Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Түркістан генерал-губернаторлығы (Орталығы – Ташкент) Сырдария облысы Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығы (Орталығы - Омбы) Ақмола облысы Семей облысы Орал облысы Төрғай облысы 1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі. Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті. Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті. Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%). XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған. Қала халқының көбеюі жолдары: 1.Қоныстанушылардың көптеп келуі. 2.Жатақтар санының артуы. 3.Ішкі демографиялық өсім. 4.Сауда қатынасының дамуы. Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді. Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы. 1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды. 1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды. Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді. Облыстардағы қазақстардың улесі: Ақмола облысы – 36,6% Семей облысы - 73% Жетісу облысы – 60,5% Сырдария облысы – 63,3% Төрғай облысы – 58,7% Орал облысы – 56,9% Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді. Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол. XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы). Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды. Темір жол. 1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді. 1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды. Өндіріс орындары және жұмысшылар. 1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті. XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті. Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды. Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді. XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды. Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді. Қазақстан бірінші орыс революциясы кезеңінде. ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің қоғамдық-саяси дамуы. Бірінші орыс революциясы — Ресей империясында экономикалық және саяси дағдарыстың салдарынан 1905-1907 жылдары болған революция. 1905 жылы 9 қаңтарда Санкт-Петербургтегі «Қанды жексенбі» оқиғасынан бастау алған Бірінші орыс революциясы кезінде елде демократиялық республика орнату, помещиктердің жерін тәркілеу, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ұлттық теңсіздікті қамтамасыз ету туралы ұрандар көтерілді. Революция жылдарында 24 мыңнан аса жұмысшылар ереуілдері, 18 мыңға жуық шаруалар көтерілісі болды. 1905 жылы 1 мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында да шерулер мен жиналыстар болды. Осы жылы мамырда Қостанайда, Верный мен Перовскіде халықаралық еңбекшілер күнінде ереуілдер өтті. 1905 жылы жазда жалақыны көбейту және тұрмыс жағдайын жақсартуды талап етіп Қазалы мен Шалқар теміржолшылары көтерілді. Ресейдегі қазан ереуілі әсерінен Перовск, Орал, Торғайда ірі саяси ереуілдер болды. Революцияның өрши түсуі 1905 жылы 17 қазанда манифест жариялауға мәжбүр етті. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Дулатов сияқты қазақ зиялы қауымының өкілдері революциялық қозғалыстарға белсене қатысты. Олар 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесін қолдамады. «Бостандық манифесі» атанған бұл құжат конституциялық монархияны заңды түрде бекітті, соның нәтижесінде біршама демократиялық бостандық негіздері жүзеге асырылды. 1905 жылғы 17 қазандағы Манифест бойынша Мемлекеттік Дума құрылып, онда «ешқандай заң Мемлекеттік Думаның мақұлдауынсыз күшіне енбейді» делінді. Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға тоғыз депутат сайланды. Саны төрт миллион қазақтан небәрі төрт депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов және Б.Құлманов, ал орыс тұрғындардан бес депутат сайлады: В.И.Ишерский, И.П.Лаптев, В.В.Недоносков, Н.Ч.Дахнич, Н.Я. Коншин. Бұқара халықтың назарын басқа жаққа аудару үшін құрылған патшаның бірінші Мемлекеттік Думасы оның үмітін ақтай алмады. Оны партиялар өз мақсаттарына пайдаланды. Елдегі революциялық толқудың бәсеңдеуіне байланысты патша 1905 жылы 8 шілдеде Думаны тарқатты. екінші Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан он төрт депутат сайланды. Оның ішінде қазақ тұрғындарынан алты депутат болды: Ш.Қосшығұлов, Х.Нүрекенов, Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Т.Алдабергенов, М.Тынышпаев. Ал орыс тұрғындарынан бұл Думаға сегіз депутат ұсынылды: А.Виноградов, И.Голованов, И.Космодамианский, Н.Коншин, Ф.Еремин, Я.Егошин, М.Гаврилов, И.Лаптев. Екінші Мемлекеттік Думаның депутат-қазақтары патшаның қоныс аудару саясатына табанды түрде қарсы шықты. 1907 жылы 3 маусымда патша Думаны қайта тарқатып, социал-демократиялық фракция қамауға алынып, Сібірге жер аударылды. Екінші Мемлекеттік Думаны таратуға қарсы наразылық білдірген жергілікті жерлерде митинглер, демонстрациялар ұйымдастырылды, мұндай шаралар Ақтөбеде, Петропавлда, Қостанайда және тағы басқа жерледе өтті. Бірінші орыс революциясы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының өрлеу, жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси күрес болса, ең алдымен патшаға, отарлық билікке құзырхат (арыз-тілек) жазып тапсыру түрінде көрінді. Отарлық тәуелділіктегі Қазақ елінің мұқтажын білдірген арыз-тілектер Оралдан, Қарқаралыдан, Жетісудан тағы басқа жерлерден келіп түсті. Қазақ зиялыларының тікелей араласуы нәтижесінде жазылған бұл құзырхаттарда сол кездегі қазақ қоғамының өмірлік мүддесінен туындаған жалпы демократиялық сипаттағы талап-тілектер баяндалды; қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының идеологиясы тұңғыш рет тұжырымдалды. Осы жылдары қазақ зиялылары патша үкіметіне оппозициясы болған кадеттер партиясының тұғырнамасын жақтап, 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында «Қазақ конституциялық демократиялық партиясын» құрды. Бірінші орыс революциясы тұсында Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, С.Жантөрин кадеттер партиясы құрамына кірді. Сондай-ақ, осы кезеңде «Автономияшылдар одағы» және «Ресей мұсылмандары одағы» атты ұйымдар құрылған болатын. Бұл ұйымдардың да қызметіне қазақ зиялылары атсалысты. Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкедегі отаршылдық езгіге, әлеуметтік теңсіздік пен қанаудың басқа да түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың ерекше серпін алуына, әрине, патшалық Ресейдегі 1905-1907 жылдарда өткен тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. — Біріншіден, өлкенің экономикалық және саяси дамуы дәрежесінің салдарынан жұмысшы қозғалысы өрістеді. — Екіншіден, оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары қатысты. — Үшіншіден, аграрлық қозғалыстар, негізінен, қазақ ауылдарының, қоныс аударған деревнялардың, еңбеккерлер топтарының іс-әрекеттерінен көрінді. — Төртіншіден, ұлт зиялылары қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалысты жаңа сатыға көтерді. Сөйтіп, 1905-1907 жылдарда өткен Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы өзінің саяси дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Революциялық жылдардағы ең ірі орыс, қазақ жұмысшыларының біріккен ереуілі Успен кенішінде өтті. Мұнда 300-ден аса жұмысшы еңбек етіп, оның 265-і қазақтар еді. Жалпы Спасск акционерлік қоғамында 5 мыңнан аса қазақ жұмысшылары еңбек етті. Ереуілдің негізгі талаптары жұмыс уақытын азайту, ауырып жатқандарға өтемақы төлеу, жалақыны көбейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау тағы басқалар болды. Жалпы, 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар қазақ жұмысшы табының толық қалыптаспауы, жұмысшылардың біріге алмауы, қозғалысты басқаратын демократиялық топтардың әлсіз болуы себептерінен жеңілді. Революция Қазақстанның саяси дамуына зор әсер етті. Революцияның тарихи маңызына тоқталатын болсақ, отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды. Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді. Қазақ еңбекшілерін «ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық күреске шақырды. Қазақстан халқы 1905-1907 жылдардағы төңкерістен ұлттық және әлеуметтік азаттық күрес жолында саяси тәжірибе алды. Столипиннің аграрлық реформасы және оның салдары. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты және оның зардаптары. XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілікреформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды. Мұның бірқатар себептері болды: Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ. Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті. Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы 1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады. Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды. Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді. 1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Онда олардың қоныс аударуына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды. Ондай рұқсат патша үкіметіне «сенімді» және «елге еңбегі сіңген» құрметті адамдарға ғана берілетіні алдын ала арнайы көрсетілді. Бірақ қатардағы шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз еріктерімен жаппай қоныс аударуын тоқтатпады. Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті. Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі 1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың темір жол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100 шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де мүдделі болды. Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда тасып әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың темір жол торабы бекеттерінде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-жітім де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады. 1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді. 1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді. 1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді. 1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды. Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды. Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды. Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды. Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді. 1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын. Жергілікті халық жағдайының нашарлай түсуі Ішкі Ресейдегі шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аудару тасқыны мұндағы байырғы халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар өздері ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныстарын, ондағы қыстауларын, ата-баба зираттарын тастап, қиыр шеттегі әрі құнарсыз жерлерге көшуге мәжбүр болды. Отаршылдық саясат келімсек орыс шаруалары мен жергілікті қазақтардың арасында ғана емес, қазақтардың өз араларында да жанжалды дау-дамайлар тудырды. Тартып алынған жерлердің ең жоғары мөлшері Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы неғұрлым құнарлы жерлер еді. Мәселен, қоныс аударып келген шаруалар қорына деп Омбы уезінде бүкіл жердің 52%-ы, Қостанай уезінде - 54%-ы, Ақмола уезінде - 73%-ы тартып алынды. Мұның өзі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күйзелтті. Кедейленіп, қайыршыланған қазақтардың күнкөріс қамымен түрлі кәсіпшіліктерге, соның ішінде тау-кен өнеркәсібіне жұмыс іздеп кетуіне тура келді. Олар жатақтар деп аталды. XIX ғасырдың аяғына қарай жатақтардың қалалар мен казактар поселкелеріне қарай ағылуы күшейді. Осыған байланысты патша үкіметінің жергілікті өкімет билігі Дала генерал-губернаторының алдына оларды бұрынғы тұрғын орындарына қайтару мәселесін қойды. Жатақтар аянышты хал кешті, бір күндік ұсақ-түйек жұмыстар атқаруға жалданып күн көрді. Ондаған мың қазақтар зауыттар мен фабриктерге, кен орындарына, тұз өндіру кәсіпшіліктеріне жұмыс іздеп кетті. Қазақстанмен көршілес Томск және Тобыл губернияларының аумағында 50 мыңға жуық қазақ билет бойынша тұрып жатты. Олардың көпшілігі маусымдық жұмыстар атқаруға жалданды. Іс жүзінде Батыс Сібірдегі қоныс аударушы орыс шаруаларының малын тақыр кедейге айналып, әбден қайыршыланған қазақтар бақты. Олар өздерінің жүрген жерлерінде түтін салығын да, жалгерлік жұмыс істеу үшін жиналатын алымдарды да толық көлемінде төлеп тұрды. Күн көру, тіршілік ету және өздерінің жерлерін аман сақтап қалу мақсатымен қазақтар отырықшы өмір салтына көшуге мәжбүр болды. Оларды бұл жағдай да құтқара алмады. Дәстүрлі бақташылықтан бірден егіншілік кәсібіне көшу оңай тиген жоқ. Қазақтардың көпшілігінде егіншілікпен айналысуға қажетті құрал-саймандар болмады, тұқымдық дән де жеткіліксіз еді. Оның үстіне, жер өңдеудің дағдылы әдістерін де білмеді. Столыпиннің агрардық реформасы қазақтардың мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратты. Аймақтағы демографиялық жағдайда өзгерді. Бір жағынан, қазақтардың, екінші жағынан, шаруалар мен казактардың арасындағы қарама-қайшылық шиеленісе түсті. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Куропаткин былай деп мойындауға мәжбүр болды: «Қырғыздар (қазақтар. - авт.) соңғы 30 жылда, әсіресе соңғы 12 жылда барлық жағынан да қыспаққа алынды. 1904 жылдан бастап тек Жетісу облысы бойынша ғана олардан бірнеше миллион десятина жер тартып алынды». Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының қарсылығы Бірінші орыс революциясынан кейін қазақ халқы патша үкіметі жүргізіп отырған отаршылдық саясатқа қарсы күресті күшейте түсті. Алым-салықтар төлеуден және міндетті борыштарды атқарудан ашықтан-ашық бас тартты. Отаршылдардың сенімді тірегі — әскер құрамаларына шабуыл жасау да жиілей түсті. Қазақтар мен келімсек орыс шаруалары арасындағы шиеленісті оқиғалар орын алды. Отаршыл өкімет билігінің органдары тарапынан ұлтаралық араздықты ұшықтыра түсу әрекеттері жиілеп кетті. Мәселен, 1914 жылғы 9 қазанда Жетісу облысының әскери губернаторы уезд бастықтарын жинап алып, оларға қоныс аударушы шаруалар қатарынан сенімді қарулы отрядтар құруды міндеттеді. Олар ел арасында шолғыншылық қызмет атқаруға тиісті болды. Жалпы жағдай шиеленісе қалған кезде олар өлкедегі мұсылман халқына қарсы соғысуға міндетті еді. Әскерилендірілген қарулы шаруалар қазақ ауылдарына шабуыл жасаумен айналысты. Олардың малдарын айдап әкетті. Ал ертерек келіп орналасып қалған шаруалардың көпшілігі ондай озбырлықты ашықтан-ашық айыптады. Өйткені өлкеде бұрыннан тұратын шаруалар жергілікті қазақтармен едәуір достасып, аралас-құралас байланыс орнатып та үлгерген еді. Олар бір-бірінің тілдерін, әдет- ғұрыптарын және салт-саналарын жап-жақсы біліп қалған болатын |