|
зейін жобасы тапсырмалары. 1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ
Сұрақ 4. Бұл химиялық элементтің тырнақта көп шоғырланған.
Электрондық формуласы бойынша 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2 3d3 (период, топ,топша) берілген элементтің периодтық жүйедегі орналасу ретін анықтаңдар.
(Жауап: ванадий).
Сұрақ 5. Раушан гүлінің күлгін жапырақшалары бұл элементтің көп мөлшерде болуына байланысты көкшіл немесе қара түске өзгере алады. Электрондық формуласы бойынша 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s1 3d10 (период, топ,топша) элементтің периодтық жүйедегі орналасу ретін анықта.
(Жауап: мыс).
Сұрақ 6.Теңіз аңы аконтарийдің қарапайым қаңқасы тұтастай осы заттан тұратындықтан, осы заттың молекулалық формуласын анықтаңдар, егер оның құрамындағы элементтердің массалық үлесі мынадай болып келсе: 47,54 %(Sr), 17,48 %(S), 34,97 %(O) . (Жауап: SrSO4).
Сұрақ7. Кім артық
Тапсырма: Заттардың химиялық формуласының қатары берілген.
Әрбір қатарды мұқият қарай отырып , қатардағы нақты «артық» затты тауып, қатардан «шығарып», ол затты не себептен тізімнен сызып тастаған себебін көрсет.
KOH, NaOH, Mg(OH)2, Ba(OH)2, Zn(OH)2. MnO, CrO3, CO2, Mn2O7, Cl2O7. H2CO3, H2SO3, H2S, H2SO4, H2SiO3. Na2SO4, CaCO3, BaS, Al(NO3)3, K2SiO3. Cu(OH)2, Al(OH)3, Mn(OH)2, Ba(OH)2, Cr(OH)3. K2O, CaO, Ag2O, Li2O, MgO.
Сұрақ 8. Ертеде елді-мекен ішінде оттегі деген газ өмір сүріпті. Ол өте күшті екен. Жер бетінде тіршілік тек қана мен сақтап тұрмын дейді екен. Күштіліг ісондай кім кездесседе тотықтырып жібереді. Сондықтан оттекті тотықтырғыш, алынған заттарды тотығу деп атайды.
Мендеелев шаһарында қыдырып жүріп, кездескен элементтердің бәрімен реакцияға түсіп , аралас-құралас бола береді.Содан мақтаншақ болып алды. Химия дүниесінд еменнен күшті ешкім жоқ деп ойлайды. Бірақ оттегі қателеседі. Біркүні елді мекен кестесінде фтормен кездесіп қалады.
Оны тотықтырғысы келіп еді,күші келмеді.Көмекке сутегін шақырды, екеуі бірігіп су молекуласын құрып фторға ұмтылды. СУ фторға бар күшін жұмсаса да әлі келмеді . Бірақ фтор күшті еді. Естімеген ғажайып оқиға болды. Бұрын отты сөндіріп жүрген судың өзі фторда жанып кетті.
Мақтаншақ оттег ітотыға ма, тотықсыздана ма?
Реакция теңдеуін жаз?
Жауабы. Оттегі бұрын тотықтырғыш болып келсе, бұл реакцияда тотықсыздандырғыш рөлін атқарды. Сөйтіп фтордың оттегінен де тотықтырғыштығы асып түсті.«Өзіңнен зор шықса,екі көзің сонда шығар» дегеннің кері келді. O2+2F2 = 2OF2
Сұрақ 9.“Иә, жоқ”
1.Темір құймалары таттанбайды.
2. Қоршаған ортаның әсерінен металдардың бұзылу құбылысы жемірілу деп аталады.
3. Металдардың бәрі жемірілмейді.
4. Жемірілу мен күресуге болмайды.
5. Жемірілу экономикаға үлкен шығын әкеледі.
6. Жыл сайын жемірілуден 20 % металл шығын болады.
7. Жемірілуді болдырмау үшін металл бұйымдардың бетін бояуға болмайды.
Сұрақ 10. Химиялық элементтің атауын жазып кроовордты толтыр:
Биология пәні бойынша тапсырмалар
7сынып
1.Тапсырма.
Өсімдіктер
Ауа райының ыстық болуы және жаңбырдың ұзақ уақыт болмауы жағдайында бау-бақша өсімдіктерін суарады. Құйылған су буланып кеткеннен кейін өсімдіктің түбіндегі топырақта жарықтары бар «қабыршықтар» пайда болады.
1-сұрақ: Қандай жағдайда өсімдіктер жақсы өседі?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Толық жауабы: Өсімдіктерді келесі суғарғанға дейін «қабыршақтарға» тиіспеген жағдайда жақсы өседі.
2-сұрақ: Қызыл,жасыл түсті гүлдері бар, арнайы бақтарда және үйде өсірілетін өсімдіктерді қандай өсімдіктер деп атайды?
А) көпжылдық өсімдіктер
Ә) біржылдық өсімдіктер
Б) екіжылдық өсімдіктер
В) дәрілік өсімдіктер
С)декоративті өсімдіктер
Толық жауабы: С)
3-сұрақ: БАЛАМА ТЕСТ
№
| Сұрақтар
| «Иә»
| «Жоқ»
| 1
| Өсімдіктерді келесі суғарғанға дейін «қабыршақтарға» тиіспеген жағдайда жақсы өседі
|
|
| 2
| «Қабыршықтарды» күн сайын қопсыту арқылы топырақты бұзып отырған жағдайда жақсы өседі
|
|
| 3
| Өсімдіктерді күндіз тал түсте суғарған жағдайда жақсы өседі
|
|
| 4
| Өсімдіктерді күн суыған кезде суғарса жақсы өседі
|
|
| Толық жауабы: 1-иә, 2-иә,3-жоқ,4-жоқ.
2-тапсырма.
Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кез-
дескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығар алдында өзінің жауынегерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген.
Ұлы математик,философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана
қоймаған, тіпті оның селекциясыменде айналысқан дейді.Ең жақсы іріктемелеріні? бірі ертеде Пифагордың есімімен бекер аталмаса керек. Бұл өсімдіктің латынша атының аудармасы “бас”.
Жауабы: Капуста
3-тапсырма.
Ұзақ уақыт өсімдіктерді бақылай отырып адамдар бір гүлдің та?ны? атуыны?, екіншісі күннің батуының хабаршысы екенін байқаған. ХІІІ . Швецияда белгілі ғалым – натуралист К.Линнейдің кеңесімен гүл сағаты жасалған. Таңғы сағат 5-те текесағал,сағат 6-да көкнәр гүлінің күлтелері ашылса, ал кешкі 10- да хош иісті темекі, кактустың гүлдері ашылады. Осылай уақытты анықтап отырған.
Жауап:_Жасушалы,_жасушасыз.2-тапсырма'>Сұрақ: бұл қызықты құбылыс немен байланыстың. Неліктен әртүрлі гүлдер
әр түрлі уақытта ашылады?
Жауап: Гүлдердің ашылуы тозаңдануға қолайлы жағдайымен байланысты.
3-тапсырма.
Бұл өсімдікті жек көрсе де, бірақ оған табынған, оның гүлдерімен патша сарайларын сәндеген. Оффенбург деген неміс қаласындағы танымал ағылшынды? саяхатшы Фрэнсис Дрейкке қойылған ескерткіште: «осы өсімдікті Европаға алғаш болып әкелген Дрейк» деп жазылған. Алғашқы жылдары бұл өсімдіктің жемісі патша дастарханында да сирек кездесетін тағамның бірі болған. Біздің дастарханымызға бұл тағам жүздеген жылдар кейін келген.
Жауап: Картоп
4-тапсырма.
1869 жылы француз миссионері Арман Давид қытайға саяхат жасайды.Ол ірі табиғат зерттеушісі болғандықтан Сычуань провинциясында жүргенде шалғайдағы елді мекендерден үйдің қоршауында ілулі тұрған теріні көреді. Жергілікті тұрғындар бұл сол маңайдағы тоғайда тіршілік ететін аңның терісі екендігін айтқан. Бұл аң табиғатта таңертең және түнде белсенді. Бойы 1,5 м –ге жетеді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Көп дыбыс шығармайды, анда-санда ғана қойдың маңырағанындай дыбыс шығарады.
Сұрақ : бұл қандай аң
Жауап: Панда
5 тапсырма.
Бақалар насекомдармен қоректенеді. Бірақ олар өлген насекомдарға тимейді.
Сұрақ : Неге?
Жауап: Олардың көздерінің құрылыс ерекшелігі сол, тек қозғалыстағы жемтікке ғана әсер етеді.
6 тапсырма.
Терінің зақым тимеген аймағын тері тыртығымен салыстыр.Тері тыртығы неліктен күн сәулесіне күймейтінін және терінің сау аймағынан ерекшелігін түсіндір.
Жауап. Олардың айырмашылығы әртүрлі ұлпадан құралатындығында.сау теріде эпителий ұлпасының жасушаларында тері пигменті меланин болады.Ал тыртық дәнекер ұлпасынан тұрады.дәнекер ұлпасы жойылған ұлпаның қызметін атқара алмайды.
7 тапсырма.
Жас қораздың сан сүйегінің бір білігін алып тастап,сүйек қабығын ғана қалдырады.Біраз уақыттан кейін қораздың сүйегі қайта қалпына келеді.Бұл тәжірибе нені дәлелдейді?
Жауап: Сүйек – күрделі,тірі мүше.
8 тапсырма.
Өкпе – тыныс алудың енжар мүшесі – онда бұлшық ет болмайды,бірақ тынысалу кезінде көлемі кеңейеді және сығылады. Өкпенің мұндай қасиеті неге байланысты?
Жауап: өкпе еш уақытта өздігінен созылмайды және жиырылмайды,олар кеуде қуысының енжар жұмысына бағынады.
9 тапсырма.
Ғалымдар неге кешке жатар бөлмеде үлкен гүлдің болмауын сұрайды
Жауабы: Себебі өсімдіктер күн жарағы кеткенде фотосинтез процесі тоқтап,тыныс алу прцесі жүзеге асады.Яғни өсімдік өттегіні сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарады.
1-тапсырма
Тірі организмдер 5 патшалыққа бөлінеді: вирустар және фагтар, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Жер бетіндегі тірі ағзалар екі топқа бөлінеді.
Сұрақ:
Топтарды ата.
Жауап:
Жасушалы, жасушасыз.
2-тапсырма
Біржасушалылар патшалық тармағы. Қарапайымдардың денесі бір жасушадан тұрады, бірақ бұл жасуша — дербес тіршілік ететін тұтас организм. Олардың негізін бір немесе сирек жағдайда екі ядросы бар цитоплазма құрайды. Көпжасушалы организмдерден айырмашылығы — біржасушалыларда арнайы қызмет атқаратын органоидтер: қозғалыс органоидтері, жиырылғыш вакуоль, асқорыту вакуолі, кейбіреулерінде жарықсезгіш көзшелері, қылаулатқыштары болады.
Көпжасушалылар патшалық тармағы. Эволюциялық дамудың нәтижесінде көпжасушалы жануарлардың алуан түрлі формалары қалыптасты. Көпжасушалы организмдер үлкен екі бөлімге бөлінеді: омыртқасыздар және омыртқалылар. Омыртқасыз жануарларға сәулелі симметриялы екі қабатты (қос қабатты) жануарлар жатады, олардың денесі екі ұлпадан тұрады: денені сыртынан қаптайтын эктодерма және ішкі мүшелерді қалыптастыратын энтодерма. Бұл жануарларға губка және ішекқуыстылар жатады.
Сұрақ:
Жасыл эвгленаның құрылысын белгіле.
Жауап:
3-тапсырма
Тамыр-топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі. Сабақтан айырмашылығы-тамырдың алғашқы қабығы тез түсіп отырады, жапырақ (тіпті қабыршақ түрінде де) шығармайды. Тамыр сабақ сияқты ұшынан өседі. Тамырлар негізі, жанама, қосалқы деп үш түрге бөлінеді. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды, ол тек төмен қарай бағытталып өседі. Тамыр мен сабақтың ұштасып жалғасқан жерін тамыр мойыны дейді. Өсу барысында негізгі тамырдан, тарамдалып жанама тамырлар шығады. Олар тік төмен бағытталмай жан-жаққа таралып жайылып өседі. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады да бүкіл тамыр жүйесінің көлемін ұлғайтады.
Сұрақ:
Тамыр-өсімдіктің жер асты мүшесі екенін сендер білесіңдер. Тамыр қандай қызмет атқарады деп ойлайсыңдар. Жауабын «Иә» немесе «Жоқ» деп төмендегі кестедегі сұрақтарға жауап беріңдер.
№
| Сұрақтар
| «Иә»
| «Жоқ»
| 1
| Тамыр топырақтан сіңірген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді
|
|
| 2
| Жасушадағы артық суды буландырады
|
|
| 3
| Көбеюге қатысады
|
|
| 4
| Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады
|
|
| 5
| Қоректік заттарды қорға жинайды
|
|
| Жауап:
1-иә, 2-жоқ,3-иә,4-иә,5-иә.
4- тапсырма
Жапырақ - жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады. Жапырақтар жай және күрделі болып бөлінеді. Бір сағақта бір жапырақ тақтасы бар жапырақ жай жапырақ деп аталады.(бөртегүл, емен,алма,алхоры) Бір сағақта бірнеше жапырақ тақтасы (3-тен жоғары)болса,күрделі жапырақ деп аталады.(акация, шетен,итмұрын).
| |
|
|