Главная страница
Навигация по странице:

  • Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері

  • Қырғыз (Қазақ) АКСР –нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі.Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.

  • Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары


    Скачать 1.03 Mb.
    Название1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
    Дата17.01.2022
    Размер1.03 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих ответы экзамен .docx
    ТипДокументы
    #333098
    страница17 из 45
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45

    Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері


    Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

    Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

    Қорытынды бөлім

    Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

    1. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері


    1941-1945 жылдар аралығында күллі әлемді дүр сілкіндірген ІІ Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы қазақ халқының өмірінде де үлкен таңба қалдырды. Зұлмат жылдарда елді жаудан қорғау үшін Қазақстаннан жалпы есебі 1 миллионнан аса жауынгер аттанған. Алексеенконың «Қазақстандағы демографиялық дағдарыс» кітабында жазылған мәліметке сенсек, соғыс жылдарында Қазақстан 600 мыңнан аса тұрғынынан айырылған. Соғыс кезінде қайтыс болғандар саны 279 мыңнан асады, 43 мыңға жуық сарбаз госпитальдарда жан тапсырса, 271 мыңнан аса адам үйіне қайта оралмай, із-түзсіз жоғалғандар санатына енген. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді. Әлия Молдағұлова, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. Қазақтың мерген қызы. Ұлы Отан соғысы кезінде 54-ші атқыштар дивизиясының атқыштар құрамында ерлік көрсеткен. 1935 жылы Әлия әскери-транспорттық академияға оқуға түседі. 1944 жылдың қаңтарында құрамында Молдағұлова бар 54-ші атқыштар дивизиясы Насва станциясындағы теміржолға шығады. Ворошиловскийдің естелігі бойынша, сол шайқаста жау кеңес әскерилерін тоқтаусыз оқпен күтіп алған. Сол шайқаста Әлия Молдағұлова үш рет жау оғына тойтарыс берген. Аталған шайқаста фашистер кеңес әскерінің алдыңғы шебін атып тастайды. Сол сәтте басылып, бас көтере алмай қалған батальонды жауғы қарсы Әлия бастап шықты. Ол: «Бауырлар, Алға» деп айғайлап, жаудан беті қайтып қалған майдандастарын алға жетелеген. Сол шайқаста Әлия жау оғынан ерлікпен қаза тапты. 1944 жылдың 4 маусымында қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бүгінде Әлияның атына көптеген мектеп, көше, ауыл атаулары берілген. Әлия Новосокольник ауданының Монакова ауылында жерленген. Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов – гвардияның аға лейтенанты, гвардиялық авиациялық полк командирінің орынбасары, ұшқыш-шабуылдаушы. 1940 жылдан бері Қызыл Әскер қатарында. 1942 жылы Астрахань қаласындағы ұшқыштардың авиациялық мектебін бітірген. 1943 жылдан бері Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ең алғаш рет соғыс аспанына 1943 жылдың 17 ақпанында көтеріліп, көп ұзамай жаудың шабуылдаушы ұшағын жарып жіберді. Ал Харьковтегі шайқас кезінде жау қолынан жарақат алып, емделген соң қатарға қосылды. Талғат Бигелдинов 1944 жылдың маусымында 155 рет әуе шабуылын жеңіспен аяқтап, жау бекіністері мен аэродромдарын, жау әскері жиылған топтарды талқандаған. Ол 1944 және 1945 жылдары соғыс аспанында көрсеткен ерлігі үшін екі дүркін Кеңес Одағының батыры атанды. Сондай-ақ, Талғат Бигелдинов 1945 жылдың 24 маусымында өткен Жеңіс парадында абыроймен жүріп өтті. Мәлік Ғабдуллин, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауылында дүниеге келген. 1941 – 1946 жылдары даңқты генерал Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы сапында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс аяқталып, елге оралған соң Ғабдуллин ғылыми-педагогикалық мекемелерде жұмыс істеді. Ал майдангердің жазушылығы туралы әңгіме бір бөлек. Ол «Менің майдандас достарым», «Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар» шығармаларын жазып, қазақ әдебиетінің өркендеуіне де үлес қосты. 1943 жылы Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Сағадат Нұрмағамбетов, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы Алматы облысы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Польша, Германия, Молдова, Украина, 1 Белорус, Солтүстік Кавказ майдандарына қатысып, Гитлердің канцелиярсын шабуылдаға атсалысқан. Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының батыры атағынан бөлек, Армия генералы, Халық қаһарманы атақтары берілген. Сондай-ақ, Сағадат Нұрмағамбетов Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі ретінде тарихта қалған. Тағы оқыңыздар: Қорқыт ата туралы не білеміз? Мәншүк Мәметова, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова Калинин фронтындағы 101-ші атқыштар дивизиясының пулеметшісі, аға лейтенант. Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш болып Кеңес Одағының батыры атанды. 1922 жылы Орал губерниясына қарасты ауылда дүниеге келген. Қызыл Әскер қатарына 1942 жылдың қыркүйегінен бастап алынған. Алғашында 101-ші қазақ атқыштар дивизиясының хатшысы, кейін медбикесі болды. Кейін пулеметшілер курсын аяқтайды. 1943 жылдың 15 қазаны күні басынан ауыр жарақат алғанына қарамастан, ерліктің үлгісін көрсетіп, пулеметпен жаудың 70-тен аса сарбазының көзін жояды. Сол шайқаста ол ерлікпен қаза тапқан. 1944 жылдың 1 наурызында Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Нүркен Әбдіров, Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров 808-ші авиациялық полктың ұшқышы. 1919 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1940 жылдан бері Қызы Әскер қатарында. 1941 жылы Ворошилов атындағы әскери-авиациялық академияны бітіріп, 1942 жылдың 28 қазанынан бастап соғысқа қатысқан. 1942 жылдың 19 қазанында Нүркен Әбдіров бастаған ұшқыштар төрттігі жаудың жанар-жағармайы мен зениттік артиллериясы орналасқан қойманы шабуылдай бастайды. Алайда, жаудың қарсылығы қатты сезіліп, фашистер қарсы оқ жаудыра бастаған. Ол жау оғынан қатты соққы алған майдандасының ұшағына көмекке келеді. Алайда, оны құтқару мүмкін болмады. Кейін Нүркен Әбдіровтың ұшағына да жау оғы тиеді. Ол қасындағы радиске секіруді бұйырған. Бірақ майдандасы бас тартқан соң құлап бара жатқан ұшағын жаудың танкілері мен бензовозы орналасқан қоймаға бағыттайды. Соңғы шайқасында Әбдіров 6 танкі, 2 зениттік артиллерия, жаудық 20 сарбазы мен офицерін өлтірген. Ал жалпы өткізген 16 шайқасында 12 танк, 28 машина, 3 зениттік артиллерия мен жанар-жағармай цистерналарын талқандады.


    1. Қырғыз (Қазақ) АКСР –нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі.Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы.


    Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы.

    Республика орталығы — Орынбор қаласы.
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45


    написать администратору сайта