Главная страница

зейін жобасы тапсырмалары. 1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ


Скачать 7.13 Mb.
Название1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ
Дата28.01.2022
Размер7.13 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлазейін жобасы тапсырмалары.docx
ТипДокументы
#344802
страница21 из 25
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

1 тапсырма. Жасушаның құрылысын сипаттау

Жасуша органоидтері

Құрылысының ерекшеліктері

Атқаратын қызметтері

Жасуша қабықшасы







Цитоплазма







Ядро







Эндоплазмалық тор







рибосома







Лизосома







митохондрия







Гольджи жиынтығы









2 тапсырма.«Дұрыс пікір табыңдар»

  1. Есту мүшесі самай сүйегінде орналасқан және сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады.

  2. Сыртқы құлақ есту түтігіне және құлақ қалқанынан тұрады.

  3. Сыртқы құлақ дыбыс тербелістерінен қабылдап, өткізіп отырады.

  4. Дабыл жарғағы ортаңғы және ішкі құлақтың ортасында орналасқан.

  5. Сыртқы етсу жолы дабыл жарғағымен аяқталады.

  6. Ортаңғы құлақ есту арқылы мұрын-жұтқаншақпен байланысады.

  7. Ортаңғы құлақтағы есту сүйекшелері бір-біріне бірігіп кеткен.

  8. Есту сүйекшелелері – есту анализаторының рецепторлары.

  9. Ішкі құлақ саңылаулары мен иірім түтікшелер жүйесі болып табылады.

  10. Ішкі құлақ қуысы ауаға толы болады.

  11. Есту сезімталдығы аймағы үлкен ми сыңары қыртысының самай бөлігінде орналасқан.

  12. Дыбыс толқыны есту мүшесінде сұйықтық тербелісіне, содан соң жүйке импульсіне айналады.


3 тапсырма. Адамның асқорыту мүшелері мен асқорыту бездерін сурет бойынша сәйкестендір


Асқазан, аш ішек, тоқ ішек, бауыр, сілекей безі, жұтқыншақ, өңеш, аппендикс, тішішек, өт қабы, ауыз қуысы, көкет,


4 тапсырма. Сөздікпен жұмыс.

Әмбебап донор – бұл________________________________________

Әмбебап рецепиент дегеніміз __________________________________

Агглютининдер _____________________________________________

Агглютиногендер___________________________________________

Агглютинация______________________________________________

Резус –фактор__________________________________________________

5 тапсырма. Сәйкестендіріңіз.

1

Тіс ........, мойыны, түбірі болады.

а) бауыр

2

Ең үлкен асқорыту безі-

ә) тіс жегісі

3

........- 25 см, іші қуыс бұлшықетті мүше

б) сопақша ми

4

Тістің дентин затының бұзылуы

в) диетология

5

Асқорыту мүшесі басталады

г) сөл

6

Ең ірі сілекей безі

ғ) өңеш

7

Тамақты дұрыс пайдалану ғылымы

д) аш ішек

8

........- 5-6 м болады.

е) сауыты

9

Ұзындығы 11-13 см, асқорыту және тыныс алу жолдары қиылысатын мүше

ж) амилаза

10

Ұйқы безі өзегі ашылады

з) өт

11

Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтық

и) тіласты

12

Сілекейдің құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент

к) ауыз қуысы

13

Бауырдан бөлінетін сөл

л) шықшыт


6 тапсырма. Суретті қолданып, өкпе мен ұлпадағы газалмасу механизімін түсіндіріңіз



____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7 тапсырма. Сызбанұсқаны толықтыр және дұрыс жауаптарды таңда.

Адамның мінез-құлқы

Шартты рефлекстер

Шартсыз рефлекстер






1) түсініксіз, түзіліп, сосын жоғалып кетуі мүмкін; 2) тұқым қуалаушылықпен беріледі; 3) адамның айнала қоршаған ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделуіне көмектеседі; 4) өзгермелі және қозғалғыш; 5) жеке басқа ғана тән; 6) бір түрге жататын барлық тіршілік иелеріне тән; 7) ми сыңары қыртысымен байланысты; 8) орталық жүйке жүйесінің қыртысасты бөлімдері қатыстырылған; 9) бағдарлау; 10) жөтел; 11) белгілі бір жағдайларда пайда болады; 12) ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді; 13) кірпік қағу; 14) тұқым қуаламайды; 15) жүре пайда болады; 16) ағзаның көбеюіне қатысады.

8 тапсырма. Адам қаңқасын сипаттаңыз

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.


9 тапсырма. Дұрыс сөйлемдерді табыңдар.

  1. Аяқ белдеуі сегізкөзден және оған қозғалмай бірігіп кеткен екі жамбас сүйегінен тұрады.

  2. Бас сүйек, кеуде қуысы мен жамбас сияқты қаңқа бөлімдері ми, өкпе, жүрек, ішек сияқты тіршілік үшін маңызды мүшелердің орналасатын орны және қорғанышы ретінде қызмет атқарады.

  3. Алақан, толарсақ және табан сүйектері табанды құрайды.

  4. Сегізкөздегі омыртқалардың өзара және жамбас сүйектерімен байланысуы-сүйектердің жартылай қозғалмалы байланысуына мысал бола алады.

  5. Балтыр қол қаңқасының құрамына кірмейді.

  6. Жамбастың шонданай, қасаға және мықын сүйектері түтікті сүйектерге жатады.

  7. Буынның қуысында болатын буын сұйықтығы май ретінде қызмет атқарып, үйкелістің азаюына себепші болады. 87Төс сүйегіне 10 жұп қабырға бекиді.

9.ұзақ уақыт тік тұрған кезде денне массасының омыртқа жотасындағы шеміршек қабаттарына түсіретін қысымы салдарынан омыртқа жотасының ұзындығы қысқарады.

10.Жамбастың құрылысы омыртқа жотасының құрылысынан ерекшкленеді, себебі олардың сүйектері химиялық құрамы бойынша әртүрлі болып келеді.

10 тапсырма. Қан жасушалары және олардың ерекшеліктері


Ерекшеліктері

Эритроциттер




Лейкоциттер



Тромбоциттер



Пішіні мен құрылысы










1мм қандағы мөлшері










Тіршілік ұзақтығы










Қызметтері










1-тапсырма

Безгек (Маlаrіа - безгек) — бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. Бұл безгекпен ауыратын адамның қанынан безгек паразиттерін сорып алатын шыбын-шіркейлер, маса-соналар инфекциясын түсіреді, бірнеше мәрте қайталатын ауру түрі. Көбінесе безгек масасының шағуынан жұғады. V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда кең тараған. Паразиттің қауіптілігі XX ғасыр басында анықталды. Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады. Безгек басқа паразит түрлеріне қарағанда ауырлау, тіпті соңы өлімге әкеледі. Бұлар қанды қызыл жасуша ішінде тез тарайды. Кейін адам 4-10 сағатқа жуық тітіркеніп, қызуы 40,6-ға дейін көтеріледі және басы қатты ауырады. Безгекпен күресудің бірден бір жолы осыны таратушы масаларды жою.

Сұрақ:

1Адам бұл мәтінді оқып, былай ойланады: «Безгек – халықтың денсаулығына қауіп-қатер болып табылады». Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.


  1. Иә

  2. Жоқ


Жауабы: Иә.Себебі, 1) Безгек— бұл инфекциялық қан ауруы,ол адамды қалтыратып, аласұрғызады. 2) Жыл сайын әлемде дәл осы ауруға 250 млн. адам шалдығып, оның 2 млн-ы қайтыс болады.
2 «Безгек» қандай қан жасушасында тез таралады.

  1. Лейкоцит

  2. Эритроцит

  3. Қан жасушалары

  4. Тромбоцит


Жауабы: В
3.Біздің Қазақстанда масалар жаз мезгілінде көп болады. Адамдарды масалар шаққанда неге осы ауру бізде тіркелмейді. Өз жауаптарыңызды негіздеу үшін мәтінді қолданыңыздар.
Жауабы: 1) Бұл ауру безгек масасының шағуынан жұғады . Мұндай маса бізде кездеспейді. 2) V ғасырдан бері белгілі, балшық маңындағы тропикалық немесе субтропикалық аумақтарда тараған. Қазақстан қоңыржайаумағында орналасқан


4.Безгек ауруы адамнан адамға қалай жұғады және алдын алу шаралары.
Жауабы:1) Безгек масасы безгек аурумен ауратын адамды шағып, содан кейін сау адамды шақса жұғады. 2) Алдын алу шарасы: вакцина салу.

2-тапсырма СІЗДЕР ТІСТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙСЫЗДАР? Тістеріңізді ұзағырақ және күш салып тазалағаннан олар тазарақ бола ма? Британ зерттеушілері олай емес дейді. Іс жүзінде тіс тазалаудың көптеген әр түрлі әдістерін байқап көріп, олар ақыр аяғында, ең тиімді нәтиже беретін жолын тапты. Артық күш салмай, кәдімгі мәсуекпен екі минуттық тазалау ең жақсы нәтиже беретінін анықтады. Егер мәсуекке қатты күш салса, онда тісті тамақтың қалдықтары мен тіс қонуларынан арылта алмай, тістің эмалі мен қызыл иекке зақым келтіруге болады. Тіс тазалау маманы Бенте Хансен: «Қарындашты қалай ұстасаңыздар, тіс мәсуегін де солай ұстаған дұрыс», – дейді. Ол: «Бір жағынан бастаңыздар да, тістің бүкіл қатары бойы мәсуекпен тазалап шығыңыздар», - деп кеңес береді. «Тілдеріңізді де тазалауды ұмытпаңыздар! Онда ауыздан жаман иіс шығаратын көптеген бактериялар болуы мүмкін»

«Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар» – бұл норвегиялық журналдан алынған мақала. Мына сұрақтарға жауап беру үшін, мақаланың мәтінін пайдаланыңыз

Сұрақ : СІЗДЕР ТІСТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙСЫЗДАР? неге тілді де тазалау керек?

Жауабы. СІЗДЕР ТІСТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙСЫЗДАР Бактериялар НЕМЕСЕ ауыздан шығатын жаман иіс туралы немесе екеуі де туралы айтылады. Өзінше айту немесе мәтіннен тікелей дәйексөз берілуі мүмкін.

 Бактериялардан құтылу үшін.

 Тілде бактериялар болуы мүмкін.

 Бактериялар.

 Осылай ауыздан шығатын жаман иістен құтылуға болады.

 Жаман иіс.

Бактерияларды жою және сонымен ауыздан шығатын жаман иістен құтылу үшін (екі себеп те).

 Онда жаман иіс туғызатын бактериялар көп болуы мүмкін (екі себеп те).

 Ауыздан жаман иіс шығуы бактериялардан болады.
3-тапсырма Аралар. Аралар туралы мәтін Осы және келесі бетте көрсетілген ақпарат аралар туралы булеттен алынды. Сұрақтарға жауап беру үшін осы ақпаратты пайдаланыңыз. Шірне жинау Аралар өмір сүру үшін бал жасайды. Олар үшін бұл басты тамақ. Егер омартада 60,000-ға жуық ара болса, олардың үштен бір бөлігі шірне жинайды, ал олан омартадағы аралар бал жасайды. Аралардың шағын мөлшері жинаушы немесе іздеуші ретінде жұмыс жасайды. Олар шірненің көзін іздейді, одан кейін омартасына қайтып, ол туралы басқа араларға айтады. Жинаушылар би арқылы басқа араларға шірненің көзі орналасқан жер туралы білуге көмектеседі, сол би арқылы аралар ұшып өтетін бағыт пен қашықтықты түсінеді. Осы би кезінде аралар іштерімен бір жақтан екінші жаққа қарай қозғалып, шеңбер болып айналады.

Бал жасау Аралар омартаға шірнемен ұшып келгенде, олар оны омартадағы араларға береді. Омартадағы аралар шірнені омартаның жыл және құрғақ ауасының әсеріне ұшыратып, төменгі жақтарымен жылжытады. Жиналған шірненің құрамында 80% сумен араласқан минералдар мен қант болады. 10-20 минуттан кейін, артық су буға айналып кеткен кезде, омартадағы аралар шірнені бал ұясының ұяшығына қояды, онда булану үдерісі жалғасады. Үш күннен кейін ұяшықтағы балдың құрамында шамамен 20% су болады. Бұл уақытта аралар ұяшықтарын балауыздан жасалған қақпақтармен жауып қояды. Әдетте, аралар шірнені бір типті гүлдерден және бір жерден жинайды. Шірненің негізгі қайнар көздері жеміс ағаштары, беде және гүлденген ағаштар болып табылады.

 Омартағы ара омартаның ішінде жұмыс істейтін жұмысшы ара

 Төменгі жақ ауыздың бөлігі

1 – сұрақ. Аралар Аралар биі не үшін қажет?

A. Балдың табысты дайындалғанын атап өту үшін.

B. Жинаушылар тапқан өсімдіктің түрін көрсету үшін.

C. Жаңа ұрғашы араның тууын атап өту үшін.

D. Жинаушылар тапқан тамақтың қайда екенін көрсету үшін

Дұрыс жауап: D.

2 – сұрақ. Аралар Шірненің негізгі үш көзін жазыңыз.

Дұрыс жауап: abc, abe, bde (кез-келген ретпен)

a: жеміс ағаштары b: беде c: гүлденген ағаштар d: ағаштар e: гүлдер

3 – сұрақ. Аралар Шірне мен балдың арасындағы негізгі айырмашылық қандай?

A. Заттың құрамындағы судың мөлшері.

B. Заттағы қанттың минералдарға қатынасы.

C. Зат алынатын өсімдіктің түрі.

D. Затты өңдейтін аралардың түрі. Дұрыс жауап: А.

4 – сұрақ. Аралар Аралар би арқылы тамақтың омартадан қаншалықты ұзақ жерде орналасқанын көрсеткісі келеді ме? ................................................................................................................................... ................................................................................................................................... Дұрыс жауап:  Араның ішін қозғайтынын және қозғаудың ұзақтығын айтады.

 Ара ішін қанша уақыт қозғайды.

 Ол белгілі бір уақыт бойы ішін қозғайды.

 Араның ішін қозғайтынын ғана ескереді.

 Ол ішін қозғайды.

 Ол ішін қозғау арқылы тамақтың қаншалықты алыста екенін көрсетеді.

 Ішін қозғау уақыты ескерілмей, қозғалудың ұзақтығы ескеріледі.  Араның қаншалықты ұзақ билейтіні.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


написать администратору сайта