РЕФЕРАТ. Реферат таырып Платон " Мемлекет " Орындаан Мратхан
Скачать 177.36 Kb.
|
"Тұран-Астана" университеті "Гуманитарлық-заң" факультеті "Психология және қоғамдық-гуманитарлық пәндер" кафедрасы РЕФЕРАТ Тақырып: Платон "Мемлекет" Орындаған: Мұратхан Қ. Тексерген: Каликов Р.Қ. Астана 2017 жыл Жоспар 1. Платонның «Мемлекет» шығармасы 2. Тәрбие мәселесі 3. Мемлекеттің түрлері 4. Мемлекет ізгілігі 5. Мемлекеттің халқы және соғыс мәселесі 6. Мемлекеттегі өнер мен таным 7. Жетілген мемлекет 8. Қолданылған әдебиет Платонның «Мемлекет» шығармасы Платон диалогтарының ішінде ең маңызды және атақтыларының бірі- «Мемлекет» болып табылады. «Мемлекет» шығармасын атақты жасаған оны баяндау шеберлігі, кітаптың мазмұны және шындыққа жақындығы. «Мемлекеттің» қалған шығармалардан артықшылығы – философиялық ойдың көп жақты қолданылуы. Бұл шығарманың тақырыбы әділеттік және оның бір ұғымы этика болып табылады. Бірақ осы сұрақтарды қарастырғанда Платон философияның негізгі сұрақтарының бәрін қарастырып өтеді. Бұл шығарманы құрастырғанда Платон табиғат туралы, адамдардың қарым қатынасы туралы, мемлекттің құрылуы және оның адамдарының сословиелер туралы және осы мемлектті қалай басқару керектігі, азаматтардың тәрбиеленуі және оларға білім беру қарастырады. Бұл шығарманың атауы өзіне сай келмейтін сияқты, бірақ ол түсінікті, ол кезде қазіргі кездегі жүйе деген мағынадағы термин болған жоқ. «Мемлекет» өзінің көлемі мен мазмұны, қолданылған материал мен ой тереңдігі мен көпжақтығы, зерттеліп жатқан тақырыбы жағынан Платон шығармаларындағы ерекше роль алады. Сократ жанындағы адамдарға айтқысы келген «мұрат» (идеал) туралы ойлары, адам өмірінің барлық жағын қарастырады; адамның өзін, жануясын, тұратын еліннің барлық этникалық, эстетикалық жақтарынна қарастырады. Ол кітаптың бірінші бөлігі болып табылады, одан кейін «Тимей» космостағы идеалды құру, «Критий» идеаль қоғам құру мен оны іске асыру туралы жазды. «Тимей» мен «Критий» Платонның өмірінің соңында жазса, «Мемлекет» IV ғасырдың 70-60 жылдары жазылған. Бұл диалогтың мағынасын Кефальдың үйінде Сократ сөздерінен көреміз және оны ертесі достарына айтып береді. Бұл диалог бірнеше сағатқа созылған, Пиреяда Афинаға жақын жерде күндізгі құдайға арналған марш пен кешкі факелмен жүгіру аралығында болды. Бұл диалогта жоғарғы орынды Сократ пен Платонның бауырлары Аристона Адамей мен Главкон алады, екеуі де философияға қатысы жоқ, бірақ Платонның «Сократ апалогиясы» мен «Парменидте» аттары кездеседі. Сократ Главконды мемлекет басқарудан бас тартқызады. Бұл диалог Кефал деген қартайып қалған атақты сицилиялық оратордың үйінде болады, оның баласы Лисакия, атақты оратор Лисия сонымен қатар Кефал шақыруымен келген балалары Олемарх мен Лисия, қонақтар арасында софист Уалкедоннан келген Фрасимах болады. Осы Фрасимах пен айтысу кезінде Сократ өзінің ойларын шындығын дәлелдейді. Платонның айту бойынша философтар дегеніміз өзі тепе-тең заттарға жете алатын адамдар. Өз ойларында өзі шатасып жүрген адамдар олар философтар емес. Сол жерде, ол адамдар суретшілер сияқты жоғарғы шындыққа жете алмайтын және оны мұқият шығарады. Тәрбие Платонның айтуы бойынша, адамдарды дұрыс тәрбиелеу дегеніміз адамдық жаман қасиеттерден арылту. Адам дүниесіндегі көптеген жақсы жақтар оның денесіне жазылып қойылады, ол адамның шыныққанынан пайда болады және өмір бойы болады. Платонның айтуы, бойынша ойлау дегеніміз «горазда более божественное происхождение». Ол «ешқашан өз күшінен айрылмайды, бірақ оның бағыталуына байланысты, керекті және пайдалы немесе керексіз және пайдасыз» деп бөлуге болады. Түрі жаман адамдардың ақылы терең болуы мүмкін. Егер табиғаттан пайда болған нашар қасиеттерін жастық кезде алып тастаса, ол шындыққа бой бұруы мүмкін. Мемлекет басқаруға шындыққа бой қойған және өмір бойы өзін өзі түзеп келе жатқан, адамдар қоғамдық істерге араласа алмайды. Жетілген мемлекетерде жоғарғы нәтижеге жеткен, шындыққа жеткен адамдар осы жеткен жерінде тоқтап қалмай, оны одан ары дамытып жоғары ұмтылуы керек. Бұл жетілген мемлекеттерде халықтың белгілі бір тобының жоғарғы дәрежеге шығуы емес, мемлекет халқының бүкілін жоғарғы дәрежеге жетуін мұрат тұтады. Бұл жағдай философтарға дұрыс қарамау емес. Жетілмеген мемлекеттерде философтардың мемлекет дамуына қатыспауына мүмкіншілік бар, бұл елдерде философтар мемлекетке қарамай өздері дами береді. Бұл елдерде философтардың шығынын мемлекет өтемейді. Жетілген мемлекет философтары осы мемлекет алға қойылған мақсаттары мен өзі алдына қойған мақсат жолында тәрбиеленеді. Олар жақсы және жетіліп тәрбиеленеді. Сондықтан, олар жеткен орында тұрып қалуға құқылы емес. Осы айтылғандар орындалған кезде ғана, қазіргіндей мемлекетті басқару үшін, жаңа іс үшін соғысқандай басшылық үшін соғыстар болмайды, ел басы болуға құқылы болады. Ал жетілген мемлекеттерді әр адам билікке мойын сұқпайды және сондықтан ол елде ішкі соғыстар болмайды. Мемлекет басқаратын адамдар елді басқарудан басқа, жақсы және бағытталған түрде білім алу керек. Ел басшылары біліммен қатар, физикалық жаттығуларды және мусикалық мәдениетті қатардағы жауынгер сияқты білуі қажет. Бірақ жоғарғы нәтижелерге жету үшін бұл жеткілікті емес, басшы үшін кез-келген өнер немесе ептілікте артық болмайды. Ол адамдарға ойлау, біліммен қатар есептеу және есеп керек. Ғылымның өзі табиғат адамдарды ойлануға тартады, бірақ ғылым ретінде дұрыс пайдаланбайды, ол бізді шын болмысқа тартады. Адамның ішкі табиғатында қарама-қайшылық тұғызбайтын ойлар адамды шын болмысқа алып бармайды және алып бара алмайды. Егер ойлаған зат қарама-қайшылық туғызса, ойлау кезінде зат не қатты, не жұмсақ болып немесе не ауыр, не жеңіл болып көрінсе, ол адамды ойлауға, ойлаудан шын болмысқа тартады. Осы ойлау кезінде біз есеп пен ойды іске қосамыз, себебі ол алдымен заттың қандай болатындығын ойлатады. Егер ол екі зат біреуі екіншісіне ұқсамайтын болса ол заттар әрбіреуі өзіндік, әр түрлі заттар. Бұл екеуі біздің қабылдауымызша ешқандай қарама-қайшылық болмау керек. Онда бұл заты қабылдау ойлауға жол тартпайды. «Ақыл жетпейді» термині қолданылмайды. Бұл жағдайда екі затты қабылдау екі түрлі болады, ал егер осы екі сезілген зат екі түрлі қабылданса, ол бізді ойлауға тартады. Егер екі зат екі түрлі қабылданса онда ол мән туралы сұрақ қойуға және оны шешуге тартпайды. Алдындағы қабылдау бізді мән туралы сұрақ қойуға және оны шешуге тартпайды. Мемлекет түрлері Платон өз диалогтарында айтқан мемлекет, сол кездегі Грециядағы не басқа жердегі өмір сүріп жатқан мемлекет еместігін айтады. Бұл «мұратты» (идеалды) мемлекеттің моделі, бірақ мұндай мемлекет өмірде болмады. Сондықтан, бұл шығармадан кейін әдебиетке жаңа термин утопия кіреді. Басқа философтардың утопиясы сияқты, Платон утопиясында әр түрлі элементтерден тұрады. Ол, бірінші сыншылық немесе жағымсыз элементтері бар. Армандаған елді белгілеу үшін сол кезде бар мемлекеттердің жаман жақтарын білу керек. Қазіргі бар мемлекеттер ең жақсы және жетілген болу үшін мемелекеттің қандай жағы өзгертілуі керек және қандай жақтары мемлекеттен алынып тасталуы керектігін білу керек. Сынамай және мемлекеттің нашар жақтарын алып тастамай біз утопия құра алмаймыз. Екінші жағынан қарасақ, утопиялық мемлекеттің жақсы және конструктивті жағында көрсету керек. Ол жерде автор сол кездегі мемлекеттерде не жоқ, бірақ болуы керектігін айтады. Утопия мемлекет ойлау, қиялдаған кезде ғана пайда болатындықтан, утопияларды фантастикалық бөліктерде болады, бірақ утопиялық елдің фантастикалық жақтарын шындықтан түгелімен бөліп алуға болмайды. Утопияны сынау арқылы және бар мемлекеттермен салыстыру арқылы ғана құруға болады. Бірақ мұндай мемлекеттер бейне, формасы және ойлау арқылы ғана құруға болмайды, ол шын қоғам түрінде болуы керек. Утопия – бар мемлекттің нашар жағыннан арылуы және жақсы жағын әдемілеп суреттеу. Ойлап табудың тірегі шындық болып табылады. Платон мемлекетті сынап және оның нашар элементтерін көп көрсеткен. Платон өзінің «мұратты» (идеалды) мемлекет туралы ойларын көрсетіп қоймай, оны мемлекеттің нашар жақтарымен салыстырады. Барлық нашар мемлекеттердің формасы үшін бір жақты ойлаудың орнына ұрыс-керіс, әділеттіктің орнына әр жаққа бөліну; өмірдегі жоғарғы мақсатқа ұмтылудың орнына билік үшін төменгі мақсаттарға ұмтылады, ақша қуалау бар екендігін көрсетеді. Нашар мемлекеттердің қозғаушы күші болып материалдық жоғары шығумен, соған ынталану болып табылады. Платоның айтуынша сол кезде өмір сүрген мемлекеттердің бәрі нашар мемлекетке жатады. Олай деу себебі, ол мемлекеттерде бай және кедей деп таптық бөліну бар, шын мәнінде барлық мемлекет солай екіге бөлінеді, «ол екі қарама-қарсы жақтар біреуі кедейлер болса, екіншісі байлар жағы». Қазіргі кезде бар мемлекеттің бәрі жетілмеген мемлекет формасында, Кронос билік еткен мемлекет жетілген мемлекет формасында болуна халықтың бірге тұруы түрткі болды. Сол Кронос басқарған мемлекетті сипаттаған да, Платон өз фантазиясымен сипатайды. Оның айтуы бойынша: ол мемлекеттің әрбір облысын әр түрлі құдай басқарған, адамдардың өміріне керекті заттың бәрі болған дейді, соғыс, ұрыс-керіс, ұрлық дегендер болмаған. Ол кезде адамдар адамдардан туылмаған, олар жерден туылған және оларға үй, төсек деген заттар керек болмаған. Бос уақыттың бәрін философиямен айналасумен өткізген. Ол кезде адамның бәрі бірімен-бірі дос болған және ол кезде табиғатпен күресу керек болмаған. Платонның айтуынша, сол мемлекттің құрылымы ең жақсы болған деп алуға болмайды, себебі қазіргі кезде өмір сүру үшін табиғатпен және қарсылас мемлекеттер мен күресу керек дейді. Платон бойынша, жетілмеген елдердің өзінің түрі және формасы бар. Платон айтуынша, мемлекеттің төрт түрі бар. Олар: 1. Тимократия 2. Олигархия 3. Демократия 4. Тирания Бұл мемлекттің жәй ғана түрі емес. Бұл түрлер жетілген мемлекетпен салыстырғанды мемлекеттер бірінен кейін бірі тізбектей нашарлай береді. Бұл формалардың ішінде ең біріншісі тимократия болуы керек. Тимократия дегеніміз – мемлекетті атақ құмар адам басқаруы. Тимократияда ертедегі жетілген мемлекеттің кейбір бөліктері қалған, бұл елді басқарушы жоғары даңқа ие, әскери адамдар жер өңдеу және басқа жұмыстардан босатылған, тамақтандыру әрқашан бірге болған, барлық бос уақытта әскери жаттығулармен, гимнастикамен айналысқан. Мемлекеттің жетілген мемлекеттен «нашарлануы» халықтың байлық құмарлығынан басталады. Адамдардың ішіндегі кейбіреуі алтын, күміс әшекей заттар жинап байып, жақсы өмір сүреді. Тимократия нашарлап оның орнына Олигархия басталады. Олигархия дегеніміз ( «oligoi» - кейбіреулер, аз бөлік) халықтың аз бөлігінің көпшілікті билеуі. Бұл мемлекетті байлар классы басқарады, ал кедейлер ел басқарудан аластатылады. Олигархиялық елдің басшысының өмірі жаман аяқталады. Байлардың арасындағы ақымақтаулары ақырындап кедейленеді. Бұл адамдардың ішінде қылмыскерлер, ұрлықшылар пайда бола бастайды. Платонның жетілген мемлекетті туралы ойлары олигархиялық мемлекеттерде орындалмайды және орындаулы да мүмкін емес. Бұл заң қоғамдағы әрбір адам өзіне жүктелген, не тиісті жұмысты ғана істеу керек, басқа адамға жүктелген, не тиісті жұмыстарды істеуі керек емес. Олигархиялық елде болса халықтың кейбір бөлігі әр түрлі жұмыс істейді, жер өңдейді, қол өнершілікпен тағы басқа жұмыспен айналысады, ал байлар ешқандай жұмыс атқармайды. Екінші жағынан олигархияда адам өзі жинаған заттың бәрін сатуға құқылы. Ал бүкіл затын сатқан адам қоғам үшін ешқандай жақсы жағы жоқ, ол кедей адамға айналады. Платонша, олигархиялық осылай дамып нашарлай беруі мемлекеттің басқа бір түрі демократияға келеді. Демократия дегеніміз халықтың елді формальды түрде басқаруы. Бірақ демократиялық мемлекетте бай, кедей болып бөліну олгархиялық мемлекеттен ары дамиды. Олигархияда басталған бай адамдардың өмірі, одан ары жақсара түседі. Олардың ақшаға қажеттелігі одан ары артады, осыдан көптеген байлар кедейленіп, кедейлер саны өседі, кедейлер байларға қарсы шыға бастайды, ал алдында атап өткен қылмыскерлер мемлекетке қарсы шыға бастады. Кедейлер байларға қарсылығы көтерлістерге дейін жетеді. Кедейлер көтерілісі жеңіске жетсе онда мемлекеттегі байлардың кейбіреуі құртылады, ал қалғаны елден қуылады, ал билік қоғамда қалған адамдар арасында бөлінеді. Ал мемлекет билігінің нашарлауының ең төменгі сатысы ол – Тирания. Тирания бойынша бір адам бүкіл елді басқарады. Бұл елді басқару демократиядан кейін туады. Тирания елді бір адам – тиран басқарады. Тиран елді басқаруының басында халыққа жылы жүзбен қарайды, халықты қарыздарынан босатады, жерлерді бөліп береді, көптеген жалған уәделер береді. тиран әр қашан, әр түрлі соғыстар ашады, себебі елде өзі сияқты басшы болу керектігін көрсеткісі келеді. Тиранның осы соғыстары халыққа тыныштық бермейді және халық тиранға қарсы көтерліеді. Тиран билікті ұстап қалу үшін халықты қырады, досын да, қасын да өлтіреді. Платон жасаған класификация мемлекеттің нашар жақтарының сипаттамасын немесе мемлекет басшылары мен мемлекет түрлерінің нашар жағын көрсетеді. Платон Грециядағы мемлекетерді зерттеп сол зерттеу нәтижесінде аталған класификациясын жасаған. |