Главная страница
Навигация по странице:

  • Алғашқы қауымдық қалдықтардың осы кездегі рөлі.

  • 5.7.Діни эволюция

  • «Отбасы педагогикасы дәріс. 1 глоссарий блім пн бойынша глоссарий этносты дискриминация


    Скачать 435.5 Kb.
    Название1 глоссарий блім пн бойынша глоссарий этносты дискриминация
    Дата07.12.2022
    Размер435.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла«Отбасы педагогикасы дәріс.doc
    ТипДокументы
    #833438
    страница5 из 7
    1   2   3   4   5   6   7

    Нормалар қалдықтары мен түсініктер. Көптеген нормалардың сарқыншақтары неке және отбасылық өмірде сақталып қалды. Әсіресе әйелдердің ролін патриархалдық кеміту және қалыңмалға сату сияқты нормалар. Әйелдерді қалыңмалға сату арқылы неке ертедегі және орта ғасырдағы қоғамдарда пайда болып, кейінгі кезеңдерге дейін сақталып келді (қытайлықтар, Индияның төменгі касталары). Дегенмен, кейбір қоғамдарда, әсіресе исламдық қоғамдарда бұл рәсімді қалындықты жай ғана алып-сату түрінде емес белгілі бір тәртіппен реттеуге тырысты. Қалыңдықтың туыстарына төленетін ақы жесір қалуы немесе ажырасуы мүмкін болған жағдайда әйелдің күнкөруі үшін оның өзіне берілді. Бұдан басқа да қалыңдықтың туыстарына да “ана сүті үшін”, “тәрбиелегені үшін”, т.с.с. түрлі ақылар төленді.

    Капитализмге дейінгі таптық қоғамдардың барлығына тән норма – бір отбасы мүшелерінің барлығы бір ғана кісіге бағынышты болды. Мысалы, ертедегі Римде отбасыны басшысы арқылы басқаруы. Бірақ басқа қоғамдарда, реформаға дейінгі кезеңдегі Ресейде де патриархалдық қатынастар кең таралды. Отбасыдағы басқа мүшелердің арасындағы статустарына байланысты қатынастар еркектер мен әйелдер, ағалы - інілілер, апалы-сіңілілер арасында әлі де сақталып қалды. Сол сияқты патриархалды этикет сақталып, тіпті әрі қарай дами түсті.

    Алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтары қоғамдық сананың түрлерінде – құқық, мораль, дінде байқалады. Қарама-қайшылыққа толы христиан догматикасында байларды қаралау мен кедейлерді мазақтау туралы көптеген идеялар болды. Ислам дінінде барлық адамдар құдай алдында бірдей жауаптылығы, және жарлылардың пайдасына бағытталған салық пен пайдакүнемдікті қаралаған уағыздар пайда болды.

    Таптық қоғамның діндерінде алғашқы қауымдық түсініктер мен ритуалдардың тікелей қалдықтары көптеп кездеседі. Олардың ішіндегі көпшілікке ең танымалы – иудаистердегі ерлердің инициациясы мен мұсылмандардағы ер балаларды сүндетке отырғызу. Осы сияқты ертедегі Индияның ведистік дінінде жасөспірімдерге қасиетті жіп байлау. Тазарту арқылы жүргізілетін инициацияларға христиан дініндегі сумен шоқыну да жатады. Ертедегі грек, римдіктер мен басқа да халықтардың политеистік дндерінде осы кезге дейін ата - тектерінің отбасылық - туыстық әдет-ғұрпы сақталған. Ертедегі Қытайда басқа діндермен бірге кездесетін шаманизмнің сарқыншақтары осы кездегі буддизм-ламаизмде бар.

    Қазіргі заманғы діндердің ең жоғары дамыған түрі - христиан дінінде – жын-шайтанды қуу, адамдарды жамандықтан сақтайтын періштелер туралы, әртүрлі жақсылық ниетке бағытталған магиялық іс-әрекеттер, т.б. сияқты шаманизмнің қалдықтары әлі де сақталған.

    Алғашқы қауымдық қалдықтардың осы кездегі рөлі. Таптық қоғамдардағы алғашқы қауымның қалдықтары осы кезге дейін сақталып, түрлі даулы сұрақтарды туғызып отыр. Көптеген халықтардың тұрмысында сақталып қалған алғашқы қауымның қалыңмал, көп әйел алушылық, т.б. сияқты қалдықтары түрліше түсіндіріледі.

    Дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарда бұл құбылыстарды этникалық мәдениеттің негізгі бөлігі болып саналатын халықтық әдет-ғұрып деп қабылдайды. Трайболизм құбылыстары – туыс-тайпалық бірлік пен айырмашылық, көсемдер мен жасырын қоғамдардың әсері, т.б. дәл осы сияқты қабылданады. Олар негізінен үшінші әлемнің жас мемлекеттеріне тән, дегенмен трайболизмнің кейбір белгілері, әсіресе территориялық-тайпалық бәсекелестік бұрынғы Кеңес Одағы халықтарында да сақталған. Трайболизмнің түп-тамырымен жойылуы қиындау, ал кейбір халықтарда ол соңғы кезде қайта жаңғыра бастады.

    Сонымен, алғашқы қауымның салт-дәстүрлері халықтардың көп бөлігі үшін белгілі бір роль атқарады деуге болады.
    5.6 Этностар эволюциясы
    Әдетте адамзат баласы үш нәсілге : ақ (европоид), сары (монголоид) және қара (негроид) нәсілдерге бөлінеді. Алайда көптеген антрополог-ғалымдардың пікірінше нәсілдер бұдан әлдеқайда көп – 20 дан асады. Олардың ішінде көбірек қарастырылатын – австролоидтық, американоидтық және койсан нәсілдері (готтенготтар мен Африканың оңтүстігіндегі бушмендер).

    Нәсілдерге бөліну Жердің антропогендік жабынының мозайкасындағы бірінші деңгей болып табылады. Нәсілдік айырмашылықтар адам организмдерінің табиғи-климаттық жағдайларға бейімделу реакциялары ретінде пайда болғаны ғылымда дәлелденген.

    Адам биологиялық түр ретінде біреу ғана. Бұны әртүрлі нәсілдерге жататын адамдар арасындағы некелерден балалардың туылуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы нәсілдік, ұлттық, тілдік, мәдени, мінез-құлықтық айырмашылықтар табиғи болып табылады. Осы белгілер бойынша қоғамдық бірлестіктерді басты түсінігі этнос болып саналатын этнология ғылымы зерттейді. Этнос дегеніміз – гуманитарлық (мәдени) белгісімен басқаша мінез-құлық (табиғи) белгілері бойынша бөлінетін адамдар бірлестігі.

    Шамамен 20 жылдай бұрын БҰҰ Ұлттар жөніндегі комитеті қызықты тәжірибе жүргізді – планетамыздағы негізгі ұлттар бойынша 1 млн аса адамдардың дарындылығын зерттеді. Нәтижесінде бұл белгі бойынша ұлттардың бір де бірінің ерекшеленбейтіні анықталды. Сондықтан ұлттардың ешқайсысы да бірде-бір артықшылыққа ие бола алмайды.

    Айта кететін бір жай, барлық халықтар мен ұлттар генетикалық тұрғыдан алғанда “таза” болмайтындығы. Ұлттардың бір-бірімен араласу коэффициенті үнемі ұлғаю үстінде. Генетиктердің жорамалдары бойынша, 40 ұрпақтан кезеңінен кейін барлық ұлттар араласып кетеді (әдетте, адамдардың бір ұрпағының кезеңі 25 жылға тең деп есептеледі).

    Адам түсі қара және сары нәсілдерге тән меланин гендерінің әсерінен бірте-бірте қарайып, көздері қысыңқыланады. Бұл гендер доминантты гендер болғандықтан және ақ нәсілдерге қарағанда қара, сары нәсілдердің сан жағынан артықшылығына байланысты олар көбейіп, европалық фенотиптер өздеріне тән ерекшеліктерін жоғалтады.

    Ұлттардың араласуы кезінде (және де фенотиптердің көп түрлілігіне байланысты), гомозиготалық қасиет (зигота – екі гаметаның қосылуынан түзілген клетка; гамета – ер немесе әйел жыныс клеткаларының тақ хромосомалары жиынтығынан құралған жыныс клеткасы, біршама азайып, нәтижесінде тұқым қуалайтын аурулар азаяды, адамдардың денсаулығы жақсарады. Сонымен, ұлттардың араласуы – адам баласының тіршілігі үшін өте қажет. Екінші жағынан, ұлттардың араласуы және энтропияның бүкіл планетарлық масштабта ұлғаю үрдісі, яғни Жердегі барлық материя түрлері, оның ішінде адамды да қамтитын қоршаған орта объектілерінің сипаттамаларының орташалануына әкеп соқты. Бұл дұрыс па, бұрыс па, ол өз алдына жеке мәселе, барлығымызға мәлім бір ғана нәрсе – табиғат тепе-теңдікті қаламайды, бірақ соған жетуге тырысады.

    Белгілі этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы Л.Н.Гумилевтің пікірі бойынша, этнология – жаратылыс туралы ғылым.

    Егер З.Фрейд, индивидтер әрекеттерін психикалық энергия әсерінен деп түсіндірсе, Л.Н.Гумилев әлеуметтік дамуды Күн энергиясының әсерінен деп түсіндіреді.

    Алғаш рет Ғарыш пен Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді.

    1915 жылы 18 жастағы А.Л.Чижевский астрономия, химия және физика салаларын бар ынтасымен зерттей отырып, Күн бетіндегі дақтардың түзілуі мен осы кезде жүріп жатқан бірінші дүние жүзілік соғыста ұрыс қимылдарының синхрондығы қарқындағанына назар аударды. А.Л.Чижевский астрономия, биология және тарих ғылымдары бойынша түрлі ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, Күннің белсенділігінің Жердегі биологиялық және әлеуметтік үрдістерге тікелей әсер ететінін анықтады. Бұл жөнінде оның “Тарихи үрдістердің физикалық факторлары”, “Күн сәулелері желдерінің Жердегі жаңғырығы” деген еңбектері дәлел бола алады.

    А.Л.Чижевскийдің бір қызықты ойы, Күндегі магниттік құбылыстар мемлекет басшыларының денсаулықтарына әсер ететіндігі туралы еді. Көптеген мемлекет басшылары жасы ұлғайған адамдар болатыны белгілі. Әрине, космостағы және Жердегі ритмдер олардың денсаулығына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе, тоталитарлық, диктаторлық тәртіп жағдайындағы елдер үшін өте қауіпті еді. Егер мемлекет басында аморальды немесе психикасы әлсіз адамдар болса, онда олардың ғарыштық құбылыстарға деген паталогиялық реакциялары тек өз мемлекеттерінің халқы үшін ғана емес, сонымен бірге, көптеген елдер жаппай қырып жоятын аса қуатты қаруға ие болып отырған кезеңде, бүкіл баласы үшін орны толмас қайғы-қасірет туғызуы мүмкін.

    А.Л.Чижевский қорытындыларының бір ерекшелігі– Күннің Жердегі тек биологиялық емес, әлеуметтік үрдістерге де біршама әсер ететіні. Әлеуметтік қақтығыстар (соғыстар, көтерілістер, революция), А.Л.Чижевскийдің пікірінше, Жер бетіндегі тіршіліктің негізі - Күннің күйі мен белсенділігіне тікелей байланысты жүреді. Оның есептеулері бойынша, Күннің белсенділігінің төменгі деңгейінде қоғамдағы көпшілік әлеуметтік құбылыстардың аз ғана мөлшері, шамамен 5 % жүреді, ал жоғары деңгейінде – 60 % жетеді.

    А.Л.Чижевскийдің Күннің Жердегі үрдістерге әсері туралы айтылған ойлары мен қорытындылары тек біраз жыл өткен соң ғана тәжірибе жүзінде дәлелденді. Оның көптеген идеялары да космос және биология ғылымдары саласында біраз уақыт өткен соң қолданылды. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда Жерде жүретін құбылыстар мен үрдістердің Күн және Аймен байланысты болатындығы анықталды.

    Күн белсенділігінің жоғары кезеңінде атмосфераның ағыны қарқындап, ортаның ылғылдылығы артып, фитомасса ұлғайып, микроорганизмдер мен вирустардың белсенділігі артқанына байланысты, адам организмінде жүрек, қан-тамыр, онкологиялық, нерв жүйесі аурулары көбейеді. Бұлардан басқа тіршіліктің биологиялық ритмдер түріндегі көрсеткіштерінің циклді өзгерістері – тәуліктік, ай, жыл, жарты жылдық, 2,2-5,5 жыл, 11 жыл, 22 жыл, 88-90 жыл, 180 жыл, 600 жылда байқалады. Әрбір биоритм гелиоритммен: Күннің айналу кезеңі – 27 күн; Кұн бетіндегі дақтардың сандарының радиосәулелер ағынының өзгеруіне байланысты Күннің белсенділігінің өзгеру кезеңдері, 2,2-2,5 жыл, 5,5-6,0 жыл, 11 жыл, 22 жылдық магниттік цикл – Күннің жалпы магнит өрісінің өзгерістері, сол сияқты 88 жыл, 180 жыл 600жыл.

    Адамдарға қатысты өзара байланыс анық байқалады: тік жүру – 1 жас, сөз сөйлеу, өз бетінше тамақтану 2-2,5 жас, оқып үйрену – 5,5-6 жас, жыныстық жетілу –11 жас, еркектердің ең жоғарғы жыныстық белсенділігі мен әйелдердің өсімталдық қабілеті – 22 жас, еркектердің ең жоғарғы творчестволық белсенділігі мен әйелдердің жыныстық белсенділігі – 33 жас, әйелдердің көпшілігінде климакс пен еркектедің көпшілігінің жыныстық белсенділігінің тоқтауы – 55 жас.

    Дамудың әрбір фазасы Күн циклінің белгілі бір кезеңімен сәйкес келеді. Л.Н.Гумилев "Этногенез және Жер биосферасы" атты еңбегінде этногенез (халықтың пайда болуы) проблемалары Күн әсері мен географиялық ортаға тікелей тәуелді деп көрсетті. Географиялық орта Жер биосферасының бір бөлігі болып, Күн жұйесінің құрамына – галактикаға кіреді.

    Этностардың даму фазалары (эволюциясы) бар, яғни олар пайда болады, дамиды, жетіледі, ескіреді, жойылады. Ал, этностардың арасындағы айырмашылықтар қандай?

    Орыстар, украиндар мен белорустар, қазақтар, өзбектер мен татарлар, немістер, француздар мен ағылшындар, және т.б. арасындағы ерекшелік - тілдік-қоғамдық (лингвистикалық-әлеуметтік) айырмашылық. Бірақ бір ұлтқа жататын адамдардың басқа ұлттар арасында тұрып, осы ұлт тілінде сөйлей тұра, өз ұлтына тән ерекшеліктерін сақтап қалатыны да көп.

    Сонымен, бір ұлт екінші ұлттардан қалай ажыратылады? Л.Н.Гумилевтің түсінігі бойынша, мінез-құлықтың стереотипі арқылы. Мінез-құлықтың стереотипі тіршілік ететін белгілі бір ландшафтқа байланысты қалыптасады. Этностардың бұдан ары қарай дамуы энергиясы күшті, өз мақсаттарына жету үшін ерекше адамдар - пассионарилерге байланысты екендігі анықталады.

    Л.Н.Гумилевтің пікірінше, пассионарилердің белсенділігі мен іс-әрекеті бойынша халықтар өміріндегі негізгі тарихи оқиғалар өтеді. Пассионарилер массаға (көпшілікке) пасснарлық индукция жолымен әсер етеді. Пассионарилердің өздерінің іс-әрекеті, белсенділігі, ландшафтпен, тарихи уақыт және Күн белсенділігінің әсерімен, тіпті ғарыштық факторлармен тығыз байланысты.

    Күннің белсенділігі пассионарлық соғылысқа әкеледі. Ол жөнінде Л.Н.Гумилев төмендегі гипотезаны ұсынады. Күн белсенділігі ұлғайғанда, ионосфераның қорғаныш қабілеті төмендеп, Күн энергиясы сәулелер түрінде бөлініп, Жер бетінің барлық бөліктеріне таралады. Егер сол кезде электромагниттік толқындар жиілігі Жер бетінің сол бөлігіндегі организмдердің нерв жүйесінің сәйкес толқындарымен бірдей болса, онда бұл организмдер қозу күйіне ұшырайды. Бұндай күйдегі организмдер барлық биологиялық объектілерге тән өзін-өзі қорғау сезімінен айрылып, кез келген бір идея жолында өздерін өлімге қиюға дейін барады. Бұның дәлелі дельфиндер мен киттердің жаппай жағаға шығып қалуы, шегірткелердің қаптап мұхиттарды ұшып өтуі, т.б.

    Осылайша, пассионарлық соғылыс пайда болады. Оның нәтижесінде біршама энергияға бай тұлғалар пайда болып, олар басқаларды соңынан ерте отырып, этносты қалыптастырады.

    Этногенездің төмендегідей кезеңдері бар: 1 – көтерілу; 2 -"қызу" – акматикалық кезең, 3 - қалыпты күйге өту – инерциялық кезең; 4 – обскурация – ауытқулардың соңғы күйінің кезеңі. Көтерілу фазасының негізгі ұраны - "этностардың мүддесі ең жоғары". Индивидум үшін ең маңыздысы -қоғам алдындағы міндет.

    Акматикалық фазада (французша акмэ -"төбе") этностар өзінің ең жоғарғы шегіне жетіп, одан кейін төмендейді. Инерциялық фазада негізгі ұран - "өз өзіңмен бол", индивидуализм қарқындап дамиды; соғыстарда қан төгіліп, бірақ мәдениет дами түседі және онда әркімнің индивидуалдығы көрінеді; даңқ пен байлық талан-таражға түсіп, табиғат пассионарлық елдерде тұрақтанып, бірақ жаулап алынған елдерде бұзылады. Обскурация фазасының ұраны - "басқалар сияқты бол", "біз ұлылардан шаршадық".

    Жасқа байланысты ауру – жеке сипаты жағынан ең үздіктердің өлімі. Әркім тек өз жеке басын ойлайды.

    Мәдениеттің дамуы әрі қарай жалғасып, мәдени материалдық құндылықтар жинақталады. Этнос гомеостазға – тепе-теңдік күйге жетеді. Табиғат не тежеледі, не деградацияланады (бұл кезде этнос жойылады). Этнос дамуының соңында – уақыттың футуристік қабылдануы көтерілістер мен жойқын соғыстарға әкеледі. 1200-1600 жылдан соң этностар өздігінен құриды немесе оларға қарағанда жас және энергияға бай этностар шабуылынан жойылып кетеді. Соңғы кезеңдері – мемориалдық және реликтілік (есте сақтау жойылады).

    Гумилевтің концепциясы барлық халықтардың фольклорындағы этностың түзілуі мен қуатты кездерін еске түсіріп батырлар жырының мәнің түсіндіреді.
    5.7.Діни эволюция
    Паркте "сырланған, байқаңыз" деген ескерту жазылған орындықтарда екі профессор әңгімелесіп отырады. Бірі екіншісіне: "Адам өте қызыққұмар жаратылыс иесі. Егер оған ғаламда 8134537540987565443861 жұлдыз бар десең, ол оған сене салады". Ал егер орындыққа "байқаңыз, сырланған" деп жазып қойсаң, ол міндетті түрде қолымен тексеріп көреді.

    Адамдардың дамуының белгілі бір кезеңінде діннің шығуы міндетті болды. Діни эволюциясының алғашқы кезеңінде оның түбірі күнделікті тіршіліктегі адамдардың табиғат алдындағы дәрменсіздігі түрінде көрінді. Ол табиғаттың аса қорқынышты құбылыстары – найзағай, жер сілкінулері, вулкан атқылаулары, т.б. алдындағы дәрменсіздік емес, алғашқы адамның табиғатқа әсер ететін құралдары да, немесе оқиғалардың барысын анықтайтын білімі де болмады. Оның іс-әрекетінің барысы мен қорытындысы оның жеке өзіне емес, объективті жағдайлардың барысына байланысты болды. Бұндай жағдайда адам табиғат алдында әлсіз болды, оның тәжірибелік іс-әрекеті де еркін болған жоқ.

    Адамның барлық іс-әрекеті екіге бөлінеді: біріншісі – іс-әрекеттің қорытындысы адамның тікелей өзіне байланысты еркін практикалық іс-әрекет, екіншісі – еркін емес, тәуелді іс-әрекет.

    Іс-әрекеттің бұл екі түрі арасындағы айырмашылық тек салыстырмалы түрде ғана, олардың арасында өтпелі кезеңнің барлық баспалдақтары бар, дегенмен, ол шынайы түрде сақталады.

    Адамның іс-әрекетінің барысында оған және адамның барлық өміріне әсер ететін белгісіз бір күш айқын сезілді. Сондықтан қалыптасып келе жатқан адам өзіне әсер етуші осы күштің құдіретін және бұл күш алдындағы өзінің әлсіздігін сезінуі қажет болды. Алайда бұл тез арада байқала қойған жоқ. Бұндай түйсік сезімнің дамуының белгілі бір деңгейінде қалыптасты. Бірақ, ең маңыздысы, адамның өз іс-әрекетінің белгілі бір саладағы дәрменсіздігін түсіну олардың құрал-жабдық жасау саласындағы дәрменсіздігін түсінусіз мүмкін емес.

    Адам өзінің күші мен тіршіліктің белгілі саласының белгілі бір құбылыстарың құдіретін айқын сезінгенде ғана өзінің басқа саладағы әлсіздігін түсіне алады. Ол сол басқа салада өзінің құдіреті жетпейтін белгісіз басқаша бір күштердің бар екенін мойындайды. Осылайша дін пайда болады.

    Дін адамның табиғи не әлеуметтік құбылыстардың себептері жөніндегі ойлары әсерінен емес, адамдардың табиғат күштері алдындағы әлсіздігінің нәтижесінде және қоршаған орта туралы қажетті білімнің жоқтығынан келіп туды.

    Рухани өмірде ерекше орын алған табиғат құбылыстарының шығу тегін түсіндіретін қасиетті мифтер болды. Мифологияның табиғаты туралы түрлі пікірлер бар: мифология фольклордың жанры ретінде ғана емес, сонымен бірге алғашқы “ғылым” немесе “философия” деп те түсіндіріледі. Бірақ мифтер сырт қарағанда фантастикалық ертегілерге ұқсайды. Айырмашылығы, ертегілерге сенбейміз, ал мифтерге сенеміз.

    Әдетте мифология шындық емес, мифологиялық уақыттар деп аталатын түсініктерді қарастырады. Бұл адамдардың ата-тегінің өмір сүрген уақыты, батырлар және де басқа мифологиялық тұлғалар туралы болды. Бірақ баяндалуда белгілі бір реттілік болмады, ал фактілердің барлығы дерлік фантастикалық болды.

    Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың діни дүние танымының негізгі ерекшелігі, олар өздерін қоршаған табиғи ортадан бөлген жоқ. Өндірістік аумақ, оның жануарлары, өсімдіктері мен минералдық байлықтары, оған әсер ететін табиғи күштер мен осында тіршілік ететін адамдардың топтары –барлығы біртұтас болып қабылданды. Сондықтан табиғатқа адамға тән қасиеттер, ал адамға табиғат қасиеттері тән деп түсінді.

    Бұл діни түсініктердің барлық алғашқы түрлерінде - фетишизм, тотемизм, анимизм және магияда ерекше көрініс тапты.

    Фетишизм – кейбір жансыз денелердің ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер - жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды.
    1   2   3   4   5   6   7


    написать администратору сайта