Тарих ответы экзамен. 1 денгей хх асырды і жартысындаы ашаршылы оны зардаптары
Скачать 1.03 Mb.
|
13. Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы негіздеудегі маңызы. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім беру жүйесін дамыту, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі. Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді. Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ. Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек. 14. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білімнің толық бағалы қорын құру. Елбасының «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілген Мәңгілік Ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Елімізде тек экономикалық тұрақтылық қана емес, сонымен қатар қоғамның рухани дамуы да көтерілді. Біздің мемлекетіміз Орталық Азия елдері ішіндегі экономикалық нормаларды табысты жүзеге асырып, ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап келе жатқан мемлекеттердің бірі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениет. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады…» деген сөзі Қазақстан мемлекетінің қашан да ұлттар арасындағы татулық, тең құқықтық, толеранттықты көздей отырып ұлттық рухтың күшеюін қолдайтындығын айғақтайды [1]. Өткен уақыт мәдениеті – халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өткен жолы, болашағының сатысы. Ендеше бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау жан-жақты ойлауды қажет етеді. Мәдениет философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарынан тұрады. Сондықтан да мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті болатыны сияқты халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды жасауға болмайды. Керісінше мәдениеттің нақтылы тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшелікті білдіреді. «Мәдениет туралы» ҚР Заңы еліміздегі мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды. 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңындағы 6-тарауынның 32-бабында мәдени құндылықтар жайлы айтылған: археологиялық олжалар (кәдуiлгi және құпияларын қоса алғанда) және археологиялық жаңалықтар; өсiмдiктер мен жан-жануарлардың, минералогияның, анатомияның сирек коллекциялары мен үлгiлерi және палеонтология үшiн қызығушылық тудыратын заттар; ғылым мен техника тарихын, соғыстар және қоғам тарихын қоса алғанда, тарихқа қатысты, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәдениет пен өнер қайраткерлерiнiң, ойшылдардың, ғалымдардың және артистердiң өмiрiмен және iрi ұлттық оқиғалармен байланысты құндылықтар; жекелей немесе коллекциялардағы, айрықша қызығушылық тудыратын сирек қолжазбалар, көне кiтаптар (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби), құжаттар және басылымдар; жекелей немесе коллекциялардағы почта маркалары, салықтық және осы тәрiздi маркалар; қорытпасына немесе дайындалған металына қарамастан, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының тиындарын, сондай-ақ өзге де мемлекеттердiң дайындалғанына жүз жыл болмаған тиындарын қоспағанда, тиындар, медальдар, мөрлер және басқа да коллекциялық материалдар; көне және бiрегей музыкалық аспаптар; дыбыс, фото, бейне, кино мұрағаттарын қоса алғанда, мұрағаттар, мұрағат қорлары мен коллекциялар, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама; тарихи-мәдени маңызы бар өнер туындылары; этнографиялық, антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық материалдар; айрықша тарихи және мәдени құндылығы бар, жасалғанына жүз жылдан асқан көне заттар; Қазақстан Республикасы халқының өмiрiндегi тарихи оқиғалармен, қоғам және мемлекет дамуымен, ғылым мен техника тарихымен, сондай-ақ көрнектi ғылым, мемлекет, мәдениет қайраткерлерiнiң өмiрiмен байланысты объектiлер жатады. Осы заңда көрсетілген мәдени мұрамызды сақтау мен тиімді пайдалануды мақсат еткен, Елбасы тарапынан қолдау көрсетілген «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламалар табысты нәтиже көрсетуде. «Мәдени мұра» бағдарламасы еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге, сақтауға, жаңғыртуға және тиімді пайдалануға бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігінен туындаған. Бүгінгі бүкіл даму-үрдістерінің жалпыға бірдей жаһандану және модернизацияның заманындағы кез келген мемлекет, қоғам, халық үшін ұлттық (этностық) Өрлеудің жандануына бағытталған өзінің шынайы ашық мәдени саясатын тиімді түрде іске асыру әрі құрастыру – бірінші кезектегі мәселе. Сонымен қатар ол жаһандану мен модернизацияның ең маңызды (гуманистік) элементтерін өз бойына сіңіре білу қажет. Өркениеттің гуманитарлық диалогының қарыштап дамып жатқан ғаламдық үрдістерінің арасында Қазақстан өзінің мәдениетін біліп, қадір тұтып қана қоймай, жаһан мәдениетінің негізін біліп, құрмет тұтатын әрі үзеңгілес диалог жүргізіп, мәдени мұраларымен алмаса білетін тең дәрежелі әріптес ретінде де өз орнын алды. Тарихсыз, мәдениетсіз, дәстүрсіз ел болмайды. Мәдениет — бір тұтас құбылыс. Мәдениетті екі тұрғыда қолдануға болады мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде; мәдениет жүйе ретінде, яғни, оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салалары ретінде. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады. Жалпы мәдениеттің құрылымын екі үлкен бөлік ретінде қарастыруға болады: – материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты; – рухани мәдениет. Бұл адамның рухани дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады. Мәдениеттің мәні мен мазмұны оның құрылымымен тығыз байланысты. Халықта бар тарих пен мәдениетті сақтау, ұрпаққа жеткізу – ел парызы. Азаматтардың ұлттық-мәдени бiрлестiктерге қатысуы, шетелдердегi отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуі, ұлттық және мәдени өзiндiк ерекшелiгiн қорғау мен дамытуы қамтамасыз етіледі. Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, академик Карл Байпақов: «Мәдени мұраның затты блогы халықтың материалданған жады іспеттес. Осы блоктың маңызды бөлігі археологиялық мұралардан тұрады. Өркениетті елдердің бәрі де мәдени мұралардың барлық түрін сақтап, пайдалануға үлкен көңіл бөлуде…». Археологиялық мәдени мұралардың негізгі құрамдас бөлігі бар. Оның біріншісі, өзіміздің ежелгі тарихымызды білу. Бұл бағытта әлі де ашылмаған құпиялардың бар екені аян. Археологиялық мәдени мұраның екінші маңызды бөлігі біздің еліміздің аумағында алғашқы мемлекеттің қашан пайда болғанын анықтау. Есік, Шілікті, Қырқабат бойларында жүргізілген қазба жұмыстары Қазақстанның аумағында алғашқы мемлекет VІІІ ғасырдың өзінде құрылғанын дәлелдеп отыр. Әсіресе, Есік қорғанынан табылған мұралар ондағы мәдениеттің өте жоғары, әлемдік деңгейде болғанын көрсетеді. Сондай-ақ археологиялық мұралардың арқасында Арал бойы мен Алтайда сақтардың, Батыс Қазақстанда сарматтардың мемлекеті болғанын айғақтайды. Қаңлылар, үйсіндер мемлекеттері туралы ғылыми деректер осы бағдарламаның арқасында арта түсті. Сарыарқада дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда-ақ мемлекет болғаны дәлелденген. Астананың орнында Бұзоқ мемлекеті болған, ал Алматы қаласының тарихы мың жылдан да ұзақ екенін дәлелдеу жұмыстары да осы бағдарламаның арқасында өрістей түсті. Талғар қаласының орнында сапалы болат қорыту орны болғаны да ашылды. Өкінішке орай, тек оның технологиясы ғана сақталмаған. Аралдың табанында да екі қаланың болғаны расталды. Археологиялық мәдени мұраның үшінші маңызды бөлігі, туризм индустриясын дамытуға мұрындық болу. Қазірдің өзінде Отырар, Түркістан, Шымкент, Сайрам, Алматы, Тараз және орталық пен солтүстікте Астана, Бұзоқ, Ботай, т.б. бағыттарында туристердің қызығушылығын тудыруға мүмкіндік бар[3]. 15. Көне түріктердің мемлекеттілігі, Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида. Қазақ халқының еркіндікке қол жеткізіп, тәуелсіз Қазақстан Республикасының 25 жылдығы қарсаңында қазақ жерінде бұрын мемлекеттік құрылым болды ма деген мәселе ғалымдар, саясаткерлер арасында соңғы кезге дейін тартысты күйде болып келді. Үкіметіміздің 2015 жылы Қазақ хандығының (мемлекеттілігінің) 550 жылдығын атап өту туралы шешімі осы алып қашпа сөздерге нүкте қойды деуге болады. Бірақ кеңес кезіндегі үстем болған қасаң ой-пікірлер мен жаңаша еркіндік жағдайындағы тұжырымдардың үйлесім табуы оңай шаруа емес екен. Осыдан барып бұрынғыдан әлдеқайда қатары көбейген заң, құқық қорғаушы, тарихшы мамандармен қатар, әдебиетші және де басқа зиялы қауым өкілдерінен тұратын зерттеушілер арасында бұл мәселе турасында сан түрлі пікірлер, ал жинақтап айтсақ, негізінен бір-біріне қарама қарсы екі түрлі көзқарастың барын байқаймыз. Бұлардың біріншісі – қазақ мемлекеттігі дегенді өткен замандағысы болсын, қазіргісі мен болашағы болсын мүлдем қабылдай алмайтын пікірлер болса, екіншілері – қазақ мемлекеттігінің көне заманнан бергі ұзақ тарихы барын алға тартып, болашағына сеніммен қарайтындар. Тарихшы-саясаткер Б.Ермұқанов пікірінше «олардың аражігін этникалық фактор ажыратып тұр» дей келіп, қазақтардың мемлекеттігіне қарсы пікір айтатындар «орыс авторлары» екендігін жазады. Бірақ осындағы «этникалық фактор», «орыс авторлары» дегендердің біршама негізі болғанмен толық келісу қиын, себебі бұл пікірді қолдаушылар арасында ұлты қазақ авторлардың (Масанов, Әміреқұлов және т.б.) барын және олардың пікір-пайым әсірешілдігінің ұлты орыс авторларынан асып түспесе кем түспейтіндігін, ал екінші пікірге қосылушылар арасында К.А.Пищулина, С.М.Кляшторный сияқты қазақтан басқа ұлт өкілдері де барын айта кету керек. Турасына келсек әлгі терминдер орнына «орыс тілді авторлар», немесе қазақ мемлекеттілігіне екі көзқарас арасындағы «еуроцентристік фактор» деген дұрыстау болар. Екі жақтың да барынша деректерді мол келтіріп, өз дәйектеріне ғылыми сипат беруге тырысқан. Дегенмен қарсы пікір айтушылардың, әсіресе қазақтардың мемлекеттігі мәселесіне дегенде Ресей қоғам қайраткерлері мен тарихшы ғалымдарының пікір-пайымдауларында империялық, ұлыдержавалық шовинизмнің, кеңестік идеологиялық ұстанымының құлағы қылтиып көрініп-ақ тұрады, сондықтан ақиқаттан алшақтап, жалаң сезім, идеологиялық ұранға бой алдырып алатын кездері баршылық. Бұл әсіресе олардың қазақ халқының бүгінгі және бұрынғы мемлекеттігіне баға беру кезінде анық аңғарылады. Қазақстан өз егемендігі туралы декларациясын (1990) қабылдап, жылға жетпей тәуелсіз Қазақстан Респуликасын құруы-ақ мұң екен Ресейден қазақтың мемлекеттігіне тыжырына қараған, ондай мемлекетті еш танығысы келмейтіндігін білдірген нағыз көп дауысты айқай-шу толқыны көтерілді. Олардың алдыңғы қатарында қазақтың асын «ішіп, аяғын тепкен» саясатшы В.Жириновский, жазушы А.Солженицын болса, бұл топ қатарында 1986 жылы Алматыдағы желтоқсандағы көтерілістің шығуына себепші болғандардың бірі, қазақтың өз елін өзі басқара алатындығына шүбә келтірген бас хатшы М.Горбачев және де белгілі тарихшылар В.Козлов пен В.Моисеевтер болды. Мәселен, Козлов Қазақстандағы ұлттық мемлекеттіктің өзін заңға қайшы деп бөсті («История СССР», 1990, № 1). Солженицын болса «Комсомольская правда» газетінде (18.08.1990) «қазақтардың қойының тұяғы тиген жерді менікі дегеніне иланып, коммунистер Қазақстанды ақылға симайтындай далитып жіберген» деп жазды. Горбачев жалпы кеңестік Одақтағы соңғы болған оқиғаларды бытыстырып, Хрущевтің Қырымды Украинаға бергенін, керісінше Қазақстанның солтүстік бес облысын Ресейге алып бермекші болғанын шатастырып, Қазақстанға Ресейдің бес облысы берілді деп көкігені есімізде бар. Сол кездегі бұрынғы кеңестік аймақтағы ірі саяси-экономикалық зерттеу орталықтарының бірі – Ресей стратегиялық зерттеулер институты 1995 жылы басылып шыққан «Қазақстан: тәуелсіз дамудың қазіргісі мен келешегі» атты кітабында «Қазақстанның 20-30 жылдары мемлекет ретінде қалыптасуы тұтас алғанда жасанды сипатқа ие болып, аймақта қалыптасқан тарихи, этникалық және жағрапиялық ерекшеліктерге сай келген жоқ» – деп, айды аспанға бір шығарды. («Аргументы и факты», 1966, № 6). Біз пікірлерін келтіріп отырғандардың қай-қайсысы да Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанын ашық жаны сүймейтіндердің сөзі екендігі көрініп-ақ тұр. Біреуі қазақтардың мемлекеттігін кеңес реcпубликасы түрінде ғана мойындап, екіншілері мұндай мемлекет құрудың идеясы мен тәжірибесін жалпы жоққа шығаруын терең талдау негізінде емес, бұрынғы «ашса алақанында, жұмса жұдырығындағы» елдің, оның халқының «қапелімде» егемендік алып, уыстан шығып бара жатқанына және ыдыраған кеңестік Одаққа жаны күйген саясаткер ретінде айтып отырғандығы түсінікті. Сондықтан олардың ашық айтылған қыңыр сөздерін талдап жатудың да қажеті шамалы болар. Ал енді осы орайда, Қазақстанның ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы тарихы жөніндегі белгілі маман ретінде В.А.Моисеев Қазақстан тарихын әріден қозғап, Қазақ мемлекеттігінің түптен «шикілігін» «ғылыми негіздеп» бағады. Ресейге қосылуының бастапқы кезеңіндегі қазақтардың мемлекттігі мәселесін зерттей келіп, мынадай тұжырым жасайды: «ол тұстағы қазақ қоғамы өзінің саяси даму үрдісінде әскери демократия деңгейінде тұрған еді, қазақтардың саяси құрылымының мемлекетке дейінгі сипаты тұрақты армиясының жоқтығынан-ақ көрінеді, қазақтарда ерте феодалдық мемлекет болған деген түсінік сын көтермейді, қазақ хандығы – бастан-аяқ шартты ұғым… дей келіп, бұл хандық мемлекеттікке ұласа келіп, оны құруға қабілеті жоқ ру-тайпалық құрылымдардың әлжуаз одағы ғана, оның өзінде де көшпелі шаруашылықтың ішкі табиғатынан туып отыр, ол…Сондықтан экономикалық және мәдени тұрғыдан дамыған халықтардың сырттай серпіні болмаса немесе олар жаулап алмаса дербес тұрлаулы мемлекет құра алмайды», – деп жазды. Бірақ Моисеевтің бұндай ғылыми тұжырымдарының астарынан да әлгі саясаткерлер қыжылымен үндес сарын айқын байқалып, көшпелілер дамыған халықтар (орыстар) «жаулап алмаса» өздігінен мемлекет құруға қабілетсіз деген отаршылық пиғылын ашық жайып салып отыр. Дегенмен бұл ғалым мырзаның пікірлерін ой елегіне салып жауап беріп көрейік. Біріншіден, Моисеевтің қазақтарда ерте феодалдық мемлекет болмады деуі шындыққа үйлеспейді. Қазақстан териториясында ежелгі және орта ғасырларда өмір сүрген империяларды, қағанаттарды, мемлекеттерді мекендеген түркі тайпалары мен ұлыстарының көпшілігі қазақтардың тікелей ата-бабалары болғандығы тарихтан белгілі. Оның бергі жағында Қазақ хандығы Алтын Орда мен Ақ Орданың мемлекеттік дәстүрлерін толық қабылдаған құрылым деп айтуға болады. Мұны Шыңғыс әулетінің бұларды мұрагерлікпен басқаруы-ақ дәлелдеп тұр. Екіншіден, бұл мемлекеттердің басым көпшілігі көшпелі түрік тайпаларының мемлекеті болғандықтан (Ғұн, Түрік, Үйсін, Түркеш, Ақ Орда), осы тарихи фактының өзі В.Моисеевтің көшпенділер, көшпелі қоғам мемлекет құруға қабілетсіз деген тұжырымының түкке тұрғысыздығын көрсетеді. Бұнысы автордың тарихи үрдістерді түсіндіруге формациялық тұрғыдан келген қасаң қағидалардан туындайтын тұжырым. Ал бұл теорияның капитализмге дейінгі үш формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық кезеңдерге деген көзқарастан туғаны белгілі. Ал өндірістің азиялық тәсілі, саяси қондырғысын қоса алғандағы шығыс деспотизмі де, көшпелі қоғам да бұған тәуелді емес. Олар бұл тарихи үрдістен тыс. Егер маркстік социализмнің еуроцентризм идеяларының ықпалынан туғанын ескерсек, формациялық көзқарастық өзі бастан-аяқ Еуропа тәжрибесіне негізделген. Яғни, Азия елдері бұл тарихтан тыс қалған. Айтқандай, тарихи және тарихтан тыс халықтар жөніндегі Гегель идеясы еуроцентризм теориясының іргетасы емес пе еді. Көшпенділік, көшпелі қоғам өзінің экономикалық базисімен және саяси қондырмасымен бірге ешкімге ұқсамайтын көшпелі өркениет бола отырып, марксизмнің формациялық теориясының өлшеп-пішкен тар аясына сыймады. Ал ол теория кеңес қоғамтануында жеке дара билік құрып келгені және белгілі. Қазір маркстік социологияның бесаспап жан-жақтылығының өзі асыра сілтеу екені айқындалып отыр. Көптеген зерттеушілер бүгінде, әділ атап көрсетіп отырғандай, көшпелі қоғам мәселелері өркениетті көзқарас тұрғысынан ойдағыдай шешілері күмән туғызбайды. Оны 1990 жылы ЮНЕСКО-ның екі айға созылған ауқымды экспедициясының сапарының аяқталуына байланысты Алматыда өткен «Жібек жолдағы көшпелі және отырықшы елдер мәдениетінің өзара ықпалы» атты халықаралық семинарында 60-қа жуық ғалымдар ортасында жан-жақты талқыланып, семинардың қорытындысы бойынша болған баспасөз конференциясында экспедицияның ғылыми жетекшісі профессор Ахмет Дани ғалымдар атынан «Енді бүкіл әлем көшпенділердің өзіндік өркениеті болғанын білетін болады, менің әріптестерім бұл тарихи ақиқатты әлем жұртшылығына жеткізеді» – деп тыңдаушыларды сендірген болатын. Үшіншіден, Моисеевтің «қазақтардың саяси құрылымының мемлекетке дейінгі сипаты барлығын оның тұрақты армиясының жоқтығынан-ақ көрінеді» деуі еуроцентристік көзқарастан туындаған тұжырым. Сонау хұндардан келе жатқан дәстүр бойынша көшпелілер мемлекттілігінің өзіндік ерекшелігін мемлекеттің күштеу органдарының құрылымынан байқауға болады. Мәселен, оларда тұрақты армия болмаған, бірақ оны жаппай әскери міндеттілік (халық жасағы) алмастырды. Сол сияқты олардың сайланатын шенеуніктері мен қазылары, полициясы мен түрмесі де болмаған. Ақсүйектер мен қарапайым көшпенділердің арасында мүліктік алшақтық тым терең болмай, қарапайым қоғамдық қатынастар өріс алған. Ал мұндай мүліктік айырмашылық мол болған жағдайда Еуропа мемлекеттері сияқты қуатты жазалау және атқару органдарын ұстау қажет болар еді. Л.Н. Гумилев көшпелілердің мемлекеттілігі жөнінде сөз қозғағанда, «жаппай әскери міндеттілік тайпаларды тұтастырып, рулық құрылыстың ыдырауына жол бермей, оны сан ғасыр бойы сақтап қалуға жағдай жасаған» рөлін ерекше атаған болатын. Өзінің негізгі ұстанымдары бойынша хұн мемлекеттілігі еуразия көшпенділерінің мемлекеттік құрылымдары үшін әмбебап үлгі болды. Қазақ мемлекеттілігі де міне, осы үлгіден арна тартады. Ол рулық құрылысты, рулық қарым-қатынасты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси базисі ретінде сақтаған хандық биліктің үстемдік құруынан көрінеді. Сондай-ақ халық жасағы ретіндегі әскердің міндеті де айқын болды. Төртіншіден, оның ХҮІІІ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы әскери демократиялық құрылым деңгейінде еді дегені де қате. Бұл б.д.д. ҮІІІ – ІІІ ғасырлардағы көшпенділер – сақтар мен саураматтарға тән алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау жағдайындағы әскери көсемдердің билік жүйесі екенін ұмытпауымыз керек. Еуразия көшпенділері өз мемлекеттілігін өз мүмкіндіктерін ескере отырып, тәуелсіздігін сақтап қалатындай қажеттіліктер арнасында құрған. Дала дәстүріне орай хан көтеру мемлекеттің құрылуын білдірген. Өйткені хан (шаньюй, қаған, ябгу, сұлтан) жай ғана символ емес, мемлекттіліктің нақтылы саяси-құқықтық жүзеге асуының кепілі саналған. Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы осы ретте Президентті мемлекттік биліктің бейнесі және кепілі деп жариялауы дәстүрлі хан билігінің мәнін еске түсіреді. Қазақтың мемлекеттігіне сырт айналған кейбір ресейлік теріс көзқарасқа өз ішімізден де үн қосқандар аз болған жоқ. Қазақтың өз билігі өзіне тигенге жаны қас, әсіре демократ П.Своиктің сөзіне қарағанда, Қазақстан тек кеңестік қана құрылым болып табылады, оның мемлекеттік дербестікке деген объективті алғы шарттары отырықшы болған Татарстаннан да аз көрінеді. Оның пікірінше, «көшпенділік қоғам материалдық та, мәдени де құндылықтар жасауға шынтуайттап келгенде жарамайды» («Караван», 20. 03. 1998). Өз ұлтына болмасын дейтіндердің алдын бермейтін Н.Масанов та көшпенділер туралы зерттеуінің арқауын «көшпенділерде мемлекет болған емес» деген қорытынды айналасында «жасап шығарады». Бірақ «жаңалықтарының» бәрі алдыңғы Моисеев қағидаларымен үндескен, Солженицын, Своиктердің айтқандарын теориялық негіздеуге ғана бағытталған. Турасын айтсақ ол теорияның еш жаңалығы жоқ, бір кездегі батыс ғалымдарының бұрыннан айтылып, әбден қасаң болған «көшпенділер жатып ішерлер (были «трутнями человечества») болған деген» әңгімесін қайталаған. Кейіннен өзімен пікірлес бір топ тарихшылармен бірге дайындаған «История Казахстана: народы и культуры» деп аталатын кітабында (2001 ж.) әлгі ойын жалғастыра түсіп: «С самого начала своего выхода на авансцену истории тюркоязычные народы никогда не являлись однородной и интегрированной группой племен. Тем более они никогда не осозновали своего единства. Они были сильно дифференцированы как по хозяйственно-культурным признакам, так и по языку и этническому происхождению» [4, 35] дей келіп, одан әрі көшпенділер туралы «...само кочевничество настолько не обременено материальной инфраструктурой, что почти не оставило каких-либо памятников культуры и вещественных свидетельств своих деяний. Вследствие этого, не обладая фундаментальной источниковой базой (ни письменными источниками, ни археологическими данными), мы не можем в полной мере проследить их историю и культуру» [4, 33] дейді. Ал Л.Н.Гумилев болса: «...Тюрки не только играли роль посредников, но и одновременно развивали собственную культуру, которую они считали возможным противопоставить культуре Китая, и Ирана, и Византии, и Индии. Это особенная степная культура имела древние традиции, глубокие корни...» деген, бірақ оны Масанов көрмеген де, оқымаған да сыңай танытады. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрересің» демекші Масанов «Время» газетіне берген «ВсеМИФная история» атты сұхбатында қазақ тарихын одан сайын жерлей түсіп: «Если я к чему-то и призываю, так это к отказу от мифов. Например, от мифа о «древних» традициях сильной государственной власти или о существовании на территории Казахстана некоей двуединой «степной цивилизации» – этакого симбиозного гибрида кочевого скотоводства и оседлого земледелия. На волне этих мифов написаны многие учебники, по которым последние 10 лет учат историю Казахстана в школах и вузах» дейді де оны: «...никакого «древнего» кочевого государства на нынешней территории Казахстана никогда не было. Предки казахов всегда были кочевниками, не знавшими институтов государственности» деп «айды аспанға бір шығарады». Енді Масановтың көп жағдайда Моисеевпен үндесіп жатқан пайымдауларының жібі бос екендігіне уәж келтіріп көрейік. Біріншіден, Масановтың «никакого «древнего» кочевого государства на нынешней территории Казахстана никогда не было» [] дегеніне көшпенділердің арғы сақ-ғұн-үйсін мелекеттерін айтпағанда аса қуатты Түрік қағанаты империясы, Батыс Түрік, Түркеш, Қарахан сияқты ортағасырлық мемлекеттердің құрылып, өмір сүргенін айтсақ та жеткілікті. Екіншіден, «С самого начала своего выхода на авансцену истории тюркоязычные народы никогда не являлись однородной... Они были сильно дифференцированы как по хозяйственно-культурным признакам, так и по языку и этническому происхождению» деген тұжырымның негізі тайыз. Көне еуропалық, Үнді, Қытай мемлекеттері де іштей сан тайпаларға бөлінгені, мемлекеттік құрылым арқылы ортақ тіл, мәдениет қалыптастырғаны тарихтан белгілі. Түркі мемлекеттері де іштей ру-тайпалықтарға бөлінгенімен, жер ыңғайына қарай мал өсірумен айналысып немесе мал және егін шаруашылығын араластыра жүргізіп, біріңғай түркілік мәдени-этникалық белгілері мен ортақ түркі тілін қалыптастырған. ХІІ ғасырдағы ұлы түрік ғұламасы Махмұд Қашқари түріктің сол ортақ тілінің көп томдық «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігін құрастырып, әлемге түркілердің ортақ тілін, мәдени, салт-ғұрып үлгілерін танытты емес пе? Үшіншіден, «кочевничество... не оставило каких-либо памятников культуры и вещественных свидетельств своих деяний» дегені барып тұрған жала. Көшпелі түріктердің мол рухани мұрасы туралы сонау грек тарихшысы Геродоттан, көшпелі түріктердің қалдырған теңдесі жоқ мәдени мұрасы, оның заттай куәсі: әрідегі жылқыны үйретіп мінуі, үзеңгіні, доғалақты ойлап табуы; одан берідегі Орхон ескерткіштері, руна жазуы және т.б. мәдени құдылықтар туралы батыс, орыс, қытай зерттеушілері жазбаларындағы әлгі сөздердің түкке тұрғысыздығын дәлелдейді. Төртіншіден, Масановтың үлкен мысқылмен «отказаться от мифа о существовании на территории Казахстана некоей двуединой «степной цивилизации» – этакого симбиозного гибрида кочевого скотоводства и оседлого земледелия» деген мысқылына соңғы кездері Қазақстанның әр аймағынан табылып жатқан көшпелілердің озық мәдениеті туралы археологиялық қазбалар нәтижелері: үш алтын адам, бұрынғы оңтүстіктегі қалалардан басқа қазақ жерінің батысынан, орталығынан, шығысынан табылып жатқан қалалар орны далалық өркениеттің көшпелі мәденитімен қатар, қалалық мәдениетінің болғаны қиял (миф) емес, реалды өмірде екенін, олардың бірін бірі толықтыра қатар өмір сүргеніне дәлелді жауап болары сөзсіз. Сонымен қатар Т.С.Жұмағамбетовтің көптеген батыс, орыс тарихшылары мен құқық қорғаушыларының еңбектеріне және деректеріне сүйеніп: «Современными исследованиями доказано, что чистых кочевников, кочующих по неустойчивым маршрутам, не существует. Подавляюшее количество номадов – это т.н. «полукочевники», которые передвигаются по замкнутому маршруту, имеют своеобразные земельные отношения с сочетанием частной и родовой собственности на пастбища, имеют сопутствующие хозяйственные уклады в виде внесемейного ремесла, охоты, богарного земледелия скотоводов и т.д., а также тесные торгово-экономические отношения и связи с населением оседлой, контактно-маргинальной зоны» – деген пайымдауы әлгі ойды негіздей түседі. Ал Ә.Х.Марғұланның дереккөздері мен материалдары, мәселен, қыпшақ қоғамында көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық түрлерімен бірге егіншіліктің, қалалық мәдениеттің болғандығына көз жеткізеді. Қазба жұмыстары кезінде қолөнермен айналысқан жұрты бар елді мекендердің, шағын қалалардың, өзіндік қалалық орталыққа ұқсаған тұрақтардың да далалық аймақта көптеп қоныс тепкендігі дәлелденді. Кезінде Ә.Марғұлан қазіргі Астана қаласының шеңберінде орналасқан орта ғасырлық Ақжол (Бозық) қалашығы туралы жазған болатын. Осындай зерттеулердің негізінде ХІҮ ғасырдың алғашқы жартысында жасалған шағатайлық теңгенің Нұра өзені жанынан қыпшақ адамы жерленген моладан табылғандығы нақты дерекке айналды. Бесіншіден, «миф о «древних» традициях сильной государственной власти» деп кекетуінің де орынсыз екендігін ҮІ-ҮІІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының құрылымы, қазақ мемлекеттігінің басы деп қытай тарихшылары дәлелдеп жазылған ХІІ ғасырдағы Түркеш хандығы, оларды тым ертедегі деп көнесінсе, одан берідегі ыдыраған Алтын Орданың шығысында шаңырақ көтерген негізгі халқы «қазақ» атанған Ақ Орда мемлекеті, ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы «Қасым ханның қасқа жолы» түріндегі құқықтық жарғысы, жер иелігі аймағы, негізгі ұлты, «үш жүз мыңдық әскер шығара алатын, миллион халқы барлығы» тарихи шежірелерде жазылған ішкі, сыртқы құрылым институттары айқын Қасым хан хандығы, немесе көшпелі далалық аймағы мен, отырықшы, егіншілігі, қолөнері қатар дамыған, астанасы Түркістанда орын тепкен, ішкі ел билеу жүйесі «Есім салған ескі жол» жарғысында жүйеленген Есім хан тұсындағы Қазақ хандығында ежелден жалғасқан күшті мемлекеттік билік дәстүрлі жалғасын тапқанын айтсақ та жеткілікті болар. Алтыншыдан, Масановтың қазақ қоғамының жүзге, руға іштей бөлінісі туралы айтқандарына қайта оралып, оның тарихта талай орын алғандай кейбір жағдайларда елдің ыдырауына әсері болатынын жоққа шығармай, бірақ оны соншама ұшындырып көрсететіндей құбыжық еместігін айта кету керек. Ішкі құрылымы қазақтан басқа қай мемлекетті алмайық, қайсыбір кезеңдерде, жағдайларда әртүрлі себептерден оларда да ауызбіршілік болмай ыдырауға түсетін кездері жиі кездеседі. Гумилев қазақтың жүздері мен рулары туралы масановшылдық көзқарастан тіпті басқа пікірі бар. Ол: «...у народов с родо-племенным устройством... эти внутриэтнические единицы необходимы для поддержания самого этнического единства. Путем разделения на группы регулируются отношения как отдельных особей к этносу в целом, так и родовых и семейных коллективов между собой. Между прочим, только этим способом вводится и сохраняется экзогамия, предотвращая кровосмесительные браки. Представители родов выражают волю своих соплеменников на народных собраниях и создают устойчивые союзы родов для ведения внешних войн, как оборонительных, так и наступательных» деп, ру-тайпалық ерекшеліктің жасампаздық жағын көре білген. Жетіншіден, Масанов қағидаларынан өз халқының ұлт болып, республика халқына ұйтқы болатынына сенбестігінен туған «қазақстандық ұлт» идеясын ұсынуы, соңғы кезде кейбір лауазымды басшылар қолдағанмен жалпы Қазақстан халқы қолдай қоймағандықтан жөнінде қалатын идеялардың бірі болғалы тұр. Қазақ мемлекеттілігіне байланысты қанша қарсы оппозициялық пікірлер көлденең тартылып, оны қанша жоққа шығаруға тырысқанымен, қазақ мемлекеттілігі – тарихи шындық болып қала бермекші. Бартольдтің «қазақтар ХҮІ ғасырдың басында өз хандары бар құдіретті халық болып, өз тайпаластарын уысында ұстап, Самарқан мен Бұхарды билеп тұрды» дейтіні тегін айтылмаған болар. Қазақ мемлекеттілігі Ақ Орданың құрылуынан бастап (ХІҮ ғ.), патша өкіметінің хандық билікті жойғанына дейін (ХІХ ғ.) бес жарым ғасырдай өмір сүрді. Арада бір жарым ғасыр өтіп барып, қазақ мемлекеттілігі көптеген шектеулерден тұратын формальді түрде болса да тек Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ғана мүмкін болды. Аты аталған тарихшылар мемлекеттілік тұрғысындағы барлық теориялық білімділігін, мысқылы мен кекесінін сол «Қазақ ССР» атты қуыршақ мемлекеттілікті сынауға жұмсағанда дұрыс болар еді. Ал шын мәніндегі толыққанды мемлекеттікке тек екі ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін Қазақстан Республикасы құрылуы арқасында ғана қол жеткіздік. Тарихшы Б.Ермұқановтың қазақ мемлекеттілігі туралы: «Дала өркениетінің құрамды бөлігі болып табылатын дәстүрлі қазақ қоғамында биліктің екі түрі: саяси және потестарлы жүйесі орын алғандығы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму тамырлары тереңде жатқанын байқатады. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ хандығы мемлекеттің далалық дәстүрлерін бойына жинақтаған иерархиялық әлеуметтік-саяси құрылым болып табылады» деген тұжырымымен келісу орынды болып көрінеді. Келтірілген деректер, мәліметтер, тұжырымдар қазақ жерінде қандай атаумен (Сақ, Ғұн патшалығы, Түрік, Батыс түрік қағанаттығы, Алтын Орда, Қазақ хандығы) болса да мемлекеттіліктің қай заманда да болғаны Елбасының «Мәңгілік ел» идеясына – тұрақты мемлекеттіліктің ел бірлігі арқасында бола беретін тұжырымдамасымен толық үйлесетіндігін көрсетеді. Қазақ хандығы сол тізбектің бір буыны ғана. 16. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас. Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары күмәнсіз. ХХ ғасыр соңында адамзат тарихындағы ең алып империялардың бірі – КСРО-ның күйреуі нәтижесінде, әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы, осы елді мекендеген басқа да ұлттар өкілдерімен бірге, өз мемлекетін қайта құру ісімен айналыса бастады. Қорытындысында өз тәуелсіздігінің 15 жылдығын қазақ халқы әлем таныған ұлттық мемлекеті бар іргелі ел ретінде қарсы алды. Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болсақызықтырары даусыз. Ең алдымен ол, ұлт тағдыры үшін шешуші рөл атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, осы елдің қазіргі және келешекте дүниеге келер жас ұрпағы үшін қымбат.Уақыт озған сайын қайта құрылған мемлекетіміздің алғашқы қалыптасу кезеңіне, яғни ірге тасының қайта қалану кезеңіне деген қызығушылықтың арта түсері, ол кезеңнің қарама-қайшылықтарға толы күрделі де, маңызды кезең ретінде жан-жақты зерттелері, оның тарихына арналған іргелі еңбектердің дүниеге келері анық. Сондықтан осындай заңды құбылысқа, яғни тәуелсіз Қазақстан Республикасының дүниеге келу, қалыптасу және даму тарихының терең зерттеліп, шынайы да, объективті жазылу ісіне дайындық осы бастан жүйелі де, ғылыми негізде жүргізілуі тиіс. Солардың бірі – тәуелсіз Қазақстан тарихының ірге тасын құрайтын деректік негізінің тарих ғылымының талаптарына сай дұрыс қалануы. Ең жаңа тарихымыздың өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекеттігін құру мәселесі. Тарихымыздың басқа да түйінді мәселелері сияқты, мемлекеттігімізді қайта құру мәселесі де тұңғыш Президентіміздің еңбектерінде жан-жақты айтылған, яғни деректану ғылымының тілімен айтсақ, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде мемлекеттігімізді қалпына келтіру тарихы, алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, жан-жақты бейнеленген. Сондықтан Н. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру, нығайту және дамыту тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау, тек деректану ғылымының ғана емес, жалпы Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз. Егер, деректің әлеуметтік табиғаты, сол деректі жасаушы субъекттің қоғамдағы орнымен анықталатындығын ескерсек, онда Н.Ә. Назарбаев еңбектері тұңғыш Президентіміздің өзі туралы құнды мағлұмат бере алатын маңызды дерек көздері міндетін де атқарады. Демек, Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында жазған еңбектері тек тәуелсіздік тарихының ғана емес, сонымен қатар оның Елбасы ретіндегі өз тарихының да, дәлірек айтсақ, өмірі мен қызметінің, саналы іс-әрекеттерінің, мақсаты мен мүддесінің, саяси көзқарасы мен қоғамдық және азаматтық позициясының қалыптасу және даму динамикасы тарихының да дерек көздері болып табылады. Сондықтан Н.Ә. Назарбаев еңбектеріне деректанулық талдау жасау, оның тәуелсіз елдің тұңғыш Президенті ретіндегі де, әлемдік деңгейдегі тарихи тұлға ретіндегі де бейнесін айқындап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қайта құру және нығайту ісіндегі рөлі мен орнын аша түсуге көмектесері анық. Демек, ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көздері ретінде деректанулық талдау жасаудың қажеттілігі еш күмән туғызбайды. Деректану ғылымының талаптарына сай тарихи дерек көздерінің маңыздылығын анықтау, біріншіден, зерттеушіге маңызды дерек көздерімен жұмыс істеп, олардан ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға мұмкіндік берсе, екіншіден, дерек көздерінің немесе нақты деректің ерекшелігін анықтау зерттеушіге, сол дерек көзінің немесе нақты деректің ерекшелігінен шыға отырып, соған сай келетін тәсілдер қолдану арқылы талдау жүргізуге көмектеседі. Дегенмен, тарихи деректердің де, дерек көздерінің де маңызы мен ерекшелігі, ең алдымен, сол деректерді немесе дерек көздерін жасаушы субъекттермен тығыз байланысты. Әрине, тарихи деректің пайда болуының басты объективті алғышарты белгілі бір оқиғаның немесе қоғамдық құбылыстың болуы екендігі белгілі. Бірақ, оның әр түрлі дерек көздерінде қалайша бейнеленуі деректі жасаушы жеке субъектің қолында екендігі де анық. Олай болса, болып жатқан немесе болып өткен объективті тарихи құбылыстардың деректерде қай дәрежеде бейнеленуі, яғни объективті құбылыстар туралы субъективті мәліметтердің қай дәрежеде деректерге енуі, сол деректі жасаушы субъектің психикасына /дүниетанымы, ой өрісі, білім дәрежесі, діни наным-сенімі, қоғамдық позициясы т. т./ тікелей байланысты. Демек, Н. Назарбаев еңбектерінің ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы объективті қоғамдық құбылыс – КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болуы және қалыптасуы тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері, сол еңбектердің авторы, яғни тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінің үлкен бір тобын жасаушы субъект - Н.Ә. Назарбаевтің қоғамдағы орны мен өзіндік адами және тұлғалық қасиеттерімен тығыз байланысты. Н. Назарбаев еңбектері, деректану ғылымы тұрғысынан қарағанда, өзінің пайда болуы жағынан жазба дерек көздерінің жеке адамдық тобына жатады. Ал, жеке адамдық дерек көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында. Сондықтан дерек көздерінің осы түрлерімен жұмыс істегенде олардың авторлары, яғни деректі жасаушы субъект туралы объективті мәліметтерді пайдалана білудің маңызы үлкен. Демек, біздің зерттеу жұмысымызда субъективті фактор ретінде, дерек көздерін жасаушы Н.Ә. Назарбаев туралы мәліметтерге сүйенуге тиіс боламыз. Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің пайда болу объективтілігі, тарихи жағдайы және оларды сыныптау проблемалары. Деректану ғылымының қағидасы бойынша әр бір тарихи дерек өзінің пайда болуы жағынан объективті. Өйткені ол белгілі бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе қоғамдық процестің салдарында пайда болады. Дәлірек айтқанда, нақты тарихи оқиға, құбылыс немесе қоғамдық процесс нақты тарихи деректерде бейнеленеді. Сондықтан әр бір тарихи дерек өз бойында сол тарихи оқиға, қоғамдық құбылыс немесе қоғамдық процесс туралы мәлімет сақтайды. Демек, оқиға немесе құбылыс болмаса дерек те болмайды. Олай болса, кез келген деректі белгілі бір тарихи оқиғаның дерек көзі ретінде зерттеуде, оның пайда болуының объективтілігін, алғышарттарын, яғни нақты қандай оқиғаның салдарында пайда болғандығын анықтаудың маңызы үлкен. Сонымен қатар, кез келген дерек тарихилық принципіне сай белгілі бір уақытта немесе уақыт аралығында және нақты бір кеңістікте пайда болады. Уақыт ерекшелігі, дәлірек айтқанда, деректің жасалу кезеңіндегі нақты бір кеңістіктегі, яғни елдегі қалыптасқан тарихи жағдай, үстем саяси құрылыс т.б. деректің пайда болуына, оның мазмұны мен бағытына әсер етепей қоймайды. Демек, нақты дерекке немесе дерек көздеріне деректанулық талдау сол уақыт тінінде /контексінде/ жасалуы керек. Тек сонда ғана нақты деректен немесе дерек көздерінен нақты оқиға немесе құбылысқа қатысты шынайылық деңгейі жоғары мәлімет алуға болады. Демек, Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихының дерек көзі ретінде қарастыруда олардың пайда болуының себептерін, алғышарттарын, яғни объективтілігін және тарихи жағдайын анықтаудың маңызы үлкен. Жұмыстың кіріспе бөлімінде айтылғандай, Н. Назарбаев 1991 жылдың көктемінде дайындаған «Әділеттің ақ жолы» атты еңбегінен бастап, 2006 жылдың қаңтарында ҚР Президенті міндетін атқаруға қайта кіріскенге дейін бірнеше іргелі еңбектер, жинақтар, Жолдаулар және кітапшалар жариялады. Солардың бәрінде дерлік, біздің тікелей зерттеу объектіміз болып табылытын - тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің тарихына қатысты мәліметтер бар. Демек, олардың пайда болуының объективтілігі мен тарихи жағдайын анықтау зерттеушілерге тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихы туралы ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға көмектесері анық [1, 302-307-бб.]. Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің пайда болуының объективтілігі ең алдымен ХХ ғасырдың 80-90 жылдары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған алып державада орын алған түбегейлі қоғамдық өзгерістермен, сол өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуымен және күрделі де түбегейлі қоғамдық өзгерістер салдарында пайда болған сол жылдардағы саяси ахуалмен тікелей байланысты. Атап айтқанда, Н. Назарбаев еңбектерінің пайда болуына алып келген және оның еңбектерінде бейнеленген нақты объективті оқиғалар, құбылыстар және қоғамдық процестер мыналар: КСРО-да қайта құру процесінің басталуы, елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың тереңдеуі, құрамында Қазақстан да бар КСРО сияқты алып империяның ыдырауы, Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қайта құру ісінің басталуы т.т. Н.Ә. Назарбаевтың жұмыста дерек көздері ретінде талдау жасалынған негізгі еңбектерінің аты, пайда болған уақыты, жанры және тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көздері ретінде пайда болуының объективтілігі 1 кестеде көрсетілді. Деректанулық зерттеуде сыныптау проблемасының маңызы үлкен. Ол зерттеушіге нақты деректің немесе дерек көзінің ерекшелігін анықтауға және сол ерекшеліктен шыға отырып зерттеу тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Осы қағидаға сай Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихының дерек көзі ретінде кезеңдік, хронологиялық, тақырыптық, мазмұндық, мақсаттық, формалық т. б. принциптерге сай сыныптауға болады. Мысалы, 1991 жылы жарық көрген «Әділеттің ақ жолы» кеңестік кезеңде дайындалып, жарияланған еңбекке жатса, басқа дерек көздері ретінде қарастырылып отырған Н. Назарбаев еңбектері тәуелсіздік кезінде жарияланған еңбектерге жатады. Ал, олардың дерек көздері ретіндегі ерекшеліктері де сол кезеңдердің ерекшеліктерінен туындайды. Атап айтқанда, «Әділеттің ақ жолы» Қазақстанның әлі де болса КСРО-ның құрамында, саяси биліктің Орталықтың, яғни Мәскеудің және КОКП басшыларының қолында тұрған кезінде жазылған. Бұл фактордың кітаптың мазмұнына әсер еткендігі түсінікті. Сондықтан автор республика алдында тұрған проблемеларды жалпы Одақтық проблемалар контексінде қараған. Ал, басқа еңбектерде тәуелсіз мемлекет құру тарихы баяндалған. Дегенмен, олардың өздерін де тәуелсіздік тарихының даму кезеңдеріне сай сыныптау қажет болады. Мысалы, тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде дүниеге келген еңбектер мен соңғы жылдары пайда болған еңбектердің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Егер, өтен ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші жартысындағы еңбектерде негізінен елдегі саяси және экономикалық өзгерістерге байланысты туындаған қиындықтар мен жаңа мемлекет құрудың теориялық негіздері мен жолдары туралы айтылса, кейінгі еңбектерде қол жеткен табыстар мен тәуелсіздікті одан әрі нығайту бағыттары туралы айтылған. Хроналогиялық принципке сай сыныптау да Н. Назарбаев еңбектерінің әр қайсының ерекшеліктерін анықтай түсуге мүмкіндік береді. Мысалы, 1993 жылы ҚР бірінші Констиутциясының қабылдануы елде парламентік-президентік саяси билік жүйесінің қалыптасуын заң жүзінде бекітсе, 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата заңымыз елде Президенттік басқару формасының орнағандығын заң жүзінде бекітті. Осыған сай еңбектердің де 1995 жылдың тамызына дейінгі еңбектер және одан кейінгі еңбектер болып сыныпталуы мүмкін. Сонмен қатар, Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тақырыптарына және мазмұнына қарай да сыныптау тәсілін пайдалануға болады. Оларды мазмұны жағынан: саяси, әлеуметтік, экономикалық мәселелерге, халықаралық қатнастарға немесе сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздікке, ұлттар достығына, қазақстар қауымдастығына, ұлт тарихына, ел келешегіне т.б. арналған еңбектер деп сыныптауға болады. Әрине, оның бәрі шартты түрдегі сыныптаулар екендігі түсінікті. Өйткені Н. Назарбаев еңбектері ел өмірінің барлық саласын қамтиды, сондықтан олардан әр алуан мәселелер бойынша маңызды мәліметтер алуға болады. Дегенмен шартты сыныптаулардың өзі де зерттеушіге зертеу мақсатына сай өз керегін табуға көмектесері күмәнсіз. Пайда болу формасы жағынан да Н. Назарбаев еңбектері әр алуан болып келеді. Олар: заманхаттық сипаттағы еңбектер, естеліктер, ой толғаулар, сұхбаттар, Жолдаулар, баяндамалар, мақалалар т.б. Кейде осылардың бірнешеуі бір еңбекте кездесетін күрделі еңбектер де бар. Олардың әр қайысы да өздеріне сай деректанулық талдау тәсілдерін қолдануды қажет етеді. Сонымен қатар Елбасы туындыларының арасында өзінің пайда болу формасы жағынан ерекше туынды болып табылатын - өлеңдер де бар. Н. Назарбаевтың халық арасына кең тараған бірнеше ән мәтіндерінің авторы екендігі көпшілікке белгілі. Бодандық қойнауында дүниеге келіп, бүгінгі күні еліміздің ән-ұранына айналған «Менің Қазақстаным» да Назарбаев сөздерімен толықтырылып, тәуелсіз елдің ән-ұраны дәрежесіне ие болды. Н.Ә. Назарбаев еңбектері тарихи дерек көзі ретінде сақталу формасы жағынан да әр алуан. Олар бұхаралық ақпарат құралдарының негізгі түрін құрайтын – газет не жорналдарда, жеке кітаптар мен кітапшаларда және ақпарат көздерінің ең жаңа түрі - интернетте қазақ, орыс және басқа да көптеген ұлттардың тілінде сақталуда. Жәнеде солардың көбі қазақ немесе орыс тілінде тілінде пайда болған түпнұсқалық еңбектер болып табылады. Бұл деректану ғылымы үшін маңызы аса үлкен фактор. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті ретінде Н. Назарбаев туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. 2005 жылғы Президенттік сайлау қарсаңында, әсіресе сайлаудан кейін, Н.Ә. Назарбаев туралы, оның айқын жеңісінің себептері туралы баспасөз беттерінде көптеген мақалар жарияланды. Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны - өмірі мен атқарған қызметінің негізгі кезеңдері жұртшылыққа жақсы таныс. Сондықтан біз бұл мәселеге, яғни Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, әдеттегідей, хранологиялық принципке сай өмірбаяндық тұрғыдан емес, дерек көздерін жасаушы субъект ретінде, деректанулық тұрғыдан қарауымыз қажет болады. Егер, осы тұрғыдан келсек, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелігі ең алдымен, оның тәуелсіздік қарсаңындағы және тәуелсіздік жылдарындағы ресми лауазымдарына сай атқарған қызметтерімен тығыз байланысты екендігіне ерекше көңіл аударуға тиіс боламыз. Обылыс көлемінде іскерлігімен көзге түскен Н. Назарбаев, өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болса, тәуелсіздіктің дәл қарсаңында, яғни 80-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында Қазақстан сияқты үлкен республиканың бірінші басшысы міндетін атқарды. Ол туралы ҚР Президентінің интернет жүйесіндегі веб-сайтында: «1979-1984 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 - 1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті»- деп көрсетілген. Демек, бұл, Н.Ә. Назарбаевтың дәл сол жылдары болып өткен, қорытындысында КСРО –деп аталған алып империяның тағдырын шешкен аласапыран оқиғалардың бел ортасында жүріп, ел тағдыры үшін жауапты бірінші адам ретінде, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру ісінің қайнар көзінде тұруына тура келді деген сөз. Ол туралы Н. Назарбаевтың өзі «Әділеттің ақ жолы» атты кітабында: «Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға, қорытындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын»-деп, жазды [1, 219-б.]. Олай болса, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі басты маңызы, олардың басқа да тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көздерінен негізгі ерекшелігі, сол жылдарығы қоғамдық құбылыстар мен түбегейлі өзгерістердің «қалың ортасында жүріп», ел тағдырын, ұлт тағдырын шешкен «шешімдер қабылдаған» адамның дүниеге әкелгендігінде. Әрине, талай отандастарымыз, қоғам және мемлекет қайраткерлері тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихының куәгері болды, ол туралы өз естеліктерін жазды, яғни тарихи деректерді дүниеге әкелді. Сөз жоқ, олардың бәрі де Қазақстанның ең жаңа тарихының дерек көздерін құрайды. Және де келешекте тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеуде пайдаланылады. Дегенмен, жоғарыда келтірілген фактілер Н. Назарбаев еңбектерінің тарихымыздың түбегейлі өзгерістер кезеңінің бірінің орны бөлек дерек көздері екендігін толығымен дәлелдейді [2, 213-223-бб.]. Дегенмен, деректанушы ретінде, біз ҚР Президенті веб-сайты сияқты ресми де, маңызды дерек көзінің өзінде де қарапайым қателіктің кеткендігін айтуға мәжбүрміз. Н. Ә. Назарбаев веб-сайтта көрсетілгендей: «1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті»- емес, КСРО-деп атлатын алып империяның құрамындағы Қазақ КСР-нің Президенті болып сайланды. Ал, Қазақсатан Республикасы деп аталған мемлекет, сол КСРО-ның күйреуі салдарында кейін пайда болды. Бұл факті дерек қандай деңгейде пайда болмасын, оны деректанулық сыннан өткізу қажеттігін тағы бір рет дәлелдейді ғой деп ойлаймыз. Сонымен, қорыта айтсақ, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен басты ерекшелігі, біріншіден, оның тәуелсіздік қарсаңында және тәуелсіздік жылдарында атқарған ресми қызметтерімен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап республикалық деңгейдегі басшылық қызметте болған, дәл тәуелсіздік алдында Елбасы болып сайланған Н.Ә. Назарбаевқа сол жылдары болған барлық түбегейлі өзгерістердің ортасында жүріп, тарихи құбылыстардың куәсі болуына тура келді. Жәнеде соның бәрі туралы өз еңбектерінде жазып, маңызды дерек көздерін дүниеге әкелді. Екіншіден, Н. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшелгі, олардың Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы, оның ең бір қиын-қыстау сәттердегі тарихи шешімдер қабылдап, жаңа мемлекет қалыптастыра білу тарихы туралы мол мағлұмат сақтауында. Үшіншіден, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің деректік маңызы мен ерекшеліктері автордың жеке адами қасиеттерімен тығыз байланыстылығында. Оның ең бір ауыр жылдары қарапайым қазақ отбасында дүниеге келіп, еңбекке ерте араласуына байланысты, ел өмірін жете біліп, бар саналы өмірін соған қызмет етуге арнауында. Төртіншіден, Н. Назарбаевтың бастауыш партия ұйымынан бастап биліктің барлық сатысынан өтуі, оған елдің реальді саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайын әрдайым объкетивті бағалап, өз еңбектерінде шынайы бейнелей білуге мүмкіндік берген. |