Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Техникалық және кәсіптік білім беруді қайта құру. Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың алуандануына аса көңіл аударып отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1211 2009 жылғы 11 тамыздағы қаулысымен Қазақстан Үкіметі жанындағы Кадрлар даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі Ұлттық кеңес құрылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілген, онда техникалық және кәсіптік білімберу жүйесін дамытудың көрсеткіштері мен жолдары көрсетілген. 2009 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері мен «Атамекен» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы арасында техникалық және кәсіптік білім беруді қолдау Қорын құру туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Әлемдік тәжірибенің прогрессивті дамуын зерттеу мақсатында келесідей халықаралық ұйымдармен маңызды жобалар іске асырылуда: Герман техникалық жәрдем ұйымымен- куррикуллум, модульдік бағдарламалар жасау; Европалық комиссиямен — әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша; Білім және біліктілікті көтеру орталығымен (RKK, Норвегия) – мұнай-газ саласында кадрларды даярлау және қайта даярлауға ықпал ету бойынша; ИнВентпен (Германия) – оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін көтеру бойынша; Британдық кеңеспен – бітірушілердің жұмысқа орналасуы мен дайындалу сапасын қамтамасыз ету бойынша; Европа білім беру Қорымен – Қазақстанда кәсіптік білім беру өкілеттілігін жоғарылату негізінде бағдарламаны жаусауды әдіснамасын енгізуді дамыту,туризм секторында кәсіби стандарттарды құру, Европалық біліктілік аясын енгізуді зерттеу бойынша. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 24 алдыңғы қатарлы оқу орындары Ұлыбританияның әлемге белгілі колледждерімен, соның ішінде 14 колледж Кембридж аймақтық колледжімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен техникалық және кәсіптік білім беру сферасында ынтымақтастық туралы «UCPMI» Конкорд Консалтинтік тобы (Франция) мен GEMCO INTERNATIONAL BV арасында, FONTYS қолданбалы ғылымдар университеті (Голландия) арасында 2 хаттамаға қол қойды. 2010 жылы Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі Европаның 29 елімен бірге Турин процесінің қатысушысы болды, яғни Европалық білім қорымен (Турин, Италия) өткізілетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерлер жүргізуге қатысты. Қазіргі оқу орындары негізінде экономиканың басымдықты салаларында қажетті ресурстар, қазіргі заманғы құрал-жабдықтар оқу лабораториялары, ортақ қолдану шеберханалары үйлестірілетін кадрлар даярлау мен қайта даялау қазіргі замандық аймақаралық орталығын құру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 345 2009 жылғы 15 шілдедегі бұйрығымен ет-сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша кадрларды даярлау орталықтары- Ақмола облысы Қатаркөл ауылы ауылшаруашылық колледжі негізінде, Алматы қаласында № 6 кәсіби лицей базасында автоқызмет көрсету бойынша,Қарағанды қаласында №15 кәсіби лицей базасында металөндеу бойынша құрылды. Осы және басқа да орталықтар жер қойнауын пайдаланушылар және басқа да жұмыс берушілер сонымен қатар ақылы қызмет көрсету арқылы тартылған жергілікті бюджет қаражаттарынан қаржыландырылады. Келесілердің құрылысы жүргізілуде: Атырау қаласында 700 оқу орнына арналған мұнай-газ саласына кардларды даярлау және қайта даярлау аймақаралық орталығы; Екібастұз қаласында отын-энергетика саласында техникалық қызмет көрсету бойынша кардларды даярлау және қайта даярлау аймақаралық орталығы; Астана қаласында 800 орындық және ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында 360 орындық кәсіптік лицей; Өскемен қаласында машина жасау саласында техникалық қызмет көрсету бойынша кардларды даярлау және қайта даярлау аймақаралық орталығы; 2010-2014 жылға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдармен кадрлардың қажеттілігі бойынша талдау жасалынған. Жалпы қажеттілік 287 мың адамды құрайды, оның ішінде жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму үшін 108 мың адам. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарына қажеттілік 58,2 мың адамды құрайды, оларды дайындауды 543 техникалық және кәсіптік білім мекемелері қамтамасыз етеді. 13 сала бойынша индустриалдық жобалар және барлық аймақтар бойынша кадрмен қатамасыз ету карталары жасалынған, әкімдіктермен бірге жобаларға базалық оқу орындары анықталған және қазіргі уақытта қайта ашылған өнеркәсіптермен кадрларды даярлауға 61 келісім шарттаға қол қойылған. (Мысалы: «Тараз металлургия заводы», «Электролиз заводы», «Тері өндеу өндірісі» және т.б.,нәтижесінде 831 адам оқытылған және жұмысқа орналастырылған). 8. Егемендік жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның қорытындылары. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер. Қазірде мемлекетімізде экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңарулар орын алып, оларды ілгерілету үшін жағдайлар жасалып жатқаны белгілі. Осы қарқынды ілгерілеушіліктер Қазақстанның әлемдік аренада біршама беделге ие болуына сеп болуда. Осы беделді ұстап тұру үшін халықтың мәселесі жан-жақты шешілуі тиіс. Ал, мәселелердің жан-жақты шешілуі үшін тұрғындар мемлекеттік маңызы бар мәселелерден тыс қалмауы тиіс. Халық санағы – демографиялық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың және талдаудың бірыңғай үдерісі. Қазірде халықтың назар аударып отырғаны мәселесі – әлеуметтік жағдайлар. Халық санағының нәтижесінде тұрғындар мемлекеттен әлеуметтік мәселелер бойынша көмек күтеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында санаққа байланысты жарнамалардың күннен-күнге ұлғайып келе жатқанын көріп жүрміз. Осы жарнамалар арқылы ауруханалардың, білім ордаларының жеткіліксіздігі айтылуда. Ал аталған үдеріске барлық министрліктер, мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар атсалысып жатыр. Қазақстанның сайлау жүйесі демократияның даму даңғылына түскен таңдаулы тәжірибесімен ерекшеленеді. Бұл жөнінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері де, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассемблеясы да, халықаралық байқаушылар да оң бағасын берген. Халық санағы да осы сайлау мәселесінен кем түспейді. Сайлау – мемлекетімізді басқаруда ерекше қажеттілік тудырса, халық санағы – халықтың жағдайын жақсартуға ерекше жағдай жасайтыны белгілі. Халық санағын жүргізу туралы шешім қоғамның экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы туралы ақпаратты алуға дайындықтың индикаторы болып табылады. Сондықтан халық санағы дамыған елдерде тұрақты 10 жыл сайын, тіпті кейбір мемлекеттерде 5 жыл сайын өткізіліп тұрады. Өйткені, елдің ұлттық статистикалық жүйесінің ажырамас бөлігін құрайтын халық санағы халықтың жағдайы туралы деректердің негізгі көзі болып табылады. 2008 15 ақпанда “2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы” Үкіметтің қаулысы шықты. Осы комиссия құрамына Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етіп, министрліктердің, агенттіктердің басшы қызметкерлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, тағы басқа да лауазым иелері енгізілген. Осы тектес комиссия біздің облысымызда да бекітіліп, оған мүше ретінде облыстағы департамент, басқармалардың басшы қызметкерлері енгізілді. Қазірде осы комиссия санаққа қызу дайындық жұмысын жүргізуде. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдар жасалды. Мысалы, ішкі істер департаменті, ішкі істер желілік бөлімі және Статистика департаменті бірлескен бұйрық жасап, осының нәтижесінде әр санақ бөліміне учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Халық арасында бұқаралық-түсіндірме жүргізу, санақ кадрларын іріктеу мен оқыту, материалдық-техникалық қамсыздандыру сияқты толып жатқан мәселелер бірлесіп жұмыс жасағанда ғана нәтиже беретіні белгілі. Осы қағиданы есте ұстаған комиссия мүшелері облыстағы органдарды жұмылдыра жұмыстар жасалды. Әр тұрғын санаққа қатысуды өзінің борышы санап, санақ барысында толтырылуы тиіс парақшаларды мұқият зерделей отырып, шынайы түрде мәліметтер берді. Санаққа дайындықтың маңызды бағыттарының бірі –бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру. Бұл ақпараттарда елдің барлық тұрғындарына санақ жүргізілетіндігі туралы ақпарат беру, санаққа қатысуға және өздері туралы шынайы мәліметтер беруге ынталандыру, санаққа күштеп, мәжбүрлеп қатыстыруға жол бермеу сияқты мәселелер қамтылуы қажет. Халық санағы 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында жүргізіледі. Санақ халықтың нақты тұрып жатқан жері бойынша ғимараттарды аралау, сауал салу негізінде тұрғындар тізіміне мәліметтерді жазу арқылы есепшілер дайындаған санақ парақшаларына мәліметтерді түсіру деген сөз. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, ел аумағында үнемі тұратындар санақ кезінде ел ішінде болғандығына немесе уақытша болмағандығына қарамастан, санақтан өткізіледі. Халық санағы сәбилер үйінде, балалар үйінде, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балалар мен балаларға арналған мектеп-интернаттарда, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, мейрамханаларда және басқа да мекемелерде сол мекемелердің әкімшілігі бөлген есепшілер арқылы жүргізілді. Ал, тұрғылықты тұратын жері жоқ азаматтардың санағы есепшілермен кездесетін орындарда өткізіледі. Бұл үшін осы санаттағы азаматтарға халық көп жиналатын жерлерде: вокзалдарда, автобекеттерде, стансаларда, аэропорттарда, сондай-ақ алысқа баратын пойыздарда да санақ пункттері құрылды. Тұрғындардың ескеруі тиіс бір жәйт, азаматтар туралы жеке мәліметтерді қолдану тәртібін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сарапшылардың айтуынша, 1999 жылғы санақ деректері мен ресми статистика арасында едәуір айырмашылықтар болған, себебі есепке алынбаған азаматтардың пайызы 5,3-ті құраған. Осы сияқты жағдайларды болдырмау мақсатында, біздің сайтымызда Қазақстандағы санақ процедурасы ережелерімен және оның негізгі бағыттары мен міндеттемелерімен таныстыратын «сұрақ-жауап» нысаны бойынша барлық қажетті ақпарат орналастырылды. Сұрақ-жауап Ұлттық халық санағы дегеніміз не? Халықты есепке алу өте көне заманда король Августың тұсында мемлекеттің салық және әскери қызметіне және олардың әкімшілік құрылымы міндеттеріне байланысты пайда болған. Негізінде бұл міндеттер бүгінгі күнге дейін сақталған, бірақ қоғамның тарихи даму барысында анағұрлым кеңейді. «Халық санағы» ұғымы туралы энциклопедияларда былай деп жазылған: «белгілі бір уақытқа елдің барлық тұлғаларына немесе нақты шектелген бөлігіне қатысты демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді бірыңғай жинау, жалпылау, талдау және жариялау процесі. Халық санағы ұғымына сонымен бірге кейде мәліметтерді жинақтау, өңдеу және жариялау процестерін де қосады». Қазақстанда алғашқы санақ 1897 жылы, соңғысы 1999 жылы өткізілді. Қазақстанда санақ өткізу реттілігі он жылда бір рет өткізу тәртібін қарастырады. Осындай реттілікті БҰҰ ұсынған. Ресей Федерациясы аумағында да осындай реттілік қолданылады, ал кейбір елдерде санақ рәсімі әр 5 жыл сайын өткізіледі. Қазақстанда халық санағы қандай мақсатта өткізіледі? Санақтың мақсаты оның нәтижелері болып табылады. Санақ қорытындысы бойынша халық санын, олардың қала және ауылдық елді мекендер, жасы мен жынысы, некелік және отбасылық жағдайы, ұлттық құрамы, тіл меңгеру деңгейі, білім деңгейі, оқумен қамтылуы, үй шаруашылығының саны мен көлемі, күнкөріс көздері, жұмыспен қамтылуы және тұрғын үй жағдайы бойынша бөлінуін сипаттайтын ауқымды көрсеткіштер алынады. Санақтың негізгі ролі статистикалық деректерге сұраныстың болуымен, елдегі статистикалық жүйе құрылымының бағытын өзгертуге қажеттіліктің маңыздылығымен, деректердің дұрыстығын жоғарылату қажеттілігімен анықталады. Осы жағдайда статистикалық жүйенің ролі мен маңызын жоғарылату қажеттілігі пайда болады, себебі елдің экономика саласында жүргізілетін кез келген саясат сапалы, шынайы мәліметтерге негізделуі керек. Ақырында, егер статистика жақсарып, жетілдіріліп отырса, ең алдымен экономиканың әлеуметтік бағыттылық деңгейі, құрамын, әлеуметтік-демографиялық құрылымын есепке ала отырып, халық сипаттамалары бойынша өзгеруі көтеріледі, сонда ғана экономика нәтижелі дамиды және әрбір тұрғынның әл-ауқатының өсуіне бағытталады. Халық санағы рәсімін кім жүргізеді? Санақ 2007 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде өткізіледі. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі халық санағын ұйымдастыру және өткізу бойынша уәкілетті орган болып табылады. Санақ бағдарламаларын әзірлеуді, жаппай-түсіндіру жұмыстарын өткізуді, елдің барлық өңірлерінде санақ мамандарын іріктеу және оқытуды қоса, барлық ұйымдастырушылық және әдіснамалық сипаттағы даярлау іс-шараларымен айналысу Агенттікке тапсырылды. Халық санағы әрбір азаматтан сұрау арқылы өтеді. Бұл үшін арнайы уәкілетті және оқытылған қызметкерлер (есепшілер) дайындалған. Олар әрбір тұрғын үйге кіріп, берілген санақ парақтарын толтырады. Санақ парақтарын жауап берушілердің сөзі бойынша есепшілер толтырады. 2009 жылғы халық санағы рәсіміне кім қатысады? 2009 жылғы санақ рәсіміне Қазақстанның барлық азаматтары, сонымен бірге, халық санағы кезінде республика аумағындағы болған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар қатысады. Сол сияқты санақ Қазақстанда тұрақты тұрып жатқандарға, бірақ науқан кезінде елдің шегінен тыс жерлерде болған азаматтарға да қатысты. Халық елді мекен, үй, пәтер, бөлме ретінде белгіленген жауап берушінің тұрып жатқан мекен-жайы бойынша санақтан өткізіледі. Бұл мекен-жай жауап беруші адамның тіркелген орнымен сәйкес келмеуі де мүмкін. Есепшілер үй шаруашылығындағы ересек мүшелердің жасына, азаматтығына, тұрақты немесе уақытша тұрып жатқанына қарамастан жазуларды ауызша сұрау арқылы жүргізеді, ал үй шаруашылығының жекелеген мүшелерімен бетпе-бет кездесу мүмкін болмаған жағдайда, осы үй шаруашылығының басқа ересек мүшесі жауап бере алады. Санақты өткізу кезінде халықтың белсенді қатысуы өте маңызды. Есепшінің сұрағына дәл жауап беруіміздің әрбір азаматының қоғамдық міндеті болып табылады, себебі халық туралы осы мәліметтер кейін оның әл-ауқатын жақсарту үшін қолданылады. Санақ парақтарына қандай сұрақтар енеді? А4 форматты, әрбір санақ парағына, халықтың барлығына арналған сұрақтар енеді. Санақ парағы –халықтың ұлттық санағының негізгі құжаты – тұрғын үй-жайда тұрып жатқан адамдар туралы мәліметтер алуды көздейтін бірқатар сұрақтарды қамтиды. Санақ бағдарламасында тұрғын үй-жай туралы мәліметтер - түрі, салынған мезгілі, қабырға материалдары неден салынғаны, тұрғын және жалпы аудан көлемі, бар қолайлықтың түрлері және үйдің өзге де сипаттамалары бар. Үй-жайда тұратын адамдардың негізінде халықтың маңызды сипаттамалары жиналады: туған күні, жынысы, ұлты, азаматтығы, отбасылық жағдайы, жұмыспен қамтылуы, күнкөрістің көздері. Сұрау кезінде санақшы табыс көлемін сұрайды, сонымен бірге күнкөріс көзін, яғни қандай еңбек қызметі түрінен табыс табатынын көрсету қажет: бұл кәсіпкерлік қызмет, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, жеке қосалқы шаруашылық және с.с. болуы мүмкін. Азаматтар санақтан өту үшін есепшіге қандай да бір құжаттарды көрсетуге міндетті ме? Халық санағын өткізу барысында азаматтар санақшыға құжаттар көрсетуге міндетті емес. Барлық деректер сауалнамаға тұтастай ел бойынша барлық санақ қызметкерлерімен жүргізілетін жазбалардың біркелкі сипатын қамтамасыз ететін алдын-ала белгіленген ережелер негізінде жауап берушінің сөзінен жазылады. Мұның өзінде, есепшілер бұл мәліметтерді құжаттардан емес, жауап берушілердің сөзінен алады (паспорт, жеке куәлік, оқу орнын бітіргені жөніндегі диплом, неке туралы куәлік және тағы басқа құжаттарды көрсетпей-ақ). Қазақстанда халық санағы қай мерзімде өткізіледі (санақ рәсімі қашан басталады және аяқталады)? Халық ұлттық санағын өткізу рәсімі Қазақстанда 2009 жылғы 25 ақпанда басталып 2009 жылғы 6 наурызда аяқталды. Наурыз 6-сы мен 16-сы аралығында бақылап аралап шығу жоспарға сәйкес орындалған. Жынысы және тұрып жатқан жеріне байланысты бөлінуіне қарай халық саны бойынша алғашқы алдын-ала қорытындылар 2009 жылдың 2-ші жартыжылдығынан басында жарияланды. Санақ рәсімі Қазақстан азаматтарына және осы елдің азаматтығы жоқ, бірақ мемлекеттің аумағында тұрып жатқан азаматтар үшін міндетті болып табыла ма? Халық санағы рәсімі Қазақстан Республикасының азаматтығы бар жоқтығына қарамастан, сол сәтте мемлекетте тұрып жатқан барлық азаматтарға міндетті болып табылады. Санақ жүргізу сәтінде мемлекеттен тыс жерде тұрып жатқан Қазақстан азаматтары туралы деректер қалай жиналады? Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері көмегімен жүзеге асырылды. Тұтастай алғанда, Сыртқы істер министрлігінен басқа, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне халық санағын даярлауға және өткізуге, ведомстволарға қарасты объектілер мен ұйымдарда халық санағына жауапты министрліктер мен ведомстволар көмек көрсетті. Бірқатар министрліктер мен ведомстволар халық санағына ұйымдастырушылық, сондай-ақ халық туралы әкімшілік дерек көздерінен ақпараттарды ұсыну жағынан қолдау көрсетеді. Деректер жиналғаннан кейін халық санағының ақпараты қайда сақталады? Ақпарат Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде біріктірілген нысанда арнайы қалыптастырылған ақпараттық базада сақталады. Санақ барысында тұлға туралы жиналған ақпараттың құпия болып қалатынына сенуге бола ма? Санақ барысында жиналған жеке тұлғаға қатысты мәліметтер тек жалпыланған түрде статистикалық мақсатта қолданылады. Санақ рәсімін іске асырушы мамандарға санаққа алынған азаматтардың жеке басына қатысты мәліметтерді кімге болсынхабарлауына тыйым салынады. 2009 жылғы халық санағының деректеріне кімге қол жетімді? Барлық ақпараттарды жинақтаудан кейін оларға кім қол жеткізе алады және кейіннен қандайда бір жерлерде таратыла ма? Санақ қорытындысы бойынша пайдаланушыларға анықтамалықтар, жинақтар, баспасөз хабарламалары, баспасөз басылымдары, мақалалар және басқа да статистикалық және талдамалық материалдар дайындалады. Санақ материалдары Президент әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Үкіметі, Республика Парламенті, министрліктер, ведомстволар, агенттіктер, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік жоғарғы оқу орындары және кітапханалар, халықаралық ұйымдар, ғылыми зерттеу институттары және басқа да мекемелер кіретін пайдаланушылардың кең аясына ұсынылады. 9. Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеуметтік, мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты. Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. 2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соныңішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты. Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды. «Нұрлы көш» - мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – ресми тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 403 мың адамға жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті.Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам есу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп отырды. Елдің, аймақтың, елді мекеннің халкының саны екі түрлі себептерге (факторға) байланысты. Бірінші фактор - туу мен өлудін, нәтижесінде ұрпақ, ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), оны халықтың механикалық қозғалысы (көші-қон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады. Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады. 10. Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы». Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы. Қазақстан халқы Ассамблеясы-1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр. Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өткен болатын. Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді. Қазақстан Халқы ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын. 1995 жылы 16 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Сонда Елбасы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды. Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді.Сессияда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев баяндама жасап, ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді. Ассамблея құру идеясы қоғамды топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атсалысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. 2007 жылы ассамблея конституциялық орган мәртебесін иеленді, кепілді парламенттік өкілдік – ҚР Парламенті Мәжілісіне 9 депутат сайлау құқығын алды. 2008 жылғы 20 қазандағы ҚР «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заңы ассамблея қызметі мен құрылымдарын, еліміздің қоғамдық-саяси жүйесіндегі оның орны мен рөлін нормативтік-құқықтық реттеуді, конституциялық парламенттік өкілдікті жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Ассамблея құрылған кезден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысып келеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заң қабылданды. Ассамблея мен этномәдени орталықтар тарапынан көтерілетін бастамалар мемлекеттік деңгейдегі қолдауға ие болды. Ассамблеяның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы. Ассамблеяның өткізген барлық сессияларда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударып отырады. Қазақстан халқы ассамблеясы үлгісінде Ресей Федерациясында, Қырғызстанда халық ассамблеялары құрылды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да олардан дараланып тұрады. Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым. |