Главная страница
Навигация по странице:

  • Жетілген мемлекеттің халқы және соғыс түрлері туралы.

  • Жетілген мемлекеттегі ө

  • РЕФЕРАТ. Реферат таырып Платон " Мемлекет " Орындаан Мратхан


    Скачать 177.36 Kb.
    НазваниеРеферат таырып Платон " Мемлекет " Орындаан Мратхан
    Дата15.05.2018
    Размер177.36 Kb.
    Формат файлаrtf
    Имя файлаРЕФЕРАТ.rtf
    ТипРеферат
    #43777
    страница2 из 3
    1   2   3
    Жетілген мемлекет төрт ізгілігі

    Құл иеленуші замандағы гректердің Платон аристократтық тұрғыдан ойланатын философы. Сондықтанда, ол жасалатын өнімге тұтынушы түрінде қарайды. Бұл жағдай Платонның мемлекет туралы анализ жасау кезінде проблемалаға әкеліп соғады.

    Платон үшін ең маңызды болған басқарушы азаматтар, әскерилер, өнімді өндіретін адамдарды бөліп қарастырды. Мемлекет құрылу үшін әр түрлі жұмыстарға мамандалаған жұмысшы бүкіл қоғамға жақсы болу үшін, не істеу керектігін айта алмады. Оның ойының көбі әскери адамдар тәрбиелеу және олар өз қызметінің атқару мен өмірі қызықтырды. Маманданған жұмысшылардың жұмысын білмей тұрып Платон, олардың жұмысын құрылымдық түрде бөліп берді. Бұның шығу себебі, Платон маманданған жұмысшы өзіне тиіс жұмысты және тек соны ғана істеу керек болды.

    Еңбектің өзі Платон өте қызықтыра қойған жоқ. «Мемлекеттегі» Платонның бұл жақтарын жазған негізгі себебі, ол қоғамның жетілген (совершенный) мемлекеттегі орнын көрсеткісі келді. Алдында айтып өткен мамандалған адам қоғам үшін не істей алатындығы және оның өмірін Платон білмеді және білгісі де келмеді. Оның ойынша мемлекетке және қоғам бөлінбейтін бөлшек сияқты болып көрінді.

    Ең жетілген (совершенный) мемлекет өзінің құрылуы жағынан төрт ізгілік (добродеятель) болады. Олар:

    1. даналық (мудрость)

    2. ерлік (мужество)

    3. талдай алатын (расудительный)

    4. әділеттік

    Даналық деп Платон бір затты техникалық істей білу мен оның білімін емес, қиын кезде мемлекет басқару туралы ой айта алатын, мемлекеттің ішкі істері мен сыртқы қарыматынасын жүргізе алуды айтады. Осыны істей алған басшы жетілген (совершенный) болып табылады. Даналық – ол халқтың бәріне тән емес, халықтың белгілі бір бөлігіне ғана тән құбылыс, ол бөлік философтар тобы; бұл дегеніміз жай мемлекетті басқара алумен бірге, оның ойы жоғары даму керек.
    Ең жақсы басшылардың екінше бір жағы ол – ерлік. Даналық сияқты ол да бүкіл халықтың бір бөлігіне ғана тән, бірақ ол даналықтан көп болады. Алдында атап өткен дана мемлекет болу үшін халықтың бәрі дана болуы шарт емес халықтың белгілі бір бөлігі ғана дана болуы керек. Ер жүрек ел болу үшін халықтың бір тобы ер жүрек болғаны жеткілікті және заң бойынша қайсы қорқынышты, ал қайсы қорқынышты еместігін ажырата білу керек.

    Үшінші ізгілік жетілген мемлекеттің талдай алуы, не анализдей алуы, Бұл алдындағы екеуі сияқты халықтың бір бөлігіне тән, бірақ ең жақсы жетілген мемлекеттің халқының барлығына тән болуы керек. Егер халық бәр әрқашан бәрін талдай, анализдей алса онда халық ешқашан заңды бұзбайды және басшылыққа қарсы шықпайды, өзінзі жаман істерден тоқтатып отырады, бұл ел жетілген елге жақынырақ болады. Платон анализдей, талдай алатын адамның жаман жақтарын көрсетпей, тек жақсы жақтарын көрсетеді.

    Төртінші ізгілік жетілген елдің - әділеттігі. Мемлекетте басшы әділетті болса. Мемлекет халқын да әділіттіке тартадыж және орындайды. Мемлекетте әділеттік болса мемлекет кез келген өз талабын орындата алады, олар бәрі өзара тең болады.

    Платонның айтуы бойынша «әр бір адам мемлекетке қажетті және өзі істей алатын істердің мемлекетке қажеттісін істеу керек». Осының өзі әділеттік. Платонның көз қарасы бойынша әділеттік кластық бой көрсетеді – қоғамда және полистерде бір кластың адамы екінші кластың адамының жұмысын атқаруына қарсы болады. Платонша бұны әділеттік қолдамайды.

    Платонның айтуы бойынша бір класс ішіндегі адамның бір жұмысты,

    екіншісіне ауыстырғаны ештеңе емес. Егер бір байыған төменгі класс адамы әскери адам болғысы келсе немесе әскери адам басшы-философ немесе оның кеңесшісі болғысы келсе, ол мемлекеттің құлауына әкеліп соғуы мүмкін.

    Платонша әділеттік мемлекеттің жаңғыз негізі емес. Болмыстың әр түрлігінің арасындағы әділеттік бірімен бірі байланыста болады. Ол үшін мемлекет макроәлем, осы мемлекеттің әрбір адамы микроәлем болып табылады. Осы адамдарда үш түрлі зат болуы керек. Олар:

    1. Зерденің (разум) басы

    2. Аффектің басы

    3. «Ойланбаушылықтың» басы

    Жетілген мемлекеттің халқы және соғыс түрлері туралы.

    Жетілген (совершенный) халқын үш разрядтқа бөлуге болады. Олар:

    1. Ел басы – философтар

    2. Әскер

    3. Өнім өндіретін жұмысшылар.

    Бірақ бұл көрсетілген ең жақсы мемлекеттегі қоғамның немесе мемлекттің құрылмының бәріне тән емес дейді. Бұл элиндер еліне тән. Элладаны

    қоршаған елдердің қоғамы бұлай бөліне алмайлы. Грециялық емес елдің цивилизияция мен саяси тұрақтығына ұқсамайтын «варварлық» елдер жетілген мемлекет бола алмайды. Платонның айтуынша, «варварлық» елдермен, тайпалармен гректердің айырмашылығы өте үлкен, мысалға гректік екі тайпа арасындағы соғыс гректік елмен «варварлық» елдің арасындағы соғысқа мүлдем ұқсамайды. Гректер бірінші жағдайды соғыс деп есетемейді оны келіспеушілік деп есептейді, ал екінші жағдайды шын соғыс деп есептейді. Платон, егер элиндермен «варварлар» немесе керісінше болса онда бұл күресті табиғатты бойынша қастарымен күрес деп айтады. Элиндер мен элиндер соғысса табиғатты бойынша достар уақытша күрес деп айтады.

    Платон утопиясында оның армандарымен қатар грециялық полистердегі шын бар бөліктерінде көрсетеді. Ол көріністер Платонның мемлекетінен алшақтау болып келеді.

    Платонның кедейлер бір жақты маманданған дамуы, ал байлар мен әскери адамдардың жан-жақты дамып, жақсы тәрбиеленіп, білім алғанын армандауы, оның халықты жоғары және төменгі екі класқа бөлуі деп айтуға болады.

    Осы халықты екіге бөліп Платон жетілген мемлекет құра алмайды, себебі екі жақ әр қашан біріне бірі қарсы шығып отырады. Бұл Платон халықтың және оның кластарының теңдігі туралы постулаттына кері шығады. Оның халықтың теңдігі туралы постулатты бойынша адамдар түгелімен жерден шыққан, сондықтан олар бәрі тең екендігі жайында айтады. Осы постулат орындалу үшін әскери не болмаса, ел басы бүкіл халықты өз бауыры деп есептеу керек. Шын жүзінде болса байлар не әскери адамдар шаруаларды өз бауырлары деп есептемеген, шаруалар жұмыстың бәрін істеген, ал қалған екі класс болса ешқандай жұмыс істемеген, сондықтан Платонның жетілген мемлекетті туралы постулатты орындалмайды.

    Бұл екіге бөліну одан әрі дамиды. Әскерилер мен философ-басшылар классы істеп қана қоймай, олардың жұмысы шаруалардікінен әлдеқайда оңай, сонымен қатар олар шаруалады өзін тыңдауын және ел басқаруға араласпау керектігін айтады. Басшылар әскерилердің көмеген халықты сыртқы жаудан қорғап қана қоймай, итпен мал баққандай, олардың көмегімен халықты малдай баққан, сонымен қатар ел басшылары әскерилерді халықты тонатпай бір қалыпта ұстау керек болған. Әскери адамдар шаруалар туратын жерде тұрмауы керек болған, олар арнайы лагерлерде тұрған, лагерь болса көтерілген халықты басуға ығғайлы жерде орналсқан. Әскерилердің шаруалардан жоғары класс қана болмай, сонымен қатар олар жоғары сатыларға көтеріле алды. Олардың арасында білімі жоғары, терең ойлайтын, жақсы тәрбиеленгені философ-басшы қатарына көтеріле алды.

    Адам дегеніміз жетілген өнер туындысы, бірақ әр түрлі «искушение» мен «соблазн»-ға жақын сонымен қатар жамандық жасауы мүмкін, адамды жамандықткан алыстатын басшы-философтардың заңдары болуы керек.

    Платон көбіне жетілген мемлекет өміріне көп көңіл бөледі, көбінесе әскерилердің өмірі мен характеріне, күнде істейтін жұмыстарын көп қарастырады. Халықтың тәрбиеленуімен характерінен болашақ жетілген мемлекеттің құрылымы мен өте жақын. Платон құрған утопияда негізгі орынға өнегелік қойылады.

    Жетілген мемлекеттегі өнер мен таным орны

    Әскери адам мен ел басшы-философтарды тәрбиелеген кезде, Платонның айтуынша, жақсы жақтары ғана қарастыруыға болмайды. Осы адамдарға кері әсер ететін жақтарды да мұқият қадағалау керек. Кері жақтарын қарастырғанда Платон өнер мен тәрбиеленуді терең қарастырады. Платонның бұл сұрақты қарастыруының ешқандай ғажаптығы жоқ. Оның себептерінің бірі, ерте грек елдерінде өнер мен тәрбие үлкен орын алды. Бұл кезде грек халқы дамып келе жатқан театр, музыка, поэзияның лирика мен эпикалық түрлерінің қол астында болды. Сол уақытта театрға билетті ақысыз тарату елдегі демократияның бір көрінісі деп атауға болады. Театрдағы көріністер халықтың ойына, ойлауына түрткі болды. Осы сұрақтарға Платон өзінің «Мемлекет» кітабының екінші және оныншы бөлімдерін арнады. Платонды Аристофанды сияқты теоретика, социология, политика қызықтырды, сонымен қатар жақсы суретші болған, сондықтан «Мемлекет» еңбегінде, ол өнерге көп көңіл бөлді.

    Платон өз шығармаларында антика философиясын ғана емес, антика тарихын, сол кездегі ғылымдарды және антика әдебиетінің тарихын жазды. Оның эстетикасының неізгі сұрағы педагогиканы қарастырады. Платон өмір сүрген дәуір мен қазіргі дәіурді салыстыра алмасақ та, оның педагогикасы туралы ойлары бізді қызықтырады. Өнер – адамды тәрбиелеудің бір түрі. Өнер не қанішер, не адамгершілігі мол адамды тәрбиелеп шығарады. Ол адамдарды ер жүректік пен заңды тыңдауға үгіттейді, не осы айтылғандарға кері тартуы мүмкін. Сондықтанда жетілген мемлекеттің басшысы сол мемлекеттің өнерін білуі керек. Платонның жетілген мемлекеттінің басшысы-философтар өнерді біліп қана қоймай, өз елінде өнердің дұрыс дамуын қолына алуы керек. Өнер арқылы адамды тәрбиелеуге болатындықтан басшы әрқашан өнерді қадағалау керек. Басшылар мемлекеттегі өнердің халыққа «кері» әсер ететін алып тастап, ондай «кері» өнерді жою керек. Өнер азаматты тәрбиелеуге, оның саясат пен педагогика туралы ойларын ары қарай дамытады. Бірақ ол суретшілердің не жазушылардың туындыларын қалай шығатындығына араласпау керек. Мемлекет басшысы жазушы, суретшілерге өз туындысын қалай орындағанын емес, оның мәнін, халыққа әсерін ғана басшылар қадағалай алады.

    Мемлекет басшылары туындының мәні мен халыққа әсерін ғана сынау керек. Оның сыртқы бейнесі мен халыққа әсерін және тәрбиелік мәнін бөліп қарау керек. Өнегелі емес (безнравственный) туындыны өнер туындысы деп атаудан Платон алшақ болуға үгіттейді. Туындылардың сыртқы түрі мен мәні бірдей болуы мүмкін немесе екі түрлі болуы мүмкін, тәрбиелік мәні жоқ, өте жақсы туындыны өнер туындысы деп атауға болмайды. Платонның айтуынша Гомер, Эсхил, Софокл, Эвринуттің құдайлар туралы шығармалары осындай болып табылады және халыққа үлкен әсер етеді. Олар өздері бейнелеген құдайлардың нашар жақтары бар екендігіне сендіріеді. Сондықтанда, құдайлар мен ел басшыларын шығармаларда жамандауға, олардың нашар жақтарын көрсетуге болмайтындығын айтады.

    Ел басшылар лирикалық және драмалық туындыларды екі жақтан қарастыруға облад дейді. Олар:

    1. Шындық

    2. халыққа әсері

    Туындының шындығы туралы сұрақты таным туралы және өнерді тану арқылы шешеді. Шын таным дегеніміз Платонша, «запредельный идея» болып табылад, Олар ақыл жетерлік, оларды адам сезе алмайды, және олар туралы өз ойы болмайды. Бір зат түрінде оған ешкім жете алмайды және ол шындықтан алшақ болады. Өнер дегеніміз бір затқа ұқсата алу, ол идеяға ұқсата алмайды. Ол сол идеяға ұқсас затқа, яғни ұқсайтын затқа ұқсата алады. Былайша айтқанда идеяға ұқсас затқа ұқсату. Шындық дегенді Платон өзінің таным және танымның өнерге әсері арқылы табады. Шын таным болып, «запредельный» идеяны тану болып табылады. Платонның онтологиясы мен таным теориясы, суретшілердің. Туындыларын бір-ақ бағытта бағалайды, ол нашар баға. Платон сурет туындыларын сынайды және оларға қарсы болады. Платонша, өнер туындысы шындықты көрсете алмайды.

    Платонша, өнер құдай туралы болмауы керек. Оның себебі, Платонша, құдай әрқашан ізгілікті болады, ал сурет туындыларын да құдайдый нашар жақтарын көрсетуі мүмкін. Миф жазылғанда, ол мемлекеттің жетілуіне жақсы болса ғана, ол мифті жас балаларға айтуға болады. Басқа мифтерді естіп жас жеткіншектердің психикасы «басқаша» болашақта дамуы мүмкін, сондықтан жетілген мемлекеттің құлауына әкеліп соғуы мүмкін. Жастарға айтылған мифтер жастарды жақсылыққа тартуы керек.

    Платонша, жан-жақты шығармаларда тұғызбауға болмайды, бірақ олардың арасынан таңдап, жақсыларын ғана халыққа тарату керек. Ол шығармалар халықты ерлікке, табандылыққа тарту керек. Эпикалық поэзия жетілген мемлекетте болуы керек, себебі ол шындықтан өте алшақ болады. Трагикалық шығармалар адамдардың ішкі дүниесін өгертеді, ал комедиялық туындылар адамды әрқашан адамды демалтады.

    Платонның ойынша өнер жетілген мемлекеттің халқына жақсы жаққа қарай тәрбиелеу керек. Бірақ ол шығармаларды басшы мен құдайлар туралы жазбауы керек. Платонның осы айтуларын Руссо мен Л.Толстой жалғастырады.

    1   2   3


    написать администратору сайта