Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар); Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар); Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар); Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар). Кітаптың алғысөзінде біздің өз жолымызбен – қазақстандық даму жолымен жүретінімізге назар аударған Елбасы: «Деректерді талдап, оқиғаларға объективті баға беруді үйрену ғана емес, тарихи үдерістерді болашақ тұрғысынан терең түсіну, өткенге қазіргі кезең тұрғысынан көз салу және болашақты ойлай отырып, өткенді ұмытпау – біздің ортақ міндетіміз. Біз тарихтан өзімізге және еліміздің одан әрі дамуына қажетті тағылым ала білуге тиіспіз», – дейді. Аталған кітапта әр бөлімнің өзі бірнеше бөлімдерге бөлінген. Олардың да атауларына аса мән беріліп, жаңа тарихымыз бен қазақстандық құндылықтардың дәуірлік оқиғалары нақты әрі дәл суреттелген. Атап айтқанда, «Тарихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «Басты құндылығымыз – бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай…», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу», «Әлем мойындаған көшбасшылық», «Көз алдымыздағы ұлы өзгерістер», «Жаңа экономикаға батыл ұмтылыс», «Адам капиталының жаңа сапасы», «Қазақстанның айқын және мызғымас басымдықтары» және тағы басқа бөлімдерде еліміздің жарқын сәттері бүге-шігесіне дейін баяндалады. Сондай-ақ, кітапта еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген басты 33 жетістігі мен оған жету жолдары жан-жақты айтылған. Олардың қатарында: заманауи қуатты мемлекет құру, халықаралық дәрежеде мойындалған нақты шекара, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі, Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы, нарықтық экономикаға өту, ұлттық валюта, жаңа елордамыз – Астананы салу, қуатты әрі заманауи Қарулы Күштеріміздің құрылуы, кең көлемдегі инновациялық индустриаландыру, әлеуметтік жаңғыру, ЕҚЫҰ-ға және басқа да беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық ету, «Қазақстан-2030» Стратегиясында көзделген басымдықтардың мерзімінен бұрын орындалуы және 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Бес институционалдық реформа, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу және халқымыздың мақтанышына айналған еліміздің тағы басқа да аса маңызды жетістіктері бар. Бұл жетістіктердің барлығы тәуелсіздіктің жемісі және Елбасымыздың елі үшін еткен ерен еңбегінің нәтижесі екеніне назар аударған Мұхтар Құл-Мұхаммед: – Тәуелсіздік заманы Қазақстан үшін ғасырлар жүгін арқалаған ғаламат дәуір. Соның бәрінде елі үшін туған Елбасы Қазақ елін әлемдік қауымдастықтың ең алдыңғы қатарына шығарды. Қазақстан – бүгінде іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы қуатты, саяси жүйесі сараланған, өз жолын, өз болашағын айқындаған, әлемдік қауымдастық алдындағы беделі биік, үш бірдей жаңғыруды ойдағыдай өткізе білген абыройлы мемлекет. Оның туған халқын замананың сан алуан сынынан аман алып шығып, биіктен биікке бастап келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлындай кемеңгер басшысы бар, – деді. Одан бөлек, салтанатты іс-шарада Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Санат Көшкімбаев, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы жетекшісінің орынбасары Леонид Прокопенко және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов сөз сөйлеп, жаңа кітаптың маңызы туралы ойларымен бөлісті. Олар өз сөздерінде жиынға қатысушылардың назарын кітапта кеңінен сарапталып, сараланған тәуелсіздік тарихының экономикалық, саяси және әлеуметтік қырларына, рухани-мәдени құндылықтарға, осы кезеңдегі маңызды оқиғаларға, оларға берілген тарихи бағаға және оның саяси-әлеуметтік қарым-қатынастағы мәніне аударды. Сол себепті де сөз алғандар Елбасымыздың жаңа кітабы барша қазақстандықтарға, әсіресе, жас ұрпаққа тәуелсіздігіміздің алғашқы он жылдығындағы маңызды оқиғаларды кеңінен біліп қана қоймай, туған Отанымызбен мақтануға, оның жарқын болашағына қандай да бір өз үлесін қосуға септігін тигізетініне сенім білдірді. Елбасы бұл кітабын: «Тәуелсіз Қазақстан тарихының басты тағылымы мынада: кез келген тығырықтан жол тауып, кедергіні – мүмкіндікке, тәуекелді табысқа айналдырып, ең асқақ арманға қол жеткізу әркімнің өз қолында. Жеңіс пен жетістік – жасқанбай алға ұмтылғанның еншісінде. Қазақстанды жоғары дамыған мемлекетке айналдыратын – азат ойлы, жаңашыл да жасампаз азаматтары. Ол үшін әркім жан-жақты және кемел білімге ден қойып, қажырлы еңбек пен өзін өзі толассыз жетілдіруді өмір салтына айналдыруы қажет. Демек, бүгін де болашақ үшін құлшына іске кірісетін, жігерімізді жанып, санамыз бен өмірімізді өзгертетін сәт тағы туып тұр. Ұлы тарих Кемел келешекке жетелейді», – деп аяқтайды. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатысқан Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, «Нұр Отан» партиясының басшылығы мен мүшелері, ғылым, зиялы қауым, ақпарат құралдары және жастар ұйымдарының өкілдері, сарапшылар мен студенттер жаңа басылымға ерекше қызығушылық танытты. Сондықтан да «Тәуелсіздік дәуірі» отандық және шетелдік қалың оқырман қауымды қызықтырар тың туынды болары сөзсіз. 23. "Мәңгілік Ел" - жалпы қазақстандық үйдің ұлттық идеясы. Елбасының биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауының тарихи маңызы ерекше. „Мəңгілік ел“ идеясы қазақ халқының қаншама ғасырлар, аңсап келе жатқан, арманына апаратын, мақсатына жеткізетін, бірден-бір мəңгіліктің жолы. Елбасы өз Жолдауында „Мəңгілік ел“ болып қалу үшін бүгінгі заманға сай не істеу керектігін нақтылап айқындады. „Мəңгілік ел“ — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-əлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет атану еді… Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол — „Мəңгілік ел“ идеясы» деп Елбасымыз бұл идеяның аса қажеттіліктен туындағанын ерекше атап өтті. «Мəңгілік ел» идеясының негізгі мақсаты — елімізді қарышты дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды жəне өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға, қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңғыртуға арналған құжат деп білуге болады. Президенттің жалпы ұлттық идеясы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік ел» — елімізді өз мақсатына талай дəуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар, деді Елбасымыз. Ел басшысы өз сөзін ары қарай жалғастыра келе: «Біз бəріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу — қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз. Тəуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл əлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде əлемдік бəсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз — бəсекеге төтеп беру. Əлемдік бəсекеге төтеп берудің басты шарты — күшті рух пен білім. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына да үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту-деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне, ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Жаһандану заманы, баршаға мəлім, елдер мен ұлттарға аса қатал талап қоюда. Ең бастысы — ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік-деңгейіне байланысты екенін жадымыздан шығармауымыз қажет. Қазіргі таңда өзін ешкімнен артық та, кем-де емес дəрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Ал мəселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында. Қазақ тіліне мемлекеттік мəртебе берілген сəтінен басталған даму кезеңінің қай-қайсысында болмасын Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қолтаңбасын көреміз. 1995 жылы қабылданған Ата заңның 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі» деген конституциялық шешім жасалды. Осыдан екі жыл кейін қабылданған «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп атап көрсетіліп, оны барша азаматтардың еркін жəне тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалатындығы айтылған болатын. Үкімет осы Заң баптарын жүзеге асыруда тиісті шешімдер мен қаулы-қарарлар қабылдады. Тілдердің қолданыс аясын кеңейту бағытында арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасалды. Ана тілімізді өркендетуге бағытталған игі шаралар мен құжаттардың бəрі осы өткен жылдар жемісі. Мемлекет басшысы ел экономикасы мен шаруашылығы, мəдениет пен ғылым-білім саясаты жөнінде өткен бірде-бір жиында қазақ тіліне соқпай кеткен емес. Елбасы қазақ тілі ұлтымыздың асыл қазынасы, басты құндылығы екендігін «…əрі қару, əрі қалқан, əрі байырғы, əрі мəңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!», оның тарихтағы рөлін «…ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған — оның ғажайып тілі». Мемлекеттік-деңгейдегі маңыздылығын «мемлекеттік тіл — бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Əнұран секілді дəл сондай нышан», ел бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы əлеуметтік мəртебесін «…біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан əрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз», қоғамдағы қызметі мен баршаға міндеттелу негізін «Мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды», қазақтың намысын жану мақсатында айтылған отты ойларын «…өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім-де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз». Қазақтың қазақтығының басты белгісі — қазақша сөйлеуі. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі əлі бірте-бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады — деп нақты тұжырымдар арқылы атқарылар істің жүйелі-де жоспарлы жүргізілуін, басты мақсат-міндеттерін белгілеп берді. Елбасының қазақ тіліне байланысты айтылған орынды сөздері санаға сəуле түсіріп, барша жұрттың қазақ тіліне деген қадамдарын жеделдететін уақыт болды. Тіл тағдыры көбіне-көп бұқараның белсенділігімен, биліктегі қазақ азаматтарының ұлтжандылық қасиеттерінің биіктігімен шешілетіні-де дау туғызбайды. Біздің ең басты жолымыз да осы болуға тиісті. Бұған жиырма екі жылдық тарихымыздағы жаңа өміріміз-де, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи тəжірибелері-де толық дəлел бола алады. Халқымыз тəуелсіздіктің рухани қуатын толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті шындыққа айналары сөзсіз. Өз Отанының патриоты болу — бұл Қазақстан. Тұтас аумағына бірнеше мемлекет сыйып кететін ұлан-байтақ жеріміздің сан ғасырлық тарихы да, қазақ жерін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай «Найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғай білген ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығы да осы ана тіліміз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткен, ұлы мұраға айналды. Қазақстан Республикасының Президенті, Тұңғыш Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Өз бойымызда жəне балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тəрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге жəне оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», дей келіп, «Тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Қазақ тілі — біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз — оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тəжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл — өзін қадірлейтін əрбір адам дербес шешуге тиісті міндет», — деген ашық ұстаным айтты. Əрбір өмірге келген адамзат баласын айқындайтын өзіндік өлшемдері бар, оның ең біріншісі — тілі, екіншісі — асыл діні, үшіншісі — ғасырларға созылған тарихы. Патриот тық құндылық дегенiмiздің өз — елi мен туған жерiн, Отанын сүю мемлекеттiң тəуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, əлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, ділін, салт-дəстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейірiмдiлiктi, ұлтаралық мəдениеттi дамыту. Ал, қазақстандық патриотизм — Қазақстанды мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетінің əлемдік биіктен көрінуі үшін білім, мəдениет, экономика, əлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, еліміздегі бейбітшілік, бірлікпен тəуелсіздікті сақтау үшін барлық күш жігерін жұмсауы. Қазақстандық патриотизм — бүкіл қазақстандықтарды жасампаз еңбекке шақыру, береке-бірлікті, баянды ынтымақтастықты орнықтыру. Отан-сүйгіштік рух — тəуелсіз еліміздің əлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орнын алуы на мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Төл тарихы, мəдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін алдымен өз қадір-қасиетіңді өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың керек. Əр адам ата-бабаларымыз негізін салып кеткен игі дəстүрлерді мақтан ете отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс. Саналы азамат болып қо ғамға пайда келтіру, білім мен тəрбие алу, ата-ананы сыйлау жəне қартайған шағында оларға қамқорлық жасау əрбір жасөспірімнің парызы болып саналады. Ал ұлттық парыз — Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап қалу, ата-баба дəстүріне өте сезімталдықпен қарау. Халқымыздың ұлы, ақыны Абай: «адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», — деген тұжырым жасайды. Ал, отансүйгіштік рухтың өзі адам бойындағы рухани-адамгершілік сезімнен бастау алады. Қазақстандық патриотизм — елімізбен жеріміздіңің тəуелсіздігі, білім мен ғылымда, мəдениетте, спортта əлемдік сатылардың биік шыңынан көріне білу. Сонымен қатар, əр бір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезінуі, мемлекеттік рəміздерге, мемлекеттік тілге құрметпен қарауы керек. Тəуелсіздік пен байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілігіміздің — Тілі біздің басты құндылығымыз болып табылады. Осы құндылығымызды жаңа тарихи кезеңде өзінің асқақ есімін берген қазақ халқының алдында, ұлтты ұйыстырудың алтын діңгегіне айналдыру миссиясы тұр. Ол миссия — «Мəңгілік Елдің" Мəңгілік қазақ тілін өзінің заңды орнына қызмет етуіне атсалысуымыз керек. Мемлекеттік тіл саясаты — қай уақытта болсын мемлекет тарапынан баса назар аударар басым бағыттардың бірі. Біз тұтас қоғам болып, ұлтымызға қарамай, мемлекеттік тілді толық меңгермейінше, мықты мемлекет құра алмайтынымызды, мемлекеттік тіл — халықты біріктіруші басты фактор екенін Елбасы əр жылғы Жолдауларында ұдайы тілге тиек етіп келеді. Түйіндей айтсақ, Қазақстан елінің тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында, қазақ халқы — басты жауапкер. Сондықтан да, біздің ілгері өркендеп, дамыған елдердің қауымдастығына қадам басамыз ба?, əлде өткен даңқты жолымыздан жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба — ол қазақ халқының парасатына, ұлы мақсаттарға жетелейтін — Мəңгілік Елдің жасампаз ұрпақтарына байланысты болмақ! «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында да Елбасы Н.Ə. Назарбаев өзініңкең көлемдегі мағыналы ойларын барша Қазақстандықтарға нақтылап жеткізе отыра, орындалу жолдарында міндеттеген. 25. Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің мойындауы. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав ҒИЗЗАТОВ келтірген. ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. (Бұл тақырыпты толығырақ оқыңыз) Алғашықы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. Бір одақтың туы астында болған кеңестік елдердің арасынан алғаш болып Литва, сосын Украина, Грузия елдері Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. Ал баяғыдан аралас-құралас жатқан “әпкеміздей” Ресей Федерациясы араға жарты жылға жуық уақыт салып барып, 1992 жылы тамыз айында бір-ақ мойындады. Бұған не дерсіз?! 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 жылы 16 қыркүйекте «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның» жобасы алғаш рет БАҚ-та жарияланды. Сол кезде одан өзге «Азат» азаматтық қозғалысы да Декларацияның балама нұсқасын әзірлепті. Қалай дегенмен де егемендікті жария еткен құжатты қабылдау барысында егемендікке қарсы кейбіреулер «мемлекеттік тіл – қазақ тілі», «қазақ ұлты тағдырының жауапкершілігін сезіне отырып» деп келетін тұжырымдарға келіспеушілік танытты. Сонымен бірге сессияда «басқарушы және негізгі күш коммунистік партия болып табылады» деген 6-бапты алып тастау туралы батыл ұсынысқа егемендікті қаламайтын «қызыл коммунистер» көп қарсылық білдіріпті. Тіпті кейбіреулердің болашақ үшін аса маңызды құжатты қабылдауды кейінге қалдырмақ ойы да болған. Осындай сын сәтте Салық Зиманов, Сұлтан Сартаев сынды ағаларымыз құлдықты көксейтіндерге батыл уәж айтып, ұлт мәселесін төтесінен қоя білді. Буырқанған егемендік рух пен құлдық сана арпалысқан сессияда Декларациядағы 17-бап сегіз сағат бойы талқыға түсті. Кеңестер Одағының талқаны таусылмай жатып, одақтас республикалардың кейбірі тәуелсіздік туралы заңдарды қабылдап үлгерген-ді. Сөйтіп, КСРО дейтін қараңғы қапастан егемендіктің 15 гүлі қауызын жарып, бүршік атты. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Еліміз егемендік Декларациясы арқылы табиғи байлығымызды, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетін толық меншігіне алды. Қазақстан территориясындағы барлық әскери құрылымдар мемлекет қарамағына өтеді. Декларация бойынша Қазақстан территориясында егемендікке қайшы келетін КСРО заңдарының күші жойылды. Декларация орталыққа бағынышты күйден арылтып, Мәскеумен жаңа жағдайда тең әріптес ретінде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме амбиция ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат. Сондықтан да егемендік туралы Декларациясы, кейін 1991 жылдың 16 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларациясымен терең үндестік тапты. Кейбір саясаткерлер пікірінше бұл күнді тәуелсіздік күні деуден гөрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні десе болғандай. Өйткені 1986 шы жылдың желтоқсанның 16-сы күні кешінде қазақ жастарының үлкен күреске шыққан күні, алайда биліктегілер бұл күнді ұмыттыру үшін әдейі тәуелсіздік күні деп жариялап отыр. |