зейін жобасы тапсырмалары. 1. фудзи тауына шыу фуджи тауы Жапониядаы белгілі снген жаартау болып табылады. 1сра фудзи тауына шыУ
Скачать 7.13 Mb.
|
38 тапсырма Күн жүйесі Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. 1-сұрақ. Күн жүйесі қозғалысы ілімін кім ашты? ________________________________________________________________________________________________________________________________ 2-сұрақ. Планеталар қандай топқа бөлінеді? ________________________________________________________________________________________________________________________________ 3-сұрақ. Қандай планеталар Күнге жақын орналасқан? ________________________________________________________________________________________________________________________________ 39 тапсырма Темір жол рельстері 1 сұрақ Темір жолдарға металл рельстерді салғанда олардың қосылатын жерлеріне саңылаулар қалдырылады. Неліктен? Төменде берілген жауаптардың қайсысы дұрыс? А. Металл рельстер ыстық күндері ұлғаяды. В. Металл рельстер суық күндері ұлғаяды. С. Металл рельстер саңылауларының арасындағы ауаның көмегімен суық күйге ауысады. D. Пойыздар жүрген кезде металл рельстер тербеліске ұшырайды. 2 сұрақ Неліктен пойыз жол рельстерін майлайды? ________________________________________________________________________________________________________________________________ 3. сұрақ Құрғақ және ылғалды үйкелістің айырмашылығы және пайдасы мен зияны ________________________________________________________________________________________________________________________________ 40 тапсырма Заттардың массасын өлшеу (а, ә)-суретінде көрсетілгендей А және В заттарының массасын таразыға қойып өлшеді. В затын А заты тұрған сауытқа салғанда, нәтижесінде С заты пайда болды. В заты ішінде болған бос сауытты қайтып таразыға қойды. 1 сұрақ а-суретінде таразы 110 г массаны көрсетті. ә-суретіндегі таразы қандай массаны көрсетеді? А. 110 г-нан артық. В. 110 г. С. 110 г-нан кем. Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.______________________________________ ________________________________________________________________ 2 сұрақ Дене массасын кг бойынша өрнектеңіз_______________________________ 10сынып 1.График бойынша t =2с уақыттағы велосипедшінің қозғалыс жылдамдығын анықта А.2м/с. Ә.6 м/с . Б.3 м/с. В.12 м/с. Г.8 м/с. 2.
3. . 10ºС температурадағы көлемі 2 м 3 газ, қандай температурада 1 м³ көлем алады? Қысым тұрақты. А. 20ºС. Ә. 283 К. Б. 10ºС. В. 141,5 К. Г. 273 К. 4. Диаметрі 1 мм қылтүтікте су қандай биіктікке көтеріледі? А. 30м . Ә. 1м . Б. 10м . В.3м Г.20м . 5. Тамақты суда пісіргенде, пісіру уақытын қалай азайтуға болады? А. Ыдыстағы тамақты үнемі араластырып тұру керек. Ә. Ыдыстағы ауа қысымын азайту керек, сонда су төмен температурада тез қайнайды. Б. Қақпағы тығыз жабылатын ыдыс керек, ондағы ауа қысымы артады да, су 100ºС температурадан да жоғары қыздырылады. В. Қақпағын ашып қою керек, сонда ауа қысымы азаяды да, тез піседі. Г. Дұрыс жауап жоқ. 6. Идеал газ бір күйден екінші күйге өткен,газ қысымы қалай өзгерген? А. Артқан. Ә. Өзгермеген. Б . Кеміген. В. Артуы да,кемуі де мүмкін. Г. Дұрыс жауап жоқ 7. V, T координатасында бірнеше изобара көрсетілген,қайсысының қысымы көп? А. Бірінші . Ә . Екінші. Б. Үшінші. В. Бірінші және екінші. Г. Бірінші және үшінші. 8. Газ 1-ші күйден 2-ші күйге өткенде істелген жұмысы неге тең? А. 8 Дж. Ә. 6 Дж. Б. 36 Дж В. 48 Дж. Г. 12 Дж. 9. . Суретті қолдана отырып, газдың 1 циклде істеген жұмысын есепте:
10. Процестердің қайсысында аз жұмыс істелген?
11. Электр тізбегінің толық кедергісі:
12. . Шамдағы ток күші мен кернеуді өлшеу үшін ,шамға қатысты амперметр мен вольтметр қалай қосылуы керек? А. Амперметр – тізбектей,вольтметр – параллель. Ә. Амперметр және вольтмер тізбектей. Б. Амперметр – параллель,вольтметр-тізбектей. В. Амперметр мен вольтметр параллель. 13. Конденсатор астарларының ара қашықтығын өзгертпей, пластинаның ауданын 2 есе арттырсақ, оның сыйымдылығын қалай өзгереді? А. 2 есе артады. Ә. 4 есе кемиді. Б. 2 есе азаяды. В. 4есе артады. Г. өзгермейді. 14. . Магнит индукциясының векторы қай жаққа қарай бағытталған?
15. Ауада тәуелсіз разряд болуы үшін: А.Молекулалардың иондалу энергиясы электрондардың кинетикалық энергиясына тең болуы керек. Ә.Молекулалардың иондалу энергиясы элекрондардың кинетикалық энергиясынан аз болуы керек. Б.Тек қана молекулалардың иондалу энергиясы электронның кинетикалық энергиясынан көп болуы керек. В.Дұрыс жауап жоқ. Г.Молекулалардың иондалу энергиясы электронның кинетикалық энергиясынан аз да,көп те болуы мүмкін. Химия пәні бойынша тапсырмалар 8сынып 1тапсырма: Химиялық реакциядағы энергиямен танысу Ахмет сынауыққа аз мөлшерді ұнтақ салды. Содан кейін ол ұнтаққа сұйықтық құйып, сынауықты шайқады. Химиялық реакция жүрді. Химиялық реакция кезінде сіз байқай алатын екі үрдісті сипаттаңыз. Жауабы: 1) температураның өзгеруі; 2) газ көпіршіктерінің бөлінуіТапсырма орындауда химиялық реакция кезінде жүретін өзгерістерді нақты сипаттау қабілеті мен маңызды концепцияларды түсінуі ескеріледі. 2тапсырма: Металдар мен бейметалдар тақырыбы бойынша Даниярға белгісіз қатты заттың үлгісін берді. Ол осы заттың металл екенін білгісі келеді. Осы заттың металл екенін қандай қасиеті бойынша анықтауға болады? Жауабы: металл электр тогын өткізеді. Ол оны затты, батарейканы және шамды қарапайым электр тізбектеу арқылы дәлелдей алады. Барлығы дұрыс қосылса шам жанады, бұл жағдайда зат металл екені анық. Негізгі оқушылар металлды анықтай алуы және металл болу үшін заттың қандай қасиеттері болу керектігін сипаттауы қажет. 3тапсырма: Оттегінің химиялық қасиеттері тақырыбы Есеп: Ертеде елді-мекен ішінде оттегі деген газ өмір сүріпті.Ол өте күшті екен.Жер бетінде тіршілік тек қана мен сақтап тұрмын дейді екен. Күштілігі сондай кім кездесседе тотықтырып жібереді. сондықтан оттекті тотықтырғыш, алынған заттарды тотығу деп атайды. Мендеелев шаһарында қыдырып жүріп, кездескен элементтердің бәрімен реакцияға түсіп , аралас-құралас бола береді.Содан мақтаншақ болып алды. Химия дүниесінде меннен күшті ешкім жоқ деп ойлайды.Бірақ оттегі қателескен еді. Бір күні елді мекен кестесінде фтормен кездесіп қалады. Оны тотықтырғысы келіп еді,күші келмеді.Көмекке сутегін шақырды, екеуі бірігіп су молекуласын құрып фторға ұмтылды.СУ фторға бар күшін жұмсаса да әлі келмеді .Бірақ фтор күшті еді.естімеген ғажайып оқиға болды.Бұрын отты сөндіріп жүрген судың өзі фторда жанып кетті. Мақтаншақ оттегі тотыға ма, тотықсыздана ма?Реакция теңдеуін жаз? Жауабы. Оттегі бұрын тотықтырғыш болып келсе,бұл реакцияда тотықсыздандырғыш рөлін атқарды.Сөйтіп фтордың оттегіненде тотықтырғыштығы асып түсті. «Өзіңнен зор шықса,екі көзің сонда шығар» дегеннің кері келді. O2 + 2F2 = 2OF2 фтороксиді 4тапсырма: Химия» бөлімінің «Ойлау» оқу-танымдық түріндегі жоғары деңгейіне арналған тапсырма: Даниярға белгісіз қатты заттың үлгісін берді. Ол осы заттың металл екенін білгісі келеді. Осы заттың металл екенін қандай қасиеті бойынша анықтауға болады? Жауабы: металл электр тогын өткізеді. Ол оны затты, батарейканы және шамды қарапайым электр тізбектеу арқылы дәлелдей алады. Барлығы дұрыс қосылса шам жанады, бұл жағдайда зат металл екені анық. Негізгі мектептің оқушылары металлды анықтай алуы және металл болу үшін заттың қандай қасиеттері болу керектігін сипаттауы қажет. Оқушылар кейбір ғылыми зерттеу дағдыларын демонстрациялау, сәйкес келетін эксперименталды әдістерін таңдау мен негіздеу, әр түрлі типтегі диаграммалар, контур карталар, сызбанұсқалар мен кестелерді біріктіру мен ақпаратты логикалық қорытындылау, керекті ақпаратты таңдау, анализдеу мен қорытындылау, сонымен бірге қысқаша сипаттама беру керек. 5 тапсырма:Д.И.Менделеев атындағы ауданының №2 үйдің екінші қабатының №6 бөлмесінің тұрғыны аталған қабаттағы №8 бөлмеде тұратын қызды сырттай ұнатып қалады.Ол одан екі жас үлкен еді.Күндердің-күнінде жігіт оқуға кетеді. Сонан бері түнде түсінен күндіз есінен кетпейді. Амалы құрып портретін салып іліп қояды. Кім-кімді ұнатқан ? №2,2 қабат, №6, №8 екі жас деген нені білдірді? Қыздың портретін қалай салған? Жауабы: Көміртегі оттегін ұнатқан, №2 период 2 қатар да ,№6 бөлмеде тұратын көміртегі (жігіт), №8 бөлмеде тұратын оттегі қыз . Екі жас деген көміртегінің реттік № 6. Оттегінің реттік №8. Қыздың портреті О реакция теңдеуі С+О2=СО2 Оттегі жайлы. 6тапсырма: Ертеде елді-мекен ішінде оттегі деген газ өмір сүріпті.Ол өте күшті екен.Жер бетінде тіршілік тек қана мен сақтап тұрмын дейді екен. Күштілігі сондай кім кездесседе тотықтырып жібереді. сондықтан оттекті тотықтырғыш, алынған заттарды тотығу деп атайды. Мендеелев шаһарында қыдырып жүріп, кездескен элементтердің бәрімен реакцияға түсіп , аралас-құралас бола береді.Содан мақтаншақ болып алды. Химия дүниесінде меннен күшті ешкім жоқ деп ойлайды.Бірақ оттегі қателескен еді. Бір күні елді мекен кестесінде фтормен кездесіп қалады. Оны тотықтырғысы келіп еді,күші келмеді.Көмекке сутегін шақырды, екеуі бірігіп су молекуласын құрып фторға ұмтылды.СУ фторға бар күшін жұмсаса да әлі келмеді .Бірақ фтор күшті еді.естімеген ғажайып оқиға болды.Бұрын отты сөндіріп жүрген судың өзі фторда жанып кетті. Мақтаншақ оттегі тотыға ма, тотықсыздана ма? Реакция теңдеуін жаз? Жауабы. Оттегі бұрын тотықтырғыш болып келсе,бұл реакцияда тотықсыздандырғыш рөлін атқарды.Сөйтіп фтордың оттегіненде тотықтырғыштығы асып түсті.«Өзіңнен зор шықса,екі көзің сонда шығар» дегеннің кері келді. O2+2F2 = 2OF2 7 тапсырма: Латын тілінен аударғанда «камал» дегенді білдіреді.Бұл металл табиғатта кең таралған жер қыртысында көптеген минералды кендері бар. Оның тұздары теңіз суларында бар,тіптен мұхит түбінде бай табиғи шөгінділері кездеседі.Адамның денесінде 4- 4,5 г болады. Таза түрінде метеориттердің құрамында болады.Оны ертеде «аспан тасы» деп атаған. Бұл қай металл? Жауабы: Ас тұзы 8 тапсырма: Сөйлемдердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін анықтаңыз. Дұрыс/ бұрыс
Жауабы: 1 дұрыс 2 бұрыс дұрыс 9 тапсырма: Қажетті элементтердің валенттілігін біле отырып, азот пен сутектен тұратын қосылыстың формуласын анықтаңыз. Азоттың валенттілігі_______ . Сутектің валенттілігі_______ . Қосылыстың құрылымы: N__H__ Жауабы: N –III, H – I, NH3 10 тапсырма: Лимон шырыны Лимон – ірі, салмағы 200-400 г., сопақша, сары түсті қалың қабықпен қапталған жеміс. Шырынының дәмі қышқыл. Көптеген адамдар лимон шырынын тұрмыста кездесетін жағымсыз иістерді немесе лас болып көрінетін заттарды тазалауға қолданады. Лимонның құрамында адам денсаулығына пайдалы С дәрумені бар, темірге бай, эфир майы, кальций, калий т.б. болады. 1-сұрақ. Тұрмыста лимон қышқылын қолдану жолдарын ұсыныңыздар. 2-сұрақ. Аталған қасиеттерін ескере отырып, лимонды адамның денсаулығын жақсарту мақсатында қалай пайдалануға болады? 3-сұрақ. Өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар. Жауабы: 1. Оны жеміс суларында, қырық қабат сорпасы, балық дайындағанда пайдаланады. 2.Тұмаудың алдын алу үшін лимонды қара шайға қосып жиі пайдалану керек. 3.Лимон шырыны косметикада қолданыс тапқан. Сұрақ 1: Фудзи тауына шығу Фудзи тауының басына шығу көпшілік үшін әр жылдың 1 шілдесінен 27 тамызына дейін ашық. Осы уақыт аралығында 200 000-ға жуық адам Фудзи тауының басына шығады. Орташа есеппен алғанда, күніне шамамен қанша адам Фудзи тауының басына шығады? A 340 B 710 C 3400 D 7100 E 7400 Сұрақ 2: Ағаш пойыз бөлігі Осы ағаш ойыншықты өндіруші бұрышы α градуста иілген бөліктің екінші түрін шығаруды көздеп отыр. Өндіру үрдісін тежейтін бір ғана нәрсе α бұрышының градустары бүтін сан ғана бола алатындығында. Өндіруші жаңа иілген бөліктегі α бұрышының қасиеттерін осы жаңа бөліктерді ғана пайдаланып, толық шеңбер жол салу мүмкін болатындай етіп ойластырған. α бұрышының келесі қасиеттері болуы тиіс пе? Әрбір қасиет үшін «Иә» немесе «Жоқ» дегенді айналдыра сызыңыз.
бұрышы бүтін градустармен өлшенген, º. Сұрақ 3: ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ Екінші айналымда тас жолдың қай жерінде машинаның жылдамдығы ең аз болды? A Сөре сызығында B Шамамен 0,8 км белгісінде C Шамамен 1,3 км белгісінде D Шамамен тас жолдың ортасында Сұрақ 4: ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ 2,6 км және 2,8 км белгілері қойылған тас жолдағы машинаның жылдамдығы туралы не айтуға болады? A Машинаның жылдамдығы бір қалыпта қалды B Машинаның жылдамдығы үлкейді C Машинаның жылдамдығы азайды D Берілген кестеден машинаның жылдамдығын анықтау мүмкін емес Сұрақ 5: ҚЫЗУ ЖҰМЫС Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның ішіндегі температура 40ºC-ге жетті. Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды? Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Сұрақ 6: ҚЫЗУ ЖҰМЫС Петр өзіне температурасы 90ºC бір шыны кофе және бір шыны 5ºC мұздай минералды су құйды. Екі шыны мен сусындардың көлемдері бірдей. Петр отырған бөлменің температурасы болса 20ºC шамасында болған. Кофе мен минералды судың температурасы 10 минут өткен соң кандай болуы ықтимал? A 70ºC және 10ºC B 90ºC және 5ºC C 70ºC және 25ºC D 20ºC және 20ºC Сұрақ 7: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР Ашыту нәтижесінде қамыр көтеріледі. Қамыр неліктен көтеріледі? A Өйткені қамырда пайда болған спирт газға айналған күйге ауысады B Өйткені қамырда дара жасушалы саңырауқұлақтар көбейеді C Өйткені қамырда көмірқышқыл газы пайда болады D Өйткені ашу барысында қамырдағы су буға айналады Сұрақ 8: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР Ашытқан қамырды пешке салғанда, газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды. Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғаяды? A Олардың молекулалары көбейеді B Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады C Молекулалар саны көбейеді D Олардың молекулалары сирек соқтығысады Сұрақ 9: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР Химиялық реакция нәтижесінде қамырдағы ашытқы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады. Көмірқышқыл газ бен спирттің құрамындағы көміртек атомы қайдан пайда болады? Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз.
Сұрақ 10: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР Ашытқан қамырды пешке салғанда, газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды. Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғаяды? A Олардың молекулалары көбейеді B Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады C Молекулалар саны көбейеді D Олардың молекулалары сирек соқтығысады |