Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
11. Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы. 1998 ж. Ұлттық тарих жылы. Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы. 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. Тарихшылардың мәліметі бойынша 1937-1938 жылдары елімізде 100 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, ал бұл тізімге енген адамдардың төрттен бір бөлігі ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды. Мәселен, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров және тағы басқалар. 1921 жылдан бастап 1954 жылдар аралығында КСРО-да шамамен 3 млн 700 мың күнәсіз азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, оның 600 мыңға жуығына өлім жазасы берілді. Ал қалғандары ұзақ мерзімге бас бостандығынан айрылды. Статистикаға сәйкес, Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корейлік отбасы, 507 мың Солтүстік Кавказ елдерінің өкілдері жер аударылды. Елімізге өз еріктерінен тыс крым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен өзге де ұлт өкілдері келді. Жалпы, осы жылдар аралығында барлығы 1 млн. 500 мың адам жер аударылды. Халықтық ішкі істер комиссариатының (ХІІК) ерекше жарлығымен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Ешқандай айыбы жоқ әйелдері мен кейде апалары, тіпті аналары да жазаланды. Олар үшін арнайы лагерьлер құрылды, мысалы «АЛЖИР» - отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған ақмолалық лагерді барлығымыз білеміз. Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссириатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) лагері де болды. Ол КСРО ХІІК ГУЛАГ-на тікелей бағынатын 1930-1959 жылдардағы ең ірі еңбекпен түзеу мекемесі еді. Карлаг жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде құрылды. Жалпы, Қазақстан аумағында сол кезде кеңестік тоталитарлық жүйе адам тағдырын ойыншыққа айналдырған өзгеде лагерьлер көптеп болды. Алайда Карлаг өзінің ауқымы мен маңыздылығы жағынан ең ірісі еді. Карлагта әлемге әйгілі ғалымдар, дәрігерлер, әскери басшылар, мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер, діни атағы бар азаматтер болды. Атап айтар болсақ, А. Чижевский, профессор, ботаник Л. Пельцих, селекционер Б. Фортунатов, P. Цион, А. Диомидов, А. Ланина, Л. Василец, В. Пустовойт (болашақ академик, Екі рет социалистік еңбек ері атанған), А. Симорин, Д. Новогрудский, жазушы М. Зуев-Ордынец, А. Корнилов және тағы басқалар болды. Степлаг лагері де Қазақстандағыи аты шулылардың бірі болған. Степлаг немесе Дала лагері – ГУЛАГ жүйесіндегі саяси тұтқындарға арналған лагерь. Оның басқару орталығы бүгінгі Жезқазғанның Кеңгір ауылында орналасқан еді. Дереккөздің мәліметі бойынша, ол № 39 Жезқазған әскери тұтқындар лагері негізінде құрылған. АЛЖИР – ең ірі лагерь, онда отанына опасыздық жасағандардың отбасы мүшелері қамалған. Талайлардың тағдырын тәлкек еткен мекеме ХІІҢК бұйрығымен 1937 жылы 15 тамызда Ақмола қаласынан оңтістік-батысқа қарай Төңкеріс (Малиновка) елдімекенінде құрылды. «АЛЖИР» лагері 30 га жерді алып жатты. Тарихшылардың айтуы бойынша оның Қарағанды және Ақмола облыстарында бірнеше бөлімшелері болған. АЛЖИР-ге әйелдерді әлемнің түкпір-түкпірінен әкеліп жатты – Мәскеу, Ленинград, Украина, Грузия, Армения, ОРта Азия. АЛЖИР музейінің мәліметтеріне сәйкес, абақтыда әйелдер үшін орындар жетіспеді. Қақаған суықта, үскірік аяз бен жауын шашынға қарамастан олар өздеріне өздері барақтар салды. Лагерьге түскен адам нәсілінен, атынан, азаматтық мамандығынан айырылып жатты. Олардың барлығына ортақ «Отанға опасыз жасағандар» деген атау болды. Қатал саясат, жаппай ату жазасына кесу, ашашылық пен жер аудару ел арасында үлкен құрбандыққа әкеліп жатты. Қазақстанда орналасқан барлық лагерьлерде өлім көрсеткіші өте жоғары болды. Сонымен, 1940 жылдан бастап 1950 жылға дейін Карлагта 10 000 тұтқын көз жұмды. Тіпті, 1943 жылы өлім көрсеткіші өте жоғары болды, бұл жылы әр ай сайын өте ауыр жағдайларда жүздеген адам жан тапсырды. 1953 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін еш кінәсіз сотталғандарға байланысты жазаны қайта қарау процесі басталды және оларды босатыла бастады. Алайда, 1920-1940 жылдары қамауға алынған көптеген азаматтардың тағдыры әлі де белгісіз күйінде қалып отыр. Президенттің 1997 жылғы жарлығынан басқа, 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Бұл егеменді елімізде қабылданған ең алғашқы заңдардың бірі деп есептелінеді. Адамзат баласы өз өткенін, тарихын ешқашан ұмытпауы керек. Бүгінде тәуелсіз ел ұрпақтары АЛЖИР, КарЛаг, Степлаг тұтқындары мен қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды мәңгі есімізде жақстап, құрметтейміз. Біз оларды 31 мамырда ғана еске алып қоймауымыз керек, тарихты оқыған сайын, осы тақырыптағы фильмдерді көрген сайын немес жай күндерде де оларды еске алып отырған жөн. Біз әрқашан Тәуелсіз Қазақстанның арқасында қаншалықты бақытты өмір сүріп жатқанымызды ұмытпауымыз керек. 1998 жыл – Ұлттық тарих жылы. Президент шешімімен 1998 жыл Қазақстан халқының бірлігі мен ұлттық тарих жылы болып жарияланды. Зиялы қауым ел халқын осы екі маңызды рухани салаларға назар аударуға шақырды. Кеңестік тоталитарлық жүйедегі интернационалдық тәрбие, кеңестік патриотизм мен отаршылдық тарихи сана күн тәртібінен түсірілді. Тәуелсіздіктің рухани факторларын нығайтудың маңызы артты. Әсіресе, қазақ ұлтының өз тарихындағы нақты орнын ел халқына түсіндіру керек болды. Евроцентристік тарихи сана қазақ халқының еңсесін түйірді. Қазақ халқы барлық жетістіктер мен жақсылықтарды Батыстан, Ресейден алды деген түпкілікті қате түсінік басым болып келді. Сондықтан тарих жылының мақсаты – ел халқының дұрыс тарихи санасын тәрбиелеу болды. Дұрыс ойлайтын халықтың, дұрыс жолды, әділетті пиғылды таңдайтыны ақиқат. Осындай мақсаттарды шешу үшін Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 1998 жылдан бастап «Отан тарихы» журналын шығара бастады. Қазақ тарихшылары 260 жыдан астам отарлық езгіде болған қазақ халқының жаңаша рухани жаңаруы үрдісін бастады. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тереңде екендігі айтылды. 3 ғасырға жуық өмір сүрген Қазақ хандығының тарихы жаңаша жазыла бастады. Қытай, Иран, Мысыр, Ресей т.б. елдердегі мұрағаттардағы Қазақстан тарихына қатысты тарихи деректер, қолжазбалар, кітаптар жинау жұмысы басталды. Тек қана Қытай елінен қазақ тархына байланысты 5500-дей тарихи деректер әкелінді. Тарих жылында Зейнолла Самашев бастаған археологиялық экспедиция Шығыс Қазақстан облысының Берел мекені аумағынан Қазақстандағы екінші «алтын адамды» тапты. Сақ дәуірінің патшаларының бірі болған «алтын адам» қасында бірнеше жылқының сол кездегі ертоқымы мен айыл-әбзелдеріне дейін сақталған мүрделері табылды. Табытта мифтік, таңғажайып құс-буфлонның мүсіні де жақсы сақталған. Бұл археологиялық артефактілер қазақ халқының тарихының тым тереңде екендігін, өркениеттің ошағының бірі қазақ жері болғандығын әлемге паш етіп дәлелдеді. Қазақстанның тарих ғылымы мен қоғамдық-саяси ойы кеңестік жүйе ұстанған маркстік-лениндік теория мен коммунистік идеологиядан бас тартты. Оның орнын өркениеттілік теорияларына сүйенген мүлдем жаңа көзқарастар жүйесі алмастыруы керек болды. Бірақ та, қоғамда тарихты біржақты, жекелеген адамдар мен топтардың мүдделеріне бағындыру, жекелеген эгоистік мүдделерге, мақтаныш пен дақпыртқа бағындыру әрекеттері орын алды. 1998 жылы 6 шілдеде Ресеймен екі арада «Мәңгілік достық және одақтастық туралы» декларацияға қол қойылды. Қазақстан үшін аса маңызды Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің табанын бөлісу туралы Ресеймен келісім жасалды. 1998 жылдың 26 маусымында «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі туралы Заң» қабылданды. Аталған құжаттардың заңдық күшіне еніп жұмыс істей бастауы Қазақстанның шикізаттық әлеуетін едәуір күшейтті, мемлекеттің қауіпсіз дамуына үлкен игіліктер әкелді. Елордаға айналған Ақмола қаласы зор құрылыстар алаңына айналды. Бұл қаланың қарыштап дамуы елдің құрлыс материалдары өндірісінің кеңеюіне, жол-көліктік қуатының жақсаруына игі әсер етті. 1998 жылдың 6-шы мамырында Президент Ақмола қаласын Астана деп атау туралы Жарлыққа қол қойды. Әлем картасында Қазақстанның жаңа Астанасы пайда болды. 1998 жылы Астананың тұсаукесер рәсімі өтті. Алыс және жақын шетелдерден келген қонақтар Евразия континентінің кіндігінде пайда болған жаңа Астанаға ерекше қызығушылық танытты. Қаланың қарыштап дамуы бүкіл елді алдыға тартатын локомотивке айналды. Осы жылдан бастап Қазақстан қоғамында тәуелсіз мемлекет болу экономикалық тұрғыдан және саяси-әлеуметтік тұрғыдан орнықты даму жолына түсті. Реформалар арқылы орнықты эволюциялық даму Қазақстанның жалпы өсуін тездетіп ел әлемдегі даму динамикасы ең жоғары 10 елдің қатарынан көріне алды. Бұл сапалық өзгеріс елдің әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың қайталана беруіне төтеп беруге қабілеттілігін қалыптастырды. ХХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХІ ғасыр басындағы дағдарыс циклдары Қазақстанның іргетасын шайқалта алмады. Елдің халқы, саяси күштері белсенді бола түсті. 1998 жылғы қарашада «Ақ жол» қоғамдық қозғалысы құрылып саяси үрдістерге либералдық идеологияның тереңдей түсуіне ықпал ете бастады. Осы жылы шетелдерде тұрып жатқан этникалық қазақтардың Қазақстанға қайтып келуі мәселесі Үкіметтік деңгейде талқыланды. Оралман қазақтарды қабылдау, оларға жаңа жағдайға үйренуге көмектесу, жұмысқа орналастыру, баспанамен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Үкіметте отандақ тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды. Бұл жұмыстың Қазақстанның индустриалдық келбетін қалыптастыруда шешуші маңызға ие болатындығы ескерілді. 12. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу. Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз және 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген cауалдарға жауап береді. Кеңінен қамтып айтсақ, мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отыр. Сөз жоқ, бұл құндылықтар осы заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болуға тиіс. Олар мынау жаһанданып, ашығын айтқанда, ұлттық өзгешелігімізді шайып бара жатқан әлемдегі біздің ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға тиіс. Олар ұлттың мәдени кодын: тілін, руханиятын, дәстүрлерін, мәдениетін сақтауды қамтамасыз етуге тиіс. Тәуелсіздігіміздің 5-ші жылында-ақ Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің тарихына қатысты өзінің көзқарасын айтып: «Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына тамырын терең жіберген қиын да қызықты, талайлы тағдыр кешті. Ол, негізінен, тәуелсіздік жолындағы күреспен өтті» деп атап көрсетті. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді. «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Елбасы өз еңбегінде Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуірін де жан-жақты баяндаған. «Тарих толқынында» еңбегінде Мемлекет басшысының жазғанындай, «Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті». Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы 8 бөлімнен тұрады: 1) Ұлттық келбетті ұлықтайық; 2) Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы; 3) Мәдениет келешегі; 4) Алаш мұрасы және осы заман; 5) Ұлттық бірегейлік туралы; 6) Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар; 7) Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары.; 8) Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде. Бұл кітапта қазақ халқының өткені мен кеткенін ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын, қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік тарихи құбылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыстыра қарастырған. Кітаптың «Ұлттық келбетті ұлықтайық» деген алғашқы тарауында автор ұлтымыздың қасиетті сипаттары мен қастерлеуге тұрарлық құндылықтарын сараптап, жан-жақты талдайды. Аталған еңбегінде Н.Назарбаев ұлттық рухты қайта түлетудегі және дамытудағы қазақ зиялыларының ролін ерекше атап көрсетеді. Қазақ этносы – мыңдаған ғасырлардың жемісі, өз аумағының ежелгі тұрғыны. Н.Назарбаев осы кітабында қазақ ұлтының қазіргі мекені, ол ежелден ата-бабамыздың бізге қалдырған мол мұрасы екенін атап көрсеткен. Ұлттық тарихқа заңды мақтаныш сезімін туғызу үшін оны білу керек. Кітаптың «Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы» деген тарауы осыған қызмет етеді. Яғни, автор қазақтың түркі тілдес халық ретінде оның ежелгі тарихын Евразия құрлығындағы көшпелі ұлы мемлекет – Түркі қағанатының тарихымен байланыстырады. Сондай-ақ аталған кітаптың үшінші «Мәдениет келешегі» деген тарауында Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте мәдениет қандай болу керек деген мәселе ерекше сөз болады. Бұл мәселе жөнінде автор: «Қазақстандағы диаспоралардың өз мәдениетінен қол үзбеуімен қатар қазақ елінің жалпы ұлттық мәдениетін игеруге, оны өзі атсалысып, дамытып отырған ортақ мәдениет деп қарауға дағдылануы қажет. Сонда ғана ұлттық мәдени жүйелердің үндесіп, жақсы ансамбль құрайтыны сөзсіз». Сонымен қатар Елбасы қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып, тұрмыста күшті сұранысқа ие болып отырғанында, ертеңгі келер ғасырда қазақ мәдениетінің күні не болатынына, нарық дәуірінің мінез-құлқы мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдауын жасырмайды. Н.Назарбаев осы кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» тарауын қоғамдағы интеллигенцияның тарихи ролін пайымдауға арнаған. Бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттылық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді. Кітапта теориялық жағынан кең қарастырылған мәселе –ұлттық бірегейлік жайы. Елбасы баршаны бір тілге, бір идеологияға, бір мәдениетке көшіруге тырысудың өзіміз бастан кешірген сабағы бұл саясаттың зиянды болғанын алға тартады. Сондықтан да ол бірегейлендірудің бұл күштеу әдісін біржола теріске шығарады. Н.Назарбаев қазақтың өзіндік ұлттық өрлеуін қамтамасыз ете отырып, бірегей этникалық санасын қайта жаңғырта, түлете түсуді басты міндет ретінде алға қояды. Сонымен кітапта бірегейлендірудің бірінші деңгейі – біздің азаматтық әрі саяси бірлігіміз деген тұжырым жасалған. Бұл деңгейдің мәнін Н.Назарбаев «өзіміз азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр» деп түсіндіреді. Бірегейліктің екінші деңгейін ол қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігімен байланыстыра қарастырады. Халқымыздың менталитетінде тоталитарлық жүйе қалыптастырған ерекшеліктер әлі де болса бой көрсетіп, адамдар психологиясында әлі де көрініс беруде. Мұның себебі неде? Осы жайларға кітаптың «Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар» деген тарауында нақты жауап табуға болады. Ал ұлттық идеяға келетін болсақ, оны елбасы өзінше пайымдайды. Ұлттық идея сырттан танылмай, қоғамның өз ішінде пісіп жетіліп, ұлттың тұтастығының мәнін түсінуге қызмететеді. Бір сөзбен Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, ұлттық идея миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады. Империялық құлдықтан азат болып, өздерінің тәуелсіздігін алған тек бұрынғы Кеңес Одағының елдері ғана емес, өз еркіндіктерін алған басқа да елдерді тарих біледі. Әлемдегі тарих сабақтарына көз жүгірте отырып, Елбасы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарына зор сенім танытады, әрі оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін нақты қимылдардың қажеттігін еске салады. Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат,бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді, деп жазады Елбасы. Бұл аймақта интеграциялау үшін негізгі алғышарттардың бәрі бар. Соларды жете пайдалану – басты міндет. Бұл ойларын Н.Назарбаев кітаптың «Орталық Азияның мемлекеттері және тарих тағылымдары» деген тарауында кеңінен сөз етеді. Кітаптың қорытынды тарауы «Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» деп аталады. Мұнда Н.Назарбаев Қазақстан тарихын он екі кезеңге бөліп қарастырады. Мұндай кезеңдерге тарихымызда бірінші рет ұсынылып отыр. Н:Назарбаев тарихтан тағылым алмайтын саясаттың күні қараң екенін жақсы біледі, сондықтан да ол «тарих ештеңеге үйретпейді» деген қағиданы мүлдем теріске шығарады. Керісінше, тарих-ұстаз, тәлімгер, әділ төреші, ертеңге бағыт сілтейтін өсиет айтушы абыз.Тарих қазынасына терең көз шалғанда әрбір адам, әсіресе, оның ішінде ұлт көсемдері мен саясаткерлер үлкен тәлім алады. Өз ақыл-парасатына, саяси талғамына, іс-әрекетіне қосымша нәр, азық алады. Сондықтан да бұл кітап қазақты тануға қосылған теориялық әрі практикалық тәлімдік мәні күшті тарихи еңбек болып табылады. Ұлттық тарих мәселелерімен көптен бері нақтылы айналысып жүрген Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Халық тарих толқынындағы» деген атпен тарихи зерттеулердің арнаулы бағдарламасын жасауды ұсынды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын зерделеу үшін жағдай жасау болып табылады. 2013 жылы 5 маусымда Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Аталған жиын ҚР Мемлекеттік хатшы М.Тәжин көтерген Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелеріне арналды және Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Тарихшылардың осы алқалы мәжілісінде елдің болашағы үшін тарихымызды жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделей түсу, ұлттық сананы нығайту, өзекті тақырыптарды зерттеу және жаңа заманға сай оқулықтар жазу сияқты нақты міндеттер жүктелді. «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасында тарихшылар қауымының назары орталықазиялық көшпенді өркениетті зерттеудің маңыздылығына ерекше аударылды, қазіргі таңда ол өркениеттің сақтаушысы қазақ этносы болып отыр. Қазақ этносының археологиясын, антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мәдениеті мен дәстүрлерін зерттеуге күш сала отырып, қазақтардың номадтық өркениетін зерттеу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындауды, тың тұрпаттағы тарих оқулықтарын жазу өзекті мәселе қатарына көтерілді. Қазақстанның бүгінгі ұлттық тарихы – бұл ғылымдағы ең проблемалық сала. Қазақстанның тарихтағы өткен кезеңі қоғамдық сана-сезімнің - саясаткерлердің саяси тілінен халықтың күнделікті өміріне дейінгі әртүрлі деңгейлердегі гуманитарлық кеңістіктің маңызды бөлігін құрайды. Біріншіден, ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс. Екіншіден, біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс. Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинақтауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу қажеттілік десек, алда тарихи артефактілердің барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеу және тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару міндеті тұр. Еліміздің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану процесі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруды талап етеді. Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен суғарылған жаңа методология Қазақстан тарихын адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде дәйектей отырып, оның табиғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мемлекеттік, рухани т.б. өзіндік ерекшеліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әлеуетке ие болуы керек. Қазіргі жаһандану заманында қазақ халқының ұлт болып сақталуы үшін ұлттық құндылықтары насихатталып, төл деректері, құнды мұралары зерттеле түсуі қажет. Әлемдегі өркениетті елдердегі сияқты тарих ғылымының теориясы мен методологиясы біздің еліміздегі отандық тарих ғылымы бойынша дұрыс жолға қойылуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезекте - ұлт тарихының зерттеу методологиясын жетілдіру негізінде Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақты пайымдау. Екінші іргелі мәселе - тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе - ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қалыптасқан тарихи білім мен ғылымның дамуындағы негізгі нәтижелерді кешенді түрде қарастыру болып табылады. |