Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайыАталған нысана шайбалы хоккей (әйелдер) бойынша жарыстарды өткізуде пайдаланатын болады. 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізуге Спорт және мәдениет сарайын қайта құру тек ірі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ғана емес, сондай-ақ қалалықтар мен қонақтарға спортпен, дене тәрбиесімен және қызықты уақыт өткізуге ашылады. Қайта құрудан кейін Сарайдың сыйымдылығы 5000 орынды құрайды. Қосымша 1000 орын орнатылады. Барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларды ауыстыру жоспарланды, шешінетін жер, медико-қалыптастыратын кешендер, демалыс бөлмелері, баспасөз орталығы, комментаторлық кабинкалар орналасатын қосалқы орындардың аумағы ұлғаяды. Ең соңғы модификациядағы электрондық табло орнатылатын болады. Сондай-ақ 850 машинаға парковка ұйымдастыру жоспарланған. «Медеу» жоғары таулы спорт кешені«Медеу» Азия ойындары үшін шешуші мағынаға ие болады. Бұнда бенди- допты хоккей бойынша жарыстар өткізу жоспарланған. Әлемге атақты жоғары таулы мұз айдынын қайта құрудың масштабты жобасына бірнеше кезеңдер кіреді. Біріншіден, ескі машина залын – оның шамамен 3300 шаршы метр алаңын толық ауыстыру жүргізіледі. Қайта құрудан кейін бокс, күрес, баскетбол, минифутбол – әр түрлі бағыттағы спорт залдары, сондай-ақ жаттықтыру залдары мен скалодром орналасады. Сонымен қатар, қоғамдық қолдану орындары – буфет, баспасөз орталығы, жаппай сырғанау вестибюлі және мұражай өзгертіледі, сондай-ақ мұз айдының әкімшілігі мен қызметшілеріне арналған қосымша орындар ашылатын болады. Спортшылардың уақытша демалысы үшін орындар да жөндеуге жатады – олар спортшылар тұру қажетті қазіргі тиісті талаптарына сай деңгейге дейін жеткізіледі, ал олардың жалпы саны 130-дан 150-ге дейін өседі. Трибунадағы көрермендер үшін орындықтар толығымен жаңаға ауыстырылады, ал трибуналардың өзі гидро бөлектенеді. Жылу, желдету, сумен жабдықтау және канализация, энергиямен жабдықтау сияқты кешеннің инженерлік-техникалық жүйелері толық ауыстыруға жатады. Қазіргі технологиялық жүйелердің халықаралық стандарттарға сәйкес келуі үшін жаңалар, - мысалы, мұз аренасын жарықтандыру жүйесі, теледидарлық жүйесі, күзет жүйелері және бейне бақылау құралдары, электрондық табло, фотофиниш жүйесі және әділ-қазылар жүйесі, сағатты бекіту жүйесі, мұз оқиғаларын хабарлау жүйесі, мұзды орналастыру жүйесі қосылатын болады. Мұз айдынының өзі де өзгеріске ұшырамақшы. Коньки тебу спорты, канада хоккейі, керлинг, мәнерлеп сырғанау және допты хоккей сияқты спорт түрлерін аймақтық және халықаралық деңгейінде жаттығулар мен спорт іс-шараларын өткізуге толығымен дайындалады. Сонымен қатар, суық кезеңдерде мұз жабындысын және жазғы уақытта қосымша жабындыны қолданумен жаппай сырғанау мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу режимінде пайдаланылатын болады. 7. Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясына қол қою. Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор. Техникалық және кәсіптік білім беруді қайта құру. Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ». Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді. Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды. 12 жылдық білім беру Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті. Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б); мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы); ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті); әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті); тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті). Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. 2010 жылы Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы және Болон декларациясына қол қою. Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы барысында көзделген маңызды мақсат - еуропалық білімге деген қолжетімділікті қамтамасыз ету және қазақстандық білім беру жүйесінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Болон үдерісіне қосылу Қазақстанның жоғары мектебін модернизациялаудың негізгі бағыттары мен басымдылықтарын анықтады. Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу ұлттың интеллектуалдық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды алғышарты деп есептеледі. Еліміз бұл үдеріске осыдан тура бір жыл бұрын, дәлірек айтқанда 2010 жылдың 11 наурызда Венгрия астанасы Будапеште өткен Еуропа елдері білім министрлерінің ІІ форумында қосылды, сөйтіп 47-ші мемлекет болып оның тең құқылы мүшесі атанды. білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, әлемдік білім кеңістігіндегі болашақ ықпалдастыққа жол салатын бірқатар шаралар сәтті түрде жүзеге асырылғанын айтып өту қажет. Атап айтқанда, білім беру жүйесінің кредиттік технологиясы, бакалавр-магистр-PhD докторы сатыларын қамтитын мамандар даярлаудың үш деңгейлі әдісі, халықаралық үлгі бойынша мамандандырылған аккредитация өткізу және білім беру сапасын бағалау мен бақылаудың жаңа жүйелері енгізілді. Қазақстанның 18 жоғары оқу орны Болон үдерісінің негізі саналатын Университеттердің Ұлы Хартиясына (УҰХ) қосылды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2009 жылдың 5-6 ақпанында УҰХ-ның бас хатшысы Бастиан Бауман мен Еуропа Кеңесінің өкілдері қатысқан Қазақстан Республикасының Болон үдерісіне қосылуы жөніндегі семинар өткізілді. Болон үдерісі білім алудың мүмкіндіктерін кеңейтетіндіктен, бакалавр бойынша бір мамандықты игеріп, магистр бойынша екінші бір біліктілікті оқып меңгеруге кең көлемді мүмкіндіктер береді. Қазақстанның білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сай дамыту мен білім беру сапасын арттыру шараларын жүзеге асыру мақсатында негізі қаланған Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы республикадағы білім сапасын бағалай отырып, әлемдік тәжірибенің ұтымды жақтарын саралап, сапалы білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру стратегиясын орындауда маңызды болып отыр. Мамандарды дайындаудың үш деңгейлі жүйесін енгізу: бакалавр – магистр - PhD доктор. білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оны халықаралық стандарттар деңгейіне шығару қажет, бұл бүгінгі күннің өзекті де негізгі мәселесі болып табылады. Қазақстанның жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік жүйені енгізу жағдайларында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу үдерістерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді. Заман талабы отандық білім беру жүйесінің әлемдік білім үрдісіне интеграциялануын талап етеді. Мұның өзі тек біздің қалауымыз емес, ол бүгінгі күннің шындығы. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасының» мазмұны білім беру жүйесінің ырғақты дамуын және әлемдегі жаһандану мен ақпараттану үрдісінің ерекшелігіне қабілетті болуы керек деген түсінікпен келесі негізгі бағыттарды көрсетті: - оқуды 6 жастан басталатын әрі жоғары саты оқушыларын бейімді және кәсіпке бағытталған жүйеде оқытатын он екі жылдық жалпы орта білімге көшу; - орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру жаңа деңгейін құру; - академиялық кредиттер жүйесіне негізделген кәсіби кадрларды даярлаудың 3 сатылық жүйесін: бакалавриат-магистратура-докторантура (PhD) құру; - білім беру сапасына бағалаудың ұлттық жүйесін құру [1]. Әлемдік білім жүйесіне интеграциялау қажеттілігін жоғары мектептің қазіргі деңгей құрылымдары мен біліктілікті түпкілікті қайта қарастырмайынша тиімді іске асыра алмаймыз. Осыған байланысты еліміздің жоғары білім беру жүйесіне мамандарды дайындаудың халықаралық стандарттарын енгізу аса маңызды да өзекті мәселе. Білім беру жүйесіндегі жасалған реформалаудың алғашқы қадамдары жаңа өзгерістердің пайда болуына алып келді. Білім беруді жетілдірудің негізгі мақсаты – біздің мамандардың әлемдік талапқа, бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады. Сондықтан, дүние жүзіндегі жоғары білім жүйесінің даму тәжірибесін зерттеу және ұлттық білім беру жүйесін халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестендіру бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Қазақстандағы жоғары мектепті реформалардың маңызды шарттарының бірі еліміздің Болон процесіне жедел кіруі және үш деңгейлі моделге енуі болды. Бұл деңгейлер: базалық 4 жылдық бакалавриат, 2 жылдық магистратура, докторлық бағдарлама PhD. Доктарантура, ізденіс, докторлық диссертацияны даярлаудың әр түрлі формалары сияқты білім беру бағдарламаларының жиынтығын біріктіреді деп қарастырылған. Білім беру реформасының идеологтары PhD бағдарламалары диссертациялық зерттеулерге әзірлік кезеңін барынша қысқартады және ғылыми дәреже беруде көптеген формальды сәттерді жояды деп сендіреді. Бұдан өзге, кеңестен кейінгі кеңістікте халықаралық білім беру стандарттарының рецепциясы жолындағы кедергілердің бірі - нострификация проблемасы – жоғары білім туралы құжатты мойындау проблемасы шешіледі [2]. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев тағайындаған “Болашақ” бағдарламасын атап кетпеуге болмайды. Оның негізінде еліміздің талантты жастары әлемнің үздік жоғары оқу орындарында сапалы білім алуына және алған білімі мен тәжірибесін мемлекеттің гүлденуіне жұмсауға ықпал ету идеясы жатыр.“Болашақ” халықаралық стипендиясы жыл сайынғы Қазақстанға аса қажетті мамандықтар тізбесі негізінде беріледі. Елбасы өзінің Жолдауында білім беру мәселесіне айрықша мән берген. Мемлекетіміздің иновациялық-индустриялық стратегиясын жүзеге асыруды болашақтың бағдарламасы деп атаған. Бұл бастаманы жүзеге асыру, ғылыми және техникалық потенциалды, болашақ мамандарды терең біліммен қамтамасыз етпейінше мүмкін емес [3]. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Мәселенің маңызын еліміздің Болон процесіне қосылғандығымен ғана байланыстыруға болмайды. Бұны сапа мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатындағы білім парадигмаларының алмасуы деп ұққанымыз жөн. Қазақстан жоғары білімінің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі төмендегі екі түрлі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу. Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынандай сатылары енгізілді: бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл, магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінщі сатысы) – 2 жыл, докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл. Осылайша аз уақыт ішінде студенттерді оқытудың түрі ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарынан кейінгі білім құрылымы да өзгереді[4]. Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәрістен іс-тәжрибелер, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар). Кредиттік оқыту жүйесі желілік емес – білім беру процесінің жүйелілігін студенттердің дара жоспарлауына беріліп отырған мүмкіндік. Қазіргі ақпараттық қоғамның қалыптасу кезеңінде мемлекеттің табысты қызмет етуіне жоғары технологиялардың дамуы мен оларды тиімді қолдану қажет. Техникалық сала қызметкерлерінің жеткіліксіздігі Қазақстан үшін көкейкесті мәселе болып саналады. Ал елдің экономикасы қажет мамандардың көпшілігімен өркендемек. Әрине, қажетсіз мамандық жоқ. Ең бастысы, уақыт талап еткен мамандықтарды таңдауға бет бұру – заңдылық. Мамандықты шатыспай таңдап, жан-жақты білімді болып, халқыңа, мемлекетіңе адал қызмет ету басты борышымыз екенін ешқашан естен шығармайық. Еліміздегі білім жүйесінің дамуы болашағымыздың негізі, қайнар көзі. Мемлекетіміздің болашағы жастар, сондықтанда жастарымыз білімді, сауатты және салауатты болса екен. |