астық, ағаш және басқалар) Орта Азия базарына шығаруға, сондай-ақ Қазақстаннан Сібірге азық-түлік тасымалдауға, сол арқылы Сібірдің экономикалық дамуын жақсартуға жол ашты. Теміржол Қазақстан мен Қырғызстанның негізгі экономикалық аудандары арқылы өте отырып, мұндағы ауыл шаруашылығы дамуынын қуатты факторына айналды, әсіресе өнеркәсіпке қажетті шикізат бере алатын мал шаруашылығын және тау-кен ісін ілгері бастырды. Теміржол Іле, Ертіс және басқа өзендер арқылы кемемен жүзуді жақсартты. Түрксіб, Батыс Қытай мен Батыс Моңғолияның шекарасына өте жақын жерден өтетіндіктен, КСРО мен бұл елдердің тауар алмасуын айтарлықтай жақсарта алатын еді.[5].

    Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы арнаулы басқармаға жүктеліп, оның бастығы болып B.C. Шатов тағайындалды. Жолды екі жақтан: солтүстікте Семей жағынан, ал оңтүстікте Луговой стансасы жағынан бастап салуға шешім қабылданды. РКФСР Халком Кеңесі жанынан Жетісу теміржолына Жәрдем комитеті ұйымдастырылып, оған құрылыс жұмыстарын табысты жүргізуге жалпылай ықпал ету міндеті жүктелді. Комитет жанынан төрт секция құрылды: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, жол қатынасы, суландыру секциялары. Комитет төрағасы болып РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасынын орынбасары Т.Р. Рысқұлов бекітілді.[6]. Жолдың солтүстік бөлігіндегі жер қазу жұмыстары 1927 жылы сәуір айында, ал жол төсеу — 15 маусымда басталды. 1927 жылы 21 қарашада, ұзақ уақыттық дайындықтан кейін жол төсеу құрылыстын оңтүстік бөлігінде де басталды.

    Революцияға дейінгі зерттеулер нәтижесі жолдың қымбатқа түсетінін көрсеткен еді. Сордықтан техникалық-экономикалық алғышарттарға негізделген жаңа Зерттеулер жүргізуге шешім қабылданды. 1926-1927 жылдар бойына жаңа зерттеулер жүргізіліп, бұл жұмыс 1928 жылдың жазына дейін созылды. Соның нәтижесінде айтарлықтай қаржы — құрылыстың 212 млн сом жалпы құнынан 35 млн сом үнемделетіні белгілі болды. Қымбатқа түсетін айналма Қордай бағытының (Луговой-Фрунзе-Алматы) орнына теміржол желісін Шоқпар бағытымен жүргізуге шешім қабылданды. Жолдың солтүстік бөлігінде Лепсі бағытының орнына Балқаш бағыты алынды, бұл шешім жолдың ұзындығын қысқартып, елеулі үнемділікке қол жеткізді.[7].

    Түрксіб құрылысына Жәрдем комитетінің төрағасы болып Тұрар Рысқұловтың тағайындалуы жайдан-жай емес еді. Ол, 1926 жылдың маусымынан РКФСР ХКК (Халық Комиссарлары Кеңесі) төрағасының орынбасары бола жүріп, Қазақстан мен Орта Азияны Сібірмен жалғастыратын теміржол құрылысы жөніндегі пікірталас басталған кезден-ақ оны тезірек салу идеясының белсенді жақтаушысы әрі көшбасшысы болды. РКФСР ХКК-нің 1927 жылы 2 наурыздағы «Жетісу теміржолын салу мәселесі туралы» қаулысының өзін, Ресей үкіметі 1927 жылы 4 ақпанда құрған, Т. Рысқұлов төрағалық еткен арнаулы комиссия дайындаған болатын.[8].

    Алғашында РКФСР ХКК жағындағы Жәрдем комитетінің құрамына 18адам енді, бірақ көп ұзамай оның мүшелерінің саны 50-ден асты. Комитет жұмысына, оның пленарлық отырыстарының аралығында Т. Рысқұлов бастаған Төралқа (алғашында 9, одан сон 11 адам) жетекшілік етті. Оған Қазақстаннан КазАКСР Халком Кеңесінің төрағасы Н.Н. Нұрмақов кірді. Комитет құрамына республикалар және аймақтар халкоматтары өкілдерінен өзге, ғалымдар (8 профессор) және мамандар (инженерлер, экономистер, агрономдар және басқалар) енді.

    Т. Рысқұлов комитет құрамын жасактауда оған кәсіби шеберлерді тартуға ерекше көңіл бөлді. Бұл ретте Жетісу теміржолын 1917 жылға дейін де салуға қатысқан Петербург жол қатынасы инженерлері институтының түлегі, Уақытша үкіметтің Жетісу облысы бойынша бұрынғы комиссары және Қоқан автономиясы үкіметінің басшысы болған Мұхамеджан Тынышбаев туралы мәселе ерекше мәнге ие еді.

    1926 жылы 18 желтоқсанда Т. Рысқұлов Қызылордаға былай деп жеделхат жібереді: «ХКК Нұрмақовқа көшірмесі крайком Голощекинге. Инженер Тынышбаевты білгір маман ретінде Жәрдем комитетінің және ЖКХК Құрылыс комитетінің құрамына қосымша енгізуді шамалап отырмыз. Өз пікіріңізді хабарлаңыз». Бұған Голощекин Мәскеуге, ЖКХК-ке жолдаған жеделхатында: «Тынышбаевты енгізуге қарсымыз» деп жауап береді. Әйтсе де Т. Рысқұлов 1927 жылы қаңтарда Алматыға, губерниялық атқару комитетіне, М. Тынышбаевқа жеделхат жолдайды: «Сізді ЖКХК Жетісу-жолы құрылысы бойынша ХКК Комитеті және ЖКХК құрылыс комитетінің құрамына енгіземіз. Мәскеуде алдын ала жұмыс істеу қажет. Егер келіссеңіз, қашан шығатыныңызды хабарлаңыз. Нұрмақовпен келісілді».[9]. Шынында да, М. Тынышбаев Түрксіб құрылысын салу барысында білгір маман ретінде қыруар еңбек етті.


    1. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты –ащы шындықтың ақиқаты.

    Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының   Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Голощекинге  1932жылы 4 шілдеде  жолдаған хаты.Хаттың авторлары — Ғабит Мүсірепов  , Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков ,Мұташ Дәулетқалиев,Қадыр Қуанышев. Хат бастапқыда  Сталинге  арналып жазылған. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын  басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.Тұрар Рыс­құ­лов­тың Сталинге хаты 1933 жылдың наурызында жазылған. Хатта қонысынан ауған қазақтардың саны және олардың жағдайы туралы деректер,мал басының кеміп кетуі,Асыра сілтеушіліктер мен көз бояушылықтар,қазақ шаруашылықтарындағы егіс көлемі жөнінде,қазақтарды отырықшыландыру жөнінде,Қонысынан ауғандар мен қазақ жұмысшылары жөніндегі ұлт саясатының бұрмалануы туралы жаза отырып Рысқұлов өз ұсынысын айтады.

    1. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі – түрік халықтарының рухани жаңаруына бағытталған елеулі қадам.


    Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан1890 жылСырдария губерниясыАқмешіт уезіНаршоқы — 27 желтоқсан1941 жылБерлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясының жетекшісі.

    Өмірбаяны

    Қыпшақ тайпасы Торы руы Бошай тармағынан шыққан.[1]

    Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.

    1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкі­метінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.

    Балалық шағы


    Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.

    Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі


    Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады. Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


    написать администратору сайта