Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Қазақ интеллигенциясы және оның халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуіне ықпалы. Халық пен зиялыларды біріктіріп отыратын, ел ішінен зиялыларды қоғам алдына шығаратын ұлттық сана. Ұлтымыздың тарихына, тарихи өміріне қарап ұрпақты ұлттық мүддеге қызмет етуге бағыттауда, зиялылыққа тәрбиелеу ісінде ерекше маңызға ие болған ұлттық сананың рухына көз жеткіземіз. Шыныменде қиыншылығы мен сыны қатар жүрген уақыт ішінде елін, жерін, ұлттық рухын қорғайтын ұрпақты тәрбиелеп, қоғам алдына шығаруда халықтың арман тілегінің орындалуына ықпал еткен бір ғана дүние ұлттық сана. Қайткен күнде де атамекеннен, елдің тұтастығынан, тәуелсіздіктен қасиетті, қадірлі нәрсе жоқ деген бабалармызда ортақ түсінік болған. Осының нәтижесінде ұлттың тарихы қалыптасып, қоғам өмірінде тұлғалар дәстүрі жалғасып отырған. Ұлттық сана жеке адамның, халықтың ұлттық болмысының интеллектуалдық негізі, ұлттық болмыстың әлеуметтік мәдени өрісін қалыптастырып сақтап отыратын қасиеттердің біріктіруші негізі ретінде тарихи уақыттың өзінде ерекше құбылысқа ие болып отырған. Бұлай дейтін себебіміз әр ұлттың мәдениеті, тарихы, талант иелерінің тарихы ұлттық сананың күшімен қалыптасып отырады. Мәселен Құрманғазы сынды қазақтың тума талант иелері өнер академиясында оқыған жоқ, бірақ кез келген адамның қолы жете бермейтін өнердегі тәрбиенің, таланттылықтың, даналықтың феноменін тарихта қалдырды. Бұған қарап бойында бар қасиеттің көзін ашуда, оны тұтастай төл мәдениетінің құбылысына айналдырудағы қазақ баласының күш жігерінің ерекшелігін танимыз. Сол рухты қарапайым қазақ баласының бойынан шығарған ұлттық сана (елге, туған жерге деген ерекше түсінік), қиыншылығы мол өмір, қиыншылықтан қазақ жастарын шығарған ұлттық тәрбие. Адамның барлық қасиеттері оның санасына байлаулы. Яғни сана дегеніміз адамның бойындағы барлық рухани қасиеттерін қалыптастырып, реттеп, біріктіріп отыратын феномен. Бірақ сананың адам бойындағы қасиеттерді қалыптастырып, нығайтып, біріктіріп отыруына ықпал ететін тәрбие. Тәрбие қандай болса, оның санасының өрісі де оған тәуелді. Тарихи сана, ұлттық сана адами сананың өрісі, жеке адамның, ұлттың тұлғалық негізі болып табылады. Себебі жеке адам ұлттық санамен тарихтан, ұлт мәдениетінен өзіне лайықты орнын иеленіп отырса, халық ұлттық сананың күші арқылы ұлтқа айналады және өзін-өзі сақтап, қорғап отырады. Адамзат баласы өркениет биігіне көтерілген сайын сана, таным, ақыл-парасат, зерде, білім, тәрбие, қабілет, дүниетаным, ұлттық сана, ұлттық рух ұғымдарының қадірі арта түспек. Себебі адам болмысын ғылым мен технологияның үстемдігінен қорғап, арашалап отыратын ұлт руханияты, ұлт мәдениетінің құндылықтары. Ұлттық сана бар жерде мақсат, ұлт мұраты, ұлттық идея қатар өмір сүрмек. Бұлар қатар өмір сүрген қоғамда мемлекетің мүддесіне жаны ашитын, аянбай қызмет ететін, халыққа дұрыс ақылын айтатын адамдар қатары қалыптасады. Себебі халықты мемлекетімен біріктіріп отыратын ұлттық сана, ұлттық санасы терең адамдар. Алаш зиялысы Міржақып Дулатов 1911 жылы «Айқап» журналында жазған мақаласында былай деген: «Біздің әрбір ісіміздің негізі бос, өмірі қысқа. Оқығандарымыз бар – қалтасы тесік, байларымыз бар – төбесі тесік. Екеуі бір жерге желімдеседе қосылмайды. Басқа білімді жұрттың жұрттық адамдары майданға бір іс шығармақшы болса (айталық, газет, журнал хақында) әуелі план түзейді» [1.41 б.]. Зиялылардың қоғам алдындағы міндеті халықты біріктіріп, ортақ ел игілігіне жастарды бастап отыратын ұлттық сананы қалыптастыру. Ұлттық сана зиялылардың тарих, ұлттық идея, ұлт руханияты бағытындағы ізденістері (қызметтері) негізінде қалыптасып отырады. Міржақып Дулатов жазғандай зиялылар ұлттық идеяның жүзеге асуына тікелей ықпал етіп отыратын (қызмет ететін) адамдар. Ұлттық идея ел мүддесіне негізделген тәжірибелерден, идеялардан, стратегиялық мақсаттардан құралған, барлық ұлттық құндылықтарды бойына жинақтаған, оның ұрпақтың игілігіне айналуын негіздейтін дүние. Сондықтанда бұл жүзеге асу үшін мемлекет пен халықтың бірлігі қажет. Мемлекет пен халықты ұлттық идеяға біріктіріп отыратын ұлттық идеология. Әр ғасырдың өз ерекшелігі бар. Ол ерекшелік ғасырдың ғылымдағы, экономикадағы жаңа дүниелерімен де көрінеді. Мемлекеттің стратегиясы ел игілігіне бағытталып отыратындықтан ұлт жоспарының алдында жаңа дүниелерді бағындыру міндеті ең бірінші тұрады. Сондықтанда алаш зиялылары ұлттық мүддеге қызмет етуде әрбір жеке адам үшін ұлттық сананың ерекше құндылық екендігін атап көрсеткен. Қоғамдық ортада адамның мамандығынан бұрын адамгершілігі басым жүретін болса, түрлі әлеуметтік мәселелердің уақытылы өзінің дұрыс шешімін табары даусыз. Қазіргі өркениетті елдердің өткен тәжірибелеріне көз жүгіртер болсақ, олар қоғамындағы қиыншылықты жеңуде ұлттық сана мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Қоғамда бірлік, адамгершілік, ел мүддесіне адалдық, әр адам өз ісіне жауапты болған жағдайда ұлт мұратына, мемлекет мақсатына жетеді деген халықтық рухтағы түсінік қоғамында идеяға айналған. Осының нәтижесінде мемлекетке қызмет ететін өнер, ғылым, кәсіп иелерін шығаруды қоғам өз міндетіне алып отырған. Дәулетті өнер, білімге жұмсау, жастардың өмірге дұрыс бағыт алуын қадағалау, отан сүйгіштікке тәрбиелеу өркениетті елдерде мемлекет пен халықтың, соның ішінде әрбір отбасының мақсатын, ой өрісін біріктіріп отырған ұлттық сана тұғыры болып табылады. Өркениетті елдердің жетістігімен өлшейтін болсақ ұлттық сана дегеніміз кемел түсінік, кемел ақыл парасат, кемел білім, мәдениетілік, адамгершілік деңгейінде көрінетін қасиет үлгісі. Бұндай қоғамда жемқорлық, ұрлық, сыбайластық деген нәрселер мемлекетке жасалынатын адамның қиянаты болып есептеледі. Ұлттық санасы бар адам, ұлттық санасы биік қоғам кез келген мәселеге тереңнен, ұлттық мүдде тұрғысынан қарайды. Пайдакүнемдік, жағымпаздық, парақорлық, мансапқорлық қоғам болмысына жат мінез болып есептеледі. Ұлттық санасы биік қоғам үшін мемлекет халықтың, ұрпақтың өмір сүретін ортақ үйі. Яғни қоғамын өз үйіндей сезініп, оған қызмет ету мәдениеттілік болып табылады. Алаш тұлғасы Әлихан Бөкейханов айтып кеткендей, «Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт болып тіршілік қылып жүрмек емес. Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соның соңынан ерер еді.... Әділдік жоқ жұртта, береке бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы»[2.120-121 бб.]. Қай уақытта да қоғамның интеллектуалдық өрісін қалыптастырып, нығайтып және сақтап отыруды зиялылар өз міндетіне алып отырады. Ұлт зиялыларының болмысына тән ерекшеліктер қоғамның мәдениетіне айналатын жауапкершіліктері арқылы көрінеді. Бірлесіп атқарған іс өнеді деген түсінік қазақ зиялыларында болған. Олардың ұғымында мақсатсыз, жоспарсыз атқарылған іс өнбейді. Ең бастысы, яғни зиялыларға, қоғамға жүктелетін міндет тарихтың жағдайында қоғам болмысын зерделеу, жаңа уақыттың жағдайында халықтың болмысы мен елдің тұрмыс қажеттіктерін кеңінен зерттеу болып табылады. Соның нәтижесінде жаңа уақыт талабына сай қоғам алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруға, орындауға жұмылу, халықты жұмылдыру қажет. Міржақып Дулатов жазғандай, «Газет шығару үшін баспахана керек, оған тиісті құрал һәм қызметкерлер керек, соларға лайықтап дәулеті бар ынталылар ақша шығаруға уәде ететін ақша табылса жақсы жазушылар керек, оның үшін бірнеше тәуір оқыған, халықтың жағдайын білетұғын пайдалы кісілер әлгі шығармақшы болған газетке әрдайым сөз жазып тұруға уәде береді. Екі жағы бірдей болған соң, ойлаған істерін жарыққа шығарады. Мұндай істің пайдасы да, өмірі де берік болады. Біз әлі мұндай іске үйренгеніміз жоқ» [1. 41 б.]. Ұлттық интеллигенция болмысы халықтың үлгі алатын мемлекеттің бет бейнесі болып табылады. Зиялықтың өзі үлкен қасиеттен, сол қасиетті халықтың игілігіне бағыттай алған кемел мінезден көрінеді. Рухани қасиеттерін ел игілігіне бағыттауда ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихтан келе жатқан ұлт тұлғаларының жолын негіздеу, насихаттау, жалғастырып отыру принципі ерекше құбылысқа ие. Бұның барлығы бірліктің ұлттық және азаматтық бірегейліктің сақталуы үшінде қажет. Әркім әр жаққа тартып отыратын, ақшаның рухы билеп, қоғамдағы мәселелерді елемейтін, әлсіздіктен өзгеріп тұратын құбылмалы мінез қоғамдық ортада көбейетін болса әрине сенім, ауызбіршілік болмайды. Бірлік болмаған жерде бірегейлік тағы жоқ. Алаш зиялылары айтқандай, зиялылардың міндеті халықтың көзін ашу, қоғам ішінде көзге көрінбей жататын, бірақ күш алып отыратын мәселелерді көтеру, оның уақытылы дұрыс шешілуіне ықпал етіп отыру, қоғамның қай мәселесіне де мемлекет пен халықты қатар жұмылдыратын ұлттық интеллигенцияның зердесе ел болашағы үшін қоғамға ауадай қажет. Сондықтанда мемлекет алдында тұратын мәселе қоғамның рухани өмірінде интеллигенция қызметін күшейту, ұлттық интеллигенция ортасын қалыптастыру. «Бас адамдарға өкпемді айтып болдым енді олардан халық ісіменен тілегім мынау: қазақ халқына есімдері мәшһүр оқырмандарымыз ғылым тәжірибелерінше халыққа керекті сөздерді, атқа мінген ағалар әрқайсысы өз жұртында не болып жатқанын, не таршылық, не кемшілік бар, нендей ойлаған ғақылдары бар, соларын жазса екен. Сол уақытта күллі қазақ халқының нендей халде екенін алақандағыдай көрініп, біреуінің тапқан ғақылымен басқалары пайдаланып, бір жерде болған зарардан екіншілері алдан сақтанып, журналды алатын оқушылар көбейіп, қазіргі секілді айына бірғана шығып зарықтырмай, айына екі мәрте хәтта жұмасында бір шығып, шын шаттық сонда болар еді» - деген Міржақып Дулатов [1. 43 б.]. Алаш зиялыларының тарих бетінде қалған сөздерінен шығатын негізгі түйін, интеллигенция арасында ұлттық мүдде, ұлттық құндылықтар, ұлттық идея, ұлт руханияты, ғылым, білім, өнер, мәдениет, ұлт шаруашылығы, адам мен қоғам тақырыбында диалог болуы қажет. Осы мәселелердің шеңберінде өрбіген интеллигенция өкілдерінің идеялары, шығармашылығы халықтың ұлттық санасы мен ұлттық рухын нығайтып отырады. Алаш зиялыларының ұлттық мүдде бағытындағы қоғамдық-саяси қызметтері осы бағытта қалыптасқан. Халыққа бағыт көрсету, тарих өрісінде жатқан құндылықтарын көрсету, заман ағымына бейімделуді жастарға үйрету олардың өздеріне жүктеп алған ұлттық мәселелердің бірі болған. Тарих пен болашақты біріктіретін үлкен міндеттерді орындауда алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтері, шығармашылығы, ғылыми мұралары әлем жұртшылығына да үлгі болды. Сол замандағы қазақ зиялыларына тән басты ерекшеліктің бірі өз заманындағы жаңалықты, өзгерістерді зерделей отырып, ел болмысына, қоғамының тарихи жолына бағынатын ұлттық бағдарламаны қалыптастырып кетуінде. Олар нағыз қазақ зиялыларына тән қасиетті жоғалтпаған, керісінше білімі, саяси мәдениеті арқылы оның өрісін кеңейтіп отырған. Соның нәтижесінде халық олардың соңына ерген. Уақыттың қиыншылығына қарамастан аз уақыттың ішінде алаш зиялыларының халыққа пайдалы, қоғамға бағыт беретін дүниелерді шығарып кетуінің өзі олардың қалыптасуының ерекшеліктерін айқындайды. Ұлттық интеллигенция өкілдерінің ұлттық санасының нәтижесінде қоғамда халықтың ұлттық ойлауы қалыптасады. Ұлттық ойлаудың тұлғалық көріністері ел, мемлекет, атамекен, тәуелсіздік, ұлттық мүдде тұрғысындағы халықтың біртұтас ортақ түсінігінің болуы және соның нәтижесінде қалыптасатын зиялылық, зиялылар институты, атап айтсақ қазақ қоғамындағы батырлардың, билердің, жыраулардың қызметі ұлттық сана негізінде қалыптасып отырған ұлттық ойлаудың өнімі болып табылады. Тарихтан белгілі (бұған дейін де айтып өткеніміздей) ұлттық сананың ұясы елдің тарихы болып табылады. Сонымен қатар жоғарыда айтып өткеніміздей, қашанда қоғамдағы адами капиталдың бір тамыры отбасы құндылықтарында жатыр. Жеке адамнан бастап мемлекеттің, ұлттың болашағын айқындайтын нәрсе ұрпақтың бойында ұлттық сананың болуы. Ұлттық сана халықтың, оның ішінде жастардың рухани болмысын айқындап, негіздеп отыратын қасиет. Келер ұрпақ үшін ұлттық сана мәдени құбылыс болып есептеледі. Ұлттық сананың мәдени құбылысқа айналу себебі тарихи кеңістіктегі халық пен зиялылардың рухани қасиеттерін, құндылықтарды бойына жинақтап, ұлттық идея арқылы кейінгі буынға жеткізіп отыруында. Мәселен ұлт ісіне келгенде қазақтың тарихтағы әрбір отбасының ұрпақты тәрбиелеу ісінде еңбегі зор. Бұл да сол кездегі халқымыздың ұлттық санасының мәдени құбылысқа айналу себебін негіздейді. Ұлттық сана қоғам өмірінде тегістей орнықпайынша қоғамда оның болашағына қайшы келетін жат дүниелер жойылмайды. Сондықтанда қоғам мен интеллигенция өкілдерінің алдында тұратын міндет халықтың ұлттық санасын көтеруге қызмет қылу, тарихтың идеясын, тағылымын, ұлттың дәстүрі мен мәдениетіндегі рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау, халықтың зердесіне жеткізу. Осы жолда жүрген адам ақын, жазушы, тарихшы, әдебиетші, ғалым, ұстаз, ата-ана болсын өзінің қоғам, ел тарих алдындағы міндетін орындаған болып есептелмек. Бұны интеллигенцияның тарих өрісіне енетін негізгі парызы деп айтамыз. Қазақ зиялылары тарихта осы парызды орындаған адамдар. Олардың осы бағыттағы қызметтері қалыптасу ерекшеліктерімен қатар, қазақ қоғамының құндылықтарын, ұлттың бірегейлігін, ұлттық бірегейліктің рухын бейнелейді. ХХ ғасырдың басындағы мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы. Қазақстанда марксизмнің тарауы Орталық Россиядан көп кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды. Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды. Бірінші орыс революциясы кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы күреске ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Отарлық ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға). 1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі қарусыз жұмысшыларды атқылауға наразылық білдерген алғашқы қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты. Қазақ еңбекшілердің саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды. 17 қазандағы 1905 жылғы патша манифесінің («Мемлекеттік тәртіпті дурыстау туралы») халықты алдау екенін «Алаш» қозғалысы өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті. Интернационалдың бой көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды. Ереуілге шығу себептері: Жалақының аздығы. Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері. Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы. Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған «Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды: -Азық – түлік бағысын төмендету. -Жалақыны 15, 25% - ға көтеру. -Үш сыныптық орыс – қазақ училищесін ашу. -Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту. -Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару. Олардың бірден–бір талабы орындалмағандықтан «Орыс-қырғыз өдағының» шақыруымен ереуіл болды. Успен кеніші жұмысшыларының ереуілі 1905 жылғы революцияның Қазақстан тарихында көрнекті орын алды. 1906 жылы Қарқаралы уезінде, Жаркент уезінде, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті. Саяси толқулардың жеңілеуінен шощынған патша өкіметі шаралар қолданып, ереуілдерді қарудың күшімен басып отырды. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстан большевиктері Бірінші Думаға сайлауынан бас тартты. Екінші Мемлекеттік Думаға Бұратана (туземдік) халық арасынан депутаттыққа Ақмола облысынан – молда Қосшығұлұлы, Жетісудан – федералист Тынышбайұлы, Оралдан – кадет Бірімжанұлы, Семейден – бай Нурекенұлы сайланды. Олар Думага қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі. 1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері: 1) Қазақ жұмысшыларының аздығы. 2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы. 3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі. 4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы. Революцияның тарихи маңызы: -Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды. -Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді. -Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді. -Қазақ еңбекшілерін «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шынықтырды. Реакция және революциялық өрлеу кезеңі. 1905-1907 жылдардағы революция жеңілгеннен кейін Россияда реакция кезеңі басталды. 1907 жылы 3 маусымда Екінші Мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші Мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Социал-демократиялық фракцияның мүшелері тұтқынға алынып, сотқа тартылды және жер аударылды. Олардың қатарында Қазақстан еңбекшілерінің депутаттары А.К.Виноградов пен И.Ф.Голованов та болды. Осы кезде революиялық ұйымдар мен революциялық қозғалысқа қатынасқандарды сотсыз және тергеусіз жазалайтын тәртіп енгізілді. Полиция әсіресе, социал-демократиялық ұйымдарды, олардың мүшелерін аяусыз жазалап отырды. Реакция жылдарында РСДЖП – ның Ташкент, Омбы комитеттері, Петропавл, Семей, Верный қаласындағы социал-демократ топтары талқандалды. Революциялық қозғалысқа қатусышылар жер аударылып, каторгаға айдалды, түрмеге қамалды. Олардың арасында Қазақстаннан шыққан революционерлер – қайраткерлер В.В.Куйбышев, М.В.Фрунзе, К.А.Попов, Ф.А.Березовский т.б. болды. Реакция жылдары патша өкіметінің ұлттық саясаты халық мүддесіне қарсы сипатта болды. Барлық жерлерде революция кезеңінде пайда болған газеттер мен журналдар жабылып, мәдени ағарту қоғамдарына тиым салынды. 1912 жылы Россияның жұмысшы қозғалысында жаңа революциялық өрлеу басталды. Ол сәуір, мамыр айларында Лена өзені бойындағы алтын өндіру өндірісіндегі жұмыскерлерді атуға байланысты елде болған саяси толқулар бүкіл жерге жайылды. Лена қырғыны Қазақ өлкесінде ереуілдің қайтадан кең таралуына әсер етті. 1912 жылы мамырда Қазақстанда Спасск мыс қөрыту заводында басталған ереуіл 1913 жылғы маусымға дейін созылды. 1913 жылғы қыркүйекте Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кендерінде болған жұмысшылардың толқуы 1914 жылдың бірінші жартасында Ембі мұнай- шыларының ереуілдерімен ұласты. Жаңа революциялық өрлеу дәуірінде Қазақстанның жұмысшы табы жалақыны 20% -ға арттыруға, қожайындардың айыптарды көбейтуден бас тартуына қолы жетті. Ұлттық зиялы қауым өкілдері қазақ ауылының саяси өмірге тартылуын тездетті. 1909 жылы шілдеде Ахмет Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып жүргенде патша өкіметінің қанау саясатына қарсылық білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды. 1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды. 1900 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабі, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты жинағы шықты. 1913 жылы наурызда «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырып, редакторы болды. «Қазақ» газеті (1913-1918 жылдар) либералдық– демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді. Аграрлық мәселеде қойған талаптары: 1. Жерге мемлекеттік меншікті жою. 2. Жерді сатуға тыйым салу. 1911-1915 жылдары шығып тұрған (редакторы М.Сералин) «Айқап» журналы аграрлық- демократиялық бағытты білдірді. Журнал қызметкерлері – Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин отаршылдық саясатты әшкерелей отырып, негізгі мәселелерді қарастырды. 1. Аграрлық қатынастар. 2. Ағарту мен білім беру ісі. 3. Қазақ ауылдарында товар-ақша қатынастарын дамыту. 1905-1907 жылдардағы революциянық қозғалысқа қатысушы Міржақып Дулатұлының саяси бағытта жазылған шығармалары: «Бақытсыз Жамал» романы (1910 ж.), «Азамат» өлеңдер жинағы (1913 ж.), «Оян, қазақ», «Терме» әдеби-публицистикалық туындысы. М. Дулатұлы 1915 жылы патша үкіметінің аграрлық саясатын өткір сынағандықтан құғынға ұшырап, Семейде, Омбыда, Қарқаралыда болып, қазақ еңбекшілерінің саяси бағытын анықтауда ерекше роль арқарды. Сөйтіп, осы кезеңдері әлеуметтік күрестің шиеленісуіне алғышарттар қалынтасты: 1. Революциялық жағдайдың тереңдеуі. 2. Шаруашылық дағдарыс. 3. Азық-тулік тапшылығы. 4. Партиялар мен құпия үйымдардың ашылуы. Әлеуметтік-жағдай XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды: |