Главная страница

Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары

Скачать 1.03 Mb.
Название1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Дата17.01.2022
Размер1.03 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТарих ответы экзамен .docx
ТипДокументы
#333098
страница32 из 45
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45

29. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991ж тамыз бүлігі.
Ұлттың әлемдік қауымдастықта сақталуын қамтамасыз ететін факторлар көп. Оған ең алдымен сол ұлттың өзіне тиесілі және басқа халықтар мойындаған жері мен тәуелсіз мемлекетінің болуы, жоғарыда аталған факторлардан бірде-бір кем емес, халықтың дербес тілінің болуы жатады. Жеке тілі мен мәдениеті жоқ ел түптің-түбінде ыдырап, тарихтың тұңғиығына батып кететіндігін әлемдік тәжірибе ұдайы дәлелдеп келеді. Өзінің өмір сүруінің рухани қор­ғаныс тетіктерін іске қосқан ха­лық­тардың мемлекеттері қуатты. Оған дәлел ретінде Қытай, Жапония, Ұлы­британия елдерін келтіру болады. АҚШ-тың халқын ағылшын тілі мен англо-саксондық мәдениет топтастырып отыр. Демек, әрбір ұлттың ғасырлар қойнауынан келе жатқан қорғаныс қабілеті, қорғаныс амалы болады. Экономикалық және әскери қуатқа этностың рухани, дүниетанымдық тілдік және дәстүрлік бірлесуі қосылса, халықтың бәсекеге қабілеттілігі арта түседі. Бұл құбылысты ғылымда ұлттық, этникалық бірегейлену деп атап жүрміз. Ұлттық бірегейлену этностың қорғаныс қабілетін нығайтуда шешуші факторлардың бірі болып есептеледі. Ал ұлттық бірегейленуді сол халықтың ана тілінде жасалған рухани және шығармашылық мұрасы қалыптастырады. Өзінің рухани ұстаздарының мұрасын ана тілінде бойына сіңірген ұлт ешқандай сыртқы жауларға алдырмайды, ішкі бөліністерге, таластарға төтеп береді. Бұл ретте Елбасымыз осы рухани фактордың даму заңдылығын терең түсініп отырған мемлекеттік қайраткер екендігі сөзсіз. Президенттің елдегі тіл мәселесіне қатысты ұстанымын зерделегенде, оның нағыз демократиялық тұрғыда іске асарлық тіл саясатының жақтаушысы екеніне көз жеткіземіз. Қазақ тілі эволюциялық жолмен дамытылып келеді. Сол себепті де еліміздегі тіл саясатында қысым немесе шектеу қою тәсілдері атымен жоқ. Елбасы барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білгенін қалап, бұл істің әр азаматтың еркімен болғандығын дұрыс санайды. Елбасының Қазақстандағы тілдік үдерістерге көзқарасы 1989 жылы Кеңес Одағының күйреуі жағдайында қабылдан­ған «Қазақ Советтік Социалистік Респуб­ли­касының Тіл туралы» Заңында көрініс тапты. Бұл Заң Қазақстан тарихында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін айқындап берді. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде бекітілді. Аталған Заңда тәуелсіздік алар жылдардағы этнодемократиялық ахуал ескерілді. Бұл кезде ел халқының 38 пайызы орыстар және 12 пайызы орыстілді өзге этнос өкілдері болатын. Қазақтардың үлес салмағы 40 пайыз ғана еді. Қазақтар саны 6 млн. 497 мың болса, орыстар 6 млн. 93 мың болатын. Қазақтардың 30 пайызы ана тілдерін мүлдем білмейтін. Тілдік ахуалдағы осы қайшылықты Елбасы Заң арқылы шешуді мақсат етті. Бұл қадам елдегі әлеуметтік-этникалық келісімді сақтау үшін ауадай қажет болды. 1989 жылдың 22-қыркүйегінде қабыл­дан­­ған «Тіл туралы» Заңның саяси мәніне тоқ­талатын болсақ, бұл Заң Ресеймен страте­гия­лық әріптестікті нығайтуға өз үлесін қос­қандығы даусыз. Қазақстан билігі ел хал­қының тең жартысынан астамы болып та­бы­латын орыстілді азаматтардың тілдік және рухани мүдделерін қорғайтындығын көрсетті. Осылайша қазақ тілін дамыту мәселелерін шешу ел азаматтарының ниеттері мен талап-тілектеріне байланысты екенін байқаймыз. Заңда барлық мекемелерде қай халықтың үлес салмағы көбірек болса, сол тілде сөйлеу және іс қағаздарын жүргізу міндеттелген еді. Бұл Заң елдегі тілдік ахуалды сауықтыруда табысты нәтижелер берді деп айтуға болады. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы барысында, сондай-ақ елдегі этнодемографиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты 1997 жылы 11-шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң 1995 жылы қабылданған ҚР Конституцияның 7-бабының талаптарының шеңберінде жасалынды. 1989 жылғы Заңға қарағанда, жаңа Заң қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін күшейте түсті. Мемлекеттік тіл елдегі қоғамдық қатынастардың барлық салаларында міндетті түрде қолдануға тиіс болды. Сонымен қатар Қазақстанның шетелдегі қазақ диаспораларының мемлекеттік тілді білуіне қамқорлық жасауы қажет екені айтылды. Елбасының тапсырмасымен ҚР Үкіметі 1997 жылғы Заңды орындау мақсатында «Қазақстан Республикасында 2000 жылға дейінгі кезеңде қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдады». ҚР «Тіл туралы» Заңы мен бағдарламасы елде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтудің эволюциялық жолын бастады. 1998-2000 жылдарда қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін 292 мектеп пен 654 балабақша ашылды. Қазақ халқы тығыз орналасқан ауылдар мен аудандарда іс қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіле бастады. Осылайша Елбасы үш ғасыр бойы қудаланған қазақ тіліне мемлекеттік қамқорлықты күшейтудің зәрулігін күн тәртібіне қойды. 2011 жылы елдегі этнолингвистикалық және этнодемографиялық өзгерістерді есепке алатын «Қазақстан Республикасы тіл саясатының тұғырымдамасы» қабылданды. Бұл құжатта: «Қолданылып отырған шараларға қарамастан, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру әлі мүмкін болмай отыр. Мұның негізгі себебі – тіл мәртебесі тек ресми тұрғыда жарияланғанымен, оның жер-жерде үйретілуі мен қолданылуын жүзеге асырар тетік күні бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде іске қосылмай отыр. Мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасау қосалқы сипатта ғана» деп елдегі тілдік үдеріске әділетті баға берілді. Қазақстан Республикасы Конститу­циясының 93-бабына сәйкес елдің барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайды жасау мақсатында Президенттің 2001 жылғы 7-ақпандағы Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. 10 жылға арналған бұл бағдарламада мемлекеттік тілді дамытудағы оқу-әдістемелік кемшіліктерді шешуге баса назар аударылды. Тарихи топонимиканы қалпына келтіру, БАҚ-та қазақ тілін дамыту шаралары белгіленді. Мемлекеттік тілді дамытуға қоғамдық қамқорлықты жұмылдыру мақсатында Елбасы 2008 жылы «Мемлекеттік тілді дамыту қорын» ұйымдастыруды ұсынды. Сол жылы 5- қыркүйекте ҚР Тұңғыш Президенті қорынан 48 млн. теңге бөлінді. Бұл қордың мақсаты мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған түрлі тиімді жобаларды іске асыру болды. Бүгінгі таңда елімізде Президенттің 2011 жылғы 29-маусымындағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – 2020 жылға таман Қазақстандағы ересек тұрғындардың 90 пайызы мемлекеттік тілді білуі тиіс. Ал орта мектепті бітірген түлектердің қазақ тілінде сөйлеуін 100 пайыз қамтамасыз ету белгіленді. Үш тұғырлы тіл принципі бойынша 2020 жылы ел халқының 20 пайызы ағылшын тілін меңгеруі керек. Ал үш тілді бірдей меңгерген азаматтар саны 15 пайызға жетеді деп жоспарлауда. Мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлес салмағын 2014 жылы 53, ал 2020 жылы 70 пайызға жеткізу белгіленді. Елбасы ең алдымен қазақ тілінің қол­даныс аясын кеңейтуде ұлттық сананың белсенділігіне сүйенуді көздейді. Елбасының «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол ұлтымыздың анасы», «Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес», «Ана тілін қадірлеу – әр азаматтың перзенттік парызы», «Тарих пен тіл тамырлас», «Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл», «Қиын кезеңдерде ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған қазақ тілі – бүгінгі өмірімізде ұлтты тұтастырудың тегеурінді тетігі болуға тиіс», «Бізге ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше жан аямай қастерлеуден асқан парыз жоқ», «Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік бітім болмысы осы тілде қаттаулы жатыр» деген қанатты сөздері осы мәнде айтылғаны сөзсіз. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблея­сының ХІХ сессиясында 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 90 пайызы қазақ тілін меңгеруге қол жеткізу міндетін айта келе: «Мемлекеттік тілді меңгеруге алдымен өз қандастарымыз оң үлес қосу керектігін айтып келемін. Елімізде 10 миллионнан астам қазақ болатын болса және олар түгел тілді игерсе, байлықтың ең үлкені осы болар еді. Өзіміз, бәріміз игерсек, сөйлесек осындай орта пайда болатын болса, барлық мәселеміз шешіледі. Қазақ тілі баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуы тиіс» деді. Мемлекет басшысы бұл идеяларды 2012 жылдың 14-желтоқсанында жарияланған «Қазақстан – 2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында тереңдете түсіп, 2025 жылға қарай Қазақстан халқының 95 пайызы қазақ тілін білуі тиіс екенін атап өтті. «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде сөйлеген сөзінде қазақ тілін білу біздің азаматтық парызымыз ғана емес, ол халыққа деген құрметтің белгісі екенін айтты. Бұл орайда ел халқының қазақ тілінің негізінде топтасудың күшеюі, өзара түсіністік пен татулықтың нығаюы, ұлттық бірегейленудің қазақтық мән-мазмұнға ие болуы, ел халқының басым көпшілігінің мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауы Қазақстан Республикасына жақын болашақта Қазақ мемлекеті деп атауға әкелетінін атап өтті. Бұл үдеріс қазіргі таңда белсенді түрде жүзеге асырылып келе жатқаны байқалады. Салыстырмалы түрде алсақ, 2010 жылы елдегі оқушылардың 60 пайызы қазақша оқыса, 2013 жылы 64 пайызы қазақ тілінде оқуда. БАҚ 53 пайыз қазақ тілінде сөйлесе, бүгінде бұл көрсеткіш 70 пайыз болып отыр. 2750 газет-журналдардың қазақшасы 62 пайыздан 68 пайызға өскен. Мемлекеттік тілді өркендетудің тиімді жолдарының бірі оны қолданудың заңдық кеңістігін нығайту екені сөзсіз. Ол үшін алдымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына қосымша бір-екі сөйлем енгізген дұрыс. «Қазақстан азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік тілді білетін азаматтар атқарады» деген талаптар енгізілсе, Қазақстанда қазақ тілінің заңды дамуы қамтамасыз етіледі және орыс тілінің қазақ тілімен ресми теңдігіне байланысты баптың маңызы төмендейді. Екіншіден, Конституцияның 93-бабына сәйкес арнаулы заңмен мемлекеттік тілдің ақпаратта қолданылуымен, оқытылуының барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде кеңінен қолдануын қамтамасыз ету керек. Елде осы заңдардың қатаң орындалуын қадағалайтын, ұйымдастыратын және тексеретін мемлекеттік мекеме қыз­меті де заңдастырылуы қажет. Респуб­ликалық, облыстық, аудандық Тіл комитетінің тілді дамыту мен қорғаудағы өкілеттіліктері кеңейтіліп, заңдастырылуы керек. Үшіншіден, мемлекеттік тілді қорғау мен дамыту істерінде науқаншылықты азайтатын мезгіл жетті. 1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-нің «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл құжатта тарихи қадам жасалынып қазақ тілі елде алғаш рет мемлекеттік тіл деп жарияланды. Алайда мемлекеттік тілді дамытудың тиімді тетіктері мен жолдары айтылғанымен, іске асырылмады. 1997 жылы шілдеде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданған. Аталған Заңда мемлекеттік тілді дамыту шараларына қатысты нақты істерден гөрі ұраншылдық басым түсіп жатқандай әсер қалдырды. Ал қазақ тілі науқаншылдықты көтермейді. Мұнда тек жүйелі жұмыстар атқарылуы керек. Төртіншіден, мемлекеттік тілді қоғамның жеке бір саласында ғана дамыту арқылы жетістіктерге жете алмаймыз. Бұл істе кешенділік принципін басшылыққа алуы­мыз қажет. Алдымен мемлекеттік тіл Қазақстанның ұлттық идеясына айналуы керек. Бұл үшін елімізде ең кемінде 3-4 телеарна, 3-4 радио арнасы 24 сағат бойы қазақ тілінде сөйлеп тұруы шарт. Ақпараттық орысша, ағылшынша бағдарламаларындағы қазақша хабарлардың 50 пайыз болуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазақтар өз балаларын қазақ балабақшаларына, мектептеріне беруі тиіс. Қоғамдық ортаны да қазақ тілінде ойлантып, сөйлету міндетін дереу шешпесек болмайды. Мемлекеттік қызметтегі, ұлттық компаниялардағы басшы қызметкерлер түгел дерлік мемлекеттік тілді білсін деген талап қою керек. Осы міндеттерді шешетін болсақ, онда елдегі 11 млн қазақтың ішіндегі қазақша білмейтін 2 миллион қазақ ана тілінде 4-5 жылда сөйлеп шыға келеді. Халықтың 60 пайы­зы мемлекеттік тілде сөйлеп, оқып қызмет етіп жатса, қалған 40 пайызы міндетті түрде көпшіліктің соңына еретіні ақиқат. Бесіншіден, мемлекеттік тілдің елдегі орны мен беделін жарнамалардан, көрнекті безендіру құралдарынан байқауға болады. Мысалы, Алматы қаласының көшелерінде орыс, ағылшын тілдеріндегі жарнамалар қаптап кетті. Онысымен қоймай, суреттерде, құлаштай жарнамаларда славян тектес жігіттер мен қыз-келіншектер келбеті бейнеленеді. Тілді таптап тұрғандай әсер қалдырады. Сондықтан Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізу қажет. Көшедегі жарнамалардың мемлекеттік тілге нұқсан келтірмеу жағын батыл қолға алатын мезгіл жетті. Алтыншыдан, орыс, неміс және басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік лауазымды қызметтерге тағайындағанда мемлекеттік тілде таза сөйлейтіндігін қатаң ескеру керек. Олардың нақты үлгісі басқа этникалық топтар өкілдерінің қазақ тіліне көзқарасын түзейтіні даусыз. Жетіншіден, мемлекеттік тілге қатысты заңды талаптарды орындамаған мекемелерді, ұйымдарды, лауазымды қызметкерлерді сот арқылы айыппұл төлеуге, т.б. жауапқа тартуға, қызметтерінен босату шарасына дейін шара қолдануға ұсыныстар беретін Тіл комитеттерінің арнайы бөлімі болуы тиіс. Оны тіл инспекциясы, тіл полициясы, т.б. деп атауға болады. Айтылған міндеттерді орындау елдегі тіл саясатының тиімділігін арттырары сөзсіз. Сегізіншіден, білім жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлін көтермесек, ұлттық рухты ұлықтамасақ, жетістікке жете алмаймыз. Сондықтан қазақ тілі пәнін орыс мектептеріне оқыту кестесін 2 есеге көбейтуді, Қазақстан тарихы пәнінен міндетті мемлекеттік емтиханды қалпына келтіруді, мектептерде, колледждерде, университеттерде Қазақстан тарихының сағат санын көбейтуді қамтамасыз ету керек. Ұлттық сана мен рухты тәрбиелемей, қазақстандық патриотизмді тәрбиелей алмаймыз. Бір ғана мемлекеттің тілі болып отырған орыс тіліне жармаса бермей, өз ана тіліміздің мәртебесін көтеруге түбегейлі бетбұрыс жасайтын мезгіл жетті.

написать администратору сайта