Главная страница
Навигация по странице:

  • Мерейтойда ғ ы жоспарлан ғ ан іс шарала р

  • 19. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері. Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі

  • 20. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және оның нәтижелері.

  • Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары


    Скачать 1.03 Mb.
    Название1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
    Дата17.01.2022
    Размер1.03 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих ответы экзамен .docx
    ТипДокументы
    #333098
    страница40 из 45
    1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

    17. Қазақ хандығы және 550 жылдығының атап өтілуі.

    Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау — Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты іс-шаралар жиынтығы.

    Қазақ хандығы туралы

    Қазақ хандығының құрылуы туралы дерек тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында келтірілген.

    Кейбір тарихи деректерде Моңғол шапқыншылығы Қазақ хандығының құрылуын 150-ден 200 жылға кешеуілдеткені жайында айтылады. Әбілқайыр хандығының құрамында болған қазақ ру-тайпаларын 1457 жылы Жәнібек пен Керей сұлтандар бөліп алып шығып Моғолстанның батысындағы (Жетісудың батысы) Шу мен Талас өзендерінің аралығындағы Қозыбасы деген жерге хандығын құрған. Моғолстан мен Әбілқайыр хандығының арасындағы текетірестен Моғолстан ханы өзіне одақтас іздей бастайды. Сонымен Моғолстан ханы Есенбұға Жәнібек пен Керей сұлтандарға өз аумағынан жер бөліп береді. Бірақ Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» атты шығармасында Қазақ хандығының құрылу уақыты 1465-1466 жылдар деп келтірілген. Осы дерекке сүйене отырып 2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды.

    Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған.[1] 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты. Қазақстандық қоғам қайраткері Дос Көшімнің ойынша, атаулы күнді тойлау жайлы ой, қазақтарда мемлекет болмаған деген мәлімдемеден кейін туындаған. «Альтернатив» орталығының директоры Андрей Чеботарёвтың пікірінше, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Назарбаевтың «Қазақ мемлекеті елдің тәуелсіздігінен соң пайда болды» деген екіұшты пікірі мен Владимир Путинның қазақтарда мемлекет болмаған дейтін аты-шулы сөзі себеп болған. Путинтың қазақтарда «мемлекет болмаған» деген сөзі Назарбаевтан бастап бүкіл қоғамды ойландырды. Себебі, осындай риторика Украина мен украиндықтарға да айтылған болатын. Бірақ, МГУ ақпаратты-аналистикалық орталығының директоры Сергей Рекеданың пікірінше, Путинның сөздерінде ешқандай құпия жоқ, ал ол айтқан сөздер контекстен алынған, онымен қоса, осыған ұқсайтын сөздерді 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан: «Қазақтарда ешқашан мемлекет болған емес, өйткені шекарасы болмаған. Ең алғаш біз, қазақ мемлекетінің шекарасын бекітіп, БҰҰ-ға дейін жеткіздік».

    Мерейтойдағы жоспарланған іс шаралар

    Мерейтойдың шығыны шамамен 23 млрд теңге ($124,19 млн) болады деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның бүкіл аймақтарында тойланады. Ал маңызды іс-шаралар қыркүйек айында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтеді. Себебі осы аумақта хандықтың негізі қаланған деп есептелінеді. Тараздағы іс-шараларды өткізуге 13,47 млрд теңге жұмсалады. Бірақ, кейбір тарихшылар Жәнібек пен Керей хандардың мемлекетінің орталығы Алматыға жақын аумақта болған деп, мерейтой жоспарын сынға алды. Қазақ хандығының мерейтойын тойлау шеңберінде 1 млрд теңгеге 10 бөлімді «Қазақ елі» атты сериал мен осы атаулы 375 млн теңгеге анимационды сериал түсіріледі. Қазақ хандығы туралы деректі фильм түсіруге 250 млн теңге бөлінеді. Ілияс Есенберлинның «Көшпенділер» трилогиясын баспадан шығаруға 106,6 млн теңге бөлінеді. Таразда шығыны 506,8 млн теңге болатын театрланған қойылым болады. «Мәңгілік ел» тақырыбына ақындар айтысы өтеді. 550 жылдық құрметіне монумент тұрғызылады (501,8 млн теңге). «Тараз — ғасырлар куәсі» атты көрме өтеді. Қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтеді. Басқа да шығындар: «Ұлы көш» фильмі (150 млн теңге) түсірілуіне, «Тамгалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық-музей құрылысына (100 млн теңге), «Керей-Жәнібек», «Қазақ елі» спекталі қойылуына және «Қазақ хандығы» балетіне (68 млн теңге), Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына (20,4 млн теңге) жұмсалады.
    18. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы.

    Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати — ХVІ ғасырда ғұмыр кешкен көрнекті мемлекет қайраткері, əскери қолбасшы, атақты тарихшы, əдебиет майталманы. Ол өмірін Орта Азия, Шығыс Түркістан, Тибет, Үндістан елдерінде өткізген. М.Х. Дулати тарихшы жəне қаламгер ретінде екі шығармасымен зерттеуші-ғалымдар арасында кеңінен танымал тұлға атанды. Бірі – бұл кісінің сəулетті даңқын дүние жүзіне əлпештеп таратқан, оның парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» деген кітабы. Осы энциклопедиялық шығармада ұлттық тарихқа, мəдениетке қатысты түйінді ой-пікірлер, терең толғамдар, парасатты пайымдаулар мол. Мұхаммед Хайдар өз еңбегінде тек тарихты ғана жазып қоймаған. Сонымен қатар адамзат құндылықтары, өмірдің мəні мен мағынасы туралы пəлсапалық ойларын түйіндеген. Өмірдің баянсыздығын, оның өтпелі екендігін айта келе бабамыз ұрпақтарын ізгілікке шақырған. Шығарма көркем ойлармен, өлең жолдарымен өрілген. Екіншісі — «Жаһаннаме» атты шығыстық үлгідегі, түркілік дүниетаным биігінен ой толғайтын, даналық сөз айтатын классикалық жыр-дастаны. «Жаһаннаменің» негізгі тақырыбы махаббатқа деген адалдық, адам- гершілік, адамды сүю, қастерлеу, əділдікті ардақтау болып келеді.
    Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХВЫ-ғасырдың ортасы мен ХВЫЫ-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді.

    19. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері.

    Әлемдік және Дәстүрлі Діндер Лидерлерінің Съезі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана бұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын.

    Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді.

    I-ші Съез

    І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды. І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. Форумға қатысушылар арасында қазіргі әлемдегі дін рөлі және кез келген діннің негізгі адамгершілік құндылықтарының жалпы адамзаттық сипаты туралы ашық пікір алысуға қол жеткізілді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. І Съезде өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл адым жасалды. Дінаралық келіссөз қоғамдық даму мен барлық халықтың әл-әуқатын жақсартудың негізгі кілттерінің бірі болып табылатындығы баса айтылды. Съезд қорытындысы бойынша делегаттар діндер келіссөзі тереңдеуі және пікірталастар жүргізуге білуге құрылуы керек деген пікірге келді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. Ерекше және есте қаларлық оқиға ретінде форум бүкіл әлем адамдарының бейбіт және тиісті өмір сүруы алдында түрлі дін өкілдерінің ынтымақтасуы мен бірігу идеясының өзектілігін және оны іске асыру қажеттігін тағы бір көрсетті. Съезд идеясын әлемнің К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д'Эстен, М.Горбачев және тағы басқа беделді саясаткерлері қолдады. Форум қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, онда рухани лидерлер адамзат үшін бейбітшілік пен алға жылжуды қамтамасыз ету және келешекте бейбітшілік негізі ретінде қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлесе атқаратын іс-әрекеттер туралы айтты. Өткен іс-шараның жеңісі І Съездің 3 жылда 1 рет жиі негізде дінаралық форум өткізу туралы Шешімінде бекітілді. Осы шешімде Қазақстанға әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезін Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында ұйымдастыру мәртебесі беріліп, сондай-ақ Съезд Хатшылығын құрумен байланысты барлық аспектілерді әзірлеу тапсырылды.

    II-ші Съез

    2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезі өтті. Съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті. Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен, «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі» деген екі бағытта өтті. Форумның бірінші күні «Дінаралық келіссөз қағидаттары» қабылданды, онда Съезд жұмысының барысында Форумға қатысушылар басшылыққа алатын негізгі құраушылар көрініс тапты. Съезде сөз сөйлемшілер баяндамаларында Қазақстан Республикасының атына, оның Президентіне діндер келіссөзі дауларды шешу құралы ретінде конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарда зорлық пен террор әдістеріне қарсы қойылған Дін форумын ұйымдастырғаны үшін алғыстар айтылып жатты. Съезд қорытындысы бойынша оған қатысушылар барлық дін және этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларацияны қабылдады. Бұл құжатта «қақтығыстар идеологиясына» «әлем мәдениетіне» алмастырудың жаһандық қажеттігі көрініс тапты. Форумға қатысушылардың бір ауыздан келісімі бойынша келесі әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылы Астана қаласында өту шешімі қабылданды. Форум аяқталғаннан кейін барлық дін лидерлері мен құрметті қонақтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Бейбітшілік және келісім сарайының жоғарғы қабатында залға көтеріліп өз портреттері астына естелік жазу қалдырды. Келешекте бұл жазбалар ІІ Съезд делегаттарының портреттерімен және олардың баяндамаларының дәйексөздерімен жеке кітап болып жарияланды. Форум жұмысына 20-дан астам елден келген барлық әлемдік дәстүрлі діндер мен конфессиялар: ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да өкілдерінен тұратын 43 делегация қатысты. Құрметті меймандар ретінде олардың арасында ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Мохаммад Махатхир бар белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ түрлі елдердің заң шығарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері шақырылған.

    III-ші Съез

    Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында (Қазақстан) өтті. Оған әлемдік діни конфессиялардың 60-тан астам делегациялары қатысты. Съезге қатысқан делегациялардың құрамында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері болған. Съезд барысында Ислам діні тарапынан Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Түркия, Ливия, БАӘ, Кувейт, Қытай, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Сауд Арабиясы және Пәкістан елдерінен Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, Бүкіләлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин Ат-Турки және Бүкіләлемдік Исламды уағыздау қауымдастығының Бас хатшысы Мұхаммед Ахмад аш-Шариф сынды белгілі дін тұлғалары қатысты. Христиан конфессиясынан рим - католик, орыс православиелік, англикандық, константинопольдегі православиелік, румындық православие және армян апостолдық шіркеу, Бүкіләлемдік лютерандық федерация өкілдері қатысуға ниетті екендіктерін білдірді. Ватиканнан дінаралық сұхбат жөніндегі Папа кеңесінің президенті, кардинал Жан Луи Торан, ағылшын шіркеуінен епископ Николас Бэйнс, Константинополь шіркеуінен Франция митрополиті Эммануель, лютерандық федерациядан Бүкіләлемдік лютерандық одақтың Бас хатшысы доктор Ишмаел Ноко бастаған делегациялар қатысады. Иудаизм делегацияларын Израильдің Бас раввині Иона Мецгер және Израильдің Бас сефард раввині Шломо Амар бастап келді. Сонымен қатар Съезд жұмысына Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Жапония, Таиланд және Оңтүстік Корея елдерінен будда дінінің өкілдері қатысты.

    Делегацияларды дәстүрлі діндердегі синтоизм атынан жапондық Синтоистік шіркеу қауымдастығының вице-президенті Цунекие Танака, индуизмді - Индология және дінаралық сұхбатты зерттеу институтының төрағасы Шантилал Сомайя, даосизмді - қытайлық Даосизм қауымдастығының төрағасы Жэнь Фажун, ал зороастризмді Бүкіләлемдік заратуштра мәдени мұрасы кеңесінің президенті Хоми Буржор Дхалла бастап келді.Съезге құрметті қонақ ретінде белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері шақырылды. Олардың ішінде Израиль президенті Шимон Перес, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропа бөлімінің бас директоры Сергей Орджоникидзе, ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос, Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Кьелль Бондевик, БҰҰ Өркениеттер алянсы хатшылығының директоры Марк Шойер және тағы басқа лауазымды тұлғалар болды.

    Съездің бірінші күні "Өзара құрмет пен ынтымақтастық және толеранттылық негізіндегі әлемді құрудағы діни көшбасшылардың ролі" атты жалпы отырыс өтті. Ал келесі күні іс-шара "Моральдық және діни құндылықтар", "Сұхбат және ынтымақтастық", "Пікірлестік әсіресе, дағдарыс кезіндегі пікірлестік" атты үш бөлім бойынша жалғасты. Форум қорытындысы бойынша III съезд қатысушыларының үндеуі қабылданды.

    IV-ші Съез2012 жылы 30-31 мамырда Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі болды. Форумның негізгі тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзаттың таңдауы» болып, онда 40 мемлекеттен 85 делегация қатысты. IV съез барысында діни көшбасшылар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті, онда басымдықтар мен диалог тетіктерін айқындауға және басқа форумдармен және халықаралық ұйымдармен мәдени және экономикалық өзара іс-қимылды ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған.

    Съез қортындысы бойынша қатысушылардың үндеуі қабылданды. Бұл құжатта терең мағаналы рухани үндеулер көрініс тапқан. Діни көшбасшылар бүкіл адамзатты осы жер жарының болашағы үшін өзара іс-қимыл, бейбітшілік пен келісім, әділеттілік пен жасампаздық шақырды.

    V-ші Съез

    2015 жылы 10-11 маусымда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі Астана қаласында өткізілді. Бұл іс-шараға 42 мемлекеттен 80-нен астам делегация келіп, БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі Абдалла ІІ, Финляндия Президенті Саули Ниинистелер қатысты. Форумның жұмысына аса бір өзектілік берілгендігі сол уақыттағы әлемнің әр түрлі нүктелерінде этникалық және діни қақтығыстардың өршіп тұруы мен әлемде геосаяси қысымның жоғарылауы болды.

    Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен даму үшін диалог» болып белгіленді, себебі әлемде тыныштық пен келісімді орнатуға негізгі қадам ымыраға келуге дайын болу. Съезд жұмысының қортындысына сәйкес қатысышылар тарапынан бірлескен декларация қабылданып, түрлі елдердің барлық саяси және діни қайраткерлеріне 21 ғасырдың сын-тегеуіріндері мен қауіптеріне қарсы бірлесе қарсы тұру қажеттігі туралы үндеу жасалдЫ.

    20. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және оның нәтижелері.

     ЕҚЫҰ  ХХ ғ. соңы  мен  ХХІ ғ. басындағы  Еуропа  қауіпсіздігінің басты  элементі  болып  табылады. Сонымен  қатар  алғашынан  бастап ЕҚЫҰ  Еуро-Атлантикалық  сипатқа ие  бола  отырып , құрамына  ТМД елдерін , АҚШ  және  Канада , Орталық  және  Батыс  Еуропа  елдерін біріктірді.  1975 жылы  1  тамызда  Хельсинкиде  Еуропа мен  Америка елдерінің  35  елбасшылары  жиналып , ЕҚЫК-не  қатысты  ресми  түрде қорытынды  акт  жасады.  Бұл  жайтқа  Кеңес  Одағы  мен  Батыс  елдерінің Женевадағы  көп  жылдық  қарым-қатынастары  негіз  болды.  Нәтижесінде ЕҚЫҰ  құрылып , көптеген  халықаралық  құжаттарға  қол  қойылды.

      Қорытынды  актты  дайындау  барысында  келісім  мүшелері  жасалған қауіпсіздік жүйесінің сол кезеңдегі басқа құрылымдардан айырмашылықтарын  көрсетіп  отырды.  Бұл  ерекшелік  ЕҚЫҰ-ның  негізгі қызметі  сырттан  төнген  қауіпті  көрсету  емес , осы  жүйе  ішіндегі қауіптердің  алдын  алу  болғандығында.  Осы  жерде  ЕҚЫҰ-ның  саяси маңыздылығы  оның  біркелкілігінде  жатқанын  айтып  өту  қажет.  Ол  тек қана  саяси  және  әскери  шиеленістердің  алдын  алып , әр  түрлі  аймақтағы  дағдарыстан  кейінгі  жағдайды  қалпына  келтірумен  ғана  емес, адам өмірінің  қауіпсіздігіне  қатысты  және  экологиялық  мәселелерді  де реттеумен  айналысатын  Еуропадағы  жалғыз  құрылым.  Қырғи-қабақ соғысы  жылдарында  ЕҚЫҰ  ядролық  дипломатия аумағынан шыға  алған жалғыз  ұйым  болды [1.1б.]. 

      1992 жылдың  30  қаңтарында  Қазақстан  Республикасы  ЕҚЫҰ-ның  мүшесі  болып  қабылданды.  Бұл  тарихи  оқиға  еліміздің  1975 жылғы  Хельсинки  қорытынды  актісіне  негізделген  жалпыеуропалық  үрдістерге  еркін қатысуға, тәжірибе  алмасуға  деген  ұмтылысын көрсетеді.  Қазақстан  ЕҚЫҰ-мен  ынтымақтастық  барысында  үлкен  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Атап  айтқанда , ЕҚЫҰ Орталық  Азиядағы  экономикалық  жағдайға  қатысты , аймақтың нарықтық  экономикаға  өтуіне  қатысты , экономикалық  реформалар жүргізу ,адам құқықтарын қорғау өңірлік қауіпсіздік салаларында бірқатар семинарлар өткізді. ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының  Үкіметі арасында өзара түсіністік меморандумына  негізделіп , бұл ұйымның демократиялық институттары мен адам  құқықтары  жөніндегі бюросы Қазақстанда  сайлау  заңнамасын , соттық  жүйені реформалау сияқты  жұмыстарды атқаруда. Жылдан жылға ұшталып келе жатқан Батыс-Шығыс  шиеленісі диалогында Қазақстан  делдалдығы  бағасыз [1.1б.].

      Төрағалық  жөніндегі  шешім  ЕҚЫҰ  мүше  мемлекеттерінің  Қазақстанның  әлемдік  процестегі  позитивті  рөлі , оның  құқықтық , демократиялық  мемлекет  құруға  шынайы  ұмтылыстарын  ресми  бағалауы  болды. ЕҚЫҰ-ның тарихында бұл ұйымға мұсылман халқы басым түркі азиялық ел басшылық жасауда. ЕҚЫҰ-ның  төрағасы ретінде Қазақстан күн тәртібіне мәдениеттер мен діндер арасындағы үндестікті жақсарту,шыдамдылықты нығайту мен дискриминацияның барлық түрлерімен күресу сияқты мәселелерді қосуда . 

      Қазақстан  ЕҚЫҰ-ның  реформаларының  басты  субьектісіне  айналды , өйткені  ол – ЕҚЫҰ дағы  батыстың  да , шығыстың  да  елдерімен  жақсы  қарым – қатынастағы  және  ешқайсысымен  қайшылығы  немесе  территориялық  таластары  жоқ  жалғыз  және  ішкі  саясаты  ұлтаралық  және  конфессияаралық  тұрақтылықпен  сипатталатын  бірден-бір  мемлекет.Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-на ең алдымен ұлтаралық,дінаралық,тіларалық келісімнің үздік үлгісін береді.Сонымен қатар,Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа да игі ықпал жасауда [2.1б.].

      ЕҚЫҰ ның  төрағасы  ретінде  Қазақстанның  алдында  үш  бағыттағы  мәселелерді  шешу  міндеті  тұр:  әскери-саяси , экономика-экологиялық  және  гуманитарлық  бағыт. 

      Халықаралық  аренадағы  ең  өзекті  мәселелердің  бірі – ядролық  қаруды  таратпау  режимін  бұзу  тенденцияларының  байқалуы , және  заңсыз  негізде  кейбір  мемлекеттердің  ядролық  қаруды  иемденуі (Пәкістан , Үндістан)  ядролық  қаруға  ие  болмаған  мемлекеттердің  әскери  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажеттілік туғызады.  Қазақстан Республикасы төраға ретінде қатысушы-мемлекеттердің әскери-саяси ынтымақтастығын  ЕҚЫҰ- ның  қауіпсіздік  саласындағы  ынтымақтастық  форумымен  тереңдетуге  ұмтылуда.  ХХІ  ғасырдағы  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықтың  қауіптеріне  қарсы  тұру  жөніндегі  ЕҚЫҰ  Стратегиясының  жүзеге  асырылуына  және  бұдан  басқа  да  ЕҚЫҰ  құжаттарындағы  принцип – нормалардың:  «Әскери  ақпаратпен  жаһандық  алмасу» , «Ядролық , химиялық  және  биологиялық  қарудың  таралмауын   реттейтін  принциптер» , қауіпсіздіктің  әскери – саяси  аспектілеріне  қатысты  ЕҚЫҰ- ның  қауіпсіздік  Кодексінің (1994 жыл  Будапешт)  орындалуына  Қазақстан  мүше - мемлекеттердің  қатысуын  ұйымдастыруға көп көңіл бөлуде.  1996  жылы  қабылданған  ХХІ  ғасырдағы  Еуропаға  арналған  ортақ  және  барлығын  қамтитын  қауіпсіздік  моделі  туралы  Лиссабондық  декларация  Еуропада  ядролық  қарудан  еркін  аймақтарды  құруға  шақырады.  ЕҚЫҰ-  ның  шеңберінде  мемлекеттердің  әскери – саяси  ынтымақтастығын  тереңдету  мәселесі  ЕҚЫҰ  күн  тәртібінің  жеке  бір  мәселесі  ретінде  қарастырылуда ,  өйткені  ұйымның  негізгі  міндеті – қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету [2.1б.].

      Қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  механизмін  жетілдіру  мәселесін  шешу  де  қажет,  оның  көмегімен  қақтығыстардың  алдын  алып , Балқандардағы  қанды  қақтығыс  секілді  жағдайларға  жол  бермеуге  көмегін  тигізеді.  Ол  үшін  Балқандардағы ,  Днестр  бойы (Молдова), Таулы  Қарабахтағы , Солтүстік  Кавказдағы  қақтығыстардың  негізін  түпкілікті  зерттеп , зерттеу  нәтижесі  бойынша талқылау жүргізіп , ЕҚЫҰ- ның  деңгейінде  шешім  қабылдаудың  мағынасы  бар[3.2б.]. 

       ЕҚЫҰ- ның  мүшелері  болып  табылатын  Орталық  Азия  аймағының  қауіпсіздігін 
    қамтамасыз  ету  мәселесі  де  қазіргі  таңда  өте  өзекті.  Орталық  Азия  аймағына  жақын 
    орналасқан ,тіптен  бұл  аймаққа  кіретін  Ауғаныстан  Республикасы  жөнінде  сөз  қозғап  отырмыз.  Бүгінде  бұл  мемлекетте  ЕҚЫҰ-ның  мүшелері  болып  табылатын  мемлекеттердің  көпұлтты  күштері  бұл  елде  қалыптасқан  қарама – қайшылықтарды  шешуге  талпынып  жатыр.  Бұл  мәселені  ЕҚЫҰ-ның  шеңберінде  қарастыру  және  ол  бойынша  рационалды  шешімдердің  қабылдануы – бұл  елде  және  аймақтағы  шиеленісті  азайтар  еді. 

      Қазақстан  болса ,  ЕҚЫҰ-ның  Төрағасы  ретінде  ЕҚЫҰ  құрылымын  жетілдіру  ісіне  өз  үлестерін  қос  алатын  еді.  Біз  білетіндей , ЕҚЫҰ- ның  Бас  хатшысы  өзінің  өкілеті  мен  статусы  бойынша  ЕҚЫҰ- ның  басты  басқарушы  тұлғасы  емес , бірақ  бұл  лауазымның  иесі  ұйым  қызметінің  ағымдағы  міндеттерін тиімді  шешімдермен  қамтамасыз  ете  алады.  Сондықтан , 1992 жылы  қызметі  бекітілген  ЕҚЫҰ  Бас  хатшысының  өкілеттілігін  кеңейтудің  де  мағынасы  бар.  Ал  Төраға  өкілеттілігінің  мерзімі  3-4 жылға  дейін  ұзартылған  жағдайда , Төрағамен  және  басқа  да  қатысушы  мемлекеттермен  қойылған  міндеттерді  шешуде  көлемді , маңызды  істер  жасауда  үлгеретін  еді [3.2б.].

      ЕҚЫҰ -еуропалық  континентте  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастықты  қамтамасыз  ету 
    мәселелерімен  айналысатын  беделді  халықаралық  ұйым.  Басқа  да  континенттерде  ЕҚЫҰ-на  ұқсас  ұйымдар  қызмет  атқаруда.  Мысалы  , құрылуына Қазақстан  бастамашы  болған  , Азияда  АӨСШК-  Азиядағы  өзара  ықпалдастық  пен  сенім  шаралары  бойынша  Кеңес 
    жұмысын  атқаруда.  Ал  Қазақстан  еуроазияттық  ел  есебінде , АӨСШК  құрылуына 
    бастамашы  болған  ел  ретінде  , бұл  екі  ұйымның  арасында  байланыстырушы  негіз 
    ретінде  өзін  көрсете  алады.  Конференциялар  мен  семинарлар  көмегімен  бұл  екі  ұйым  еуропалық  және  азиялық  континенттерде  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастықты  сақтау  бойынша  өздерінің  тәжірибелерімен  бөлісе  алар  еді.  ЕҚЫҰ- ның  атауы  мен  қызмет  ету  аясының   басым  көпшілігі  азиялық  ШЫҰ – Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы  ұқсас.  Бір мезгілде  ШЫҰ -на  және  ЕҚЫҰ-на  мүше  болған,қазіргі таңда ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде Қазақстанның екі жақтың ынтымақтасуында байланыстырушы рөлін атқару міндеті тұр. 

       Сонымен  бірге , ЕҚЫҰ- ның  қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыру да Қазақстан міндеттерінің бірі. ЕҚЫҰ жаһандық экологиялық мәселелерді, соның ішінде бұрынғы емей ядролық полигоны мен Арал теңізіне қатысты мәселелерді шешуде жағымды рөл атқара алады [4.1б.]. 

      Әлемде азық – түлік дағдарысы дами түсіп, азық – түлікке деген  бағалар көтеріліп, ЕҚЫҰ-ның құрамына кіретін елдерде де дағдарыс сезілетіні анық.Сараптамашылардың болжамы бойынша азық – түлік дағдарысы 2015 жылға дейін жалғасуы мүмкін.  Сондықтан , бүгінг күнде азық - түлік дағдарысының өсуіне қарсы  шаралар  жөнінде мәселені ЕҚЫҰ -ның күн тәртібіне қоюымыз керек. Бүкіләлемдік экономикалық форумның Таяушығыстық сессиясында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев азық – түлік қауіпіне байланысты Қазақстан жерін астық, күріш және  басқа да дәнді – дақылдарды өсіру үшін қолдануға әр түрлі мемлекеттердің инвестициялар құюының мүмкіндігі туралы ұсыныс жасады.  Бұл идеяны  ЕҚЫҰ-ның қатысушы-мемлекеттерге де қолданыла алады. Олар да Қазақстан жеріне инвестицияларын құя алады. ЕҚЫҰ ның қатысушы-мемлекеттерінің шетелдік  корпорациялары (АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия және  басқалары) Қазақстанның  мұнай – газ өндірісіне көп мөлшерде қаржы инвестициялап, бұдан  сол елдер мен олардың  халықтары мен Қазақстан да пайдасын көреді. Осыны астыққа да қолдануға болады, және тек Қазақстан жерінде ғана емес, Ресей , Украина , Орталық  Азия мемлекеттерінің жерінде жүзеге асыруға болады. Мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы азық – түлік дағдарысын жеңіп шығу ЕҚЫҰ қызметінің басты векторларының біріне айналар еді [5.11б.].

    ЕҚЫҰ-ның барлық  қатысушы-мемлекеттері  жоспарлы  экономикадан экономиканы басқаруда нарықтық әдістерді  қолданатын экономикаға көшті. ЕҚЫҰ-ның батыстық қатысушы елдерінің нарықтық экономиканы жүргізуде үлкен тәжірибеге ие. ЕҚЫҰ-ның басқарушы органдарында нарықтық экономиканы жүргізудің тәжірибесін беру формаларын талқылауға болатын еді.[5.13 б.]

      Еуропалық мемлекеттерінің теміржол рельстерінің ені ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда, соның ішінде Қазақстанмен де салыстырып қарастырғанда ені бойынша әр түрлі екенін білеміз. Еуропадағы рельс абанының ені 1435 мм құраса, ТМД елдерінде ол 1520 мм құрайды. Еуроазиялық кеңістікте жыл сайынғы жүктердің қозғалысы 600 миллиард долларға бағаланады. Сонымен  қатар, қаржы мен қатар уақыт та үнемделінбейді. ЕҚЫҰ -ның қатысушы мемлекеттері теміржол колеясының енін  өзгертетін мемлекеттердің темір жол саласына инвестициялар  құю мәселесін талқылап, Еуропалық  Одақ, ЕурАЗ эқ – ТМД, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК), Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия (ЭСКАТО)  , Еуропалық қайта құру мен даму банкі және Азиялық даму банкі потенциялдарын қолдану  арқылы барлығын бірден емес біртіндеп жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

      ЕҚЫҰ -ның Төрағасы ретінде 1975 жылғы ЕҚЫҰ -ның алғашқы және негізгі құжаты Хельсинкилік Қорытынды актісі талап еткендей, Қазақстан да мемлекеттердің бұл жаһандық транспорттық экономикалықынтымақтастығының нығаюына айтарлықтай үлкен рөл атқарып,  транспорттық  жүйенің дамуына үлесін қоса алады [6, 35б.].

      Қазақстанның  2010 жылы  ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аталған халықаралық Ұйымға Шығыс Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің сенімін нығайтуды жоспарлауда. Қазақстан өзінің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезеңінде, Ауғанстанды қоса алғанда,  Орталық  Азия проблемаларына назарды күшейтетінін және лаңкестікпен , ұйымдасқан қылмыспен  , есірткі  трафигімен , адам және қару – жарақ саудасымен күрес бағыттарында  белсенді жұмыс жүргізу қажеттігін басты міндеттерінің бірі деп есептейді.Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы үндестікті сақтаушы ретінде Ұйымның рөлін нығайтуға талпынуда [2.1б]. Жоғарыда көрсетілген кейбір міндеттер Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуінің басымды міндеттері ретінде белгілей аламыз,ал Қазақстан олардың міндетті түрде орындалуына бар күшін салуда.
    1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45


    написать администратору сайта