зейін жобасы тапсырмалары. 1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ
Скачать 7.13 Mb.
|
14-тапсырмаСұрақ 24. Арқан тартқан кезде шамалары бойынша бірдей, бірақ бағыттары бойынша қарама-қарсы күштер пайда болады. Неліктен арқанды көбінесе бір жағына тартып алуға болады? А. Арқан тартқан кезде адамның Жермен өзара әрекеттесу күшін (табанның Жер бетімен үйкеліс күшін) ескеру керек. Сондықтан жерді күштірек қысып басатын, ал бұдан үйкеліс күшін арттыратын адам арқанды өзіне тартып алады. В. Арқан тартқан кезде адамның салмағын ескеру керек. Сондықтан жерді көп салмағымен қысып басатын жақ арқанды өзіне тартып алады. С. Арқан тартқан кезде адам санын ескеру керек. Адам саны көп болса сол жақтың күші басым болғандықтан арқанды өзіне тартып алады. 15-тапсырма. Электромагниттік толқындар. Адамзат дүниесі гравитациялық өріс, радиоактивті сәулелер және электромагниттік сәулелер мұхитында өмір сүріп келеді. Әлемдік өркениеттің дамуы әр түрлі электр құралдарын, электрондық жабдықтарды кеңінен дүниеге әкелуде. Жоғары және аса жоғары кернеудегі электр жеткізу ауа желілері, радиохабар, теледидар, радиорелелік және серіктік байланыстар, радиолокациялық және навигациялық жүйелер, лазерлік маяктар, Wi-Fi, тұрмыстық микротолқындық пештер, мониторлар және т.б. жасанды электромагниттік өріс көздері табиғи электромагниттік фонға елеулі ықпал етуде. Бұл адамдардың қызметі мен күнделікті тіршілігіне қолайлы жағдайлар туғызады, алайда олардың денсаулығына байқатпай зиян келтірмек. Сұрақ 25. Ауа желілері арқылы электрді тасымалдағанда электромагниттік өрістер адамдар мен басқа тіршілік иелеріне қалай әсер етеді?_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 16-тапсырма. Электромагниттік толқындар. Жоғары және аса жоғары кернеудегі электр жеткізу ауа желілері, радио және телеорталықтар, радиолокациялық қондырғылар өтетін ауқымды аумақта электромагниттік өріс кернеулігі екіден бес есеге дейін артты, ал бұл адамдар мен басқа тіршілік иелері үшін нақты қауіп төндіреді. Электр өрісi кернеулігінің адамдар үшін санитарлық шекті нормасы 1 кВ/м-ге тең. Жоғары кернеулі электр жеткізу жүйелерінде бұл шекті деңгей ондаған, тіпті жүздеген метр аралығына дейін ауытқиды. Арнайы жүргізілген зерттеулер алты күн бойы электр желісінің астында күніне 3 рет 15 мин-тан тұрғанның өзінде невралгиялық сипаттағы өзгерістерді, мидың жұмыс істеу қабілеттіліктерінің төмендеуін тудыратынын көрсетті. Жоғары кернеулі электр желісі бар аумақтардағы электр өрісiнің кернеулігі 1 метрге шаққанда бірнеше мың вольтқа жетуі мүмкін. Радио мен теледидардағы жоғары жиіліктегі (3 кГц-тен 300 ГГц-ке дейінгі) электромагниттік толкындардың адам ағзасына ықпалы оның тербеліс жиілігіне байланысты. Жиілік жоғары болғанда, яғни толқын ұзындығы қысқарақ болса, зиянды ықпалы күшейе түседі. Жоғары жиілікті ультрадыбыстар, интенсивтілігі жоғары лазерлік сәулелер адам миына көп әсер етеді. Бейбіт мақсаттарға пайдаланбаған жағдайларда мұндай психотропты карулардың әсерінен мидың қызметі өзгереді, ойлау, есте сақтау, өзін өзі ұстай алу қабілеттілігі төмендейді. Осындай әсердің нәтижесінде адам ерік-жігерін жоғалтады. Сұрақ 26. Өз денсаулығына зиян келтірмеу үшін әрбір адам нені білуі тиіс?__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 17-тапсырма. Электромагниттік толқындар. Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері – ғылымның зерттеуге жататын міндеті. Технология мен электрондық құралдардың қарқынды даму жағдайындағы заманауи әлемде электромагниттік өрістің ықпалынан құтылу мүмкін емес. Адамдардың денсаулығына келтірілетін зиян мөлшерін шектеу үшін көптеген халықаралық стандарттар мен талаптар дайындалған және тұрмыстық техниканың барлығы дерлік осы талаптарды қанағаттандырады. Алайда шығарылатын сәуле тұрғысынан олар әлі де қауіп көзі болып табылады, сондықтан әр түрді бейнедисплейлік терминалдармен жұмыс жасау кезінде қарапайым ережелерді ескерген абзал. Сұрақ 27. Электромагниттік өріс адамға қалай әсер етеді?___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 18-тапсырма. Қозғалыс. Велосипедші 4 сағат бойы 18 км/с жылдамдықпен жүрді. Сұрақ 28 Жолды 0,5 сағатқа тезірек жүріп өту үшін, ол қозғалыс жылдамдығын қаншаға арттыруы керек__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сұрақ 29. Жолды 20 км/с жылдамдықпен жүрсе, онда уақыт қалай өзгереді? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 19-тапсырма.:Қызу жұмыс Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның ішіндегі температура 40ºC-ге жетті. Сұрақ 30 Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды? Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз
20-тапсырма.:Қызу жұмыс Петр өзіне температурасы 90ºC бір шыны кофе және бір шыны 5ºC мұздай минералды су құйды. Екі шыны мен сусындардың көлемдері бірдей. Петр отырған бөлменің температурасы болса 20ºC шамасында болған. Сұрақ 31 Кофе мен минералды судың температурасы 10 минут өткен соң кандай болуы ықтимал? A 70ºCжәне 10ºC B 90ºC және 5ºC C 70ºC және 25ºC D 20ºC және 20ºC 21-тапсырма Жұлдыздар жарығы Шолпан жұлдыздарға қарағанды ұнатады. Бірақ қалада тұрғандықтан, ол түнде көп жұлдыздарды көре алмайды. Алдыңғы жылы Шолпан ауылға барғанда, қалада көрінбеген көптеген жұлдыздарды көрді. Сұрақ 32: Неліктен ауылды жерде қалаға қарағанда көбірек жұлдыздарды көруге болады? А Қалада ай жарығырақ, сондықтан ол көптеген жұлдыздардың жарығын жауып тастайды В Ауылды жерлерде қалаға қарағанда көбірек шаң-тозаң бөлшектері бар, сондықтан ол жарықты қамтып көрсетеді C Қала жарығының молдығынан көптеген жұлдыздарды көру қиынға соғады D Көлік және үйлерден жылу бөлінуіне себепті қаладағы ауа әлдеқайда жылылырақ Сұрақ 33: Шолпан жарық емес жұлдыздарды бақылау үшін линзасы бар телескопты қолданады. Неліктен линзасы бар телескоптар жарық емес жұлдыздарды бақылауға мүмкіндік береді? A Линза үлкенірек болған сайын, ол көбірек жарық жинайды B Линза үлкенірек болған сайын, ол улкенірек ұлғайтады C Үлкен линзалар молырақ аспан кеңістігін көруге мүмкіндік береді D Үлкен линзалар жұлдыздардағы күңгірт түстерін көруге мүмкіндік береді 22-тапсырма Жарыс машинасының жылдамдығы Төмендегі графикте, үш километрлік, өр және түсулерсіз, айналмалы тас жолда жарыс машинасының жылдамдығының қалай өзгергені көрсетілген. Сұрақ 34: Жарыс машинасының жылдамдығы Сөре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең? А 0,5 км В 1,5 км C 2,3 км D 2,6 км Сұрақ 35: Жарыс машинасының жылдамдығы Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болды? А Сөре сызығында В Шамамен 0,8 км белгісінде С Шамамен 1,3 км белгісінде D Шамамен тас жолдың ортасында Сұрақ 36: Жарыс машинасының жылдамдығы 2,6 км және 2,8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы туралы не айтуға болады? A Машинаның жылдамдығы бір қалыпта қалды B Машинаның жылдамдығы үлкейді C Машинаның жылдамдығы азайды D Берілген кестеден машинаның жылдамдығын анықтау мүмкін емес Сұрақ 37: Жарыс машинасының жылдамдығы Төменде 5 түрлі пішінде келтірілген жарыс тас жолдары көрсетілген: Жоғарыда келтірілген кестедегі жылдамдықты көре отырып, жарыс машинасы мына тас жолдың қайсысымен жүрді? 23-тапсырма Қасықтар Сұрақ 38 Ыстық суға металл қасық, ағаш қасық жəне пластмасса қасық салынды. 15 секундтан кейін ұстап көргенде, қай қасық ең ыстық болады? A Металл қасық. B Ағаш қасық. C Пластмасса қасық. D Үш қасықтың да ұстап көргендегі қызуы бірдей. 24-тапсырма Вилосипедші Айжан Айжан жаңа велосипед сатып алды. Велосипедтің рулінде жылдамдық өлшегіш қондырылған. Жылдамдық өлшегіш Айжан велосипедпен жүріп өткен қашықтық пен жолдағы жылдамдықты көрсетеді. Сұрақ39. Жолда Айжан алғашқы 10 минутта 4 км жүрді жəне содан соң келесі 5 минутта 2 км жүрді. Келесі айтылғандардың қайсысы дұрыс? А Айжанның алғашқы 10 минуттағы орташа жылдамдығы келесі 5 минуттағыға қарағанда артығырақ болған. В Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минут пен келесі 5 минутта бірдей болған. С Айжанның орташа жылдамдығы алғашқы 10 минутта келесі 5 минуттағыдан азырақ болған. D Берілген ақпараттан Айжанның жылдамдығы туралы ештеңе айту мүмкін емес. Сұрақ 40. Айжан өз велосипедімен үйінен 4 км қашықтықтағы жатқан өзенге дейін барды. Оған 9 минут қажет болды. Ол үйіне 3 км қысқа жолмен қайтты. Бұл үшін оған 6 минут қажет болды. Айжанның өзенге дейінгі жəне артқа қарай орташа жылдамдығы (км/сағ) қандай?_________________________________________________ Орташа жылдамды________________________________________________ км/сағ. 24-тапсырма Сағат Сағаттың минуттық және сағаттық тілдері күндізгі сағат 12-де дәл беттеседі. Сұрақ4 1: Сағат Қандай ең қысқа уақыт аралығында сағат тілдері қайта беттеседі?____________________________________________________________________________________________________________________________ 25-тапсырма Жүріс Суретте адамның жүрісінің ізі бейнеленген. Бірінші аяқтың өкшесінен екінші аяқтың өкшесіне дейінгі қадамның арақашықтығы Р-ға тең. Ер азаматтың жүрісі n/ P=140 формуласымен жуықтап есептеледі. Мұндағы n- бір минуттағы қадам саны, P- қадамның метрмен алғандағы ұзындығы . Сұрақ4 2: Егер Болат минутына 70 қадам жасаса, онда берілген формуланы қолданып оның қадамының ұзындығы неге тең болатынын анықта.______________________________________________________________________________________________________________________________ Сұрақ4 2: Мерейдің қадамының ұзындығы 0,80 м тең. Жоғарыда берілген формуланы пайдаланып, Меренйдің жүрісінің жылдамдығын м/мин арқылы, жəне км/сағ арқылы есепте.______________________________________________________________________________________________________________________________ 26-тапсырма Жүгіруге арналған стадион Суретте шағын стадионның жүгіру жолдарының жоспары көрсетілген. Алаңның ортасы тік төртбұрыш тəрізді, оң жəне сол жақтарында екі жарты дөңгелек формалы аудан. Əрбір жүгіру жолдарының ені 1 метрге тең. 50м Сұрақ4 3: Ішкі жағындағы бірінші жолмен, бір айналым жүгіріп өткендегі ара қашықтық неге тең. Өзіңіздің шешу жолыңызды көрсетіңіз._______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 27 тапсырма Атмосфералық қысым
Сұрақ 1.Неге Жердің әр түрлі аумақтарда атмосфераның қалындығы әр түрлі? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сұрақ 2. Айда Торричелли тәжірибесінің нәтижесі қандай болар еді? А. Жердегідей, сынап бағанасы 760 мм тең болады В. Сынап ыдыстан төгіледі. С. Сынаптың бағаны төмендейді D. Сынаптың бағаны жоғары болады, себебі Айдың тартылыс күші 6 есе кем С ұрақ 3. Суретке қарап биіктікке байланысты атмосфераның тығыздығы қалай өзгеретінін анықта ___________________________ ___________________________ ___________________________ ___________________________ ___________________________ ___________________________ ___________________________ ___________________________ ___________________________ ___________________________ Сұрақ 4. С уретке қарап, атмосфераны оттекке байыту үшін қандай ағаштарды егу қажет? ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ |