Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
Президенттің «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауына байланысты ой-пікірлер 2014 жылғы 27 қарашаАтап айтқанда, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссары, ханзада Зейд әл-Хусейн Мемлекет басшысының Жолдауы қазақстандықтардың бойына ертеңгі күнге деген сенім ұялататынына назар аударған. Ол қоғамда этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы туралы идеяны әмбебап деп санап, оны өзге елдерге де қолдануға болатынын айтады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шет елдерде айтарлықтай резонанс тудырды. Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы күш-жігері мен жетістіктеріне, сондай-ақ әлемдегі ұзаққа созылған саяси және экономикалық тұрақсыздық кезеңінде қабылданған шешімдеріне бірқатар көрнекті саяси қайраткерлер, беделді сарапшылар мен шолушылар, іскер қауым өкілдері жоғары баға берді. Лаос Президенті Т.Сайнясону Мемлекет басшысы жүргізіп отырған экономикалық саясат пен халықаралық аренадағы Қазақстанның жетістіктерін, сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасын айрықша атап өтті. «Қазақстан Президентінің бастамалары – жаһандық жаңа қауіп-қатерлерге дер кезінде берілген жауап, бұл өз кезегінде ел экономикасының тиімді өркендеуіне қызмет ететін болады», – деп түйіндейді Т.Сайнясону. Өңірдің дамуында Қазақстанның атқарып отырған маңызды рөліне Ауғанстанның атқарушы билігінің басшысы А.Абдулла тоқталып өткен. «Мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудағы, заманауи елорда салудағы табыстарын жоғары бағалаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзіне ерекше құрметімді білдіремін және Қазақстанның дамуы өңірдегі елдер үшін, соның ішінде Ауғанстан үшін де жарқын үлгі болып саналады деп ойлаймын», – дейді А.Абдулла. Түркияның Энергетика және минералдық ресурстар министрі Т.Йылдыз «Нұрлы жол» бағдарламасын экономикалық дамудың, мемлекеттілікті және Қазақстандағы ұлт бірлігін нығайтудың жаңа бағыты деп атапты. «Жолдаудың мазмұны елдің қалыптасуы мен әлемдік қоғамдастықта өз орнын алуында маңызды рөл атқарған Қазақстан Көшбасшысының ой ауқымының кеңдігіне тағы да көз жеткізе түседі. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – шағын және орта бизнесті, Қазақстанның индустриялық инфрақұрылымын дамыту. Осыған байланысты бұл үдерістерге түрік капиталының қатысуын жандандыру маңызды бола түседі», – дейді Т.Йылдыз. Парламент депутаты, «Қазақстан – Грекия» парламенттік Достық тобының төрағасы В.Полидорас әлемдегі қиын экономикалық ахуалға қарамастан қазірдің өзінде экономикалық секіріс платформасына дайындыққа кіріскен Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігіне тоқталады. ГФР Бундестагының депутаты Г.Цертиктің пікірінше, «Нұрлы жол» жаһандық заманауи экономикалық сын-қатерлерге сай келеді және халықтың әл-ауқатын жан-жақты арттыруға бағытталған. Сондай-ақ ол Ұлттық қор резервтерін ескере келіп, айтылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға әбден болатындығына сенім білдіреді. Жаңа Жолдаудың мән-маңызына қатысты өз көзқарасын Италия Сенатының Қаржы және қазынашылық жөніндегі комитетінің төрағасы, биліктегі Демократиялық партияның мүшесі М.Марино да білдірген. Ол Жолдаудың идеялық постулаттары негізінде алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған, елеп-екшелген қадамдар жатқанына сенімді екенін айтқан. Израиль ішкі істер министрінің орынбасары, «Израиль – біздің үйіміз» партиясының Бас хатшысы Ф.Киршенбаум Қазақстандағы дінаралық және ұлтаралық келісімнің сақталуының маңыздылығын атап айтады. «Инфрақұрылымды, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінен, сөз жоқ, мемлекет пен оның азаматтарының күнделікті тұрмысын ұлы елдің қалай құруы тиіс екендігіне Қазақстан мысал бола алады», – деп түйіндейді Ф.Киршенбаум. Бразилияның сыртқы байланыстар министрінің орынбасары Х.Виана Жолдаудың маңызды стратегиялық құжат екенін, онда нақты әрі қолжетімді мақсаттар көрсетілгенін айта келіп, таяу келешекте Қазақстан әлемдік қоғамдастықтағы бәсекеге қабілетті және заманауи мемлекеттің біріне айналатындығына сенім білдіреді. Бразилия Бас Прокурорының орынбасары Э.Альмейда Жолдауда аталған шаралар тиісті табысқа жеткізіп, Қазақстан мен Бразилия арасындағы сауда қатынастарының бұдан әрі өрістеуіне септігін тигізеді деген сенім білдіреді. Анкара губернаторы М.Кылычлар бағдарламада жария етілген, 100-ден астам шетелдік компания қатысуға ниет білдірген инфрақұрылымдық дамудың маңыздылығына назар аударыпты. «Бұл түрік бизнес-құрылымдары үшін де қызықты болмақ. Астанада «Анкара» саябағы ашылып, Ататүрікке ескерткіш қойылды, ал Анкарада Қазақстан даңғылы бар, Қазақстанның Тұңғыш президентінің монументі тұр. Бұл екі халықтың достық және бауырластық қарым-қатынасының көрсеткіші болып саналады», – деген пікір білдірген М.Кылычлар. «Евразия» (Болгария) геосаяси орталығының төрағасы, Елші П.Ганчев Қазақстанның алдағы кезеңдегі экономикалық және әлеуметтік саясатына енгізілген өзгеріс жаһандық экономикалық және геосаяси жағдайды кешенді талдау негізінде жүзеге асырылып отыр деп санайды. Елші инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытып, халықтың әлеуметтік-экономикалық көңіл-күйін жақсартудың дер кезінде қолға алынғандығын назардан тыс қалдырмаған. Еуразиялық кеңестің халықаралық қатынастар жөніндегі консультативтік кеңесінің төрағасы, Австрияның бұрынғы сыртқы істер министрі және ЕО-ның сыртқы байланыстар қызметінің бұрынғы басшысы Б.Ферреро-Вальднер Қазақстан тәуелсіздік жылдарында тамсандырарлық табыстарға жеткенін және қазіргі кезде өсудің жаңа траекториясына шыққанын атап өткен. Польша Республикасының экс-президенті А.Квасьневский Қазақстанның өңірлік қана емес, жаһандық деңгейдегі ірі әрі маңызды ойыншыға айналғанын айтады. Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігіне және Қазақстан халқының табандылығы мен мақсаткерлігіне жоғары баға берген Эстонияның экс-президенті А.Рюйтель стратегиялық құжатта белгіленген биік мақсаттар мен міндеттердің барлығына қол жеткізілетіндігіне сенім артады. Бельгиялық энергетикалық хартияның Бас хатшысы У.Руснак Қазақстан жаһандық сын-қатерлер мен оқиғаларға үн қатуға тиістігіне, ал Президенттің Қазақстан халқына кезекті Жолдауы дер кезінде жарияланғанына баса мән берген. Италияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ф.Фраттини Орталық Азиядағы ядролық қаруды таратпау мәселесінде, жан-жақты диалогты ілгерілетуде Қазақстан аса маңызды рөл атқарады деп есептейді. Сол себепті де ЕО-ның біздің елмен барынша тиімді байланыс орнатқаны өте маңызды екенін айтады. «Нұрсұлтан Назарбаев өз елінің ғана емес, бүкіл өңірдің тұрақты және орнықты дамуын қамтамасыз етуге ерен үлес қосуда. Бұл орайда, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту экономикамен қатар адами байланыстарды дамыту тұрғысынан да зор мәнге ие», – дейді Ф.Фраттини. Шетелдік сарапшылар мен шолушылар Жолдаудың мазмұны Қазақстан жұртшылығының көңіл-күйін және оның заманауи сын-қатерлерді еңсеруге деген дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді деп есептейді. Ресейлік экономист М.Хазин Қазақстанның табыстарына қысқаша шолу жасай отырып, экономикаларының құрылымы ұқсас бола тұра Ресейде осымен екі жыл қатарынан экономикалық құлдырау байқалып отырғанын өкінішпен атап өткен. «Қазақстан планетаның алдында болып шықты, өйткені ол өзін индустрияландыруды 5 жыл бұрын бастады», – деп жазады М.Хазин. Қытай халықаралық зерттеулер институтының ШЫҰ, Еуропа және Орталық Азияны зерттеу орталығы директорының орынбасары Ли Цзыго Жолдаудың лейтмотиві дағдарысқа қарсы жаңа жоспар болып отыр деп санайды. Оның мақсаты – проблемаларды Ұлттық қордың қаражаты есебінен еңсеріп қана қоймай, экономиканың шикізаттық бағдарын түбегейлі жою үшін құрылымдық реформа жүргізу. «Еуразиялық құрлықтың ортасында орналасқан Қазақстан трансқұрлықтық тасымал басымдығына ие, сонымен қатар елеулі кемшілігі де бар: теңізге шығар жолы жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған жоспар Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Маған Президент «дағдарыс» сөзін қытай тілінде жақсы түсінетін сияқты көрінеді. Ол ылғи астасып жүретін екі сөзден тұрады: қатер және мүмкіндік. Ақиқатында, тек өте кемеңгер адам ғана дағдарыстық құбылыстан жаңа мүмкіндіктерді көре алады», – деп жазады Л.Цзыго. Армения Президенті жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі – Аз ұлттар мәселесі жөніндегі комиссияның төрағасы С.Зорян Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы экономикалық сілкіністер бірінші кезекте посткеңестік кеңістіктегі елдерге тиеді деген тезисімен толық келісетінін айтады. Бұл ретте ол Мемлекет басшысының сын-қатерлер алдында Қазақстан халқының бірігуі маңызды деген пікіріне ерекше мән береді. Профессор, Варнен еркін университетінің экономика ғылымдарының докторы (Болгария) Н.Дюлгерова әлем ауқымы мен сипаты болжамдар шегінен әлдеқашан шығып кеткен көптеген сын-қатерлердің алдында тұр деп санайды. «Мемлекеттің экономикалық, саяси және әлеуметтік табысының ұтымды рецептін бірінші болып өте тез жасай білгендердің бірі – Қазақстан Президенті», – деп жазады Н.Дюлгерова. «Біртұтас Планета» (Бразилия) медиахолдингінің президенті У. де Ресенде мемлекеттің орнықты өсуі мен өркендеуі үшін нақты басшылық қағидаттар қажет екендігіне және бұған Қазақстан Президенті қол жеткізіп отырғанына сенімді екенін айтады. «Біз шағын және орта кәсіпорындарды ынталандырудан бастап, энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға дейінгі барлық аспектілерді қамтитын әлеуметтік-экономикалық стратегияның табыстылығына сенімдіміз. Жолдауда айналадағы ортаға, әркім де сапалы білім мен ілгерілеуге қол жеткізе алатын инклюзивті және әділ қоғамға айрықша көңіл бөлінген», – дейді У. де Ресенде. Әлеуметтік нысандар мен базалық инфрақұрылымдардың құрылысына ауқымды инвестициялар салу жоспары іскер топтардың үлкен қызығушылығын тудырды. Сауд Арабиясы Корольдігінің Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы А. аз-Замиль әлемдік экономиканың қазіргідей жағдайында «Нұрлы жолды» дер кезінде жасалған құжат, сондықтан Жолдау Сауд бизнесінің Қазақстан экономикасының қарқынды трансфорациясына қатысуы тұрғысынан қызығушылық туғызады деп есептейді. «John Deere» (АҚШ) компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі директоры Б.Диас-Феррейра ауыл шаруашылығы еліміздің экономикалық дамуының маңызды бағыты болып қала беретініне зор қанағаттанушылық білдіреді. ««John Deere» компаниясы Қазақстанмен ынтымақтастық мәселесін шынайы қарастырады және біздің компаниямыз АӨК дамытуға өз үлесін қоса алатынына нық сенімді», – деді бизнесмен. Немістің Pappenburg International құрылыс компаниясының басқарушы директоры К.Вальтер Қазақстан Президентінің бағдарламасы өзге көптеген елдерге үлгі бола алатынына сенімді. «Паппенбург компаниясы көптеген жылдар бойы Қазақстанның серіктесі болып келеді. Біз Қазақстандағы түрлі жобаларға өз үлесімізді қосқанымызды мақтан тұтамыз. Әсіресе Астана-Бурабай автобанының жүз шақырымдық бөлігін атап айтқым келеді», – деді К.Вальтер. Дрездендегі ҚР құрметті консулы – немістің Chemieanlagenbau Chemnitz химиялық компаниясының басшысы Й.Энгельман Қазақстан Президентінің саяси көрегендігіне назар аударады. «Шикізатты сату елдің экономикалық игілігінің басты көзі болмауға тиіс. Өз өнеркәсібін құру арқылы жаңа жұмыс орындары ашылады, қызметкерлердің техникалық білім деңгейі өседі, мемлекеттің табысы ұлғаяды», – дейді Й.Энгельман. «T.Thomson & Associates, LLC» (АҚШ) компаниясының серіктесі Т.Томсон «Қазақстан экономикалық дамудың дұрыс жолында келеді, енді экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ететін индустрия салаларын белсене дамытқан жөн» деп пайымдайды. 2. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан2050 "Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Ұзақ мерзімді ұлттық стратегияны ұсыну мемлекеттілікті нығайтудың, экономиканың өсуінің, тұрақты қоғамдық-саяси дамудың арқасында мүмкін болды. Тәуелсіздік алғаннан бері қоғамды топтастыруға бағытталған бағыт Қазақстанның экономикалық өркендеуіне жағдай жасады. Ел қалыптасуының транзиттік кезеңі табысты өтті. Қазақстан әлемде дәйекті сыртқы саясаты бар қалыптасқан мемлекет ретінде өзін жалпыға бірдей танытты. Бұдан басқа, ел алдыңғы 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткізді. Республика әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енді. Осы табыстардың барлығы Қазақстанға жаңа тарихи кезеңге өтуді қамтамасыз етті және оның болашақ жетістіктер межесін одан да жоғары көтеруге ұмтылысын айқындады. "Қазақстан-2050" Стратегиясын тұжырымдау мен ұсыну жаңа уақытты есептеу мен мемлекеттің дамуына қуатты серпін берді. Өткен онжылдықтарда қаланған іргетасқа сүйене отырып, қазақстандық ұлт өз болашағына сеніммен қарайды, онда біздің елімізді жаңа сын-қатерлер мен қауіптер, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер мен мүмкіндіктер күтеді. Ұлт Көшбасшысының стратегиялық Жолдауы олардың көпшілігіне жауап береді. Стратегияда жарты ғасырға жуық уақытқа есептелген жаңа саяси бағыттың параметрлері бар. Осы уақытқа дейін әлем түбегейлі өзгереді деп күтілуде. 36 жылдан кейін болашақ қандай болады, қазір бүкіл әлемнің ғалымдары мен талдаушылары жауап беруге тырысуда. Бірақ бір нәрсе анық: осы уақытқа дейін Қазақстан дамудың жаңа, неғұрлым жоғары шегіне жетуге тиіс. Оның үстіне, біз ең өршіл міндеттерді шешу қабілетімізді бірнеше рет көрсеттік. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы стратегияларының бірізді қатары "Назарбаев моделін" дамудың нақты векторларымен, басымдықтардың реттілігімен және ұзақ мерзімді болашақты көрумен толықтырып қана қойған жоқ. Кезінде "Қазақстан-2030" Стратегиясы Қазақстанда Мемлекеттік басқарудың жаңа зияткерлік мәнмәтінін қалыптастырды. Басқару саласын байыта отырып, жаңа саяси ойлаудың кристалдану факторына айналған жаңа терминдер, ұғымдар мен ұғымдар күнделікті өмірге енді. "Қазақстан-2050" Стратегиясында туындайтын қатерлер мен жаһандық сипаттағы тәуекелдерді ескере отырып, ел дамуының жаңа деңгейі белгіленген. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанға әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру оңай емес. Бұл бүкіл ұлттың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Болашақ инклюзивті экономикалық өсуге қол жеткізетіндігінде, ол кезде дамуға қоғамның барлық топтарын түсіну және қарсы қозғалыс негізінде барлық салалар тартылатын болады. Стратегиялық жоспарлау мен болжаудың инновациялық парадигмасына негізделген қазіргі әлемдік саяси практика үшін прогрессивті бұл құжат Ұлт алдына сапалы жаңа міндеттердің тұтас кешенін қояды. "Қазақстан-2050" Стратегиясы қазақстандық ерекшелікке сүйене отырып, кең таралған көптеген терминдерге жаңа тұжырымдамалық түсінік беруі кездейсоқ емес. Бұдан басқа, "Қазақстан-2050" Стратегиясының мәтінінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев енгізген бірқатар жаңа ұғымдар да пайдаланылады. Оларға, мысалы: "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы", "жаңа қазақстандық патриотизм", "экономикалық прагматизм", "Бүкілқазақстандық бірегейлік", "қалыптасқан мемлекет" және т. б. жатады. Стратегияда Ұлт Көшбасшысының мынадай идеялық-саяси идеялары көрініс тапқан: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы жалпыға ортақ игілік мемлекетінің қазақстандық формуласы ретінде; жасыл жол бастамасымен және Болашақ энергиясы тұжырымдамасымен біріктірілген жаңа өнеркәсіптік революция ұғымы; ұлттық интеллигенцияның жаңа рөлі мен міндеттерін білдіретін идеологиялық парадигмалар: прогрессивті идеалдар қоғамы, біздің заманымыздың жаңа кейіпкерлері, тарихи сананы қалыптастыру; ұлттың жойылу қаупіне қарсы тұратын және оның бірлігін нығайтуға ықпал ететін мәдени кодының ұғымы; тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік принципі. Осылайша, "Қазақстан-2050" Стратегиясын іске асырудың басталуы жаңа Жолдауда пайдаланылған категориялық аппаратты ой елегінен өткізудің және жүйелеудің орындылығына әкелді. Оның үстіне, қоғамдықгуманитарлық ғылымдардың негізгі ұғымдары берілген және түсіндірілген осындай типтегі алдыңғы басылым 1998 жылға жатады. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. Бағдарламаның қарастыратын істері Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады: Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм; Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау; Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік; Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары; Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту; Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі 3. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі. Өтпелі кезең – КСРО ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезеңді Қазақстан 1989-1996 жылдары бастан өткізді. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институтц. Дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан дағдарыс үдерісі ушыға түсті. Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді. 1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді. 1994 – 1995 жылдары агроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Атап айтқанда, классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды. Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды. 4. Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары – экономика дамуының кластерлік принципі, еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, заманауи технологияларды енгізу, инвестициялық, салық, аграрлық-индустриалдық саясаты, инфрақұрылымды әсіресе көлік және байланысты дамыту. Реформалар: бiрiншi кезең (1991-1992) Бiрiншi кезең Қазақстанда социалистік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi. Реформалар: екiншi кезең (1993-1994)Екiншi кезең экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы. Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта — теңгені енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi. Реформалар: үшiншi кезеңде (1995-1997)Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медициналық қорларын құруға жол ашты. Реформалар: төртiншi кезеңде (1998-1999)Төртiншi кезеңде Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы қабылданды. “Қазақстан — 2030”: Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының жақсаруы: ел Президентiнiң “Қазақстан халқына жолдауы” (1997 ж. күз) бағдарламасы — ҚР-ның ұзақ мерзiмдiк стратегиялық дамуының тұжырымдамалық негiзi — даму бағыттары және елдiң дамыған елдер тобына шығу жолдары айқындалды. Стратегияның мiндеттерiне сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай дамыған мемлекеттердiң деңгейiне жетiп, әлемнiң ең дамыған 20 елiнiң қатарына қосылуға тиiс (Қазақстан — 2030 даму стратегиясы). Реформалар: бесiншi кезең (2000 ж.) Бесiншi кезеңде Қазақстан экономикалық өрлеу жолына түстi. ҚР дамуының 1998 — 2000 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын iске асырудың оң тәжiрибесi бюджеттiк-қаржылық өзара iс-қимыл мен реттеудiң жаңа қағидаларына негiз қалады, оның серпiнi мына мақсаттармен айқындалды: 2000 — 02 ж. орталық және жергiлiктi атқарушы органдар арасында қаржы-экономикалық мiндеттердi бөлiсу; 2001 жылдан бастап елдiң экономикалық дамуын жоспарлауға көшу. 2001 ж. негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 775,7 млрд. теңгенi құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 ж. 4 желтоқсанда Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспары” бекiтiлдi. 5. ХХІ ғасырдағы экономиканың қазақстандық үлгісі. ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы. 2014 жылғы 11 қарашада Мемлекет басшысы алдағы жылға арналған кезекті Жолдауын халыққа таныстыру кезінде Жаңа экономикалық саясат – «Нұрлы жол» туралы мәлімдеді. Ол алдағы жылдары Қазақстан экономикасы өсімінің негізгі қозғаушысы болуды, сондай-ақ, әлемдегі ең озық дамыған 30 елдің қатарына қосылудың маңызды қадамына айналуды көздейді.Жолдаудың негізгі арқауы әлемдік экономиканың жаңа сын-тегеуріндері мен қауіптері тұрғысынан Қазақстанның экономикалық саясатын қайта бағдарлау болды. Осыған байланысты экономикалық өсуді қалыптастыруға қатысты кейбір тәсілдер қайта қаралып, алдағы кезеңге арналған даму жоспарларына түзетулер енгізілді.Бағдарламаның негізгі мақсаттары ретінде мыналар анықталды: Астанадан барлық аймақтарға сәуле қағидаты бойынша тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылымды құру, индустриялық, туристік және әлеуметтік инфроқұрылымды дамыту, сондай-ақ энергетикалық секторды нығайту болды. Іске асыру барысында бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілді: 2017 жылы тұрғын үй құрылысы бағыты «Нұрлы жер» жаңа мемлекеттік бағдарламасына ауыстырылды, геологиялық барлау басқа нормативтік-құқықтық актілерде де көрініс тапты. Осылайша «Нұрлы жол» көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай бағдарламасы болып қалды. Еліміздің астанасында ЕХРО ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысы Назарбаевтың еңбегі. Республикамыз 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Осы уақыттан бастап республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналды. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өткен алғашқы көрме болды. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойса 2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтті.. Ұйымдастырушылары таңдаған тақырып - Future Energy (Болашақ қуат). ЕХРО 2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 млн адам келді. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. ЕХРО-2017 көрмесінің символдары ретінде Қуат, Мөлдір және Сәуле таңдалды. Қуат (күш, билік) - жердегі энергияны білдіреді. Мөлдір(айқын, таза) - судан алынған энергия. Сәуле(күн сәулесі) - күннен алынған энергия. Көрмені өткізу Астана қаласының, сонымен бірге республикамыздың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет етеді. Мұндай мамандандырылған көрмелерде әлемнің барлық мемлекеттері өздерінің ең үздік инновациялық, технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін әлем назарына ұсынады. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастыруға бет алып, жаһандық экономиканың өрлеуін де, мәдениеттің мәйегін де, өнердің гүлденуін де паш етеді. ЭКСПО- республикамыздың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуының қосымша стимулы. Әлемнің әр түкпірінен келген жаңа, заманауи, инновациялық технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу қағидалары да көрсетілді. Соның нәтижесінде, біз басқа елдердегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә болды. Өз еліміз бен алдыңғы қатардағы елдердің арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын ажыратып, өзіміздің деңгейге баға бердік. 6. Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі. VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қаласында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілдіі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келгенін атап өту керек. Елордада мәнерлеп сырғанаудан да, хоккейден, конькиде жылдам жүгіру және шорт-тректен жарыстар өтті. Қалған ойындардың барлығы Алматы қаласында өткізілді. Ойындар елдің атын шығарып қана қоймай, қысқы спорт түрлерінің дамуын жаңа дәрежеге көтермек. Әлемге әйгілі “Медеу” мұз айдынында бір сырғанап өту бүкіл әлемнің коньки тебушілері үшін арманға айналған заман да болған. Азияның көптеген елі Азия ойындарын Олимпиада ойындарымен қатар қояды, сондықтан осы көлемді іс-шараны дайындау және өткізу Қазақстанның түрлі саладағы көшбасшылық орнын тағы бір көрсетіп, ел жетістігінің түрлі қырын көрнекі түрде растау болады. Азия ойындарына шамамен құрлықтың 45 елі қатысады деп жоспарланған. VІІ қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Сақтардың мифологиясында барыс әділдіктің қорғаны ретінде бейнеленеді, ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз салады. Сондай-ақ, барыс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі болып табылып, өмір ағашының қорғанышы ретінде көрінеді. Осының барлығы өз кезегінде олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады. Ойындар Алауы 2010 жылғы 31 желтоқсаннан 2011 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Азиялық Олимпиада кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласында біздің эстафетаның алауы жағылады. Алау 2 қаңтар күні 6-шы қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың Чангчун қаласына әкелінеді. 3 қаңтар күні Қазақстан Республикасы, Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алуға арналған салтанатты рәсімнен соң эстафета қала көшелерін жүріп өтіп, аймақтарда сапарын жалғастырады. 27 күн ішінде Алау Қазақстанның барлық аймағын аралап, 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Азия ойындарының ашылу салтанатында мәресіне жетеді. Жоспарланған маршрут бойынша республикамыздың әр аймағында екі күндік эстафета алауының сапары көзделген. Эстафета тек облыс орталықтары ғана емес, ауылдарды, республикамыздың көрікті туристік жерлерін де басып өтеді. Эстафета қыс мезгілінде өтетін болғандықтан Алауды алып өту үшін автокөлік, шаңғы, коньки, ат, түйе, тікұшақ сияқты тасымал құралдары қолданылады. Спорт түрлері Азия ойындарының жалпы жарыстары Астана мен Алматы қалаларында спорттың 11 түрінен өткізіледі. Олар: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі. Қазақстан – 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алған ел. 2006 жылы, 5 қаңтарда Алматы қаласы ойындар өткізу орны ретінде қабылданды, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 2006 жылы, 4 наурызда Кувейтте осы елдің президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада кеңесі мен сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен бүгінгі туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мырза басқарған Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті арасында үш жақты келісім – ұйымдастырушы қаламен келісімшартқа қол қойылды. Мұндай жауапты сайысты өткізуде таңдаудың Қазақстанға түсуі тегін емес. Бұған отандық спортшылардың әлемдік ареналардағы жетістіктері де айтарлықтай әсер еткені анық. Алматы қаласында 2011 жылы 7-қысқы Азия ойындарын өткізу туралы келісім шартқа 3 жыл бұрын Кувейтте Азия Олимпиадалық кеңесінде қол қойылған болатын. Бұған дейінгі алты қысқы ойындардың ұйымдастырушылары – Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты үш держава болды. Енді Қазақстанға қысқы ойындарына маңызды үлес қосу мүмкіндігі туындап отыр. Аталған жарыстарды өткізу Қазақстан үшін беделді оқиға болып табылатынын ескеру қажет. Азиада 2011-дің алдын ала дайындалған бағдарламасына сәйкес ашылу және жабылу салтанаты, мұздағы спорттың бірнеше түрлері бойынша жарыстар Астана қаласында өтеді, ал Алматы қаласында қар спортынан жарыстар өткізіледі. О баста бұл ойындарды өткізу мәртебесіне Алматы қаласы ие болғанымен қазақ шенеуніктер Астана мәртебесін көтеру идеясымен ойындарды Астанаға көшіруді меңзеді. Дегенмен Астана әлі ірі деңгейлі Ойындарды өткізуіне әлі қауқары аз болғандықтан ойындарды екі қалада өткізу жоспарланды. Әйтсе де, бірде бұлай, бірде олай болады деп Ашылу салтанатын Астанада, ал жабылу салтанатын Алматыда өткізіледі деп келген шенеуніктер 2010 жыл басында Жабылу салтанаты да Астанада өтетін болды. Ареналар Алматы қаласының нысандары Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, “Шымбұлақ” биік таулық база. Осы нысандар 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының жарыстарын жүргізуге қызмет етеді. Астана қаласының нысандары жабық футбол стадионы, жабық конькимен сырғанау стадионы, «Қазақстан» Cпорт сарайы. |