Главная страница
Навигация по странице:

  • 28. Рухани жаңғыру бағдарламасы және оның тарихи маңызы.

  • 29. Қазақстандағы жастар саясаты және рухани жаңару жолдары.

  • 30. Дүние жүзі Қазақтарының құрылтайы. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастарымыздың қайтып келуі.

  • 33.Қазақстанда қазіргі кезеңдегі

  • Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары


    Скачать 1.03 Mb.
    Название1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
    Дата17.01.2022
    Размер1.03 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТарих ответы экзамен .docx
    ТипДокументы
    #333098
    страница44 из 45
    1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

    27.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

    Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен РесейҚытайАҚШЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының ВашингтонМәскеуБрюссельЛондонБейжіңКаирТегеранТашкентБішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

    28. Рухани жаңғыру бағдарламасы және оның тарихи маңызы.

    Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. Елбасы бастамаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыс жоспары бекітілді, өңірлік жоспарларды іске асыру мақсатында жобалық офистер құрылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, аударма бюросының жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 бағыт бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманауи білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды. 2017 жылы осы тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды. Жобаны жүзеге асыру үшін Ұлттық аударма бюросы құрылды. Жобаның мақсаты – гуманитарлық бағыттағы әлемнің ең үздік оқулықтарын қазақ тіліне аударып, елдегі барлық жоғары оқу орнына жеткізу, сол арқылы гуманитарлық білім мен ғылымның мазмұнын жаңарту. Аударылатын оқулықтарды іріктеу барысында 800-ден аса ұсыныс түсіп, арнайы жұмыс тобының қарауына жіберілді. Оқулықты таңдауда бірнеше талап ескеріледі: әлемнің ең озық 100 университетінің оқу бағдарламасында болуы; кемінде үш басылымда жарық көруі және соңғы 3 жылда басылып шығуы; мазмұнының бейтарап сипатта болуы; заманға сай, түрлі интерактивті қосымшаларының болуы. Аталған талаптардың негізінде 47 оқулық аударылды. Әр оқулық 10 мың данамен басылып, еліміздегі 132 ЖОО-ға таратылды. Оқулықтардың басым бөлігі ағылшын тілінен, сонымен қатар француз және орыс тілдерінен аударылған. Бұл кітаптардың кейбірінің орыс тіліндегі нұсқасының болуына қарамастан, оқулықтың түпнұсқа тілінен тікелей аударылуына баса мән берілді. Іріктелген оқу құралдарын қазақ тіліне аударуға Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының оқытушылары, білікті аудармашылар мен редакторлар тартылды. Аударма барысында арнайы мамандардың ғана емес, оқырман тарапынан келіп түскен ұсыныстар да ескеріледі. Кез келген оқырман 100kitap.kz сайтындағы кері байланыс жүйесі арқылы өзінің ой-пікірін білдіре алады. Нәтижесінде, соңғы 10 жыл бойы бестселлер қатарынан табылып жүрген Стивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», әлем назарын аударған Ювал Хараридің «Sapiens: адамзаттың қысқаша тарихы», «Homo Deus: болашақтың қысқаша тарихы», «XXI ғасырға 21 сабақ» туындылары қазақ тіліне аударылды. Оқулықтардың электрондық нұсқасы да әзірленіп, олар «Қазақстанның ашық университеті» – OpenU.kz платформасына жүктелген. Қазіргі таңда платформада 172 курс қамтылған, оған тіркелген қолданушылар саны 46 мыңнан, ал қазақ және орыс тілдеріндегі дәрістер саны 4000-нан асады. Бейнедәрістермен қатар, тапсырмалар мен қосымша оқу материалдары, тест сынақтары және конспектілер беріледі. Өткен жылы 9 мыңға жуық сөзді қамтитын «Қазақ тілінің кірме сөздерінің сөздігі» дайындалып, басылып шықты. Сонымен қатар «Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі» және «Оксфорд экономика сөздігі» жарық көрді. Сөздіктер 10 мың данамен басылып, көптеген оқу орындарына таратылды. 2020 жылы Оксфорд баспасымен бірлесіп, көлемі мың беттен асатын «Oxford Kazakh Dictionary» қазақша-ағылшынша және ағылшынша-қазақша сөздіктерді шығару жоспарлануда. «Туған жер» бағдарламасының іске асырылуы «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», - деді Н. Назарбаев. Бұл бастама аясында қолға алынған жоба қазақстандықтарды туған өлкесін дамытуға тартуды, жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен азаматтық қоғамды жұмылдыруды мақсат етеді. Ол қазіргі таңда екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда: өлкетанулық қызмет және меценаттықты дамыту. 2019 жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында республика деңгейінде 12 мыңнан аса іс-шара өткізілді. Осы мақсатта жалпы көлемі 62 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған болатын. Соның ішінде 14 млрд теңге мемлекеттік бюджеттен жұмсалса, қалған 48 млрд теңге демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен тартылды. Жалпы, 2017-2019 жылдары еліміз бойынша 11 173 меценат және 274 млрд теңге көлемінде қаражат тартылған. Сонымен қатар 2019 жылы 825 жаңа нысан салынды және 547 нысан жаңартылды. Меценаттардың қолдауымен мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары т.б. салынған және жөндеуден өткізілген. Мәселен, қыркүйек айында Қостанай облысында меценаттардың атсалысуымен мектеп оқушыларының жаңа заманауи технологияларды еркін игеруі үшін 3 IT-технология және робототехника кабинеті жасақталды. Қарағанды облысы Степное ауылында мәдениет үйінің ғимараты демеушілер есебінен жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Ақмола облысында «Нұр Астық» ЖШС есебінен Мықтыкөл ауылдық мектебінің ғимараты жөндеуден өткізілді. Солтүстік Қазақстан облысында «Дайындық Агро» ЖШС-ның демеушілік көмегімен Дайындық ауылының жолдары 60 млн теңгеге жөндеуден өткізілді. Ақтөбе облысының Темір ауданында «Сәт» шаруа қожалығы басшысының қолдауымен Бірлік ауылында көпір салынды. Алматы қаласында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен 1200 орынға арналған мектеп, 500 адамға арналған емхана, «Жарыс Арена» кешені салынды. Орталық мәдениет және демалыс саябағын жөндеу жұмыстары аяқталды. Қызылорда облысында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен: Шиелі ауданында спорттық-сауықтыру кешені құрылысына қолдау көрсетілді; Ақүйек және Өзгент ауылдық округтерінде медициналық амбулаториялар қолданысқа берілді; Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округінде 80 орынға арналған балабақша салынды. Маңғыстау облысында демеушілер мен меценаттар қаражаты есебінен 500 орынға арналған мәдениет үйі, 12 спорт кешені мен 39 балалар ойын алаңы салынды. «Өлкетанулық қызмет» бағыты бойынша туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатымен 5-7 сыныптардың мектеп бағдарламасына «Өлкетану» оқу курсы енгізілді. Жалпы білім беретін орта мектептерде 1670 мектеп музейі , 2179 өлкетану үйірмесі жұмыс істейді. Олардың жұмысына 46,9 мың бала, 93 оқушылар сарайы, 4 жас натуралист сарайы, 18 аула клубы тартылған. 3 жыл ішінде (2017-2019 жылдары) 1 млн астам оқушы қамтылды. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы Жоба аясында өлкедегі киелі орындарды анықтау, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, олардың картасын жасау көзделген. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық музей жанынан республикалық «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстанның қасиетті жерлерін анықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы «Қасиетті Қазақстан» орталығының жанынан құрылған ғылыми-сараптамалық кеңес отырысы өткізілді. Нәтижесінде Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлерінің тізімі толықтырылып, олардың саны 206 нысанға, ал жергілікті маңызы бар киелі жерлерінің саны 575 нысанға жетті. Сонымен қатар Қазақстанның киелі жерлерінің тізіміне енген, республикалық маңызы бар 23 тарихи және мәдени ескерткішке ғылыми реставрациялау жұмыстары жүргізілді. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи, Айранбай кесенелері; Аппақ ишан, Ақыртас кешендері; Ескі Түркістан, Отырар, Сауран, Сығанақ қалашықтары; Сырымбеттегі Уәлихановтар үйі т.б. бар. Ал «Бозоқ» музей-қорығы үшін елордадағы Есіл ауданынан 412,6 га көлеміндегі жер учаскесі бөлінді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің арасында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөніндегі өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Биыл қорық аумағында орналасатын нысандардың (визит орталық, археологиялық парк) жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, ал келесі жылдан бастап құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ өткен жылы «Ботай қонысындағы әлеуметтік-экономикалық және дүниетанымдық контекстерді зерттеу және қайта құру» ғылыми жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай қонысының маңынан көне Ботай мәдениетінің үйі салынды. Алматы облысындағы «Таңбалы», Түркістан облысындағы «Отырар» музей-қорықтары сапар орталықтарының құрылысы аяқталды. 2019 жылы 1 желтоқсанда «Отырар» музей-қорығының сапар орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының сапар орталығының құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. Қазіргі уақытта Күлтөбе қалашығында археологиялық зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде, 15 ғылыми қызметкер мен 40 зертханашы жұмыс жасауда. Археологиялық саябақ құру бойынша жұмыстар 2021 жылы толық аяқталады. Жалпыұлттық киелі нысандар туралы мобильді форматтағы 30 дана бейнеролик түсіріліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әлеуметтік желілерде таратылды. Қазақстанның киелі жерлерінің жалпыұлттық тізіміне енген 15 нысанның 3D моделі жасалды олардың ішінде: саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Алжир» мемориалды кешені, Қабанбай батыр кесенесі, Қосбатыр-Құмай мемориалдық кешені, Кенесары үңгірі, Беспақыр, Рабия Сұлтан Бегім, Гауhар ана, Есім хан, Ибраһим ата, Қарашаш ана, Үкаша ата, Қарабура, Домалақ ана, Хақназар хан кесенелері, Бірлік – Ордабасы кешені бар. «Қасиетті Қазақстан» энциклопедициясының қазақ және орыс тілдерінде 3-ші томы жарыққа шықты. Онда Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарының киелі жерлері қамтылған. Жоба аясындағы жұмыстар биыл да жалғасады. Киелі жерлер көп шоғырланған өңірлерде: Алматы облысындағы «Есік», Түркістан облысындағы «Ордабасы» және «Әзірет Сұлтан» музей-қорықтарында сапар орталығының құрылысы басталады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында жоспарланған «Ежелгі Отырар қаласын ішінара қалпына келтіру» жобасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланған. Оның ішінде көне қалашықтың 10 нысанын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақстандағы киелі жерлер туралы деректі фильм («Туркестан – вчера, сегодня, завтра») түсіріледі. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыру Жоба шеңберінде қазіргі заманғы қазақ әдебиетін Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған 6 тілге аудару көзделген. Аударылған шығармалар заманауи қазақ әдебиеті прозасының антологиясы мен заманауи қазақ әдебиеті поэзиясының антологиясына енгізіледі, бұл антологияларды да БҰҰ тілдерінде басып шығару қолға алынады. Поэзия және проза жанры бойынша 30 қазақстандық автордың қазіргі заманғы 290 шығармасы ағылшын, француз, испан және орыс тілдеріне аударылды. 2019 жылы Лондон қаласында «Заманауи қазақ әдебиеті прозасының антологиясы» мен «Заманауи қазақ әдебиеті поэзиясы антологиясын» таныстыру шаралары өтті. Қазақ әдебиетінің жауһарларының жинақтары ағылшын тілінде 100 052 данамен жарық көріп, әлемнің 94 еліне таратылды. Шетелдерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды: кітап, фото және өнер туындыларының көрмесі; Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы фильмдер көрсетілімі; қазақстандық шығармашылық ұжымдардың концерті; дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар. Бұдан өзге, шетелдік БАҚ-та 100-ге жуық мақала жарық көрді. Шетелдерде қазақ әдебиетінің танымалдығын арттыру мақсатында сол елдердегі Қазақстанның ресми мекемелері қазақстандық жазушылардың туындыларын шет тілдеріне аудару және басып шығару бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің парсы, малай, поляк, голланд және португал тілдеріндегі жинақтары дайындалды. Анкара қаласында Халықаралық түркі академиясы басып шығарған «Түркі интеграциясының архитекторы» кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру жөніндегі Нахчыван келісімінің 10 жылдығына орайластырылды. Жинаққа Түркі кеңесі мемлекеттері басшыларының, сондай-ақ шетелдік ғылыми және мәдени қайраткерлердің мақалалары енді. Сонымен бірге профессор Г. В. Канның «Қазақстан тарихы» атты кітабы қытай тіліне аударылды. Мәскеудегі «Современник» драма театрында қазақстандық драматург Р. Мұқанованың ақиық ақын Ф. Оңғарсыноваға арналған «Фариза» спектаклінің премьерасы өтті. Канадада, Иорданияда, Швецияда, Румынияда, Франция және Беларусьте қазақстандық кино фестивальдері өткізілді. Шетелдік көрермендерге отандық режиссерлердің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Көшбасшы жолы. Жұлдыздар тоғысқанда», «Әміре», «Әруақ», «Талан», «Анаға апарар жол» және т.б. фильмдері көрсетілді. Осы рухани жаңғыру жобасының арқасында бүгінде еліміз көптеген жетістікке жетіп отыр. Қазақстанды экономикалық,әлеуметтік жағынан дамытуда бұл жобаның рөлі аса зор деп ойлаймын.Рухани жаңғыру ұлттың кемел болашағы,әрқашан елімізді жоғарғы деңгейде дамытатын ірі жобалардың бірі деп пайымдаймын.Және болашақта да осындай ірі жобалардың жарыққа шығарына сөзсіз сенімдімін.

    29. Қазақстандағы жастар саясаты және рухани жаңару жолдары.

    Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары. «Нұр Отанның» жастар қанатының қызметі. Жастарды патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы. Жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу. ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан – 2020» даму бағдарламасы.

    Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ). Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003 ж. 1-ші съезі, 2006 ж. 12- 13 қыркүйектегі ІІ съезі, 2009 ж. 1-2 шілдедегі ІІІ съезі. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты.

    30. Дүние жүзі Қазақтарының құрылтайы. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастарымыздың қайтып келуі.

    Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.

    Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.

    Алматы көші-қон комитетінің мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткені тұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.
    Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шекараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.

    «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді

    32.ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы.

    Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемде саяси, экономикалық, қоғамдық орны бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Әлемдік өркениеттің биік өресін танытатын өзгеше әлем адамзат жаралғалы тарихтан белгілі, көне замандардан бастап дамудың небір сатыларынан аман-есен өтіп, әлемнің жоғары деңгейге жетуі үшін талай жаңалықтар ашты. Жер жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. ХХІ ғасыр қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында болып жатыр. Сондықтан еліміздің дамуын, қарқынды өркендеуін насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі жұмыс істеуі ең алдыңғы шаруа болып есептелмек.

    Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

    Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттар. Ал, оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. Сарапшылар БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:

    - жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;

    - арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;

    - ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы;

    - тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.

    1840 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады[1].

    БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады[2].

    Адамзат тарихы əуел бастан жəне көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, əлеуметтік мəжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дəлелдеп келеді... Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мəдени-тарихи тəжірибесінің жиынтығы, ерекшелік белгісі жəне тұрақты атрибуты, күрделі бірегейлік рəміз жəне оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы».

    Одан ары бұл автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқталып, тілді жаңғыртудың ұлтты жаңғырту екендігін, қазақ тілінің аясының кеңеюіне орай тіл саясатын жүргізу қажеттілігін, мемлекеттік-тілдік құрылыстың өзекті мəселерін талдай келе, «тілдік манкуртизмнің тұтас қоғамды емес, эгоистік жəне тұтынушылық желіктің жетегіндегі нақты адамдардың адамгершілік кертартпалылығын жəне рухани жеңілісін білдіретін ұят құбылыс» деп көрсетеді жəне терминологиялық модернизацияда «Алаш» қайраткерлерінің тəжірибесін пайдалануды еске салады: «Мағжан Жұмабаев педагогика саласында, Жүсіпбек Аймауытов психологияда, Халел Досмұхамедов зоология мен физиологияда, Жұмахан Күдерин ботаника саласындағы терминдерді жасақтаумен айналысты. Əлімхан Ермеков математикалық ұғымдар мен терминдерден бастап, жоғары математика курсының қазақ тіліндегі тұтас жүйесін жасап шықты»[3].

    Қазақстандағы БАҚ-тың дамуы

    Қазақстан халқы Ассамблеясының үшінші сессиясы 1996 жылдың 29 сəуірінде өтті жəне ондағы елбасының баяндамасы «Қоғамдық келісім – Қазақстанның демократиялық дамуының негізі» деп аталды. Онда «Қазақстанның азаматтары елдің мемлекеттік тілін құрметтеуі керек жəне оны оқып-білуге дайын болуы керек, өйткені бұл – ел тұрғындарының көпшілігінің ана тілі əрі ол болашақта мемлекеттік тіл ретінде үстемдік ететін болады»[4]. Одан əрі келесі, төртінші сессиядағы баяндама «Тарихи жады, ұлттық келісім жəне демократиялық реформалар – Қазақстан халқының азаматтық таңдауы» деп аталды да, Президент мынаны атап өтті: «Ең алдымен мемлекетқұраушы этнос ретіндегі қазақтардың рөлі туралы айту керек. Қазақстанның тəуелсіздігі – қазақтарға сыйланған тағдырдың тартуы емес, күреспен келген өз ата-бабасынан қалған жерінде өз мемлекеттілігін құруға деген лайықты құқығы. Бұл кесімді тарихи жəне саяси айғаққа ешкім де күдік келтіре алмайды»[5].

    Қазақстан халқы Ассамблеясының 1999 жылдың 21 қаңтарында өткен бесінші сессиясында Елбасы былай дейді: «Қазақ халқының ұлттық тəуелсіздікке деген ішкі терең қажеттілігін қайта бағалау өте қиын. Ол ел тұрғындарының абсолюттік көпшілігін құрайды жəне өзінің тарихи-этникалық территориясын мекен етеді. Өзінің жалғыз тарихи Отанын үнемі қорғайтын қазақ халқының арқасында ғана қазақстандықтар территориясы жағынан əлемде тоғызыншы орын алатын мемлекетте тұрады»[6].

    Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ата заңымыз және Республика Президенті – ақпарат құралдары бостандығының кепілі. Осы орайда БАҚ-ты құруда болған қиындықтарға тоқталар болсақ, қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытта БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады[7].

    Біріншісі кезең. Жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы.

    Екінші кезең. Ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы.

    Үшінші кезең. Еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.

    Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктің жоғары екендігін сезінді. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік орнады. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келе бастады.

    Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Осыған орай, елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    Осы заңдардың қай-қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.

    Бастау бұлағы сонау көне Түрік заманынан бастау алып, Алаш қозғалысынан терең тамыр тартатын, байырқалайтын тұсы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісімен тұйықталатын тағлымы зор тарихи бірізділігімен ерекше Ұлттық идея – Алаш идеясының бүгінгі жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы мен философиялық салмағы, əлеуметтік қуаты жоғары. Бұл ретте тарихи тұрғыдан тəрбиелеу мəселесi, атап айтқанда, сол аға буынның қабырғасын «Қазақ елі – мəңгілік ұлттық идея. Мазмұнын ашуда тың түсініктер керек, олардың біразын атап айтсақ: өркениеттік өлшем, өркениеттік шешім, өркениеттік келісім, өркениеттік ізденіс, өркениеттік сана, өркениеттік тұрмыс, əлем халықтарының өркениеттік үрдістерін қабылдай білу жəне соған бейімделе отырып, елдік құндылықтарымызға жаңа сапалық өріс ашу, соның нəтижесінде Президент Нұсұлтан Назарбаев көрсеткендей, əлемдегі өркениетті елу елдің қатарына ену».

    Одан əрі академик ойын былайша жалғастырады: «Қазақ елі – мəңгілік ұлттық идея. Елдің мəңгілігін армандаудан асқан қандай асқақ идея болмақ. Əрбір жеке адамның ғұмыры өлшеулі болғанымен, ол ұрпағымен мəңгілік. Сондықтан бұл болашаққа бастайтын, келешекке деген нық сенім қалыптастыратын идея. Сонымен бірге, қазақ елі мəңгілік деу – ұрпақтар алмасуына, олардың сабақтастығына, солармен бірге халықтың табиғи құндылықтарының жасампаздығына деген сенім. Осылай дей отыра, қазақ елі – мəңгілік дегенде, біз бүгінгі бар тарихымыздың баяндылығы туралы қалыптасатын байсалды сана туралы айтпақпыз»[8].

    Жетістігің бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады. Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді:

    • Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.

    2. Отандық және мемлекеттік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту.

    3.Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу.

    Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың
    одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етуде.

    БАҚ-тың “төртінші билік” болып саналатынын жоғарыда да айтқан болатынмын. БАҚ еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып және қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық екені даусыз. Себебі, бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз, яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес. Демек, тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерттеп, ескеруіміз тиіс.

    БАҚ қызметі өткен, болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөнінде тәжірибелі түсініктерге негізделе отырып, қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі, төртінші билік – бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті, оны ешкім ешнәрсемен теңестіре алмайтынына дау жоқ.

    Билікке оппозицияда жүрген қоғам қайраткері Дос Көшім мемлекеттік саясаттағы ұлтсыздық идеологиясына назар аударса[9], Берік Əбдіғалиев пен Асқар Ахмеджанов ұлттық идеяны «қазақ миссиясынан» көреді[10]. «Қазақ миссиясы» қазақ ұлтының жаңару (модернизация) тұжырымдамасын білдіреді жəне бұл құжатта «қазақ арманы», «қазақ тағдыры», «қазіргі қазақ болмысы» сөз болады жəне «қазақ миссиясы» тарихи тұрғыда соңғы сатысы азаматтардың саяси ұлтының құрылуы болып табылатын ұлттық өзіндік сананың қалыптасу кезеңі ретінде» қарастырылады[11]

    Қазіргі таңда тек қана Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елдерінде сауда мен өндіріске негізделген БАҚ – адамгершілік және моралдық құндылықтарға емес, экономикалық пайда жағын алға тартуда.

    Бұл жерде маңызды әрі шешім қабылдайтын нәрсе: ұлттық және жергілікті ақпарат құралдарының не қалайтынын және БАҚ-ның елімізге, Қазақстан Республикасының болашағына қалай қызмет ететіні маңызды болуда.

    Өзінің «Ұлттық идея жəне идеология» деп аталатын еңбегінде академик Д. Кішібеков оны былайша тарқатып айтады: «Мемлекеттік ұлт деп, егер ол тұтас мемлекетті қамтыған жағдайда (ұлттық біртұтас мемлекет) немесе ұлттық гомогендіктің (біртектіліктің) тасымалдаушысы болған жағдайда аталады. Алайда бұл ұғымның астарынан, сондай-ақ бірнеше ұлттарды қамтитын кейбір мемлекетте (мультимəдени) қалыптаса алатын біртұтас сананы білдіретін жетекшілік рөлді аңғаруға да болады. Ал егер ұлттық əралуандылықты құрайтын бір ұлттың жағдайына келсек, онда ол субұлтты білдіреді. Ақырында, мəдени ұлт дегеніміздің мемлекетке бірегейленуге қатысы жоқ ұлтты айтады. Бұл ұлт біртұтас ұлттық мемлекет құруға қабілетсіз немесе бірнеше мемлекеттерге бөлінген болуы да мүмкін»[12].

    Қазақстанның тəуелсіздігінің нығаюы барысында елімізді мекендейтін əртүрлі ұлт пен дін өкілдерін бір қоғамға біріктіріп, ұйыстыратындай ұлттық идеяны қалыптастыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор еңбегі бар екенін атап өту керек. Президент ұлттық идеяны қазақ халқының қоғамды топтастырудағы жұмылдырушы (консолидацияландырушы) рөлімен байланыстырады. Мұны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында сөйлеген сөздерінен аңғаруға болады. Мысалы, Қазақстан халқы ассамблеясының 1995 жылғы 24 наурыздағы бірінші сесиясындағы оның баяндамасы «Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін» деп аталды жəне онда былай делінді: «Уақыттың ауыр сынынан өткен қазақ халқының бай да күрделі тарихы бар. Бүгінгі күні ол Қазақстанда тұратын барлық халықтарға көмек беруі тиіс, біздің бірлігіміздің түбірлерін дұрыс түсініп, кез келген тарихи түртпектеуді теріске шығаруы қажет, өйткені артқа көз сала отырып, келешекті көруіміз керек»[13].

    Қазақстандағы БАҚ мәселелері және шешу жолдары


    Қоғамның пікірін қалыптастыру, ақпаратпен қамтамасыз ету, ағарту, ойын-сауық, хабар беру және экономикалық жағынан үлес қосу сияқты қызметтер ақпарат құралдарының қызметі бола тұра, мәселелері де жоқ емес:

    • Біліктілікті арттыру;

    • Экономикалық мәселелер;

    • Журналистердің танымалдығы;

    • Жұмыспен қамту (жалақы);

    • Ақпарат құралдарының еркіндігі және этикалық жағдайы;

    • Tираж, жарнама және тарату жолдары;

    • Жергілікті ақпарат құралдарының мәселелерін қолға алу.

    • Құқықтық мәселелер.

    Өтпелі кезеңде жəне одан кейінгі даму барысында, əсіресе XXI ғасырдың табалдырығында Қазақстанда бірнеше үлгілер ұсынылды жəне ұлттық идея төңірегінде академик Ə. Нысанбаев бастаған қызу пікірталастар баспасөз бетінде жарияланды[14]. «Ұлттық идея: талқылауға ұсыныстар» деп аталатын академик бастаған бір топ ғалымның пікірлері баспасөз беттерімен қатар, мерзімдік арнаулы ғылыми басылымдарда да жалғасын тапты. Бұл тақырыпқа қатысты Философия жəне саясаттану институты бірнеше көлемді монографиялар жариялағанын да жоғарыда атап өттік[15].

    2004 жылдың тамыз айында «Казахстанская правда» газетінде Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Ұлттық болмыстың негізі» деп аталатын көлемді ғылыми-көпшілік мақаласы жарияланды жəне бұл еңбекте ұлттық идея тілмен байланыстырылды. Автор мынадай түйінді ойлар айтады: «Тіл қашанда ұлттық идеяның басты құрамдасы жəне мемлекеттік идеологияның негізі болды. Оның үлгілерін қазіргі заманғы тарихтан көптеп келтіруге болады...

    XXI ғасырдың басындағы ұлттық идеяны іздестіруді алдыңғы ғасырдың басындағы зиялы қауымның ұлттық сананы оятуға ұмтылуымен салыстыруға келеді. Мысалы, Алаш арыстарының бірі Жүсіпбек Аймауытов большевизмнің билік басына келе бастаған тұсындағы ұлт саясатының тағдыр талайын бағамдап, ұлт бостандығын көксеп, қазақ елінің келешегіне алаңдап «Ұлтты сүю» деген мақала жазса[16], жас көсемсөзші-журналист Амангелді Кеңшілікұлы «Қазақстан» газетінде «Қазақты сүю» деген мақала жазды[17].

    Бүгінгі күні де қазақ халқының ұлттық идеясына қатысты өзекті мəселелер күн тəртібінен түспей отыр. Жаhандану дəуіріндегі қазақтың мұң-мұқтажына алаңдаушылық танытқан саясаттанушы Б. Əбдіғали қазақ жобасын, қазақ идеясын, қазақ ойын, қазақ сөзін, қазақ саясатын, қазақ миссиясын, қазақ даңқын қозғайтын «Қазақ» альманағын жариялауда. Аталмыш еңбектерде дəстүрлі жəне қазіргі дүниетанымдық бағдарлар мен құндылықтардың, мақсат-мүдделер мен мұраттардың тұтастай кешенімен сипатталатын ұлттық идея қазақ халқының рухани мəдениетінің тарихынан да, бүгінгі əлеуметтік-мəдени өмірінен іздестіріледі жəне бұл біздің диссертациялық зерттеудің əдіснамалық негізін айқындауға септігін тигізеді.

    33.Қазақстанда қазіргі кезеңдегі этникалық процестер және демографиялық жағдай.

    Қазақстан әлемдегі көп ұлтты мемлекеттердің бірі. Онда тегі, тілі, мәдениеті әр түрлі, бірак тарихи тағдыры ортақ 130 ұлт пен ұлыстың өкілі (этностар) тұрады.

    Олар:

    1) еліміздің негізгі халқы қазақтар;

    2) бұрынғы КСРО республикаларында тұратын адамдар тобы

    (орыстар, украиндар, белорустар мен молдавандар);

    3) алыс шет елдерде тұратын адамдар тобы (немістер, поляктар, еврейлер, кәрістер, гректер).
    1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45


    написать администратору сайта