зейін жобасы тапсырмалары. 1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ
Скачать 7.13 Mb.
|
4-тапсырма Жануарлар Жануарлардың көпшілігі аяқтары болғандықтан еркін қозғала алады. Қозғалып жүретін мүшелері жоқ жәндіктер де, жануарлар да бар. Мысалы, жыландар, құрттар. Теңіз түбін мекен ететін маржан бекінген орнынан қозғалып жүрмей-ақ өмір сүре алады. Медузалар мен теңіз құрты реактивті қозғалыс жасап, аяқсыз-ақ шапшаң жүзе алады. Сұрақ: Жануарлардың қозғалысын күнделікті өмірде кездесетін қандай көліктердің қозғалысымен салыстыруға болады? Мысалдар келтіріңіздер. 5-тапсырма Лимон шырыны Лимон – ірі, салмағы 120-200 г., сопақша, сары түсті қалың қабықпен қапталған жеміс. Шырынының дәмі қышқыл.Көптеген адамдар лимон шырынын тұрмыста кездесетін жағымсыз иістерді немесе лас болып көрінетін заттарды тазалауға қолданады. Лимонның құрамында адам денсаулығына пайдалы С дәрумені бар, темірге бай, эфир майы, кальций, калий т.б. болады. 1-сұрақ. Тұрмыста лимон қышқылын қолдану жолдарын ұсыныңыздар. 2-сұрақ. Аталған қасиеттерін ескере отырып, лимонды адамның денсаулығын жақсарту мақсатында қалай пайдалануға болады? 3-сұрақ. Өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар. 6-тапсырма Ұлулар барша әлемге кең таралған тіршілік иелері Олардың түрлерінің басым бөлігі тропикалық және субтропикалық теңіздерге таяу жерлерде өмір сүреді. Ұлудың түрі баршамызға таныс: жалпақ тегіс «аяғы», қос жұпты мұртшалары мен екі көзі бар. Ұлу бақалшағының түсі сары-қоңыр түстен ақшыл-қоңыр түске дейінкездеседі. 1-сұрақ.Бақалшағының түсі қандай жағдайға тәуелді? A. Қабылданатын азыққа. B. Жасына. C. Бақалшағының формасына. D. Бақалшағының иіріміне. 2-сұрақ Ұлудың жасын қалай ажыратады? A. Бақалшағының жиегінің қалыңдығынан. B. Бұлшықет жиырылуынан. C. Бақалшағының түсінен. D. Бақалшағының формасынан 7-тапсырма. Жалғыз аяқ (соқпақ) жол бойындағы өсімдіктер неліктен өліп қалады? Жауапты бірнеше нұсқада беруге болады. 8-тапсырма. Ауа райының ыстық болуы және жаңбырдың ұзақ уақыт болмауы жағдайында бау-бақша өсімдіктерін суарады. Құйылған су буланып кеткеннен кейін өсімдіктің түбіндегі топырақта жарықтары бар «қабыршықтар» пайда болады. Сұрақ :Қандай жағдайда өсімдіктер жақсы өседі:Ия/жоқ арқылы жауап бересіздер
9-тапсырма Алма және лимон шырынымен тәжірибе жасадық. Алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа саламыз. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамамыз. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқаймыз. Сұрақ Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды? Жауабы:Алманың құрамындағы темір ауадағы оттекпен әрекеттесіп,тотығады,ал лимон қышқылы себілген бөліктің қараймайтын себебі,ол қорғаныштық қызмет атқарады,яғни темірдің оттекпен әрекеттесуіне бөгет болады 10-тапсырма Иммунитет Жақсы иммунитет адамның көтеріңкі көңіл-күйін білдіреді, вирусты немесе бактериялы инфекциялық аурулар жұқтыру ықтималдығын азайтады. Егер адамды өз организмінің қорғаныс күштерінің жағдайы мазалайтын болса, иммунолог дәрігерге баруы және иммунограмма тапсыруы тиіс, ішектерінің микрофлорасының құрамын зерттеуі қажет. Иммунитеттің әлсіреген жағын анықтап, оны қалыпқа келтіруі тиіс. Тез шаршағыштық, әлсіздік, ұйқысыздық, сонымен қатар ерінде ұшықтың, көзде теріскеннің, арқа терісінде шиқанның шығуы – адам организмі қорғаныс күштерінің әлсіреуін көрсетеді. Ангина, тонзиллит, құлақтың қабынуы, гайморит тәрізді инфекциялық аурулармен ауруға бейімділігі артады. Сонымен бірге организмнің жасалып жатқан емді қабылдауы бәсеңдейді, сауығу үдерісі созылып кетеді. 1-сұрақ. Иммунитетті қалпына келтіру – адамның өз организміне қамқорлықпен қарауды талап ететін кешенді үдеріс. Иммунитетті нығайтудың тәсілдері (өз ойларыңызды жазыңыздар): 1. Ұйқы – 2. Дұрыс тамақтану – 3. Белсенді дене шынықтыру әрекеті – 4. Күйзеліс әсеріне шектеу қою – 2-сұрақ. Кестеде келтірілген мысалдардың қайсысы иммунитетті қалпына келтіруге көмектеседі? (Ия/жоқ). кесте – Иммунитетті қалпына келтіру жолдары
1.Жас балалар күніне бірнеше рет құласа да сүйектері сынбауы мүмкін, ал егде адамдар сүрініп жығылған жағдайда сүйектері сол мезетте сынып жатады. Неліктен? Жауабы: Жас балалардың сүйегінің құрамында органикалық зат оссеиннің көбірек болуына байланысты. Органикалық заттар сүйекке иілгіштік және серпімділік, бейорганикалық заттар мықтылық пен сынғыштық қасиет береді. 2.Өзенде әр түрлі алуан систематикалық топтарға жататын тірі ағзадар өмір сүреді.Неліктен қандай да оптималды жағдайлар болса да олардың санының шегі болады? Жауабы :Биоценоз тұрақты болған жағдайда әр ағзаның сан ауытқуы болмайды , егерде бір ағзалардың саны шектен тыс көбейіп кетсе,онда бұл экожүйенің тұрақтылығының бұзылуы. 3.Табиғатта маңызды экожүйелердің бірі агроценоздар болып табылады. Агроценоздың өзін-өзі тұрақтандыру қасиеті бар ма? Жауабы: Жоқ, себебі агроценоздың жүйесін адам басқарып реттеп отырады. 4.Не себепті жаңа саябақтарда құстар, ескі саябақтарға қарағанда сирек кездеседі? Жауабы:Себебі ескі саябақтардың ағаштарында құс ұялары көп, ағаш діңдері қалың ол жерде сан алуан құрт-құмырсқалар мекендейді ,онымен қоса жасыл жапырақтары да қалың болғандықтан. 5.Шабылған ормандардың орнында күн сәулесі мол түссе де неге батпақтану процесі қарқын жүреді? Жауабы: Шабылған орманнның орныныда биологиялық процес нәтижесінде мүктер қарқынды түрде көбейеді соның арқасында батпақтану прцесі жүреді. 6.Неге қалалы жерлерде қыналар өспейді? Жауабы: Себебі қынаға ең керекті жағдай оттекке бай таза ауа, олар ауа индикаторлры болып саналады. 7.Мұхиттің үстіңгі қабатында күміс түсті балықтар жүзеді,200-400 м тереңдікте қызыл балықтар жүзеді, ал одан тереңіректе қара және көкшіл түсті балықтар жүзеді,ал су түбіндегі балықтар мүлде түссіз болады не себепті, түсіндір. Жауабы: Себебеі судың қабаттарына күн сәулесі нің түсуіне байланыстыі,су бетіндегі балықтар күнмен шағылылысып күміс түске боялған, 200-400 м тереңдіктегі балықтар қызыл-қоңыр балдырларға ұқсас қызыл түске боялған,ал су түбінде мекендейтін балықтардың түске боялудың еш биологиялық маңызы болмағандықтан олар түссіз болады. 8. Аңшы орманға келіп, бұтақта қонып тұрған торғайды атқан екен, бірақ қарға құлапты. Бұл қалай болғаны? Жауабы; Торғай қарға келіп құлайды, өйткені қыс мезгілі. 9.Аш қарынға қанша жұмыртқа жеуге болады? Жауабы; 1, себебі екіншісін жегенде асқазанда бірінші жұмыртқа болады. 10. Шаштың ұшын қиғанда біз ауырсынуды сезбейміз, ал түбінен тартқанда ауырсынуды сеземіз? Мұны қалай түсіндіресің? Жауабы: Шаштың ұшы өлі жасушадан, түбі тірі жасушадан тұрады. 1-тапсырма. Велосипедтер Джастин, Саманта және Питер түрлі көлемді велосипедтерді тебеді. Келесі кесте олардың велосипедтері дөңгелектің әрбір аяқталған айналымы үшін жүріп өтетін ара-қашықтықты көрсетеді.
1.2. 1 – сұрақ: Велосипедтер Питер өз велосипедін үш аяқталған дөңгелек айналымы ішінде қозғады. Егер Джастин өз велосипедінде соншалықты айналым жасаса, Джастиннің велосипеді Питердің велосипедімен салыстырғанда қаншалықты ұзын арақашықтыққа жүреді? Жауаптарды сантиметрлермен беріңіз. Жауап: ..................................................cм. Дұрыс жауап: 282 см. 1.3. 2 – сұрақ: Велосипедтер Самантаның велосипеді 1280 см жүру үшін қанша айналым жасайды? Жауап: .....................................................................................айналымдар. Дұрыс жауап: 8. 2-тапсырма Тақырыбы: Қан (Денсаулық ) 1 тапсырма. Кан жасушаларының атауын суретпен сәйкестендіріңіздер. 2- 3- А.Эритроцит В.Лейкоцит С.Тромбоцит 1 ұпай Жауабы: 1-С, 2-А, 3-В 3- тапсырма. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «безгек» мәтінін пайдаланыңыздар. «БЕЗГЕК» Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі. Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған. Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою. Сұрақ: Адам бұл мәтінді оқып, былай ойланады: «Безгек – халықтың денсаулығына қауіп-қатер болып табылады». Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар. 1.Иә 2.Жоқ 2 ұпай Жауабы: Иә.Себебі, 1) Безгек— бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. 2) Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. 4-тапсырма. «Безгек» қандай қан жасушасында тез таралады. А.Лейкоцит В.Эритроцит С.Қан жасушалары Д.Тромбоцит Жауабы: В 1 ұпай 5- тапсырма Біздің Қазақстанда масалар жаз мезгілінде көп болады. Адамдарды масалар шаққанда неге осы ауру бізде тіркелмейді. Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар. 2 ұпай Жауабы: 1) Бұл ауру безгек масасының шағуынан жұғады . Мұндай маса бізде кездеспейді. 2) V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда тараған. Қазақстан қоңыржайаумағында орналасқан 6- тапсырма . Безгек ауруы адамнан адамға қалай жұғады және алдын алу шаралары. Жауабы: 1) Безгек масасы безгек аурумен ауратын адамды шағып, содан кейін сау адамды шақса жұғады. 2) Алдын алу шарасы: вакцина салу. 2 ұпай 7- тапсырма .Безгек паразиті-қантұрғыннан басқа ауру тудыратын қарапайым туралы әнгімеле. 2 ұпай Жауабы:ДИЗЕНТЕРИЯЛЫ АМЕБА Дизентериялы амеба, адамда қанды iш өтудi тудыратын дизентерияның қоздырушысы болып табылады. Амебаның гаметалары адам нәжiсiмен сыртқы ортаға түсiп, ұзақ уақыт бойы тiршiлiгiн сақтайды. Адам организмiне түскен төрт ядролы гаметалар өте қауiптi. Гаметалар суға, көкөнiстерге, қолға, асқа (тамаққа, шыбындар арқылы түседi), түрлi заттарға түседi, сонан соң адамның аузына түседi. Осы заттармен олар қарын мен iшекке барады. Бұл ортада гаметаның қабығы еридi. Әр ядро екiге бөлiнiп, сегiз ядролық амебаны түзейдi, одан ұрпақ жасушалар пайда болады. Амебалар адамның тоқ iшегiнде ешқандай зиян келтiрмей тiршiлiк ете алады. Бiрақ кейбiр жағдайларда амебалар ұлпалық патогендi түрлерге айналып, iшектiң қабырғасына енiп қабыну процесi мен жаралардың түзiлуiн тудырады. Дизентериялы амебалар жаралардан қан арқылы бауырға, өкпеге, миға және де басқа мүшелерге өтiп, адам өлiмiне әкелетiн, iрiңнiң жиналуын тудыра алады. 8--тапсырма. ДӘРУМЕНДЕР ЖӘНЕ МИКРОЭЛЕМЕНТТЕР Дәрумендер – олар физиологиялық белсенділігі төмен молекулалы органикалық қосылыстар, олардың аз мөлшері адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық процестер ағымын реттеуді қадағалайды. Олар адам ағзасындағы зат алмасуды және әр түрлі ауруларға қарсы тұру әрекетін жоғарылатады. Дәрумендер ферменттердің ыдыруына қатысады. Дәрумендер негізінен өсімдіктерден өндіріледі. Адам ағзасында олар өндірілмейді. Адам ағзасына тәуліктік қажеттілігі 0,1 – 0,2 г болуы тиіс. Қазіргі таңда дәріменнің 50 түрі белгілі. Олар еру әрекеттілігіне байланысты екі топқа бөлінеді:Майда еритіндер – А, D, E, K және суда еритіндер – C, PP, B1, B3, B6, B9, B12, B15 және т.б. Жоғарыдағы мәтінді пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз. Сұрақ: 1/1 Тағамдағы дәрумендердің жетіспеушілігі немесе мүлдем болмауы неге әкеліп соғады? А. Анемия және гипервитаминоз В. Авитаминоз және гиповитаминоз С. Нервоз және авитаминоз D. Гиповитаминоз және авитаминоз 9- тапсырма.ДӘРУМЕНДЕР ЖӘНЕ МИКРОЭЛЕМЕНТТЕР Дәрумендер – олар физиологиялық белсенділігі төмен молекулалы органикалық қосылыстар, олардың аз мөлшері адам ағзасындағы биохимиялық және физиологиялық процестер ағымын реттеуді қадағалайды. Олар адам ағзасындағы зат алмасуды және әр түрлі ауруларға қарсы тұру әрекетін жоғарылатады. Дәрумендер ферменттердің ыдырауына қатысады. Дәрумендер негізінен өсімдіктерден өндіріледі. Адам ағзасында олар өндірілмейді. Адам ағзасына тәуліктік қажеттілігі 0,1 – 0,2 г болуы тиіс. Қазіргі таңда дәруменнің 50 түрі белгілі. Олар еру әрекеттілігіне байланысты екі топқа бөлінеді:Майда еритіндер – А, D, E, K және суда еритіндер – C, PP, B1, B3, B6, B9, B12, B15 және т.б. Жоғарыдағы мәтінді пайдаланып, сұраққа жауап беріңіз. |