Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Атқарушы билік Үкімет- Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев болып табылады. 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Асқар Ұзақбайұлы Мамин болып табылады. Заң шығарушы билік- Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады.[5] Сот билігі- Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды. Олардың өкілеттіліктері 13 жылға созылады. Жергілікті биік органдары- Әкімшілік жағынан Қазақстан 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалаға (Астана, Алматы, Шымкент) бөлінеді. Олардың әкімдерін президент тағайындайды. Биліктің өкілетті органдары — мәслихатты облыстар мен елді мекендерде жергілікті халық сайлайды. Саяси партиялар- 1991 жылға дейін елде тек жалғыз коммунистік партия болды. Ол 1991 жылы таратылған КОКП құрамына кірген болатын. Қазіргі таңда елде конституцияға сәйкес көппартиялық жүйе енгізілген. Полиция және қарулы күштер Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды: 1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы. 2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау. 3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту. 4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру. 5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру. Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды. Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды. " Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы Конституцияда дамытылған және нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау. Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді. Осы экономикалық және саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы адами құндылықтарды (нарық жүйесі және баламалы айырбас, тату көршілік және күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер нормаларының басымдығы және т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты. Төртіншіден, әлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси түрақтылығы ерекше мәнге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда берік болатын елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саяси қызметтің нақты принциптері негізінде қызмет етуі және мүдделерін халықаралық аренада бейнелейтін жеке сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалауы керек.Әрине, осы сыртқы саяси принциптер, құндылықтар мен басымдықтар өлемдік қауымдастық үшін деструктивті болмауы шарт. Олар халықаралық қатынастар принциптеріне және халықаралық құқық нормаларына қайшы келмеуі қажет. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі легитимделуінде, оның негізгі сыртқы саяси принциптерін, құндылықтары мен басымдықтарын жобалау мен дамытуда елдің алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көрнекті рөл атқарғандығын ескере кеткеніміз жөн. Қазақстан Республикасы қазіргі әлемнің ірі мемлекеттерінің мүдделері астасып жатқан күрделі геосаяси кеңістікте орналасқан. Бұл жағдай "мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға" (Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы) болып табылатын ел Президентінен саяси ерік пен бастаманы, ойластырылған және салмақты әрекетті, превентивті шешімдер мен шараларды қабылдау қабілеттілігін талап етеді. Осы түрғыда ҚР президенті Н.Э.Назарбаев тарапынан ұсынылған еуразиялық идеясы ерекше мәнге ие. Бұл идея ТМД мемлекеттерінің интегративтік мүмкіндіктерін, яғни ТМД шеңберіндегі интеграңияны, сондай-ақ экономикалық және сыртқы саяси мүдделері еуразиялыққа жақын басқа елдердің қатыстырылуын қамтиды. Қазіргі еуразиялық идея өркениет дамуының түйінді желілерінде мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастығы үшін аса кең геосаяси кеңістікті құруды көздейді. Еуропа мен Азияны жалғастыратын тарих және дәстүрлі көпір ретінде Қазақстан еуропа елдерімен де, азия елдерімен де өзінің экономикалық байланыстарын кеңейтуге кең мүмкіндіктерін алады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясы біздің болмысымыздың геосаяси, экономикалық, тарихи, өлеуметтік-мәдени, этникалық шындығы болып табылады. Осы негізде ҚР үкіметі Президенттің басшылығымен екіжақты және көпжақты келісімдерді, қазақстандық шекараның е бойында тыныштық пен қақтығыстарды болдырмауды қамтамасыз ететін өзімен көршілес барлық елдермен келісімшарттар жасауды қалыптастыру бойынша белсенді саяси қызметтер атқаруда. Қазақстан еуропа елдерінің барлығымен дерлік дипломатиялық қатынастарды жолға қоя отырып ОБСЕ, НАТО тәрізді еуропалық мемлекетаралық ұйымдармен де байланыс орнатты. Қазақстанның НАТО-мен біріккен жаттығулар өткізу үшін әскери бөлімдерді дайындау бойынша жеке ынтымақтастық бағдарламасы бар. Бұл қазақстандық әскери контингенттің БҰҰ бітімгершілік акцияларына қатыстырылуына мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сыртқы саяси басымдықтардың арасынан Ресеймен мемлекетаралық байланыс ерекше мәнге ие.Ресей империясының қол астында, одан кейінгі көпұлтты мемлекеттік құрылым КСРО-ның құрамында болған Қазақстан тарихи және дәстүрлі түрғыда аграрлық-шикізат көзі болды, сондықтан Орталыққа, метрополия ретіндегі Ресейге экономикалық тәуелді еді. Осы жағдай Қазақстанның шаруашылық инфрақұрылымының Ресейге толықтай тәуелділігінің қалыптасуына алып келді және оның салдары экономикалық түрғыда оны Ресейге, оның ішкі проблемаларына қатыстырады. Ресейдегі экономикалық тоқырау мен қиындықтар соған сәйкес бізде де көрініс тауып отырады. Ресейдегі экономикалық жандану біздің экономикамызды да қоректендіреді. Осы жағдайлардын барлығы мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің шынайы негізі — көпвекторлы сыртқы саясаттың қалыптасу қажеттілігін тудырады. Бірақ біздің сыртқы саясатымыздың ресейлік векторы көп позиция жағынан басымдыққа ие. Осы ахуал Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әрдайым назарында және ол келісімдер, шарттар, мақсаттар тәрізді дипломатиялық акцияларда көрінеді. Көптеген халықаралық проблемалар бойынша Қазақстан мен Ресей біртүтас немесе жақын позиңияларда болады. Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномәдени құндылықтары бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын алады. Бұлар түркі тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар Тәжікстан мемлекеттері. Халықтар арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, тарихтын, мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас, келісілген позиция түрғысынан көрінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше аспектісі Кытай екендігі сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатынасты жолға қою — Қазақстан басшылығының сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз — Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-экономикалық шарттарға отыру, мәдени айырбасты дамыту. Қытай —бұл жақын көршілікте түрған, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демографиялық массив, ядролық держава, супердержава ретінде XXI ғасырда халықаралық қатынастарда басты рөлдерді атқарады. Қазақстан Республикасының басшылығы жүргізіп отырған сыртқы саясатта қазіргі әлемнің басты мемлекеттері де назардан тыс қалмайды. АІСДІ, Германия, Англия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер ең алдымен, мүмкін болатын инвесторлар мен сауда серіктері ретінде қызықтырады, осындай қызығушылық Азияның алдыңғы қатарлы елдері Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пөкістан, Түркия, Иранға да артуда. Қазақстан осы елдердің барлығымен дерлік үздіксіз дамып отырған сыртқы саяси байланыстарды, дипломатиялық қатынастарды жолға қойды. Қазақстан Республикасының басшылығы Ауғанстан, Таяу ШЫІҒЫС, Балқан елдері тәрізді "дағдарысты аймақтарға" да назар аударады. Қазақстанның бұл жерлерде жеке геосаяси мүдделері жоқ болса да, біз осы "дағдарыстық аймақтардың" әлемге тудырып отырған қауіптілігін сезінеміз. Сыртқы саясатты жүзеге асыруда ҚР Президешінің басшылығымен құрамына сыртқы істер министрлігін, елшіліктер мен консулдықтарды қамтитын атқарушы орган — дипломатиялық қызмет жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының басшылығы қысқа мерзімнің ішінде табысты жұмыс істеп жатқан Дипломатиялық қызметті кұра алды. Бұл Қазақстан Республикасының билік құрушы элитасы меңгерген кәсіптік қызметгің жаңа түрі. Осы құрылымда жүмыс істеу кәсіби білікгілік пен білімді талап етеді және бұл міндетті Қазақстан элитасы табысты түрде атқарып отыр деп толық сеніммен айтуға болады. 32. ҚР рәміздері – туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы. Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтің қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы , Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған. Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді; Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев Әні: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным! Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің - Қазақстаным! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасы 1993 ж. Қазақстан Конституциясы бойынша "республика азаматы мемлекеттік рәміздерді – Елтаңба, Ту, Әнұранды құрметтеуге міндетті" (31-бап). 1995 жылы жаңа Конституция қабылданғаннан кейін, 1996 жылдың 24 қаңтарында президентті Жарлық ретінде республиканың рәміздері туралы бірыңғай Конституциялық заң шығарылды, ол 2007 жылдың 4 маусымында жаңа "мемлекеттік рәміздер туралы"Конституциялық заңға ауыстырылды. Қылмыстық кодексте мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жауапкершілік белгіленген:
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау - рухани мұралардың сақталуына бағытталған мемлекеттік шаралар кешені. Қазақстанның немесе өзге мемлекеттің аумағындағы қазақ халқының тарихи және мәдени мұралары мемлекет тарапынан қорғауға алынады. Тарихи және мәдени мұраларға тарихи, шығарм., ғыл. немесе мәдени мәні бар діни не зайырлы сипаттағы мүліктік құндылықтар жатады: өнер туындысы, кітап, қолжазба, инкунабула, мұрағат материалдары, архитектуралық, тарихи, шығарм., монументалдық ескерткіштердің құрылымдық бөліктері, т.б. Рухани мұралар тізімге алынып, мемлекет аумағынан сыртқа шығарылмайды. Тек белгілі бір мәдени іс-шаралар кезінде құзіретті органның қатаң бақылауымен уақытша сыртқа шығарылуы мүмкін. Рухани мұраларды қорғау және сақтау мәселесі халықаралық дәрежеде қолға алынған. Көптеген халықаралық актілердің арасынан 1954 жылғы «Қарулы қақтығыс кезінде мәдени мұраларды қорғау туралы», 1972 жылғы «Мәдениет және табиғат мұраларын қорғау туралы», 1979 жылғы «Мәдени мұраларды заңсыз тасымалдау және оларға деген меншік құқығын беруге тыйым салу шаралары туралы» Конвенцияларды атауға болады. Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік Туды көтерген кезде орындалады. Жиналысқа немесе жиынға қатысып тұрған барлық оқушылар, студенттер, педагогтар, қызметкерлер тік тұрып оң қолын сол кеудесіне қойып орындайды. Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оқушылардың бойында терең елжандылық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жоғары адамгершілікті, мәдениеттілікті, өз мемлекетінің тарихына зор ілтипат пен қызығушылықты қалыптастыру мақсатында сұхбаттар, кездесулер, сынып сағаттарын өткізу кезінде атақты азаматтардың, спорт жеңімпаздарымен, белгілі тұлғалар мен әскери адамдардың өмірінен түрлі көріністер мен эпизодтар келтіріп, олардың Республикамыздың Туына, Елтаңбаға, Әнұранға деген көзқарастарын сөзге тиек еткен жөн. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сабақ үстінде, факультативтік сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарды өткізу кезінде, салтанатты іс- шараларда, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді өткізу барысында қалыптастыру қажет. Еліміздің нышандарымен жұмыс істеу кезінде Мемлекеттік рәміздердің барлық элементтерін түсіндіру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керек. 33. Президенттің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы: «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы». Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы (Алматы, желтоқсан 1997 ж.) Қазақстан-2030 Стратегиясы ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: • Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды. • Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. • Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. • Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. • Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды. • Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. • Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату. 34. ҚР дамуының ұзақ мерзімге арналған басым бағыттары. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады: 1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм 2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау 3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік 4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары 5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту 7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі Стратегияның толық мәтіні Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында жариялаған елдің Үшінші жаңғыру процестерін іске қосады және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізгі міндеттері мен нысаналы индикаторлары орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлар арқылы іске асырылуда. 2025 жылға дейінгі негізгі мақсат – адамдардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге алып келетін экономиканың сапалы әрі тұрақты дамуына қол жеткізу. Экономиканың сапалы өсуі бизнес пен адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, технологиялық жаңғыртуға, институционалдық ортаны жетілдіруге, сондай-ақ адамның табиғатқа теріс ықпалын барынша азайтуға негізделуге тиіс. Бұл ретте БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары маңызды бағдар болады. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жеті маңызды жүйелі реформаның және жеті басым саясаттың төңірегінде құрылған, олар 2025 жылға дейінгі кезеңде елдің экономикасы мен әлеуметтік өмірінде жүзеге асырылатын болады. Елдің әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін өлшеу үшін негізгі ұлттық индикаторлар мен халықаралық индекстер айқындалды. Стратегияның толық мәтіні Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді. Бағдарлама мақсаты – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету. Бағдарламаның негізгі міндеттері: экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту; индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру; экономикалық әлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру; экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс: 7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды; ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру; экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру; өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру; өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру. Бағдарламаның толық мәтіні Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді. (Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 423 Жарлығымен өзгеріс енгізілді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы кіріктірілді) Мақсаты - білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс: жоғары және бірінші санатқа ие жоғары білікті педагогикалық қызметкерлердің педагогтардың жалпы санына шаққандағы үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 49%, 2020 жылға қарай - 54%; 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтуды ұлғайту, 2015 жылға қарай - 77,7%, 2020 жылға қарай - 100%; Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 80%; мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған жоғары оқу орындары түлектерінің жоғары оқу орнын тәмамдаған алғашқы жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылуын ұлғайту, 2015 жылға қарай - 78%, 2020 жылға қарай - 80%; әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындары санын ұлғайту, 2015 жылы - 1, 2020 жылы - 2; халықаралық стандарттар бойынша институциональдық тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 65%; жастардың жалпы санынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын жастар санын ұлғайту, 2015 жылға қарай - 31%, 2020 жылға қарай - 55%. Бағдарламаның толық мәтіні Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты. Бағдарламаның өзекті міндеттері мыналар болып саналады: мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау; мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту; мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру; мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесін арттыру; мемлекеттік тілге сұранысты арттыру; қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу; тiл мәдениетiн жетiлдiру; коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi; Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау; ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену Қазақстанда Тілдерді дамыту мен қолдану бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілуге тиіс: мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн («Қазтест» тапсырудың нәтижесi бойынша 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%); мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесiн (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%); мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%); тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%); қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесiн (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%); республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн (2020 жылға қарай - 90%); ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесiн (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%); республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%); үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15 %-ға дейiн) ұлғайту. Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарламаның толық мәтіні Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту. Бағдарламаның міндеттері болып саналады: Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту; аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру; денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру; ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру. Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай мақсатты индикаторға қол жеткізуге тиіс: 2020 жылға қарай өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 73 жасқа жетеді; 2020 жылға қарай халық денсаулығының индексі 20 % - ға жетеді; 2020 жылға қарай халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануының деңгейі. 35.Құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері және т.б.) құрылуы. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі. Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық қорғау органдары құрылады. Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қадалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т.б. қызметі жатады. Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған: Сот. Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады. Сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - ҚР Әскери соты және басқалар) және аудандық, сол сияқты оларға теңестірілген соттар жатады. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысандарында белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды әрі негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен талапкер мен жауапкерді тиісті тәртіпке шақырады. Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады. Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьяларының мәртебесі бірдей, ал бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Оларға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады. Прокуратура. Прокуратура заңның дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құқықтық мәртебесі, қызметтік ұйымдастырылуы, қызмет тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі Конституциямен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығымен, халықаралық шарттармен, прокуратура қызметінің жекелеген қырларын реттейтін әрі шектейтін заңдармен, сондай-ақ Бас Прокурордың бұйрықтарымен реттелген. Прокуратураның орталықтандырылған бірегей жүйесін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры басқарады, ал оған облыстық прокуратуралар, республикалық дәрежедегі қалалық және республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оған теңестірілген әскери және мамандандырылған (көлік, табиғат қорғау, сондай-ақ арнаулы объектілердің прокуратуралары) прокуратуралар кіреді. Республиканың Бас Прокурорын Республика парламенті Сенатының келісімі мен Президент тағайындайды. Сонымен, прокуратура мемлекеттік билік тармақтарының бөлінісі және өзара қатынасындағы ерекше орган. Оның басты мақсаты Республиканың аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін қорғап, Конституция мен заңдарға қайшы келетін нормативтік актілерге наразылық білдіреді және т.с.с. Сөйте тұра, прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды, ұйымдардың қызметіне және азаматтардың жеке өміріне араласпайды. Ішкі істер органдары. Ішкі істер органдарының құқықтық статусы ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң күші бар Жарлығымен реттеледі. Заң бойынша ішкі істер органдарының міндеттері мыналар: - жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау; - қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; - қылмысқа қарсы күресу; - өз құзыреті шегінде қылмыстық жазалауды және әкімшілік шараларды қолдануды орындау; - жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған жүргізушілер мен автотехника құралдарын пайдалануға мемлекеттік рұқсат беру, жол жүрісі саласындағы ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру және т.с.с. Қазақстанның ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесі - Ішкі істер министрлігінен, оған бағынышты облыстардағы, қалалардағы, транспорттағы ішкі істер басқармаларынан, қалалық, аудандық, поселкелік ішкі істер органдарынан, ішкі істер әскерлері және басқа мекемелерден құралады. Ұлттық қауіпсіздік органдары. Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп-қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар. Бұл органдардың қызметін ҚР Президентінің 1995 жылғы 12 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" заң күші бар Жарлығы реттейді. Ұлттық қауіпсіздік органдары негізінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, оның жергілікті органдарынан және басқа да тиісті мекемелерінен құралады. Әділет органдары. Қазақстан Республикасының әділет органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Бұлардың қызметін Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы "Әділет органдары туралы" заңы реттейді. Заңға сәйкес әділет органдарының міндеттеріне: • заң жобасын дайындау жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, құқықтық кесімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу; • заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру; • құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; • сот сараптамасы қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру; • қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету және басқалар (Заңның 3-бабы) жатады. Әділет органдарының біртұтас жүйесі Әділет министрлігінен, аумақтық әділет органдарынан, қылмыстық атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан және өзге бағынысты ұйымдардан құралады. Қаржы полициясы. Қазақстан Республикасының қаржы полициясының органдары: - заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел іздестіру қызметін; - алдын ала тергеу және анықтау; - әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады. 2002 жылғы 4 шілдедегі "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Заңның 5-бабына сәйкес қаржы полициясына өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтарын қамтамасыз ету, салықтарды төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу, экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу, қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылатын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру міндеттері жүктелген. Қазақстан Республикасының адвокатурасы. Адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады. Адвокаттардың құқықтық статусы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы желтоқсан айының 5 жұлдызындағы "Адвокаттық қызмет туралы" Заңымен реттеледі. Жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болуы тиіс. Қазіргі кезде елімізде барлық облыстарда, қалаларда адвокаттар алқасы және жекеменшік адвокаттық кеңселер халыққа қызмет етеді. Адвокаттар төмендегідей қызмет көрсетеді: - шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; - талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды; - анықтау, алдынала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді және т.б. Нотариат. Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландаруға, 1997 жылғы шілденің 14-де қабылданған "Нотариат туралы" заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі. 3 денгей 1. Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жолы-Қазақстандық даму жолы»: негізгі құндылығы және бірегейлігі |