Главная страница

Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары


Скачать 1.03 Mb.
Название1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Дата17.01.2022
Размер1.03 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТарих ответы экзамен .docx
ТипДокументы
#333098
страница26 из 45
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45

Негізгі мақсат – Қазақстаннан көрші аймақтарға босып кеткен, туған жерге қайтқысы келетін кедейлер мен орташаларды ерекше уәкілдер арқылы екі айдың ішінде (сәуір, мамыр) Қазақстанға қайтару, орналастыру болды.

Аталған қаулыда қайтып келетіндерді негізінен колхоздарда, совхоздарда және т. б. елді мекендерде орналастыру қажеттігі арнайы атап көрсетілді.

Сондай-ақ медициналық жедел жәрдеммен, киіммен, тамақпен және т. б. материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету, балаларға қамқорлық тәрізді мәселелер де жергілікті жерлерде қолға алынатын болды.

Белгіленген шаралар жалпы гуманистік, адамгершілік сипатын ала тұрса да, сонымен бірге көрсетілетін алғашқы көмектің 80 000 босқындар қожалықтарына ғана есептелуі Қазақстан басшылығының нақты жағдайды жақсы білмейтінін айқын байқатты. Шын мәнінде елдің ішіндегі ашаршылық апатын біржолата жоймай босқыншылықтың өріс алуын тоқтату мүлде мүмкін емес еді.

Республика үкіметінің және Қазақстанға көрші орналасқан, қазақ босқындарының ауыр мәселелерін шеше алмай жатқан өлкелер басшыларының көмек көрсету туралы өтініштерін ескеруге мэжбүр болған Одақтық үкімет те босқын қазақтарға жеңілдіктер жасауды қолға алды. 1932 жылы 13 сәуірде КСРО ХКК «Басқа аудандардан Қазақстанға оралып жатқан қазақтар қожалықтарына көмек көрсету туралы» қаулы қабылдап, онда Заготзерно мекемесін Қазақ АКСР-ына бір млн. пұт көлемінде азық-түлікті несиеге беруге міндеттеді. КСРО Қаражат халкомы босқындарды шаруашылыққа орналастыруға, балалар үйлерін ұйымдастыруға және басқа шығындарға КСРО ХКК сақтық қорынан 2 млн. сом ақша бөліп, бұл қаржыны Қазақ АКСР ХКК қарауына жіберуі тиіс болды. Ал Мемлекеттік банкке босқындардың жұмыс малын ауыл шаруашылығы машиналарын алуы үшін ауыл шаруашылығына ұзақ мерзімге несие беру қоры есебінен 2 млн. сом көлемінде жедел қарыз бөлу жүктелді. Бұл қаулыға одақтық ХКК сол кездегі төрағасы В. Молотов (Скрябин) пен оның іс басқарушысы П.Керженцев қол қойған. Одақтық ХКК осы жылдың 4 шілдесінде «Егіннің шықпауына, қожалықтардың ауа көшулеріне және қоныс аударуларына байланысты Қазақ АКСР-дағы қаражат жинау жоспары туралы» тағы бір қаулы қабылдады. Онда аталған қиыншылықтарға байланысты Одақтық үкімет 1932 жылға арналған Қазақ АКСР-ындағы қаржы жинау жоспарын төмендету туралы Одақтық қаражат халкомына тапсырмалар берді. Енді өткен жылдарда және 1931 жылы өндірілмеген ауылдық жердегі міндетті төлемдер мемлекетке төленбейтін болды /8/.

Мұндай жеңілдіктер, әрине, Қазақстанға аса қажет еді. Бірақ мынаны да ұмытуға болмас: ашаршылықтан оңбай ойсыраған Қазақстанның жоғарыдағы жеңілдетілген мөлшердегі төлемдердің өзін төлейтіндей де шамасы жоқ еді. Яғни аш қазақ шаруасына бұрынғыдай әр түрлі көп салықтар салсаң да немесе оларды жеңілдетсең де, бәрібір олардан ешнәрсе өндіріп ала алмайсың. Ащы да болса бұл сол кездің шындығы. Соңдықтан Одақтық үкіметтің кезінде Қазақстанға шамадан тыс көп салған салықтарын енді амалсыз төмендетіп, азайтуларын немесе оларды жоюларын қазақ шаруасына көрсетілген көмек ретінде орынсыз мадақтап-марапаттаудың еш реті жоқ.

Қазақстан үкіметінің босқындарды шаруашылыққа орналастыруға байланысты жоғарыда аталған алғашқы шараларының өмір шындығынан алыс жатқаны көп кешікпей-ақ дәлелденді. 1932 жылдың 1 тамызына қарай панасыз балалардың саны Қазақстанда 31 993-ке жетті. Ал босқындарды орналастырумен айналысатын мемлекеттік комиссия болса не бары 3000 жетім баланы ғана орналастырармыз деп ойлаған еді. Сондықтан да Қазақстан үкіметі көрсетілген мерзімде 31 993 жетім баланың 25 222-сіне ғана (яғни 80 процент) ішінара көмек көрсете алды /9/.

Қазақстанның өз ішіндегі және оның сыртындағы көрші аймақтардағы босқындар санын Қазақстан үкіметінің анық білмейтіндігін 1932 жылы 20 тамызда 6 облыстан келіп түскен нақты материалдар айқын көрсетіп берді. Осы мерзімге дейін жоспарда белгіленген Қазақстанда орналастырылуы тиіс 35 000 шаруа қожалығының орнына 75 670 босқын қожалығы ата мекенге қайтып оралды. Бұлардың 44 251 ұйымдасқан түрде қайтып келсе, ал қалғандары бытыраңқы түрде, азып-тозып шұбырып қайтты. Қазақстан үкіметі босқыншылық ауыртпалығын бастан кешіріп, әбден сорлаған қайтып оралушыларға өздерінше жеңілдіктер жасап бақты. Мысалы, автономиялы республикалық Халық Комиссарлары Кеңесінің 1932 жылғы 7 қыркүйекте өткен мәжілісінде қайтып оралған босқын еңбекшілер қожалықтарына жасалатын жеңілдіктер туралы мәселе қаралып, онда қабылданған қаулы бойынша «қайтып оралған босқындар 1932 ж. а/ш (ауыл шаруашылығы) салығын төлеуден, жалақыны міндетті түрде қауіпсіздендіруден, су төлемінен, жеке салықтан және мәдени-шаруашылық құрылысына төлем төлеуден босатылды» /10/.

Онан соң «қайтып оралған босқындар қожалықтарын өз құрамдарына қабылдаған колхоздардағы табыстың босқыншылықтан оралған колхоз мүшелері үлесіне тиетін бөлігін салықтан шығарып тастау» көзделді.

Дегенмен мұндай шаралардың босқындардың жағдайын жақсартуға тигізер септігі шамалы еді. Қолында түгі жоқ, әбден жүдеп-жадаған аштар мен жалаңаштарды әр түрлі салықтар төлеуден босатпасаң да олардың мұны бәрібір төлей алмасы белгілі. Рас, соңғы мәселе бойынша колхоздардың босқындарды өздеріне мүшелікке қабылдауына жол ашылды.

Қиыншылық қайтып оралған босқыңдардың көптігінен ғана туындаған жоқ, жағдайды күрделілендіре түскен нәрсе, Қазақстаннан тыс жерлерден алдағы уақыттарда тағы да қанша мың қожалық қайтып оралуы мүмкін деген сұраққа Қазақстанның үкімет орындарының ешқайсысының нақты жауап бере алмауы еді. Мұның ең басты себебі – Қазақстан басшылығының осы мәселеде көздеген алғашқы мақсаттарының жүзеге аспай қалуында болды /12/. Дәлірек айтсақ, Қазақстан басшылығының 1930 жылы басталған көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жоспарлы түрде отырықшыландыру шаралары қазақ шаруаларының қоныстарынан ауа көшулерін тежейді деген үміті ақталмады. Отырықшыландыру шараларының алғашқы бесжылдықта сәтсіздікке ұшырауы босқын қазақтарды орналастыру ісін тіптен қиындатып жіберді. Өзінің БК (б)П Орталық Комитетіне 1932 жылы 9 қыркүйекте жазған хатында Ф. И. Голощекин Қазақстанның 25-30 ауданында 150 мыңдай босқын қазақ шаруаларының қожалығы бар екенін, бұлардың 50 мыңдайы кезінде басқа өлкелерге ауа көшіп, енді Қазақстанға қайтып оралғандар екенін, әсіресе осы соңғылардың жағдайы ауырлығын атап көрсете келіп, бұларға көмек беруге орталық араласпаса болмайтынын, өйткені Қазақстанның жалғыз өзінің жағдайды жөңдеуге шамасы жетпейтінін ашық айтты /1/.

Аталған хатында Ф. И. Голощекин осы кезге дейін өзі үздіксіз қолданып келген «отырықшыландыру» деген ұғымнан бас тартып, орын алып отырған қиыншылықты өз атымен атап, тұңғыш рет босқындарды орналастыру мәселесін ресми түрде көтеруге мәжбүр болды.

Ф. И. Голощекиннің хатынан кейін көп кешікпей-ақ 1932 жылдың 17 қыркүйегінде БК (б)П ОК Қазақстанның ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы туралы арнайы қаулы қабылдады. Дәл осы аттас қаулыны көп кешікпей-ақ, 1932 жылы 5 қазанда КСРО Халкомы да қабылдады. Бұлар бойынша, азық-түлік көмегі ретінде және көктемгі жаздық бидай егісіне арналып Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі аудандарына 2 млн. пұт астық босатылатын болды. Оның 1 млн. пұтын Қазақстан азық-түлік көмегі ретінде өзіне жоғарыдан түсірілген астық дайындау жоспары есебінен Мәскеуге тапсырмай, өзінің өнімінен өзінде ұстап қалатын болды. Сондай-ақ, Қазақстанға белгіленген астық дайындау жоспары да 3 млн. пұтқа азайтылды. Онан соң Қазақстанның 5 млн. пұт көлемінде азақ-түліктік, тұқымдық қарызды төлеуі де келесі жылға қалдырылды /1/.

Аталған қаулылар бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтар орталыққа мал және астық дайындаудан 2 жыл мерзімге босатылды және олардың өткен жылдардағы барлық мемлекеттік қарыздары жойылды, олар 2 жыл мерзімге мемлекеттік салықтардан да босатылды.

Бірақ Қазақстанға берілген мұндай жеңілдіктер босқындарды шаруашылыққа орналастырудың күрделі мәселесін бәрібір шеше алмайтын еді. Ал босқыншылық өршіп тұрған жағдайда оның ең негізгі себебі болып табылатын азық-түліктің жетіспеушілігіне қарсы күресу қажет болды.

Жоғарыда аталған қаулылар қабылданғаннан кейін арада бірнеше айдан соң 1933 жылы 29 наурызда И. Сталин мен В. Молотовтың атына хат жолдаған Қазақстанның жаңа басшысы Л. Мирзоян «қонысынан ауғандардың жағдайы төтенше ауырлап» бара жатқанын, олардың козғалысы Қазақстанның 71 ауданын қамтығанын, сондықтан республика басшылығының «қонысынан ауушылар санының бұдан әрі көбейе бермеуі үшін жәрдем берілетін шаруашылықтардың санын 150 000-ға дейін көбейтуге мәжбүр болып» отырғанын айта келе, бұрын бөлінген азық-түлік жәрдеміне қосымша Қазақстанға тағы да бір миллион пұт тары бөлуді өтінді /11/. Сондай-ақ Л. Мирзоян босқындарға көмек көрсетудің басқа жолдарын да ұсынды. Ол шекара пункттерінде жәрмеңкелер ұйымдастыруды, оларға Батыс Қытайдан мал сатып алуға, қазақ қожалықтарына совхоздардан сиыр малын көптеп сатуға рұқсат етуді Мәскеуден өтінді.

Ащы шындықты Мәскеуге жасырмай айтып, Қазақстанды аштықтан құтқаруға нақты негіз қалаған бұл хат, сонымен қатар Қазақстаннан тыс аймақтарға босып кеткен қазақтардың белгілі мөлшерінің өздерінің тарихи Отанына қайтпай, жат жерлерде қалып қоюларына да біршама себепкер болды деу керек. Хаттағы ең соңғы 6-пунктте арнайы бөліп көрсетілген мынадай жолдар бар: «Көрші өлкелер қонысынан ауғандарды кері қайтарып жіберуін тоқтатпай отырғандықтан, Орталық Комитеттен Орта Азияны, Сібірді және Еділ бойын бұларды барған жерінде орналастыру ісін ұйымдастыруға және оларды бұдан былай Қазақстанға кері қайтарып жібермеуге міндеттеуді өтінеміз». Л. Мирзоян неліктен мұндай шешімге келгенін түсіндіріп жатпайды. Бірақ хатта көрсетілген қиыншылықтар – аштық, «ауру-сырқаулардың көптігі және кейбір аудандарда сүзек індетінің таралуы» және т. б. оны осындай қорытынды жасауға итермелеген. Босқыншылықтың ауыр салдарларының алғашқы нақтырақ ресми қорытындылары Қазақстан үкіметінің есебінде көрсетілді. Ол бойынша, 1934 жылғы 1 қаңтарда салық есептері мәліметтері негізінде есепке алынған босқындар сандары Қазақстаннан тыс жерлерден қайтып оралғандарды қосып есептегенде 139,6 мың қожалық болып шықты. Бұл барлық шаруалар қожалықтарының 2 процентіне жуығы, ал қазақ шаруалары қожалықтарының барлығының 30-40 проценттейі еді /12/.

Кейбір аудандарда босқындар саны тіптен бұдан да көп болды. Мысалы, Қазалы, Келес, Қаратас, Павлодар, Бесқарағай, Еңбекшілдер, Бейнетқор, Шыңғырлау және т.б. аудандарда босқындар барлық қожалықтардың 40-50 проценттейін құрады /1/.

Тағы да айта кеткен жөн, Л. И. Мирзоян Қазақстанның партия ұйымына жауапты хатшы болып сайланысымен-ақ Өлкелік партия комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесін босқындарды орналастыру мәселесімен нақты айналысуға жұмылдырды.

Алғаш 1933 жылы 22 ақпанда БК (б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің секретариаты мәжілісіңде «Халық Комиссарлары Кеңесінің жанынан босқыншылыққа байланысты барлық мәселелермен айналысатын жеке секретариат құру» туралы шешім қабылданды.

Ал осы жылдың 13 сәуірінде Қазақ өлкелік партия комитеті өзінің дәл осындай мәжілісінде Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы отырықшыландыру мен босқындарды орналастыруға байланысты комиссия тәрізді комиссияларды облыстық атқару комитеттерінің жандарынан ұйымдастыру туралы шешім қабылдады /8/. Бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан Өлкелік партия комитеті жанындағы отырықшыландыруға байланысты комиссия енді таратылды.

Дәл осы 13 сәуірдегі мәжілісте жергілікті облыс басшыларына жөнелтілетін Л. Мирзоян мен О. Исаев қол қойған жеделхаттың мәтіні бекітілді. Онда былай деп көрсетілген: «Босқындар мәселесі бойынша біздің баяндау хатымызға байланысты ОК босқындарға көмек көрсету үшін бір миллион пұт астық, бес миллион сом ақша босатты, алпыс мың баланы орталықтан асырауға алды және Оқу-ағарту халкомы мен Денсаулық сақтау халкомын көмек ұйымдастыру және жұқпалы ауруларға қарсы күресу үшін Қазақстанға жедел түрде қызметкерлер жіберуге міңдеттеді. Бұдан көрінетіні, Л. Мирзоянның 1933 жылы 29 наурызда И. Сталин мен В.Молотовтың аттарына жазған өтініш хаты Мәскеуден қолдау тапқан. Сөйтіп Л. Мирзоян сұраған көмек Қазақстанға босатылған /11/.

Қазақстан өлкелік партия комитетінің жоғарыдағы, 13 сәуірде болған секретариат мәжілісі орталықтан түскен осы көмекті үнемдеп пайдалануға байланысты нақты нұсқау берді. Әрбір колхоз және ауыл бойынша босқын отбасындағы адам саны дәлме-дәл көрсетіліп, нақты тізімі жасалатын болды. Босқындарға көмек осы тізім негізінде босатылды.

Жергілікті жерлерге берілген азық-түлік көмегін ауыл белсенділері пайдаланып кетпеуі үшін олардың азық-түлік көмегі қорынан 3 проценттен артық астық алуларына тыйым салынды. Мұның бәрі әрине Қазақстандағы жаппай босқыншылықтың біртіндеп азая түсуіне едәуір ықпал етті.

1933-1934 жылдары босқындар қожалықтарын орналастыру жұмыстарының қалай жүргізілгенін төмендегі кестеден біле аламыз: /1/



Жылдар


Жоспар


Барлығы


Орналастырылды


Ескерт-

пелер


оның ішінде

колхоздарда

серіктік


совхоз-

дар мен


кәсіпорындар


қалған

жеке-шелер



Оның

ішінде


Қаз.

сырттан


1933


46500


131986


107269


20480


3493


119279**


1/1-1/Х


1934


24 780*


28248


23035


5213




19334




Барлығы:


71283


160234


103943


25693


3493


138613




* – 1934 жылдың жоспары бойынша 60000 қожалық белгіленген, «24780» санына да, «орналастырылды» бөліміндегі келесі сандарға да тек қана 1934 жылы оралғандар және 1933 жылдың соңында оралып, бірақ орналастырылмағандар кірген, ал қалғандар – өткен жылдары баспана тапқандар болып табылады.

** – 1933 жылғы 15 қарашадағы мәлімет бойынша берілген.

Келтірілген кестеден қазақ босқындарын орналастыру ісінің совхоздарда, әсіресе мемлекеттік кәсіпорындарда аз көлемінде жүргізілгенін байқау қиын емес. Бұл туралы Қазақстанның ХКК 1934 жылдың наурызында атап көрсетіп «өздерінің кәсіпорындарында босқындарды орналастыру ісін қасақана елемей отырған Түркісібті (жоспарды 5 процент орындаған), Жеңіл өнеркәсіп Халкомын (42,8 процент), Қаз. Өлке. Одағын (орындалуы 13,2 процент) және Жабдықтау Халкомын (орындалуы 52,5 процент)» сынға алды. Ал «Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының «Каззолотодан» басқа негізгі кәсіпорыңдарында жұмысшы қазақтар саны бір жыл ішінде мүлде дерлік артқан жоқ, тіптен кеміп кетті». Бұл кәсіпорындарды кестемен бейнелесек, онда Халық шаруашылығы есебі мекемесінің мәліметі бойынша, осы саланың кәсіпорындарында орналасқан қазақтардың төмендегідей санын аламыз: /1/




Караганда-

уголь


Эмба

нефть


Жезқаз-

ған


Риддер


Каззолото


1 қаңтар 1933 ж.


4003


4119


2589


1172


2571


1 қаңтар 1934 ж.


4378


3475


2575


1086


3485


1933жылы

орналастырылған

босқындар

отбасылары



2248


мәлімет

жоқ


252


103


мәлімет

жоқ

Босқындарды мемлекеттік меншіктің негізгі «көздері» болып табылатын өнеркәсіп орындарына және совхоздарға орналастыру ісі мардымсыз жүргізілген. Бұл босқындарға мемлекет тарапынан қамқорлықтың аса аз болғанын дәлелдей түседі. Босқындар сондықтан қалаларға немесе қала типтес поселоктарға да сирек орналастырылған және негізінен олар Қазақстанның егіншілік және мал шаруашылығы аудандарындағы колхоздар мен серіктіктерді айналсоқтауға мәжбүр болды. Егер мұны кестемен бейнелер болсақ, бұл мәліметтер төмендегідей болып шығады (мың қожалықпен есептегенде): /3/


Облыстар


Батыс


Актөбе


Қара-

ғанды


Шығыс


Алматы


Оңтүстік


Бар-

лығы


Егінші

(барлығы)



32,0


68,0


95,7


116,1


74,1


75,4


561,8


Аудандар

(босқын)


9,0


12,6


14,6


10,6


22,5


18,2


87,5


Мал

шаруаш.


(барлығы)


58,0


39,4


18,5


9,5


11,4


29,5


113,4


Ауданд.

(босқын)


13,2


10,1


6,6


2,5


3,0


16,7


52,1


Барлығы (бар. қожал.)


90,6


107,4


114,2


125,6


85,5


104,9


628,2


Өлке бойынша (босқын)


22,2


22,7


21,2


16,1


25,5


34,9


139,6

Әрине мәлімет әр түрлі берілгендіктен және орналастырылған босқындар сандарына егіншілік және мал шаруашылығы аудандарындағы өнеркәсіп орындарына орналасқандар да кіріп кеткендіктен бұл мәліметтерде кемшілік жоқ деп айтуға болмас. Дегенмен бұл кестеден бір нәрсені айқын байқай аламыз: босқындардың басым көпшілігі (үштен екісіне жуығы) Қазақстанның егіншілік аудандарына келіп орналасты.

Босқындарды шаруашылықтық орналастыру қалалар мен темір жол стансаларында шоғырланған олардың саны 450 мың адамға жеткенде ғана қолға алынғаны белгілі. Солай бола тұрса да оларды осында орналастыруға ешкім мән бере қойған жоқ.

Айта кеткен жөн, Қазақстанның халық шаруашылығы есебінің берген мәліметтері дәл осы жылдары қала халқы санының шұғыл өскенін көрсетіп береді. Жылдарға шағып қарасақ, бұл процесс шамамен төмендегідей: /1/


Қаңтар


1931ж.


732,7 мың




1932 ж.


1072,1 мың




1933ж.


1218,9 мың




1934 ж.


1311,6 мың




1935ж.


1437,6 мың




1936 ж.


1499,5 мың

Осы ресми мәліметті беріп отырған аталмыш мекеменің өзі «қала халқының ауқымды өсуінің ең алдымен селоның есебінен болып отырғанын» мойындай тұрса да, кестедегі қала халқының өсуінің «кейбір асырып көрсетулерден» құралақан еместігін де ескерте кетеді.

Дегенмен қала халқының 1931-33 жылдары 732,7 адамнан 1218,9 мың адамға өскені Қазақстан үкіметінің «Қазақ АКСР-інде босқындарды шаруашылықтық орналастыруға және отырықшыландыруға байланысты шаралар туралы есебінде» атап көрсетілгендіктен жоғарыдағы қала халқының өсу көрсеткіштерін шындықтан тым алшақ жатыр деп айтуға негіз жоқ. Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттік ресми есепте Қазақстанда жаңадан құрылған совхоздардағы және т. б. өндіріс поселкаларында 1931-1933 жылдары халық санының 76,1 мыңнан 334,7 мың жанға өскені де атап көрсетілген. Бірақ бұл өсулер республика үкіметінің өзі мойындағанындай, «барлық кемуді жаба алмайды» /1/.

Оның үстіне қалалардағы, жаңадан құрылған совхоздардағы және өнеркәсіп поселкаларындағы халық санының өсуі негізінен босқын қазақтардың есебінен болды деуге ешбір негіз жоқ. Қазақ босқындарының егіншілік және мал шаруашылығы аудандарында орналастырылғаны белгілі.

Босқындардың шаруашылық түрлері бойынша қалай орналастырылғанын төмендегі, 1934 жылы 1 қаңтарда Қазақстан үкіметі берген ресми деректерден де байқай аламыз: /1/


№ Шаруашылық түрлері


Жоспар бойынша

(мың қожалық)



Нақты

орналастырылғандар

(мың қожалық)


1. Тарамай тұрған колхоздарда


33960


86789


2. Дербес ТОЗ-дарда


12540


21034


3. Жекеше қожалықтарда


-


3493


4. Совхоздарда


5300


6233


5. Өндіріс кәсіпорынд.


17700


14247


Б а р л ы ғ ы


69400


131796

Бұл мәліметтер жергілікті жерлерден және әр түрлі мерзімде келіп түскендіктен әрине дәлме-дәл берілген деп айта алмаймыз. Мұнда кейбір ауытқушылықтар бар екенін басқа деректермен салыстырғанда да байқай аламыз.

Ресми құжаттар көптеген кәсіпорындарда қазақ босқындарына ұлы державалық шовинистік көзқарастардың орын алғанын, «қазақтар көшпелі, жұмысқа қабілетсіз халық» дегендей сыңаржақ пікірлердің кең таралғанын растайды.

Сондықтан қалаларда, өндіріс поселкаларында және жаңадан құрылған совхоздарда халық негізінен қазақ босқындарының емес, славян халықтарының, әсіресе орыстардың есебінен өсті деу керек. Бұлардың біразы Ресейден, Сібірден көшіп келгендер еді. Әңгіме болып отырған жылдары Қазақстанды мекендеген ең негізгі халықтар қазақтар (үлесі 57,1 процент), орыстар (үлесі 19,7 процент), украиндар (үлесі 13,2 процент) болғаңдарын, 1926 жылғы және 1937 жылғы Бүкілодақтық санақтар мәліметтері бойынша Қазақстандағы әр түрлі ұлттар ішінде орыстардан басқаларының санының осы мерзімде едәуір кеміп кеткендерін, ал орыстардың керісінше 642,5 мың адамға өскенін байқау қиын емес. Мұндай тенденцияның орын алып отырғанын 1939 жылғы Бүкілодақтық санақ нәтижелері де көрсетіп берді. Дәл осы 1939 жылы Қазақстандағы ұлттар арасында қазақтардың үлес салмағы 38,0 процент қана болып қалған болса, ал осындағы орыстардың үлесі 40,2 процент болған /3/.

Аштыққа ұшыраған қазақ босқындарының негізінен жаңадан құрылып жатқан совхоздарды, өндіріс кәсіпорындарын және темір жол стансаларын паналауға әрекеттенгендері шындық.

Қазақстан басшылығы да аш қазақтардың негізінен қайда шоғырланғандарын жақсы білген. Бірақ солай бола тұрса да жоғарыдағы кестеден көрінетініндей, мемлекеттің өзі қаржыландырып отырған совхоздар мен өндіріс кәсіпорындарына босқындарды аз ғана мөлшерде орналастыру жоспарларын берген. Ал өндіріс кәсіпорындары осындай мардымсыз жоспардың өзін де орындамаған. Қазақстан басшыларының мұндай саясаты аш босқын қазақтарға тұйықтан шығудың жалғыз жолын қалдырды. Бұл жол – шаруалардың өздері кезінде бас сауғалап қашып шыққан, аштық пен жұқпалы аурулар жайлаған колхоздар мен серіктіктерге мүше болып кіру еді. Ал мұның өзі әсіресе қазақтарды жаппай қырғынға ұшыратты. Қазақстан басшылығына мұндай қатыгез саясаттың тиімді болғанын айтпауға болмас. Ең үлкен және басты «жеңіс» – бұрынғы көшпелілердің басқа жол қалмағандықтан, амалсыздан жаппай колхоздарға кірулері және ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастырудың екінші бесжылдықта негізінен жедел қарқынмен аяқталуы болды. Аштықтан қырылған және босқыншылыққа ұшыраған көшпелі қазақтардың негізінен колхоздарды паналап, сонда отырықшылануға мәжбүр болғанын Қазақстандағы шаруалар қожалықтарын ұжымдастыру қарқынын оған көрші аймақтармен салыстырып талдауға мүмкіндік беретін төмендегі кестеден де байқай аламыз, кестедегі шаруалар қожалықтарының мөлшері процентпен және әр жылдың 1 шілдесіндегі мәліметпен көрсетілген. /1/


Республикалар

мен аймақтар



1933 ж.


1934 ж.


1935 ж.


1936 ж.


1937 ж.


Қазақ КСР


67,6


85,9


90,7


95,4


97,5


Қырғыз КСР


66,9


65,7


70,8


82,4


89,1


Түрікмен КСР


72,0


75,4


81,5


88,8


95,4


Тәжік КСР


45,2


51,6


59,4


80,9


89,9


Өзбек КСР


71,6


78,5


82,4


90,4


95,0


РКФСР


65,5


71,6


83,4


90,5


92,0


КСРО


65,0


71,4


83,2


90,5


95,0

Кестеден көрінетініндей, алғашқы бесжылдық кезінде зорлап ұжымдастыру мен отырықшыландырудың әсіресе қазақ шаруаларын ауыр қасіретке ұшыратқанына қарамастан және көрші Орта Азия мен РКФСР республикаларына қарағанда осы процестің зардаптары елеулі бола тұрса да Қазақстан екінші бесжылдықта да ұжымдастыру қарқыны жөнінен басқа республикалардан алда болып, тіптен бұл мәселеде одақтық көрсеткіштен де жоғары тұрды. Алғашқы бесжылдық жылдарында меншігінен жұрдай болып қайыршыланған қазақ шаруасы үшін колхоздар күн көрудің, өмір сүрудің ең басты жолына айналғандықтан да шаруалар екінші бесжылдықта колхоздарға көптеп кірді.

Бұған ықпал еткен тағы бір мәселе – 1933 жылы Мәскеудің тікелей қолдауымен Қазақстанның жаңа басшылығының сталиндік күштеп ұжымдастыру зардаптарын жоюға байланысты бірқатар шұғыл шараларды жүзеге асырулары еді. Кезінде зорлықпен құрылған 1117 қазақ колхозының енді 168-і ғана ауыл шаруашылығы артелінің жарғысында қалдырылды. Ал қалғандары серіктіктерге – ТОЗ-дарға айналдырылды. Жалпы, 1933 жылы 1423 серіктік (ТОЗ-дар) ұйымдастырылды./6/

Күштеумен құрылған ауыл шаруашылығы артельдерін серіктіктерге (ТОЗ-дарға) айналдыру туралы нақты шешімнің БК(б)П-ның «Қазақстанның ауыл шаруашылығы және сондай-ақ мал шаруашылығы туралы» 1932 жылдың 17 қыркүйегіндегі қаулысына сәйкес қабылданғаны белгілі. Осы шараны жүзеге асырудың 1935 жылдың 10 қарашасына дейінгі кезеңдегі нәтижесі төмендегідей болды:/1/


Облыстар


ТОЗ-

дар


жарғыс.

көшір.


а/ш

артел


Қалды-

рылған


артел

саны


Ұйымдасқан

ТОЗ-дар


Таратылған фермалар


саны


Ірі

қара


ферма-

сы


қой,

ешкі


фер-

масы


жылқы

фер-


масы


түйе

фер-


масы


сақтал-

ған


ферма-

лар


Батыс


213


56


341


98


50


28


20


30


Ақтөбе


238


10


249


12


12


-


-


14


Қарағанды


156


-


267


68


17


11


-


58


Шығыс


176


18


106


мәлім. жоқ


-


-


-


58


Алматы


105


30


118


18


15


-


-


18


Оңтүстік


231


64


325


33


46


19


13


12


Барлығы


1117


178


3406


229


130


58


33


132

Кестедегі мәліметтер әрине ауыл шаруашылығы артелдерін серіктіктерге (ТОЗ-дарға) айналдырудың жалпы жағдайын ғана бейнелей алады. Шындығына келсек, бұл бағыттағы бетбұрыс БК (б) П Қазақ өлкелік комитетінің 1933 жылдың ақпан айындағы артелдерді ТОЗ-дар жарғысына көшіруді, барлық фермаларды таратып, олардағы малды серіктіктер (ТОЗ-дар) мүшелерінің жеке пайдалануына беруді қатал түрде талап еткен арнайы жеделхаты жергілікті жерлерге жіберілген соң ғана байқалды.

Жоғарыдан жасалған қысым жергілікті жердегілерді бұл бағытта біраз жұмыстар тындыруға мәжбүр етті. Колхоздарға қауымдастырылған малды серіктіктер (ТОЗ-дар) мүшелеріне таратып беру толық емес мәліметтер бойынша облыстарда төмендегідей жүзеге асырылды:/3/


Облыстар


Барлық

таратыл-


ғаны


Соның ішінде


Мәліметтер

мерз. 1933 ж.



жылқы


ірі қара


түйе


қой мен

ешкі


Батыс


86820


16816


22619


10845


36542


1/Х


Ақтөбе


36580


12938


9073


432


14146


10/ІХ


Қарағанды


30243


6760


12199


901


10389


1/Х


Шығыс


33135


6543


9606


748


17225


ІО/УІІІ


Алматы


12137


4129


2492


-


5516


1/Х


Оңтүстік


34328


3845


6726


2882


20875


13/ІХ


Барлығы


233245


50031


62715


15801


104693


-

БК(б) П Орталық Комитетінің колхозшыларды малмен қамтамасыз етуді көздеген 1933 жылдың 26 маусымыңда белгіленген шаралары және Орталық Комитеттің КСРО Халық Комиссарлары Кеңесімен бірігіп осы жылдың 14 тамызында «Сиыры жоқ колхозшылардың сиыр иемденулеріне көмек беру туралы» қаулы қабылдауы бұл жұмыстың барлық облыстарда нақты қолға алынуына ықпалын тигізді.

Жалпы 1935 жылдың соңына дейін Қазақстанның малы жоқ шаруаларына 435 мың бас мал таратылып берілді /4/.

Мұның ішінде босқындар мен отырықшылыққа көшіп жатқан қазақтарға ішкі ет дайындауға арналған 15987 бас мал үлестірілді./1/

Сондай-ақ малы жоқ шаруаларды малмен қамтамасыз ету үшін совхоздар меншігіндегі мал да пайдаланылды. Мысалы, 1935 жылы совхоздар жоспарланған, халыққа таратылуы тиіс 20,0 мың бас малдың 19,8 мың басын, ал дәл осы мақсатқа жоспарланған 51,7 мың бас қой малының орнына 56,0 мың басты малсыздарға үлестіріп берді./6/

Сонымен қатар шетелден, дәлірек айтсақ, Қытайдан мал сатып алу операциялары да жүзеге асырылды. 1935 жылдың соңына дейін малсыздарға осындай шетелдік малдан 5,4 мың бас жылқы, 6,1 мың бас ірі қара малы, 80,7 мың бас қой мен ешкі таратылып берілді./7/

Босқындарға мал таратып беруден басқа да көмек көрсетілді. Олар әсіресе азық-түлік көмегіне ауадай зар болды. 1934 жылдың наурыз айындағы Қазақстан Халком Кеңесінің мәліметі бойынша, оларға астықпен берілген азық-түлік көмегінің жалпы көлемі Қазақстан бойынша 461 449 центнерге жетті. Мұнан басқа оларға әрбір аудандық тұтыну қоғамы арқылы 153 центнер қант, 105 центнер шай, 170 центнер кондитер бұйымдары, 103 центнер мал майы, 3606 центнер балық жөнелтілді. Босқындарға өнеркәсіп тауарлары да үлестірілді. Ақшаға шаққанда мұндай көмектің жалпы сомасы 1703 мың болды./10/

Қазақстан үкіметі босқындар қалың орналасып жатқан аудандарға там-тұмдап болса да құрылысқа қажетті материал беруге күш салды. Бұл жерлерге осы мақсатпен 22,5 мың текше метр бөрене, 5,8 мың текше метр тақтай, 68,8 мың шаршы метр әйнек, 49,2 тонна шеге жөнелтілді./12/

Әрине мұндай көмек шаралары Қазақстанның күйзелген ауыл шаруашылығының ауыртпалықтардан арылуына игі ықпал жасады.

Мұны әсіресе серіктіктерге (ТОЗ-дарға) мүше болған қазақ шаруалары айқын байқады.

Колхоздың жоғарғы нысаны – ауыл шаруашылығы артеліне қарағанда серіктіктер (ТОЗ-дар) жекеше шаруалар қожалықтарына жақындау тұрды. Мұнда жекешелер малы қауымдастырылған жоқ. Тіптен жұмыс малының өзі де егіншілік науқаңдары кезінде ғана уақытша қауымдастырылды. Дегенмен серіктіктерде мал фермаларын ұйымдастыруға тыйым салынған жоқ. Мұндай фермалар серіктіктерге берілген бай-кулактардың, таратылған немесе ТОЗ-дар жарғысына көшірілген ауыл шаруашылығы артелдерінің малы, онан соң ТОЗ-дардың өздерінің қаражаттарына сатылып алынған, бөлінбейтін қор түріндегі малы есебінен ғана ұйымдастырулары тиіс еді.

Бірақ осындай орталықтандырылған фермаларды ұйымдастыру және жұмыс малын науқан кезінде уақытша болса да біріктірудің өзі де күштеумен құрылған колхоздардағы ауыр жағдайларды көріп отырған шаруалардың колхоз құрылысының төменгі нысаны болып табылатын серіктіктерге деген сенімдерін нығайта қойған жоқ.

Мұны ҚазАКСР-дағы көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтарды орналастыруға байланысты 1933 жылы Қазақстанда жұмыс істеген БОАК-нің мемлекеттік комиссиясы да байқап, өзінің қорытындыларында былай деп атап көрсеткені бар: «Көбіне бұл колхозшы науқандарды өткізу кезінде ғана Тоз-дың жарғысы бойынша қауымдастырылатын өзінің малына өзін қожа сезіне қоймайды»./9/

Дегенмен мәскеуліктер, аталған мемлекеттік комиссия серіктіктерге мүше болып отырғандардың, яғни бұрынғы көшпелілердің жағдайының әлі де аса ауыр екенін мойындады және Қазақстан үкіметінің алдына «1934-1935 жылдары, сондай-ақ 1936 жылы мал серіктіктері мүшелерінің сиыры жоқтығынан қолда бар мал басын сақтай отырып құтылуды» ұсынды./1/

Дәл осындай міндетті Қазақстан үкіметінің алдына «мал шаруашылығын нығайтуға және дамытуға байланысты шаралар туралы» 1935 жылы 6 ақпанда арнайы қаулы қабылдаған КСРО-ның VII Кеңестер съезі де қойды./12/

Қазақстан басшылығы бұл міндетті орындауға байланысты көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болды.

Л. И. Мирзоянның және Қазақстанға көмек көрсетудің Мәскеудегі басты ұйтқысы болған РКФСР Халком Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың нақты іс-әрекеттерінің нәтижесінде РКФСР Халком Кеңесі 1933 жылы 13-наурызда «Қазақстан және Қырғыз АКСР, Батыс Сібір және Орта Волга өлкелері бойынша босқын қазақтарға көмек көрсету шаралары туралы» қаулы қабылдады. Осы қаулының негізінде және оған толықтыру ретінде РКФСР Еңбек Халкомы босқын қазақтарды орналастырудың жаңа шараларын белгіледі. Жобасын Тұрар Рысқұлов Қазақстанға жіберген бұл шараларды Қазақстанның Халық Комиссарлары Кеңесі 1933 жылы 20 шілдеде мақұлдап бекітті.

РКФСР Еңбек халкомы Қазақстанда босқыншылыққа ұшырап, көрші аймақтарға көшіп барған қазақтарды кейін қайтармай, келген жерлеріне орналастырудың төмендегідей жоспарын ұсынды:/1/


Барлығы


Орта Волга


Батыс Сібір


Орал


Төменгі Волга


Ива-ново


Горь-кий


Тата-рия


Мәскеу облысы


38201


11514


7099


8923


3545


2250


650


150


1320

Сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде қазақ босқындары есебінен әр түрлі кадрлар даярлап, оларды жұмысқа орналастырудың да жоспары бегіленді: /1/


ХКК-нің

тапсырмасы



Барлығы

Еңбек Халкомы наряды



Орта

Волга


Батыс

Сібір


Қырғыз-

стан


Башқұрт-

стан


Орал


24800


24108


15709


5649


2650


100


-

Кестеден көрінетініндей, жалпы алғанда 1933 жылдың соңына дейін Қазақстаннан тыс жерлерде 25 мыңға жуық адамды өнеркәсіптерге жұмысқа тартып, оларды маман етіп шығару көзделді. Сонымен қатар Қазақстанның өз ішінде 30 мың босқын қожалықтарын осындай кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жоспарланды. Қазақстанның өз ішінде қазақ босқындары есебінен 12 мың маман жұмысшы даярлау да қолға алынды./1/

Қазақстаннан тысқары жерге кеткен босқындар темір жол бойындағы Ақтөбе, Орынбор, Орск, Қарталы, Челябі, Пермь, Қостанай, Свердловск, Кинель, Уфа, Сызрань, Пенза, Ряжск, Мәскеу, Рузаевка, Поворино елді мекендерінде арнайы тамақтандырылды.

Бірақ босқын қазақтарды Қазақстаннан тыс жерлерге орналастыруға байланысты жоғарыда көрсетілген жоспарлар бәрібір орындалмай қалды.

Мұның төмендегідей басты-басты екі себебі болды: біріншіден, Қазақстанмен көрші жергілікті шаруашылық органдары босқын қазақтарды жұмысқа алмауға тырысса, ал Қазақстанның жергілікті жерлердегі басшылары шөп шабу, егін жинау тәрізді науқандық жұмыстарға өздерінде де жұмыс қолы жетіспей жатқандарын сылтау етіп босқындарды басқа жақтарға жібермегенді жөн көрді.

1934 жылы Қазақстанда босқындарды орналастыру ісі негізінен аяқталды. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің осы жылдың 10-16 маусымында болып өткен Пленумы аталған мәселені арнайы қарап, босқындардың негізгі бөлігі, соның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерден оралғандар ТОЗ-дарға, ауыл шаруашылығы артельдеріне және өндіріс кәсіпорындарына шаруашылықтық орналастырылды, – деп атап көрсетті./11/

Осыған байланысты Пленум осы кезге дейін Республика Халық Комиссарлары Кеңесі және облыстық атқару комитеттері жанында жұмыс істеп келген босқындарды шаруашылықтық орналастыру және отырықшыландыру жөніндегі комитеттерді жоюды ұсынды. Бұл мәселеге байланысты қалған жұмыстармен енді Егіншілік Халкомының отырықшыландыру және босқындарды шаруашылықтық орналастыру жөніндегі секторы, сондай-ақ осы халкомның жергілікті органдары айналысатын болды.

Ал осындай шешім қабылданған кездегі Қазақстанда босқындарды орналастырудың шынайы жағдайы қандай болғанын нақты деректер негізінде талдай аламыз (мәліметтер 1934 жылдын 1 маусымында алынған):/1/


1/1-34 ж. есепке

алынған


босқындар саны

(қожалықтар)



1934 ж. оралған

босқындар

(қожалықтар)


Барлық босқындар

(қожалықтар)



Олардың

орналастырғандары

(қожалықтар)


139684


14761


154445


148921

Кестеден көрінетініндей, 1934 жылдың алғашқы жартысында сырт жақтардан Қазақстанға қайтып оралғандар көп емес, бар болғаны 14 мың 761 қожалық. Оның үстіне осы мерзімде босқындар негізінен орналастырылған. Сөз орайында айта кеткен жөн: Қазақстан үкіметі 1934 жылы сырт жақтардан республикаға 23 000 босқын оралады деп күтіп, соған арналған дайындық жұмыстарын жүргізген еді. Алғашқы жарты жылдықта-ақ мүның үштен екіден астам бөлігі Қазақстанға қайтып келген. Ал енді осы 1934 жылдың 1 маусымында босқындардың шаруашылықтарға және өнеркәсіп орындарына қалай орналасқандарына талдау жасасақ, босқындардың негізінен колхоздарға орналастырылғанына тағы да көзіміз жетер еді. Мұны төмендегі мәліметтер дәлелдей алады./1/


Орналастырылған

босқындар (қожалық)



Оның ішінде


өмір сүріп түр. колх-да.


жаңа ұйымд. ТОЗ-дарда


совхоз-

дарда


өнер-кәсіпте


Жеке-шелер


148921


98824


21691


7285


17628


3493

Әрине мұнда жекешелер секторына босқындар орналасты деген тұжырым үстірттеу айтылған. Өйткені жекешелер бұл кезде басқаға көмек бермек түгіл, өз бастарымен қайғы болып, ертеңгі күнін уайымдай бастаған еді. Рас, кейбір жекелеген босқындар қожалықтарының әр түрлі себептермен әлі колхоздарға мүше бола алмай отырған жекеше қожалықтағы өз туыстарын паналаулары мүмкін. Қалай дегенмен де жекешелерді паналаған босқындарды шаруашылықтық жағынан толық орналасты деуге негіз жоқ.

Айта кеткен жөн, босқындар мәселесі 1934 жылы негізінен шешіле тұрса да, олардың шағын топтар түрінде біртіндеп Қазақстанға қайтып оралулары 1937 жылға дейін байқалды. Қазақстан Орталық Атқару Комитеті төрағасының орынбасары Ұ. Құлымбетов осыған байланысты 1937 жылдың 21 сәуірінде Л. Мирзоянның атына арнайы хат жолдап, онда «ҚазОАК-не 1930-33 жылдары көшіп кеткен, Қазақстанға қайтқылары келетін Өзбекстандағы, Қарақалпақстандағы, КСРО-ның Еуропалық бөлігіндегі (Мәскеу, Воронеж, Куйбышев, Саратов) және Сібірдегі қазақ азаматтарынан хаттар мен жеделхаттар түсіп жатқанын» және олардың осыған байланысты материалдық көмек көрсетуді өтінетіндерін айта келіп, «осы жұмыспен неғұрлым нақтырақ айналысу үшін» мәселені Өлкелік партия комитеті бюросында талқылауды өтінді./11/

Өлкелік партия комитеті Ұ. Құлымбетовтың ұсынысын мақұлдап, «Қазақстанға қайтып оралатын қазақ босқындарын орналастыруға арналған қаражат туралы» деген мәселені 1937 жылдың 29 сәуірінде арнайы қарады. Бұл бойынша өлкелік комитет отырықшыландыруға арналған қаражат есебінен туған өлкесіне қайтып оралушы босқындарға 1500 мың сом көлемінде көмек босатты.

1937 жылы Қазақстанға басқа жақтан қайтып оралуға өтініш жасаған қожалықтар саны төмендегідей еді:

1. Түрікменстаннан – 400 босқын қожалықтары;

2. Воронеж қаласынан – 9 қожалық;

3. Өзбекстандағы Қуаң даладан Арыс ауданына барғылары келетіндер (саны белгісіз);

4. Батыс Сібірден 24 қожалық (Еңбекшіқазақ және Іле аудандарына баруға өтініш жасағандар);

5. Қарақалпақстаннан 200 қожалық;

6. Өзбекстаннан (Бұхарадан) 250 қожалық./4/

Алайда қазақ босқындарының туған жерлеріне қайтып оралуларына олар кезінде амалсыз барып орналасқан кейбір өлкелер келісім бере қойған жоқ. Мысалы, Түрікмен КСР-нің Тежен ауданынан 64 қазақ қожалықтарының Маңғыстау ауданына қайтқылары келді. Бірақ олардағы 560 бас малға қызыққан түрікмендер жібергілері келмеді. Тіптен Түрікменстан үкіметі Қазақстанның Егіншілік Халық Комиссариатының осы мәселеге байланысты өтінішін де жауапсыз қалдырды. Сондай-ақ Тәжікстанның Қорғантөбе ауданындағы 64 қазақ қожалықтары өздерінің қауымдастырылып кеткен 420 бас және өз қолдарындағы 783 бас малымен Қазақстанға қайтып оралғылары келді. Дегенмен бұған тәжік үкіметі келісім бермеді. Осындай жағдайға Өзбекстанның Шыршық ауданындағы 24 қазақ босқындарының қожалықтары да тап болды./1/

Мұндай босқын қазақтардың малына қызығып, олардың туған отанына қайтып оралуларына кедергі жасау әрекеті қазақтардың қайтып оралу процесін едәуір тежеді. Бұған босқын қазақтар наразы бола тұрса да, Мәскеу және Қазақстан үкіметінің тарапынан қолдау болмады.

Босқындардың туған жерлеріне қайтып оралуға деген ынталары 1936-37 жылдары Қазақстанның өз ішінде де байқалды. Кезінде, Қазақстанда ашаршылық асқынған – 1932 жылы Республикалық отырықшыландыру комитеті аштық апатына ұшыраған Орталық Қазақстан өңірінен және Түрікменстаннан 18000 көшпелі қазақ қожалықтарын Қазақстанның негізінен техникалық дақылдар өсірумен айналысатын аудандарына қоныстандыру ісін қолға алған еді./5/

1936-37 жылдары осы қожалықтар Қазақстан үкіметінен өздерін туған жерлеріне қайтаруды жаппай өтіне бастады. Мүны Ұ. Құлымбетовтың Қазақстан К(б)П Орталық Комитетіне 1937 жылы 22 маусымда жолдаған төмендегі арнайы хатынан да байқай аламыз: «ҚазОАК-не кезінде Қазақстанның ішіңде шаруашылықтық орналастырылған, енді өздерінің бұрынғы тұрған жерлеріне қайтқылары келетін бұрынғы босқын қазақ азаматтарынан көп арыздар түсуде. Бірақ жергілікті органдар түрлі сылтаумен олардың әсіресе малымен қайтуларына кедергі жасауда»./1/

Ұ. Құлымбетов Орталық Комитетке бұл мәселеде «арнайы шешім қабылдауды», егер босқындардың туған жерлеріне оралулары «темір жол арқылы жүрумен байланысты болмаса» және қайтып оралушылар «техникалық дақылдар өсіретін аудандардан тыс орналасқан» колхоздарда тұратын болса оларға кедергі жасамауды ұсынды. Бұл ұсынысты Орталық Комитет мақұлдады, яғни негізінен басым көпшілігі техникалық дақылдар өсірілетін аудандарға орналасқан босқын қазақтардың едәуір бөлігі өздерінің туған жерлеріне осылайша қайта алмай қалды. Өлкелік партия комитеті олардың арасында «бұқаралық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп», амалсыз қоныстанған жерлерінде біржолата қалдырды.

Осылайша Қазақстанның және оған көрші республикалардың басшылары қасіретті адамдардың туған жерге деген сүйіспеншілік сезімінен өздерінің шаруашылықтық мүдделерін жоғары қойып, көптеген қазақтардың ата-баба жұртына қайтып оралуына кедергі жасады. Адамдар тағдырына мұндай немкетті қараушылық – әкімшіл-әміршіл жүйенің бюрократиялық-деспоттық басқару әдісінен туындаған еді.

1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45


написать администратору сайта