Главная страница
Навигация по странице:

  • 24. Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде Қазақстанда тоталитарлық тәртіптің күшеюі. (Бекмаханов және басқаларды орынсыз жазалау)

  • 25. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы ауыл шаруашылық реформасы және ғылым мен техниканың дамуы.

  • 26. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан.(1970-1985)

  • Социализмні ң ке ң естік жолына наразылы қ к ө ріністер і

  • Неміс автономиясы м ә селес і

  • 27. "Қайта құру "мен" жариялылықтың "ел экономикасына әсері. Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы қызметінен босатылуы. Қазақстандағы « қайта құру»

  • саясаты (1985-1991 жж.) .Да ғ дарыс алдында ғ ы қ о ғ амны ң жа ғ дай ы

  • Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары


    Скачать 1.03 Mb.
    Название1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
    Дата17.01.2022
    Размер1.03 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих ответы экзамен .docx
    ТипДокументы
    #333098
    страница30 из 45
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45

    23. Сталиннің "жеке табынушылық" саясатын талқылау және сынау. Қазақстан "Хрущев декадасы" жылдарында.

    Сталин билік еткен жылдары қандай қателіктер жасады десек, онда біріншіден, ол Ленин бастап кеткен жаңа экономиялық саясат бағдарламасын, жер – су реформаларын аяқсыз қалдырып, оның орнына бай-кулактарды, орташыларды, қазақ зиялыларын қудалау басталды. Жер – су реформасының мақсаты, қазақтарға жерлерін қайтару болатын, бірақ бұл саясат аяғына дейін орындалмады. Себебі, 1920 жылдардың аяғына қарай ұжымдастыру науқаны басталып кеткен болатын. Бұл Сталиндік социализмнің ең сауатсыз тәжірбиесінің бірі болатын. Бұл тәжірбиені Қазақстанда іске асырушы сол кездегі Қазақ өлкелік партия ұйымының басшысы, шаш ал десе бас алатын – Голощекин ( 1925 – 1933 ж. ) болатын. Билікке келген Голощекин, елімізде «Кіші Қазан» төңкерісін жасады. Мұны Сталиннің басшылығымен болған «Сталиндік социализмнің Қазақстандағы голощекиндік социализмі» деп атасақ та болады.

    Ленин, ұжымдастыруды асықпай, біртіндеп, бірнеше ондаған жылдарда іске асыру қажет деп жоспарлаған, ал Сталин ұжымдастыруды 4 – 5 жылдың көлемінде орындауға тапсырма берді. Ал, Голощекин бастаған топ: «2 – 3 жылдың көлемінде орындаймыз», — деп міндеттеме қабылдаған.

    Сталин, Голощекин жіберген қателіктерін басқаларға жабу арқылы «халық жауларын» іздеу науқанын жүргізіп, халықтың толқуын басуға тырысты. Ол өз нәтижесін берді де. «Оңшыл оппортунистер» деген айыпқа енді «буржуазииялық ұлтшылдар» деген айып тағылып, бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағып, олар 1928 жылы қамауға алынды. Олардың арасында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов және басқалар бар еді. Міне, осылай қазақ зиялыларының көзін жою басталып кеткен болатын.Қазақстан лагерлер өлкесіне айналып: «Карлаг», «Степлаг», «АЛЖИР» т.б. ондаған лагерлер құрылды.

    1937 – 1938 жылдардағы саяси қуғын – сүргін саясатынан кеңес өкіметін орнату жолында коммунистік идеяның салтанат құру жолында аянбай күрескендер де құтыла алмады. Мысалы: 1917 жылдан партия мүшесі, Қазақстан өлкелік Партия ұйымының 1933 жылдан басшысы болған Л.И.Мирзоян да қуғын – сүргін құрбаны болды.

    Сталиндік социализмнің екінші қателігі – халықтар депортациясы. Кеңестік халықтарды күштеп ата – мекенінен көшіру жоспарлы және құпия түрде іске асырылды. Сталиндік шешімдер Одақтас Республикалардың Ата заңдарындағы азаматтардың ұлтына, жеке басына қарамай, тұрғын үйлеріне ешкімнің қол сұғуына болмайтындығы туралы берілген кепілдіктерін өрескел бұзып отырды

    Сонымен, 1930 – 1940 жылдардағы халыққа, оның ішінде жеке ұлттарға қарсы бағытталған қуғын – сүргін, осы кезеңдегі жүргізілген сталиндік саясаттың құрамдас бөлігі болды. Мұндай заңсыздықтар адам құқығын аяққа басу, яғни халықтарды күштеп жер аудару, кейбір ұлттық мемлекеттік автономиялық құрылымдарды жою, көп жағдайда, Сталиннің субьективтік шешімімен жүзеге асырылып отырды.

    Сталиндік социализмнің келесі өрескел әрекеті және қателігі – орыстандыру саясаты. 1928 жылы Қазақстанда қолданыста болған араб әрпі латын әріпімен ауыстырылды. Бұл саясатына А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары қарсы шықты. Олар, бұл саясаттың түпкі астары қандай саяси – иделогиялық мақсат көздейтінін жақсы түсінді.

    Латын жазуына көшу, уақытша көзбояушылық шара екенін, бәрі – бір түптің түбінде орыстандырудың кілті болған орыс алфавитіне түсіретінін, олар сезді.

    Ең қауіпті де, зиянды нәрсе, мың жылдан астам уақыт бойы қолданыста болған, тарихы мен ой – санасы, рухани қазына көздері, өнер туындылары араб жазуымен қалыптасқан, әрі халықтың тарихи жадын қорландырып келген жазу мәдениетінен айыру – қазақ халқын қатты қансыратты.

    Нәтижесінде, араб жазуымен жазылған ата – баба мұрасын, рухани байлығын игеруге мүмкіндік болмай қалды.

    1920 – 1930 жылдары араб әрпімен шыққан басылымдарды пайдаланғандар «пантюркист», «панисламист», деп жарияланып , қудалауға ұшырады. Ақыры 1940 жылы орыс алфавитін ендірумен аяқталды.

    Сөйтіп, жүздеген жылдар бойы патшалық Ресей ендіре алмаған орыс алфавитін, Сталин бастаған топ 10 – 12 жылдың ішінде енгізді. Бұл да қазақ халқының құқықтарын аяққа басқан, Сталиндік социализмнің тағы бір өрескел көрінісі еді.

    1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді. Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды. Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады.

    2)1950 жылдардағы КСРО-ның саяси өміріндегі алғашқы әділетті өзгерістер тұсында шет елдерден бауырларымыздың бір бөлігі ерікті және мәжбүрлі түрде Отанына қайта бастады. 1955 – 1962 жылдары Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен т.б. аудандарынан қазақ, ұйғыр, дүнген, орыстардың қайта оралып, олардың негізінен Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына тұрақтануы байқалды.

    1954 жылы КСРО мен Қытай арасында жасалынған 10 жылдық келісім-шарт “кеңес азаматтарының” КСРО-ға қайтуына жол ашты. Олар заңды түрде 1955 жылы Қазақстанға жаппай өте бастады. Қытайдан келген “кеңес азаматтары ” Қорғас стансасынан Сарыөзекке жіберіліп, одан ары қарай Іле, Аягөз және Отпор стансалары жанынан құрылған 3 қабылдау-бөлу пункттері арқылы қабылданды.

    Көшіп келген “кеңес азаматтарына” көмек ретінде отбасы басшысына 3000 сом, мүшелеріне 600 сомнан қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банкіден жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін, мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды.

    Сонымен, 1955 жылы Қазақстан кеңшарларына 240 отбасы (39467 адам, соның ішіндегі еңбекке жарамдысы 13508 адам) көшіп келді. Сондай-ақ, ұжымшарларға қоныс аударған “кеңес азаматтары ” саны 2529 отбасы (16016 адам, оның 8407-сі еңбекке жарамды, 1261 – еңбекке жарамсыздар мен қарт кісілер, 8 жасқа дейінгі балалар 3835 адам, 8 жас пен 16 аралығындағы балалар 2515 адам ) болды. Қытайдан келген “кеңес азаматтары ” негізінен, жұмыс қолы жеткіліксіз және мал шаруашылығымен айналысатын Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ұжымшар, кеңшарларына жіберілді.

    Бірқатар мұрағат құжаттарында 1954-1959 жылдары, Қытайдан келген немесе келетін “кеңес азаматтары” жайлы толық емес деректер кездеседі.

    Сталинизм - КСРО-да Сталин үстемдігі кезеңіндегі қоғамдық қатынастар мен саяси билік жүйесі. II дүниежүзілік соғыстан кейін Сталинизм Кеңес одағынан қысымшылық көрген басқа елдерде де қалыптасты.
    Сталинизмге тән белгілер:
    • экономикалық салада - жылдам индустрияландыру мен
    ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру,
    бюрократиялық жоспарлау, өндірісті басқарудан
    еңбекшілерді аластату;
    • әлеуметтік салада - тұрғындардың басым көпшілігінің өмір
    сүру деңгейінің төмен болуы, тікелей емес қанауға
    негізделген әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы;
    • саяси салада - іс-жүзінде демократияның болмауы,
    тоталитарлық мемлекеттік лаңкестік жүйесін орнату, жетекші
    мемлекеттік органдарға демократиялық сайлауды
    қамтамасыз ететін саяси тетіктердің болмауы;

    Сталинизмге тән белгілер:

    • ұлттық қатынастар саласында - ұлыдержавалық
      шовинизмнің оянуы, КСРО-да іс-жүзінде унитарлық
      мемлекеттік биліктің орнауы;


    • рухани салада - мәдени сан алуандылықты жою, әлеуметтік
      шығармашылық бостандыққа жол бермеу, жеке басқа
      табынушылықты орнату;

    • идеологиялық салада - әлеуметтік демагогия;

    Саяси теория саласында - Сталинизм ешқандай жаңа
    теорияны қалыптастырған жоқ, тек социализмнің жеке бір
    елде жеңуі және оны құру барысында таптық күрестің
    күшейетіндігі туралы теорияны негіздеді. 1953 жылы Сталин
    қайтыс болғаннан кейін, КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінде
    Сталинизм жаппай лаңкестік пен жеке басқа табынушылық
    сияқты салдарлары жойылды

    КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

    1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

    Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.

    1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.

    1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.

    Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
    24. Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде Қазақстанда тоталитарлық тәртіптің күшеюі.

    (Бекмаханов және басқаларды орынсыз жазалау)

    Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.

    Соғыстан кейінгі жылдардағы тоталитарлық жүйенің күшеюі. Жеке басқа табынушылық.

    20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай біліумен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік өдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылған социализм қрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысы аяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемгілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді.

    25. ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы ауыл шаруашылық реформасы және ғылым мен техниканың дамуы.

    Көп салалы өндірістік және өндірістік емес инфрақұрылымды белсенді дамыту, қалалардың, ауылдық аудандардың өсуі, экономика мен әлеуметтік саладағы жетістіктер Орталық Қазақстанда 1960-1980-шы жылдарға келеді.

    Табиғи ресурстардың байлығы мен оларды пайдалану көмір алуды, қара және түсті металлургияны, металл сыйымды машина жасау, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсібін дамытуды қамтамасыз етті. Көмір өнеркәсібі Орталық Қазақстанның жетекші салаларының бірі болды. Ол 24 көмір шахталарымен және 3 разрезбен ұсынылды. Қарағанды көмір бассейні 6 одақтық, үш автономдық республиканы және 39 облысты жабдықтады, оның көмірінде 14 мың өнеркәсіптік кәсіпорындар, сонымен қатар көптеген шетел мемлекеттерінің кәсіпорындары жұмыс істеді [1, 71 б.].

    Орталық Қазақстан осы жылы Республика үшін маңызы зор екенін қазақстандық кокстелген тас көмірдің 100 % осында алынғанын, осында шойын және басқа да көптеген металдардың балқытылғанын айтады. Өзара бір-бірімен өнеркәсіптік тұрғыда байланысты ірі тау-кен өндіруші және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту аймақты бірыңғай аймақтық-өндірістік кешенді қалыптастыруға әкелді. Оның негізінде үш өнеркәсіптік торап жатты: Қарағанды – Теміртау, Балхаш және Жезқазған. Орталық Қазақстанның үш өнеркәсіптік тораптарынан едәуір мықты және дамыған Қарағанды – Теміртау болып табылды, оның құрамына Абай, Саран, Шахтинск және бірқатар қалалық типтегі кенттер кірді [1, 73 б.].

    Ауыр өнеркәсіп салаларының кешені жеңіл, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын толықтырды. Олар өнімді, ең бастысы, жергілікті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін шығарылды.

    ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап 80-ші жылдарына дейінгі кезеңінде тұрғын-үй массивімен салынған аудан қатты ұлғайды. Көптеген қалаларға эстетикалық түр беру үшін оларда арнайы әзірленген жобалар бойынша ғимараттар мен кешендердің құрылысы жүргізілді.

    Экономикалық әлеуеттің белгілі бір жоғарылауы, бюджеттің өсуі, денсаулық сақтауда, халықтық білім беруде, құрылыста материалдық-техникалық базаның кеңеюі Орталық Қазақстанда осы кезеңде кешенді әлеуметтік бағдарламаларды жандандыру үшін жағдайлар жасады. Соның ішінде, ауруханалар санын көбейту, жедел жәрдем жұмысын жақсарту жалпы аурушаңдылықты азайтуға мүмкіндік берді, ал Қарағанды Медициналық институты Кеңес Одағында алдыңғы қатардағылардың бірі болды.

    Орталық Қазақстанда болашақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қалыптастыру жүріп жатты. Белгілі қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев «Казахстанская правда» газетінде 2000 ж. 6 шілдеде Н.Ә. Назарбаевтың 60-жылдық мерейтойына орай жарияланған «Біздің Президент» атты мақаласында оның зауыттағы қызметін әбден әділ сипаттайды: «Көп кешікпей оның осы саладағы жетістіктері, – деп жазды ол, – қалалық, облыстық, республикалық және одақтық деңгейлерде белгілі болды. Қарағанды облысында Нұрсұлтан Назарбаев горновойдан бастап облыстың бірінші басшыларының біріне дейін еңбек жолын өтті» [2, 562 б.].

    Н.Ә. Назарбаевтың еңбек еткен жылдары Орталық Қазақстанда (1960-1980 жж.) Қарағанды облысында күрделі өзгерістер болды. Н.Ә. Назарбаев облыстың осы жетістіктеріне өзіндік үлкен үлесін қосты. Оның жұмыс істеген кезеңінде Қарағанды металлургиялық зауытының құрылысы басталып аяқталды. Зауытта шойын өндіру осы уақыт ішінде 17,4 есе, болат өндіру 21 есе, дайын илем 13,5 есе өсті [2, 562 б.]. Жоғары өндірістік көрсеткіштерге Қарағанды көмір бассейні қол жеткізді. Елеулі жетістіктерге Балқаш және Жезқазған тау-кен-металлургиялық комбинаттарының ұжымдары қол жеткізді. Ауыл шаруашылығы масштабтары дамыды және кеңейтілді. Маңызды дамуға облыстың қалалары мен аудандары ие болды. Көп салалы және едәуір дамыған әлеуметтік сала болды. Халықтың тұрмыстық жағдайларында және білім беруді дамытуда, денсаулық сақтауда, мәдениет пен ғылымда жақсы өзгерістер болды.

    1960-1980 жж. – бұл Орталық Қазақстанда Қазақстанның басқа аудандарының бірінде бұрын соңды болмаған шаруашылық және мәдени құрылыстың кең өріс алуы іске асырылған уақыты, жалпы даму тарихындағы экономика мен әлеуметтік ортаның дамуындағы жемісті кезеңі болды. Өнеркәсіптік өнімді шығару бес есе өсті. Әсіресе қара және түсті металлургия, көмір өнеркәсібі, энергетика, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсібінде, машина жасау саласында, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде ірі жетістіктерге қол жетті.

    Күрделі құрылыстың қарқындары және өнеркәсіптегі жаңа өндірістік күштерді іске қосу, қалалардың өсуі және халықтың қалалануы, құрылыс аудандарында және өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекті қарқындату бойынша Орталық Қазақстанға тең аудандар сол кезде КСРО-да көп болған жоқ. Орталық Қазақстанға бүкіл ел жұмыс істеді. Бүкіл елге Орталық Қазақстан жұмыс істеді. Бұл Одақтық орталықтың, Мәскеудің Орталық Қазақстанға деген назар аударған кезеңі болды. Елбасының жоғары мүддесі аймақта ерекше атмосфера құрды. Бұқаралық ақпарат құралдары ежелгі Сарыарқа жеріне деген жастарды қиялға бөлену сезімін оятты. Өзін елде керек, қажет етілетін, керемет ынтамен жұмысшылар, инженерлік-техникалық және басқарушы қызметкерлер жаңадан іске қосылған өндірістік қуаттылықтарда еңбек етті. Мұнда өмір қайнап тұрды, көмір алынып жатты, металл балқытылды, бидай өсірілді. Адамдар өздерінің қабілеттерін белсенді жүзеге асырып жатты, еңбектік ерліктер көрсетіп жатты. Орталық Қазақстан жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізудегі күресте көптеген мықты бастаулар мен көпшілік қозғалыстардың бастаушысы және маңызды экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері бойынша көптеген әлемдік және бүкілодақтық рекордтардың отаны болды.

    Әлеуметтік-экономикалық дамудың жағымды нәтижелеріне қарамастан, күрделі кемшіліктер де болды. Экономиканың дамуына ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы қатардағы жетістіктерінің техникалық деңгейінің артта қалуы да әсер етті. Сонымен, Қарағанды қаласының шахталарында қолмен істелген еңбек деңгейі жоғары болып сақталды. Көптеген көрсеткіштер шындыққа сәйкес келмеді, себебі асырып айтылған болды, көп жағдайда қағаз өнері мен хат жазысу орын алды.

    Орталық Қазақстанның қалалары мен өндірістерінің пайда болуының және дамуының арнайы ерекшеліктері олардың әлеуметтік дамуының өзіндік ерекшелігіне әсер ете алмады. Өсіп келе жатқан қалаларды жоспарлаудың бар тәжірибесі, ең алдымен, өндірісті орналастыруға жүгінді. Сонымен, Шахтинск қ. кокстелген көмірлердің жеткілікті запасы арқылы пайда болды. Сәтті жылдардың өзінде мұнда әйел адамға жұмыс табу оңай болған жоқ. Синтетикалық жуғыш заттар зауыты, кейін «Ақ-Толқын» АҚ, шикізат базасынан кеншілердің әйелдеріне жұмыс орнын қамтамасыз ету үшін салынған; Абай қ. – Шерубайды игеруге байланысты – Нұра көмір ауданы, және оның дамуы мен перспективалары отын алумен, кеншілердің еңбегімен алдын ала анықталған; Саран қ. игерілетін Саран көмір кенорны маңында пайда болған; Сәтпаев қ. – Қарсақпай мыс кенорнын өндірумен және бір комбинатын салумен байланысты; Қаражал қ. – темір рудалары кенорындарын әзірлеумен және онда Атасу тау-кен байыту комбинатын құрумен байланысты; Теміртау қ. – кейін Республиканың қара металлургия флагманына айналған Қарағанды металлургиялық комбинатына борышты [4, 249 б.].

    Орталық Қазақстанда өнеркәсіп алыптарын салу өңдеу және қайта өңдеу өнеркәсібі өндірісінің өсу қарқынын төмендетті, халықтық тұтыну тауарларының өндірісі, тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жеткілікті дамыған жоқ.

    Орталық Қазақстан ғалымдарының аймақтың табиғи ресурстарын игеруге және өндірістік күштердің дамуына қосқан үлесінің мойындалуы Қарағанды қ. 1983 жылы Қазақ КСРО Ғылым Академиясының Орталық-Қазақстан бөлімін құру болды.

    Қазақстанда үстем болған жалпыға ортақ еңбек күшінің және шиеленісу жағдайы барлығын және әрқайсысын өз уақытының талаптары деңгейінде болуға міндеттеді. Дәл осы кезеңде ерекше жарқын тоталитаризмнің ортақ аясында екі аймақтық фактордың өзара байланысы мен өзара әрекет етуі байқалды, яғни еңбек құлшынысының керемет күйі мен тұлға энергиясының көрінуі.

    26. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан.(1970-1985)

    Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді.

    1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады.  1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия өнеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. Кеңестік экономика негзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан өнеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды.70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды. Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылда-ры 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыруды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмысшыларды өнеркәсіп қүралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді.

    Социализмнің кеңестік жолына наразылық көріністері

    Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасында жетекші рөл аткарып келген Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда солғындады. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралықаренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады. Югославия, КХДР, ҚХР, сол кезде социалистік бағдарға бейім болған Египет тектес мемлекеттер КСРО-дан іргесін аулақтатып әкетті. Қоғамдық- әлеуметтік даму барысында тоқырау белгілері айқынырақ біліне бастағандықтан, КСРО-ға ең жакын деген мемлекеттерде де социализмнің кеңестік жолынан бас тартуға бейім күштер байқалды. Қоғамның саяси өмірі. 70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленеді. Саяси өмір принциптеріне түзетулер енгізген мұндай бетбұрыстың пайда болуы ең алдымен 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге , нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды ұмтылыстар орын алған еді.Шынтуайттап келгенде , онда социализмнің «сталиндік», «кеңестік» нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті . Алайда мемлекеттік –монополистік социализмнің қуатын шайқауды және демократиялық балама күштер жеңісін қамтамасыз етуді мұрат тұтқан бұл ұмтылыс 1968 жылы «Прага көктеміне» қарсы төндірілген «интернационалистік акцияның» салдарынан іске аспай қалды. ЧКП қатарындағы керітартпа күштерге көрсетілген қолдау бұл күштердің КОКП басшылығында да жеңіске жеткендігін айғақтап берді. Осының нәтижесінде 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды. Бұл оқиғаның ізі суымастан «ревизионизмге» қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы «маркстік-лениндік» тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды. Алайда тарих тәжірибесі коммунистік құрылыстың КОКП Бағдарламасында белгіленген міндеттері өзіне сай саяси және практикалық шешімдер таба алмағандығын көрсетті. Ал мұның өзі көптеген сұрақтардың жауабын кемелденген социализм тұжырымдамасынан іздеу қажеттілігін алдын-ала аңғартты. Социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы саяси бағыттың өзегіне айналды. 1967 жылы Қазан революциясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде-ақ Л.И.Брежнев кеңес халқы жүріп өткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы болып табылады деп мәлімдеген болатын. Бұл «тұжырымдаманың» өзінен бұрынғы теориялық қисындамалардан айырмашылығы социализмнің қоғам дамуының едәуір ұзаққа созылатын кезеңі екендігін мойындауынан көрініс тапты. Осы тұрғыдан алғанда «коммунизмге қарай алып адыммен секіру» идеясынан бас тарту жағдайға байыпты баға беру көрінісі болғандығы шүбәсыз. Бірақ бұл «тұжырымдама» 30 – 40-жылдары мерейі үстем болған, өтпелі кезеңнің бүкіл проблемалары шешіліп бітті, социалистік мұраттар негізінен жүзеге асты және осының бәрі дәлелденген деп санайтын әлеуметтік-экономикалық даму пайымына арқа сүйеді. Осының салдарынан социализмді жетілдіру жолдарын іздестіру ісі (егер мұндай іздестіру жүргізілсе), ескірген түсініктер аясында ғана қанат жаюға мүмкіндік алды. Социализмнің іркіліссіз және қайшылықсыз үдере өркендеуі теориясы экономикалық және әлеуметтік жетістіктерді зорайтып көрсетуге, шындықты боямалап жеткізуге итермеледі, қоғам өзегіне енген қайшылықтардың, тоқыраушылықтың, төрешілдіктің асқыну себептерін жабулы күйінде қалдырды. Қоғамның даму процесі өткен кезеңдегі жетістіктермен салыстырыла қарастырылғандықтан, сөздер мен ұғымдар бірте-бірте шындыққа мүлде жанаспайтын мазмұнға ие болып, теория да шынайы мән-мағынасынан айырыла бастады. Қиялдағыны қолдағыдай етіп көрсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КРСО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бары 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы қазанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн КСРО Конституциясы күні болып жарияланды.

    Неміс автономиясы мәселесі

    Волга бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшіп келген еді. КОКП ОК-нің 1979 жылдың көктемінде олар үшін Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешімі қазақ халқының мүдделерін тұтастай аяққа басудың көрінісі болып табылады. Қазақстан Компартиясы ОК-нің бұрынғы бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда, мұндай ұсыныс КСРО МХК төрағасы Ю.Андропов тарапынан жасалған екен. Бұл мәселе қойылғанда қатынасып отырған Қазақстан басшылығы үнсіз қалады. Бұл аз болғандай, Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру жөнінде комитет құрылып, оған Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы А.Коркин басшылық етті. Комитеттің шешімі бойынша, болашақ автономияның әкімшілік орталығы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы болуға тиіс деген ұйғарым жасалды. Автономия құрамына сондай-ақ Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірнеше аудандары енгізілуге тиіс болды. Неміс автономиясының құрылуы туралы хабар Қазақстан жеріне, әсіресе оның солтүстік бөлігіне, лезде тарап кетті. 1979 жылғы маусымның 16-сы таңертең қазақ жастарының топтары Ақмоланың орталығындағы Ленин алаңына көптеп жинала бастады. Жастрадың қолдарында «Қазақстан бөлінбейді!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген жазуы бар тақтайшалар болды. Көп ұзамай қала орталығы демонстранттарға лық толды. Осы оқиғаны көзімен көргендердің айтуына қарағанда, митингіде сөйлеушілердің сөзі дәйекті де байсалды болды. Олар Қазақстанның кеңес республикасы және көп ұлтты Кеңес Одағының құрамдас бөлігі екендігін айтқан. Бұл жерде ондаған жылдар бойына қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, татарлар және көптеген басқа халықтардың өкілдері қоян-қолтық бірлесіп еңбек етті. Енді келіп осындай республикада оның Жоғарғы Кеңесімен, халқымен ақылдаспастан, ойда жоқта неміс автономиясы құрылмақшы. Митингіге қатысушы бір студент: «Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз», - деді. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратып жіберуге тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шет түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Келесі шеру маусымның 19-ы болды. Митингіге қатысушылардың алдына облатком төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов шықты. Өзінің ұзаққа созылған шашыраңқы сөзінде Морозов қалай дегенмен Ақмола облысында ешқандай автономия құрылмайтындығына жұрттың көзін жеткізе білді. Дегенмен жұрт дүрлігіп қалған еді. Толқулар басқа елді мекендер мен облыстарға қанат жайды. Алайда біраз уақыттан соң дүрлігіс саябыр тартты. Бірақ республика басшылығы мен МХК бұл шерулер туралы ақпаратта таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөз де бұл оқиғалар туралы жұмған аузын ашқан жоқ. Алайда Ақмолада 1979 жылы болып өткен толқулар туралы қауесет республикада ұзақ уақытқа дейін тыншымады.

    Халықаралық жағдайы

    Қоғамдық өмір дамуындағы демократиялық және төрешіл бетбағыттар күресі әсерінен туындаған саяси жүйенің қайшылықты, күрделі сипаты сыртқы саясатқа да қайшылықты сипат дарытты. 70-жылдардың бас кезінде әлемдегі саяси ахуалдың жұмсаруы, халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі тән болды. 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталды. Хельсинкиде жалпыеуропалық кеңестің шақырылуы барлық бейбітшілік сүйгіш күштердің қомақты табысына айналды. Еуропалық 33 мемлекеттің, АҚШ пен Канаданың басшылары қол қойған қорытынды актіде мемлекетаралық қатынастар жаңа айқындамалар тұрғысынан реттеліп, мемлекеттердің адам хұқын қорғау жөніндегі күш-жігері біріктірілді. Өзгерістер жағдайында Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды. Өзге елдермен мәдени және экономикалық қатынастар күшейе түсті. Алдыңғы бесжылдықтарда Қазақстан кәсіпорындары өндіретін тауарларды сыртқа шығару ұлғая түсті. Алайда Қазақстаннан шетке шығарылатын өнімдер тізімі технологиялық жаңалықтардан емес, негізінен шикізаттық қуат көздерінен, мәселен, түсті металдардан, хром кені мен темір балқытпаларынан, жұқа болат тақталарынан, мұнайдан, т.б. тұратын еді. Қазақстан металл кесетін станоктарды, жол құрылысы жабдықтарын, электровоздарды, жиһазды, киімді, тағам өнімдерін, электр тауарларын, т.б. сырттан тасыды. Қазақстанның шетелдермен мәдениет саласындағы байланысы қарқынды дамыды. Қазақстандық жүздеген маман әлемнің көптеген елдерінде – Иракта, Египетте, Үндістанда, Монғол Халық Республикасында, Финляндияда, Ауғанстанда жұмыс істеді. Ғылыми байланыстар да сирек құбылыс болған жоқ. Қазақ КСР Ғылым академиясы шетелдердің ғылыми мекемелерімен бірлесе отырып, 31 проблема мен жеке тақырыптарды зерттеуге қатынасты. Химия ғылымдары институтының қызметкерлері өздерінің чехословакиялық және болғарлық әріптестерімен берік қатынастар орнатты. АҚШ, Франция, Италия ғалымдарымен байланыс жүзеге асырылды. Қазақстанда кеңес-сирия достығының күндері, Францияның КСРО-дағы күндері өткізілді. Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптары оркестірінің әртістері, КСРО халық әртістері Е.Серкебаев пен Б.Төлегеновалар Францияның музыка сүйер қауымын өздерінің қайталанбастай тамаша әуез өнерімен тәнті етті. Қазақ операсы мен балетінің, көркемсурет пен графикасының, қолданбалы өнерінің шеберлері Еуропа, Азия, Африка елдерінде өнер көрсетті. Алайда сыртқы саясат саласындағы қарыспа шешімдер, біліктілік жағынан төмен және шала ойластырылған идеология мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыру жолында көптеген тастүйін кедергілердің бой көрсетуіне себепші болды. Екі әлеуметтік-саяси жүйе арасындағы текетірестіктің өрши түсуіне шынайы дүниені айқын тануға бөгеті мол «дұшпан бейнесі» дейтін түсінік май тамызды. «Саяси күрестің күшеюі» туралы жолнұсқа (тезис) орнына «идеологиялық күрестің күшеюі» дейтін екінші бір жолнұсқа келді. Осының салдарынан екінші жақ та әскери күшін еселей өсіріп, қарулануға жұмсалатын қаржы көлемін үсті-үстіне ұлғайта түсті. Әскери шығындардың негізгі ауыр салмағы екі аса ірі мемлекетке – АҚШ пен КСРО-ға түсті. Бұл шығындар ең алдымен осы екі мемлекеттің азаматтарын тұралатар жүкке айналды. Ұлы мемлекеттік тәкаппарлық жанталаса қарулануды күшейтуге, ядролық мүлік қоймасын жаңарта жасақтауға сүйреді. Қазақ халқының ұлы перзенттері Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов дүниеге келіп, өсіп-өнген жерлерде, яғни Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен тұсында орналасқан Семей ядролық полигоны Қазақстан жерін молынан қамтыды. Ядролық заряд мұнда алғаш рет 1949 жылғы тамыздың 29-ында сыннан өткізілді. Ғалымдардың пікірі бойынша, әрбір эксперементтік қондырғы мен оны жер астында сынақтан өткізу құны орта есеппен 30 миллион сомға тең. Әскерлер ұзақ жылдар бойы жұмған аузын ашпай, кейіннен полигонның жергіліктің халықтың денсаулығына бәлендей зияны жоқ деп мәлімдесе де полигон айналадағы табиғатқа, адамдардың денсаулық жағдайына аса қатерлі еді. Дәрігерлер мен фельдшерлерге рактан, лейкоздан және ионданушы радиацияға байланысты туындаған басқа да аурулардан қайтыс болғандарға дәл диагноз қоюға тыйым салынды. КСРО Денсаулық сақтау Министрлігі бұл аймақта медициналық зерттеулер жүргізуге де тыйым салды, ал әскери дәрігерлер жүргізген тексерістердің нәтижесі аса құпия сақталып, ядролық полигон әрекеті салдарынан келген зардап көлемі туралы мәліметтер жасырын ұсталды. Адамдарға деген осыншалық безбүйрек көзқарас салдарынан полигон маңайында тұратын халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуы жиілей бастады. Сәуле ауруының нышандары, мәсеплен, Семей облысында Абай ауданының, Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауданының тұрғындарының бойынан көптеп кездесті. Бірақ полигонның халықтың денсаулығына төндіріп отырған қатері туралы оқта-текте үн көтергендердің дабылы естілусіз де ескерусіз қалып жатты. «Империалистік қатерден» үрейленген мемлекет қарулануды жалғастыра берді. 1969-1970 жылдары Маңғыстау облысының аумағында да халықтан жасырын түрде кен жыныстарында үш бірдей жерасты ядролық сынағы өткізілді. Саяси және идеологиялық жағдайдың ушығуына социалистік достық одақ елдері ішіндегі күрделі қарым-қатынастар да әсер етті. Қытай Халық Республикасы өзінің «қытайлық ерекше» жолын іздестіре бастады. Оның үстіне ҚХР-дың Кеңес Одағымен қарым-қатынасы 1960 жылдардың ортасынан бастап салқын тартқан еді. Екі ел арасындағы экономикалық, саяси өзара байланыстар айтарлықтай шектелді. 1964 жылы әскери қарама-қарсылық күшейе түсті. Екі мемлкеттің де шекарасына сан жағынан орасан зор әскер әкелінді. Мысалы, кеңес шекарасындағы қытай әскерлерінің саны 1967 жылы 400 мың адамға жетті. Кеңес әскерлері болса Монғолияға қарай жылжып, Қиыр Шығыс пен Забайкальеге орналастырылды. 1969 жылғы масуымның 13-і Даман аралығында екі ел арасында әскери қақтығыс болып, оның барысында екі жақтан да көп адам қаза тапты. Дәл екі айдан соң тамыздың 13-, Семей облысындағы Жалаңашкөл бойында келесі ірі әскери қақтығыс болып, адамдар тағы да шығынға ұшырады. Кеңес басшылығы Қытай ядролық объектілеріне алдын-ала ескерту соққыларын беру жоспарын жасай бастады. Ядролық соғыс қауіпті шынайы сипат ала бастады. Бұл қатер КСРО мен Қытай басшыларын келіссөз жасауға мәжбүр етті. Қыркүйектің 11-і Пекин әуежайында А.Н. Косыгин мен Чжоу Эньлай арасында болған кездесу ядролық жанжалды болдырмауда шешуші рөл атқарды. Соғыс қауіпі жойылды, бірақ бұдан КСРО мен ҚХР арасындағы қатынас жақсарып кеткен жоқ. Екі ел ұзақ уақыт бойына бір-біріне қырғи қабақ қарап келді. 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың бас кезінде Кеңес Одағында қос қабат қайшылықты жағдай қалыптасты: оның бұрын-соңды еш уақытта дәл осындай аса қуатты қорғаныс қабілеті болып көрмеген еді, бірақ нақ осыған байланысты соғыс қатері, ядролық шабуылға ұшырау қауіпі бұрынғыдан да анғұрлым ұлғая түсті. Бұл кезде әлемдік социализмнің даму қамқорының бәсеңдеуі байқалды. Әлеуміттк-экономикалық және саяси салаларда қолайсыз бетбағыттар пайда болып, тереңдей түсті. Шығыс еуропа елдерінде орныққан тотолитарлық құрылыстар саяси басшылық пен мемлекеттік басқару функцияларын бір уысқа шоғырландыра келіп, бірті-бірте өзін халық бұқарасына қарсы қойды. Бұған, мәселен, Польшада болып өткен оқиғалар айғақ бола алады. Мұнда 1956 жылдан 1980 жылға дейінгі аралықта төрт рет дау-жанжал туындады. Ол поляк Біріккен Жұмысшы партисяның нақ өзі мен оның әлеуметтік тірегі болып саналатын жұмысшы табы арасында өрестеді. Бұл тоңтерістік әкімшіл - әміршіл жүйенің теориясы мен идеологиясының дағдарысқа ұшырағандығының белгісі еді. Алайда мұндай «дабылдардың» бірді – біріне лайықты жауап берген жоқ. Жаңартуға ұмтылыстар оппортунизм, ревизионизм, яки «капитализмге қайта оралу» деп бағаланды. Мұнда ел басқару жүйесін сақтап қалудың барлық құралдары, тіпті әскери жағдай енгізу де түгел қолданылды. Қасарыспа қасаңдық пен идеологиялық шалықтау шылауында қалған КСРО мен социолистік қосын елдері басшыларының басым көпшілігі қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгерту міндеттерін шешу биігіне өре жеткізе алмады. Идеологиялық қысым көрсету мен әр түрлі жазаларға ден қою социализм дәуіріндегі рухани өмірдің басты нышандарына айналды.

    Өнеркәсіптегі жағдай

    КСРО-дағы саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформалар мүмкіндігін айтарлықтай тарылтты, ал кейіннен олардың мүлдем тежелуіне әкеп тіреді. Оның үстіне шаруашылық жүргізу тәжірибесі бірте-бірте социализм туралы қасарыспа қасаң түсініктер салдарынан туындаған, күні біткен шептерге сырғи берді. Осының нәтижесінде республика тарихи прогрестен біртіндеп шетқақпайлана берді. Реформалардың қусырылуы 70-жылдардың басында кейінгі кезеңдердегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. Павлодар облысында Екібастұз отын-энергетика кешенінің Ертісте Шүлбі СЭС-інің құрылысы басталды. Трактор және ауылшаруашылық машиналарын жаса, мал шаруашылығы мен жем өндіру машиналарын шығару салалары озыңқы қарқынмен дамыды. Мұнай өндіру көлемі ұлғайды. Бұл сала әсіресе Маңғыстауда жедел өркендеді. 1975 жылға қарай республиканың барлық кәсіпорындары дерлік энергиямен қамтамасыз етілді. Минерал тыңайтқыштар өндіру – 1,8 есе, сары фосфор – 1,5 есе өсті, оның үстіне республиканың фосфор өнеркәсібі КСРО бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады. Мұнайдың едәуір көлемін сыртқа шығару халық шаруашылығына қажетті сырттан тасылатын тауарларды көбірек сатып алуға мүмкіндік туғызып, экономикалық дамудағы жаңсақтардың ащы зардабын тежей тұруға жәрдемдесті. Бірақ 70-жылдардың екінші жартысынан бері қарай мұндай теріс бетбағыттар барған сайын айқын аңғарыла түсті. Тежеліс тетігінің өзегіне айналған сөз бен іс арасындағы алшақтық әр қилы сипаттарда көрініс тапты. Бұған төмендегі мысалдар жақсы дәлел бола алады. КОКП – нің XXIV – XXVI съездерінде ғылыми-техникалық прогресс туралы көп айтылды. Осыған орай ғылым мен техниканы тұтастыру формасы ғылыми - өндірістік бірлестіктер құру деп танылды. 60 – 70 – жылдар ұласқан тұста дүниеге келген мұндай бірлестіктер жаңа техниканың жасалуына ғана емес, оның халық шаруашылығына таралуына да жәрдемдесті. Ғылыми - өндірістік бірлестіктердің құрамына ғылыми және өндірістік бөлшектер енгізілді, яғни ғалымдардың, конструкторлардың, инженерлер мен жұмысшылардың күнделікті еңбегін бір орталыққа тоғыстыруға ұмтылыс жасалды. Қазақстанның халық шаруашылығындағы өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер саны 1971-1985 жылдар ішінде 28-ден 162-ге, осы принциптермен жұмыс істейтін кәсіпорындар 97-ден 610-ға дейін жетті. Барлық шығарылған өнім көлемінің 46,7 проценті және өнеркәсіп пен өндірісте жұмыс істеушілердің 46,8 проценті ғылыми-өндірістік бірлестіктер үлесіне тиді. Бірақ іргетасы берік дұрыс шешімдер тәжірибеге енгізілген сәттен бастап өмігшеңдігінен айырылып қалатын. Мұның себебі мынады: КСРО-да ғылыми-техникалық революция рухында түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғастырыла берді. Ғылыми-техникалық прогресті тұсауламай тұра алмаған мемлекеттік-монополистік меншік экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. Сондықтан өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді

    27. "Қайта құру "мен" жариялылықтың "ел экономикасына әсері. Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы қызметінен босатылуы.

    Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).

    Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы

    КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.[1].

    Дағдарыстың себептері
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45


    написать администратору сайта