«Отбасы педагогикасы дәріс. 1 глоссарий блім пн бойынша глоссарий этносты дискриминация
Скачать 435.5 Kb.
|
Неке және отбасы. Туыстық құрылымның және оған тән экзогамияның пайда болуына байланысты алғашқы қауымдық қоғамда неке, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін ерекше институт пайда болды. Онымен бірге және кейбір басқа да түсініктер бойынша, кейінірек, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды реттейтін отбасылық институт пайда болды. Некенің алғашқы түрі жөніндегі мәселе әлі күнге дейін толығымен шешілген жоқ. Этнографиялық мәліметтер бойынша, тарихи реконструкциялар екі түрлі. Біріншісі, некенің алғашқы түрі – топтық неке болып, ол кейінннен жеке неке мен отбасының түрлі нысандарына алмасты. Екіншісі - қоғам дамуының ең алғашқы кезеңінен - ақ жеке отбасы болған деген пікір. Бірінші пікірді ең алғаш ұсынған Л.Г.Морган. Ол біртіндеп алмасып отырған отбасының 5 түрін атады. Олар: қандас туыс, пуналуалды (индусша: пуналуа -құрдастар), жұптық, аралық патриархалдық және моногамды. Алғашқы екі түрі топтық некеге, ал қалғандары жеке некеге негізделеді. Ғалымдардың екінші бір тобының пікірі бойынша, дамуы жөнінен артта қалған ертедегі аңшылар, балықшыларда және т. б. жұптық неке мен отбасы болған. Осы кезеңде жұптық неке мен отбасының болғанын бірқатар археологиялық мәліметтер дәлелдейді. Алғашқы қауымда сақталып қалған еңбектің табиғи бөлінуі жыныстары мен жастарына байланысты ерекшеленген топтардың тіршілік етіп, олардың құқықтары мен міндеттері, әдет-ғұрыптары қалыптасты. Дамудың дәл осы кезеңінде жалпы мәдени деңгейдің жоғарылауына байланысты осындай топтардың институттары құрылды (жеке бастылар, жігіттер, қыздар, әйелдер үйлері, т.б.). Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары – ерлер топтары, әсіресе, еркектер үйлері болды. Оларда еркектердің жиналыстары өтіп, түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты жұмыстар жүргізілді, қонақ күтілді және т.б. Әйелдер мен иниципияланған жасөспірімдерге еркектер үйіне кіруге рұқсат берілмеді. Көп туысты қауымдарда әрбір туыстың жеке еркектер үйі болды. Жынысқа байланысты бөліну тек кеңістіктік қана болған жоқ, көбіне еркектер мен әйелдер бөлек жұмыс істеп, бөлек тамақтанды да, олардың жеке меншіктері де өз алдына бөлек болды. Көптеген папуас тайпаларында еркектер өздері отырғызған ағаштарға, малдарға, еңбек құралдарына иелік етсе, әйелдер өздері еккен бақша дақылдарына, ас үй жабдықтарына иелік етті. Тек қана балалар мен әйелдердің тұратын үйлері ортақ болып саналды. Жыныстары мен жастарына байланысты бөлінген топтардың орны олардың еңбекті бөлудегі рөлінен және туыстық жеке меншікке қатынасына байланысты анықталды. Егін және мал шаруашылығында тек қана еркектер емес, әйелдер де жұмыс істеді. Осы кезеңде адамдар өмірінің ұзақтығының жоғарылауына және әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты ересек еркектердің басқаруы анығырақ байқалды. Алғашқы қауымның соңғы кезеңдерінде де жұптық неке үстем болды. Бұл неке екі жақтың кез келгенінің ұйғарымы бойынша оңай бұзылатын еді. Кейбір тайпаларда көп әйел алушылық жиі кездесті. Ал екінші бір тайпаларда полиандрия (бірнеше күйеу болу), әсіресе левиратты – ағайындыларға күйеуге шығу көп кездесті. Алғашқы кезде шаруашылықтың екі түрі де болғандықтан кейде полигиния мен полиандрия қатар жүрді. Мысалы, ХVІІғасырдағы егін шаруашылығымен айналысатын гурондар мен ирокездерде ерлерінің қосымша әйелдері, ал әйелдерінің қосымша күйеулері болды, ал гурондарда бұлардан басқа аңға шыққанда әйелдері ретінде алып жүретін аңшы қыздар болған. И.Е.Вениаминовтың айтуы бойынша алеуттер мен тлинкиттерде әйелдердің екі күйеуі, біреуі негізгі, екіншісі көмекшісі болған. Бұл кездері біраз уақыттарға дейін некелер кросскузенді болып, қауымдық туыстық ұжымдар арасындағы байланыстардың ұлғаюына байланысты кросскузендік некелер бірте-бірте жойылып кетті. йленудің түрлі дәстүрлері, некені заңды түрде тіркеу, екі жақтың ата-аналарының арасында бір-біріне сыйлық ұсыну, т.б. пайда болды. 5.3 Билік эволюциясы Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды, және ерекше беделге ересек, тәжірибелі адамдар ие болды. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты. Ертедегі алғашқы қауымдарда билік - шаруашылық, әскери және сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ әскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы әдет-ғұрыптарды сақтаушы және қорғаушы болды. Кейбір қоғамдарда (мысалы, Австралия аборигендерінде) ерекше емшілер мен сыйқыршылар болды. Әдетте, көсемдер өндіріске ғана араласып қоймай, онда ерекше жеңілдіктерге ие болды. Алайда осы ересек көсемдердің кейбір белгілі артықшылықтары да болды. Мысалы, көп әйел алу тұрақты қалыптасқан қауымдарда көсемдердің онға дейін әйелі болды. Қауым мен туыстарды олардағы ересек мүшелері, көсемдер мен басшылардың кеңесі басқарды. Әлеуметтік нормалар, яғни мінез-құлықтың міндетті, қоғаммен қорғалатын ережелері болып, бұл нормалар - еңбекті бөлу, бірлесіп қызмет ету, өзара қорғаныш, экзогамия, т.б. ұжымның аса маңызды мүдделерін көздеп, әдетте қатаң сақталды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып отырып, олар бірте-бірте әдет-ғұрып, дәстүрге айналды. Ең соңында, бұл нормалар идеологиялық жағынан діни тұжырымдар не мифтер болып бекітілді. Дегенмен кейбір жағдайларда осы қабылданған жалпы нормаларды бұзушылар да табылды. Сондықтан бұндай жағдайда қоғамдық шаралар қолдану қажет болды. Қоғамдық шаралардың бірнеше түрлері, тіпті күш жұмсауға дейін қолданылды. Тәртіпті өте ауыр бұзушылырға қатал жазалар - ұрып-соғу, өлтіруге дейін немесе ұжымнан қуып жіберу қолданылды. Мысалы, Австралия аборигендеріндегі веддтер мен сенойларда экзогамияның ережесін бұзған адам ұжымнан кетуі керек немесе өлім жазасын алатын еді. Инициацияның құпияларын таратқан жігітке де қатаң жаза қолданылды. Бұл жағдайларда жазалау түрін ұжымдағы көсемдер белгілеп, олардың өздері немесе жазаланушының жақындары жүзеге асыратын болды. Ал керісінше, аса маңызы жоқ тәртіп бұзушылықтар кезінде оның себептерін екі жақ өзара бірлесіп қарастыратын болған. 5.4 Өркениет пен алғашқы қауымдық қоғамның коэволюциясы Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде – Индияда, 2 мыңыншы жылдарда – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы және біздің эрамыздағы 1 мыңыншы жылда – Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады. Олар тұрақты таптар түзілу кезеңінен өтіп кеткен елдер мен халықтар да алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарынан толық арылған жоқ. Сондықтан өркениет кезеңіне тән құндылықтарды екі түрлі аспектіде қарастыру қажет: біріншіден, таптық қоғамның біртіндеп жіңішкеріп отыратын перифериясы ретінде, екіншіден, осы қоғамның өз құрылымдары. Алғашқы қауымдық периферия мен оның өркениетпен байланыстарының түрлері. Феодалдық мемлекеттердің көпшілігі қалыптасқан біздің эрамыздың 1 мыңыншы жылдарының екінші жартысына дейін алғашқы қауымдық периферия өзінің көлемі жағынан ертедегі өркениет ошақтарынан әлдеқайда үлкен болды. Содан кейін де ол бірталай жерді алып тұрды. Көне әлемде оған адам аяғы баспаған биік таулы және шөл далалы аймақтарды қоспағанның өзінде Арктика, Субарктика және Евразияның тропиктік орманды аймағы жатты. Жаңа әлемдегі Мезоамерика мен Анд тауларының кейбір ерте қоспағанда осы көне әлемге қарады. Европалық колонияландыру уақытына дейін бұл аймақта таптық қоғамның қалыптасуы қарқынды жүріп жатқанымен, тек европалықтардан кейін ғана ол қоғам толығымен орнады. Алғашқы қоғамдық қауымдық құрылымның бір бөлігінің адамзат қоғамында осыншама ұзақ уақыт, екінші бөлігінің өркениет сатысына өткеннен кейін сақталуы бүкіл әлемдік тарихи үрдістің әртектілігіне байланысты болды. Өркениет және оның алғашқы қауымдық перифериясы оның әртүрлі түрлері мен түрлі байланыстардың түзілуіне әкеп соғатын, сол сияқты әлем тарихының бірін-бірі ауыстыратын баспалдақтары арқылы бөлінеді өркениет орталықтарны қарағанда орналасуына байланысты. Алғашқы қауымдық периферия жақын және алыс болып бөлінді. Жақын периферия жылдамырақ, алыс периферия жай дамыды, нәтижесінде дамыған және артта қалған перифериялар пайда болды. Таптық қоғамға қатынасты орнына сәйкес алғашқы қауымдық периферия сыртқы (өркениет ареалынан тыс орналасқан) және ішкі (осы ареал шектеріндегі) болып бөлінді. Бірақ жақын периферия әскери күш арқылы көрші таптық қоғамды өзіне бағындырды. Бұндай жағдайда екінші реттік алғашқы қауымдық периферия қалыптасып, олар жаулап алушылар таптық қоғамға өткенге дейін сақталды. Бұндай жағдай тарихта варварлық жаулап алудың салдары ретінде жиі кездесті. Өркениет пен қазіргі заманғы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы байланыстар түрліше: бір не екі жақты, тікелей не қосымша, бейбіт және әскери сипатта болды. Жақын перифериямен арада ал қосымша байланысты жақын периферия арқылы алыс перифериямен қатынас барысында пайда болды. Бейбіт байланыстардың ішінде негізгі түрлері—алмасу саудасы, миграция және инфильтрация арқылы, сол сияқты көпшілік және элитарлық, әскери байланыстардан - әскери тонаушылық және жаулап алу, т.б. түрлері болды. Ең кең таралғаны – шаруашылық байланыстар. Олар арқылы еңбекті қоғамдық бөлу және кейбір жағдайда жаңа шаруашылық - мәдениет типтері мен тип тармақтары түзілді. Мысалы, Оңтүстік - батыс Азияда б.э.д. 1 мыңыншы жылда керуен саудаларының қажеттері көшпелі түйекештер тап түзілу үрдісінің алдында тұрған шаруашылық - мәдени тип тармағының бедуин тайпаларының арасында таралуына жағдай жасады. Шаруашылық байланыстар арқылы барлық аса маңызды техникалық және технологиялық жетістіктер: керамика өндірісі және металлургия, желкенді, т.б. көлік түрлері, т.б. таратылды. Өркениеттік шаруашылық байланыстар алғашқы қауымдық қоғамдар экономикасының дамуына мүмкіндік жасады. Мысалы, Эгей теңізі бассейніндегі тайпалар басында Таяу Шығыстағы қола құю өндірісіне шикізат жеткізушілер ретінде енген болса, кейіннен өздері Орталық Европа тайпаларын шикізат жеткізушілерге айналдырған археологиялық зерттеулер арқылы анықталған. Қоғамдық құрылымның салыстырмалы автономиялылығына байланысты рухани-идеологиялық байланыстар саласында біршама мүмкіндіктер ашылды. Бұны мифология мен діни мысалдардан көруге болады. Египеттік Күн ладьясының бейнесі Күннің айналымы туралы мифтің көрінісі екендігі баршаға болды және ол Закавказье, Оңтүстік Швеция, Карелия мен көптеген сібір өзендері сағаларынан табылған. Бұл мифологиялық мәліметтің кең таралуы Евразияның үлкен территорияға таралғандығын дәлелдейді. Орта ғасырда бұндай бүкіл әлемдік дін түрлері,- христиан, ислам, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттің жақын және алыс алғашқы қауымдық перифериясына таралды, және олар қоғамдық және отбасылық тұрмысқа әсерін тигізді. Ертедегі таптық қоғамдар бір - бірімен үнемі өзара қақтығыста болды. Алғашқы қауымдық қоғамдар өздерінің билік орындарын қорғау мақсатында ертедегі өркениеттерді жаулап алып отырды. Мысалы, б.э.д. 2 мыңыншы жылдары энеолитикалық тайпалар Үндістанның харапп өркениетінің Гуджерат тармағын, ал 1 мыңыншы жылдың ортасында чичимектердің аң аулаумен айналысатын тайпалар Мезоамериканың Толтек өркениетін жаулап алған. Ертедегі Жерорта теңізіндегі өркениеттер арасындағы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы қарым - қатынастың маңызы екі жақ үшін бұрынғыдан да арта түсті. Греция мен Рим үшін алғашқы қауымдық периферия құлдардың шығу көзі болды. Грек пен Римнің колониялық экспансиялары алғашқы қауымдар жерінде өндірістің ертедегі әдістерін дамытты. Нәтижесінде, алғашқы қауымдық периферияны пайдалану ертедегі өркениеттің сақталып қалуына жағдай жасайтын негізгі факторлардың бірі болды. Жақын периферияның тайпалары бір жағынан жыртқыштардың экспансиясына ұшыраса, екінші жағынан оның көрінуіне стимул болды және осының нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамдар құлаған Рим империясының орнында қалған феодализмнің әсер етуші факторы болды. Орта ғасырға қарай өркениет ареалы кеңейіп, шығысқа қарағанда батыста ұлғая түсті. Батыс Европада алғашқы қауымдық перифериялар ХІ ғасырға дейін солтүстікте тек нормандар, ал оңтүстікте кейбір горлық қоғамдар болды. Ал бұл кезде Шығыс Европа, Азия мен Африкада, сол сияқты Америкада таптық қоғамдар өздерінің ішкі және сыртқы алғашқы қауымдық перифериясын түгелдей қамтып, түрік, монғол, араб, т.б. тарапынан варварлық жаулап алушылықтарға ұшырады. Орта ғасырда ашылған Ұлы географиялық жаңалықтар және олардан соңғы батыс европа елдерінің колониялық экспансиясы алғашқы қауымдық периферияда көбінесе жоюшылық сипат алды. Оның себебі, батыс европа елдерінің колониялары олардан мұхит, теңіздер арқылы бөлініп, орталық пен перифериядағы халықтың бір-бірімен байланысын шектеді. Таптық және алғашқы қауымдық қоғамның қатынастарының ассиметриялық сипаты капитализм кезінде ең жоғарғы шегіне жетті. Басқа кезеңдердің барлығына қарағанда капитализмнің қуаты өте күшті болды. Колониялық әлемнің біршама бөлігін құрайтын алғашқы қауымдық периферия бастапқы кездегі капиталдың жинақталуында және өнеркәсіптің капиталистік жолмен дамуында маңызды рөл атқарды. Дегенмен, алғашқы қауымдық периферия үшін европалықтардың колонияландыру саясатының зардаптары да аз болмады. Осының нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамның орасан зор бөлігі Жер бетінен түгелімен жойылып кетті деуге болады. Мысалы, тасманиялықтар түгелдей, Австралияның теңіз жағалауларында орналасқан тайпалары, бушмендер, Вест-Индия мен Орталық Аргентина тайпалары, Оңтүстік Шығыс Бразилияның 30 шақты тайпалары түгнлге, ал АҚШ индей халқының 2/3 бөлігі жойылып кетті. ХV ғасырдан бастап, Маркстің сөзімен айтқанда, америкалық колониялар үшін қажетті құлдардың қорығына айналған Африкада тек қана құлдар саудасының әсерінен кейбір ғалымдардың есептеуі бойынша 100 млн адам қырылып кеткен. Алғашқы қауымдық құрылымда тіршілік еткен халықтың екінші бөлігі құл иеленушілік және капиталистік эксплуатацияға ұшырады. Бұл үрдістердің өту жағдайлары түрліше болды. Жергілікті халықты жерлерінен қуып тастап, резерват, резервация (АҚШ), хоумдендтерге (ЮАР мен Намибия), т.б. бөліп тастады. Бірақ бұның нәтижесінде олардың барлығы таптық қоғамдардың құрылымына кіріп, онда шаруалар мен ауыл пролетариатының топтарын құрды. Дегенмен, алғашқы қауымдық қоғамға капиталистік колонияландырудың тек зиянды әсері болды деу қате болар еді. Капитализмнің әсер ету аймағындағы алғашқы қауымдық қоғамдар шаруашылық, әлеуметтік-саяси және мәдени жағынан қарқынды дами бастады. Европалық колонияларда өнеркәсіп пайда болып, жұмысшы таптары мен интеллигенция өкілдері, саяси партиялар құрылып, техникалық өркениеттің жетістіктері кең тарала бастады. Колониялық жағдайда бұндай даму өте жай жүрді. Колонизаторлар көп жағдайда тайпалық құрылым мен көсемдік билік сияқты трайболизмнің салт-дәстүрлерін өздерінің әкімшілік қызметінде пайдалану үшін барынша сақтап қалуға тырысты. Басқарудың бұндай тікелей емес, қосымша жүйесі көптеген британ және нидерланд колонияларында кең таралды. Қазіргі замандағы алғашқы қауымдық қоғамдар. Жаңа кезең басындағы алғашқы қауымдық қоғамдардың жағдайы туралы мәселе екінші дүние жүзілік соғыстан соң империализмнің колониялық жүйесі құлағаннан кейін, артта қалған көптеген елдер жеке өз алдарына бөлініп шыққаннан бастап аса маңызды болды. Олардың кейбірінде ішкі алғашқы қауымдық периферия әлі күнге дейін сақталуда, дегенмен дәл қазіргі таңда олардың саны өте аз. Алғашқы қауымдық тайпалардың тіршілік ету ареалдарының ең ірісі – қазіргі заманғы техниканың да күші жетпейтін Оңтүстік Америка ормандары, негізінен, Бразилия сельвасы. Шамамен есептегенде, бразилиялық үнділіктердің 1/5 бөлігі үнділік емес халықтармен тұрақты қатынаспай, өздерінің қарапайым шаруашылықтарын жүргізіп, алғашқы қауымдық мәдениеттерін сақтап қалды, тіпті кейбіреулері соңғы кезге дейін тастан жасалған құралдарын пайдаланады. Алғашқы қауымдық қоғамның басқа ареалдары біршама аз болса да, бірқатар елдерде сақталуда. 1960 жылдары Филиппин аралы Минданаоның таулы ормандарының бірінде сол кезге дейін белгісіз болған тасадай тайпасы табылды. Тайпаны зерттеуші этнографтар олардың тастан және бамбуктен жасалған құралдарды пайдаланғанын анықтады. Сол кездері Папуа – Жаңа Гвинеядағы Сепик және Мэй өзендері бассейндерінде таскөмір дәуірінде өмір сүрген бірнеше папуасс тайпалары табылды. Осы кезде Намибия территориясының оңтүстік африкалық Калахари шөлінде тіршілік еткен бушмендерді зерттеу басталды: олар көршілес тайпалардан алған темірден жасалған пышақ, т.б. құралдарды пайдаланған, ал жалпы алғанда, олардың мәдениеті мезолиттегі аңшылық сипатта болған. 5.5 Қазіргі заманғы дүниедегі алғашқы қауымдық құрылыстың қалдықтары Алғашқы қауымның қалдықтары алғашқы қауымдық құрылымның жойылуына байланысты таптық пайда болған қоғамдарда, яғни ертедегі шығыс және феодалдық қоғамдарда көбірек сақталып қалғаны түсінікті. Антикалық қоғамдарда алғашқы қауым қалдықтары оларға қарағанда төмендеу дәрежеде сақтана, капиталистік қоғамда ешқандай белгісі қалған жоқ. Осыған сәйкес, алғашқы қауымның қалдықтары дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарға тән болды. Алғашқы қауымның қалдықтары таптар түзілу кезеңдерінің құрылымы, нормалары мен түсініктері болып саналады. Осылардың көбі одан әрі трансформацияланды. Қалдық құрылымдар мен жалпылықтар. Ең ірі қалдық құрылымдар мен жалпылықтар тайпалар мен олардың бірлестіктерінің реликтілері. Мұндай тайпалар мен тайпа аралық жалпылықтар таптық қоғамдарда олардың қалдық не реликтілік сипатына байланысты “екінші реттік” деп аталады. Олар көптеген өте ертедегі, орта ғасырлық және қазіргі заманғы елдер құрамында, яғни ертедегі антикалық элиндер мен италияндықтардан бастап бүгінгі күнгі қазақ не түркмендерге дейінгі халықтардың құрамында болды. Кейбір жағдайларда бұндай құрылымдар мен жалпылықтар тайпа не тайпаға дейінгі ерекшеліктердің әлеуметтенуі нәтижесінде касталық жүйелер негізінде бірігуі арқылы сақталып қалды, бұндай жағдай, мысалы, ндістан не Оңтүстік Арабстанда орын алды. Алайда олардың бұдан да ұзағырақ сақталуы таулы аймақтың егінші, малшылары немесе таптар мен мемлекеттер баяу қалыптасқан аридтік аймақтардағы көшпенді не жартылай көшпенді малшылардың шаруашылық - мәдени түрлеріне жататын халықтарға тән болды. Қарастырылып отырған қалдық құбылыстар екі түрлі формада сақталды: бірінші түрі курд, пуштун, афган тайпалары мен халықтарына, араб бедуиндеріне тән болып, осыған сәйкес этникалық тайпалардың жалпылықтары билік және әлеуметтік-экономикалық өмірдің құрылымы сақталады. Екінші түрі бұдан әлдеқайда көп халықтарға тән (тек қана бұрынғы Кеңестер Одағындағы – оңтүстік сібір халықтары, қазақ, қырғыз, түркмен, ноғай, адыгейлер) болып, этникалық тайпалық жалпылықтардың қалдықтары атауларында ғана сақталды. Бірінші түрде қоғамда қалыптасқан таптар түзілу кезеңінің салт-дәстүрлері сақталғаны байқалады. Ал екінші түр біріншіден сәл ғана өзгерген модификациясы болып, қоғамның таптарға бөлініп, мемлекеттің пайда болуының аз ғана уақыт ішінде қалыптасқанын көрсетеді. |