зейін жобасы тапсырмалары. 1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ
Скачать 7.13 Mb.
|
А: 1; В: 1, 2, 3 С: 2; Д: 1, 3; Е: 2, 3; 13.Тамыр мен жапырақ ағашты өсімдіктердің структуралық бөліктері болып табылады.Төмендегі қасиеттердің қайсысы осы структураларға ортақ болып саналады? 1. фотосинтез. 2. экскреция( зат алмасу өнім-нің сыртқа шығарылуы); 3. транспирация; 4. өткізгіштік; А: 3; В: 4; Е: 3 С: 2,4; Д: 1, 3; 32 14.Құрылысының күрделілігі бойынша айырмашылығы бар организмдер берілген: вирустар (1), бактериялар(2), саңырауқұлақтар(3), балдырлар (4). Төмендегі схемалардың қайсысы эволюциялық сатылықты дұрыс көрсетеді? А: 1-2-3-4; В: 1-2-4-3; С: 2-1-4-3; Д: 2-1-3-4: Е: 1-3-2-4: 15. Неге цианобактериалар мен қызыл балдырлар жарықтың түсу деңгейі төмен орталарда көп кездеседі? 1. Өйткені, көбею дәрежесі жоғары организмдер оларды (көлемі кіші болғандықтан) жарығы төмен ортаға ығыстырады. 2. Өйткені, олардың барлығы жарыққа өте сезімтал. 3. Өйткені, олар қосымша антенді пигменттері арқасында жарықты өте үнемді пайдалана алады. А. Барлығы дұрыс В. Тек 1 дұрыс. С. Тек 2 дұрыс. Д. Тек 3 дұрыс. Е. Тек 2 және 3 дұрыс. 16. Инфузория класы өкілдерінің, су бағаналарын экологиялық тұрғыдан бағалауда маңызы неде? 1. су биоценозында қоректік тізбек элементі; 2. судың ластануына қатысты индикатор; 3. инфекциялық маңызы; А: Барлығы дұрыс; В: Тек 1 дұрыс. С. Тек 2 дұрыс. Д. Тек 3 дұрыс. Е. Тек 2 және 3 дұрыс 1 тапсырма. Адам және оның денсаулығы Төменде көрсетілгендердің қайсысы адам ағзасының кейбір ауруларға қарсы ұзақ мерзімге иммунитетпен қамтамасыз етеді? А)антибиотиктер В) дәрумендер С)вакциналар Д)қанның қызыл түйіршіктері 2 тапсырма. Асан диабетпен ауырады Келесі тағамдардыңқайсысын олүлкен сақтықпен пайдалануы керек? А) сиыр еті В) жұмыртқа С) сүт Д) жеміс шырыны 3 тапсырма. Жасушалардың қай түрімен ағзаға енген бактериялар жойылады? А)лейкоциттермен В)эритроциттермен С)бүйрек жасушалармен Д)өкпе жасушаларымен 4 тапсырма.Жаттығулар жасаудың денсаулыққа неге пайдалы екендігінің бір себебін атаңыз? 5тапсырма. Жер бетінде алғаш пайда болғанда ағзалар қайда өмір сүреді? А) суда В) ауада С) жерде Д) жер астында 6 тапсырма.Ағзалардың сипаттамасы және тіршілік ету үрдістері. Адам қатты тоңғанда неге дірілдейді? А) миға суық туралы сигнал жіберу үшін В) бұлшықет қимылының арасында жылу бөлу ұшін С) терінің беткі қабаттарына көбірек қан жеткізу үшін Д) суықтың теріденөтуін тоқтату үшін 7 тапсырма.Жатыр (құрсақ) сүтқоректілердің репродуктивті жүйесінің бөлігі болып табылады. Жатырдың бір қызыметін атаңыз. 8тапсырма.Көптеген өсімдіктердің тұқымдары қараңғыда және жарықта өсе алады. Тұқымдардың өсуіне қажетті екі жағдайды атаңыз. 9 сынып 1. Қоян мен тышқанның қорегі бірдей мөлшерде болды,яғни100 г .Қоян мен тышқанның қайсысы энергия көп жоғалтып, тез шаршайды? _______________________________________________________________ Себебі _________________________________________________________ Жауабы: Қоян, себебі қоян шөппен қоректенеді,ал тышқан дәнмен қоректенеді, дәннің құнарлылығы жоғары болғандықтан тышқан энегия көп жоғалтпайды. 2. Пестицидтер – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар екенін білеміз. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды.Орманды,өнімдерді немесе адамды қорғау үшін пестицидтерді сирек жағдайда қолданылады.Мысалы , Қазақстанда кейбір аумақтарында жайылымдар мен үй жануарларын жұқпа тасмалдайтын кенелерден қорғау үшін пестицидтермен өңдейді Буынаяқтылар мен бунақденелі жоюға қолданатын пестицид түрін атаңыз А)гербицид В)фунгицид С)инсектицид Жауабы:С 3.Пестицидтер Солтүстік және Оңтүстік полюсте ешқашан қолданылмаса да ақ аю мен пенгвиндердің бауырынан табылған Себебі____________________________________________________________________________________________________________________________________ Жауабы:Бұл пестицидтердің тұрақтылық қасиеті.Егістік өңделгенде оның бөлшектері су мен топыраққа түсіп,жаңбыр суымен , қар суымен шайылып мұхитқа барады,одан планктон денесіне одан балыққа ,балықпен қоректенген ақ аю мен пингвин қоректену арқылы пайда болған. 4.Америкадан Европаға әкелінген колорад қоңызының популяциясының тым көбейіп кетуінің себебі: А) климаты жайлы болғандықтан; В) қыс қарлы болғандықтан; С) климаты ылғалды болғандықтан; D) бунақдененің табиғи жауы болмағандықтан. Жауабы:D 5.Жыртқыштардың ауру және әлсіз жануарларды жоюы, популяция санын: А) азайтады; В) көбейтеді; С) маусымға қарай өзгеріп отырады; D) белгілі бір деңгейде тұрақтанады. Жауабы:D 6.Улы химикаттардың су қоймаларына төгілуі, химиялық тыңайтқыштардың мөлшерден көп себілуі, экожүйелерге үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін. Себебі бұл фактор: A) антропогендік; B) биотикалық; C) лимиттеуші; D) метеорологиялық. Жауабы:A 7.Күзде шаруа жерді жыртып, құнарландыру мақсатында калий селитрасын сеуіп тастады. Бірақкелесіжылыөнімбұрынғыдайболыпқалды, ешқандайнәтижеболмады. Неге? Себебі:нитраттаркөктемдеерігенқарсуыменоңайшайылыпкетеді. 8.Жүктіәйелдіңтолыққандыемесбаланыдүниегеәкелуінеашу-ызаныңзияныбарма? ______________________________________________________________ Жауабы: Иә, себебі ұрық дамуының алғашқы сатысында адамның жүйке жүйесі қалыптаса бастайды 9.Шаштың ұшын қиғанда біз ауырсынуды сезбейміз, ал түбінен тартқанда ауырсынуды сеземіз? Мұны қалай түсіндіресің? __________________________________________________________________ Жауабы: шаштың ұшы өлі жасушадан, түбі тірі жасушадан тұрады. 10. Біз үй тұрғызғанда оған қанша кірпіш кететінін есептеп шығара аламыз. Ал бірақ адам ағзасындағы жасушаның санын нақты біле алмаймыз. Неге? Жауабы: Тіршілігін жойған және зақымданған жасушалар өздігінен жаңарып отырады. Регенерация құбылысы жүреді. 11.Ауру адамның бір мүшесін алып тастағанда, оның зәрінен қант табылған.Егер сау адамның асқорыту жолына баратын осы мүшенің өзегін уақытша бітегенде, асқорыту бұзылған, бірақ зәрдің құрамында өзгеріс болмаған. Сұрақ : Әңгіме адамның қай мүшесі туралы? Жауабы: Ұйқы безі 12. Сүйектің мықтылығына жілік басындағы сүйек талшықтарының айқаса орналасуы беріктік қасиет береді. Бұл қасиет көпір, мұнара салуда қолданылады екен. Сұрақ: Осындай жолмен салынған мұнаралар қышқыл жаңбырдың әсерінен бүлінуі мүмкін бе? Жауабы: Мүмкін, себебі сүйектің құрамындағы бейорганикалық заттар қышқылдың әсерінен үгітіледі. 13.Жас балалар күніне бірнеше рет құласа да сүйектері сынбауы мүмкін, ал егде адамдар сүрініп жығылған жағдайда сүйектері сол мезетте сынып жатады. Неліктен? Жауабы:Жас балалардың сүйегінің құрамында органикалық зат оссеиннің көбірек болуына байланысты. Органикалық заттар сүйекке иілгіштік және серпімділік, бейорганикалық заттар мықтылық пен сынғыштық қасиет береді. 14.Әкесі және ұлы дальтонизм ауруымен ауырады, ал шешесі сау. Баланың және ата ананың генотипін анықтаңдар. Бұл отбасында ауру әкесінен ұлына берілуі мүмкін бе? Жауабы:Әкесінен дальтонизм ауруы ұлына берілмейді,себебі бұл ауру әкесінен тек қызына ғана беріледі 15.Табиғатта маңызды экожүйелердің бірі агроценоздар болып табылады. Агроценоздың өзін-өзі тұрақтандыру қасиеті бар ма? Жауабы:Жоқ, себебі агроценоздың жүйесін адам басқарып реттеп отырады 10- сынып 1-тапсырма Липидтер - барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липид гректің lipos – май деген сөзінен шыққан. Липидтер молекуласында полярсыз (көмірсутекті) және полярлы (–СООН, –ОН, –NH2) аймақтар болады. Липидтер химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде үш топқа бөлінеді: қарапайым липидтер, күрделі липидтер, стероидтар. Сұрақ:_Майлар_қандай_құрамбөліктерден_тұрадыЖауап'>Сұрақ: Майлар қандай құрамбөліктерден тұрады? Жауап: Майлар,триглицеридтер- органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының (триглицеридтердің) күрделі эфирлері; глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері. Липидтерге жатады. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал қанықпаған май қышқылдары олеин, линол, линолен қышқылдарынан тұрады. 2-тапсырма Гемодиализ- жіті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қанды бүйректен тыс тазарту әдісі. Гемодиализ процедурасы кезінде, ағзадан зат алмасудың улы өнімдері жойылады, сұйықтық және электролит балансының бұзылыстарын қалыпқа келтіреді. Науқастың қан айналымы жүйесін «жасанды бүйрек» аппаратына қосу арқылы гемодиализ жүзеге асырылады. Қан тазарту проблемасы көне заманнан бері болды. Ежелгі заманда көптеген аурулар сұйықтықтарды араластырудан пайда болады деп ойлаған. Бұл үшін олар түрлі өсімдік пен пайдалы қазбалардан жасалынған қоспаларын ағзаны тазалау үшін пайдаланған. Бұл әрекеттер науқас үшін тиімсіз, тіпті зиянды болды. Қан тазарту процесіне қызығушылығы не арта отырып, содан кеми отырды. Сұрақ: Диализ әдісі туралы не білесіңдер, түрлерін ата. Жауап: Диализ барысында ағзадан бүйрек шығара алмайтын қалдықтар мен сұйықтықтар шығарылады. Диализ, қан құрамындағы әр түрлі улы заттардың теңгерімін түзете отырып, қалыпты жағдайды қолдауға да бағытталған. Бүйректері толық жарамай қалған науқастар, диализсіз қанда улы заттардың жиналуынан өлім құшатын еді. Диализдің екі негізгі түрі бар: Гемодиализ Перитонеалдық диализ 3- тапсырма Бүйрек жетіспеушілігі – бұл бүйректің созылмалы ауруларының нәтижесінде бүйрек тіндерінің біртіндеп өлуінен, қалған нефрондардың функциялық кемістігінен дамитын, соңында гомеостаздың бұзылысына әкелетін бүйректің экскрециялық және инкрециялық қызметтерінің жетіспеушілігімен жүретін ауру. Бұл аурумен 1млн адамға шаққанда 200-500 адамда кездеседі.Жыл сайын олардың саны 10-12% көбеюде. Бүйректің негізгі функциясы – ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостазды) сақтау. Сау бүйректегі нефрондардың саны 2.000.000 шамасында. Бүйрек – компенсациялық мүмкіндігі өте жоғары ағзалардың бірі. Нефрондардың 50% жойылса, қалған 50% бүйректің функциясын толық компенсациялайды, гомеостаздың бұзылысына жол бермейді. Азоттық шлактардың деңгейі нефрондардың 70% жойылғанда, яғни шумақтық фильтрация 30-40мл/мин төмендеген кезде жоғарылайды. Ал терминальдік уремия нефрондардың 90% жойылғанда дамиды. Нефрондар санының азаюынан сау қалған нефрондарға шамадан артық күш түсіп, бұлардың функциясы жоғарылайды. Сау қалған нефрондардың функциясы 3-4 есе жоғарылауы мүмкін. Функцияның жоғарылауынан құрылымдық өзгерістер туындайды. Сау қалған шумақтардың диаметрі 1,5-2 есе, түтіктердің диаметрі 4 есе және түтіктердің ұзындығы 7-8 есе ұлғаюы анықталған. Осындай құрылымдық өзгерістерден түтіктердің сыйымдылығы шамамен 30 есе ұлғаяды. Аталмыш қайта құрылу процестері бүйректің компенсациялық реакциясын қамтамассыз еткенмен, сау қалған нефрондардың “ерте тозуына” әкеледі, сондықтан бұл процесс бүйрек шамасыздығының өз-өзінен меңдеуіне септігін тигізеді. Сұрақ:_Обыр_ауруларының_себептерин_ата.Жауап'>Сұрақ: Бүйректің созылмалы ауруларының қауіп-қатер факторларын ата. Жауап: 4-тапсырма Обыр (рак) – түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілу мен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай. Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; қоршаған орта анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35%-нан, темекі тартатындардың 30%-нан, жұқпалы (вирустық) агенттердің 17%-нан, алкогольдің 4%-нан, қоршаған ортаның ластануының 2%-нан, ауыр тұқым қуалау салдарының 2%-нан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз. Сұрақ: Обыр ауруларының себептерин ата. Жауап: Темекі шегу Тамақ құрамындағы химиялық заттар Спиртті ішімдіктер Сәулелену Ауа мен судың ластануы Қолайсыз жұмыс жағдайы Қоршаған ортаға байланысты емес себептер 5- тапсырма Мутация–табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар. Мутация—жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі. Сұрақ: Гендік, геномдық, хромосомалық мутацияларға анықтама бер. Хромосомалық қайта құрулар нешеге бөлінеді? Жауап: 1. 2. 6-тапсырма Эволюция биологияда – тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория. Эволюциялық ілімінің негізін қалауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі. Эволюция терминін алғашқы рет швейцарлық табиғаттанушы және философы Шарль Бонне 1762 жылы эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды. Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді. Сұрақ: Эволюция себептерин ата Гендер дрейфі дегеніміз не? Жауап: Тіршілік үшін күрес Тұқымқуалаушылық Санның артуы Мутациялар Үйлесімдік 2.Гендер дрейфі дегеніміз- бұл популяциядағы белгілі аллельдердің өзгеру жиілігі. 7- тапсырма Селекция – өсімдіктер сорттарын, жануарлардың қолтұқымдарын және микроорганизмдердің адамға қажетті белгілерімент құру әдістері туралы ғылым. Мәдени өсімдіктердің сорттары немесе жануарлардың қолтұқымдары дегеніміз – адамға қажетті құнды шаруашылық және морфофункционалдық тұқым қуалайтын белгілерінің жиынтығы. Селекцияның теориялық негізі болып генетика саналады. Селекция, сондай-ақ молекулалық биологияның, физиологияның, цитология және өзге биологиялық ғылымдардың жетістіктеріне сүйенеді. Қазіргі таңда әсіресе селекцияның дамуына клеткалық және гендік инженерияның жетістіктері, сондай-ақ биотехнологияның жетістіктері үлкен үлес қосуда. Сұрақ: Селекцияның қандай негізгі әдістерін білесің? Өсімдік шаруашылығы нешеге бөлінеді? Жауап: Өсімдік шаруашылығы Мал шаруашылыңы Микроағзалар селекциясы |