силлабус 2022-2023 Жедел шұғыл мед көмек негіздері(2)(1). 1. Оытушылар туралы млімет Кадырова Шарипа Адилхановна м.. к., аа оытушы
Скачать 0.55 Mb.
|
Ф-ОБ-012/060 1.Оқытушылар туралы мәлімет: 1. Кадырова Шарипа Адилхановна – м.ғ.к., аға оқытушы. Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: Ғылыми еңбегі – 52 Оқу әдістемелік құралы – 10 Электрондық адресі:Ksharipa@mail.ru 2.Сарбасова Майра Амировна - Жедел медициналық жәрдем кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: Ғылыми еңбегі – 32 Оқу әдістемелік құралы – 4 Электрондық адресі:Sarbasova.66@mail.ru 3.Карабаева Назым Жансейтовна - Жедел медициналық жәрдем кафедрасының оқытушысы. Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: Ғылыми еңбегі – 10 Оқу әдістемелік құралы – 4 Электрондық адресі: K.n.zh86@mail.ru 4.Әзімханова Гульвира Көркемқызы - Жедел медициналық жәрдем кафедрасының оқытушысы. Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: Ғылыми еңбегі – 12 Оқу әдістемелік құралы – 1 Электрондық адресі:gulvira1202@mail.ru 5. Бекарыстанова Асел Құрманбекқызы – Жедел медициналық жәрдем кафедрасының оқытушысы. Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: Ғылыми еңбегі – 10 Оқу әдістемелік құралы – 3 Электрондық адресі: bekarystanovaasel@mail.ru 6. Рузаева Индира Маккамовна- Жедел медициналық жәрдем кафедрасының магистр-оқытушыcы. Ғылыми және әдістемелік жұмыстары: Ғылыми еңбегі – 3 Оқу әдістемелік құралы – 1 Электрондық адресі: indibest87@mail.ru 7.Егизова Ақнұр Мырзакелдиевна – «Жедел медициналық жәрдем» кафедрасының магистр-оқытушысы. Ғылыми және әдістемелік еңбектері: Ғылыми еңбегі – 7 Оқу құралы - 3 Электрондық адресі: aкnur.egizova@ayu.edu.kz Байланыс ақпараты: Түркістан облысы, Түркістан қ., Б.Саттарханов д., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, медицина факультеті, №3 ғимараты, 3-қабат, «Жедел медициналық жәрдем» кафедрасы (334, 335 бөлмелер). тел. 872533 63636 (внут.1274, 1275). 1.1.ПӘННІҢ САЯСАТЫ: Университеттің «Оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің» 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды. Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді. 2. БАҒДАРЛАМА 2.1.КІРІСПЕ Әртүрлі өмірлік жағдайларда жедел медициналық көмекті қажет етеді, бұл көмекті дұрыс көрсету зардап шегуші немесе науқас тағдырына тікелей әсер етеді. Медицина қызметкерінің мамандығына байланыссыз жедел медициналық жәрдем беру олардың бірінші парызы болып табылады. Өміріне қауіп төндіретін шұғыл жағдайларды диагностикалаудың негізгі принциптерін білу, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету ережелерін білу кез келген саланың медицина қызметкерінің дұрыс көмек көрсетуіне көмектесіп, мыңдаған зардап шегушіге дұрыс алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыруға бағытталып жасалынған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 5В130100 - «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған:
2.2. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ: ішкі ағзаларының аурулары кезіндегі әртүрлі ауыр жағдайлардағы науқастарға жасына байланыссыз жедел жәрдем беру мәселелері бойынша білімдерін және іскерліктерін қалыптастыру, сонымен қатар төтенше жағдайларда (суға бату, тұншығу, жарақаттар, уланулар және т.б.) дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көлемінде жедел медициналық жәрдем беру. 2.3. ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: білім алушыларға шұғыл жағдайларды диагностикалаудың негізгі принциптерін үйрету; білім алушыларға әртүрлі шұғыл жағдайларда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді үйрету; тұлға аралық қарым-қатынас дағдыларын және пациенттерге кеңес беруді жетілдіру 2.4. ПӘНДІ ОҚУДЫҢ СОҢҒЫ НӘТИЖЕСІ Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелері
|