Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Тарихы1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды. ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді. Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті. ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды. 1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды. 1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды. 1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді. Әкімшілік бөлінісі1921 жылғы 17 қаңтардағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен жаңадан құрылған Ақмола губерниясына Омбы губерниясынан Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері берілді. 1921 жылдың 10 маусымындағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен автономды Қырғыз КСР мен Сібір арасындағы шекара Омбы губерниясының Омбы уезінде белгіленді (Есілкөл станциясы Қырғыз АСКР аумағында қалды). Шекара сызығы Есілкөл станциясынан шығысқа қарай Петропавл уезінің шекарасы бойымен, одан әрі солтүстікте Кіші Қараой, Үлкен Қараой көлдерінің, Қаратерек мекенінің бойымен өтіп, орыс болыстарының оңтүстік шекараларына бойлай және Ертістегі Шерлақ станицадан шыға өтеді (Қырғыз АСКР қалдырылған), бұған қоса Ореховск, Добровольск, Моисеевск, Русско-Полянск, Ново-Санжаровск, Черноусовск, Степановск, Котельниковск орыс болыстары Қырғыз АСКР құрамына кіргізілген. 1921 жылы 1 қазанда Омбы губерниясы Омбы уезінің 15 болысы Қырғыз АСКР берілді. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен Есілкөл станциясы (Омбы губерниясы Омбы уезіндегі Сібір мен Қырғыз АСКР шекарасының бойында) Сібір шегінде қалды. 1923 жылы 15 мамырға қарай республиканың құрамына кірді: Адай уезі тікелей республикалық бағыныста; Ақмола губерниясы — Ақмола уезі, Атбасар уезі, Шерлақ уезі, Көкшетау уезі, Петропавл уезі; Ақтөбе губерниясы — Ақбұлақ ауданы, Ақтөбе ауданы, Ырғыз ауданы, Можар ауданы, Темір ауданы, Ойыл ауданы; Бөкей губерниясы — 1 Теңіз маңы округі, 2 Теңіз маңы округі, Қалмақ округі, Нарым ауданы, Қамысамар ауданы, Талов ауданы, Торғын ауданы, дербес ауылдар; Қостанай губерниясы — Адамовск ауданы, Боровск ауданы, Всесвятск ауданы, Денисовск ауданы, Қостанай ауданы, Семнозерск ауданы, Торғай ауданы, Федоровск ауданы; Орынбор губерниясы — Илецк ауданы, Исаево-Дедовск ауданы, Краснохолмск ауданы, Орынбор ауданы, Ор ауданы, Петровск ауданы, Покровск ауданы, Шарлық-Микаил ауданы; Семей губерниясы — Зайсан ауданы, Қарқаралы ауданы, Павлодар ауданы, Семей ауданы, Өскемен ауданы, Бұқтырма ауданы; Орал губерниясы — Гурьев ауданы, Жымпиты ауданы, Қалмақ ауданы, Елек ауданы, Орал ауданы. 1924 жылғы 21 қазандағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Жарлығына сәйкес, бұрын Башқұрт АКСР құрамында болған Жылайыр кантонының Тоқсоран кантоны мен Иманғұл болысы Қырғыз АСКР берілді. 1924 жылы Жетісу, Сырдария және Самарқан облыстарының солтүстік бөліктері құрамға кіріп, оның аумағында Жетісу мен Сырдария губерниялары құрылды. 1925 жылы ақпанда Арал маңының оңтүстік бөлігінде Қырғыз АКСР құрамында Қарақалпақ АО құрылды. 1925 жылы 11 ақпанда автономиялық республиканың астанасы Орынбордан Ақмешіт қаласына көшірілді (1925 жылы 15 маусымда Қызылорда деп өзгертілді). 1925 жылы 6 сәуірде Орынбор губерниясы Қырғыз АСКР шығарылып, РКФСР тікелей бағынуға берілді. 1925 жылы 15 маусымда Қырғыз АСКР Қазақ АСКР болып өзгертілді. Кейін социалистік құрылыс барысында Қазақ АСКР одақтас республикаға айналдырылды (1936 жылғы КСРО Конституциясы бойынша Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп атала бастады). Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Қазақстандағы соғыс тұтқындары. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия). Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді: 40899244 пут мақта 38 мың шаршы аршын киіз 3 млн. пут мақта майы 229 мың пут сабын 300 мың пут ет 473928 пут балық 70 мың жылқы 12797 түйе алынды 14 мың киіз үй салынды Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді. 2 ДЕНГЕЙ Қазіргі Қазақстан тарихы: нысаны, мақсаты, міндеттері. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи дерек көздері және тарихнамасы. «Тарих» араб тілінен енген сөз, өткен күндер туралы әңгіме дегенді білдіреді. Ең алдымен жазылып қойылған мәтінде, білгенді, зерттегенді және өткеннің өзін айқындап, баяндап беру деген мағынаны білдіреді. Тарих дегеніміз – жекелеген тұлғалардың, халықтардың, түрлі әлеуметтік топтардың, барлық адамзаттың нақтылы және көп қырлы іс – әрекеттерінің, үдерістер мен оқиғалардың жиынтығы. «Қазіргі Қазақстан тарихы» пәні ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі ауқымды тарихи кезеңді қамтиды. 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейінгі Қазақстан тарихы – бұл рухани дамудың, күрес пен табандылықтың және жасампаздықтың жылнамасы. Мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізу Қазақстанның сан ғасырлық тарихының дәуірлік оқиғасы болды. Сондықтан ғасырлар тоғысындағы, ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басындағы егемен Қазақстан тарихы – бұл тәуелсіздік алған және жаңа мемлекетті құрған республика азаматтары жетістіктерінің заманауи жылнамасы. Тарихи қисынға және тарихи оқиғалардың мәнділігіне қарай «Қазіргі Қазақстан тарихы» курысының құрылымы екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлім – «Тәуелсіздіктің тарихи – өркениеттік негіздері» – проблемалық – шолумен баяндалған және сол дәуірдің тәуелсіздік жетістіктеріне жол салған тарихи оқиғаларын қысқаша әрі қорта отырып сипаттайды. Екінші бөлім – «Тәуелсіз Қазақстан» – тақырыптық қағидаға сай егемен Қазақстан тарихын тәуелсіздік қарсаңынан бастап түрлі қырынан ашады. Тәуелсіз Қазақстан тарихы – бұл отандық тарихтың заңды жалғасы және маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан шынайы тәуелсіздік жолына түскеніне 25 жыл толды. «Қазіргі Қазақстан тарихын» оқыту студенттер бойында патриоттық пен азаматтық позицияны (көзқарасты) қалыптастыруға, Қазақстанның сан ғасырлық тарихы бойынша терең ғылыми білімдерді бекітуге ықпал етуші фатор (дәлел) болуы тиіс. Әсіресе Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, қоғамның саяси экономикалық және әлеуметтік салаларындағы реформалар үдерісі, ішкі және сыртқы саясаттағы жетістіктері өскелең ұрпақ санасына құйылуы тиіс. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру. Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады: студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру; проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру; Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау; бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесінде өз орнын айқындауды көздейді. Қазақстандық қоғамда тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық - методологиялық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылққа алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқытудың рөлі мен мәнін төмендегідей кешенді міндеттермен байланыстыра қарастырды: Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру; Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру; Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу; Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау; Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады: 1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері. 2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. 3.Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы. 4.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар. 5.ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі негізі деректер, құжаттар мен материалдар: - Республиканың басым бағыттары мен даму нәтижесін, мақсат-міндеттерін айқындайтын мемлекет басшысының жарғылары, жолдаулары, баяндамалары, сөйлеген сөздері; - Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар; - Еліміздің ішкі және сыртқы дамуын, Қазақстан дамуының саяси-өңірлік, әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар; - Атқарушы биліктің орталық және өңірлік органдарының құжаттары, түрлі деңгейдегі мәжілістер материалдары; - Азаматтық қоғам институттарын, саяси партиялардың, шетел сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар; - Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері; - Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері; - Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша қазақстандық және шетел ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері; - Мерзімді басылым материалдары; - Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары. Қазақ мемлекеттілігінің бастауы мен сабақтастығы: ежелгі, Орта ғасыр және жаңа заман. Себебі ежелгі заман бізде тас дәуірі,неолит,палеолит деген замандар болған.Ол кезде саналы адам,тік жүретін жәнеде т.б адамдар өмір сүрді.Сол заманда от жағу, терімшілік,аң аулау, балық аулау әртүрлі іс-әрекеттер болды. Бұл заман өз ерекшелітерімен бағалана түсті бұл кезеңдерде мұз басу т.б қиын сәттер болды. Мысал алып қарағанда Тас дәуірін алайын. Тас дәуірі-бұл дәуірде тастан жасалған құралдар пайда бола бастады.Олар шапқылар,қырғыш тастар,үшкір тастар,пышақтар Ортағасыр – бұл ғасырда ортағасырлық тайпалар пайда бола бастады.Бұл ғасырда қазір біздер айтып жүрген көне елдер,жерлер пайда болды. Бұл заманда жер үшін соғыстар басталды.Ортағасырда қағанаттар пайда болды және осы қағанаттарды басқаратын қаған болды .Бұл жерде біз өзгерісті байқаймыз себебі бұл жерде бірте-бірте басқару жүйесі пайда бола бастады.Осы кезеңде ірі қалалардың бірі Тараз қаласы болды.Бұл қалада әртүрлі кесенелер пайда болды.Осы кезеңде жібек жолы қатынасы орнай бастады.Жібек жолы тек қана сауда жолы емес,көшпелі отырықшы халықтардың мәдениетінің таралу жолы деп ойлаймын. Осы кезде Қазақ хандығы құрылды .Қазақ хандығының құрылуы — аймақтың саяси және этнографиялық ұғымдарына да әсерін тигізіп, жаға жағдайларға сай жаңа атауларды қалыптастырады. Жаңа дәуір- жаңа дәуір деп те айта аламын неліктен себебі анау ежелден келе жатқан қалалар,елдер ,жерлер барлығы өзгерді.Бұл дәуірде ғылыми революциялар пайда бола бастады. Өзіміздің еліміз, мемлекетіміз әр түрлі дағдарысты басынан өткізіп қазір керемет елде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа дәуір,жаңа заман, жаңа мемлекет бұл мен үшін үлкен өзгеріс .Анау тас дәуірінен бастап осы дәуірдің айырмашылығы үлкен . Бұл дәуірді біздің ата-бабалармыз қан мен термен әкелген жер мен ойлаймын өз елімізді құрметтеп сүю керек.Бірақ сол заманнан қалған ескі, көне заттар қазірде мұражайларда сақтаулы. Қазақ елінің жерінің батырларымыздың қару жарақтары бәрін таба аламыз.Менің ойымша қазіргі кезде еліміздің ресми атауы — «Қазақстан Республикасы», халқымыздың атауы — «қазақ», жеріміздің атауы — «Қазақстан» деп аталынуының негізінде XV ғасыр ортасында құрылған Қазақ хандығы жатыр. Қазақстан қазіргі заманғы әлеуметтік кеңістікте және әлемдік тарихтың уақыт межесіндегі өз орнын айқындауды көздейді. Қазақ қоғамында тарихи сананы жаңғырту, өзіндік ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру, болашақ дамудың рухани бағдарын анықтау еліміздің ішкі дамуындағы маңызды көрсеткіш. Қазақстанның өткен тарихы - қоғамдық сананың түрлі деңгейіндегі гуманитарлық кеңістіктің негізгі бөлігін құрайды. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің жаңаруын, зияткерлік қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастыру және ұлттық тарихтың жаңа белестерін зерттеуде тарихи сабақтастықтың болуы заңдылық. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың тарихы және бүкіл адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия және Орталық Азия елдері тарихымен тығыз байланыста ұштасып жатыр. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы – Ұлы Далада ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыратын пән. ХХ ғасыр қазақ халқының тарихи тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуы, Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға толы көптеген саяси-әлеуметтік бетбұрыстар мен мәдени төңкерістердің, Дүниежүзілік соғыстардың, экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет. |