Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
18. Қазақ ауылын кеңес беру саясаты- қазақтардың дәстүрлі қоғамының бұзылуы. Бай шаруашылықтарын тәркілеу және оның саяси-экономикалық салдары. 1924-1929 жылдарда Қазақстанда ауылды кеңестендіру деп аталған, кең ауқымды жұмыс жүргізілді. Ауылды кеңестендіру ұраны, біріншіден, шаруаларды жерге орналастыру, сондай-ақ егістік, шабындық жерлерді қайта бөлу, екіншіден, халықтың мәдени-білімдік дәрежесін көтеру, жаппай сауатсыздықпен күрес, үшіншіден, кооперативтік құрылысты өрістету, яғни әртүрлі бағыттағы өндірістік- шаруашылық серіктіктерді ұйымдастыру, төртіншіден, кеңестердің сайлауын өткізіп, олардың құрамын кедей және орташа шаруалармен толықтыру арқылы кеңестерді, ірі бай шаруалардың ықпалынан шығарып алу, бесіншіден, ірі бай феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу сияқты шараларды қамтыды. Осыған орай, Қазақстан өлкелік партия комитеті және Орталық Атқару комитеті 1925 жылы 1 қараша мен 1926 жылы 28 ақпан аралығында ауылдық жерлерде кеңестердің кезекті сайлауын өткізу туралы қаулы қабылдады. Орталық, губерниялық, уездік, болыстық, ауылдық сайлау комиссиялары құрылып, оларға көмек көрсету үшін коммунистер мен партияда жоқ белсенділер бөлінді. Жергілікті кеңестерге бұл жолғы сайлауы барысында руаралық тартыс күшейді. Патша заманында, руаралық күрес қанаушы топтардың, әлді ірі байлардың арасында болса, кеңес сайлауы тұрғысында күрес белгілі бір рудың артықшылығы үшін шиеленісті. Бұрын бай шаруалар билікті өз қолына алу үшін күрессе, енді өз руының кедей немесе орташа шаруасына билікті алып беру үшін күресті. Бұл сайлаудың барысында ауылды кеңестендіру жұмысы ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Сөйтіп ауылды кеңестендіру жұмыс одан әрі жалғастырылды. Социолизмнің барлық саяси, шаруашылық майданында жаппай шабуылға шығуын қамтамасыз ету үшін 1929 жылы ауылдық кеңестердің тағы бір сайлауы өткізілді. Бұл сайлаудың барысында жергілікті партия, кеңес орындарына кеңестерді ірі-бай шаруалардың ықпалынан шығарып алу, кеңестердің төңірегіне кедей шаруалардан белсенділер тобын ұйымдастыру міндеті қойылды. Қазақ ауылындағы жағдайды өзгерту үшін өлкелік партия комитеті осы тұста Қазақстан жер аумағын әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандастыру шараларын іске асырды. Егер бұған дейін Қазақстан 6 губерния, 2 округ, 32 уезд, 410 болысқа бөлінген болса, енді олар 13-округ пен 192 ауданға бөлініп, губерниялық, уездік болыстық атаулар жойылып кетті. Республикаға қарайтын 192 ауданның 113-і, яғни 59,1 пайызы қазақ аудандары, 47-і яғни 24,4 пайызы орыс-украин аудандары, бұдан тыс бірнеше өзбек, ұйғыр аудандары болды. Қазақ жер аумағын аудандастырудың нәтижесінде ұлттық бірыңғай кеңестер құруға мүмкіндік туды. 3 мың 888 ауылдық, селолық кеңестердің 2 мың 99-ы қазақ ауылдық кеңестері болды. Бірыңғай ұлттық кеңестердің құрылуы оларды халыққа жақындата түсті. Ұлттық тілде іс-қағаздарды жүргізуге мүмкіндік туды. 1928 жылы 27-ші қыркүйекте Қазақстан Орталық Атқару комитеті арнайы қаулы қабылдады. Қаулыда желтоқсан айына дейін ауыл- селолық кеңестерде сайлау алды есеп беру жұмысын жүргізу, 1929 жылдың қаңтарында ауылдық-селолық кеңестердің сайлауын өткізу, 1929 жылдың ақпан айында кеңестердің аудандық съездерін өткізу, 1929 жылдың 1-10 наурыз аралығында кеңестердің округтік съезін, ал 20-шы наурызда кеңестердің жалпықазақтық съезін өткізу жөнінде шешім қабылдау туралы айтылды. Қазақстан Өлкелік комитетінің халыққа қабылдаған үндеуінде – кеңестердің бұл сайлауы – ең бұқаралық аса бір жауапты саяси науқан болып табылады деп көрсетілді. 1929 жыл Қазақстан тарихында айрықша орын алады. Осы жылдың орта шенінде «Правда» газетінде И.В.Сталиннің «Ұлы бетбұрыс» деп аталатын мақаласынан кейін жаппай ұжымдастыру кезеңі басталып, осы науқанды жүргізу үшін атқамінер қайырымсыз, қатал белсенділерді іріктеп алу, оларды жаңадан құрылып жатқан кеңестердің құрамына кіргізу керек болды. Сөйтіп ауылдық және аудандық кеңестердің құрамына осындай адамдар таңдалынып алынды. Барлық ресми құжаттарда 1929 жылы жүргізілген ауылдық кеңестердің сайлауы өз мақсатына жетті деп көрсетілді. 1927 жылы қаңтар айында болған ауылдық кеңестердің сайлауында оның құрамына дәл осындай адамдар келді. Осы тұста тағы аса ірі шара – бай шаруаларды тәркілеу іске асырылды. Ол кулактармен ірі шаруаларды тап ретінде жою ұранымен жүргізілді. Сталиндік әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі бұл науқанды бастау үшін 1927 жылғы астық дайындау науқанын желеу етті. Бұл жылы бүкіл кеңестер Одағы бойынша елде астық дайындаудың мемлекеттік жоспары орындалмады. Сонымен бірге мал өсіретін аудандарда, оның ішінде елдің шығыс бетіндегі малды аймақтарында ет дайындау ісінде де елеулі кідірістер болды. Өйткені, мемлекет астықты, мал өнімдерін арзан бағамен сатып алуға тырысты, мұның өзі шаруалардың азық түлік өнімін көп өндіруге ынталарын арттырған жоқ. Олар егістік жердің көлемін азайтып, малдың санын кемітіп, мемлекеттік астық дайындау мен мал өнімдерін өткізу жоспарын орындауға құштарлық көрсете қоймады. Бұл жағдайды Кеңес өкіметі шаруалардың, оның ішіндегі ірі байлардың кеңес өкіметіне жасап отырған ашық қарсылығы, қастандығы деп бағалап, оларға қарсы қуғындау, жазалау шараларын қолдану керек деп тапты. 1927 жылдың аяғына таман БК (б) П Орталық Комитеті жергілікті орындарға нұсқау түсіріп, онда астық дайындау жоспарын орындамаған шаруаларды сотқа тарту, қатаң жазалау керектігін атап көрсетті. Бұған дейін 1925-1926 жылдарда бүкіл Одақ бойынша астық дайындау жоспары асыра орындалып келіп, 1927 жылы астық дайындау жоспарының орындалмауын кеңес үкіметі шаруалардың өкіметке ашық қарсылығы деп бағалады. Ал шын мәнісінде, біз жоғарыда айтқандай, сол жылы көп жерлерде қуаңшылыққа байланысты астық өнімі аз болды. Екіншіден, астықты сатып алу бағасы төмен болғандықтан, ірі шаруалардың бірсыпырасы астықтың елеулі бөлігін тұқымдық ретінде сақтап қалып, қалғанын мемлекетке ерікті түрде өткізуден бас тартты. Осыған байланысты жергілікті жерлерде «үштік», «бестік» деп аталатын төтенше комиссиялар құрылып, оларға шаруалардың басы артық астығын тартып алуға нұсқау берілді. Сонымен бірге жоғары орындардан осы комиссиялардың жұмысына көмек көрсету үшін төтенше уәкілдер жіберілді. Олардың әкімшілік шаралары мен заңсыздықтарын ешкім айыптаған жоқ, қайта ірі шаруаларға қарсы қатаң жаза қолданған атқамінерлер мақталып, марапатталып отырды. Шаруаларға қарсы қысымның күшеюіне 1928 ж. басында И.В.Сталиннің Сібірдегі астықты аудандарға барып қайтуының ерекше әсері болды. Мемлекетке астық дайындаумен бірге ет дайындау мәселесі де аса маңызды науқандардың бірі болды. Қазақстанда ет дайындау негізінен мал шаруашылығымен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда жүргізіліп, онан дайындалған малдар, жем-шөбімен қоса вагондарға тиеліп, КСРО-ның Орталық өнеркәсіпті аудандарына жөнелтіліп жатты. Республика бойынша мал саны біршама кеміді. 1928ж. 27 тамызда Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасының Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі байлардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы декрет қабылдады. Бұл құжат бойынша тәркілеуге көшпелі аудандарда 400-ден артық бас малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден артық, ал қалған жерлерде 150 бастан артық малы бар шаруалар жатқызылды. ХХ ғ. 20-шы жылдарында қазақ шаруаларының, бай-феодалдардың мал басы едәуір кеміді. Елді басқару ісіндегі жауапсыздық, тұрақты мал азығының болмауы, ірі бай шаруаларды қуғындау, олардың төңірегінде теріс пікір ұйымдастыру осының барлығы мал басы өсімінің кемуіне, ірі бай- феодалдардың орташаланып, шағын дәулеті бар орташалардың кедейленуіне жол ашты. Ірі байларды тәркілеу жұмысы саяси науқан ретінде жүргізіліп, бұл үшін қазақ ауылдарында 300-ге тарта комиссиялар құрылды. Ресми деректер бойынша республикада небәрі 696 ірі шаруалардың мал-мүлкі тәркіленді. Үлкен қабілеті бар бай шаруалардың малын тартып алу республикада мал шаруашылығының құлдырауына, оның тауарлығының төмендеуіне жол ашты. Бұның өзі халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауына негіз болды. Осындай солақай саясат ауыл еңбекшілерінің наразылығын тудырды. Осының нәтижесінде 1929-1931 жж. Қазақстанда 2 мыңға жуық шаруалардың ереуілдері мен толқулары болып, олардың кейбірі қарулы көтеріліске ұласты. Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Адай, Ақсу-Қапал, Қызылағаш-Сарқанд көтерілістері тарихта елеулі із қалдырды. 19. Ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылуы. XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ. Жұбанов, С. Аспандияров, Ж. Аймауытов, А. В. Затаевич, А. Байтұрсынов, Ә. Диваев, А. П. Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М. Е. Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды. 1935 жылы КСРО Ғылым академиясы Кенді Алтай түсті металын, Жезқазған мысын, Орал-Ембі мұнайын зерттеуге арналған сессия өткізді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын алатыны анықталды. 20 – 30 жылдары ғылымның дамуы нәтижесінде пайда болған мекемелер: 1918 ж Ташкентте қолданбалы ғылымдар дамытуға үлес қосқан Түркістан Шығыс институты, 1919 жылы Қазақ әскери комиссариаты штабының жанынан тарихи – статистикалық бөлім құрылды. Бөлім тарих, этнография және жаратылыстану - география секцияларынан тұрды, кейіннен археология секциясы да ашылды. 1919- 1920 ж Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы құрылды. Аталған қоғамның мүшелері А. Чулошников, Ф. Рязанов, Ә. Диваев, М. Тынышбаев, В. В. Бартольд, В. Радлов, М. Дулатовтардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді. 1932 ж КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды. Нәтижесінде республикада 12 ғылыми-зерттеу институты, 15 тәжірибе станциясы, 186 тірек пункті, зертханалар, су және ауа райын бақылау станциялары болды. 1938 ж Ғылыми-зерттеу институттары Профессор ғылыми атағы аса көрнекті қазақ тарихшысы С. Асфендияровқа берілді. Қазақстанда 430 мыңнан астам адам ой еңбегімен айналысқан, олардың 27454-інің жоғары білімі болған. Республиканың жоғары ғылыми мекемесінің қалыптасуына көмек көрсеткен қайраткерлер – С.Асфендияров, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Əуезов, Қ.Жұбанов. Қазақстандағы ғылыми дамудың негізгі бағыттарын белгілеуге КСРО Ғылым академиясының президенттері С.Вавилов, В.Комаров, Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик А.Самойлович, геолог-ғалым, академик А.Архангельский белсене қатысты. Қазақстан ғылымының дамуына Қ.Сәтбаев зор үлес қосты. Қазақстанда ғылыми мәдениетті дамытуда біраз кедергілер болды. Салыстырмалы түрде зиялы, білімді адамдар тым аз еді. 1920-1930 жылдар Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі болды. 1919-1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды: халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі, жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі, қалаларда, әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі. Аталған кезеңде Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Оның жұмысына С.Асфендияров, А.Затаевич, Ә.Диваев, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Жолдыбаев, А.Чулошников, А.Якубовский белсене қатысты. Оның қоғамдық ғылыми мекемелері Петропавл, Көкшетау, Орал, Орда қалаларында жұмыс істеді. Қазақша жазу жетілдірілді, қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтар құрастырылды, қазақ халқының тарихы, этнологиясы жөнінде еңбектер басып шығарылды. 1919-1920 жж. Орынборда, Ордада және Семейде халық ағарту бағытында ғылыми институттары ашылды. 1921 ж Қазақстанда тұңғыш жұмысшы факультеті Орынборда құрылды. 1928 ж Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты 1935 жылы оған Абай есімі берілді (қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті). 1929 ж Алматы малдәрігерлік институты 1930 ж Қазақ ауыл шаруашылық институты 1931 ж Алматы медициналық институты, Орынбордағы қазақ институты, 1934 ж С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті), 1938 ж ҚазМУ жанынан аспирантура ашылды. 1940 ж Қазақстанда 35 кәсіби оқу орындары ұйымдастырылды. КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) ― 1925 ―1991 жылдары қызмет атқарған, КСРО-ның басты ғылыми мекемесі. Бұл ұйым КСРО Министрлер Кеңесіне(1946 жылға дейін ― КСРО Халық Комиссариатына) тікелей бағынған. 1991 жылы РКФСР президентінің жарлығымен КСРО ҒА базасында Ресей Ғылым Академиясы құрылды. КСРО Ғылым Академиясы 1917 жылы Рессейдің Сан-Петербург Императорлық Академиясының негізінде Рессейлік Ғылым Академиясы болып қайта құрылды. Академияны қаржылау Халық ағарту комиссарияты мен ғалымдардың тұрмысын жақсарту Орталық Комиссисы арқылы жүргізілді. 1925 жылы Рессей ғылыми Академиясының 200 жылдығы аталды, осы жылы Академияның жаңа жарғысы қабылданды. Бірінші президенті ретінде КСРО ҒА-ның танымал ғалым, геолог Карпинский Александр Петрович таңдалды. Тәуелсіз Ғылым академия жұмысына Кеңестік үкімет және партия жағынан бақылау 1920 жылдардың ортасынан басталды: 1925 жылы Академия КСРО-ның Кеңестік халықтар комиссариатына бағынды. 1929 жылы Академияны «тазартуға» Ленинград қаласына Ю.П. Фигатнер басқарған үкіметтік комиссия жіберілді. Осы тексерістің шешіміне сәйкес 1929 жылдың маусым-желтоқсан айларында ҒА-сынан 128 штаттағы (барлығы 960 адамдар) және 520 штаттан тыс (барлығы 830 адамдар) қызметкерлер жұмыстан босатылды. Академияның тәуелсіздігін жақтайтын осы ұжымның хатшысы Ольденбург С.Ф. 1929 жылдың қазан айында хатшылық кызметінен кетірілді. Осыдан кейін Академияны толық бақылау партиалық-мемлекеттік органдар иеменленді. 1929 желтоқсанан — 1930 желтоқсан аралығында «Академиалық іс» бойынша 100 астам адамдар (негізіен тарих және гуманитариялық саласының ғалымдары) қамауға алынды. 1930 жылы Кеңес үкіметінің қайта құрылуына байланысты Ғылым Академиясы КСРО Орталық Атқарушы Комитетіне бағындырылды. 1934 жылы Академия президиумы және 14 ғылыми институттар Ленингадтан Москваға көшірілді. КСРО ҒА жүйесіне 80 ғылыми институттар кірді, оларды 2000 дей ғылыми кызметкерлер болды. 1940 жылдары институттар саны 150 жетті, ал ондағы ғылыми кызметкерлер — 4000 жуық болды. 1945 — 1970 жылдары аралығында ғылыми кызметкерлердің жалпы саны (жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушылар және ғылыми зерттеу кызметкерлерін қоса санағанда) 130 мыңнан 950 мыға жетті, яғни жеті есе өсті. 1980 жылы — 1,4 миллион, ал 1985 жылы — 1,5 миллион ғылыми қызметкерлер жұмыс істеді. Ғылыми, ғылыми-педагогикалық, конструктырлық - жобалау және бақада мекемелерінің жалпы сандарының қосындысы 1945 — 1985 жылдары үнемі өсті. Жылдар бойынша мекемелердің жалпы саны: 1945 жылы 1700; 1970 жылы 5300; 1985 жылы 5100. 1985 жылы КСРО ҒА-ның құрамында 57 мың ғалымдардан құрылған,330 ғылыми мекеме қызмет етті. Барлық мекмелерде 217. мың ғалым еңбектенді. КСРО ыдрағанаң соң кеңестік республикалар аймағында орналасқан КСРО ҒА-ның ғылыми мекемелері жаңа тәуелсіз мемлекттердің құрамына енді. Мақсаты мен міндеттері КСРО ҒА-ның міндеттері мен мақсаттары: ғылымның ең маңызды бағыттарын анықтау және іргелі ғылымды дамыту, осы саладағы Іс-әрекеттерді үйлестіру, ғылыми жетістіктерді өндіріске еңгізу. Сондай-ақ аймақтық бөлімшесінің және республикалық ғылым академиясын жұмыстарын үйлестіру. Академияның жұмыстары ғылыми-зерттеу институттар, лабораториялар, обсерваториялар жүйелері арқылы жұргізілді. КСРО ҒА-ның жүйесіне құрамына 295 ғылыми мекемелер кірген. Ғылым Академиясының меншікті баспаханасы, кітапханалар желісі, ғылыми-зерттеу флоты болды. Ғылымның дамуына ауқымды еңбек жасаған ғалымдар КСРО ҒА-сы атынан марапатталды. Академияның ең жоғарғы марапаты - М.В. Ломоносов атындағы алтын медаль. Сандық құрамы 1 қаңтарға дейінгі Академияның жарамды мушелер саны — 98 кісі болған. 1989 жылы Академия қатарында болған мүшелер: 323 толық мүше, 586 корреспондент-мүше, 138 шетелдік мүше. Басқару органы КСРО Ғылым Академиясының басқару органы тек сайлау арқылы құрылған. Жоғарғы басқарушы органы — академиктер мен корреспендент-мүшелерінің жалпы жиналысы, ол төрт жылда өтетіп отрады. Жалпы жиналыста КСРО ҒА Президиумы сайланады, ол келесі жалпы жиналысқа дейінгі өткізілетін сессияларды басқарады. Кеңестік кезендегі Академия президенттері: Карпинский, Александр Петрович (1917—1936 гг.); Комаров, Владимир Леонтьевич (1936—1945 гг.); Вавилов, Сергей Иванович (1945—1951 гг.); Несмеянов, Александр Николаевич (1951—1961 гг.) Келдыш, Мстислав Всеволодович(1961—1975 гг.); Александров, Анатолий Петрович(1975—1986 гг.); Марчук, Гурий Иванович (1986—1991 гг.). Құрылымы КСРО Ғылым Академиясы құрамына он төрт (1956 ж.) республикалық академиялар (РКФРО Академиясы болмаған) және үш аймақтық: Сібірлік (1957), Қыйыршығыстық (1987) және Уралдық (1987). Үшеуіде РСФРО аймағында орналасқан. Физика-техникалық және математикалық гылымдар секциясы. Бөлімдері: математика; жалпы физика және астрономия; ядрялық физика; энергетиканың физика-техникалық проблемалары; механика және басқару процесстері. Химия-технологиялық және билогиялық ғылымдар секциясы. Бөлімдері: жалпы және техникалық химия; органикалық емес материалдардың физика-химиялары және технологиялары; биохимиялар; физиологиялық белсенді қоспалардың биофизикасы және химиясы; физиология; жалпы билогия. Жер туралы ғылымдар секциясы. Бөлімдері: геология, геофизика және геохимия; океанология, атмосфера физикасы, география. Қоғамдық ғылымдар секциясы. Бөлімдері:тарих; философия және құқық; экономика; әдебиет және тіл Марапаттар Екі Ленин Ордені(1969, 1974). Карл Маркс атындағы Алтын медалі. 20. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинград үшін шайқаста. Соғыстың алғашқы кезеңінде кеңес әскері кейін шегініп, Украина, Беларуссия, ресейдің еуропалық бөлігінің Мәскеуге дейінгі аумағы түгел дерлік жау қолында қалды. Соғыстың алғашқы кездерінде сәтсіздіктерге ұшырады. Оның басты себебінің бірін қазіргі тарихшылар 1937-1938 жылдардағы Сталиннің бұйрығымен болған репрессиямен байланыстырады. Сол кезде ең таңдаулы, білімді офицерлер атылған болатын. Соның салдарынан мықты әскери командирлер аз болды. Мәскеу үшін шайқас Мәскеу алаңындағы күрес 1941 жылы қарашада басталды. Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты 316 атқыштар дивизиясы қатысты. Оны генерал-майор И. В. Панфилов басқарды. Панфилов қаза тапқаннан кейін оның жауынгерлерін «панфиловшылар» деп атады. Осы шайқаста 16 желтоқсанда болған 28 панфиловшылардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Қаншама әскерден тек 28 батыр аман қалып, жаудың алғаш 20, одан кейін 30 танкісін қалаға жібермей 4 сағат бойы ұстап, ерлікпен қаза тапты. Осы ротаның жетекшісі В.Г. Клочковтың: «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жлқ, артымызда Мәскеу» деген жалынды сөзі бүкіл майдан даласына, кейін бүкіл елге рух берді. осы 28 панфиловшылардың барлығын Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл Мәскеу үшін шайқаста біздің еліміздің батыры, аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальион жауынгерлері үлкен ерлік көрсетті. Олар жауды 1942 жылы қаңтарда астанадан бірнеше шақырымға қуып тастады. Мәскеу үшін шайқаста Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев сынды жауынгерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Ленинград үшін шайқас. Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала Ленинградты қорғауда және азат етуде кеңес халқы ерен ерлік көрсетті. 1941 жылы 8 қыркүйек айынан 1943 жылы 18 қаңтарға дейін фашистік Германия әскері Ленинград қаласына шабуыл жасап, оны бірден басып алмақшы болды. Алайда Кеңес әскері бұл әрекетке тойтарыс берді. Жау әскері қаланы түгелдей қоршап алып, онымен барлық байланысты үзіп тастады. Фашистер аштықтан, суықтан қалтыраған қала халқы өздігінен беріледі деп ойлады. Немістер қаланы күн сайын бомбалап, қаладағы жарық, жылу, су жүйесін бүлдірді. Қалада азық-түлік жетіспей, аштық басталды. Ленинград 900 күн бойы жау қоршауында тұрса да, қала жұмыс істеуін тоқтатпады. Ол орталықпен тек бір ғана жол арқылы байланыс жасады, мұны жау күтпеген еді. Бұл Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол болатын. Осы жолды ленинградтықтар «Өмір жолы» деп атады. Себебі бұл жолмен қалаға жүк машиналары азық-түлік, оқ-дәрі тасыды. Қайтар жолда қарттарды, ауру балаларды алып қайтатын. Жол күндіз-түні күзетіліп, жауға берілмеді. 1944 жылы ғана жау қоршауы бұзылып, фашист әскері қаладан қуып тасталды. Қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиялары Ленинград үшін шайқаста аяғына дейін қатысты. Шығыстың әйгілі қос жұлдызы Ә. Молдағұлова мен М. Мәметова ерлікпен қаза тапты. Олардың даңқты есімдері Ленинград үшін күрес шежіресінде алтын әріптермен мәңгі қалды. Сонымен қатар кеудесімен жау пулеметін жауып, Отан үшін жанын қиған Сұлтан Баймағанбетов пен 1941 жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару-жарақ қоймасына бағыттап, ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен Бақтыораз Бейсекбаев ерлігі ұмытылмақ емес. Б. Момыш-ұлы. Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1] Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады. |