Главная страница

зейін жобасы тапсырмалары. 1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ


Скачать 7.13 Mb.
Название1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ
Дата28.01.2022
Размер7.13 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлазейін жобасы тапсырмалары.docx
ТипДокументы
#344802
страница10 из 25
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

7 физика

----------------------------------------------------------------------------------------------------

Берілген суреттерді пайдаланып тапсырманы орындаңыз.



1- сурет 2- сурет

---------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. 1- суреттегі 3-ші мензурка шкаласынның бөлік құнын анықтаңыз. _____________________________________________________________



  1. 1- суреттегі 4-ші мензуркадағы сұйықтықтың көлемін анықтаңыз______________________________ мл.



  1. 1- суреттегі қай мензуркаға ең аз сұйықтық құюға болады?____________________________________.



  1. 1- суреттегі қай мензуркамен сұйықтықтың көлемін ең аз қателікпен өлшеуге болады?_____________________________________________.



  1. 2- суреттегі мензуркадағы сұйықтың көлемін миллилитр және литр бойынша анықтаңыз___________________________________________.

ЖАУАБЫ

  1. Бөлік құны – 5

  2. 52 мл

  3. 2-ші мензурка

  4. 1-ші мензурка

  5. 16,8 мл; 0,0168 л.

----------------------------------------------------------------------------------------------------

Суреттерде (1) дене салмағы көрсетілген, (2) суға толтырылған мензурка және (3) су толтырылған мензуркаға дене салынған.


1-сурет 2- сурет 3- сурет

---------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. 2- сурет бойынша сұйықтықтың көлемін анықтаңыз___________________________________________ мл.




  1. 3- сурет бойынша дененің көлемін анықтаңыз___________________________________________ .



  1. Кестеде кейбір заттардың тығыздығы көрсетілген.


зат

алюминий

кірпіш

мыс

тығыздық

2700 кг/м³

1800 кг/м³

8900 кг/м³



Осы сандарды тапқан дененің тығыздық сан мәнімен салыстырып,олардың неліктен ерекшеленетінін түсіндіріңіз ____________________________________________________________.

ЖАУАБЫ

  1. 21 мл.

  2. 49 мл; 0,000049 .

  3. Ерекшеленетінін түсіндіреді.

----------------------------------------------------------------------------------------------------

ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ

Төмендегі графикте, үш километрлік, өр және түсулерсіз, айналмалы тас

жолда жарыс машинасының жылдамдығының қалай өзгергені көрсетілген.
----------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ

Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең?



A 0,5 км

B 1,5 км

C 2,3 км

D 2,6 км

  1. ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ

Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз

болды?

A Сөре сызығында

B Шамамен 0,8 км белгісінде

C Шамамен 1,3 км белгісінде

D Шамамен тас жолдың ортасында

  1. ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ

2,6 км және 2,8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы

туралы не айтуға болады?

A Машинаның жылдамдығы бір қалыпта қалды

B Машинаның жылдамдығы үлкейді

C Машинаның жылдамдығы азайды

D Берілген кестеден машинаның жылдамдығын анықтау мүмкін емес

  1. ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ

Төменде 5 түрлі пішінде келтірілген жарыс тас жолдары көрсетілген:

Жоғарыда келтірілген кестедегі жылдамдықты көре отырып, жарыс машинасы мына тас жолдың қайсысымен жүрді?


ЖАУАБЫ
ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ

1. В - «1,5 км»

2. Жауап С - «Шамамен 1,3 км белгісінде»

3. Жауап B - «Машинаның жылдамдығы арттырылды»

4. В. жауабы
Банкаға әр түрлі сұйықтық (су,спирт,бал,күнбағыс майы) құйылған,оларға әр түрлі тереңдікте денелер салынған.



Кейбір сұйықтықтардың тығыздық кестесі


Сұйықтық


ρ ,кг/

ρ, г/

Сынап

13600

13,6

Бал

1350

1,35

Сүт

1030

1,03

Таза су

1000

1,00

Күнбағыс майы

930

0,93

Спирт

800

0,80

Ацетон

790

0,79

Эфир

710

0,71


1

2

3

4

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

  1. Кестеге сұйықтардың тығыздығын өсу ретімен орналастыр:

сұйықтар

1_____________

2______________

3______________

4_____________

тығыздық














2) Гидростатикалық қысымның тереңдікке тәуелділік формуласын жазыңыз:

3) әр сұйықтықтың тереңдігін 5см- ге тең деп алып,кестені толтырыңыз.

g = 10 Н/кг.

h, см

5

10

15

20

Рсу, Па














____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ЖАУАБЫ

  1. Сұйықтардың тығыздығын өсу ретімен орналастырады:

Сұйықтар

  1. Спирт

  1. Күнбағыс майы

  1. Су

  1. Бал

Тығыздық

ρ ,кг/

800

930

1000

1350




  1. р=ρǥh







h, cм

5

10

15

20

р, Па

35500

93000

150000

270000



8сынып

А деңгейі

1.Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

2.Көлемі 4л бензин толық жанғанда, қанша жылу мөлшері бөлінеді.

3.Көлемі 5 л ыдыс бензинмен толтырылған. Осы бензин толық жанғанда, 230 МДж энергия алуға бола ма?

4. Бакта 40л бензин бар.Осы бензин толық жанғанда, қанша жылу мөлшері бөлінеді.

5.Егер массасы 10 кг ағаш көмірі жанғанда 340 МДж ээнергия бөлінетін болса,онда оның меншікті жану жылуы неге тең?

6. 210·108 Дж жылу алу үшін қанша дизель отынын жағу керек?

7.Жер жырту кезінде трактор 30кг дизель отынын пайдаланған. Осы кезде қанша энергия бөлінеді?

В деңгейі

8.Массалары 25 г табиғи газ бен 25 г суток жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін табыңдар және энергияларын салыстырыңдар.

9. 12 кг шымтезек пен 5 кг антрацит толық жанғанда, қайсысынан көп жылу бөлініп шығады?

10.Көлемі 3л бензин мен көлемі 2 л керосинді араластырған. Осы қоспа толық жанған кезде қанша жылу бөлінеді?

С деңгейі

11.Меншікті жану жылуы 4,2·106 Дж/кг, массасы 1,5кг отынды жағып 1,89 ·107 Дж жұмыс атқаратын трактордың Пәк-тін анықта .

12.Іштен жану двигателі 2,3·105 кДж-ге тең пайдалы жұмыс істеді және бұл кезде массасы 2кг бензин жұмсады. Двигателдің пайдалы әсер коэффициентін есептеңдер.

13. Тепловоз 1 сағ ішінде 8000000 кДж жұмыс өндіреді.Осы уақыт ішінде ол массасы 800 кг дизельдік отын жағады,оның меншікті жану жылуы 4.107 Дж/кг. Двигательдің ПӘК-ін анықтаңдар.

14. Электр шамының қыл сымынан 5 мин сайын 540 Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай қандай болады.

15. Қыздырғыш аппаратта 800г керосин жағылады.Осы керосин арқылы аппаратқа қойылған қанша литр суды 10ºС-тан 100ºС-қа дейін қыздыруға болады. Суды қыздыруға бөлінетін энергияның 40% жұмсалады .

1.Мұз ойылып, суға батқан адамды аман алып қалудың ең тиімді тәсілі жалпақ тақтайды пайдалану. Осы тәсілді пайдалануда физиканың қандай заңы орындалады?

2.Екі адам темір күрекпен жер қазып жатыр.Күректердің формалары әр түрлі, оны мына суреттен көруге болады.Бұлардың қайсысымен жұмыс жасау жеңілдеу?

3.Рюзактың бауларын неліктен жалпақ етіп жасайды?

4.Сабын көпіршігі оған үрлеп енгізілген ауа қысымының салдарынан жан-жаққа ұлғая түседі, соның нәтижесінде көпіршік шар формалы болады.Бұл құбылыс физиканың қандай заңымен дәлелденеді?

5.Неге қатты аязда аяқпен қарды басқанда сықырлаған дыбыс естіледі?

6.Стақанға жартылай су құйып, бетін бір парақ қағазбен жауып қағазды қолмен басып тұрып,стақанды төңкереміз.Егер қолды қағаздан тартып алсақ стақандағы су төгіледі ме? Төгілмесе неліктен?

7.Жұмыртқа (немесе картоп) таза суға батып кетеді, тұзды суда жүзіп жүреді. Себебі неде?

8.Ыстық шайды үрлегенде неліктен ол тезірек суиды?

9. «Тон жылытады» деген сөз неге дұрыс емес?

10.Жауыннан кейін аздап салқын болатыны неліктен?

  1. Атмосфералық қысым

    Атмосфераның бар болуы Жердің табиғатына өте үлкен әсер береді. Атмосферасыз Жерде тіршілік болмайды.

    Атмосфера (атмос – ауа. Сфера – шар)

    1634 жылы Эванджелиста Торричелли алғаш рет атмосфералық қысымның мәнін анықтады. Бұл тәжірибені 7 сынып физика оқулығынан оқып шығуға болады.

    Жердегі қалыпты атмосфералық қысым 760 мм.сын. бағ. немесе 10Па.

    Атмосфераны шартты түрде бірнеше қабаттарға бөледі: тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера. Шартты қабаттардың шекаралары:

    тропосфера – 16 км дейін;

    стратосфера – 50 км дейін;

    мезосфера – 80 км дейін;

    термосфера – 150 км дейін;

    экзосфера – 150 км және одан жоғары, одан әрі бұл қабат ғарыштық кеңістікке көшеді.

    Ауаның 90% тропосферада шоғырланған. Оның қалындығы әр түрлі еңдіктерде әр түрлі болады. Экватор үстінде – 17 км, полюстерде - 8-9 км, ал орташа еңдіктерде – 10-11 км


  2.  Неге Жердің әр түрлі аумақтарда атмосфераның қалындығы әр түрлі?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауап: экваторлық еңдіктерде ауа қатты қызады және оның көлемі ұлғаяды, ал полюс аумақтарында керісінше сығылады.

3. . Айда Торричелли тәжірибесінің нәтижесі қандай болар еді?

А. Жердегідей, сынап бағанасы 760 мм тең болады

В. Сынап ыдыстан төгіледі.

С. Сынаптың бағаны төмендейді

D. Сынаптың бағаны жоғары болады, себебі Айдың тартылыс күші 6 есе кем

Жауап: В. Айда атмосфера жоқ, сондықтан сынап төгіледі.

Сұрақ 4. Суретке қарап биіктікке байланысты атмосфераның тығыздығы қалай өзгеретінін анықта

_________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жауабы: суретте ауа тығыздығы биіктік өскен сайын азаятыны көрініп тұр.

Сұрақ 5.

Суретке қарап, атмосфераны оттекке байыту үшін қандай ағаштарды егу қажет?

___________________________________

___________________________________

___________________________________

___________________________________

___________________________________

Жауабы: емен орманы көп оттек шығарады, бірақ емендер өте баяу өседі, сондықтан қайындарды егу дұрыс.

Сұрақ 6

Ла-Пас – Боливия елінің астанасы – 4000 м биіктікте орналасқан. Бұл Жер бетіндегі ең биік орналасқан астана. Осы биіктіктегі қысым неге тең?

Осындай қысымда картопты пісіруге бола ма?

Кестемен пайдаланыңдар.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Жауабы: бұл биіктікте қысым 469 мм сын бағ тең. Осындай қысымда судың қайнау температурасы 87,04 С тең. Сондықтан жай ыдыста картопты пісіру мүмкін емес. Ол үшін арнайы пісіру құралдары қажет

ТЕМПЕРАТУРА
Бізді қоршайтын әлемдегі кейбір физикалық құбылыстар денелерді қыздыру немесе суытуымен байланысты. Қыздыру кезінде суық су жылынып, одан кейін қайтадан суитынын білеміз. «Суық», «жылы», «ыстық» сөздерінің көмегімен біз дененің қызу дәрежесін ажыратамыз, физикада бұл сөздер денелердің әр түрлі температурада тұрғанын білдіреді. Ыстық судың температурасы суық судың температурасынан жоғары болады. Жаздағы ауаның температурасы қыстағы ауаның температурасынан жоғары болады.

Денелер температурасын термометр көмегімен, өлшемі градус Цельсий (0С) арқылы өрнектейді.

Жоғары температурада диффузия жылдам өтетінін білеміз. Бұл молекулалардың қозғалыс жылдамдығы мен температурасы өзара байланысты екендігін білдіреді. Дененің температурасы артқан сайын молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өседі, температура төмендеген сайын- кемиді.

Сонымен, дене температурасы молекулалардың қозғалыс жылдамдығынан тәуелді.

Сұрақ 8. Сау адам денесінің абсолют температурасы неге тең?

  1. 36,6 К

  2. 309,6 К

  3. 100 К

  4. 237,6 К

Жауап: В
9. Дененің қызу дәрежесін сипаттайтын шама

  1. Жұмыс

  2. Энергия

  3. Жылдамдық

  4. Температура


Жауап: D
10. Сұрақ 3.

Ыстық және суық су молекулаларының айырмашылығы неде?

  1. Атомдар санында

  2. Молекулалар өлшемінде

  3. Молекулалардың қозғалыс жылдамдығында

  4. Молекулалардың массасында

Жауап: С

1.Тапсырма

Газ жылынғанда оның температурасы көтеріледі. Газдың молекулалары

қандай күйге түседі?

a олар үлкейе бастайды

b олардың жылдамдығы өседі

c олардың жылдамдығы төмендейді

d олардың саны өседі

2.Тапсырма

Сұйықтық салқындағанда сұйықтық молекулаларында қандай өзгеріс

болады?

a олардың қозғалысы бәсеңдейді

b олардың қозғалысы артады

c олардың саны азаяды

d олардың көлемі азаяды
3.Тапсырма

Төменде берілген қай энергия айналымы батарейкамен жұмыс істейтін

фонарда болады?

a электрлік – механикалық – жарық

b химиялық – механикалық – жарық

c химиялық – электрлік – жарық

d ядролық – электрлік – жарық
4.Тапсырма

Заттың тығыздығы 1,1 г/см3. Бұл зат қандай сұйықтықта қалқиды?

Бір торкөзді белгілеңіз.

Х сұйықтығы: 1,3г/см3

Y сұйықтығы: 0,9 3г/см3

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
5.Тапсырма

Күн жүйесіндегі ғаламшар мен серіктердің арасындағы ең басты

айырмашылық қандай?

a барлық ғаламшарда тіршілік бар, серіктерде жоқ

b барлық ғаламшарда атмосфералық ауа бар, серіктерде жоқ

c барлық ғаламшарлар Күннің орбитасында айналады, ал серіктері

ғаламшарлар орбитасымен айналады

d барлық ғаламшарлар барлық серіктерге қарағанда үлкенірек
6.Тапсырма

Төмендегілердің қайсысы судың көтерілуі мен қайтуына себепші?

a күннің әсерінен мұхиттардың жылынуы

b айдың гравитациялық өрісі

c мұхит асты жер сілкіністері

d жел бағытының өзгеруі

7.Тапсырма



8.Тапсырма



9.Тапсырма

Ер адам биік таудың үстіне көтерілді. Таудың үстінде болған кезде пластикалық бөтелкенің ішіндегі барлық суды ішіп, қақпағын жауып қойды. Лагерьге келгенде бос бөтелкенің майысқанын байқады. Төменде көрсетілгендердің қайсысы неліктен былай болғанын жақсы түсіндіреді?

  1. таудың етегінде таудың шыңына қарағанда температура төмен

b. таудың етегінде таудың шыңына қарағанда температура жоғары

c. таудың етегінде таудың шыңына қарағанда ауа қысымы төмен

d. таудың етегінде таудың шыңына қарағанда ауа қысымы жоғары
10.Тапсырма

Төмендегілердің қайсысы кейбір темір жолдарда рельстер арасына саңылаулардың неліктен қойылатынын жақсы түсіндіреді?

  1. металдан жасалған рельстердің ыстық күндерде созылуына мүмкіндік береді

  2. металдан жасалған рельстердің суық күндерде созылуына мүмкіндік береді

  3. саңылаулар арасындағы ауа рельстердің сууына мүмкіндік береді

  4. пойыздың әсерінен пайда болған рельстердің діріліне мүмкіндік береді




  1. Бір секундта 25 айналым жасайтын дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы 50

  2. Массасы 2 кг дененің, 10Н күш ісерінен алатын үдеуі 5м/с2

  3. Егер жылудан изоляцияланған ыдыстағы газ сығылатын болса, онда газ температурасы артады

  4. Катод сәулелері – катодтан анодқа қарай тез қозғалатын электтрондар ағыны

  5. Егер нәрсе линзаның фокусында орналасқан болса, онда жұқа жинағыш линза көмегімен алынған кескін кескін мүлдем болмайды

  6. Салмақсыз жіпке ілінген дене заңы бойынша тербеледі. Жіптің ұзындығы 160см

  7. - сәулелерінің зарядының шамасы 0

  8. Тұрақты кернеу көзіне қосылған тізбектің кедергісі 100 ом. Осы тізбекке қосылған ішкіткедергісі 1 ом амперметрдің көрсетуі 5 А. Амперметр жалғағанға дейінгі тізбектегі тоқ күші 5,05А

  9. 3с ішінде маятник 6 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды 0,5с

  10. Аморф денелердің кристалл денелерден айрмашылыгы анизотроптылығы

  11. Дене 80м биіктіктен еркін құлаңанда түсу уақытының соңғы секундындағы орын ауыстыруы ( ) 35м

  12. Контурдағы тоқ күші 4есе арттырғанда магнит өрісінің энергиясы 4 есе азаяды

  13. Аккумулятор батареясының ЭҚК-і 12В, тізбектегі тоқ күші 4А, ал ұштарындағы кернеу11В. Қысқа тұйықталған тоқ шамасы 0,1м/с2

  14. 4К температура Цельсий шкаласында 269

  15. Ғарыш кемесінің Жер бетінен 5Rж қашықтығына алыстағандағы тартылыс күші

36 есе кемиді

1*Еркін түсу

Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнараның құрылысы 1173 ж. басталған болатын. Осы ғимарат сол қисайыңқыраған кезде, 1360 ж. салынып бітті. Әрине, бұл ғимарат өзінің осы ерекшелігімен қоса, Галилей ашкан заңның арқасында Пиза каласының даңқын бүкіл өлемге ғасырдан-ғасырға паш етіп келеді. Сөйтіп, ол мұнара төңірегіне жиналған пизандықтарды таңғалдырды. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталады. Міне, осылайша өз тұжырымдарының дұрыстығына тәжірибе аркылы кез жеткізе отырып, Галилей ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі деп үйғарды. Галилей ашқан бұл заңның маңызы өте зор болды.
Сұрақ 1: Тәжірибе жасалған көлбеу Пизан мұнарасының биіктігі қаншаға тең?

А) 60м В) 58м С)57м Д) 52м

Сұрақ 2: Еркін түсу

Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген XVII ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар әлі жоқ еді. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді.

Оны тек 80 жыл өткеннен соң жүзеге асырған ғалым.

А) Ньютон В) Торричели С)Архимед Д) Кеплер
Сұрақ 3: Еркін түсу




Алайда күнделікті бақылау денелердің калыпты жағдайда түрліше құлайтынын көрсетеді. Мәселен, ауыр шар тез кұлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен калықтап түседі.

Құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда қандай шамаларға тәуелді?

Иә немесе жоқ

Дененің ауырлығына

Иә/жоқ

Өлшемдер мен пішініне

Иә/жоқ

Тығыздығына

Иә/жоқ



Сұрақ 4: Еркін түсу

Неғұрлым дәл есептеулер еркін түсу үдеуінің сандық мәні Жер шарының әртүрлі нүктесінде аздап өзгеше болатынын көрсетеді. Мысалы жергілікті жердегі ендікке байланысты ол қалай өзгереді?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2*Ньютон заңдары

Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет – тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа денелер әсер еткенге дейін сақтайды. Егер қозғалысты санақ жүйесімен байланыстыратын болсақ, онда қозғалушы дене әсер етуші күштен бөлек және санақ жүйесімен байланысты бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыста болады.
Сұрақ 5: Ньютон заңдары

Жүгі бар арбаны аққу аспанға, шортан суға, шаян алға тартады. Арба орнынан қозғала ма? Тең әсерлі күш неге тең?
А) Қозғалмайды, ҒR=0

В) Қозғалады, ҒR=F1+F2+F3

C) Қозғалмайды, ҒR=F1+F2-F3
Сұрақ 6: Ньютон заңдары


Берілген суреттерден алынған тұжырым:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақ 3: Ньютон заңдары



Ньютонның механика заңдары мына денелерге қолдануға келмейді.

Иә немесе жоқ

Микроәлем нысандарына (атом, молекула, элементар бөлшектер)

Иә/жоқ

Жылдамдығы біртіндеп өзгеретін денелерге

Иә/жоқ

Жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалған денелерге

Иә/жоқ

3*Тұрақты магниттер

Магнит тарихы екі жарым мың жылдан бері жалғасуда. Көне қытай ғалымдары б.дәуірімізге дейінгі VІ ғ. өзіне темір заттарды тартатын минералды тапқан. Қытайда оны “чу-ши” демек, “сүйгіш тас” деп атаған. “Магнит” атауын көне грек драматургі Еврипид (б.д. дейінгі V ғ.) тауып, өзінің бір шығармасында оның қасиеттерін сипаттаған. Мұндай атау бұл минерал Магнессия қаласының маңында табылғанымен байланысты. Магнит — «Магнессия тасы» дегенді білдіреді. Ерте заманда магнит қасиеттерін оның “тірі жаны” бар деп түсінді. Ерте заман адамдары ит етке қалай ұмтылса магнит те темірге солай “ұмтылады” деп ойлайды. Қазір біз мәселе магнит тудыратын ерекше өрісте екенін білеміз. Кез-келген магниттің айналасында магнит өрісі болады. Осы өрісте темірді магнитке тартады. Қазіргі кезде табиғи магнит FeO (31%) және Fe2O3(61%) тұратын магниттік темір кесектері екендігі белгілі морт қара минерал.

Сұрақ 1 : Бұл қара минералдың тығыздығы неге тең?

А) 2000 кг/м3.

В) 5000 кг/м3.

С) 1000 кг/м3.

Д) 3000 кг/м3.

Сұрақ 7: Тұрақты магниттер

Магнит өрісі — материяның ерекше түрі, ол заттардан ерекше және магниттелген денелер айналасында болады. Магниттің магниттік қасиеттері аса күшті емес, қазіргі кезде магнит өрісі өте күшті жасанды магниттер алынды. Оларды сыртқы магнит өрісінде магниттеп, жеке тұрақты магниттер ретінде қолдануға болады. Жасанды магниттер әр түрлі формада жасалды.

Жасанды магниттер жасау үшін құрамында қандай металдары бар құйма қолданылады?

Иә немесе жоқ

Темір

Иә/ Жоқ

Никель

Иә/ Жоқ

Кобальт

Иә/ Жоқ

Сұрақ 8: Тұрақты магниттер

Бағдаршы түрінде жасалған магнит компаста қолданылады. Бұл керемет құрал шамамен екі мың жыл бұрын ойлап табылған. Алғашқы (ерте қытай) компас1-суретте көрсетілген. Ол оңтүстікті көрсеткіш деп аталған. Қазіргі заманғы (қарапайым) компас 2-суретте көрсетілген. 1-сурет пен 2-суреттердің магниттік бағдаршаның (компас бағдаршысы) басқа да магниттер сияқты екі полюсі бар. Олардың бірі географиялық солтүстікті көрсетеді, ол солтүстік полюсі (N), екінші ұшы — оңтүстік полюс (S) деп аталады. Осы символдар (атауларымен бірге) кез-келген магниттердің полюстерін белгілеу үшін қолданылады. Екі магниттік бағдаршаны бір-біріне жақындатып, әртекті магнит полюстері бір-біріне тартылатынын біртектес полюстері тебілетінін анықтауға болады. Осы заңдылық кез-келген магниттер үшін дұрыс. Екі магниттік компастың айырмашылығы неде__________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақ 9: Тұрақты магниттер

Магниттердің қолдану аясы өте кең. Олар тек қана компастарда емес, электро-, радио-техникада, роботтық техникада және т.б. қолданылады. Сіздер магниттерді электр қозғалтқыштардан, дыбыс зорайтқыштардан, телефондарда, амперметрлерде, вольтметрлерде және басқа құралдар ішінен таба аласыздар.

Медицинада магниттер қолданыла ма?

____________________________________________________________________________________________________________________________________
4*Зат алмасу

Заттың және энергияның алмасуы – өзара байланысты үдерістер, бұл

үдерістің бір де біреуі өз алдына жеке болмайды. Нәрлі заттардың құрамындағы

химиялық байланыстар энергиясының қышқылдануы барысында, организмнен

бөлініп шығады және қолданылады. Ағзаның өмір сүру қызметтерінің бәрі

энергияның бір түрінің екінші түрге өтуі есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда

энергияның жалпы саны өзгермейді.
Сұрақ 10 . Зат алмасу

Әр түрлі мамандық иелерінің мамандығына байланысты іс-әрекеттерінде

жұмсайтын энергия мөлшері де әр түрлі болады. Мысалы, интеллектуалдық

еңбекпен айналысатын адам, күніне 3000 килокалория жұмсайды. Ауыр дене

еңбегімен айналысатын адам, күніне 2 есе кем энергия жұмсайды.

Дене күшін талап ететін еңбекпен айналысу барысында жұмсалатын

энергия мөлшері пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК) деп анықталады. Оның

орташа мөлшері – 20-25%, спортшыларда ПӘК жоғары болады. Қышқылдану

барысында 1 г ақуыз – 4,1 ккал, 1 г май – 9,3 ккал, 1 г көмірсу – 4,1 ккал

бөлетіні анықталған. Тағамдық азық-түліктердегі ақуыздардың, майлардың

және көмірсулардың мөлшерін білген жағдайда, олардың құнарлылығын

немесе энергиялық құнын анықтауға болады.

Тәулігіне 3000 ккал жұмсайтын адам, өз ағзасының энергиялық

қажеттілігін толығымен қанағаттандыруы үшін тәулігіне қанша мөлшерді

қабылдауы керек?

А. 732 грамм көмірсу.

В. 732 грамм май.

С. 150 грамм ақуыз.

D. 732 грамм ақуыз және 732 грамм көмірсу.
Сұрақ 11. Зат алмасуы

Бұлшық ет қызметі, белсенді қозғалыс, дене шынықтыру жаттығулары

және спорт энергияны көп жұмсауды талап етеді. Нәрлі заттардың құндылығын

ескере отырып, оларды ауыстыруға болады.

6-кестедегі пайымдаулар дұрыс па?

6-кесте – Зат алмасу

Р/с

Пайымдаулар

Иә/жоқ

1

Энергиялық құндылық тұрғысынан 1 г көмірсу 1 г ақуызға тең




2

Егер тағамға ақуызды көп пайдаланатын болса, онда артық салмақ

болмайды




3

Ағза үшін тағамның жалпы құндылығы ғана маңызды




4

Тағам мөлшерін құрастыру барысында қарқынды және ауқымды жаттығу

күндері спортшылардың энергия жұмсауының ұлғаюын есепке алу қажет





Жүйке жүйесі, жүрек, тыныс алу бұлшықеттері, бүйрек, бауыр және басқа

да ағзалар үздіксіз қызмет жасайды және энергияның белгілі мөлшерін

тұтынады.

Мысалы, жүрек үлкен жұмыс атқарады. Ол әр сағат сайын қолқаға

300 л шамасында қан лақтырып отырады. Бұл жұмыс қышқылдану үдерісі

қарқынды жүріп жатқан жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы есебінен жүзеге

асырылады. Босаған энергияның нәтижесінде бұлшықеттердің механикалық

жиырылуы қамтамасыз етіледі де соңында барлық энергия жылу энергиясына

ауысады, ол ағзаға тарайды және қоршаған кеңістікке беріледі. Ұқсас үдерістер

адам денесінің әр органында жүреді. Әр жағдайдың ең соңында электр,

механикалық және химиялық басқа да энергия түрлері жылу энергиясына

ауысады және сыртқы ортаға шығады.
Сұрақ 12. Зат алмасу

Энергия сыйымды, яғни жұмыс істеуіне көп энергия жұмсалатын

органдарға жүрек пен бүйрек жатады. Сонымен бірге бұл органдардың салмағы

онша үлкен емес.

А. Энергияны көп жұмсайтын органдардың тізімін жазыңыздар.

В. Энергия жұмсамайтын орган деп санауға болатын органдарды

көрсетіңіздер. Нелік_________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5-тапсырма.

Назгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады.



Сұрақ 13 Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6-тапсырма.

Оқушылар тауықтың жұмыртқасымен келесі тәжірибелерді жасап, қорытынды жазды.

Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап жүреді.


Сұрақ 14 Себебін түсіндіріңіздер.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7-тапсырма. Бөтелке ішіндегі жұмыртқа

Бұл көпшілікке жақсы белгілі, классикалық тәжірибе. Бұл тәжірибенің жасалып жүргеніне жүз жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.

Тәжірибені өткізу жолы:

-кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз;

-қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз (бұл әрекетті жасау барысында саусақтарыңызды күйдіріп алмас үшін, абайлау қажет);

-қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын бөтелкенің аузына -қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан әлдеқайда үлкен болуы тиіс);

-жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі.

Сұрақ 15 .Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер.
8-тапсырма. Күн жүйесі
Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.


Сұрақ 16. Күн жүйесі қозғалысы ілімін кім ашты.

Сұрақ 17. Планеталар қандай топқа бөлінеді?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сұрақ 18. Қандай планеталар Күнге жақын орналасқан?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

9-тапсырма.


Саңылау
Сұрақ 19. Темір жолдарға металл рельстерді салғанда олардың қосылатын жерлеріне саңылаулар қалдырылады. Неліктен?______________________________________________________________________________________________________________________________________________
Төменде берілген жауаптардың қайсысы дұрыс? А. Металл рельстер ыстық күндері ұлғаяды.

В. Металл рельстер суық күндері ұлғаяды.

С. Металл рельстер саңылауларының арасындағы ауаның көмегімен суық күйге ауысады.

D. Пойыздар жүрген кезде металл рельстер тербеліске ұшырайды.
10-тапсырма.

Суретте ішіне электр қоңырауы салынған шыны ыдыс бейнеленген.

Электр қоңырауын қосқан кезде оның шырылдаған дауысын естуге болады. Вакуум сорғыштың көмегімен шыны ыдыстың ішіндегі ауа сорылады.

Сұрақ 20: шыны ыдыстың ішіндегі ауаны сорып алғаннан кейін, электр қоңырауының дыбысы естіле ме? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.__________________________________________________________________________________________________________________________

11-тапсырма.

12 (а, ә)-суретінде көрсетілгендей А және В заттарының массасын таразыға қойып өлшеді. В затын А заты тұрған сауытқа салғанда, нәтижесінде С заты пайда болды. В заты ішінде болған бос сауытты қайтып таразыға қойды.


12-сурет – Заттардың массасын өлшеу

Сұрақ 21: 12, а-суретінде таразы 110 г массаны көрсетті. 12, ә-суретіндегі таразы қандай массаны көрсетеді?
А. 110 г-нан артық

В. 110 г.

С. 110 г-нан кем.

Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз ____________________________________________________________________________________________________________________________________

12-тапсырма.


Сұрақ 22.

Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кетсе, өзінің қозғалыс бағытында, ал аяғы тайғанап кетсе, өзінің қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытта құлайтынын қалай түсіндіруге болады?

А. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, етпетінен құлайды, өйткені мұнда адамның аяқтары қозғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.

В. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, шалқасынан құлайды, өйткені мұнда адамның аяқтары қозғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.

С. Жүгіріп келе жатқан адам сүрініп кеткенде, жанына құлайды, өйткені мұнда адамның аяқтары қозғалысын кенет тежейді де, денесі оның алдындағы қозғалыстағы күйін сақтайды.


13-тапсырма.

Түзусызықты қозғалып келе жатқан дене жылдамдығының модулі уақыт бойынша 13-суреттегі график түрінде берілген заң бойынша өзгереді.




13-сурет – Дене жылдамдығының модулі
14-суретте көрсетілген графиктердің қайсысы денеге әрекет ететін барлық күштердің теңәрекетті күші модулінің уақытқа тәуелділігін сипаттайды?




14-сурет – Күштердің теңәрекетті күші модулі

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25


написать администратору сайта