зейін жобасы тапсырмалары. 1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ
Скачать 7.13 Mb.
|
Сұрақ: Жапырақ-өсімдіктің қандай мүшесі. Тамыр мен жапырақ арасында заттарды өткізетін басты мүше. Жауап: Өсу Сабақ 5- тапсырма Фотосинтез процесіне қажетті жағдайларды қарастыру үшін жапырақтың ішкі (жасушалық) құрылысы қандай екенін білеміз. Жапырақтың сырты үстіңгі және астыңғы қабықша — эпидермамен қапталған. Қабықшаның сыртын қорғаныш қызметін атқаратын балауыз өңез түріндегі қабат — сірқабық (кутикула) және ұсақ тікенекшелер немесе түктер жауып тұрады. Қабықша жарықты өткізуге, сонымен қатар жапырақтың жұмсақ бөлігін қорғап тұруға қабілетті мөлдір тірі жасушалардан тұрады. Сұрақ: Сағақты және сағақсыз жапырақтарды белгіле. Жауап: Сағақты жапырақ Сағақсыз жапырақ 6-тапсырма Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді. Сұрақ: Ми бөлімдерін ата. Жауап: сопақша ми; мишық (артқы ми); ортаңғы ми; аралық ми; алдыңғы ми сыңарлары 7-тапсырма Рефлекс дегеніміз - организмнің ішкі және сыртқы орта әсерінен орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруы. Рефлекс пайда болу жағдайына байланысты: Шартты және шартсыз рефлекстерге бөлінеді. Шартсыз рефлекстер туа пайда болады. Оның негізгі маңызы организмнің сыртқы орта жағдайына бейімделуін қамтамасыз етуі. Шартсыз рефлекстер организмнің тіршілігінде үлкен орын алады. Шартсыз рефлекстердің өтуі үшін арнайы жағдайлардың болуы қажет емес. Олар рефлекторлық доға арқылы жүзеге асады. Шартсыз рефлекстер тұқым қуалаушылық факторларға негізделеді. Шартсыз рефлекстер: Жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай рефлекстерге көздің қарашығының жарыққа жауабы ,ыстық затқа саусақ тигенде қолды тез арада тартып алу жауабы, шөлдеу, ашығу, жұтыну т.б Күрделі рефлекстер өтуі үшін бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстің өтуі үшін бірнеше рефлекс тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстердің мұндай түрін түйсік (инстинкт) деп атайды . Сұрақ: Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығын ата. Жауап: 8- тапсырма Өзгергіштік – организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс; тірі организмдердің өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта әсеріне байланысты жаңа белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін жоғалтуы. Өзгергіштік организмнің немесе клетканың жеке дамуы барысында, сондай-ақ, ұрпақ ішіндегі организмнің бір тобының жынысты немесе жыныссыз көбеюі кезінде байқалады. Пайда болу механизміне, белгілердің өзгеру қасиетіне байланысты өзгергіштік бірнеше түрге бөлінеді. Тұқым қуалайтын өзгергіштік – организмде жаңа генотиптердің пайда болуы нәтижесінде фенотипте өзгерістің байқалуы. Өзгергіштіктің бұл түрін мутациялық өзгергіштік деп те атайды (қ. Мутация.). Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің өзіне тән мынадай қасиеттері бар: мутациялар секірмелі, кенеттен пайда болады; тұқым қуалайды; пайдалы және зиянды болып бөлінеді; бір рет пайда болған мутация қайта өзгеріске ұшырай алады; мутация сапалы өзгергіштікке жатады. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады. Бұл жағдайда белгі тұқым қуаламайды, яғни ол сыртқы орта жағдайларының әр түрлі деңгейдегі әсерлерінен қалыптасады. Мұны модификац. өзгергіштік деп атайды (қ. Модификация). Онтогенетик. өзгергіштік организмнің не клетканың жеке даму барысында заңды түрде болатын өзгергіштігін іске асырады. Бұл кезде генотип өзгеріссіз қалады. Өзгергіштіктің бұл түрі – тірі организмнің онтогенезінің әр түрлі сатысындағы не клетканың тіршілік циклінің бір геном мөлшеріндегі қызметімен іске асырылады. Өзгергіштік – популяция мен түрдің тіршілік ету ортасының өзгеру жағдайына бейімделуін қамтамасыз ететін, эволюцияның маңызды факторларының бірі. Сұрақ: Өзгергіштіктің түрлерін ата. Қандай тұқым қуалайтын ауруларды білесіңдер. Жауап: 9-тапсырма Гүлдің құрылысы күрделі болып келеді. Гүлдің сыртын жасыл түсті тостағанжапырақшалар мен түрлі-түсті күлтежапырақшалар қоршап тұрады. Тостағанша мен күлте екеуі қосылып гүлсерігін құрайды. Гүлсерік гүлдің ішкі нәзік бөліктерін суықтан,жауыннан және күннің ыстық сәулесінен қорғайды.Гүлге түс беретін – күлте жапырақшалар. Оның түсі әр түрлі болады. Күлтенің ішінде аталықтар мен аналықтар болады.Аталықтар мен аналық-гүлдің негізгі бөлігі олардан жемістер мен тұқымдар түзеді.Әрбір аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады.Тозаңқаптың ішінде тозаң түзіледі.Піскен кезде тозаңқап жарылып одан тозаңдар төгіледі.Аналық гүлдің қақ ортасында болады. Аналықтың төменгі жуандау бөлігін түйін,одан жоғарырақ жіңішкерген жерін-мойын,ең ұшын-ауыз дейді. Сұрақ: Гүлдің құрылысын белгіле. Жауап: 10-тапсырма Жергілікті аймақтың Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері. Экологиялық апат түсінігі - тек су, топырақ, ауаның ластануы мен тиімсіз қолданылуы ғана емес, сонымен бірге экожүйенің биологиялық құрамының бұзылуы - өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуы. Түрлердің жойылуының бір ғана себебі - адамның шаруашылық іс-әрекеті: тікелей ізіне түсу (аңшылық, балық аулау, орманның кесілуі және т.б.) немесе жанама әсері (байырғы тіршілік ортасынан ығыстыру, ортаның тез өзгеруі). Өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылуы неге алып келуі мүмкін? Биоценоздың - табиғаттың (элементарлық ұяшықтарының) тұрақтылығы бірден бұзылады. Ал бұл тізбекті реакция сияқты, одан да ірі кешендердің деградациясына және «ғаламшардың тыныс алуының» бұзылуына, топырақ құнарлылығының және биологиялық өнімдер алу мүмкіндігінің бірден төмендеуіне алып келеді. Сұрақ: Ақбөкенді қызыл кітапқа шығарудағы себебі неде? Грейг қызғалдағының отаны қай жерде? Жауап: Оз ойыңмен бөліс. _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Шу-іле тауларында, Талас және Қырғыз Алатауында да кездеседі. 7-сынып биология тапсырмалары 1.Қоректік тізбекте энергияны алу тәсіліне байланысты организмдер ................... және ..................... болып бөлінеді. 2.Жануарлар дүниесін жүйелеуді ретімен белгілеңіз. тип патшалық тұқымдас класс отряд түр туыс 3.Шығу тегі, құрылысы мен қызметі бірдей жасушалар тобы. а. жасуша в. ұлпа с. мүше д. мүшелер жүйесі 4. Жүйке жасушасының қысқа өсінділерін анықтаңыз. а.жүйке ұщтары в. дендриттер с. аксон д. рецептор 5. Берілген 1,2- суретте қандай үдеріс бейнеленгенін анықтаңыз. 1-сурет 2- сурет 1.______________________________ 2.______________________________ 6. Суретте берілген ағзалардың қозғалу мүшелерін анықтаңыз. 1-сурет 2-сурет 3-сурет 4-сурет 1.__________________________________________________ 2.__________________________________________________ 3.__________________________________________________ 4.__________________________________________________ 7. Төмендегі берілген ағзаларды жүйке жүйесі типтерімен сәйкестендіріңіз.
I.______________________________ II.______________________________ III. _____________________________ IV.______________________________ 8. Төмендегі мидың діңі бөлімдеріне сәйкес қызметін кестеге толтырыңыз.
9. Суретті қарастырыңыз. Суреттегі құбылысты атаңыз. 2- сурет 10. Өсімдіктердегі фотопериодизмнің рөлін сипаттаңыз. ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ 11.Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығын жазыңыз.
12.Қалыпты психикалық денсаулықты дұрыс қалыптастыруға арналған 1 қағиданы атап өтіңіз _____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ 13. Төмендегі сөздерді кестеге топтастырыңыз. 1. Лямблия 2.саңырауқұлақтар 3.дизентерия амебасы 4.өсімдіктер 5.таспақұрт 6.жануарлар 7.лейшмания 8. бактериялар
14. ................................. – жабықтұқымдылардың көбею мүшесі, түрі өзгерген, қысқарған өркен. 15. Толық түрленіп даму төрт сатыдан тұрады. Сызбасын көрсетіңіз. ................... ............... ................. ................ 16. Тұқым қуалайтын өзгерістерді атаңыз. __________________________________________________________________ 17. Желмен тозаңданатын және жәндіктермен тозаңданатын өсімдіктер белгілерінің номерлерін жазыңдар.
1.Ұсақ, құрғақ тозаң 2.Гүлде шірнеліктер бөлінген 3.Ашық түсті күлте 4. Гүлсерігі әлсіз дамыған. 5. Өсімдіктердің толық өсіп-жетілуі. 6. Аталықтары ұзын,иіліп тұрады. 7.Аналық аузы қауырсын тәрізді, түтікті 8. Гүлдері иіссіз. 9. Гүлдері хош иісті 10.Гүлдерінің құрамында эфир майлары болады. 18. Жылдық сақина дегеніміз не? а.бір жылда тіннің өсуі; б.бір жылда сүректің өсуі. 19. Бес жылдық емен ағашының діңінде қанша жылдық сақина бар? а.5; б.1 20.Камбий жасушалары бөлінгенде қандай жасушалар көбірек түзіледі? а.тін жасушалары; б.сүрек жасушалары. Жауаптары: 1.Автотрофты және гетеротрофты 2.Түр-туыс-тұқымдас-отряд-класс-тип-патшалық 3.в. Ұлпа 4.в.Дендриттер 5.Шайырдың бөлінуі, гуттация. 6. 1- кірпікшелер; 2- құйрық жүзбеқанаттары, мұртша, қысқыш аяқ, жүру аяқтары; 3- арқа қанаты, жұп кеуде қанаты, жұп құрсақ қанаты, аналь қанаты, құйрық қанаты; 4-қанаттары, аяқтары 7. I- түйінді жүйке жүйесі, II- түтікше тәрізді жүйке жүйесі III- бағанды жүйке жүйесі, IV- диффузды жүйке жүйесі 8. 1.Өткізгіштік және рефлекстік 2. Сопақша миды ортаңғы мимен жалғастырады.Рефлекстік. 3. жарық пен дыбысқа елең етіп, жылдам реакция көрсетуді қамтамасыз етеді. 4. Зат алмасу, су мен асты қабылдауды, дене температурасының тұрақтылығын реттейді. 9. Қозғалыс.Дұрыс тропизм 10. Өсімдіктердің өсуін, дамуын, гүлдеуін реттеуге болады. Жыл бойы өнім алуға болады. 11. Шартты рефлекс- жүре пайда болған рефлекс, рефлектік доғасы тұрақсыз Шартсыз рефлекс -туа біткен рефлекс, рефлекстік доғасы тұрақты 12. Өзіңіздің психикалық денсаулығынызды сақтаңыз. Психикалық денсаулық – тек өмірдегі оқиғаларға ғана байланысты емес, одан бөлек біздің оларға көрсететін реакциямызға тәуелді. 13.Анаэробты: Лямблия, дизентерия амебасы, таспақұрт, лейшмания. Аэробты: Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар, бактериялар. 14.Гүл 15.Жұмыртқа- дернәсіл- қуыршақ-ересек дара. 16.Көздің, терінің, шаштың түстері, бойы, жыныстық айырмашылықтар. 17.Желмен тозаңданатын:1,5,6,9 Жәндіктермен тозаңданатын:2,3,4,7,8,10 18. б.бір жылда сүректің өсуі. 19. а.5; 20. б.сүрек жасушалары. 8 сынып Тақырыбы: Қан (Денсаулық ) 1 тапсырма Кан жасушаларының атауын суретпен сәйкестендіріңіздер. 2- 3- Эритроцит Лейкоцит тромбоцит |