Главная страница
Навигация по странице:

  • Сүрақ: Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар неше топқа бөлінеді Мидың құрылысы Жауап

  • Сұрақ: Жүректің құрылысы Жүректің қызметі Жауап

  • Сұрақ: Эволюцияның қандай дәлелдемелерін білесіңЖауап

  • 2. Есеп № 2.

  • 3. Есеп № 3.

  • 4. Есеп № 4

  • 6.Есеп № 6./5 жауапты/

  • Өсімдік белгілері

  • зейін жобасы тапсырмалары. 1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ


    Скачать 7.13 Mb.
    Название1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ
    Дата28.01.2022
    Размер7.13 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлазейін жобасы тапсырмалары.docx
    ТипДокументы
    #344802
    страница20 из 25
    1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

    2. 1. Биотикалы 2. Абиотикалық

    8-тапсырма

    Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.

    Сүрақ:

    1. Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар неше топқа бөлінеді?

    2. Мидың құрылысы

    Жауап:

    1. сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);

    2. байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;

    3. қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді

    2



    9-тапсырма

    Жүрек - іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады.

    Жүрек бұлшықеті - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.

    Сұрақ:

    1. Жүректің құрылысы

    2. Жүректің қызметі

    Жауап:

    1. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

    2. Жүректің қызметі дегеніміз - жүрек циклінің үш фазасы: құлақшаның жиырылуы, қарыншаның жиырылуы және жүректің жалпы босаңсуының ырғақты түрде алмасуы.

    10-тапсырма

    Эволюция биологияда – тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория. Эволюциялық ілімінің негізін қалауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі.

    Эволюция терминін алғашқы рет швейцарлық табиғаттанушы және философы Шарль Бонне 1762 жылы эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды. Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді.

    Сұрақ:

    Эволюцияның қандай дәлелдемелерін білесің?

    Жауап:



    1.Есеп №1.

    Төменде ауру туғызатын организмдер тізімі берілген. Олар сандармен белгіленген. Ал инфекциялық аурулар тізімі бас әріптермен белгіленген. Қандай аурудың, қандай организмдермен шақыралатынын анықтаңыздар. Жауапқа арналған кестені толтырыңыздар. Сәйкес организмдер санының астына,олар туғызатын аурулар әрпін жазыңыздар.

    Ауру туғызатын организмдер:

    1. Вирустар

    2. Бактериялар

    3. Қарапайымдылар

    Инфекциялық аурулар: А. Құтырма (Бешенство) И. Грипп Б. Ішсүзек (Брюшной тип) К. Қызылша (краснуха) В. Ботулизм Л. Полимелит Г. Туберкулез М. Лямблюз Д. Гепатит Н. Оба (Чума) Е. Корь О. Оспа Ж. Көк жөтел (коклюш) П. Ангина З. Күл (Дифтерия) Р. Малярия С. Холера Т. Ұйқы ауруы (сонная болезнь)

    Жауап кестесі:

    1

    2

    3










    2. Есеп № 2.

    Төмендегі көрсетілген көпклеткалы организмдердің мүшелері мен ұлпалары қандай ұрық жапырақшаларынан дамитынын анықтаңыздар:

    1. тырнақ

    2. бауыр

    3. жүйке жүйесі

    4. тіс эмалі

    5. көз бұршағы

    6. өт қабының эпителиі

    7. бүйрек

    8. тіс дентині

    9. ұйқы безі

    10.жүрек бұлшық еті

    11.қуық эпителиі

    12.аталық және аналық бездер

    Жауап кестесі:

    энтодерма

    мезодерма

    эктодерма










    3. Есеп № 3.

    Төменде сүтқоректілер тобының өкілдері берілген:

    1. кірпі

    2. тюлень

    3. ат

    4. маймыл

    5. кенгеру

    6. коала

    7. түрпі (Ехидна)

    8. үйрек тұмсық (утконос)

    9. қалталы қасқыр

    10. қалталы тышқан

    11. Опоссум

    Аталған жануарлардың қандай сүтқоректілер тобына жататынын анықтаңыздар: (Кестенің сәйкес торына жануарлардың номерін жазыңыздар)

    Қалталылар




    Қағанақтылар




    Ілкіаңдар (первозвери)




    Олар қандай континенттерде және субконтиненттерде мекендейді: (Кестенің сәйкес торына жануарлардың номерін жазыңыздар)

    Австралия




    Оңтүстік Америка




    Жаңа Зеландия




    Бүкіл жер шарында




    Солтүстік Америка




    Тасмания




    Жаңа Гвения




    4. Есеп № 4

    Санмен белгіленген витамин аттарының жанына олардың химиялық аталуы мен ол жетіспегенде пайда болатын ауруларға сәйкес әріптерді жазыңыз

    Витаминнің аты

    Химиялық аталуы

    Авитаминоз ауруы

    1.ВитаминА

    А) Токиферол

    F) Анемия

    2.ВитаминВ1

    Б) Филлохинон

    Н) Балаларда рахит ауруы дамиды

    3. 3. Витамин В6

    В) Цианкобаламин

    D) Қаның сұйық болып, ұйуының нашарлауы

    4. . Витамин D

    Г) Кальциферол

    N) Аппетиттің төмендеуі, жүрек айнуы, стоматит, дерматит. Балаларда селкілдек және анемия байқалады.

    5. Витамин В12

    Д) Пиридоксин

    V) Ақшам соқыр ауруы, минеральды және жалпы зат алмасу процестерінің бұзылуы

    6. Витамин К

    Ж) Тиамин

    S) Ұрықтану процесінің бұзылуы, түсік, іштастау.

    7. Витамин Е

    З) Ретинол

    Z) Бери-бери ауруы, ақуыз және көмірсу алмасуының бұзылуы.

    6.Есеп № 6./5 жауапты/

    А В С Д Ж З Е К Л М әріптерімен өсімдіктер белгіленген:

    А. Пияз

    З. Жауқазын

    В. Беде

    Е. Мыңжапырақ

    С. Шие

    К. Қызанақ

    Д. Жүгері

    Л. Егістік ярутка

    Ж. күнбағыс

    М. Таңқурай

    1. Жоғарыдағы (әріптермен белгіленген) өсімдіктерге тән гүл формулаларын табыңыз? Өз жауаптарыңызды (код номерін U1-U7) есеп соңындағы кестеге жазыңыз.

    U1. Ca5Co5A G1

    U2. Ca(2)+2 A3G1

    U3. Ca(5)Co(5)F5G1

    U4. Ca(5)Co1+2+(2)A(5+4)+1G1

    U5. Ca4Co4A2+4G1

    U6. Ca5Co(5)A5G1

    U7. Ca3+3A3+3G1 2.

    Жоғарыдағы (әріптермен белгіленген) өсімдіктер қандай тұқымдасқа жатады? Өз жауаптарыңызды (код номерін Д1-Д7) есеп соңындағы кестеге жазыңыз.

    Д1. Күрделігүл тұқымдасы

    Д2. Алқа тұқымдасы

    Д3. Крестігүл тұқымдасы

    Д4. Лалагүл тұқымдасы

    Д5. Бұршақ тұқымдасы

    Д6. Раушангүл тұқымдасы

    Д7. Астық тұқымдас

    3. Жоғарыдағы (әріптермен белгіленген) өсімдіктерге қандай жемістер типі (түрі) тән? Өз жауаптарыңызды (код номерін С1-С8) есеп соңындағы кестеге жазыңыз.

    С1.сүйекті жеміс (костянка)

    С2. Қауашақ

    С3. Дәнек

    С4. Бұршаққын

    С5. жаңғақша

    С6. құрғақ жеміс (семянка)

    С7. бұршаққап

    С8. жидек

    4. Жоғарыдағы (әріптермен белгіленген) өсімдіктердің табиғи формасын анықтаңыз. Өз жауаптарыңызды (код номерін Ж1-Ж4) есеп соңындағы кестеге жазыңыз.

    Ж1. ағаш

    Ж2. бұталы

    Ж3. шөптесін

    Ж4. жартылай бұталы

    5. Жоғарыдағы (әріптермен белгіленген) өсімдіктердің шаруашылық маңызын анықтаңыз. Өз жауаптарыңызды (код номерін К1-К8) есеп соңындағы кестеге жазыңыз.

    К1. дәрілік

    К2. Декоративті

    К3. мал азықтық

    К4. жеміс-жидек

    К5. көкөніс дақылдар

    К6. майлы өсімдіктер

    К7. арам шөп

    К8. дәнді дақылдар

    Жауаптарды (код номерін) толтыруға арналған кесте:

    Өсімдік белгілері

    К А Л В М Өсімдіктер

    С Д Ж З И

    Гүл формуласы































    Тұқымдас































    Жеміс типі































    Табиғи формасы































    Шаруашылық маңызы































    7.

    8 сыныптағы  «Сезім мүшелері және оның маңызы» тақырыбында  мынадай сұрақтар қоюға болады.

    1.Терезеге қарап, күннiң жарқырап атқанын көрдiм. Қандай ақпарат аласың?

    2.Бiз таудағы су ағынының дыбысын естiдiк. Бiз қандай ақпарат алдық?

    3.Ас үйде қайнап жатқан сүт тасып кеттi, сен оны қалай байқадың?

    4.Егер бiз қолымызды отқа жақындатсақ, онда қандай ақпарат аламыз?

    5.Мерекелiк торт пiсiрілдi. Оның дәмiнiң тәттi екендiгiн қалай байқайды?

    Сыни сұрақтар:

    Сіздің жай көзбен салыстырғанда денешынықтыру  жаттығуларын жасау барысында әдеттегіден тыс  жиі тыныс алуыңыздың себебі неде?

    Қандай себептерге байланысты балалар мен  егде адамдарға тұмауға қарсы егу жасауға кеңес береді. Себебін түсіндіріңіз.

    8.

    Егер, адамдар немесе жануарлар бактериялар арқылы берілетін жұқпалы аурулармен ауырған болса, әдетте жазылғаннан кейін ауруды туғызатын бактериялар бұл аурудың ағзада жүруін болдырмайды.
    Бұл құбылыстың себебі неде?
    А)Ағза ауруға себеп болатын барлық бактерияларды жояды.
    В)Ағза бактериялардың көбеюін болдырмайтын антидене өндіреді.
    С)Қанның қызыл түйіршіктері сол аурудың себебі  болатын бактерияларды жояды.
    Д)Қанның қызыл түйіршіктері бактерияларды жойып,  ағзадан шығарады.

    9есеп.

    «Қан  және оның  құрамы»  тақырыбында менің денемдегі қанның мөлшері қанша? (биологиялық есеп)

    47 кг салмақтағы адамның денесінде қанша литр қан бар? Қан адамның дене салмағының 7% -ын құрайтыны бізге белгілі.

    Жауабы: 47 кг салмақтағы адамның денесінде 3литр, 29 мл қан бар?

    10.

    Ашық тұқымды өсімдіктер бойынша Ия/Жоқ жауаптары арқылы көрсет

    1. Ашық тұқымдылар тұқымынан көбейеді, бірақ жеміс түзбейді Ия/жоқ

    2. Ашық тұқымды өсімдіктер негізінен  сүректі болып келеді Ия/жоқ

    3. «Сүрек» деген - ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ия/жоқ

    4. Ашық тұқымдылардың гүлі жоқ. Ия/жоқ

    5. «Қылқан жапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке. Ия/жоқ

    6. Секвояның биіктігі 110-112 м. Ия/жоқ

    Бағалауы: «5» - 9, «4» - 7, «3» - 5, «2» - 4 кем болса

    11. Ашық тест

    Ашықтұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктер неге «қылқанжапырақтылар» деп аталады.

    Осы ақпаратты қолдана отырып , төмендегі қорытындының қайсысы дұрыс.

    А. Тұқымынан көбейгендіктен.В. Жапрықтары жіңішке ине тәрізді болғандықтан.

    С. Мәңгі жасыл түсті болғандықтан.

    Д. жапырақтары болмағандықтан.

    Жауабы :В. Жапрықтары жіңішке ине тәрізді болғандықтан.

    12. Есеп №1.

    Жатаған шыршаның биіктігі 10 метр, өмір сүру ұзақтығы 300 жыл, сонда ол быр жылда қандай бйіктікке өседі?

    Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады.

    300ж /10м  =30см

    13..Танымдық сұрақтар.

    1. Неліктен санаторилер қылқан жапырақты ормандардың ортасына салынады?

    Жауабы: бұл өсімдіктер ауаға микроптады өлтыретін фитонцид бөлгендіктен ауасы шипалы болады.

    2. Екі үйлі өсімдік деп неге айтамыз?

    Жауабы: аналық бүрінің бір өсімдікте, аталық бүрінің екінші өсімдікте болуын айтамыз

    3. Неліктен ашық тұқымды деп аталады?

    Жауабы: тұқымдары тұқымқабыршақтың қойнауында қорғанышшыз, бүрде ашық болып жетілетіндіктен
    1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


    написать администратору сайта